Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата12.03.2017
өлшемі239,75 Kb.
#9037
1   2   3   4   5   6   7

2.2.1.7. Қатқа әсер ету жүйесiн игеру

      162. Қатқа әсер ету жүйесi көмiрсутектердi жер қойнауынан алудың жобалық құжаттарында

ескерiлген техникалық құралдар жиынтығы болып табылады.

      163. Қатқа әсер етудің техникалық құралдарының кешеніне кiретiндер:

      Жұмыс агентінің көздерi (су алу көздерi және газды ұңғымалар, суланған мұнайды

деэмульсациялау қондырғылары, химиялық реагенттердi жеткізушілер және т.б.);

      су, газ, өнiм құбырлары;

      жоғарғы қысымды сораптық және газкомпрессорлық станциялар;

      су айдамалау ұңғымалары.

      164. Қатқа әсер ету жүйесi мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

      кен орнында, қатта және жеке аумақтарда өндiру ұңғымаларына көмiрсутек шикізаттарын

қысымдау мақсатында пайдаланатын объектiге қаттың энергиясын қалпына келтiру үшін қажет мөлшерде

жұмыс агенттерiн құю;

      жұмыс агентінің құрамын, физикалық-химиялық қасиетiн, механикалық қасиеттерiн, оттегiн

және микрорганизмдердi қажет кондицияға жеткiзу;

      ұңғымалардың мүмкiндiгiн жүйелi өлшеу, жеке және топтастырылған ұңғымаларда, қаттарда және

игеру объектiлерiнде, сонымен қоса кен орнында жұмыс агентінің құйылуын есепке алу мүмкіндігі;


      жұмыс агентінің сапасы мен қасиетін тұрақты бақылау мүмкіндігі;

      әсіресе герметикалық тұрғыдан сенімді жұмыс істеуі.

      Қатқа әсер ету жүйесі қуатының технологиялық шығындарды есепке ала отырып, технологиялық

блокқа және барлық кен орнына жұмыс агентінің барынша жобалық құйылуын қамтамасыз етуі тиіс.

      165. Қатқа әсер ету айдамалау ұңғысына жұмыс агентін сiңiру арқылы жүргiзiледi.

      Айдамалау ұңғымасының құрылымы (бекіту ұңғымасының диаметрi, болаттың маркасы, цементтің

көтерiлу биiктiгi және басқалар) мыналарға сай болуы керек:

      белгіленген көлемде қысым кезінде жұмыс агентін құюға;

      қат пен объект қимасының сенiмдi тұйықталуына;

      қаттың ұңғыма түбiне әсер ету шараларын, барлық тексерулер мен жөндеу жұмыстарын

жүргізуге.

      Айдау ұңғымасының құрылымы сүзгіш қат бетінің тұтас қалыңдығы бойында барынша ашық болуын

қамтамасыз етуi керек.

      166. Айдау ұңғымасының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін іске қосылатын объектінің

берілген қалыңдығында ұңғыманы қабылдау ұтымдылығын қамтамасыз етуге байланысты, дәлірек

айтқанда, ұңғыма түбiндегi сүзгiштiк қасиетiн қалпына келтiру арқылы және де керектi айдау

қысымын жасау бойынша шаралар кешені орындалады.

      167. Ұңғыманың түп маңында бұрғылау кезiнде төмендеген сүзгiштiк қасиеттi қалпына келтiру

(тазарту) ұңғыманы құрғату арқылы жүзеге асырылады. Контур сыртындағы және ішіндегi айдау

ұңғымаларын құрғату (поршеньдік, шомпольді пайдалану) немесе ортадан тепкiш электр сораптарды

пайдалану арқылы жүргiзiледi. Контур iшiндегi айдау ұңғымасын құрғату ұңғымаларды жоғарғы өнiм

алу жүйесiне қосу арқылы да орындалады.

      168. Ыңғайлы геологиялық-физикалық жағдайда (қаттың жоғары сүзгiштiк қасиетi) және

өткiзгiштiгi жақсы қалпына келтiрiлгенде айдамалау ұңғымалары құрғатылғаннан соң, топтық

сораптық станциялардың өнiм құбырлары жүйесі арқылы жұмыс агентіне құюмен толтырылады.

      169. Өнiм қаттарының геологиялық-физикалық жағдайы қолайсыз болғанда, оны қамтамасыз ету

үшiн оған қосымша әсер ететiн әдiстер қолданылады, оның iшiнде:

      қатты қысымдық мүмкiншiлiгiне жеткенше төмендетiп (ұңғыманың дiңiнде деңгейiн төмендету),

артынан агентті айдау;

      ұңғымаларды қайта жуу процесінде сұйықтықты аэрациялау;

      агентті мерзімді жоғарғы қысымда ұңғымаға айдап, оны өз еркiмен атқылату (гидросвабирлеу

әдiсi);


      қысу сораптарын (цементтеу қондырғыларын) қолдана отырып, агентті қатқа белгiленген жұмыс

қысымынан бiршама артық қысыммен айдау;

      кейін қатты гидравликалық бөлумен гидроқұмды тескілеу;

      ұңғыма түбi маңын қышқылдармен және беттi-белсендi ерітiндi заттармен өңдеу;

      ұңғыма түбi маңын жылумен өңдеу және басқалар.

      170. Қатқа ағынды суларды және де басқа да коррозиялы арынды агенттердi айдағанда, өндiру

құбырларын (су және газ құбырлары), ұңғыманың бекіту ұстындарын және басқа да пайдалану

жабдықтарын коррозиядан сақтау үшiн қорғаныс қаттары, коррозия ингибиторы, құбыр маңы

кеңістігінің тұйықталуы және басқалары қолданылады.

      171. Қатқа айдау үшiн дайындалатын бетті-белсендi заттардың сулы ерітiндiлерiмен,

қышқылдармен, сілтілермен, полимерлермен және басқа да химиялық реагенттерiмен араластырылатын

су ерітінділерін дайындау үшін егер бұл игерудің жобалық құжатымен тікелей қарастырылмаған

болса, реагенттердi деструкциялап, шөгiндiге түсiрмейтiн суды пайдалану қажет. Оның үстіне,

айдалатын су қат суына химиялық жағынан жақын болып коллекторлардан көмiрсутектерiн ығыстыруға

себепші болуы қажет.

      172. Жұмыс агентін айдауға арналған айдау ұңғымасын игеру геологиялық-техникалық қызмет

жасаған және жер қойнауын пайдаланушының басшылығы бекiткен жоспар бойынша жүргізіледі.

      173. Жұмысшы агентін айдауды бастау уақыты, бұрғыланған ұңғыманы айдауға қою тізбектілігi,

айдаудың көлемiн белгiлеу кен орнын әзірлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталады.

      174. Қандай жағдайда да жұмыс агентін айдау, іріктеу аймағындағы қаттық қысымның қанығу

қысымынан төмендеуiне жол бермеуімен орындалуы тиіс.

      175. Контур сырты мен контур ішіндегі суландыру кезінде жұмыс агентін айдау, әдетте, кен



орындарын игерудiң бастапқы кезеңiнде басталуы тиіс.

      176. Контурішілік суландыру кезінде ұңғымаларды бұрғылауды қиындатпау үшiн, айдау

ұңғымасын толықтыру маңындағы ұңғымалардың көпшiлiгi бұрғыланып бiткеннен кейiн басталуы тиіс.

      177. Контурішілік суландыру кезінде айдау ұңғымалары қатарлас орналасса, оларды iске

қосуды осының бастапқы кезiнде айдау ұңғымасы мен мұнай өндiру ұңғымасын кезекпен енгізу қажет.

Жұмысын өтеп жатқан ұңғымаларды жоғары дәрежедегі іріктеу кезінде жоғары суландыру деңгейіне

жеткен соң айдамалау ұңғымасына айналдыру қажет.

      178. Ұңғыма мен қат бойынша жұмыс агентін айдауды мөлшерлеу тоқсанына бiр рет жүзеге

асырылады және әрбiр айдау ұңғымасын пайдаланудың технологиялық режимi ретiнде рәсімделеді.

      Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс режимiнде мыналар көрсетiледi:

      жұмыс агентін айдаудың тәулiктiк көлемi;

      айдалатын агенттің қасиеттеріне қойылатын негiзгi талаптар;

      айдау қысымы;

      белгiленген айдау агенттің нормаларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

      179. Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс тәртібі қаттың қысымын бiр қалыпта ұстап

тұруды қамтамасыз ететiн цех пен жер қойнауын пайдаланушы геологиялық-технологиялық қызметпен

бірлесе отырып жасалады және оның басшылығымен бекітіледі.

      Айдау нормаларын белгілеу кезінде мынадай негiзгi ережелерге сүйену керек:

      егер жұмыс агентін объектiге айдаған сұйықтықтың орнын толтыру 100% кем болса, айдауға

қолданған жабдықтардың өнiмдiлiгiнен және iстеп тұрған айдау ұңғымаларының қабылдау мүмкiндiгiне

байланысты шығын айдау тапшылығын толтыру (жабу) үшiн сұйықтықтың ыңғайлы айдалуын 30-50% асырып

ұстанады;

      егер де алынған сұйықтықтың орны айдау көлемiмен (учаскеде) жетiлдiрiлсе, жұмыс агентін

айдау қалпы сұйықтықты алу нормасымен тең болып, сол кезеңдегi уақытта өндiрiп тұрған

ұңғымалардың дебиттерiнiң қосылымы болып анықталады, немесе одан бiрнеше есе асады, бiрақ

агенттің шығын мүмкiндiгi 10-20% аспауы керек;

      кен орнының мөлшерi үлкен және қаттың арасының тұтассыздығы мол болғанда, айдау қалпы

алдымен сүзгiштiк-сыйымдылық қасиеттерi жақын учаскелерде орналасқан айдау ұңғымаларының

топтарына белгiленедi, содан кейiн учаске шегiнде орналасқан жеке ұңғымаларға белгiленедi, көп

қатты объектiлерде айдау қалпы тұтас объектiге және учаскелерде жеке қаттарға бөлiнiп берiлуi

тиiстi;

      көпқабатты объектілерде тұтас объект бойынша және учаскелер үшін айдау нормасы жеке



қабаттар арасында бөлінуі тиіс.

      180. Ұңғымалар, объектілер және тұтас кен орны бойынша айдалатын су көлемін дұрыс есепке

алу жауапкершілігі жер қойнауын пайдаланушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттеген тұлғаға

жүктеледі.



2.1.8. Өндiру және айдамалау ұңғымаларын пайдалану

      181. Мұнай өндiру ұңғымаларын пайдалану олардың өнімдiлiгiмен, суланған дәрежесiне

байланысты шапшымалық немесе механикаланған тәсiлдермен жүзеге асырылады. Механикаланған

тәсілдің құрамына сорғылық және газлифтік тәсілдердің әр түрлі түр өзгерістері кіреді.

      182. Шапшымалау тәсiлінде, ұңғыманың түбiнен шыққан өнім жердiң бетiне тек қана қаттық

энергия есебінен жүзеге асырылады, бұл тәсiл мұнай кенiшiн игерудiң бастапқы кезеңiнде

пайдаланылады, құбырлардың табиғи сулануына байланысты өндірілген сұйықтың орташа тығыздылығы

артады.


      183. Ұңғымалар өз шамасына қарай суланған сайын, орташа тығыздығы ұлғайып, ұңғыма өнімінің

құрамындағы бос газдың үлесі азаяды және осылардың жинағы дебиттің азаюына әкеледі, содан кейін

қат қысымы алғашқы деңгейде сақталғанда ұңғымалар атқылауын тоқтатады.

      184. Пайдалану ұңғымалары дебитінің азаюына байланысты шапшымалау тәсілі экономикалық

тиімсіз болғандықтан, олар едәуір пайдалы механикалық тәсілге аударылады.

      185. Өндіру ұңғымаларының сипаттамасына, табиғи-климаттық жағдай, пайдалану және

жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру жүйесіне байланысты кен орнын игергенде мынадай арнайы сораптар


қолданылады:

      штангілі терең сорапты қондырғы;

      электр ортадан тепкіш сораптар қондырғысы.

      186. Ұңғыманы пайдалану қиындаған жағдай (өте қою сұйықтарды сорғанда, өндірілетін

өнімдерге шаруашылық қоспалауы көбейгенде, ұңғыманың өте үлкен тереңдігіндегі сұйықтың

динамикалық деңгейінің төмендеуі) мынадай арнайы сорап қондырғыларын пайдалану қажет:

      электровинттік сорап қондырғыларын;

      диафрагменттік сорап қондырғыларын;

      гидропоршенді сорап қондырғыларын.

      187. Ұңғымаларды сипаттамасына қарай газлифтілік тәсілмен пайдаланғанда, газдың

ресурстарының және ұңғыманың жер үстіндегі газ айдайтын жабдықтардың болуына қарай газлифт

пайдаланудың мынадай негізгі сызбасы пайдаланылады:

      сығымдық газлифт;

      сығымсыз газлифт;

      ұңғыма ішіндегі газлифт;

      үздіксіз газлифт;

      кезеңдік газлифт.

      Пайдаланудағы нысандардың сұйықтарын алу деңгейi және қарқыны, өндiру ұңғымаларының

түбiндегi және сағасындағы қысым, шапшымалардың шектеулi қысымы және топтық ұңғымаларды

механикалық өндiруге ауыстыру, сонымен бiрге механикалық өндiрудiң тәсiлiн таңдау кен орнын

игерудiң жобадағы құжаттарына негiзделедi және геологиялық-техникалық шаралардың жобасына сәйкес

мұнай-газ өндiру ұйымдары жүзеге асырады.

      189. Ұңғымаларды пайдаланудың барлық тәсiлдерi сорапты-сығымдық құбырлар арқылы жүзеге

асырылуы керек. Бұл құбырлардың өлшемi және ұңғымаларға түсiру тереңдiгi, сорылатын сұйықтықтың

сипаттамасына, ұңғыманың термобарлық жағдайына, пайдалану тәсiліне тәуелдi және бекiтiлген

ұсыныс пен әдiсiмен анықталады.

      190. Ұңғыманы пайдаланудың тәсiлдерiн ұңғыманың жабдықтарын тереңге түсiру тәсiлiн және

бiртұтастық өлшемiн таңдау, кен орнын игерудiң және ұңғымаларды пайдаланудың нақты жағдайына

үйлестiрiлiп бекiтiлген басшылық құжаттарымен және әдiстермен мұнай газ өндiретiн ұйымдар

орындауы тиіс.

      191. Өндiретiн ұңғымаларды пайдалану үшiн жабдықтарды таңдағанда мыналар қамтамасыз етiлуi

қажет:


      ұңғыманың сенiмдi және ақаусыз жұмысы;

      ұңғымадан алынатын сұйықтың берілген мөлшерi;

      жабдықтардың жөндеуаралық жұмыс кезеңіндегi және пайдалы қимылының жоғары коэффициентi;

      басқа тәсiлдермен салыстырғанда өте аз шығыны;

      ұңғыманың жұмыс тәртiбi және игерудiң процесiн реттеу және қадағалауды жүзеге асыру

мүмкiндiгi.

      192. Ұңғымалардың жұмыс тәртiбiн бiркелкi қамтамасыз ету және шапшымалау мезгiлiн ұзарту,

қаттың қуатын аса жақсы пайдалану мақсатымен ұңғымаларды шапшымалық пайдалануда мүмкiн болатын

ұңғыма iшiндегi жабдықтардың бірі қарастырылады:

      құбырдың сыртқы кеңiстiгiн берiктейтiн сораптық-сығымдық құбырлар ұстынының астыңғы жағына

пакер орнату немесе мұнайдан ажырап шыққан газдың негiзгi бөлігін тұтып алып, осы құбырдың

ұстынына бағыттайтын арнайы май құйғыш бекiту;

      құбырдың сыртқы кеңiстiгiнің берiктiлiгiн және мұнай-газ қоспасы ағынын бөлiп тастап,

апаттық ахуалдар жағдайында сораптық-сығымдық құбырлар бойынша кескiш-пакер бөлiгiн орнату;

      ұңғымалар жұмысы режимiн реттеyдi және мұнайдан шығатын газдың (жер бетiне көтерiлген

кезде) энергиясын неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететiн ұңғыма түбiнiң штуцерiн орнату;

      газлифтiлiк клапандарға орналастыру үшiн бiр (немесе бiрнеше) ұңғымалық камералар орнату,

олар шапшымалы игеру кезiнде құбыр сыртындағы кеңiстiктен сораптық-сығымдық құбырлар ұстынына

газ жiберудi немесе, егер ол шоғырды игеру жобалық құжаттарында қарастырылған болса, шапшылау

аяқталғаннан кейiн, ұңғымалар жұмысын газлифтiлiк әдiспен қамтамасыз етедi.

      193. Ұңғымаларды жұмыс агенті ретiнде табиғи газды қолданып сығымсыз газлифтi арқылы

өндiруге пайдалануға тек қана пайдаланылмаған газ кәдеге жаратылғанда ғана рұқсат етiледi.



      Ол жағдайда ұңғыманың құрылымы газды ұңғымаларға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.

      194. Ұңғымаларды сораптық пайдалану кезiнде, сораптық жабдықтарды, оларға құм, газ,

механикалық қосындылар түсуден сақтандыру үшiн арнайы қорғау құрылымдарын пайдалану қажет (газ

айырғыштар, газды және құмды зәкiрлер және басқалар).

      195. Өздiгiнен қызып кететiн шоғырларды игеру ұңғымаларын пайдалану кезiнде жабдықтар

жоғары температураға ыңғайланып, жегiштi, тотықтырғышты көмiртегi, күкiртсутегi және басқалай

құрамдардың қостотықты мөлшерi басым болса, ұңғыма жабдықтары соған сай таңдалады.

      196. Екi немесе одан да көп объектiлердi бiр ұңғыма арқылы бірдей уақытта бөлiп пайдалану

өндірілетін өнiмдер жеке-жеке есебін жүргізуді қамтамасыз ететін ұңғымалық және жер беті

жабдықтарын қолдану жағдайында және әрбiр объектiнiң кәсiпшiлiктiк зерттеулерiн жүргiзгенде ғана

рұқсат берiледi.

      197. Айдау ұңғымаларының iске қосу тәртiбi мерзімдерi және пайдаланылуы технологиялық

сызбаларда және әзірлеу жобаларында белгiленедi.

      198. Мұнайлы шектеменiң iшiнде орналасқан айдау ұңғымалары әуелi өндiрушi ретiнде мұнай

жинағыштарға қосылатын етіп пайдаланылады.

      199. Қат бойынша немесе құбыр сыртындағы кеңiстiк бойынша апатты газ жарып өткен

ұңғымаларды пайдалануға тыйым салынады.

      200. Шапшымалық немесе механикаланған тәсілге ауыстырылған ұңғымаларды құбыр арасынан

пайдалануға тыйым салынады.

      201. Жобалық мәндерден асатын газ факторлы ұңғымаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      202. Егер жобалау құжаттарында басқасы қарастырылмаса, түпкі қысым мәнінен төмен қысымда

ұңғымадан су алуға рұқсат етілмейді.



2.2.1.9. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимiн бекіту және бақылау

      203. Өндiру және айдау ұңғымаларының саны, пайдалануға енгiзу тәртiбi және оңтайлы жұмыс

режимiн әзірлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталып, қабылданған әзірлеу көрсеткiштерiне

қаттардан мұнай, газ және сұйықтық өндiру деңгейiне, қарқынына және динамикасына байланысты

белгiленедi.

      204. Қабылданған кен көзiн игерудiң негiзгi көрсеткiштерiн еске ала отырып, ұңғымалар мен

қаттардың зертханалық, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерiн талдау негiзiнде

сұйықтықты алудың технологиялық мөлшерлерi белгiленедi. Әр өндiрушi ұңғымаға және ығыстырушы

агенттің қабылдағыштығы, әр ұңғымаға, айдамалау көлемi бұлардың әрқайсысына сәйкес құжат түрiнде

рәсiмделедi.

      205. Ұңғыманың пайдалануын бақылау және жасалып жатқан геологиялық-техникалық іс-шараларды

есепке алу үшiн мынадай алғашқы геологиялық-техникалық құжаттар болуы қажет:

      өндiрушi және айдаушы ұңғымаларын пайдалану бойынша тәулiктiк рапорты;

      мұнай өнiмiнiң көлемдерiн, өнімнiң суланғандығын, геологиялық-техникалық іс-шаралардың

орындалуын есептеу журналы;

      жерүстi мен жерасты жабдықтарының жөнделгендiгiн есепке алу журналы.

      206. Мұнайды, сұйықтықты және газды алудың бекiтiлген нормасынан шыға отырып өндiрушi

ұңғыманың техникалық жұмыс режимін өндiрушi ұйымның басшылары қарастырады және бекiтедi. Ол кен

өндiру объектiсiнiң тұрақты жағдайына байланысты ай сайын не болмаса тоқсанына бiр рет

белгiленедi. Өндіруші және айдау ұңғымасы жұмысының технологиялық режимінің нысаны және режимін

белгілеу кезеңділігі жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен

келісіледі.

      207. Өндiрушi ұңғымалардың жұмысының технологиялық режимiмен бір уақытта, ұңғымадан және

пайдалану объектiсiнен сұйықтықты алу мөлшерiн қамтамасыз етудің геологиялық-техникалық жоспарын

жасайды және бекiтедi.

      208. Пайдаланудың тәсілiне байланысты өндiрушi ұңғымалардың жұмыстарының технологиялық

режимінде мынадай негізгі өлшемдерi көрсетiледi:

      сұйықтықтың өнiмi, суландырылуы, газ факторы;

      ұңғыманың түбiндегi және сағасындағы қысымы немесе ұңғымадағы сұйықтықтың динамикалық


деңгейiнiң жағдайы, штуцер диаметрi, сораптық-сығымдық құбырлардың диаметрiмен (шапшымалық

ұңғымаға) түсiру тереңдiгi;

      плунжердiң диаметрi, теңселу саны, жүрiсінің ұзындығы, сораптың түрмөлшерi және түсiру

тереңдiгi (сораптық пайдалану үшін);

      газдың меншіктік шығысы және жұмыс iстеу қысымы, iске қосумен жұмыс клапандарының

тереңдiктерiндегi қондырғылары (газлифтілік пайдалану үшін);

      пакерлердiң, газ якорлерiнiң, ұңғыма түбi штуцерлерi және басқалардың түрi мен жiберу

тереңдiгi.

      209. Өндiрушi ұңғымалардың жұмысының белгіленген технологиялық режимiнiң орындалуын

бақылауды жер қойнауын пайдаланушы ұйымның геологиялық және өндiрiстiк-техникалық қызметкерлерi

жүзеге асырады.

      210. Дербес өлшеу мен зерттеулер үшін арнайы техникалық құралдармен жабдықталмаған жаңа

ұңғымаларды іске қосуға болмайды.

      211. Технологиялық процестерде қолданылатын барлық өлшеу-бақылау аспаптары мен құралдары

мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету тізіміне енгізіліп, Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімділікпен тексеріліп отыруы тиіс.

      212. Ұңғымалардың жұмыс режимi бойынша материалдары сақтауға, талдауға және қорытындылауға

жатады. Мұнай өндiру цехы белгiленген технологиялық режимдердiң орындалмау себептерiн айқындап,

ұңғымалардың және игеру жабдықтарының жұмыстарының тиімділігін арттыратын шаралар ұсынылып, осы

шаралардың орындалу қорытындысын талдау, бақылауды жүзеге асырады.

      213. Жер қойнауын пайдаланушы игеру объектілері, алаңдары, пайдалану тәсілдері бойынша

ұңғымалардың жұмыс режимін талдау нәтижелерін жинақтап, оларды жыл сайынғы есеп беру

құжаттарында көрсетедi.

      214. Жер қойнауын пайдаланушылардың әр айдау ұңғымасы бойынша техникалық құжаттамасы

жүргiзiледi, бұлардың iшiнде барлық пайдалану көрсеткiштерi, жүргiзiлген геологиялық-техникалық

шаралар және олардың тиiмдiлiгi, ұңғыма сағасының және пайдалану колонналарының берiктiгi және

сенiмдiлігi тексерiледi.

      215. Бекіту құбыры тізбегінің және айдау ұңғымаларында циркуляцияның болмауы қысымды

қалпына келтіру қисығын талдаумен, тереңдік шығын өлшегішпен, резистив өлшегішпен, электр

термометрмен тексеру, радиоактивті изотоптар, кигізбе құбырларды пакермен престеу арқылы

анықталады.

      216. Өндіру ұңғымалары мен ұңғыма жабдығының техникалық күйі мынаны қамтамасыз етуі тиіс:

      ұңғымаларды белгілі уақытқа бекітілген технологиялық режимдермен пайдалану;

      ұңғыма режимінің параметрлерін бақылау (сағасы мен құбырарты кеңістігіндегі қысымды өлшеу,

сұйықтық пен газ бойынша ұңғыма дебитін, өнімнің сулануын, газдың қысымы мен үлестік шығынын,

сорғының қысымы мен өнімділігін өлшеу, саға сынамаларын алу);

      ұңғыма мен ұңғыма жабдығының күйін бақылау, қат сипатының динамикасын анықтау, игеру

процесін бақылау және реттеу мақсатымен кәсіпшілік-гидродинамикалық зерттеу жүргізу;

      ұңғымаларды пайдалану кезіндегі қиындықтармен күрес және олардың алдын алу;

      қаттың ұңғыма маңы мен ұңғыманың түпкі маңына әсер ету жұмыстарын жасау.

      217. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимі мен объект процесін бақылауды жүзеге асыру

үшін ұңғымалар сағалық және құбырарты қысымын бақылайтын манометрлермен, сағалық сынама алу және

саға температурасын өлшеу қондырғыларымен, ұңғымаға түсуге арналған арматуралық алаңдар мен

лубрикаторлармен жабдықталуы тиіс (манометр, термометр, дебитомер, сынама алғыш және т.б.),

сонымен қатар: 

      газлифтілік пайдалану әдісінде саға арматураларын қосымша манометрлермен, шығын

өлшегіштермен және газдың қысымы мен шығымын реттейтін басқа құралдармен қамтамасыз етеді;

      сағадағы штангалы тереңдік сорғы қондырғылары ұңғымаларды динамометрлеу, сұйықтық деңгейін

эколотпен өлшеу, газ сынамасын алу үшін орнатылады;

      ұңғымаларды электр ортадан тепкіш сорғылармен пайдалану кезінде сағаға олардың жұмысын

бақылап, өзгертуге болатын басқару станциясы орнатылады, ал ұңғыма жабдығы сорғыдағы қысым мен

температураны өлшейтін арнайы телемеханикалық құрылғы орнатылады;

      ұңғымаларды гидропіспекті сорғылармен пайдалану кезінде сағаға жүктеме агрегатының жүріс

санын бақылайтын, сұйықтық қысымы мен тазалық деңгейін бақылайтын аспаптар орнатылады;



      айдамалау ұңғымаларын ұңғымалық және үстіңгі аспаптармен пайдалануда олардың

қабылдағыштығы, айдау қысымы және қаттардың сулануы үнемі бақыланады;

      218. Ұңғымаларды өзара қатынасы мен айдалатын агенттің қат бойынша қозғалысын гидротыңдау,

геофизикалық әдіс, суға индикаторлар қосу және өндіру ұңғыма өнімінде олардың пайда болуын

бақылау әдісімен тексеріледі.

      219. Ұңғымалардағы зерттеу жұмыстарының мерзімділігі мен көлемі бекітілген міндетті

кәсіпшілік-геофизикалық зерттеу кешеніне сәйкес, игерудің жобалық құжаттарының талаптарын ескере

отырып, жер қойнауын пайдаланушымен бекітіледі.

      220. Өндіру ұңғымаларының технологиялық режимі бұзылған жағдайда жоспарланған ұңғыма

жұмысының іс жүзіндегі параметрлерінің түрлі сатыларында ауытқуларды тудыратын себептерді

анықтау мен жою бойынша шұғыл шаралар қолданылады (ұңғымадағы құм тығындары, ұңғыма түбіне газ

не судың құйылуы, парафин, тұз, гидрат, коррозияның түзілуі).

      221. Құм көп шығарылатын ұңғымаларда түп маңын бекіту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Бекіту әдістері (сүзгі орнату, цементтеу, шайырмен өңдеу) нақты жағдайға қарай таңдап алынады.

      222. Ұңғымалардың түбінде газ немесе судың тесіп шығуы себептеріне қарай технологиялық

режимді өзгерту немесе тиісті оқшаулау жұмыстары арқылы жөнделеді.

      223. Басқа қиындықтармен (тұздардың, парафиннің түзілуі, құбыр мен қондырғылардың

эрозиялық және коррозиялық тозуы) күресу әдістері мен құралдары олардың тиімділігіне қарай

таңдап алынады.

      224. Айдау ұңғымаларын пайдалануда қиындықтардың сипаты мен ауырлығы (ұңғыма

сыйдырымдылығының төмендеуі, сыйдырымдылық діңінің әртектілігі, кигізбе колонналардың

герметикасының бұзылуы) айдау ұңғымаларының жұмыс режимімен де, оның құрылымының айдаланатын

агенттің параметрлері мен сипаттамаларымен де анықталады.

      225. Қатқа газ айдау кезінде айдау ұңғымаларының құрылымы газ ұңғымаларының талаптарына

сәйкес келуі тиіс.

      226. Қатқа түрлі жылужеткізгіштерді (ыстық су, бу) құйғанда, құбыр-цемент қоршауы

жүйесіндегі термикалық қысымды азайту, әсіресе, ұңғыманың қалыпсыз жұмыс режимінде төмендету

шаралары қарастырылуы қажет.

      227. Ұңғымалардың өнімділігін және сыйымдылығын арттыру, қатқа байланысты гидродинамикалық

байланысын жақсарту, олардың игерілуін және пайдалануға берілуін тездету мақсатында жер қойнауын

пайдаланушылар ұңғыманың оқпантүп төңірегіндегі аймағы мен қаттың ұңғыма маңы бөлігіне әсер ету

әдістері жоспарланып, орындалады (қышқылмен өңдеу, қаттың гидровликалық жарылуы,

гидродинамикалық әсер).

      228. Нақты әсер ету әдісін таңдауды жер қойнауын пайдаланушы қаттың түпкі аймағы жағдайын,

кен мен сұйықтық құрамын зерттеу, сонымен қатар, мердігерлік немесе жөндеу қызметі ұйымдарының

ұңғыма мен объектілер бойынша әртүрлі әдістерді жинақтау және зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      229. Ұңғыманы ағымдағы (жерасты) жөндеу кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

      ұңғыма құрылғысының тозуына байланысты оны толық немесе жартылай алмастыру (штангінің

үзілуі, сорғы плунжерінің сыналуы, өткізгіш сым-электр қозғалтқыш жүйесінде оқшаулау

кедергісінің нөлге дейін төмендеуі, сорғы берудің үзілуі және т.б.);

      ұңғыма қабырғаларын және оқпантүбін әртүрлі қалдықтардан (құмнан, парафиннен, тұздан,

коррозия өнімдерінен) тазалау.

      230. Ұңғыманы толық жөндеу кезінде мыналар орындалуы тиіс:

      түзету-оқшаулау жұмыстары (қаттың кейбір суланған интервалдарының ауытқуы, цемент

сақинасының герметикалық еместігін және кигізу ұстынын жөндеу, қаттың түп аймағындағы нашар

цементтелген тау жыныстарын бекіту);

      басқа қатқа өту және қаттарды ортақтандыру жұмыстары жүргізіледі;

      ұңғымаларды санаттан санатқа қызметі бойынша өткізу;

      ұңғыманы іске қосу немесе жөндеу жұмыстары кезінде апат жағдайларын болдырмау (сорғы

сығымдау құбырларын, электр орталық құрылғыларды, тереңдік штангалық сорғыларды шығару, ұңғы

бойын тазалау және т.б.);

      кесіп тастау пакерлерімен, екі қатты қосарлап-бөлек іске қосу, ұңғыманың екінші жиегін

шығару жабдықтарымен қамтамасыз етілген ұңғымаларды жөндеу;

      қосымша тескілеу жасау және торпедалау;



      консервация немесе ұңғыманы жою.

      231. Мұнай өндіруді әртараптандыру мақсатында техникалық жағынан жарамды ұңғымаларда

қаттың су айрылуын, қаттарды радиальдық ашуды, ағынды болдырмайтын технологияларды, акустикалық

оңалтуды, термобарий-химиялық әсерді, электр әсерін, қаттарға толқынды бароциклдық әсерді,

химиялық өңдеуді қолдануды, сондай-ақ қаттың өткізгіштігі жоғары учаскесі арқылы өндіруші

ұңғымалардың түптік аймағына айдамалаушы ұңғымалардың әрекеті аймағынан судың бұзылуына жол

бермеуге бағытталған, қаттардағы жөндеу-оқшаулау жұмыстарын қоса алғанда ұңғымалардың түптік

аймағына және қаттың ұңғымалық бөлігіне әсер ету бойынша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.

      Ұңғыма түбі аймағына және қаттың ұңғыма маңы бөлігіне әсер ету жұмыстары ұңғыманың күрделі

және/немесе ағымдық (жерасты) жөнделуіне жатпайды.

      232. Ұңғы сағасы және бойы құрылғылары, жұмыс сұйықтықтарының тығыздығы мұнай-газ шығуын

ескертуі қажет.

      233. Ұңғыманы жөндеу жұмыстарын бекітілген жоспар бойынша мұнай-газ өндіру өнеркәсібіндегі

өрт қауіпсіздігі ережелеріне, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау талаптарына, сонымен

қатар қолданып жатқан құрылғыларды іске қосу ережелері мен нұсқауларына және технологиялық

үрдістерді келтіруге сәйкес жүргізу қажет.

      234. Жүргізілген жөндеу жұмыстары және оның мазмұны, ұңғыманы және оның құрылғыларын

аралық жөндеу кезеңі және жүргізілген жұмыстардың техникалық-экономикалық әсері туралы ақпарат

жер қойнауын пайдаланушыда пайдалану объектісінің барлық игеру мерзімі бойында сақталуы қажет.

      235. Пайдалану объектiлерiн игеруді бақылауға алу қабылданған игеру жүйесін бағалау, оны

одан әрі жетілдіру бойынша ақпараттар алу мақсатында жүзеге асырылады.

      236. Кәсiпшiлiк зерттеулердің мiндеттi кешенiне кiретiндер:

      тұтас объекті бойынша қатты және ұңғыма түбi қысымдарын және көп қабатты қат объектілерін

тереңдiк манометрімен және басқа әдiстермен өлшеу;

      жер бетiндегі ұңғыманың мұнай, газ, сұйық өнiмдерiн жеке немесе қозғалмалы өлшеуiш

қондырғылармен, оған кiретiн траппен және сыйымдылығын өлшеуiшпен немесе жинау пунктiнде,

автоматикалық топтық қондырғы "Спутник" көмегімен және тағы басқалармен өлшеу;

      жеке қаттардың ұңғыма өнiмдерiн көп қабатты объектiлерде үздiксiз өлшеудi тереңдiк

аспаптарымен (өнiмөлшеуіштерiмен) орындау;

      пайдалану объектілеріндегі газдың кәсiпшiлiк факторларын өлшеу;

      ұңғыма өнiмiнiң сулануын, сұйықтықтың сынамасын анықтау;

      шығарып тастау бағыттарынан алынған айдамалау ұңғымаларының ұңғыма сағасы манометрлерiмен

және жұмысшы агентті айдау көлемін ұңғымаларда санаушы аспаппен немесе шоғырлық сорап

станцияларындағы шығыс есептегiштермен өлшеулер, сонымен қатар көп қабатты объектiлердiң жеке

қаттарының қабылдағыштығын тереңдiк шығыс есептегiштерiмен немесе басқа тәсiлдермен

(термограммамен, радиоактивтiк изотоп айдаумен және т.б.) өлшеулер;

      өндiргiш және айдамалау ұңғымаларды қалыпты және қалыпсыз режимдердегi гидродинамикалық

зерттеулер;

      ұңғыманың техникалық жағдайын мұнай, газ, суға қанғыштығын анықтаулар және ұңғыманың

техникалық күйiн кәсiпшiл-геофизикалық зерттеулер;

      ұңғыма өнiмiнің тереңдегi және жер бетiндегi сынамаларын алу және зертханалық зерттеулер;

      айдалған судың қалқыма бөлшектерi мен тұз құрамының өлшеулерi.

      237. Аталған жүйелiк өлшеулерден басқа, объектiнiң және айдалатын жұмысшы агентiнiң

температуралық режимiн бақылау, таңбаланған заттарды айдаумен қаттардың жұмысын бағалау,

қаттардағы парафиннiң түсу мүмкiншiлiгiн зерделеу сульфат-редукцияны бақылау, гидроттықтау және

т.б. арнайы зерттеулерi алға қойылып және жекеленген жоспарлармен жүзеге асырылады.

      238. Пайдалану объектiлерiнiң кен көзiн игеру жөнiндегi бақылау зерттеулерi мұнай-газ

өндiрушi ұйымдарының күшiмен немесе олардың тапсырмасымен мамандандырылған ұйымдардың айлық

жоспары бойынша орындалады.

      239. Пайдалану объектiлерiнiң кен көзiн игеру жөнiндегi бақылаудың алғашқы мәлiметтерi жер

қойнауын пайдаланушыларда кен орнын барлық пайдалану мерзiмiнде сақталады.

      240. Өлшеу кешенiнiң ерекшелiктерi және олардың кезеңдiлiгi мiндеттi түрде пайдалану

объектiлерiнiң кен көзiн игеру, жобалау құжаттарында олардың геология-физикалық және кен көзiн

игерудiң ұсынылған жүйесi ескерiле отырып негiзделедi.



      241. Кәсiпшiлiктiк зерттеулердiң көлемi мен кезеңдiлiгi кен көзiн игерудiң әр сатысында,

әр пайдалану объектiсi бойынша дербес бекітіледi.

      242. Пайдалану объектілерiнiң кен көзiн игерудегi бақылау жөнiндегi зерттеулер кешенi

жүйелi және бiржолғы өлшемдер жасауды көздейдi.

      243. Жүйелi зерттеулердiң әрбiр түрiн жүргiзудің мынадай мерзiмдiлiгiн ұстану ұсынылады:

      1) қаттық қысымды өлшеулер:

      игерудің негiзгi кезеңiнде (I-II-III игеру сатыларында) – тоқсанында бiр рет;

      игерудiң IV аяқталу сатысында – жарты жылда бiр рет орындалады.

      Iстеп тұрған, өндiрушi және айдау ұңғымаларының түп қысымын өлшеу әр тоқсан сайын бiр

реттен сиретiлмей бақыланады.

      2) Ұңғымалардың дебитін өлшеулер мынадай мерзiмдiлiкпен орындалады:

      аз дебиттілер (тәулiгiне 5 т. дейiн) - 15 күнде бiр рет;

      орта және көп дебиттілер - 7 күнде бiр рет.

      Айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын өлшеу ай сайын жүргiзiлуге тиiс.

      3) Ұңғымалардың сулануын өлшеу мерзiмдiлiгi, олардың сулану жағдайына байланысты жүзеге

асырылады:

      сусыз ұңғымаларда - ай сайын;

      суланып жатқан ұңғымаларда - ай сайын.

      244. Газ факторын өлшеу қаттық қысым қанығу қысымынан асқанда жылына бiр рет орындалады.

Қат қысымы қанығу қысымынан төмендегенде өлшеулер тоқсан сайын немесе ай сайын орындалады.

      245. Айтылған өлшеулер кешенi әрбір жаңа ұңғыма бойынша бiрден, сондай-ақ қандай да бiр

технологиялық немесе техникалық іс-шаралар жүзеге асырылғанға дейiн және одан кейiн орындалады

(ұңғы түбін өңдеу, сумен жару, оқшаулау жұмыстары және басқалар), ал одан кейiн – жоғарыда

көрсетiлген мерзiмдiлiкпен.

      246. Гидродинамикалық зерттеулер қысымды (деңгейді) қалпына келтiру әдiстерiмен және

қалыптасқан алулармен әрбір ұңғыма бойынша оны пайдалануға алған соң және одан кейiн қажет

жағдайларда орындалады.

      247. Айдалатын судағы қалқымалы бөлшектердi және мұнай өнімдерi және басқа қосындылар

мөлшерiн өлшеулер күн сайын орындалуға тиiс.

      248. Жекелеген (бiржолғы) өлшеу бiр мерзiмде орындалатын зерттеулердiң толық кешенiн

немесе оның қажет бөлiгiн көздейдi және әрбір жаңа бұрғыланған ұңғымада, сондай-ақ қандай да бір

технологиялық немесе техникалық іс-шараларды (ұңғы түбі аумағын өңдеу, күрделi жөндеу, жабдықты

ауыстыру және т.б.) жүзеге асырылғанға дейiн және одан кейiн орындалады.

      249. Бiр жолғыларға мұнайгаз суға қаныққан қаттарды бағалау үшiн ұңғымаларда жүргiзiлетiн

кәсiпшiлiктiк-геофизикалық зерттеулер жатады, олар қажет болған жағдайларда орындалады және де

олардың көлемi әсiресе ұңғымалар суланғанда көбейе беруі тиiс. Осыған ұңғымалар мен қаттардың

өзара қатынасын, шоғырлар қималарын фотоколориметрлiк зерделеу жөнiндегi гидродинамикалық

зерттеулер де жатады және т.б.

      250. Игерудi бақылау, сондай-ақ осы мақсаттарда қолданылатын бақылаулық және

пьезометриялық ұңғымаларда жүзеге асырылады, олардың саны мен орналастырылуы өнеркәсiптiк игеру

жобасында белгіленедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет