Минералды су - құрамында еріген тұздар, микроэлементтер,сондай-ақ кейбір биологиялық белсенді компоненттер бар су. Олар пайдалы, олардың иондық н/е газдық құрамының жоғарылауына н/е судың жалпы иондық тұз құрамына байланысты адам ағзасына емдік әсер етеді. Адам ағзасында микроэлементтердің жетіспеушілігін минералды судың көмегімен толықтыру-тиімді болып табылады. Минералдану дәрежесі 2%-дан аз немесе 20 г/л дейін су ішуге арналған.
*Жалпы минералдануға байланысты минералды сулар жіктеледі: Тұщы (1 г дейін ); әлсіз (аз) минералданған (1-2 г); төмен минералданған (2-5) ; орташа минералданған (5-10 г); жоғары минералданған (10-15 г).
*Мақсатына қарай ауыз МС жіктеледі:
Асханалық МС;
Асханалық-емдік МС;
Емдік минералды су .
*Химиялыққұрамы бойынша МС-дың химиялық құрамы - 6негізгі компоненттен тұратын әртүрлі комбинациялар: хлор, натрий, магний, кальций, сульфат (SO4) және гидрокарбонат (NSO3). Осылайша, олар : гидрокарбонат, сульфат, хлорид және басқа минералды сулар болып ажыратылады .
Асханалық-минералды су дм3-ке 1 г-нан аз және биологиялық белсенді компоненттері бар минералды сулар белгіленген концентрациясы аз; Асханалық сулар дені сау адамдардың күнделікті қолдануына шектеусіз жарамды;
Емдік-асханалық минералды су 1 г-нан асатын және дм3-ке 10 г-ға дейінгі минералды сулар, биологиялық белсенді компоненттердің белгіленген нормалардан аз шоғырлануы кезінде немесе минералдануы дм3-ке 1 г-нан аз МС, бірақ кейбір ББК белгіленген нормалардан асып кеткен кезде ;
Емдікминералдысу-емдік мақсатта қолдануға арналған минералды су. ГОСТ сәйкес биологиялық белсенді компоненттер болған кезде минералдануы 10 г/л-ден асатын немесе минералдануы аз су емдік болып саналады.