Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет162/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   266
 
 
жүріп отырамын. Егер басқа жолға түсіп бара жатсам, тас 
лақтырып ишара жасарсың», – деп жолға беттейді.
Мұсаның бұл сөзі пайғамбарлар әдебінің нышанын байқатады. 
Шуғайбтың осы қызы кейін Мұсаның әйелі болды. 
Мұса қыздардың әкесі Шуғайбқа Мысырда болған бар 
жағдайды айтып береді.
«Ол 
(Шуғайбқа)
келіп, уақиғаны әңгімелеп берген кезде, 
ол: «Қорықпа! Залым елден құтылыпсың»
1
, – деді. Әңгіме 
барысында екі қыздың бірі әкесіне:
«Әкетайым! Оны жалдап ал! Расында, жалданған 
адамдардың ең жақсысы – күштісі әрі сенімдісі»
2
, – деп 
ұсыныс тастады. Әкесі одан бұл жігіттің күшті әрі сенімді екенін 
қайдан білгенін сұрағанда, қызы оның мал суару барысында 
бірнеше кісі атқаратын жұмысты жалғыз өзі істегенін және 
осында келерде артына түспей, алдында жүргенін әңгімелеп 
берді.
Сахаба Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): 
«Аса 
қырағы үш адам бар: әйеліне «Оны құрметте» деген Юсуфтың 
қожайыны, «Әкетайым! Оны жалдап ал! Расында, жалданған 
адамдардың ең жақсысы – күштісі әрі сенімдісі» деген Мұсаның 
әйелі және Омар ибн әл-Хаттабты 
(Аллаһ оған разы болсын)
 
өзінен кейін халифалыққа тағайындаған Әбу Бәкір 
(Аллаһ оған 
разы болсын)
»
, – деп айтқан. 
Сонда Шуғайб бұл ұсынысты мақұл көріп Мұсаға:
«Маған сегіз жыл жалға жүруіңе қарымта ретінде мына 
екі қызымның бірін саған некелегім келеді. Егер он жылға 
толтырсаң, ол өз жаныңнан болады. Саған қиындық 
тудыруды қаламаймын. Аллаһ қаласа, мені ізгілерден 
табасың»
3
, – деп шарт қойды.
1
«Қасас» сүресі, 25-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 26-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 27-аят. 


184


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет