6.3 Электр тізбектерін тексеру (2-ші сур. қараңыз) 1) Айналмалы қосқышты куйіне орнатыңыз.
Қызыл өлшеу сымын VΩmA ұясына, ал қара өлшеу сымын СОМ ұясына салыңыз. Өлшеу сымдарын зерттелетін жүктемеге параллель жалғаңыз
Кедергі 51 Ом артық болса, тізбектің үзілу шарты орындалды деп есептеледі және дыбыстық сигнал қосылмайды. Егер тізбектің кедергісі 10 Ом аспаса, тізбек тұтас болып есептеледі және аспап үздіксіз дыбыстық сигнал береді
Тізбекті тексеру (зақымдалған жерін іздестіру, тұтастығын анықтау т.б) алдында, ондағы кернеуді өшіріп, барлық конденсаторларды қалдық зарядтардан разрядтау қажет.
6.4 Диодтарды тексеру(2-ші сур. қараңыз) 1) Айналмалы қосқышты куйіне орнатыңыз.
Қызыл өлшеу сымын VΩmA ұясына, ал қара өлшеу сымын СОМ ұясына салыңыз. Қызыл өлшеу сымын диодтың оң полюсіне, ал қара сымды теріс полюске қосыңыз
Егер тексерілетін диоды бар тізбек ашық болса немесе диод кері бағытта қосылған болса, онда дисплейде «OL» бейнеленеді. Тікелей ток режимінде кремнийлі p-n өтпесінде кернеудің төмендеуінің қалыпты мәні 500-800 мВ (0,5-0,8 В) шегінде жатыр.
Тізбектің құрамына кіретін диодты тексермес бұрын, алдымен осы тізбектегі кернеуді өшіріп, барлық конденсаторларды қалдық зарядтардан босату керек
6.5 Тұрақты токтыің күшін өлшеу(3-ші сур. қараңыз) 1) Айналмалы қосқышты А куйіне орнатыңыз.
2) Өлшенген ток күшінің мөлшеріне байланысты қызыл өлшеу сымын VΩmA ұясына немесе 10 А, ал қара өлшеу сымын СОМ ұясына салыңыз. Өлшеу сымдарын тексерілетін тізбекке дәйекті түрде қосыңыз.
Сур. 3 Тұрақты токтыің күшін өлшеу
Мультиметрді тексерілетін тізбекке дәйекті түрде қосар алдында, ондағы токты өшіріңіз және таңдалған кіріс ұясы мен өлшеу шегін мұқият тексеріңіз.
Егер өлшенетін ток күші шамасының тәртібі алдын ала белгісіз болса, өлшеуді бастар алдында бұрылатын қосқышты өлшеудің ең жоғары шегіне орнатыңыз, содан кейін өлшенген мәнге сәйкес аз шекке ауыстырыңыз.