Тағамғабиологиялықбелсендіқоспалар (диеталық қоспалар) — тамақпен тікелей қабылдауға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған биологиялық белсенді заттар. Диеталық қоспалар дәрі-дәрмектер болып табылмайды, яғни, тағамға жатады. Олардың сапасын бақылау тек олардың азық-түлікретінде қауіпсіздігінбағалауболып табылады.
Сонымен,диеталық қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға тоқталып өтетін болсақ:
сәйкес ББҚ-ға: денденсаулық сақтау саласындағы уәкілеттіорган бекіткен адам денсаулығына кауіп тудыратын уытты заттардың және олардың қосындыларының, антибиотиктердің, пестицидтердің, микроорганизмдердің рұқсат етілген құрамы бойынша; қолданылу аясына, барынша көп дозалауға,
құрамдауыштардың массалық үлесіне; қолданылатын шикізатқа, таңбалауға талаптар қойылады.
-Жаңа биологиялық белсенді қоспаларды, дайындаудың ораудың, сақтаудың жаңа технологиялық процесстерін әзірлеу, жарамдылық мерзімдерін белгілеу, сынау қауіпсіздігі мен әдістерін өндірістік бақылаудың бағдарламаларын әзірлеу кезінде әзірлеушілер осы техникалық регламенттің талаптарын басшылыққа алады.
*Өндіру кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар Биологиялық белсенді қоспаларды өндіру Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Биологиялық белсенді қоспаларды алу үшін 12 айдан аспаған, ауырмаған ауыл шаруашылығы малының мүшелері мен тіндері, дақылдық өсімдіктер, сондай-ақ санитарлық- эпидемиологиялық сараптамадан өткен бактериялар мен жетілмеген саңырауқұлақтардың микроорганизмдерінің патогенді емес және уытты емес арнайы штаммдары пайдаланылады.
Биологиялық белсенді қоспаларды дайындау үшін адам денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін мынадай заттарды пайдалануға рұқсат етілмейді:
құрамында қатты әсер ететін,есірткілік немесе улы заттар бар өсімдіктер;
тағамға, тағамдық н/е дәрілік өсімдіктерге тән емес заттар; 3) табиғи емес синтетикалық заттар - дәрілік өсімдіктердің қатты әсер ететін бастауларына ұқсастар;
4) антибиотиктер; 5) гармондар;
6) жануарлардың ықтимал қауіпті тіндері, олардың сығындылары мен олардың қайта өңделген өнімдері.