Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Бауырым  Һарун тілде менен жатығырақ»



Pdf көрінісі
бет154/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   266
«Бауырым 
Һарун тілде менен жатығырақ»
5
, – деген. 
Мұса өзі еркін сөйлей алмағандықтан, Аллаһтан туысы 
Һарунды елшілік істерінде көмекші етуін сұраған-ды. 
1
«Қасас» сүресі, 2-3 аяттар. 
2
«Мәриям» сүресі, 51-аят. 
3
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
4
«Зухруф» сүресі, 52-аят. 
5
«Қасас» сүресі, 34-аят. 


174
 
 
Мұса пайғамбардың қиссасы екі бөлімнен тұрады. Әуелгі 
кезең – Мұсаның перғауынмен болған әңгімесі, ал екінші кезең – 
перғауын суға батқаннан кейінгі болған оқиғалар. 


175
 
 
БІРІНШІ КЕЗЕҢ 
Мысыр жеріндегі исраилдіктер 
Исраил ұрпақтары Юсуфтың кезінде Палестинадан Мысыр 
еліне қоныс аударып, сонда тұрақтап қалды. Тарихшылар 
олардың Мысырға келгендегі саны сексен алты адам 
болғандығын, сосын олар көбейіп, Мұса алып шыққан уақытта 
алты жүз мыңға жеткендігін айтады. 
Сол замандарда Мысырды перғауындар биледі. Юсуфтың 
кезіндегі перғауын Раян ибн Уәлид деген кісі еді. Ол Юсуфтың 
өзге дін өкілі екендігіне қарамастан даналығын бағалап, оған ел 
басқару ісін тапсырған-ды. Юсуф болса елді ашаршылықтан
жұттан құтқарып қалды. Сол үшін де оның кезінде исраилдіктер 
берекетті өмір сүріп, Мысырда олардың дәрежесі жоғары 
саналды. Бірақ Раян өлген соң, билікке келген Қабус ибн Мусғаб 
Аллаһқа сенбейтін залым патша болды. Ол Юсуф дүниеден 
өткеннен кейін исраилдіктерге көп зиян тигізді. Кейін Қабустың 
інісі Уәлид ибн Мусғаб перғауын болды. Оның әйелі Әсия бинт 
Музахим Аллаһқа иман келтірген салиқалы ізгі әйел еді. 
Перғауын оны басында күң етпекші болған. Әсия отбасының 
амандығына қауіп төнген соң, амалсыз оның тең құқылы әйелі 
болуға келіскен. Бірақ ол күйеуі Уәлид ибн Мусғабты Аллаһқа 
сенбейтін, кәпірлігі мен зұлымдықтары үшін ұнатпайтын. Тіпті 
ол өзін құдаймын деп жариялап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет