Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет6/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Пайғамбарлардың сипаттары 
Пайғамбарлар да – барлығымыз тәрізді кәдімгі қарапайым 
жандар. Олар да – біз сияқты ішіп-жеуге мұқтаж жаратылыс. Әрі 
басқалар секілді ауырады, дүние де салады. Оларда ешқандай 
тәңірлік сипат жоқ және оларға құлшылық етілмейді. Аллаһ 
тағала оларды күнәдан сақтаған. Оларға бүкіл әлемдердің 
Раббысынан өзгелердің маңдайына бұйырмаған уахи нәсіп 
болған. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: 
«Шынында, мен де – 
сендер сияқты адаммын. Маған құдайларыңның бір ғана 
Құдай екендігі уахи етілуде...», – деп айт»
1
, – деген.
Олар Аллаһ тағала жүктеген міндетті жеткізу жолында барша 
ауыртпалықтар мен қиындықтарға шыдап, үлкен сабырлылық 
көрсеткен. Мұның бірден-бір айғағы ретінде Аллаһ тағаланың 
«
(Мұхаммед!)
 Елшілерден табандылыққа ие болғандар сабыр 
еткендей сабыр ет»
2
деген ұлы сөзін келтіруге болады. 
Пайғамбарлар тек ер адамдардан шықты. Аллаһ тағала: 
«Біз 
сенен бұрын да тек ер кісілерді жіберіп, оларға уахи еттік»
3
, – 
дейді. Олардың ешқайсысы ғайыпты білмеген. Пайғамбарлардың 
ең ұлысы Мұхаммед (с.а.с.) туралы Аллаһ тағала: 
«
(Мұхаммед!) 
«Мен өзім үшін, Аллаһ қаламаса, пайда да, зиян да 
(келтіру)
 
билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты білетін болғанымда
жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық 
тимес еді. Мен тек қана иман келтіретін ел үшін ескертуші 
және қуанышты хабар жеткізушімін» – деп айт»
4
– деп 
ескерткен. Демек, бұдан ұғатынымыз, барлық үмбетке ескертуші 
1
«Кәһф» сүресі, 110-аят. 
2
«Ахқаф» сүресі, 35-аят. 
3
«Әнбия» сүресі, 7-аят. 
4
«Ағраф» сүресі, 188-аят. 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет