Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет159/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   266
деп өтінді. Сонда 
(Аллаһ)
оны кешірді. Өйткені Ол өте 
Кешірімшіл, аса Мейірімді»
1
. Мұса бұдан кейін мұндай 
әрекетке бармауға Аллаһқа уәде беріп: 
«Раббым! Маған берген 
нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем бермеймін», – 
деді»
2
. Ол түйсік арқылы өз тәубесін Аллаһтың қабыл еткенін 
сезді. Бірақ осы қылмысы себепті жазаға тартылудан қорқып, 
«қалада қорқып, алаңдаумен таң атырды»
3

Келесі күні сыртқа шыққанда, тағы да алдыңғы көріністің 
куәсі болды. Әлгі исраилдік басқа бір мысырлықпен төбелесіп 
жатыр екен. Аллаһ: 
«Қараса, кеше өзінен жәрдем сұраған кісі 
тағы айқайлап жатыр. Мұса оған: «Сен анық адасқан 
екенсің», – деді. Сөйтіп, екеуінің де дұшпаны 
(мысырлықты)
 
ұстағысы келгенде, 
(исраилдік)
: «Ей, Мұса! Кеше бір адамды 
өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде 
игілерден болмай, бір зорлықшыл болуды қалайсың ба?» – 
деді»
4

Яғни исраилдік Мұсаның ойын дұрыс түсінбей қалған еді. 
Осылай оның қылмысы әшкереленіп қалды. Мұса бой тасалап 
жасырынып жүргенде, оған перғауынның отбасынан өзін жақсы 
көретін 
«бір адам қала шетінен жүгіріп келіп: «Ей, Мұса! 
Басшылар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу 
(елден)
 шығып 
кет! 
Шындығында, 
мен 
саған 
жақсылық 
ойлаушыларданмын», – деді»
5

Перғауын Мұсаны әу бастан жек көретін, оны тек әйелі 
Әсияның өтінішіне бола қалдырған еді. Сондай-ақ елдің 
1
«Қасас» сүресі, 16-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 17-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 18-аят. 
4
«Қасас» сүресі, 19-аят. 
5
«Қасас» сүресі, 20-аят. 


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет