Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.12.2016
өлшемі0,5 Mb.
#38
1   2   3   4   5

Қосымша оқуға:  «Ұлы арман». 

Абай Құнанбаев. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы 

түнде тау қалғып», «Жиырма тоғызыншы қара сөз» (4 сағат). 



«Қансонарда бүркітші шығады аңға». Өлеңдегі құс салып, түлкі 

аулау  кәсібінің  мезгіл,  мекен,  құрал-жабдықтар,  ыңғайлы  жолдас 

таңдайтын, жауапкершілігі қатал, нәзік те қиын өнер екендігі. Бүркіттің 

түлкіге түсу шағындағы суреті, олжалы аңшы салтанатының суреті.   

Өлеңдегі  психологизм,  ақынның  психологиялық  суреттеудегі 

шеберлігі,  портреттік  суреттер  (кұстың,  аңшының,  түлкінің).  Өлеңдегі 

бейнелеу сөздер: эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза. 

«Қараңғы  түнде  тау  қалғып».  Өлеңнен  көрінетін  ақынның 

көңіл-күйінің көріністері. Абайдың аудармашылық шеберлігі. 



 

20 


Жиырма  тоғызыншы  сөз.  Абайдың  қара  сөздерінің  мағынасы 

мен  тәрбиелік  мәні  туралы.  Бұл  сөздің  нақыл  тұрғысынан  айтылуы 

жөніндегі ақынның өзіндік тұжырымдары. 

Пәнаралық  байланыс:  Музыка.  «Абай  әндері».  Әлем  әдебиеті. 

Лермонтов  -  Гете  шығармаларынан.  Бейнелеу  өнері.  Қ.Телжанов. 

«Бүркітпен аңға шығу». 

Әдебиет теориясы: Портреттік суреттеу, антитеза. 

Қосымша оқуға: Он төртінші қара сөз. Он тоғызыншы қара сөз. 

Ахмет Байтұрсынұлы. «Ақын ініме», «Екі шыбын» (2 сағат). 

Ақынның  оқу-ағарту,  ғылым,  әдебиет  саласындағы  орны  туралы. 

«Ақын  ініме»  өлеңіндегі  оқиғаға  қойылар  талап  пен  оның  халық 

алдындағы парызы жөнінде айтылуы. Өленде айтылған ақынның өзекті 

ойы. Автор көрсеткен ирониялық сарын. 

«Екі шыбын». Мысал жанры туралы түсінікті кеңейту. Мысалдағы 

басты түйін. Мысалдың тәрбиелік мәні. 

Қосымша оқуға:  «Анама хат», «Жұртыма». 

Әдебиет теориясы:  Мысал жанры туралы ұғымды кеңейту. 

Сұлтанмахмүт  Торайғыров.  «Бір  адамға»,  «Шәкірт  ойы»  (2 

сағат). 

«Бір  адамға».  Өленнің  реалистік  сипаты,  сюжетке  кұрылуы. 

Патшадан  шен  таққан  ел  билеуші  бай  аркылы  халық  үстінен  байыған 

дүниеқоңыз, шенқұмар жандарды өлтіре сынаудағы өлеңнің әлеуметтік 

өткірлігі.  Ақынның  оқиғаға  көзқарасы.  «Шәкірт  ойы».  Шәкірттің 

болашақ  бақытты  өмірге  жету  жолындағы  алдына  қойған  мақсаты: 

білім  алу,  елі  үшін  аянбай  енбек  ету,  елін  өркениетті  елдер  қатарына 

қосу. Өлеңнің өмірбаяндық сипаты. 



Әдебиет теориясы: Ирония, сатира туралы ұғым. 

Жүсіпбек Аймауытұлы. «Әнші». «Күн  менікі» (3  сағат). 

«Әнші»  әңгімесінде  қазақ  даласындағы  сахна  өнерінің  алғашқы 

бастамаларының суреттелуі. Халыктың өнерге деген ынта-ықыласының 

көріністері.  Әнші  Әмірқанның  бейнесі.  Әңгіменің  эстетикалық, 

тәрбиелік маңызы. 

«Күн  менікі».  Үзіндіде  суреттелген  көш.  Күнікей  салған  әннің 

көпшілікке ұнауы. 

Қосымша оқуға: «Боранды болжайтын әулие». 

Жамбыл  Жабаев.  «Аттандыру»,  «Алғадай  туралы  әрбір  ой». 

«Атаның әлдиі» (2 сағат). 

Жамбылдың  өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет. 

Жамбыл  өлеңдерінің  мазмұны,  өлеңдік  бітіміндегі  ерекшелік, 

ақынның  халық  поэзиясына  тән  сөз  қолданыстары,  тіл  өрнектері, 

шешендік толғау,  даналық ой көріністері. 



Пәнаралық баиланыс. Тарих. Ұлы Отан соғысы. 

Қосымша оқуға: «Алатау». 

Сәкен  Сейфуллин.  «Тұлпарым»,  "Қамаудан’’,  «Сыр  сандық» 

өлендері (2 сағат). 



 

21 


«Сыр  сандық»  өленінде  көрінген  ақынның  достық,  адамгершілік, 

адалдық туралы ұғым-түсінігінің түйіні. Өлең негізіндегі түйінді ой. 

«Қамаудан»  өлеңінің  ақын  басынан  өткен  оқиға  негізінде 

жазылуы.  Өленнің  өршіл,  асқақ  үні.  Лирикалық  қаһарманның 

болашаққа сенімі. 

«Тұлпарым». өлеңге арқау болған тұтқын қиялындағы тұлпар. 



Қосымша оқуға: «Біздің жақта», «Айшаның ерлігі».  

Ілияс  Жансүгіров.  «Әнші»,  «Арынды  менің  Ақсуым»,  «Бөбек 

бөлеу» (2 сағат). 

«Әнші».  Өлеңдегі  әнші  Әсет  Найманбаев  образы.  Ақынның  өнер 

тақырыбын  меңгеру  шеберлігі.  Музыка  тілін  суреттеу  үшін 

қолданылған бейнелі сөздер. 

«Арынды  менің  Ақсуым».  Өлеңдегі  табиғат  суреті.  Өленнің 

динамикалық  қуатын  арттырып  тұрған  тіл  шеберлігі,  ұйқастары. 

Өлеңдегі  ақын  бейнесі.  Ақын  патриотизмі.  Өлендегі  жер-су  аттары 

туралы пікір алысу. 

Қосымша  оқуға:  «Бөбек  бөлеу»,  «Желді  қарағай»,  «Ұршық», 

«Жанды сөз». 



Әдебиет  теориясы:  Өлең  құрылысы  туралы  ұғымды  дамыту. 

Лирикалық кейіпкер туралы. 



Пәнаралық байланыс.  География. Қазақстанның жер-су аттары. 

Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін», «Толқын» (2 сағат). 

«Сүйемін»  өлеңінің  негізгі  арқауы  туған  жер,  атамекенге  деген 

елжандылық  сезім.  Өлеңдегі  ақынның  адамгершілік  биік  тұлғасының 

көрінуі.  Өлең  композициясының  ерекшелігі.  Өлең  құрылысы, 

қайталаулардың өлең мәнін  ашудағы рөлі. 

Әдебиет теориясы. Өлең құрылысы, қайталау. 

«Толқын».  Өлеңдегі  толқын  табиғаттың  үнемі  қозғалыста  болып 

тұратын  құбылысы.  Осы  құбылысты  ақынның  жанды  сөз  суреттерімен 

беру шеберлігі. Ақынның  дыбыстан сурет жасауы. 



Әдебиет  теориясы. Өлең құрылысы. 

Пәнаралық  байланыс. Қазақ тілі. Дауыссыз дыбыстар. 

Қосымша оқуға: «Мен кім?», «Анама», «Өткен күн». 

Мұхтар Әуезов. «Көксерек» (әңгіме) (5 сағат). 

Әңгімеде  қолға  үйреткен  түз  тағысы  Көксеректің  ауыл  иттеріне 

ұқсамайтын  жат  мінездері.  Мұның  әсіресе  қасқырлар  үйіріне 

қосылғанда  айқынырақ  білінуі.  Қасқырлар  ұясын  бұзу  арқылы 

адамдардың  табиғатқа  жасаған  қиянаты.  Табиғаттың  бір  перзенті  -  түз 

тағысы  қасқырдың  адамнан  өш  алуы.  Қасқыр  мінезін,  өмірін 

суреттеудегі жазушы шеберлігі, терең  білімділігі. 

Шығармада адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік 

ету қажеттігі басты идея ретінде алынуы. 

Әдебиет теориясы: Тақырып және идея туралы ұғымды дамыту. 

Пәнаралық байланыс. Қырғыз фильмі «Көксерек».  


 

22 


Қосымша  оқуға:  Бүркіт  аңшылығының  суреттері.  "Кешкі  дөн 

басында". 



Сәбит  Мұқанов.  "Есіл  бойында",  ("Өмір  мектебі"  романынан). 

"Саятшы Ораз" (3 сағат). 

Үзіндідегі  Есіл  бойының  табиғаты,  жеке  көріністері.  Оны 

суреттеудегі  жазушының  шуақты  сезімдері.  Табиғатты  суреттеуде 

қазақтың музыка өнерін шебер өріп келтіруі, сол арқылы шыгғарманың 

реалистік  сипатын  тереңдетуі,  эстетикалық  әсерін  күшейтуі.  Әңгіменің 

тіл  көркемдігі.  Жазушының  көркемдегіш  сөздерді  қолданудағы 

талғампаздығы. 

"Саятшы  Ораз".  Әңгімеде  берілген  саятшының  аңшылығы, 

адамгершілігі. Саятшы Ораз бен балалар арасындағы достық. 



Әдебиет теориясы. Пейзаж. 

Ғабит Мүсірепов. "Ананың анасы", "Боранды түнде" (әңгімелер) (3 

сағат). 

"Ананың  анасы".  Өткен  заман  аңызына  құрылған  Әйтілес 

әңгімесінің  сюжеттік  мазмұны.  Мұнда  қазақ  халқының  өткен 

тарихындағы  ерлік  шежіресінің  бір  оқиғасымен  байланысты  ана 

махаббатының құдіретті қуаты  суреттелетіндігі.  Ана  образының  типтік 

мәні. Ғ.Мүсірепов шығармашылығында ана тақырыбының алатын орны. 

"Боранды түнде". Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды 

түннің  сипаты.  Әңгіменің  сюжеттік  мазмұны.  Әңгімедегі  негізгі 

кейіпкер  -  Қайсар.  Оған  тон  қажырлылық,  табандылық,  биік 

адамгершілік. Әңгімедегі ұлттық салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, 

іс-әрекетін  сипаттаудағы  жазушы  шеберлігі.  Шығарманың  реалистік 

сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл  юмор. 



Әдебиет теориясы: Романтикалық образ. 

Қосымша оқуға: "Ақлима әңгімесі". 

Әдебиет теориясы:  Сюжет, композиция, юмор. 

Қасым  Аманжолов.  "Өзім  туралы"  өлеңі.  "Ақын  өлімі  туралы 

аңыз" (2 сағат). 

Өлеңнің  автобиографиялық  сипаты.  Өлеңдегі  ақын  сезімі, 

ақындық, суреткерлік шеберлік. 



Әдебиет теориясы:  Өлең құрылысы. Лирикалық  кейіпкер. 

Қосы.мша оқуға: "Үстімде сұр шинелім", "Дариға сол қыз". 

Әбділда  Тәжібаев.  "Сырдария"  (1  сағат).  Ақынның  туған  жеріне 

деген  махаббатын  терең  сезіммен  жырлауы.  Халықтар  достығын 

көрсетуде ақынның өзіндік тәсілі. Сырдарияның қуатын халық игілігіне 

айналдыру идеясы. 



Әдебиет теориясы: Кейіптеу туралы ұғымды тереңдету.  

Қалижан Бекхожин. "Ақсақ Темір мен ақын" балладасы (2 сағат). 

Аңызға  негізделген  қысқа  сюжетті  өлеңде  ақындық  өнердің 

құдіреттілігі  жырланатындығын  аңғарту.  Әлемді  тітіркенткен  Темір 

мен ақын Хафиздің  мінезі, бейнесі. Өлеңнің сюжеті. 



Әдебиет теориясы: Баллада. 

 

23 


Тахауи  Ахтанов.  Окоп  үстіндегі  айқас  ("Қаһарлы  күндер" 

романынан үзінді) 2 сағат. 

Әңгіменің  Ұлы  Отан  соғысына  арналғандығы.  Шығармадағы 

жауынгерлер  бейнссі.  Әңгімедегі  қазақ  жауынгерлерінің  ерліктерінің 

суреттелуі. 

Әдебиет теориясы: Тарихи  роман. 

Пәнаралық  байланыс.  Қазақстан  тарихы.  "Қазакстан  Ұлы  Отан 

соғысы жылдарында". 



Баубек Бұлқышев. "Шығыс ұлына хат" (2 сағат). 

Шығарманың стильдік, жанрлық ерекшелігі, елжандылық сипаты. 

Баубек  Бұлқышевтың  жастарға  қарата  айтылған  жалынды  сөздерінен 

көрінетін автордың өз тұлғасы. 



Әдебиет теориясы: Серкесөз туралы ұғым. 

Пәнаралық байланыс.  Қазакстан  тарихы.  Ұлы  Отан  соғысындағы 

қазақстандық батырлар. 



Шерхан Мұртаза. "Жүз жылдық жара" (2 сағат). 

Әңгіменің  экологиялық  шығарма  екендігі.  Ұлы  Отан  соғысы 

кезіндегі  елдегі  ауыр  жағдай.  Қазақ  халқы  қасиет  санаған  киіз  үй 

ағаштарының  отқа  жағылуы.  Бақтияр  бауырындағы  ағаштардың  бәрін 

кесіп бітіп, енді жалғыз қалған Байшынарға балта шабуы. Оларға ауыл 

адамдарының қарсы көтерілуі. Әңгіменің тәрбиелік мәні. 



Әдебиет теориясы: Тақырып, сюжет туралы. 

Пәнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы.  1941-1945  жылғы  Ұлы 

Отан соғысы. Экология. Табиғатты қорғау. 



Қосымша оқуға: "Ақсай мен Көксай". 

Қалихан Ысқақов. "Қоныр күз еді" (2 сағат). 

Ауыл  баласы  Қасымның  мектеп-интернатқа  келіп  оқуы. 

Мұғалімнің  Қасымның  бойындағы  әдебиетке  деген  құштарлықты 

байқауы,  оған  ерекше  кітап  беруі.  Қасымның  қол-жазбаны  қастерлеп 

жасыруы. Әңгімеде бейнеленген күз суреті.   

Әдебиет теориясы: Повесть туралы. 

Қадыр Мырза-Әлі. "Кәрі қыран" өлеңі (1  сагат). 

"Кәрі  қыран".  Өлеңде  қартайып,  бойында  күш-қуаты  кеміген 

қыран  өзінін  мүсәпірлік  қалпына  қарсы  бар  қуатын  жиып,  шырқау 

биікке  көтеріліп,  зулап  түсіп,  күн  қақтаған  көк  таска  өзін-өзі  соғып 

мерт еткен "қыран хикаясы" арқылы ақынның ерлікті, өрлікті жырлауы. 

Өлеңнің аллегориялық сипаты. 

Әдебиет теориясы: Аллегория. 

Сайын Мұратбеков. "Жусан иісі" әңгімесі (2  сағат). 

Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  қазақ  ауылының  ауыр  жағдайы, 

халыққа  түскен  қайғы-касірет.  Соғыс  жылдарындағы  балалар  өмірінің 

көрінісі.  Әнгімедегі  басты  кейіпкер  -  Аян.  Оған  тон  парасаттылық, 

ұқыптылық,  нәзік  жандылық.  Аян  айтқан  ертегілер,  оның  тыңдаушыға 

әсері. 


Әдебиет  теориясы: Әңгіме құрылысы. 

 

24 


Оралхаи Бөкей. "Тортай мінер ақ боз ат" (2 сағат). 

Әңгіме  тақырыбына  негіз  болған  қарапайым  ауыл  тіршілігі. 

Жайлау көрінісі, туған жер көркінің суреттелуі. 

Сезімтал  да  ақылды  балалар  тірлігі.  Жетім  Тортай.  Оның  басты 

қасиеттері.  Әңгіме  негізіндегі  мұң,  тағдыр  салмағы,  орындалмаған 

арманнын 

басты 

себептерін 



ашудағы 

жазушы 


қаламының 

қарымдылығы. 



Әдебиет теориясы: Кейіпкерге мінездеме. 

Пәнаралық  байланыс.  Қазақстан  тарихы.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері. 



Қосымша оқуға: "Апамның астауы". 

Әлем әдебиеті үлгілерінен 

Александр Пушкин. "Ескерткіш" (1  сағат). 

Орыстың ұлы ақыны А.Пушкин туралы әңгімелесу. Өлеңдегі ақын 

ойы, оның келер заманға деген сенімі. Өленде аты аталған халықтар. 

Әдебиет теориясы:  Өлең құрылысы. 

Шандор Петефи. "Ұлт өлеңі" (1  сағат). 

Өлеңнің  шақыру,  үгіттеу,  ұран,  ант  сипатындағы  мәні.  Өлеңде 

көрінген  азаттыққа,  бостандыққа  үндейтін  лирикалық  кейіпкердің 

болашаққа деген берік сенімі, айбынды үні. 



О.Генри. "Соңғы жапырақ" (1  сағат). 

Американ  жазушысы  Уильям  Синди  Портердің  новеллаларының 

тақырыбы 鸁уралы.  Новелланың негізгі идеясы. 

Джонсидің  науқасынан  айығуы  мен  Берман  қарттың  суықтан 

ұшынып өлуінің новеллада көрініс табуы. 

Ғабдолла Тоқай. "Өмір жолына қадам басқандарға", "Шаруаң бітсе 

- ойнай бер" өлеңдері ( 1  сағат). 

"Өмір  жолына  қадам  басқандарға".  Өлеңнің  лирикалық  кейіпкер 

атынан,  оның  сезім  күйлері  негізінде  жазылуы.  "Балақайларға"  арнау 

үлгісі. 

"Шаруаң  бітсе  -  ойнай  бер".  Өлеңдегі  негізгі  тұжырымды  ой. 

Авторлық  баяндау,  өлеңнің  диалогтарға  құрылуы.  Баланы  ойынға, 

көңіл көтеруге шақырғандарға берілген жауаптың өлеңде берілуі. 



 

Шығармаларды оқып талдау - 61 сагат. 

Тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстар — 3 сагат. 

Сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған шығармалар туралы 

әңгіме — 4 сагат. 

8 СЫНЫП 

 

Кіріспе. Оқулықтың мәні, мазмұны туралы (1 сағат)  

Ежелгі дәуір әдебиеті. Заманымыздан бұрынғы жазушылар мен аңыз-

жырлар. «Алып-Ер Тоңа» (1 сағат). 

Алып  –  Ер  тоңаның  көне  замандарда  өмір  сүрген  түркілер  көсемі 

болғандығы.  ХІ  ғасырда  Иранның  ұлы  шайыры  Фирдоусидің  «Шаһнама» 



 

25 


кітабының кейіпкері. «Алып-Ер Тоңа» - ХІ ғасырда Махмұд Қашғари жазған 

атадан  балаға  мирас  болып  қалған  жоқтау.  Бұл  жоқтаудың  ежелгі  түркі 

әдебиетінің  алғашқы  нұсқасы  ретінде  «Түркі  сөздерінің  жинағы»  деп 

аталатын кітапқа кіргендігі. 



Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» (1 сағат) 

Ескерткіштің  тарихи  тұлғаларға  арнап  орнатылған  тастағы  жазулар 

екендігі.  Орхон  жазуларының  мазмұны,  айтар  ойы  жағынан  «Қобыланды 

батыр», «Алпамыс батыр» жырларына ұқсастығы. Жазудың тақырыбында ел 

бірлігінің, халқына көмек берудің суреттелуі. 

Әдебиет теориясы: жырдың композициясы. 

Пәнаралық байланыс: Тарих: Түрік қағанаты жайлы мәлімет. 

Қорқыт ата кітабы (1 сағат) 

Қорқыт  өмірінен  мәлімет.  Қорқыт  –  оғыз  қыпшақтарының  ұлы  атасы. 

Қорқыт  ата  туралы  аңыздар.  Қорқыт  айтқан  нақыл  сөздердің  тәрбиелік 

мәнділігі.  Нақыл  сөздердің  қазіргі  қолданыстағы  мақал-мәтелдермен 

ұқсастық жақтары. 

Әдебиет теориясы: аңыз туралы 

Пәнаралық байланыс. Музыка: Қорқыт күйлері. 

Оғыз қаған жыры (1сағат) 

Жыр  туралы  мәлімет,  оның  түркі  халықтарына  ортақ  төл  туынды 

екендігі.  Оғыздардың  Көк  Тәңірге  табынып,  көк  бөріден  тарайтындығы 

туралы.  «Оғыз  қаған»  жырының  құрылысы,  қазақ  эпостарымен  ұқсастық 

жақтары. 

Әдебиет теориясы: тақырып, идея жөнінде. 

Пәнаралық байланыс: тарих: ежелгі дәуір мәдениеті. 

Ислам дәуіріндегі әдебиет. 

Ислас дәуіріндегі (Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет). Шолу. 



Әбунасыр  әл-Фараби.  «Қашықтасың  туған  жер»,  «Қағаздың  түсіп 

бетіне», «Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «тіршілікте құрыштай бол 

төзімді» (2 сағат). 

Әбунасыр  әл-Фарабидің  өмірі,  туған  жері,  өлеңдері  мен  ғылыми  

еңбектері  туралы  мәлімет.  «Қашықтасың  туған  жер»  өлеңіндегі  ақынның 

туған  жерге  деген  махаббаты,  сезімі.  «қағаздың  түсіп  бетіне»  және 

«Тіршілікте  құрыштай  бол  төзімді»  өлеңдеріндегі  лирикалық  кейіпкердің 

Отан алдындағы парызы, достық, адалдық туралы ойлары. 



Әдебиет теориясы: лирика туралы ұғымды тереңдету. 

Пәнаралық  байланыс:  Тарих:  Х  ғасырдағы  түркі  тектес 

халықтардың тарихы. 

Ахмет Йассауи. «Хикметтері» (2 сағат). 

Қожа  Ахмет  Йассауидің  өмірі  мен  шығармашылығы.  Хикметтердің 

дидактикалық сарыны мен ондағы шешендік, поэтикалық оралымдар, ақыл-

нақыл сөздер. 



Әдебиет теориясы: әдебиеттегі сопылық поэзия. 

Пәнаралық байланыс. Сәулет өнері: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі. 

Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» (үзінді) (1 сағат). 

 

26 


Өмірінен  мәлімет.  «Құтты  біліктің»  әлем  әдебиетінің  асыл 

мұраларының  бірі  саналатындығы,  түркі  тілдес  халықтарға  ортақ  өлеңмен 

жазылған  трактат  екендігі.  Онда  жалпы  адам  баласын  ғасырлар  бойы 

толғандырып  келген  ізгі  мұраттар,  оқу,  білім,  тіл  өнері,  ел  басқару, 

моральдық-эстетикалық т.б. тұрмыстық мәселелер қамтылғандығы. 

Поэма бүгінгі таңдағы өміршеңдігі, тәрбиелік ғажап қуаты. 



Пәнаралық байланыс. Тіл: Түркі тілдері туралы. 

Махмұт  Қашғари.  Мақал-мәтелдері,  «Қордайдың  аққау-қазы 

қаңқылдайды» өлеңі (1 сағат) 

Махмұт Қашғаридың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. 

«Қордайдың  аққу-қазы  қаңқылдайды»  өлеңіндегі  туған  жерге, 

табиғатқа деген ақын сезімінің шынайылығы. 

Әдебиет теориясы: мақал-мәтелдер туралы. 

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі: Сөздіктер тарихы. 

Рабғузи. «Лұқман Хакім» («Қиқас – ул Әнбиадан» үзінді) (1 сағат) 

Рабғузидің  өмірі,  жазған  еңбектері  туралы  мәлімет.  Кітапта  табиғат, 

жаратылыстың  пайда  болуы  жайындағы,  әулие-әнбиелер,  пайғамбарлар 

туралы жазылғандығы. 

«Лұқпан Хакім» әңгімесінің мазмұны, тәрбиелік мәні. 

Әдебиет теориясы: миф туралы 

Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлстан» (1 сағат) 

Сәйф  сараидың  өмірі  мен  шығармашылығынан  қысқаша  мәлімет.  Бұл 

еңбек  парсы  ақыны  Сағдидың  «Гүлстан»  кітабының  түркі  тіліндегі  аударма 

нұсқасы екендігі. Сәйф Сараидың өздігінен қосқан төл туындысы – «Суһаил 

мен  Күлдірсін»  шығарамсы.  Шығармадағы  өсиет-өнеге,  адамгершілікке 

баулитын тәрбиелік мән. 



Пәнаралық байланыс. Әлем әдебиеті. Шығыс ақындары. 

ХІХ ғасыр әдебиеті. 

Махамбет  Өтемісұлы.  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»,  «Мұнар  күн»,  «Мен 

құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» (2 сағат) 

Махамбет  Өтемісұлының  өмірі,  оның  өмір  сүрген  дәуірі.  Халықтың 

арман-тілегін  жоқтауы.  Шығармаларының  тақырыптары,  негізгі  идеялық 

сарындары.  Махамбет  өлеңдерінің  ерлік,  асқақтық,  күрескерлік  сипатын 

аңғарту. 

«Ереуіл  атқа  ер  салмай».  Өлеңнен  көрінетін  көтерілістің  мақсаты  мен 

міндеті. Өршіл, прогресшіл романтизм. 

«Мұнар  күн».  Өлеңдегі  ақынның  жаңа  сыры,  қайғысы,  эллегиялық 

сарын. 


«Мен  құстан  туған  құмаймын».  Ақын  поэзиясындағы  асқақ  арман, 

жігер. 


«Жалғыздық»,  Өлеңнің  философиялық  лирикаға  жататындығы.  Ақын 

шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. 



Әдебиет  теориясы:  әдебиеттің  қоғам  өмірімен  байланысы  туралы. 

Дыбыс қайталау (ассонанс, аллитерация) 



 

27 


Пәнаралық байланыс. Тарих: қазақтардың 1773-1775 жылдарындағы 

шаруалар көтерілісіне қатынасуы. 

Музыка: Құрманғазының «кішкентай», «Сарыарқа» күйлері. 

Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман» өлеңі (1 сағат) 

Шортанбай  Қанайұлының өмірінен,  шығармашылығынан мәлімет. Зар 

заман ақындары туралы сөз. 

«зар  заман».  Өлеңде  көрінетін  Ресейдің  отарлау  саясаты,  оның  қазақ 

халқына әкелген зобалаңы. Ақынның жан айғайы, өлеңнің тілі. 

Әдебиет теориясы: өлең туралы мәліметтерді кеңейту. 

Пәнаралық байланыс: Тарих: ХІХ ғасырдағы қазақстанның саяси-

әлеуметтік жағдайы. 

Майлықожа  Сұлтанқожаұлы.  «Ілімге  толса  көкірек»  (толғау)  (1 

сағат) 


Майлықожаның  өмірі  жайлы  мәлімет.  Толғау  өлеңнің  тақырыбы, 

идеясы. Толғаудың тәрбиелік мәні. 



Әдебиет теориясы: толғау ұғымын кеңейту. 

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі: тіл шеберлігі туралы. 

Абай Құнанбаев. «Адамның кейбір кездері», «Өлең  – сөздің патшасы, 

сөз сарасы», «Әбдірахман өлгенде», «Әбдірахман өліміне», «Он жетінші қара 

сөзі» (4 сағат) 

А.Байтұрсынұлының  «қазақтың  бас  ақыны»  атты  мақаласы  негізінде 

Абай шығармашылығы туралы мәлімет. 

«Өлең  –  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы».  Абайдың  поэзияға  қоятын  биік 

талабы  мен  міндеті.  Ақынның  өлеңді  «өнер»  деп  түсінуі  мен  түйсінуіндегі 

парасаттылық. 

«Адамның  кейбір  кездері».  Өлең  құдіреті,  оның  дүниеге  келу  сыры, 

ақынның шығармашылық психологиясы. 

«Әбдірахман  өлгенде»,  «Әбдірахман  өліміне».  Өлеңдегі  ақынның  жан 

күйзелісі,  гуманизм  мен  философиялық  тереңдік.  Өлеңдегі  Әбдірахман 

бейнесі. 

«Он жетінші қара сөз». Абайдың қара сөздері туралы қысқаша мәлімет. 

Қара сөздің мазмұны және ой түйіні. Ақынның өлеңдері  мен қара сөздерінің 

сабақтастығы жөнінде. 

Әдебиет теориясы:  өлең  туралы ұғымды тереңдетуөлең құрылысы. 

Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы. 



Қосымша  оқуға:  «Әуелде  бір  суық  мұз,  ақыл  зерек»,  «Жетінші  сөз», 

«Өлсе өлер табиғат,адам өлмес». 



Шәкәрім Құдайбердіұлы.  «Қалқаман-Мамыр» поэмасы (3 сағат ). 

Шәкәрімнің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.  «Қалқаман-

Мамыр»  дастанына  өзек  болған  тарихи  шындықтың  көрінісі,  кейіпкер 

бейнесін  даралап  берудегі  шеберлігі.  Жырдағы  халықтық  әдет-ғұрыптың, 

ұғым-түсініктің көрінісі. Жырдың тілі. 

Әдебиет теориясы: кейіпкер туралы. 


 

28 


Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  ХVIII  ғасырда  қазақтардың  «Ақтабан 

шұбырынды» атанды, қоныс аударуы туралы. 



Қосымша оқуға: «Сөз жазып, сөз өлшемек», «Өмір» өлеңдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет