Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет84/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   266
Ибраһим Мысыр жерінде 
Ол бұл жолы Мысырға келді. Сонда сол елдің патшасына бір 
әдемі әйел мен әлдебір кісінің келгендігі туралы хабар жетті. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Жер бетінде Хауаны есептемегенде, 
Саррадан әдемі әйел жаратылмаған»
, – деген. Патша қызығып, 
сол әйелді алып келуге әскер жіберді. Әскеріне: «Онымен бірге 
жүрген кісіден ол әйелге кім болатынын біліңдер. Егер күйеуі 
болса, оны өлтіріңдер!» – деп тапсырды. Олар Ибраһимге келіп: 
«Бұл саған кім болады?» – деп сұрады. Ол: «Қарындасым», – деп 
жауап берді. Сосын Ибраһим Сарраға: «Егер сенен сұраса, менің 
қарындасым екеніңді айт. Аллаһпен ант етем! Бүгінде жер 
бетінде (ерлі-зайыптылардан) сені мен менен басқа ешқандай 
1
«Әнғам» сүресі, 76-83 аяттар. 


95
 
 
мүмін жоқ», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): 
«Ибраһим үш-ақ рет 
өтірік айтқан. Олардың бәрі де Аллаһ үшін»
, – деген
1

Сөйтіп, олар Сарраны патшаға алып кетті. Арам ойын іске 
асырмақ болған залым Сарраға қолын соза бергенде, Сарра 
Аллаһқа жалбарынып, жәрдем сұрап: «Аллаһым! Егер Саған 
және пайғамбарларыңа иман келтірген болсам және күйеуімнен 
басқадан ар-намысымды сақтаған болсам, мені мына кәпірден 
құтқар», – деп дұға қылады. 
Сол кезде әлгі залымның қолы қатып-семіп ешқандай әрекетке 
келмеді. Қатты қорқып, зәре-құты қалмаған патша Сарраға 
жалынып, өзін босатуын сұрады. Босатпайын десе, залым патша 
адамдарына өзін өлтіруді бұйыра ма деп қауіптеніп, Аллаһқа оны 
босатуын сұрап дұға қылды. Ол босады. Патша аңтарылып, 
«Мүмкін, бұл шайтанның ісі шығар» деп екінші рет Сарраға 
қолын созды. Сарра қайта дұға қылғанда, патшаның қолы тағы да 
қатып қалды. Залым үшінші рет әрекет жасағанда, Сарра қайта 
дұға қылып, патшаның қолы семіп, алғашқысынан да бетер 
болды. Сол кезде ғана патша ынсапқа келіп, Сарраға: «Осы жолы 
мені босатсаң, өзіңе лайықты сый-құрмет көрсетемін», – деп 
қайта жалынады. Өз басына қатер төнуінен қорыққан Сарра 
Аллаһ тағалаға дұға қылып, оны босатуын сұрағанда, патшаның 
қолы қалпына келеді. Ақымақ, залым патша Сарраға жұмсаған 
жасақтарын шақырып: «Сендер маған кімді кіргізгенсіңдер, бұл 
адам емес, шайтан ғой, оны сыртқа шығарыңдар», – деп 
айқайлайды.
Патша сөзінде тұрып, Сарраны босатып, оған сый-құрмет 
көрсетіп, тарту-таралғы жасап, оған қоса тағы бір сұлу күңді 
қосып береді. Оның аты Ажар еді. Бұл Мысыр патшасының 
Сарраға жасаған сыйы болды. Тарту-таралғылармен жанына 
күңді ертіп, Сарра қайтып келгенше Ибраһим Аллаһтан әйелінің 
құтқарылуын сұрап, жәрдем тілеп, ғибадат етумен болды. Сарра 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет