Айналмалы қосқышты °C/°F куйіне орнатыңыз
«К» типті термопараны мультиметрге қосып, термопараның жұмыс ұшын зерттелетін нысанға орналастырыңыз. Дисплейден өлшенген мәнді оны тұрақтандырғаннан кейін есептеңіз.
Мультиметрмен тек «К» типті термопаралар үйлесімді.
Температураны тек 250 ºС -қа дейін ғана өлшеу рұқсат етіледі. Мультиметрдің жеткізу жинағына кіретін термопарамен температураны тек 80 °С дейін өлшеуге рұқсат етіледі.
6.7 Аспаптың өзге де функциялары
Автоматты түрде өшіру
Мультиметр қосылғаннан кейін 2 секундтан кейін өлшеу режиміне ауысады. Егер дисплейде «ErrE» хабары пайда болса, аспапты өшіріп, қосыңыз.
Егер 15 минут ішінде мультиметрмен ешқандай операциялар жүргізілмесе, мультиметр автоматты түрде өшіріледі. Кез келген түймешікті басу арқылы мультиметрді қоса аласыз.
Автоматты түрде өшіру функциясын өшіру үшін айналмалы қосқышты «OFF» күйіне орнатып, мультиметр қосылғанша «HOLD» түймешігін басып, біраз уақыт ұстап тұрыңыз.
Дыбысты дабыл қаққыш
Кез келген батырманы басу немесе айналмалы қосқышты ауыстыру кезінде мультиметр бір реттік дыбыстық сигнал береді.
Егер мультиметр кірісде тұрақты немесе айнымалы кернеу 600 В-тан асатын болса, өлшеу шегінен асып кеткенің білдіретін үздіксіз дыбыстық сигнал шығады.
Егер мультиметр кірісіндегі тұрақты немесе айнымалы тоқ 10 А-дан асса, өлшеу шегінен асып кеткенің білдіретін үздіксіз дыбыстық сигнал шығады.
Автоматты түрде өшуге бір минут қалғанда мультиметр бес дыбыстық белгі береді.
Корпустың артқы панелін ашпас бұрын мультиметрдің қорегін өшіріп, өлшеу сымдарын кіріс ұялары мен тексерілетін тізбектен ажырату қажет.
Батареяларды ауыстыру (4-ші сур. қараңыз)
Егер қоректендіру батареяларының кернеуі 2,5 В төмен түсетін болса, дисплейде әрбір 6 секунд сайын таңбасы пайда болып, 3 секунд бойы жыпылықтайтын болады. Егер кернеу 2,2 В төмен түссе, дисплейде символы тұрақты түрде (үнемі) көрсетілетін болады, ал мультиметр өшеді. Мультиметрдің қате өлшенуін болдырмау үшін, қоректендіру батареяларын дисплейде разрядталған батареяның индикаторы пайда бола салысымен ауыстыру қажет.
Ауыстыру үшін екі ААА типті, 1,5 В батареянын пайдаланыңыз. Айналмалы қосқышты «OFF» күйіне орнатыңыз және өлшеу сымдарын мультиметрден ажыратыңыз. Мультиметрден қорғаныш қаптамасын алыңыз (шешіңіз). Бұрағыштың көмегімен батарея бөлігінің қақпағын бекітетін бұранданы бұраңыз және оны шешіңіз. Полярлықты сақтай отырып, разрядталған батареяларды жаңасымен ауыстырыңыз..
Қ орғаныс қаптамаса
Бұранда
Сур. 4 Батареяларды ауыстыру
Пайдаланылған батареяны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәдеге жарату жергілікті заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс.