Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет165/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   266
 
 
Яғни таяғы ирелеңдеген алып жыланға айналып, жорғалай 
бастағанын көрген Мұса зәре-құты қалмай қорқып кеткен-ді. 
Сонда оған Аллаһ тағала: 
«Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі 
қалпына қайтарамыз»
1
, – деп тіл қатты. 
Осылай Аллаһ тағала Мұсаға әлгі алып жыланды қолымен 
ұстауды бұйырды. Үлкендігінен үрейленген Мұса жүрексіне 
оның құйрығынан ұстайды. Жылан қайтадан асатаяққа айналып, 
қалпына келді. 
Аллаһ пен пайғамбардың арасындағы тілдесу Жаратушының: 
«Қолыңды қойныңа тық! Аппақ кемшіліксіз басқа бір 
мұғжиза болып шықсын»
2
, – деп бұйыруымен жалғасын тапты. 
Басқа бір аятта бұл жайлы: 
«Қолыңды қойныңа тық. 
Зарарсыз аппақ болып шығады. Қорқыныштан салбыраған 
қолыңды жи! Бұл екеуі – перғауын мен оның адамдарына 
Раббыңның екі бірдей дәлелі. Өйткені олар – бұзақы ел»
3
, – 
делінген. 
Аллаһ тағаланың бұйыруымен Мұса қолын қойнына тығып 
шығарған еді, қолы көз қарықтырар жарық шашты. Мұнан кейін 
Аллаһ тағала: 
«
(Бұл) 
саған ұлы мұғжизаларымызды көрсету 
үшін 
(еді)
. Енді перғауынға бар. Өйткені ол шектен 
шыққан»
4
, – деп міндет жүктеді.
Мұса Аллаһ тағаланың бұйрығына мүлтіксіз бойсұнып: 
«Раббым! Көңілімді кеңейткейсің. Ісімді оңайластырғайсың! 
Тілімнің тұтықпасын шеше көр. Олар сөзімді түсінсін!»
5
– деп 
тілек айтты. 
Шын мәнінде, Мұса тілінің мүкісі болғандықтан, сөйлегенде 
тұтығып қалатын. Оның тілегі қабыл болып, тілінің мүкісі 
1
«Таһа» сүресі, 21-аят. 
2
«Таһа» сүресі, 22-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 32-аят. 
4
«Таһа» сүресі, 23-24 аяттар. 
5
«Таһа» сүресі, 25-28 аяттар. 


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет