П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет273/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

198
СӨЗЖАСАМ
Қ азақ тілінде сөз қы сқарту тәсілі қазан
төңкерісіне дейін мүддем болмаған деген пікірден 
аулақпыз. Бұл тәсіл тілде бұрын да болған. Ол 
адам аттарында қолданылып, оған сы й-құрм ет, 
үлкейту, кішірейту, еркелету мәнін қосатын. Ол 
қазіргі тілде де өте жиі кездеседі: 
Жәке, Сэке,
Сызаң, Сәбе, Лйнаш, Жаңаш, Қантай, Жантай
т.б. 
осы сияқты қолдануларды алайық.
Мұндағы қысқартудың бір ерекшелігі кісі аты 
тек қана қысқартылып қоймайды, оған 
-ке, -еке,
-аң, -а, -е, -ш, -тай
сияқты белгілі морфемалар 
қосылады. Сөйтіп, мұңда да сөздердің белгілі тобы 
қысқаратыны, қысқаратын сөздің алғаш қы буы- 
ны сақталатыны ж әне оларға белгілі морфема- 
лардың қосылатыны сияқты белгілі заңдылық бар.
К ісі а ттар ы н қ ы с қ а р т ы п ай ту - д ү н и е
жүзіндегі тілдердің көбіне тән құбылыс. Көпшілік 
тілдерде кісі атын қы сқартып айту адамның бала 
кезіне тән. Оры с тілінде де ол - бар құбы лы с, 
бірақ тек бала ш аққа емес, ж асты қ кезең деу 
орынды. Мысалы: 
Екатерина

Катя, Елизавета
- Лиза, Мария - Маша, Евгения - Женя, Николай -
Коля
т.б.
Бұл - қазақ тіліне де тән құбылыс: 
Садуа-
кас - Сәкен, Қанапия - Канаш, Ж эмила - Жәміш,
Қожахмет - Қожаш
т.б. Осы тәсіл арқы лы кісі 
аттары ның мүлдем өзгеріп, қы сқарған аты ха- 
лы қ есінде қал ған ы да бірсыпыра. О ған мысал 
барш ылық. М ысалы, атақты жазушы С ейф у- 
ли н н ің халы ққа С әкен атымен белгілі екені - 
тарихи ш ындық. Ал ақы нны ң нағы з аты Садуа- 
қас екенін көпш ілік біле бермейді. А қы нны ң 
қы сқа аты оны ң н ағы з атына айналған. Сол 
сияқты қазақты ң атақты ғалымы Сәтбаев ха- 
л ы ққ а Қаны ш атымен әйгілі. Ал оны ң толы қ 
аты - Ғабдұл-Ғани көпшілікке таныс емес. Оны 
қысқартып, туыстары Қаныш деп атаса, ол кейін 
ғалымның негізгі атына айналған.
Х алы ққа белгілі қоғам қайраткері, ғалым 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты көпш ілік Д и - 
маш Ахметұлы атайтынын да халық ұмыта қой- 
ған жоқ.
Осы айты лғандар тілдердің көбінде кісі ат- 
тарын қы сқарты п қолдану заңдылығы көне за- 
мандардан бар құбылыс екенін дәлелдейді. Бірақ 
кісі атын қысқарту түрлі тілде түрліше қалыптас- 
қан. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бойы нш а 
бала, жастар атын қы сқарты п еркелету мәнін 
косумен бірге үлкен адамдар атын қы сқарты п, 
оған сы й-құрм ет мәнін қосу қалыптасқан. О н- 
дай қысқартуға белгілі қосымшалар қосылуы да
тіддерге жат құбылыс емес. Мысалы қытай тілінде 
кісі атына 
-сан
морфемасы қосылып, сый-құрмет 
мәні қосылатыны белгілі.
Олай болса, кісі атын қы сқартып атау - жал- 
пы тіл атаулыда бар құбылыс. Ал оның түрлі тілде 
өзіндік ерекшелігі бары да заңды. Сондықтан қазақ 
тілінде кісі атын қы сқарты п қолдану - тілдегі 
қалыптасқан заңдылықтардың бірі.
Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің жалпы даму 
заңдылығына бағынады. Тіл бірден өзгеріп, жаңа 
сап аға көшетін құбылыс емес, ол үнемі даму 
үстінде қы змет етеді. Тілдің заңдылықтары ек- 
шеліп, н ы ғайы п, барған сайын орны ғы п, даму 
үстінде қалыптасады. Бұл тілдің сөзжасам жүйес- 
іне де тікелей қатысты. С онды қтан да сөзжасам 
тәсілдері мен корсеткіш тері көне замандарда-ақ 
белгілі бір жүйеге түсе бастағаны жазба ескерт- 
кіштер тілі арқылы белгілі. Бірақ қазіргі тілдің 
сөзжасам жүйесінің ете, әбден қалыптасқан жүйе 
екені талассыз.
Тілдегі әр негізгі түбір талай туынды сәздің 
жасалуына негіз болған. М ысалы, 
жел
деген 
негізгі түбір сөзден 110 туынды түбір ж асалған. 
Олардың бәрі бір түбірден тараған бір сөзжасам- 
ды қ ұяға жатады. М ұндай сөзж асамдық ұялар 
тілде жиі кездеседі ж әне олардың құрамы өте 
күрделі.
Қазіргі тілде бір сөзж асам ды қ ұяның құра- 
м ы ндағы туынды сөздердің саны жүзден артуы 
жиі кездесетін құбылыс болса, кене жазба ескерт- 
кіштер тілінде ондай жағдай мүлдем кездеспейді. 
О с ы н ы ң о з і-а қ с о зж а са м к ө р с е тк іш те р ін ің
онімділігі күш ейгенін, қы зметі артқаны н аны қ 
көрсете алады. Бұл сөзжасамдық жүйенің дамуы- 
ны ң нәтижесі. Соны мен бірге қазіргі тілде қы з- 
мет етіп жүрген сөзж асам ды қ корсеткіш тердің 
негізі көне жазба ескерткіш тер тілінде болғаны - 
мен, сөзжасамдық корсеткіш тердің ол кезде ат- 
қарған қызметі мен қазіргі атқарып отырған қыз- 
метінің арасында үлкен айырмаш ылық бар. Оны 
сол кездегі туынды сөздер мен қазіргі туынды 
создерді сан жағынан салыстыру арқылы кореміз. 
Өйткені туынды создер - сөзжасамдық тәсілдердің 
тілде атқарған қы зметінің нәтижесі. Бұл сөзжа- 
самдық тәсілдердің тілде атқаратын қызметі бар- 
ған сайы н дам ы п , о р н ы ғы п о ты р ған ы н , ол 
тәсілдердің тілде қалыптасып заңдылыққа айна- 
лып, үнемі сөзжасамдық қызметі күрделеніп отыр- 
ғанын дәлелдейді.
Ж оғарыда айтылғандардан созжасам жүйесін 
сипаттайтын ірі құбылыстарға сөзжасам тәсілдері 
ж ататыны анықталды. Бірақ сөзжасамның әр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет