2.2.2. Газ және газ конденсатты кен орындарын жобалау және өнеркәсіптік игеру
251. Тәжірибелік-өнеркәсіптік жобалар кен орнына толық немесе жекелеген кен шоғырларына,
немесе олардың учаскелеріне (блоктарын) жасалуы мүмкін.
252. Тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің жобасы осы пайдалану кезеңіне кәсіпшілікті
жайластыру жобасын құру үшін негіз болып табылады.
253. Осы жоба мына бөлімдерден тұрады:
1) I бөлім – Геологиялық-өнеркәсіптік мәліметтер:
геологиялық зерттеу туралы қысқаша мәліметтер;
стратиграфия, тектоника және өнімді горизонттардың сипаттамасы (тиімді қалыңдық,
кеуектілік, өтімділік, литология және басқалар) туралы қысқаша мәліметтер;
барлау ұңғымаларын сынамалау және зерттеу нәтижелері;
газдың және конденсаттың құрамы бойынша мәліметтері;
газдың және конденсаттың қоры туралы мәліметтер (С1 және С2 дәрежесінде);
ұңғымалардың мүмкін жұмыс дебитін есептеулер;
кен орындарын барлауға дейін ұсыныстар.
2) II бөлім – Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді жүргізудің негізгі көрсеткіштері:
игеру жүйесін таңдау;
ұңғымалардың технологиялық жұмыс режимін таңдау;
тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру мерзімінде игерудің әртүрлі нұсқаларын есептеу, игерімдік
ұңғымалардың санын және орналасу орнын анықтау;
келісімшарт жасалған мерзімін қамтитын өте ұзақ кезеңге болжамдық есептер;
игерімдік ұңғымалардың құрылымы бойынша ұсыныстар;
өнімді горизонттарды аршу мен газ өндіруді қарқындату бойынша ұсыныстар;
жайғастыруды жобалайтын ұйыммен келісілген кәсіпшілікті жайғастыру бойынша негізгі
ережелері;
газ тасымалдау мен оның мүмкін тұтынушылары бойынша ұсыныстар.
3) III бөлім – Техника-экономикалық есептеулер:
жайғастыру;
кен орнына тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің шығындары;
салықтар және басқа да төлемдер;
тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің шығыстары мен кірістерінің есептеулері.
4) IV бөлім – Газ және газ конденсатты кен шоғырының толық игерілуіне бақылау.
5) V бөлім – Газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауы мен
қоршаған табиғи ортаны қорғау.
6) VI бөлім – Сызбалық қосымшалар:
шолу карталары;
тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге енгізілетін өнімді горизонттардың игеруге жобалаған және
бұрғыланған барлау ұңғымалары көрсетілген құрылымдық карталар;
геологиялық-геофизикалық қималар және профильдер.
254. Егер кен орындарында, қорларын анықтау сенімділігі төмен дәрежедегі және жалпы қордың
көп мөлшері (70 пайыздан жоғары) С2 дәрежесінде анықталған кен шоғырлары болса, экономикалық
пайдалылық болса, онда негізгі объектілерді игеру жобаларымен қатар тәжірибелік-өнеркәсіптік
игеру жобалары жасалуы мүмкін.
255. Газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасында газды,
конденсатты және қосалқы компоненттерді барынша алуға және пайдалануға байланысты негізгі
технологиялық және техника-экономикалық мәселелердің кешендік шешімі берілуі тиіс.
256. Өнеркәсіптік игеруге, геологиялық барлау жұмыстарының барлау-игерімдік сатысында
шешілетін міндеттері анықталған газдың, негізгі және қосалқы компоненттердің қоры анықталған
және белгіленген тәртіппен бекітілген, қажет жағдайларда тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру
жүргізілген кен орындары жатады.
Игеруге қосуға жоспарланған шоғырда өнеркәсіптік маңызы бар мұнайлы жиек болған жағдайда,
олардың өзара байланысы, газ және мұнай бөліктерін кезектеп немесе бірге игеру туралы мәселелер
шешілуі тиіс.
257. Газ және газконденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеруге қосуға рұқсат етіледі,
егер:
1) өнеркәсіптік игеруді жобалауға қажет геологиялық-техникалық мәліметтер болғанда:
белгіленген тәртіпте бекітілген газ, сондай-ақ пайдалы және қосалқы компоненттердің қоры
туралы;
кен шоғырының (кен шоғырларының) геометриясын, оның өнімділігін және қысымның ықтимал
өзгеру динамикасын біржақты анықтауға мүмкіндік беретін барлау жұмыстарының, егер соңғысы
жүргізілсе сынамалы игерудің нәтижелері туралы.
2) ұңғымаларды игеруден бастап игеру процесінде алынған газды, конденсатты және қосалқы
компоненттерді толық пайдалану қамтамасыз етілгенде;
3) газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасы және жайластыру жобасы
белгіленген тәртіпте бекітілгенде;
4) жайластыру жобасында қарастырылған іс-шаралар іске асырылғанда;
5) өндіруге арналған келісімшарт жасалғанда.
258. Газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасының, егер бұл
мерзімде алынатын қордың 90 пайызы өндірілетін болса келісімшарттың қолданылу мерзімін қамтиды.
Егер өндіру аз шаманы құраса, онда есеп іріктеудің 90 пайызына қол жеткенге дейін жүргізіледі.
Осы жоба мына бөлімдерден тұрады:
1) I бөлім – Алғашқы геологиялық-кәсіптік мәліметтер:
геологиялық зерттеулер туралы қысқаша мәліметтер;
стратиграфия, тектоника және өнімді горизонттардың сипаттамасы туралы қысқаша мәліметтер;
сынамалы игерудің нәтижелері, егер ол жүргізілмесе, онда барлау ұңғымаларын сынамалау және
зерттеу нәтижелері;
газдың және конденсаттың құрамы бойынша мәліметтер;
газ құрамындағы газ, конденсат және өзге де компоненттердің қоры туралы мәліметтер;
кен шоғырларының гидрогеологиялық сипаттамасы мен жұмыстың мүмкін режимі;
игерімдік бұрғылау процесінде кен орнының геологиялық қатарын нақтылау міндеттері, қажет
жағдайда осы міндеттерді барлау ұңғымаларын бұрғылау және сейсмикалық түсіру жүргізу арқылы
шешу.
2) II бөлім - Өнеркәсіптік игеруді жүргізудің негізгі көрсеткіштері мыналарды:
кен орнын игеру жүйесінің негіздемесі және таңдау;
газ өндірудің, пайдалы және қосалқы компоненттерінің әр нұсқадағы игерілуінің және
ұңғымаларды пайдаланудың жылдар бойынша есебі;
газ конденсат қайтарымының есебі;
ұңғыманың технологиялық жұмыс режимін таңдау;
пайдаланылатын резервтік, қадағалау, пьезометриялық, айдау ұңғымаларының қажетті санын,
сондай-ақ бұрғылау мерзімдерін анықтау. Есеп әр бұрғыланатын объекті және жалпы кен орны бойынша
жүргізіледі, көлденең ұңғымаларды бұрғылау жөнінде мәселе қаралады және шешім қабылданады;
пайдалану, резервтік, қадағалау және пьезометриялық ұңғымалардың барлық қорын іске қосу,
орналасу жүйесін таңдау және бұрғылаудың дәйектілігі;
ұңғымалар құрылымы бойынша ұсыныстар;
өнімді горизонттарды ашу және газ өндіруді қарқындандыру бойынша ұсыныстар;
газ және конденсат дебиттерін, қаттық, түптік және сағалық қысымдардың барлық
жоспараланған кезеңдегі есебі, сондай-ақ осы жайғастыруды жобалаушы жобалау ұйымдарымен
келісілген қажетті кәсіптік ғимараттардың іске қосылу мерзімдері мен ораналасқан жері;
газ тасымалдау және оның ықтимал тұтынушылары бойынша ұсыныстар;
газ құрамындағы пайдалы және қосалқы компоненттерді кешенді пайдалану бойынша ұсыныстарды
қамтиды.
3) III бөлім – Техникалық-экономикалық есептеулер:
газ және газ конденсатты кен орындарын игерудің әр нұсқасы бойынша кен орындарын толық
дамыту үшін қажетті инвестицияларды есептеулер;
газ және газ конденсатты кен орындарын игерудің жоспарланған кезеңіне кен орындарын игеру
шығындары;
салықтар және басқа да төлемдер;
газ және газ конденсатты кен орындарын игерудің барлық жоспарланған кезеңіне кіріс және
пайданы есептеуді қамтиды.
4) IV бөлім – Газ және газ конденсатты кен шоғырының толық игерілуіне бақылау.
5) V бөлім
Газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауы мен
–
қоршаған табиғи ортаны қорғау.
6) VI бөлім – Сызбалық қосымшалар:
шолу карталары;
барлық бұрғыланған және жобаланатын ұңғымаларды енгізумен барлық өнімді горизонттар
бойынша құрылымдық карталар;
геологиялық-геофизикалық қималар және профильдер;
нұсқасы бойынша игеру карталары;
газ және конденсатты кәсіпшілік игерудің принциптік схемасы;
жер үсті құрылыстарының орналасқан орнымен газ жинақтаушы желілерінің принциптік схемасы.
259. Газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасы оны белгіленген
тәртіпте бекіткеннен кейін газ және газконденсатты кен орындарын әзірлеуді жүзеге асыру
негізінде негізгі құжат болып табылады.
260. Құрамында күкіртсутек және күкірт органикасы бар газ және газконденсатты кен
орындарын өнеркәсіптік игеру жобасын жүзеге асыруды бастағанға дейін күкірт тазарту немесе осы
газдарды экологиялық қауіпсіз пайдаланудың барлық мәселелерi шешiледі. Сонымен қатар, осы жобаны
жүзеге асырудың басталуына дейін табиғи газдың этан, пропан-бутан, қос тотықты көмiртегi, гелий
және басқа да компоненттерін пайдаланудың мақсаттылығы мен бағыты оларды өнеркәсіптік қамтыған
жағдайда белгіленуі тиіс.
261. Газ құрамындағы конденсат мөлшері (5 г/м кем) болған жағдайда оны кәсіпте кәдеге
3
жаратудың мақсаттылығы мәселесi шешiлуi қажет.
262. Құрамында 100 г/м аса конденсаты бар газ конденсатты кен орындарын жобалау кезінде
3
қаттық қысымды ұстаумен игеру әдістері қарастырылады.
263. Игеру әдісін таңдау әр жағдайда гидродинамикалық, термодинамикалық және
техника-экономикалық есептер негізінде мынадай өлшемдерге негiзделуi тиіс:
газдың алғашқы баланстық қорының, тұрақты конденсаттың және сұйытылған газ шамасына;
тұрақты конденсат құрамының кезең және жылдар бойынша игеру әдісіне байланысты өзгеруiне;
игеру әдісіне байланысты игерудің аяғына қарай қаттағы тұрақты конденсаттың жиынтық
шығынына;
кезең және жылдар бойынша газ және конденсатты ықтимал өндiру олардың тауарлық
сипаттамасының игеру әдісіне байланысты өзгеруіне.
264. Газ және газ конденсатты кен орындарын өндірілген газ (сайклинг-процесс), су, жанып
кеткен газ т.б. конденсаттан тазартылған кері айдауды пайдаланумен, қысымды ұстаумен, айдамалау
агентінің көлемін, айдамалау ұңғымаларының саны мен орналасуын, оның сыйдырымдылығын, айдалатын
агенттердің мүмкін серпімділік уақытын және олардың өндірілген өнімдегі құрамын, өндірілген
өнімнің тауарлық сапасын қамтамасыз етуге қосымша шығындарды, қысымды ұстаудың жалпы кезеңін,
қаттық қысымның толық немесе жартылай өтеу нұсқаларын есептеу жүргізіледі.
265. Егер газ конденсатты шоғырда өнеркәсіптік маңыздылығы бар мұнай жиегі және қаттың
газды бөлігінде жоғары қаныққан мұнай болса, онда қатқа ықпал технологиясымен бірге мұнай жиегін
өңдеу нұсқасын қарастыру қажет, мұндай жағдайда мұнай газ бүркемелерінде газбен бір жола жүзеге
асырылатын болады.
266. Газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу процесінде жаңа ұңғымаларды бұрғылау
және осы кен орындарын әзірлеу барысын қадағалау есебінен ақпараттар толығып отырады. Мәселелер
туындаған жағдайда, бұрын қабылданған игеру жобасы елеулі өзгерiстерді талап етсе, белгіленген
заңнамалық тәртіппен бекітуге жататын игеру жобасына толықтырулар жасалады.
2.2.2.1. Газ және газ конденсатты кен шоғырын игеру мониторингі
267. Мониторинг жүйесіне мыналар кіреді: жүйелік және бақылау өлшемдері мен қаттық,
забойлық және сағалық статистикалық қысымдарды, пьезометриялық ұңғымаларда сұйықтық деңгейін,
газ – су байланысының жағдайын (мұнай жиегінің болуы кезінде газ-мұнай және мұнай-су) анықтау,
дебиттердің және газдың, конденсаттың, судың (мұнайдың) химиялық құрамының өзгеруі. Жоғарыда
аталған барлық зерттеулер сондай-ақ ұңғымаларды игеру барысында және тоқтаулардан немесе
консервация кезеңінен кейін пайдалануға жіберудің алдында қолданылады.
268. Зерттеу нәтижелерінің негізінде мыналар анықталады және кезең-кезеңмен нақтыланады:
кен шоғырының жұмыс режимі мен оның температуралық режимі;
көмірсутек шикізатының бастапқы және ағымды қорлары;
кен шоғыры бойынша қысымның таралуы;
кен шоғырының жекелеген учаскелерінің өзара әрекеттесуі;
кен шоғырының түрлі учаскелерінде су (мұнай) қарқындылығы мен қозғалысының сипаттамасы;
газ бөлу, олардың дифференциалды дебиттерін бағалаумен интервалдары;
өңдеу қорларын қамту;
колоннадан тыс ықтимал ағындарды анықтау.
269. Статикалық қысымдарды өлшеу ұңғымалардың барлық қоры бойынша кезеңділікпен
жүргізіледі. Игерудің бірінші кезеңінде, өндеудің аяқталу сатысында кезеңділігін бірте-бірте бір
жылға дейін өзгерте отырып, тоқсанында кемінде бір рет жүргізілуі қажет.
270. Ұңғымалары көп кен орындарында және қысымды қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет
болса (бес тәуіліктен көп) өлшеу кезеңділігі өзгертілуі мүмкін.
271. Біртекті емес коллекторларды өндеу кезінде кен шоғырының түрлі бөліктеріндегі қаттық
қысым әр түрлі төмендейді, сондықтан едәуір айырымымен аймақта статикалық қысым өлшемдерін
олардың бірдей тоқтауымен ұңғыма топтары бойынша жүргізу орынды.
272. Ұңғымалардың сағасындағы статикалық қысым өлшемдерін қысымды қайта қалпына келтіру
қисықтарымен сәйкестендіру қажет. Оның кезеңділігі өнімді горизонттың – қат қысымын қалпына
келтіру уақытының ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.
273. Ұңғымалардағы қат қысымының өлшемдер жиілігі газ шығарудың қарқынына және сол себепті
қат қысымының төмендеуіне байланысты өнеркәсіптік игеру жобасымен белгіленеді, қаттық қысым
төмендеуін өлшеудің екі сериясы арасындағы кезең барысында орташа алғанда оны үш рет өлшеу
қателігі есебінен жоғары болатындай таңдалады.
274. Игеруді қадағалау, сондай-ақ осы мақсатта пайдаланылатын бақылау мен пьезометриялық
ұңғымаларда жүзеге асырылады, олардың саны мен орналасқан жері өнеркәсіптік игеру жобасында
белгіленеді.
275. Қадағалау ұңғымаларына өнімді горизонтты оның газға қаныққан бөлігі шеңберінде
аршитын ұңғымалар жатады. Бұл ұңғымалар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайды және қысымның нақты
өлшеу, газ-су (газ-мұнай және мұнай-су) байланысының әрекеттерін қадағалау үшін қызмет етеді.
Алдарында тұрған міндеттерді шешу шаралары бойынша қадағалау ұңғымалары пайдалану ұңғымаларына
алмастырылуы мүмкін.
276. Пьезометриялық ұңғымаларға өнімді горизонтты оның суға қаныққан бөлігі шеңберінде
аршитын ұңғымалар жатады. Оларда контурдан тыс және астыңғы жиек су деңгейінің төмендеуіне
бақылау жүргізіледі.
277. Қадағалау және пьезометриялық ұңғымалардың саны мен орналасқан жерін белгілеу кезінде
кен орындарында бұрғыланған барлау ұңғымаларын барынша пайдалану қажет. Шағын кен орындарында
осы мақсатта тек осындай ұңғымаларды пайдалану қажет.
278. Қадағалау және пьезометриялық ұңғымалар бойынша өлшемдерді кем дегенде 1,5-2 айда бір
рет өткізіп отыру қажет.
279. Ірі кен орындарында контурдан тыс, қаттың кен орнынан алып тасталынған бөлігінде
қысымның түсу қарқынын қадағалау үшін бірқатар пьезометриялық ұңғымалар бұрғыланады.
280. Газды қаты көп кен шоғырлары үшін, сондай-ақ күрделі құрамды кен шоғырлары үшін тек
шоғырлар ауданы бойынша ғана емес, оның көлемі бойынша да, яғни өнімді горизонт бойынша түрлі
бөліктерінде қысымдардың таралуы туралы деректер болуы қажет.
281. Әр суланған газ ұңғымасы бойынша сулану себептерін анықтау жөнінде зерттеу жүргізу
қажет.
282. Игеру процесінде қат суларының кен шоғырларына өтуі гидрохимиялық,
кәсіптік-геофизикалық және гидродинамикалық мониторинг әдістері арқылы жүзеге асырылады.
283. Жедел бақылаудың гидрохимиялық әдісі пайдалану ұңғымаларының барлық қоры бойынша
шығатын суда өзіне тән ион құрамының өзгеруіне байланысты жүйелік бақылауды талап етеді. Әртүрлі
аудандар мен бөліктерде бақылау жүргізілетін иондар тәжірибелік жолмен анықталады. Тоқсан сайын
су сынамасын алу қажет (экспресс-талдау үшін), ал бастапқы сулану көрсеткіштері бар ұңғымаларда
ай сайын (толық талдау үшін) алу қажет.
284. Кәсіптік-геофизикалық бақылау әдісі пайдалану және бақылау ұңғымаларында газ бен су
түйісуінің жоғарылауын тіркейтін арнайы радиоактивтік каротаж әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеулер жиілігі нақты шарттарға байланысты анықталады, бірақ кем дегенде жылына 1-2 рет
жүргізілуі тиіс.
285. Газ өндіру есебі кәдеге жаратылған газдың, ұңғымаларды зерттеу және түрлі үрлеу
жұмыстары кезінде кеткен газдың, сондай-ақ апаттық фонтандыру кезінде кеткен газдың есебін
көрсетуі қажет. Осы және өзге де ықтимал шығындар жер қойнауын пайдаланушылар орындайтын қорлар
балансында міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
286. Егер пайдалану басталарға дейін едәуір газ шығыны болса, онда олардың бағалануы үшін
аудандағы барлық ұңғымалардағы қат қысымын өлшеу қажет. Бағалау нәтижелерін қорлар балансына
шығындарының себептерін түсіндіре отырып енгізу қажет.
287. Екі жылда бір рет жұмыс жағдайында конденсат құрамын анықтау бойынша әр ұңғыма
зерттеледі, оның ішінде температурасы төмен сепарация кезінде шикі және тұрақты конденсат құрамы
анықталады. Осы зерттеулер негізінде графикалық түрде қат қысымы – конденсат құрамының байланысы
көрінеді.
288. Графикалық түрде тәуелділікті көрсету үшін осындай жиілікпен тұрақты конденсаттың
негізгі физикалық-химиялық қасиеттері анықталуы қажет: қат қысымы – конденсаттың үлесті және
молекулалық салмағы.
2.2.2.2. Газ конденсатын өндіруді арттыру үшін кен шоғырлары мен кен орындарының
игерілуін реттеу жөніндегі шаралар
289. Кен шоғырлары мен кен орындарын жалпы игеруді реттеу газ конденсатын өндіруді арттыру
жөніндегі міндетті жұмыс жағдайы болып табылады.
290. Бірқабатты кен шоғырларын игеру кезінде:
қаттан жынысты шығарудың алдын алу, газ дебитін кеміту есебінен депрессияны қысқарту
арқылы ұңғымаға су конусының енуі;
пайдалы өнім беретін қат аралықтарының қосымша перфорациясы, забойлық ауқымының қышқылды
өңделуі, қатты гидрокесу және басқалары арқылы ұңғымалардың өнімділігін арттыру;
өңдеу барысында қысым қолданумен, жұмыс агентінің айдамалау фронтын көшіру, өндірістік
және айдамалау ұңғымаларының жұмыс істеу тәртібін өзгерту, циклдік толтыру және басқалар арқылы
газ немесе газ конденсатын шығару деңгейін арттыру;
қосымша пайдалану ұңғымаларын бұрғылау мен қадағалау және айдамалау ұңғымаларын, егер олар
бастапқыда жүктелген міндеттерді орындаса, пайдалану ұңғымасына көшіру арқылы кен шоғырларын
қамтуды арттыру.
291. Көп қабатты объектілерді әзірлеген кезде қосымша іс-шаралар жүргізіледі:
бір уақытта жеке пайдаланудың немесе агенттерді (сенімді жабдықтардың болуы кезінде)
толтырып алу арқылы пайдалану объектісінде біріктірілетін қаттың сүзгілік сипаттамаларының
айырмашылығын есептеу;
өндіруші ұңғымалар бойынша қаттың немесе қатқа айдалатын ағындарының су изоляциясы,
құймаларды қолдану арқылы (цементті, химиялық реагенттер және басқалар).
292. Кен орындарын игеру процесінде бұрын өндірілмеген горизонттарға, соның ішінде
бұрғылау немесе жалғастырылған барлау жұмыстары процесінде қайта ашылған пайдалану объектілеріне
біріктіруге рұқсат етіледі.
293. Біріктіруге рұқсат етіледі:
бірдей геологиялық-кәсіптік сипаттамалары кезінде, сондай-ақ егер:
пайдаланылатын ұңғыма үлкен емес газ дебитін беретін және жаңа қаттың қосылуы осы
ұңғыманың дебитін әлдеқайда арттыра алатын;
қосылу негізгі объектіден өндірілетін маңызды компоненттердің бұзылуына әкеп соқтырмайтын;
ұңғымада колоннаның артындағы цемент қосылған қаттан жоғары болады және оны сенімді жауып
тұратын кезде жол беріледі.
294. Өңдеу процестерін реттеу жөніндегі ұсынылған іс-шаралар кешені жабдықтарды қолдану
және олардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға және авторлық қадағалау процесінде нақтылауға
мүмкіндік беретін бақылау әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
295. Өңдеуді реттеу жөніндегі жоспарланған іс-шаралар және олардың кейіннен орындалуы
өңдеуді талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады және өңдеу жобасына түзетулер мен толықтырулар
енгізу кезінде ескеріледі.
296. Газ және газ конденсатты ұңғымалардың пайдалану тәсілдері геология-техникалық
шарттармен белгіленеді, оларға мыналар жатады:
қаттық қысым шамасы мен ұңғыманың жұмыс дебиті;
газдың физика-химиялық және тауарлық қасиеттері (бу тәріздес ылғалдың, конденсаттың,
күкіртті сутек түріндегі агрессивті компоненттердің, көмір қышқылының, органикалық қышқылдың
көлемі және тағы басқа);
пайдалы өнім беретін горизонттың және жоғарыда жатқан тау жыныстарының физикалық қасиеті
(аномальді жоғары және аномальді төмен қат қысымы);
ұңғыманың термодинамикалық жұмыс шарты мен шарттар;
оқпандағы және газ кәсіптік желідегі гидраттүзуші;
бір ұңғымада пайдаланылған қат саны және пайдалы өнім беретін горизонттарды ашу шарттары;
кәсіптік өңдеу және тұтынушыларға немесе газ өңдеу зауытына газ тасымалдау үшін үстіндегі
қат қысымын пайдалану шарттары;
газ су немесе газ мұнай байланысына және ықтимал бұзылуларға қатысы бойынша ұңғымалардың
орналасқан жері.
297. Газ және газ конденсатты ұңғымалар үшін орналасқан жерінің нақты жағдайларына
байланысты белгілі бір уақыт мерзіміне мына технологиялық режимдердің бірі белгіленеді:
тұрақты қысым градиенті - өнімді коллектордың ықтимал бұзылуы жағдайында. Бұл режим
тұрақты депрессия режимімен алмастырылуы мүмкін, алайда әр нақты жағдайда мұндай алмастыру
мыналарға негізделуі тиіс;
забойлық қат аумағында газ сүзгісінің тұрақты жылдамдығы – өнімді коллектордың ықтимал
бұзылуы жағдайында, сондай-ақ саз ерітіндісінен қаттың забойлық аумағын тазарту үшін;
тұрақты депрессия – конустар мен суландыру тілдерінің түзілу қаупі жағдайында;
негізгі ұңғымаларға тұрақты қысым түсуі - ұңғыманың штуцерсіз жұмыс істеуі жағдайында
немесе кәсіпшілікте алғашқы табиғи газ өңдеуді бастау алдында белгілі бір қысымды ұстап тұру
үшін;
тұрақты дебит – колоннаның өткізу қабілетін қоспағанда қандай да бір шектеу болмаған
жағдайда. Тұрақты дебит режимі уақытқа байланысты емес, өйткені дебит шамасы қаттық қысымның
төмендеуіне байланысты өзгереді.
298. Ішіне фонтан құбырларын түсірусіз пайдалану колоннасы бойынша газ ұңғымаларының
пайдаланылуына рұқсат етілмейді. Қат қысымы пайдалану коллонасының қысу қысымынан жоғары
болмаған жағдайда пайдалы өнім беретін қаттар үшін газ құрамында коррозиялық компонентердің
болмауы, ұңғымадан конденсациялық және қаттық сұйықтықтың толық шығарылуы үшін құбыр арқылы
үрлеуге рұқсат етіледі, бірақ бұл ретте жағдайда ұңғыманың оқпанында құм тығындары түзілмесе.
299. Фонтан құбырларының диаметрі мыналарға байланысты анықталады:
ұңғыманың жұмыс дебиті;
оқпанында қысым мен температураның рұқсат етілген айырмасы;
фонтан құбырларындағы қажетті жылдамдық алу;
пайдалану колоннасының диаметрі.
300. Газ және газ конденсатты ұңғымалардан сұйықтық пен механикалық қоспаларды жою үшін
көбіктенетін үсті-белсенді заттар, кіші диаметрлі құбырлар, гидродинамикалық диспергаторларды
қолдану ұсынылады.
301. Фонтан арматурасы газ ұңғымаларын пайдаланудың кез келген тәсілінде ұңғымаға
құрал-жабдықтарды түсіру, сондай-ақ температура мен ұңғыма құйылысында газ қысымын өлшеу
мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
302. Жерасты газ қоймалары бос газды кен орындарында, су тасушы қаттарда және жерасты тұз
қоймаларында жасалады. Жерасты газ қоймалары газдың буферлік көлемін алдын ала жасаумен толтыру
режимінде және газ айдау режимінде газды кен орындары ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |