П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы


СӨЗЖАСАМ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет298/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

СӨЗЖАСАМ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ САЛАСЫ
223
егін салынды, егінді жина, егіннен көп өнім алдық
т.б. Бұлардың бәрінде 
егін
деген тілге әлдеқа- 
шан енген дайын туынды сөзді алдық та, сөйлемде 
қолданды қ, ол әр сөйлемде жасалып оты рған 
жоқ. Әңгіме етік тігетін адам туралы болса, онда 
тілімізде бір кезде жасалып, сөздік қоры м ы зға 
енген 
етікші
деген сөзді алып, сойлем арқы лы
ол туралы ой хабарланады. Мысалы: 
Етікіиі етік
тікті. Етікшінің тіккен етігі өте жақсы. Етік-
шіде жақсы етік бар
т.б.
Келтірілген мысалдарда 
егін, етікші
деген 
туынды сөздер сөйлемге тілдегі дайын қалпында 
алы ны п, сөйлем құрылысының қажетіне қарай 
тұрлі тұлғаларда қолданылып тұр. 
Егін
деген сөзге 
ж ал ған ған табыс, ш ы ғы с септік жалғаулары , 
ет ікш і
деген сөзге ж алғанған ілік, жатыс септік 
жалғаулары оларға сөйлемнің қажет етуіне қарай 
қосылған.
Сөйтіп, туынды соз атаулы - әр кезеңде жа- 
салып сөздік қо рға еніп оты рған дайы н лекси- 
калы қ нұсқалар, сондықтан олар сол қалпында 
сөйлемге алынады. Бұл ерекшелігі жөнінен олар- 
ды негізгі түбір сөздермен бірдей деп қараған
жөн. Негізгі түбір сөздер қалай сөйлемге дайын 
түрінде кірсе, туынды создер де сондай дайын 
қалпы нда кіреді. Бұның себебі сойлемге дайын 
тұрған қалпында кіру жалпы лексикалы қ нұсқа- 
ларға тән ерекшелік, сондықтан туынды сөз бол- 
сын, негізгі сөз болсын сөз атаулының бэрі тілдегі 
дайын тілдік нұсқаларға жатады да, сөйлемде сол 
дайын қалпы нда қолданылады. Ал қай туынды 
сөздің сөйлемде қолданылуы сөйлемде айтылуға 
тиісті ойға байланысты. Сөйтіп, туынды сөз - 
сөйлем құры лы сы на тәуелсіз, қандай сөйлемге 
де дайын қалпында алынатын лексикалық нұсқа. 
Бұл белгі туынды сөз атаулының бэріне ортақ. 
Бұл ереюпеліктер туынды соз атаулының бәріне 
қатысты. С онды қтан туынды сөздердің тілдің 
сөздік құрамында озіндік орны бар дайын тілдік 
нұсқа (единица) болуы оны ң дайын қалпы нда 
қолданысқа түсуіне мүмкіндік береді. Сол арқы- 
лы ол сөзтұлғалардан ерекшеленеді.
Туынды сөз атаулы тілдің созжасам жүйесі 
арқылы жасалады. Басқаша айтқанда, туынды соз 
кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. 
Ол тілдің сөзжасам заңдылықтары бойынша, тілде 
қалыптасқан сөзжасам тәсілдерінің бірі арқылы, 
тілдегі дайын сөзжасам үлгілері бойынш а жаса- 
лады. С онды қтан туынды созді оны ң қандай 
тәсіл, қай үлгі арқылы жасалып тұрғанына қарап 
та ажыратуға болады. Мысалы: 
малш ы, аңшы,
өлеңші, үгітиіі, суретіиі, бииіі
т.б. Мұнда келтіріл-
ген туынды сөздер зат есім сөзжасамының бір 
сөзжасамдық түріне жататын /з. е + ж / үлгісі бой- 
ынша жасалған. Бұл үлгі тіліміздің морфология- 
л ы қ сөзж асам ы н ы ң түбір - ж ұр н ақ /т + ж / 
үлгісінің ішкі бір тарм ағы . Ол - өте кең тараған 
үлгі. Сондықтан жоғарыда келтірілген мысалдар- 
ды ң осы үлгі бойы нш а ж асалғаны на қарап-ақ, 
олардың туынды сөз екенін ажыратуға болады.
Сол сияқты синтаксистік тәсіл арқылы жа- 
салған туынды сөздердің де белгілі үлгілері бар. 
Ол үлгілерінің синтаксистік тәсілдің түрлеріне 
байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ мұнда 
да олардың бэріне ортақ ірі модель бар, ол үлгі - 
түбір-түбір 
/т + т /.
С өзж асам ны ң синтаксистік 
тәсіліне тэн осы үлгіде бұл тәсілдің ішкі түрлері- 
не байланысты аздаған өзгерістер қосылады. Олар 
сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тәсілдерінің ерек- 
ш елігінен туады. С и н такси стік тэсілдің ішкі 
түрлерінің үлгілеріндегі аздаған озгерістер болға- 
нымен 
т+т
үлгісінің морфемдік құрамы олар- 
дың бэрінде сақталады. Сондықтан синтаксистік 
тәсіл арқылы ж асалған туынды сөздерді ажыра- 
туда осы үлгіге сүйенуге болады.
Олай болса, туынды сөздерді ажырату белгі- 
лерінің бірі оларды ң ж асалған тәсілдері мен 
үлгілері деп тану керек. Туынды сөздердің бұл 
белгісі де олардың барлы ғы на ортақ белгіге жа- 
тады.
Туы нды сөз сөй лем де соз түрлендіруш і, 
сөзтұлға жасаушы қосымшалармен түрлене береді. 
Ол қай сөз табы на қаты сы на байланысты. Сөз 
түрлендіруші корсеткіштері жоқ сөз табының ту- 
ынды сөзі болса, ол түрленбей, түбір қалпында 
да қолданыла береді, Мысалы: 
ол қазақша жақсы
сөйлейді.
М ұндағы 
қазақша
деген үстеу сойлемде 
соз түрлендіруші қосымш асыз тұр, ойткені үстеу- 
де ондай қосы м ш алар жоқ. Сөз түрлендіруші 
қосымш алары бар сөз таптары ны ң туынды созі 
болса, соны ң ішінде қай сөз табына жатса, сол 
соз табының сөз түрлендіруші қосымшаларымен 
қолданы лады . М ысалы: 
Әнші концерт берді.
Әншілерге сыйлық берілді. Әншілерді халы қ өте
сыйлады.
О сы ндағы
әнші
деген туынды түбір зат есім 
болғанды қтан, сөйлемде зат есімнің көптік жал- 
ғауымен, септік ж алғаулары мен түрленген. Ту- 
ынды сөздің сойлемде түрлі тұлғада қолданылуы 
оны ң түбір сөзге ж ататынын көрсетеді, өйткені 
түбір соз ғана сойлемде түрлене алады. Осында- 
ғы сөз түрлендіруші, тұлға көрсеткіштерін боліп 
алсақ, туынды түбір ғана қалады. Ол туынды түбір 
түрлі сөйлемде құрамын сақтап тұр, әр сөйлемде


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет