Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет90/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   266
 
 
тас атып қуады. Ол үшінші жамраға жеткенде, шайтан алдынан 
тағы шығады. Ибраһим оны тағы да жеті тас лақтырып маңынан 
аластайды
1

Осылайша, Ибраһимді азғырмақ болған шайтанның сасық ойы 
іске аспады. 
Сөйтіп, әке мен бала бұл бұйрықты орындауға шешім 
қабылдады. Исмаил әкесіне: «Ей, әкетайым! Егер мені 
бауыздамақ болсаң, жүзіме көзің түсіп, аяушылығың оянбау үшін 
маңдайымды төмен қарат», – деді. Ибраһим осылай істеді. Ол 
ұлын етпетінен жерге жатқызды. Пышақты алып, оның алқым 
тұсына қойып тартты. Пышақ кеспеді. Бұл Аллаһ тағаланың 
бұйрығы еді. Сонда Ибраһим пышақты қатты басып тартады. 
Бірақ пышақ өтпейді. Құранда бұл көрініс: 
«Сөйтіп, ол екеуі де 
бойсұнған кезде 
(әкесі)
оны маңдайымен жатқызды»
2
, – деп 
сипатталған. 
Осылай әке-бала екеуі Аллаһ тағаланың әміріне түгелдей 
бойсұнған кезде сынақ аяқталды. Олар Аллаһтың әмірін 
орындауға барлық ынталарымен әрекет етті. Бұдан кейін сынақ 
қылуға қажеттілік жоқ еді. Өйткені мақсат қан төгу емес, 
олардың бойсұнуларын тексеру болатын. Аллаһ тағала:
«Біз оған: «Ей, Ибраһим! Расында, түсіңді шындыққа 
шығардың. Шын мәнінде, игілік істеушілерді осылай 
сынаймыз», – деп дауыстадық. Расында, бұл бір анық сынау 
еді»
3
, – деп айтқан. 
Бұл тарихтағы ең үлкен сынақ болатын. Кім сексен алты жасқа 
келгенде көрген жалғыз ұлын ишара-нұсқау арқылы құрбандыққа 
шалсын?! Ал Ибраһим бүкіл әлемдердің Раббысына бойсұнып, 
мұндай қиын сынақтан абыроймен өтті. 
1
Хабарды әл-Бәйһақи мен Хаким жеткізген. 
2
«Саффат» сүресі, 103-аят. 
3
«Саффат» сүресі, 104-106 аяттар. 


103
 
 
Ибраһим Исмаилды бауыздамақ боп пышақ өтпей жатқан 
аралықта ол бір дыбыс естіді. Бұрылып қараса, Жәбірейіл екен, 
онымен бірге көктен, жаннаттан түсірілген қошқар бар еді.
Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет