Парафармацевтикалық өнім түсінігі және жіктелуі. «. Парафармация»


Таблеткалар дәрілік түр ретінде келесі үш негізгі талаптарға сэйкес болуы тиіс



бет17/20
Дата09.12.2023
өлшемі110,18 Kb.
#135450
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Таблеткалар дәрілік түр ретінде келесі үш негізгі талаптарға сэйкес болуы тиіс: 1) дәл дозалануы, мұны таблетканың өз салмағының дүрыстығы және оның қүрамына кіретін дәрілік затгардың салмағының дүрыстығы деп түсіну керек.
2) механикалық беріктігі - таблеткалар үгітіліп кетпеуі жэне беріктігі жеткілікті болуы керек;
3) ыдырағыштық - таблетканың белгілі мерзімдер аралығында ыдырау немесе еру қабілеті.
Дәрілік заттарды стандарттау-дәрілік препараттардың сапасын сипаттайтын сандық көрсеткіштерді анықтау және сыналатын үлгілерді белгіленген стандарттарға жеткізу. Көп жағдайда дәрілік заттарды стандарттау зерттеудің химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік Фармакопея таблеткалар бетінің тегіс, жылтыр, шеттерінің бүтін, дақсыз, коспасыз, кетіксіз болуын талап етеді.
Таблетка сапасын бағалаудагы негізгі көрсеткіштер:

  • Сыртқы түрі (беті, таблетканың биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 30-40% болуы керек)

  • Дозалау дәлдігі:

- таблеткалардың орташа салмағынан ауытқулар

  • Механикалық беріктік (бөліну, тозу,ұсақтау)

  • Ыдырау

  • Еріту сынағы (таблеткадан кем дегенде 75% босатылуы керек)



Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар.
Ұнтақтар технологиясы:

  • Диспергерлеу, ұнтақтау.

  • Араластыру.

  • Бақылау паспортын жазу.

  • Мөлшерлеу (Дозирование).

  • Орамдау.

  • Безендіру.

  • Сапасын бағалау.

Ұнтақтарды стандарттау:

  •  Ағындылық (сыпучесть)

  •  Ұнтақтың барлық құрамдас бөліктерінің ұнтақтығының оңтайлы дәрежесі (ұсақтығы).

  •  Күрделі ұнтақтың барлық массасында заттардың біркелкі таралуы, яғни біртектілік

  •  Дозалау дәлдігі

  •  Сақтау кезіндегі заттардың өзгермейтіндігі (тұрақтылығы).

  •  Дозаланған дәрілік препарат бірлігіндегі белсенді зат құрамының біркелкілігі (МФ деректері бойынша).

  •  Кейбіреулер үшін стерильділік (жараға арналған ұнтақтар, жаңа туған нәрестелер үшін)

Капсулақұрамында бір немесе бірнеше белсенді ингредиенттерден, қосымша заттар қосылған немесе қосылмаған, қатты немесе жұмсақ желатинді немесе кейде агар қабығынан тұратын дәрілік форма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет