2.2.3. Көмірсутек шикізаты кен шоғырларын игеруді реттеу
303. Қаттық флюидтер сүзгісінің арнайы бағыты мен жылдамдығын мақсатты өзгерту, қаттарды
құрғату үшін қолайлы жағдайлар жасау реттеудің негізі болып табылады.
Реттеу кен орнын игерудің барлық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
304. Игеруді реттеу және жетілдіру нәтижесінде:
әзірлеу объектісінен көмірсутек шикізатын жылдық өндіру динамикасын қарастырылған жобалық
құжатпен қамтамасыз ету;
көмірсутек шикізатын шығарудың жобалық коэффициенттеріне қол жеткізу;
бұрғыланған ұңғымалар қорын барынша пайдалану, агентті айдауға арналған шығындарды
қысқарту, мұнай беру үшін еш кедергісіз бағыттас суды және басқаларын азайту есебінен
экономикалық көрсеткіштерді жақсарту.
305. Игеруді реттеу негіздемесі және әдісін таңдау мен тәсілдері алдыға қойылған мақсаттар
мен міндеттерге және нақты геология-физикалық шарттарға байланысты болады.
Игеруді реттеу қабылданған қағидаларды ескере отырып, реттеу тәсілдерін таңдау, яғни
пайдалану объектісін дренаждау процесін басқару жөніндегі іс-шараларға ғылыми негізделген
бағытты таңдау қажет.
306. Түрлі геология-физикалық шарттар үшін өзіндік қағидалар бар. Су басуды қолдану
кезінде мына қағидалар қолданылуы мүмкін:
мұнай немесе айдалған су фронты контурларының бір қаты пайдалану объектілерінің орталық
қатарына біртекті тасымалдануы;
бір қаты пайдалану объектілерінің ауданы бойынша өткізу бір текті еместігі;
шоғырдың әлдеқайда өнімді бөліктерінің жылдам өндірілуі өткізу қабілеті төмен блоктарға су
айдау арқылы шоғырды "табиғи" түрде бөлу және қайта өңдеу;
барлық қаттардың жылдамдығы бірдей болып, мұнай (айдалған су фронттары) контурларының көп
қаты, фильтрациялық қабілеті ұқсас қаттар бойынша жиналған объектілерде өткізу;
әр төменде жатқан қаттың оның үстіндегі қатқа қарағанда өнімділігін жылдамдату, кейін көп
қатты объектілерде суланған қаттарды сөндіру, қаттардың қалыңдығы мен өткізгіштігі астынан
үстіне қарай артқан кезде;
шоғырда үлкен мұнай жиегінің болуы жағдайында шоғырдың барлық ауданы бойынша су мұнай
контактісінің біртекті көтерілуіне қатысты қамтамасыз ету.
Реттеу қағидалары басқа да геологиялық-физикалық шарттар кезінде қолданылады.
307. Таңдалған қағида негізінде өңдеуді жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру әлдеқайда аз
экономикалық шығындармен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
308. Өндірісті реттеу пайдалану объектісінің ағымдағы жағдайына қарай жүйеде маңызды
өзгерістерсіз немесе оған түзетулер енгізусіз бұрғыланған ұңғымалар арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
309. Реттеудің іске асыралатын жүйе шеңберінде оларды өзгертусіз өңдеуді реттеудің негізгі
әдістері мен тәсілдеріне мыналар жатады:
айдама ұңғымаларының жұмыс істеу режимдерін өзгерту, оның ішінде жұмыс қысымын айдауды
арттыру немесе шектеу, ұңғымалар арасында айдауды тоғысу қысымымен және тағы басқаларымен
өзгерту арқылы тарату;
өндіріс ұңғымаларының жұмыс режимдерін өзгерту, соның ішінде жеке ұңғымалар немесе ұңғыма
топтары бойынша сұйықтық шығаруды арттыру немесе шектеу, мұнай өнімдерін сыртқы қатар
ұңғымалардан ішкі қатар ұңғымаларға алмастыру, қатты суланған немесе ластанған ұңғымаларды
сөндіру, сұйықтықты шығару және;
аршуды жақсарту және өңдеу объектісі қатының префорациясы аралықтарын өзгерту;
ұңғымаларды гидродинамикалық тұрғыдан жетілдіру үшін ұңғымаларды қышқылмен өңдеу арқылы
ұңғыманың аумағына ықпалы, үсті-белсенді заттарды айдау арқылы, қаттың гидрокесілуі мен тағы
басқа;
ұңғымаларға құйылатын ілеспе суларды цементтеу арқылы немесе басқа құюлармен оқшаулау
немесе шектеу, түрлі тосқауылдар жасау, химиялық реагенттер ерітінділерін айдау және басқалар;
сұйықтың құйылысы немесе судың шығынын профильдік, әр интервалды игере отырып,
өткізгіштігі жоғары қаттарды бекіте отырып, химиялық реагенттер, механикалық заттар, бейтарап
газдар, қойыртпақ сулар және басқалар арқылы тегістеу;
бір уақытта өндіруші ұңғымаларды пайдалануды және айдамалау ұңғымаларына су айдауды бөліп
жүргізетін сенімді жабдықтарды қолдану;
жекелеген учаскелерде қосымша ұңғымаларды жобалық құжатта қарастырылған резервтік ұңғыма
есебінен бұрғылау;
резерв есебінен немесе суландырылған өндіруші ұңғымалар есебінен жаңа айдамалау
ұңғымаларын бұрғылау арқылы өндіруші ұңғымаларға айдауды жақындату;
су айдау ошағын ұйымдастыру;
сүзілу ағындарының бағытын өзгерту және циклдік су айдау.
310. Жер қойнауын пайдаланушы игерудің жобаланған жүйесін жетілдіруді осы жобалық құжатты
әзірлеу үшін жасаған жобалық ұйымның келісімі бойынша жүзеге асырады.
311. Егер қолданылып отырған игеру жүйесі мұнай айырып алу процесін тиімді басқаруды
қамтамасыз етпесе, онда ол жүйені жетілдіру мыналар арқылы орындалады:
ұңғымалар торын тығыздау (қаттың нашар параметрлері учаскелерінде);
қатты объектіні қалыңдығы жұқа объектілерге бөлу және олардың әрқайсысында өзіндік дербес
ұңғымалар бұрғылау;
қатқа ықпал жасау әдісін немесе су айдау түрін өзгерту;
айдау қысымын едәуір ұлғайту.
312. Игеру жүйесін өзгерту жөнінде іс-шаралар бұрын бекітілген жобалық құжаттарға қосымша
ретінде жасалады немесе міндетті түрде экономикалық және технологиялық тиімділігі бағаланған
жаңа жобалау құжаттары жасалып, белгіленген тәртіппен өндіруге арналған келісімшартқа кейіннен
өзгеріс енгізумен бекітіледі.
2.3. Көмiрсутектi кен орындарын әзірлеу кезінде авторлық қадағалау
313. Авторлық қадағалауды жыл сайын қабылданған жобалық шешімдердің іске асырылуы үшін
көмірсутек шикізаты кен орнын өндіруге арналған жобалық құжатты жасаған жобалық ұйым жүргізеді.
314. Авторлық қадағалау кезiнде игерудi бақылау кезiнде алынатын ағымдағы
геологиялық-кәсiпшiлiк ақпарат пайдаланылады, ал жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті органға ұсынылатын қадағалау нәтижелерi жыл сайынғы есеп беру түрiнде баяндалады.
315. Авторлық қадағалау бойынша жыл сайынғы есепте мына ережелер көрініс табуы тиiс:
қол жеткiзiлген технологиялық параметрлердің нақты мәнінің мұнай және сұйықтық өндiру
деңгейлерi, айдаған электр тасушылар көлемiн, бұрғыланған және өндiру жұмысын атқарып тұрған
ұңғымалар қорының, орташа дебиттiң және ұңғымалардың сыйымдылығы, қат қысымы мен түпкі
қысымдардың динамикасы, жобаға сәйкестілігі (немесе сәйкес емессіздігі), игеру объектісі
өнімінің ағымдағы сулануы;
нақты және жобалау көрсеткiштерi арасындағы айырмашылықтарды және (немесе) жобалау
шешiмдерiнiң орындалмау себептерiн ашу;
жобалау шешiмдерiне қол жеткізуге және игеру жүйесiн меңгеру жолында жiберiлген
кемшiлiктердi жоюға бағытталған ұсынымдар берілді;
жекелеген жобалау шешiмдерiн және көрсеткiштерiн өзгерту туралы өндiрiстiк ұйымдардың
ұсыныстары (егер ондай болса) жөнiнде қорытындылар берілді.
316. Көмiрсутектерi кен орнын игерудi талдау геологиялық-кәсіптік, геофизикалық,
гидродинамикалық және өзге де ұңғымалар мен қаттарды пайдалану объектісін әзірлеу процесінде
зерттеу нәтижелерін кешенді зерделеуді, сондай-ақ осы негізде көмірсутек шикізатын өндіру және
шығаруды оңтайландыру коэффициентін ұлғайту мақсатында әзірлеу жүйесін жетілдіру жөнінде
ұсыныстарды дайындаумен көмірсутегі шикізаты қорларын ағымдағы орналастыруды белгілеу үшін
әзірлеу көрсеткіштерінің және өнiмдi қабаттарда жүрiп жатқан процестердiң динамикасын көрсетеді.
317. Жұмыстардың мерзiмдiлiгi авторлық қадағалау нәтижелерiнен туындайтын немесе кезектi
жобалау құжатын жасау қажеттiлiгiне байланысты айқындалады. Iрi және күрделi кен орындары
бойынша олардың игерілуін талдауды екi-үш жылда бiр рет жүргiзу орынды.
318. Талдау нәтижесiнде бағаланатындар:
игерiлудегi объектілердiң энергетикалық жағдайы, оның iшiнде қаттық қысымның динамикасы,
алынғанның орнын айдаумен толтыру, табиғи режимдер және басқалар;
көмірсутек шикізатын, сұйықты, өнiмнiң сулануы, жұмыс агентін айдау және басқалары және
олардың жобалау құжаттарына сәйкестiгi, газдың жылдық өндiру динамикасының сипаттамасы;
ұңғымалар тобының жағдайы және оның жобалық құжаттарға сәйкестiгi;
игеру объектiсiндегi қаттар мен қатшаларда әсер етумен қамту дәрежесi, ауданы мен қимасы
бойынша қорлардың алыну жағдайы;
су-мұнай жапсарының көтерiлуi және мұнайлы шектемелердiң жылжуы есебiнен, ал контурішiлiк
сулану болғанда қатқа айдалатын жұмыс агентінің есебiнен шоғырға судың сiңу сипаты;
нақты шоғыр немесе объект үшiн зор маңызы бар басқа мәселелер:
суық суды айдаудан қат температурасының төмендеу сипаты мен салдарларын зерделеу, қат
тұздар, парафиндердің түзiлуi, сазды бөлшектердiң iсінуi, қаттық қысымның азаю себептерi, сіңу
қасиеттерінің төмендеуі, сұйықтықтың жедел алынуы және резервтегі қордың есебінен қосымша
ұңғымалардың бұрғылауын жүргізу және басқалар.
319. Игеруді талдау жұмысы объектілердегі болашақ жобалық жұмыстар көрсеткіштерінің
орындалуына арналған ұсынымдарды жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштердің
гидродинамикалық есептеулерін (математикалық модельдерін) жасаумен аяқталады.
320. Егер игерудің нақты және жобалық көрсеткіштері арасында айтарлықтай (5 пайыздан аса)
айырмашылықтар болып, игеру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу қажет болса, онда игеруді
талдаудың нәтижелері кен орындарын пайдалану жөніндегі орталық комиссияның қарауына жатады.
321. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткеннен кейін,
игеруді талдау 3 жыл бойы игеру жөніндегі технологиялық құжат болып саналады. Осы мерзімде жер
қойнауын пайдаланушы игерудің жаңа жобасын белгіленген тәртіппен бекітеді.
322. Пайдалану объектісінің динамикалық геологиялық-кәсіпшілік моделі –
геологиялық-техникалық кешеннің ағымдағы жай-күйінің белгілі бір күнге бейнеленетін
картографикалық, графикалық, кестелік және өзге де материалдар кешені – пайдаланылатын объекті
және игерудің техногендік жүйесімен түзілген күрделі жүйе.
323. Осы модельді жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын, ал түптеп келгенде, игеруге
іргелі талдау жүргізгенде немесе екінші қайта жобаланғанда жасалуы мүмкін.
324. Объектінің құрылыс ерекшеліктеріне және динамикалық геологиялық-кәсіпшіліктік
бастапқы ақпараттың сипатына байланысты модель бірнеше түрлі кескінде көрінуі мүмкін.
Динамикалық модельдеу кезінде міндетті түрде мынадай материалдар әзірленеді:
модельдердің мерзіміне жасалған сызбалық геологиялық қатарлар, оның ішінде:
изобарлардың карталары, онда аймақтар бойынша және пайдаланудағы біртұтас объект бойынша
орташа қысымның есебі;
мұнай-газды шектеулердің бастапқы және ағымды жағдайлары, онда суланған белдемдер
толығымен және ішінара көрсетілген;
мұнай-газбен қаныққан қаттардың қалдықтар карталары;
ұңғымалардың ағымдағы және жинақталып алынған мұнай мен судың карталары (игерудің
карталары);
геологиялық профильдер, онда ағымдағы әртүрлі мұнайгаз, сумен қаныққан белдемдер бөліп
көрсетілген (суландырылмаған, ішінара және толығымен суландырылған);
пайдалану жұмыстарының басталуынан осы кезеңге дейінгі игеру сызбалары, онда абсолюттік
және тиесілі мәндерде негізгі жылдық технологиялық көрсеткіштердің динамикасы бейнеленген
(мұнай, сұйықтық өндіру, өнімнің суланғандығы, жұмысшы себепкері айдау, өндіруші және айдаушы
ұңғымалардың қоры, қорлардың алыну дәрежесі, мұнай мен суықтық бойынша ұңғыманың дебиті, қаттық
қысым);
ұңғымалар қорының сырын ашатын кестелер (жұмыс iстеп тұрғандары, тоқтаңқырап тұрғандары,
тоқтатылғандары, жабылғандары және басқалары).
Изобарлар карталары, игеру карталары, онда тоқсан сайынғы ұңғымалар бойынша жасалатын
ұңғымалардың қабылдағыштығы, айдау көлемдерi көрсетiледi.
325. Көп қатты объектілердiң динамикалық моделi көрсетiлген сызбалық және кестелiк
материлдар әрбiр қатқа бөлек жiктеп, жалпы бiр объектiге тұтас бiрiктiрiп жасалады. Жiктеу
дәрежесi объектiнiң құрылыс ерекшелiктерiне де (қаттардың саны мен бiртексiздiк сипаты), олардың
әрбiреуi бойынша қолда бар ақпараттың санына да байланысты.
326. Статикалық және динамикалық геологиялық-кәсiпшiлiктiк модельдер негiзiнде
математикалық модель жасалады, ол зерделенген процестiң сипатын физикалық көзқарас тұрғысынан
бейнелейтін теңеулер жүйесiн бiлдiредi.
327. Математикалық модельдеу жолымен мұнай-газ айырып алу процесiнiң одан әрі дамуына
болжау жасалады, ол осы қалыптасқан игеру жүйесi кезiнде және геологиялық-техникалық әрі
технологиялық шаралар кешенiнiң бұрын жүргiзiлiп, жүзеге асырылған кезi.
328. Кен орнын игеру бiткеннен кейiн жасалатын динамикалық геологиялық-кәсiпшiлiктiк
модель әрбiр пайдалану объектiлерiнiң (шоғырдың) алаңдары мен қималары бойынша көмiрсутектерi
қорларының қазылып алынбай қалған барлық қалдықтарының жатқан орындарын бейнелеуге тиiс.
2.4. Көмірсутекті кен орындарын игеру кезінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау
329. Жер қойнауын қорғауға: жер қойнауынан мұнай мен газды өндiрудiң толықтығын қамтамасыз
ету, ұтымды және жан-жақты пайдалану, жер қойнауының жоғарғы бөлiктерiнiң энергетикалық
ахуалының қасиеттерiн, техногендiк процестердi (жер сiлкiну, сырғыма, су басу, топырақтың шөгуi)
болдырмайтын жағдайда сақтау; ұңғымаларды бұрғылау, жайғастыру және игеру негiзiнде мұнайдың,
судың және газдың қатаралық ағыны әсерiнде; сонымен қоса өндiрiс қалдықтарын және қалдық суларды
iске асыруда жер асты су көздерiнiң ластануына жол бермеу.
330. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шаралары төмендегiлердей қарастырылады:
мұнай, мұнай-газды, газды және газконденсатты кен орындарын игерудiң және жайғастырудың
жобалау алдындағы және жобалық құжаттарында;
жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда.
331. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру талаптарын сақтау және бақылау жер қойнауын
пайдаланушыға жүктеледі.
332. Мұнай, газ, конденсат орындарын игеру инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық,
геоэкологиялық және басқа да зерттеулердiң қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi. Қосымша
жүргiзiлетiн жұмыстардың қажеттiлiгiн табиғатты қорғау нормативтік құжаттарының талаптарын
жобалау ұйымдары белгілейді.
333. Мұнай, мұнай-газды, газды және газконденсатты кен орындарын барлау, бұрғылау және
игеру кезінде тек экологиялық таза технологиясы мен химиялық өнiмдерi, жоғары сапалы технология
мен жабдық егер әлемдік стандарттардың талаптары қазақстандықтан төмен болмаса, оның iшiнде
жоғары құрамдағы күкiртқышқылының деңгейi Қазақстан Республикасының және әлемдік стандарттарға
сәйкес келсе қолданылады.
334. Жобада таңдап алынған технологиялық параметрлердің экологиялық қауіп дәрежесі бойынша
ең мықты әлемдік аналогтармен салыстырылған бағасы беріледі.
Көмірсутек шикізаты кен орнын өнеркәсіптік игеру бойынша жобалау құжатында міндетті түрде
ілеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім қамтылуы тиіс.
335. Қоршаған ортаның ластануы мен әсер етуінің негiзгi көздеріне мыналар жатады:
ұңғыманы бұрғылау кезiнде: бұрғы және цемент ерiтiндiлерiн химиялық дәнекермен дайындау
(гидроциклон, вибросит), айналу жүйесі; сорғы блогы; ұңғыма сағасы; жуу сұйықтығын сақтайтын
қосалқы қамбалар, бұрғылау қалдықтары (қойыртпақ, ағын сулар, бұрғы ерiтiндiсi) жанар-жағармай
және олардың қамбасы, бұрғылау мен тампонаж ерітіндiлерiн дайындайтын химиялық заттар,
пайдаланған сулар басқа да қалдықтар;
ұңғымаларды сынау кезiнде: құбырдың сыртындағы кеңiстiкпен кигiзбе құбырлардың ақаулықтар
арқылы кешен арасындағы ағындысы, атқылау арматурасы, жандыру қондырғысы, мұнай, газ, конденсат
минералданған қат суы, ұңғымадағы апат кезiндегi лақтыру өнiмдерi (қатты флюидтер, тампонаж
қоспалары);
ұңғымаларды консервациялау және жою кезiнде: бағандардың саңлаусыздығы, кигiзбе құбырлар,
атқылау арматурасы, жоғарғы қысымды жапқыш, қайта шапшылағанда қаттың үгiлуi, газ бен қаттың,
судың, газ бүркемесiнiң шығуы мұнай, газ, конденсат, минералданған су.
336. Ұңғылардың берiктiгi, технологиялық қауiпсiздiк жағынан қоршаған ортаға зиян
келмейтiндей деңгейде болуы керек, ол үшiн ұңғылар көп жылға төзiмдi, сапасы жоғары, жер бетiнен
белгiленген төмендiкте орнатылуы стандартқа сәйкес келуi керек.
337. Ұңғыларды бұрғылау электр жетектерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Егер бұрғылау
жұмыстары дизельгенератор немесе дизель жетегі арқылы атқарылса, атмосфераға шығарылатын газдар
аз деңгейде болуы қажет.
338. Бұрғылау қондырғының орнын орналастыру жердiң құлдилау деңгейi, пайдаланған судың
тұндырғыш қамбасына ағуын, жер асты деңгейiн, қорғау аймағының болуы, аймақтың сейсмикалық
қауiпсiздiк, аэроғарыштық iшуге жарайтын су көзiне және балық шаруашылық қоймаларына жақындығын
еске ала отырып, жобаланған бұрғылау қондырғысы орналастырылады.
339. Бұрғылау жұмыстарын жүргiзбес бұрын бу өткiзу жолдарын, айналу жүйесiн, бұрғы
ерiтiндiсiн дайындау және тазарту блоктары, химиялық реагенттер сақтау қоймалары, бұрғылау
мұнараның орны, ағу мүмкiндiгi бар жанар-жағармай қоймасы, тағы да басқа улы заттары бар
ғимараттар тексерiлiп, жұмысқа жарайтын дәрежеге келтiрiлуi қажет.
340. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын құнарлылығы жоғары жерлерде, бұрғылау жабдықтарды
құруға дайындық жұмыстарын жүргізу кезiнде, болашақта бүлiнетiн жердi қалпына келтiру үшiн
құнарлылығы жоғары жер қаты алынып, бөлек сақталынады.
341. Ұңғымаларды орнатуға бөлiнген учаскелерден тысқары жерлерде өсiмдiктерге және жер
бетiне зиян келтiруге рұқсат етілмейді.
342. Бұрғылау қалдықтарының бұрғылау алаңының аумағына түсуін және улы заттардың табиғи
объектiлерге көшуін болдырмау үшiн оларды ұйымдасқан түрде жинау, сақтау инженерлiк жүйесі мен
технологиялық алаңдарды гидроизоляциялау көзделеді.
343. Ұңғымалардың құрылысы қамбасыз дайындау және бұрғылау ерітіндісін тазарту мен
ұңғыманы бұрғылау тәсілін қатаң қолданумен жүзеге асырылады. Құйма қамбаларының құрылысы
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының басқа да
мемлекеттік органдарымен келісім бойынша олардың құзыреті шегінде рұқсат етіледі.
344. Бұрғылау және кәріз суағарларын су қоймаларына және жер асты сулы қаттарына ағызуға
тыйым салынады. Мемлекеттiк бақылау органдарының рұқсатын алған жағдайда бұрғылауды, пайдаланған
суларды, тұзсыз және бальнеологиялық суы жоқ, жер асты қатына айдауға болады.
345. Жер қойнауын пайдаланушы пайдаланылған бұрғылау процесінде қайта пайдалану, қоршаған
ортаға қайтару үшін өңделген бұрғылау ерiтiндiсiн, бұрғылаудың ағынды суларын және бұрғыланған
таужынысты (үгіндіні) мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес
кәдеге жарату, бейтараптандыру жұмыстарын жүргiзедi.
346. Сулы горизонттарды бұрғылау кезінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаушы көздер ретінде
қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген
токсикологиялық сипаттамалары болуы тиiс бұрғы және цемент ерiтiндiсiн дайындау үшін
қолданылатын химиялық реагенттер пайдаланылуы мүмкін. Сулы қаттардың астасу аралығы тұйықталуға
тиісті.
347. Жұтылу жағдайларында ұңғымаларды бұрғылау кезiнде құрамында шаруашылық ауызсуы бар
ерітінділер мен материалдардың қатқа түсуіне жол берілмейді. Бұл ретте, тез қататын қоспалар, әр
түрлi құрылғылар және технологиялық процестер, сондай-ақ бұрғылаудағы көбiктi, ауалы ерiтiндiлер
және басқалар қолданылады.
348. Ұңғымаларды сынау алдында мыналар тексерiліп, қамтамасыз етiледі: берiктiлiгi және
шығу жүйесiнiң сенiмдiлiгi, сынау ұңғымаларының (сеператорлардың) өнiмдердi бөлу қоңдырғысы,
мұнай қоймаларының судан оқшаулануы, өлшеу құрылғысы, сыйымдылықтар, алаулар, айырғыштың
алаңқайы және оның қоршауы.
349. Ұңғымаларды сынау процесінде өндiрiлген мұнай, конденсат, минералданған су ыдысқа
жиналып, белгiленген тәртіппен келiсiлген жерлерге жөнелтiледi. Теңізде барлау ұңғымаларын сынау
кезінде экологиялық сараптама нәтижесі бойынша көмірсутектерді алауда жағу қоршаған орта үшін
газды кәдеге жаратудың ең қауіпсіз әдісі деп танылды.
350. Кен орнын игеруге дайындау кезiнде барлық мұнай-газ қаттарында сынамалау бойынша
оларда судың болуына жұмыстар жүргiзiледi. Осы қаттарды сынамалау кезінде су алған жағдайда,
олардың химиялық, газ құрамын зерттеу, су түсу көзін нақтылау жөнінде зерттеу жұмыстары
жүргізіледі және қажет болған жағдайда, оқшаулау жұмыстарынан кейiн оларға қайта сынамалау
жүргізіледі.
351. Пайдалану құбырының сыртындағы цемент ерiтiндiсiнiң көтерiлу биiктiгi жер қойнауын
қорғау жобасы мен талабына жауап берсе, онда ұңғымаларды игеру және сынау жұмыстары орындалады.
352. Жоғарғы қысымды, атқылау және ашық шапшылау қаупi бар қаттарды аршығанда, ұңғыманың
орнатылған сағасы атқылауға қарсы қондырғылармен жабдықталады, ұңғыманы бұрғылау техникалық
жобаға сәйкес жуу сұйықтығын қолдану арқылы жүргізіледi.
353. Күкiртсутекті қаттарды аршу персоналдың қатты бұрғылау мен аршуға дайындығы
тексерiлгеннен және белгіленгеннен кейін және көмірсутегі шикізатының (ашық фонтан) авариялық
шығарындысы жағдайында ықтимал газданушылық аймағында жұмысшылар мен тұрғындарды қорғау жөнінде
іс-шаралардың орындалуын тексергеннен кейiн жұмысты жүргізуге жауапты адамның басшылығымен
жүргізіледі.
354. Мұнай-газ белгісі байқалған кезде ұңғыманың сағасы саңылаусызданады және одан әрі
аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстар жүргiзіледi.
355. Ұңғымада күкiртсутегiнің болуы кезінде бұрғылау ерiтiндiсi күкiртсутегiн
бейтараптандырғышпен өңделедi.
356. Өнімдi кәдеге жаратуға мүмкiндiк болмаған жағдайда жануын үнемі ұстаумен газды ауаға
жағусыз немесе бейтараптандырып барлау және пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге рұқсат
етілмейді.
357. Ұңғыманы игеру және гидродинамикалық зерттеу жөнінде жұмыстың аяқталуы бойынша жұмыс
аймағының ауа құрамында күкiртсутегiнiң болуы және саға арматурасының саңлаусыздығы тексерiледi.
358. Мұнай-газ белгісі байқалған кезде ұңғымаларды жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылып,
ұңғыма бейтараптандырғышпен өңделген сұйықпен қайта бастырылады.
359. Техникалық жағдайларға байланысты бұрғылау аяқталмаған ұңғымаларда (авария немесе
сапасы төмен желі) бұрғыланған қимасында мұнай-газды су қаты анықталса, онда сол қаттардың
арасында көмірсутекті шикізат пен сұйықтықтың құйылысын болдырмау мақсатында оқшаулау жұмыстары
жүргізіледі.
360. Көмірсутек негізіндегі бұрғылау ерітінділерін қолдану кезінде қоршаған ауа ортасының
(ізбес-битум, инвертті эмульсия және басқалар) газданушылығын болдырмау жөнінде шаралар
қабылданады. Газданушылығын бақылау үшін роторда, ерітінді дайындау блогында және сорғы
үй-жайларында ауа ортасына өлшеу жүргізіледі, ал газданушылық байқалған кезде оны жою жөнінде
шаралар қабылданады.
361. Ашық фонтанды тоқтату жөніндегі жұмыстарды белгiленген тәртiппен жер қойнауын
пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құрған штаб әзірленген
арнайы жоспар бойынша жүргiзедi.
362. Бұрғылау қондырғысы үй-жайлары бергіштен күкiртсутегiне шекті рұқсат етілген
концентрациясына жеткенде қосылатын сорма желдеткiштермен жабдықталуы тиіс. Бұрғылау қондырғысы
үй-жайларын желдеткiш жабдықтармен жарақтандыру кестесi өндірістік қауіпсіздік саласындағы
уәкілетті органның аумақтық органдарымен келiсiледі.
363. Ұңғымаларды бұрғылау, игеру (сынау) және жабдықтарды бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан
кейін жобалау шешiмiне сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру (рекультивация) жөнінде жұмыстар
жүргiзiледi.
364. Ең шеткi пайдалану ұңғымасынан, сондай-ақ көмірсутегі кен орнының әр объектісінен,
өлшемi қазiргi санитарлық қағида бойынша белгіленетін санитарлық-қорғау аймағы анықталады.
Күкiртсутегi бар көмірсутегі шикізаты кен орындары үшін ықтимал авариялық шығарындылар көлемінен
және күкiртсутегiнiң шашырауы жағдайларынан шыға отырып, санитарлық-қорғау аймағы анықталады.
365. Сейсмикалық әрекеттердiң нақты ошағын айқындау және зерттеу заңдылығын, оның
уақытында кеңiстiкте жылжуын, жер сiлкiнiсiнiң механизмiн анықтау үшiн, сейсмикалық
белсенділігінің нақты ошақтарын табу мақсатында игеру кен орындары ауданының сейсмикалық және
геодинамикалық режимiн қадағалау жүзеге асырылады.
366. Өндiру және айдамалау ұңғымаларын игеру мен пайдалану көмірсутегі шикізатының ашық
атқылауына, қатқа айдалынатын судың шығын болуына жол бермеу ұңғыманы тиістi жабдықтау кезінде
жүргiзiледi.
367. Ұңғыма түрлерін пайдалану құбырларының саңлаусыздығының бұзылуымен, қатаралық
ағындарының болуымен, құбыр сыртындағы цемент тастарының болмауымен, сағалық ернемектiк
қосылыстарын өткізумен, сондай-ақ ақау ұңғымаларды игеруге, сынауға және пайдалануға рұқсат
етілмейді.
368. Ақау ұңғымаларды жоюды құбыр сыртындағы көтерiлмеген цемент немесе қосалқы ұңғыманың
жаңа сенімді конструкциясын бұрғылаумен кондукторды қосатын ұңғымалар қорын оңалту жөнiндегі
іс-шаралар орындалады. Бұрғыланған ұңғыма қорын оңалту бірінші кезекте санитарлық-қорғау
аймағында орналасқан ақау ұңғымаларында жүзеге асырылады.
369. Әр жаңа кен орындарында көмірсутегі шикізатын өндiруді қарқындандырудың кез келген
әдісін нақты жүзеге асыру ұңғыманың колонна бүтіндігін және цемент қоршауын қамтамасыз ететін
негiзгi процес өлшемдерiн негіздеу мақсатында жүргізілген тәжiрибелiк зерттеулер болады.
370. Көмірсутегі шикізатының кен орындарын игеру кезінде химиялық реагенттердi
(индикаторларды) қолданудың қажетті жағдайы шоғырдың геологиялық қатарын және гидрогеологиялық
жағдайын зерделеу болып табылады.
371. Қатқа әсер ету үшін химиялық реагенттерді таңдау кезінде олардың қауіптілік сыныбын,
судағы ерігіштігін, ұшпалығын ескеру қажет.
372. Ұңғыманы және негiзгi технологиялық операцияны жүргізуге, ұңғыманы жөндеуге,
зерттеуге, бұзылған немесе тексерiлмеген бiтеме-реттеушi аппаратураларды, механизмдердi,
агрегаттарды пайдалануға жабдықтарды дайындау кезінде туындайтын химиялық реагенттердің және
мұнайдың ықтимал жылысуы мен төгiлуiнің, негізгі процесті жүргізу технологиясының бұзылуының,
пайдалану құбырлары саңлаусыздығының алдын алу қажет.
373. Қатқа ингебиторлық тұз шөгiндiлерiн және парафин шөгiнділерін, беткі-активті
заттарды, демульгаторларды айдағанда, олардың жер үстiне тасып төгiлуiне жол бермеу үшiн арнайы
техника пайдаланылады.
374. Ұңғыманы бұрғылағаннан, жерасты және күрделі жөндегеннен кейiн игеру сұйықтың
төгілуін, ашық атқылауын болдырмайтын саңлаусыздандыратын құрылғымен ұңғыманы жабықтау кезінде
жүргізілуі қажет.
375. Пайдалану (өндіру) ұңғымасын сумен толтыру кезiнде оны бақылаудан басқа, колонна
арқылы ұңғымаға су ағынының орнын, сулану көзін және оның астасу тереңдiгін белгілеу мақсатында
арнайы геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзу қажет.
376. Өндiруші ұңғымаларды пайдалануды тоқтату туралы мәселенi шешу көмірсутегі шикізаты
кен орындарын әзірлеу және ұйғымаларды пайдалану тиімділігі шегін белгілеу бойынша қолданыстағы
ережеге сәйкес қабылданады.
377. Егер кен орнын игеру кезiнде жер қойнауындағы көмірсутегі шикізатының қайтарымсыз
жоғалуына әкелуі мүмкін көмірсутегі шикізаты мен судың жерасты жылыстау немесе қатаралық
ағындарының белгiсi байқалса, онда жер қойнауын пайдаланушы қат флюидтерінің ретсiз қозғалысының
себебiн ақау байқалғаннан кейін бір жыл ішінде белгілейді және жояды.
378. Газды кешендi дайындау қондырғыларына қосылған пайдалану ұңғымалары атмосферада газ
шығарындысынсыз және жағусыз бақылау сепараторларын пайдалану арқылы зерттелуi тиіс.
379. Күкіртсутегі әсері жағдайында пайдаланылатын технологиялық, ішкіұңғылық жабдықтарды,
пайдаланатын және лифтілік бағаналарды коррозиядан қорғау үшін коррозиялы-берік маркалы болат
және коррозия ингибиторлары қолданылуы, сондай-ақ коррозия ингибиторын қолданбай-ақ,
тоттанбайтын коррозиялы-берік болат, арнайы жабын және өнімнің коррозиялық белсенділігін
азайтатын технологиялық әдістер пайдаланылуы тиіс.
380. Коррозиялық белсенді ортада пайдаланылатын, ішкіұңғылық жабдықтар, технологиялық
аппараттар, шеген құбырлары және басқа да жабдықтар, сульфидтік шытынауға берік болуы тиіс.
381. Қондырғыларда, үй-жайларда және өндірістік алаңдарда, жұмыс аумағына күкіртсутегінің
тарау мүмкіндігі болғанда, ауа кеңістігін автоматты стационарлық газдабылберумен, сондай-ақ
күкіртсутегінің жиналу мүмкіндігі бар жерлерде кезеңдік газдабылберушілермен немесе
газталдауыштармен бақылау жүзеге асырылады.
382. Қат қысымын қолдау жүйесінің сенiмдiлiгiн арттыру жөнінде шаралар қабылданады.
Қолданыстағы сарқынды сулардың суағызғысы қызмет көрсетудің және барлық суағызғының ингибиторлық
қорғаудың жоғарғы мерзімімен ауыстыру қамтамасыз етiледi және ағынды суларды айдау, сондай-ақ
өтетін су құбырын электрохимиялық қорғау жүзеге асырылады.
383. Мұнаймен бірге өндірілген қат сулары қатты өлшенген заттар мен судағы мұнай өнімдері
құрамының нормаларына сәйкес тазартуға жатады, қаттың қысымды ұстау жүйесінде пайдаланылады
немесе жұтылу горизонттарына көму мақсатында айдалады.
Қажет болған жағдайда өнiмдi қаттарға айдалған суды мұнай мен судағы күкiртсутегiнің
түзілуіне әкелетін оның күкiртсутегi бактерияларымен зақымданбауының алдын алу мақсатында
антисептиктермен өңдеу жүзеге асырылады.
384. Қат суларын далаға, жоғары су көздерiне ағызуға, жерасты суларын ластауға әкелетін
жерасты горизонттарға айдауға, сондай-ақ құрамында күкiртсутегi бар сұйықтарды бейтараптандырмай
ашық су кәріздеріне ағызуға рұқсат етілмейді.
385. Күкiртсутегiнің жоғары құрамымен қат сулары жабық ыдыстарда өңделуi және ұсталуы
тиіс.
386. Өндiрiстiк ағындарды жер астына көму оларды шаруашылық-ауыз су және бальнеологиялық
мақсаттар үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суы жоқ тоғыту ұңғымаларына,
сенімді оқшауланған жұтылу горизонттарына айдамалау арқылы жүзеге асырылады.
387. Өндiрiстiк ағындарды жұтылу горизонттарына жерасты көму басқадай шешiм болмаған
жағдайда ғана рұқсат етіледі:
шоғырларды суландырмай игеру кезінде;
суландыру жүйесiнің құрылысына дейін бастапқы өндiру кезiнде өндiрiстiк ағынның едәуір
мөлшерiн алу кезінде;
өндiрiстiк ағынның жобада қаралған мөлшерден артық болғанда және оларды басқа кен
орындарына тасымалдау тиiмсiз болғанда;
қат суларын гидроминералдық шикiзат ретiнде пайдалану кезінде;
мұнайды кешенді дайындау қондырғысында пайда болған өндiрiстiк ағындарды тазартудың
ақталмаған күрделі технологиясы кезінде.
388. Өндірістік ағындарды терең көмуді жүргізу үшін оның аумағында қалдықтарды жинау және
жоюға, олардың жер қойнауындағы жағдайы мен орын ауыстыруын бақылауға арналған үстіңгі және
жерасты құрылыстар кешені орналастырылатын арнайы объект (полигон) құрылады.
389. Сұйық қалдықтардың шамалы көлемдері үшін және жағымды геологиялық жағдайлардың болуы
кезінде қатты гидравликалық жару ақылы терең көму тәсілі қолданылуы мүмкін, оның әлсіз өтетін
жыныстары сілемінде тоғыту процесінде қалдықтармен толтырылатын жасанды сызаттар жүйесі
түзіледі.
390. Терең көму қауіпсіздігі:
геологиялық орта қасиеттерімен, жер қойнауындағы геохимиялық және физика-химиялық
үрдістердің сипатымен, сондай-ақ оған айдалатын қалдықтардың техногендік әсерімен;
таужыныстарында жасанды ыдыстарға немесе коллекторларды өнеркәсіптік қалдықпен толтыру
технологиясы;
инженерлік құрылыстардың және бақылау жүйелерінің жағдайымен анықталады.
391. Өндірістің сұйық қалдықтарын көму, сарқынды суларды түсіру Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
392. Кәсіпшілік аумағында мұнай шлам қамбаларын орналастыруға рұқсат етілмейді, бар шлам
жинақтағыштардың ішіндегісі қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатады, кейіннен жойылған
қамбалардың аумағындағы жер қайта қопсытылады.
393. Жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларының жағдайына инженерлік ұңғымалар желісі
арқылы (кен орнының периметрі бойынша), сондай-ақ шлам жинақтағыштары орналасқан ауданда
бақылауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |