ЕТІСТІК
521
алдымен, грамматикалық тұлғалар (ж іктікж ал-
ғау ф ормалары ) мен солар білдіретін граммати-
калы қ м ағы налар сәйкестігі арқы лы аны қтала-
ды, екінш іден, сөз түрлендіру тұлғалары жиы н-
ты ғы нан құралатын грамматикалық категория-
лардың синтаксистік қызметі атқару қасиеті, мы-
салы, тәуелдік жалғауының ілік септік жалғаулы
сөзбен аны қтауы ш ты қ қатынаста матаса байла-
н ы су ы , с е п т ік ж а л ғ а у л а р ы н ы ң о б ъ е к т іл ік ,
мезгілдік, мекендік қатынастарда екінш і сөзбен
меңгеріле байланысуы - заңды құбылыс. С он-
ды қтан да ж ақ (жіктік) категориясы н, жіктелу
жүйесін бір ғана қырынан түсіну, сөйтіп, катего-
риялы қ сипаты н синтаксистік қана қы зметінен
айқындау, м орфологиялық түрлену (парадигма-
лы қ) жүйесін, соған сәйкес бір тектес өз ішінде
карама-қайш ы мәнді грамматикалық мағыналар
ж и ы н ты ғы н ескермеу бұл тілдік құбылыстың
(жіктік жалғаудың) мәнін толық ашпайды, грам-
м атикалы қ сипатын терең айқы ндай алмайды.
Өйткені ж ақ категориясының, жіктелу жүйесінің
грамматикалық сипатын анықтайтын ерекшелік
оның синтаксистік қатынасы мен қызметінде емес,
ж іктік ж алғау, я ғн и м орф ологиялы қ түрлену
жүйесінде жатыр да, көрсетілген синтаксистік
қатынасы жіктік жалғаудың сөйлеу процесіндегі
атқараты н қы зметінен туындап отыр. Я ғн и бұл
жерде тілдік құбылыстың морфологиялық түрлену
жүйесі мен м ағы налы қ сипаты ж әне олардың
сөйлеу процесінде синтаксистік қатынасқа түсіп,
белгілі тұрақты қызмет атқаруы диахронды қ ас-
пектіде, тарихи тұрғыда (яғни қайсысынан қай-
сысы пайда болды деген ы ңғайда) тұжырымда-
лып оты рған ж оқ, синхрондық аспектіде, стати-
калы қ тұрғы да (яғни белгілі бір форма, ф орм а-
лар жүйесі белгілі бір грамматикалық м ағы на-
ларды біядіріп сөйлеу процесінде белгілі бір
тұрақты қызмет атқарады) көрсетіліп отыр. Сон-
ды қтан да “жіктік жалғау - баяндауыш қа ғана
тән ж алғау” екенін мойындай оты рып, жіктік
жалғау тек қана синтаксистік қы змет атқарады,
ойткені ж іктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым
баяндауыш қана болады - деген тұж ы ры м ны ң
бір жақты екенін көрсету қажет. Осы ізбен, яғни
ілік септік жалғауын ол тұлғадағы сөз тек аны қ-
тауыш қызметін, табыс септік жалғауын ол тұлға-
дағы сөз тек тура толықтауыш қызметін атқара-
тыны үшін және ілік септік жалғауы тәуелдік
жалғаумен, табыс септік жалғауы сабақты етістік-
пен байланысып қана қолданылуына қарап, олар-
ды басқа септік жалғауларынан, тіпті жалғаулар
деп аталатын қосымш алар тобынан бөліп алып,
тек синтаксистік қызмет атқаратын тілдік едини-
ца деу қанш алықты қисынды болар еді? Сөйтіп,
жіктік жалғау - сөйлем құрайтын негізгі діңгек
сөздерді (бастауыш пен баяндауышты) байланы-
стыратын предикаттық мәндегі морфологиялық
тұлға.
Төрт ж алғауды ң үшеуі (көптік, тәуелдік,
септік жалғаулар), әдетте, сөз табы ж ағы нан зат
есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп аны қ-
талады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байла-
нысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік
қана емес. Әдетте ж іктік жалғауы етістіктің
түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір форма-
ларының үстіне ғана жалғанады, соған байланы-
сты жіктік ж алғаулардың тұлғалары да біркелкі
болып келмейді, ал есім сөздерге ж іктік жалғау
тікелей түбірге және бір қалы ппен ж алғана бе-
реді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл - жіктік
жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екін-
шіден, ол ж іктік ж алғауды ң тек семантикалы қ
мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, син-
таксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса ке-
рек. Я ғни ж іктік жалғауды ң предикаттық мәні
сөйлемді гиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жат-
са керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана
емес, есімдер де атқара алады.
Рас, қазақ тілінде адам ға байланысты есім
сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тіке-
лей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне
тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек “функ-
циялы қ етістік” деп аталатын ерекше граммати-
калық формалары ғана жіктеле алады, яғн и осы
формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар үсте-
ле алады. Бұл - бір. Екінш іден, қазақ тілінде
қалып етістігі деп аталып ж үргеноты р,
Достарыңызбен бөлісу: