Айналмалы қосқышты «OFF» күйіне орнатыңыз және өлшеу сымдарын мультиметрден ажыратыңыз. Мультиметрден қорғаныш қаптамасын алыңыз (шешіңіз). Бұрғыштың көмегімен мультиметрдің артқы қақпағын бекітетін бұранданы бұраңыз және оны шешіңіз, содан кейін сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Сур. 5 Сақтандырғыштарды ауыстыру
Ауыстыру үшін келесі сипаттамалары бар сақтандырғыштарды қолданыңыз:
F1: 0,2 А/250 В Ø5х20 мм сақтандырғышы, керамикалық (қыш) цилиндрлік корпусында.
F2: 10 А/250 В Ø5х20 мм сақтандырғышы, керамикалық (қыш) цилиндрлік корпусында.
8. Техникалық сипаттамалар
Дәлдік сипаттамалары ± (а% көрсеткіштен + b кіші разрядты бірліктер) температура аралығы үшін мынадай түрде келтіріледі: 23±5 °C салыстырмалы ылғалдылығы <75% кезінде және бір жыл бойы кепілдік беріледі.
Ең жоғары дәлдікті қамтамасыз ету үшін өлшеуді 18 °C - 28 °C температура аралығындажүргізіңіз.
Температуралық коэффициент = 0,1х (номиналды қателік )/° C (< 18 °C немесе > 28 °C диапазонында).
Тұрақты тоқтың кернеуін өлшеу параметрлері
Өлшем
шегі
Рұқсат (кіші разрядтың
бірлігі (к.р.б.))
Өлшемнің негізгі абсолюттік қателігінің рұқсат етілген
шегі, мВ, В
200,0 мВ
0,1 мВ
2000 мВ
1 мВ
20,00 В
0,01 В
±(0,007∙U+3 к.р.б.)
200,0 В
0,1 В
600 В
1 В
Ескертпе – U - тұрақты тоқ кернеуінің өлшенген мәні, мВ, В