Пайдалану жөніндегі нұсқаулық Сандық мультиметр



бет3/7
Дата02.10.2024
өлшемі3,7 Mb.
#146559
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мультметр нұсқаулық

5.2 Басқару түймешіктері


HOLD/SEL түймешегі. Дисплейдің ағымдағы көрсетілімін қосу және ажырату үшін қызмет етеді. Тізбектерді зақымдалған жерін іздестіру және диодтарды тексеру режимдерінде осы функциялардың арасында ауыстырып қосу үшін қызмет етеді.
түймешегі. Бұл түймешікті басу дисплей жарығын қосуға
және өшіруге мүмкіндік береді.

6. Аспаппен жұмыс істеу


Дисплейде батареяның бітіп жатқаны туралы индикаторы пайда болған кезде, қате өлшеулерді болдырмау үшін қорек-
тендіру батареяларын ауыстырыңыз.
Өлшеу сымына арналған кіру ұясының жанындағы белгішеге ерекше назар аударыңыз. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін өлшенетін кернеу немесе ток мультиметрде және нұсқаулықта көрсетілген мәндерден аспауы тиіс екенін еске салады.
6.1 Айнымалы және тұрақты кернеуді өлшеу
(2-ші сур. қараңыз):

  1. Айналмалы қосқышты V~ куйіне орнатыңыз

  2. Қызыл өлшеу сымын VΩmA ұясына, ал қара өлшеу сымын СOM ұясына салыңыз. Өлшеу сымдарын зерттелетін жүктемеге параллель жалғаңыз.


Сур.2 RGK DM-10 аспабының көмегімен өлшеу
Электр тоғының соғуын және мультиметрдің зақымдалуын болдырмау үшін кіріске 600 В жоғары кернеуді беруге тыйым салынады (орташа квадраттық мән). Егер өлшенетін кернеу шамасының тәртібі (реті) алдын-ала белгілі болмаса, өлшеуді бастамас бұрын, айналмалы қосқышты максималды өлшеу шегіне орнатыңыз, содан кейін өлшенген мәнге сәйкес төменгі шегіне ауысыңыз.
Электр тоғының соғуын болдырмас үшін жоғары кернеуді өлшеу кезінде абай болыңыз.
Өлшеуді бастамас бұрын мультиметрдің дұрыс жұмыс істеуін кернеуі белгілі көздерінде тексеру ұсынылады.
6.2 Кедергіні өлшеу (2-ші сур. қараңыз) 1) Айналмалы қосқышты куйіне орнатыңыз.
2) Қызыл өлшеу сымын VΩmA ұясына, ал қара өлшеу сымын СОМ ұясына салыңыз. Өлшеу сымдарын зерттелетін жүктемеге параллель жалғаңыз.
Егер өлшенген кедергінің мәні белгіленген өлшеу шегінен асып кетсе немесе өлшеу тізбегі ашық болса, дисплейде «OL» белгісі пайда болады.
Тізбекке қосылған кедергіні өлшеу алдында ондағы қоректендіруді өшіріп, барлық конденсаторларды толықығымен разрядтау қажет.
Өлшеу зондтарының (щупы) кедергісі 0,1-0,2 Ом құрайды, бұл кіші кедергілерді өлшеу кезінде айтарлықтай қателік енгізуі мүмкін. Өлшемдердің дәлдігін арттыру үшін кедергінің өлшенген мәнінен зондтардың қысқаша тұйықталған кезіндегі өлшеу нәтижесін шегеру керек.
Егер қысқаша тұйықталған өлшеу зондтарының кезіндегі кедергісі 0,5 Ом-нан асатын болса, өлшеу сымдары мен зондтартарды зақымдалған немесе әлсіреген қосылыстарға тексеріңіз. 1 МОм артық кедергілерді өлшеу кезінде тұрақты көрсеткішті алу бірнеше секундты алуы мүмкін. Үлкен кедергілерді өлшеу кезінде тұрақты мәнді жылдам алу үшін қысқа өлшеу сымдарын пайдаланыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет