Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

талдау жасаған Қ.Жұмалиев аталмыш мәселені шешуде жалпылықтан нақтылыққа көшкен деп толық айта 

аламыз. 

Мұны эпостық жанрдың ең көне түрі батырлық жырлардың көркемдік ерекшелігін айқындау барысындай 

айтқан мына бір пікірінен аңғарамыз: «Қобыланды тіл жағынан да көркем шығарманың қатарына жатады. 

Әсіресе,  өзінше  ерекшелігі  бар.  Суреттелетін  оқиға  көбіне  фигура  әдісімен  беріледі.  Әрине,  көркем 

тілдердің басқа да не көркем шұрайлылары бар. Тайбурылдың бейнесін эпитет, теңеу арқылы жасайды. 

Бірақ, арнау және әсірелеу мен суреттеу негізгі әдісі. Эпостың ішіндегі ең көркем, таңдамалы жерінің бірі 

Тайбурылдың шабысы. Бұл жері дамыту, әсірелеумен беріледі.

Құнан менен құлжаның

Ұзатпай алдын тосады,

Көкқұтан мен Қарабай

Көл жағалап ұшқанша,

Белінен келіп басады.

...Сонымен қатар теңеулердің өзі де әсірелеу теңеуі болып келеді.

Көлденең тиген көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.

....................................

Жаңбырдай тері сіркіреп,

Жауған күндей күркіреп

Қар суындай тасады, -

деген үзіндіні алсақ, мұндағы теңеулердің қайсысы болсын жай теңеу емес. Әсірелей теңеуі. Осылар 

тәрізді  асыра  айту  әдісін  қолданушылық  «Қобыланды»  эпосында  басқа  эпостардан  гөрі  басымырақ 

кездеседі» - деп жырдың өзіне тән ерекшелігін айқындай түседі [3, 71-72 бб.].

Бұл турасында профессор М.Тілеужанов пен доцент Қ.Мырзағалиев: «Эпостық жырларды зерттеудегі 

автордың бір ерекшелігі қай жырды алмасын, оның барлық варианттарынан толық хабар бере кетеді және 

оларды зерттеушілердің еңбектерін де қалдырмай атайды. Қаһармандық жырлардың идеялық мазмұнын 

ашумен  бірге  олардың  көркемдік  ерекшеліктері  де  толық  қамтылады.  Бұрынғы  зерттеушілер  қай  жыр 

жөнінде болса да «тілі бай», әрі көркем» деген бір өлшеммен өте шығатын еді. Ал Қажым бұл еңбегінде 

(«Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», 1958, - М. А.) әр жырдың көркемдік әдістері неде, 

олар не үшін қолданылған және жеке-жеке көркемдік әдістер қалай берілген деген сұрақтарға толық жауап 

береді» - деп ғалымның эпикалық жырларды зерттеудегі жетістіктерін дұрыс көрсетіп өтеді [4].

Эпостық жырлардың ішінде тілі жағынан көркем шығармалардың бірі “Ер Тарғын” жыры екендігін 

Қ.Жұмалиевке дейін дұрыс аңғара білген әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың ішінде С.Сейфуллин, 

М.Әуезовтердің есімін атауға болады.

С.Сейфуллин жырды жеткізуші Марабайдың күшті ақындық қуатын көрсететін көркем тұсы туралы 

ойын былай сабақтайды: «Тарғын әңгімесіндегі Ақжүністің сұлулығын айтқан жыры, Тарғынның Тарлан 

атын суреттеуі, Қарт Қожақ пен Тарғынның түйіскен жыры әдемі, суретті тізілген жырлар», – дейді [2, 358 

б.].


М.Әуезов  «Ер  Тарғын»  жырындағы  кестелі  сөздің  көркемдік  ерекшелігіне  қатысты:  «Тарғындағы 

Марабай жыры өзгеден бөлек үлгімен, өзгеден жат құралғандай. Барлық өлеңде қыз сипаты, айтыс сөз, 

соғыс  суреті,  ат  келбеті  сияқты  сөздердің  барлығы  да  ылғи  кестелеу,  салыстыру,  жалғау  сипаттарымен 

жазылған. Бір нәрсенің суретін айтуға келгенде жыршы тілі қазақ баласы білген дүниеде көз тоқтатарлық 

келісті нәрсенің ешбірін қалдырмай сұлу үшін үйіп-төгіп алып келгендей болады», – дейді [1, 82 б.].

Осы жоғарыда алынған екі сілтемеде де жырдың тілінің көркемдігі қай жерде ерекше көрінетіндігін 

зерттеушілер  атап  көрсеткенімен,  кестелі  сөздегі  көркемдік  әдіс  неден  көрінеді  мәселесін  теориялық 

жағынан нақтырақ айтып бере алмаған.

Бұл туралы толымдырақ ой-тұжырымдарды Қ.Жұмалиевтың аталмыш жырдың тілі жөнінде айтылған 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

217


пікірлерінен көре аламыз. Ғалым «Ер Тарғын» жырының көркемдік тілі жағынан ерекшелігі психологиялық 

параллелизмнен көрінетіндігін аша келіп, бұл көркемдік әдіске әлем әдебиет зерттеушілері ертерек көңіл 

бөлгенімен қазақ әдебиеттану ғылымында бұл әлі жете зерттеле қоймағандығына да тоқталып өтеді. 

Психологиялық параллелизмдердің барлық елдердің ауыз әдебиеті үлгілерінде болу себебін зерттеуші 

адамзат баласының сана-сезімінің сәбилік дәуірімен байланысты туындайтын құбылыс екендігін ашып 

көрсетеді.  Сонымен  қатар,  психологиялық  параллелизмдердің  жырда  молынан  ұшырауы  шығарманың 

арғы дәуір, кезеңдерде туғандығын аңғартатын басты белгілерінің бірі санайды.

Ғалым «Ер Тарғын» жырының негізгі көркемдік әдісінің бірі саналатын психологиялық параллелизм 

жөнінде:  «Ер  Тарғында»  әр  алуан  өмір  құбылысын  суреттеуде  психологиялық  параллелизмде  жиі 

ұшырайды. Бұл оның өзіне тән бір ерекшелігі тәрізді. 

Асыл туған Ақжүніс,

Күнді бұлт қоршайды.

Күнді байқап қарасам,

Күн жауарға ұқсайды!

Айды бұлт қоршайды,

Айды байқап қарасам,

Түн жауарға ұқсайды!

Көгілдірін еріткен

Көлдегі қулар шулайды.

Шулағанға қарасам, 

Көктен сұңқар сорғалағанға ұқсайды!

Бойды байқап қарасам,

Қол-аяғым көсіліп,

Аузы-мұрным ісініп,

Алланың хақ бұйрығы,

Маған таянғанға ұқсайды!

Немесе:

Иірімі жоқ суларға,



Иірілген шабақ не табар?

Қайырымы жоқ сұлтанға

Ерген нөкер не табар?

Алдыңғы үзінді психологиялық параллелизмнің таза түрі де соңғы үзіндіде параллелизм риторикалық 

сұраумен байланысты болып келеді.

Адам  баласының  ой-санасы  дамып,  жоғарғы  сатыға  көтерілуімен  байланысты  психологиялық 

параллелизмнің міндетін поэтикалық тілдердің басқа түрлері атқара бастайды. Оның орнына символ, теңеу, 

метафора, метонимия, антитеза қолданылады», - деп зерттеуші жырдағы психологиялық параллелизмнен 

бастау алған поэтикалық көркемдік әдістерді нақты мысалдар арқылы көрсетіп береді [3, 129-130 бб.].

Ғалымның осылай әр жырдың ішіне ене отырып, өзіндік көркемдік ерекшелігін ашып көрсете білуі 

қазақ әдебиеттану ғылымын ілгерілетудегі, кәсібилендірудегі ой-тұжырымдарының бірі ғана.

Эпостарды  тану  барысындағы  жұмыстардың  бірі  олардың  поэтикалық  тіл  жағынан  өздеріне  тән 

ерекшеліктерін анықтау. Мұндай ерекшеліктен «Қамбар» жыры да құралақан емес. Зерттеуші «Қамбардың» 

поэтикалық тіл жағынан ерекшелігі символдан көрінеді деген қорытынды жасайды. Және поэзияда ойды 

бейнелеп жеткізуші көркемдік әдіс символдың қызметін теориялық жағынан бекіте түседі.

«Символда да екі нәрсе параллельге алынса да, екеуі бірдей көз алдында тұрмайды. Символда сол екі 

нәрсенің біреуін айтады да, екіншісі соның ар жағында, қабатында қалады. Бірақ, айтайын деген ой, пікір 

құлаққа естіліп, көзге елестейтін бергі, айтылған нәрсе емес, соның қабатындағы, көңілмен сезіп, ойыңмен 

топшыларлық бүркеулі пікір не бір құбылыс болады. Сондықтан да оны символ, бейнелеу - деп атайды» 

дейді 3, 155 б.. 



218

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Ғалым көрсеткен символды, ойды бейнелеп жеткізудің жақсы үлгісін «Қамбар» жырындағы Келменбет 

пен Қамбардың айтқан сөздерінен көре аламыз. Қамбар: 

Сұңқардың ілген қазына 

Бір қара құс таласып 

Жатыр екен өшігіп, 

Ажыратып екеуін, 

Онан бері жүріп ем, 

Құмай тазы бір қуды 

Алған екен бейнетпен. 

Бір төбет ит айқасып, 

Қалыпты зорлық есіріп, 

Ажыратып соларды 

Жолымнан қалдым кешігіп. 

Мұнда зорлықшыл қара құс, төбет ит қалмақ ханы Қараман да, сұңқар, құмай тазы бейнесіндегі қазақ 

батыры Қамбар. 

Міне,  осылай  кісінің  атын  атамаса  да,  оқырман  түсінерлік  дәрежеде  айтайын  дегенін  бүркемелеп, 

бейнелеп сөйлеу әдістері арқылы беру, жоғарыда келтірілген мысалдардан да басқа небір үздік жолдарды 

жырдан көптеп кездестіруге болады. 

Ғалым «Қамбар» жырының тілдік ерекшелігі «Тарғындағыдай» психологиялық параллелизм болмай, 

символ болуы жырдың бергі дәуірде туғандығын аңғартады деген тұжырым жасайды. 

Қ.Жұмалиев  эпостық  жырларды  талдау  барысында  олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  ашып  қана 

қойған  жоқ,  ұрпақ  тәрбиесі  барысында  жырлардың  алар  орнын  да  атап  көрсетті.  Сонау  1940  жылдан 

тәуелсіздік  алғанға  дейінгі  жылдар  аралығында  бірнеше  буын  ғалымның  жоғары  сыныптарға  арнап 

жазған оқулықтарымен сусындап өскенін өмір айнасы әдебиеттің айдынында жүргендер біледі. Шәкіртке 

білім беруде бүгінгі мұғалім қандай мектепте қызмет жасамасын педагогикалық шеберлік шығарманың 

көркемдік  ерекшелігін  ашып  көрсетуден  басталатынын  ұмытпағаны  абзал.  Бұл  істе  академик  Қажым 

Жұмалиевтың пайымдары адастырмас темірқазық болатыны анық. 

Әдебиет:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

2. Сейфуллин С. Шығармалар 6-т. Қазақ әдебиеті. – Алматы: ҚМКӘБ, 1964. – 455 б.

3. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы: ҚМКӘБ, 1958. – 1 т. – 404 б.

4. Тілеужанов М., Мырзағалиев Қ. Бағалы зерттеу // Октябрь туы. – 1959. – 16 мамыр.

Марченко Е.А.

АОО «Назарбаев Интеллектуальная 

школа» химико-биологического 

направления  (Республика Казахстан)

СОВРЕМЕННЫЙ УЧИТЕЛЬ: КАКОЙ ОН?

Профессия  педагога  –  одна  из  важнейших  в  современном  мире.  От  его  усилий  зависит  будущее 

человеческой цивилизации. 

Творческий  характер  педагогической  деятельности  требует  постоянного  личностного  и 

профессионального  роста,  взращивания  своей  творческой  индивидуальности,  развития  своей  общей  и 

профессионально-педагогической  культуры.  Безусловно,  творческий  поиск  и  творческое  отношение  к 

делу  составляют  важное  условие  эффективности  любой  профессиональной  деятельности,  но  именно  в 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

219


педагогической они являются нормой, без которой данная деятельность не может состояться вообще [5; 

52].


Если  посмотреть  на  программу  профессионального  потенциала  педагога  практически,  то  здесь  на 

первый план выдвигается интегральное качество – учительское мастерство. Определений педагогического 

мастерства столько, сколько есть желающих высказаться по этому поводу. Но в любом из них подчеркивается 

какая-то  изюминка,  проявляется  неведомая  грань  многообразного  умения,  именуемого  мастерством. 

Мастерство – это «высокое и постоянно совершенствуемое искусство воспитания и обучения, доступное 

каждому  педагогу,  работающему  по  призванию  и  любящему  детей.  Педагог-мастер  своего  дела  –  это 

специалист  высокой  культуры, глубоко  знающий  свой  предмет,  хорошо знакомый с соответствующими 

отраслями  науки  и  искусства,  практически  разбирающийся  в  вопросах  общей  и  особенно  детской 

психологии, в совершенстве владеющий методикой обучения и воспитания» [1; 13].

Мастерство учителя выражается, прежде всего, в умении так организовать учебный процесс, чтобы 

при всех, даже самых неблагоприятных условиях добиваться нужного уровня воспитанности, развития 

и знаний учащихся. Настоящий учитель всегда найдет нестандартный ответ на любой вопрос, сумеет по-

особому подойти к ученику, зажечь мысль, взволновать его. Такой учитель глубоко знает свой предмет, 

перспективы развития той науки, основы которой преподает, он знает современную литературу, новости 

культуры, спорта, умеет проанализировать международные события, он постоянный читатель популярных 

журналов, которые любят его воспитанники. 

Искусство учителя особенно проявляется в умении учить на уроках. Учитель-мастер как бы дирижирует 

всем процессом образования знания, способен управлять работой учеников, развивая их умение активно 

овладевать материалом.

Еще одним важным показателем мастерства является умение активизировать обучаемых, развивать их 

способности, самостоятельность, пытливость. Учитель-мастер должен обладать даром заставлять думать 

на  уроке,  используя  разнообразные  методы  для  активизации  процесса  обучения.  Вот  почему  учитель 

должен овладеть не только соответствующими знаниями, но и умениями и навыками преподнесения этих 

знаний. Он должен уметь мобилизовать внимание учащихся, развивать их мышление и формировать у них 

общественно значимые ценностные ориентации [4; 132].

Инновационные процессы, связанные с модернизацией всей системы образования, предъявили иные 

требования к деятельности педагогов. В Назарбаев Интеллектуальных школах выделяют четыре категории 

педагогов:

1. Педагоги без квалификации, для них я бы определила так мотивацию профессионального развития: 

«Понимаю и хочу».

2. Модератор – «Знаю и могу»: организует совместную образовательную деятельность, направленную 

на  раскрытие  потенциальных  возможностей  учащихся,  осуществляет  текущий  и  итоговый  контроль, 

оценку и коррекцию действий учащихся.

3.  Эксперт  –  «Знаю,  хочу  и  могу»:  анализирует  факты  профессиональной  деятельности  учителя  и 

познавательных стратегий учащихся, реализует определенную образовательную технологию в процессе 

обучения учащихся.

4. Тьютор – «Знаю, хочу и умею»: учитель - методист, имеющий индивидуальный профессиональный 

стиль, реализующий авторские методики и технологии в образовательном процессе и сетевые обучающие 

курсы.

Значит,  учитель,  работающий  в  Назарбаев  Интеллектуальной  школе,  должен  ставить  во  главу  угла 



собственное профессиональное саморазвитие. Это способствует выработке своей педагогической позиции, 

позволяющей  грамотно  определять  образовательные  цели.  Важное  значение  имеет  педагогическое 

самообразование учителя. Это многокомпонентная личностно и профессионально значимая самостоятельная 

познавательная деятельность учителя, включающая в себя общеобразовательное, предметное, психолого-

педагогическое  и  методическое  самообразование.  Самообразование  способствует  формированию 

индивидуального стиля профессиональной деятельности, помогает осмыслению педагогического опыта и 



220

Nazarbayev

Intellectual

Schools

собственной педагогической деятельности, является средством самопознания и самосовершенствования.

Важной  особенностью  профессионализма  учителя-мастера  является  знание  предмета  и  эрудиция.  В 

этой связи особую актуальность приобретают умения не просто воспроизведения заранее обозначенной 

программой  информации,  но  и  способности  переноса  этой  информации  в  нестандартную  ситуацию.  В 

школе нельзя не учитывать, что потребности и установки человека определяют избирательность восприятия 

и  мышления.  Личностно-ориентированная  образовательная  концепция,  о  которой  говорят  современные 

ученые, требует от педагога высокого уровня знаний, в том числе и по различным аспектам психологии 

личности [2; 13].

Учитель должен обладать высоким уровнем методического и педагогического мастерства. 

Профессионализм  учителя-мастера  постоянно  совершенствуется,  а  значит,  появляются  новые 

требования к его личности и профессиональной деятельности [3; 68]. Педагогическая профессия является 

одновременно  преобразующей  и  управляющей.  А  для  того,  чтобы  управлять  процессом  развития 

личности,  нужно  быть  компетентным.  Понятие  профессиональной  компетентности  педагога  выражает 

единство его теоретической и практической готовности в целостной структуре личности и характеризует 

его профессионализм [6; 107].

Мотивы профессионального развития педагогов

ФИО


слушателей

во время обучения на 

курсах задания для первого 

этапа ПК (всего 50 баллов)

Результат

1-этапа. 

(Очное 


обучение 

на курсах)



Результаты при обратной связи в он-лайн режиме в 

послекурсовой период

задания для:

Задания 


конт/раб

№1

Задания



контр/работы 

.№2


2-го 

этапа

(всего 40 

баллов)

3-го 

этапа

(30 

баллов)

Общее 

количество 

баллов

За три 

этапа

Одно задание 

на творческом 

уровене (120 

балл.)

 1 2 


1

2

3



№1и №2

№1

№1

Алибекова

+ +

+

+



+

Зачет (50б)

- -

-

50 баллов

-

Байболов


+ +

+

+



+

Зачет (50б)

+ +

-

90 баллов

-

Думанова


+ +

+

+



+

Зачет (50б)

+ +

+

120 баллов

-

Жолдыбайв + +

+

+

+



Зачет (50б)

+ +


+

120 баллов

(до 120 б.)

Изменения, проходящие в обществе, находят отражение в системе образования - возрастает значимость 

повышения квалификации педагогических кадров. Качество и эффективность урока зависят не столько от 

того, что знает учитель, но и от того, как он реализует свои знания. Мастерство учителя во многом зависит 

от умения анализировать свои и чужие ошибки. Постоянное совершенствование своей работы, посещение 

уроков и изучение опыта других учителей, использование передового опыта – это перевоспитание самого 

учителя, желающего этим опытом всерьез воспользоваться.

Любому  учителю  хочется  стать  значимой  фигурой.  Значимый  учитель  сегодня  –  это  одновременно 

профессионал и личность. При этом в понятие “профессионализм” включаются не только предметные, 

дидактические, методические, психолого-педагогические знания и умения, но и личностный потенциал 

педагога, в который входят система его профессиональных ценностей, его убеждения, установки. В ходе 

этой  деятельности  педагог  становится  активным  субъектом  процесса  совершенствования.  Это  требует 

комплексного подхода к многогранной научно-методической работе.


Nazarbayev

Intellectual

Schools

221


Формы научно-методической работы педагогов

Блок


Формы

Поисковая работа и научные 

исследования 

Участие  в  работе  экспериментальной  площадки,  разработка  и 

апробация  авторских  и  вариативных  программ,  рецензирование, 

изучение теоретического материала по проблеме исследования, участие 

в  научно-практических  конференциях,  семинарах,  выступления  по 

итогам  исследований,  написание  учебника,  методического  пособия

тематического сборника, статьи в журналах 

Руководство поисковой работой 

обучающихся

Руководство  предметными  кружками,  творческими  проблемными 

группами,  секцией  научного  общества  учащихся,  рефератами; 

участие в организации научно-практической конференции учащихся, 

обработка  материалов  экспериментальной  работы  учеников, 

проведение консультаций учащихся, руководство работой одаренных 

учеников по индивидуальным планам 

Разработка методической 

документации 

  Работа  по  составлению  учебных  планов,  программ,  методических 

рекомендаций  по  организации  и  управлению  образовательным 

процессом,  научно-методической  работой;  разработка  контрольно-

измерительных материалов, анкет, методик диагностики учащихся 

Подготовка учебных аудио- и 

видеозаписей 

 Подготовка аудио- и видеозаписей уроков, внеклассных мероприятий 

Повышение квалификации 

 Стажировки, круглые столы, индивидуальные консультации, авторские 

семинары,  открытые  уроки,  взаимопосещения,  работа  с  научно-

методической литературой, участие в конкурсах профессионального 

мастерства 

Обобщение  и  распространение 

инновационного  педагогического 

опыта


Работа  в  творческой  группе  по  сбору  материалов  с  целью 

изучения  инновационного  опыта,  систематизация  и  обобщение 

материалов творчески работающего учителя или собственного опыта 

инновационной деятельности, оформление результатов исследования 

(доклад,  брошюра,  статья,  монография,  наглядный  материал), 

презентация, распространение и внедрение инновационных наработок в 

образовательный процесс, мастер-классы, педагогические мастерские, 

выступления  на  педсоветах,  выездные  семинары,  педагогические 

лектории, встречи с творчески работающими учителями

Повышение  квалификации  помогает  учителю  избавиться  от  устаревших  взглядов,  делает  его  более 

восприимчивым  к  внешним  изменениям,  что  в  конечном  итоге  повышает  его  конкурентоспособность. 

Научно-методическая  работа  стимулирует  профессиональное  развитие  педагога,  способствует  его 

самореализации,  решению  профессиональных  и  личных  проблем,  позволяет  получить  большее 

удовлетворение от работы. 

Качество  педагогической  деятельности  имеет  важнейшее  значение  для  развития  всей  системы 

образования.  Сегодня  чрезвычайно  востребован  педагог,  личностные  и  профессиональные  качества 

которого оказались бы на уровне сложности стоящих перед обществом задач.


222

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Литература: 

1. Дружилов С.А. Критерии эффективности профессионалов в условиях совместной деятельности // 

Объединенный научный журнал. – М., 2001. – № 22.

2.  Дружилов  С.А.  Профессиональные  деформации  и  деструкции  как  следствие  искажения 

психологических моделей профессии и деятельности // Журнал прикладной психологии. – 2004, №2.

3. Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996.

4. Педагогика / Под ред. И.П. Подласого. Кн.1. - М., 2004

5. Ростунов А.Т. Формирование профессиональной пригодности. - М., 1984.

6. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2-х т. – Т.2. – М.: Педагогика, 1989.

7. Митина Л. М. Психология профессионального развития учителя. М., 1998. 

8. Равен Дж. Компетентность в современном об¬ществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002. 

9. Тугушев Р.Х. К вопросу системной психодиагностики психологической компетентности субъектов 

профессиональной деятельности. http://www.psycheya.ru/lib/sttugl.html 

10. Хуторской А.В. Ключевые компетенции. Техно¬логия конструирования // Народное образова¬ние. 

2003. № 4.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет