Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.12.2016
өлшемі0,5 Mb.
#38
1   2   3   4   5

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің өмірмен, тарихпен байланысы. 

Жұмекен  Нәжімеденов.  «Сен  ақылды  болсаң  екен»  (1  сағат) 

«Жаманыңды көрмесем» (1 сағат). 

Өлеңдердегі сенім, өнеге - әкенің балаға деген сезімі. 

Н.Серәлиев. «Аңсау» (2 сағат).  

Атасын 


аңсап 

жүрген 


бала 

сағынышы. 

Әңгімедегі 

ана 


парасаттылығының суреттелуі. Баланың сезімталдығы мен бауырмалдығы. 

Әдебиет теориясы: Әңгіме туралы ұғымды кеңейту. 

Күләш Ахметова. «Қазағым менің» (өлең) (1 сағат). 

К. Ахметова шығармашылығының өзіндік ерекшелігі. Ақын өлеңіндегі 

лиризм,  өлеңнің  халықты  сүйуге,  бірлікке  шақырған  үні.  Ақындық  тіл 

шеберлігі, ой тереңдігі, өлең құрылысы. 

Қосымша  оқып,  пікір  алысуға:  К.Ахметова  «Қазақстың  қайсар  рухы» 

(өлең). 


Әдебиет теориясы: Лиризм, ақындық тіл. 

Әлем әдебиеті үлгілерінен. 

А.С.Пушкин. «Балықшы мен балық» (ертегі) (3 сағат). 

 

12 


Поэзия  әлеміндегі  жарқын  жұлдыз,  бар  ғаламға  аты  кеңінен  танымал 

Пушкин шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.  

Ертедегі  бағы  өскен  сайын,  өкімі  жүрген  сайын  өршелен  түсетін 

қанағатсыз,  парықсыз  балықшы  кемпірі,  оның  шалына,  алтын  балыққа 

жасаған  астамшылығы,  қиянаты.  Өрескел  іс-әрекеті  мен  қомағайлық 

пиғылынан тартқан сазайы. Ертегіден шығатын адамгершілік мәселелері. 

Ертегінің  баяндалу  түрі,  тіл  көркемдігі,  ондағы  оқиғаның  дамуы. 

А.Байтұрсыновтың каудармашылық еңбегі.   



Қосымша  оқуға,  пікір алысуға:  А.С.Пушкин  «Солтан патша  туралы 

ертегі», П.Ершов «Сұңқар тай, тұлпар тай». 



Әдебиет теориясы: Әдеби ертегі туралы. 

Даниэл Дефо. «Робинзон Крузо». (2 сағат). 

«Робинзон  Крузоның»  «Мәңгілік  кітаптар»  қатарына  жататындығы 

және дүниежүзілік мәдениетте биік орны бар шығарма екені туралы түсінік. 

Шығарманың  күнделік  ретінде  жазылуы.  Робинзонның  басынан 

кешкен  оқиғалары,  оның  аралдағы  өмірі.  Еңбекті  сүйудің  еңбек  етіге 

бейімділіктің  қиын-қыстау  жадайда  Робинзонның  Жұмамен  достығы, 

адамгершілік қарым-қатынас жасауы. 

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің тегі мен жанрлары. 

Шыңғыс  Айтматов.  «Ерте  келген  тырналар»  (хикаяттан  ықшамдап 

алынды) (3 сағат). 

Хикаятта  соғыс  және  балалар  тақырыбы  үлкен  мәселе  ретінде 

көрсетілетіні:    соғыстың  жалпы  халыққа,  соның  ішінде  мектептегі  оқушы 

балаларға  түсірілген  салмағы  мен  ауыртпалығы,  балалардың  бал  дәуренін 

ұрлап,  ерте  есейуі.  Шығармадағы  Сұлтанмұрат  бастаған  мектеп 

оқушыларының  ересектерге,  колхоз  шаруашылығына  көмегі,  балалардың 

абзал  адамгершілік  қасиеттері.  Бас  кейіпкер  –  Сұлтанмұрат  бейнесінің 

автобиографиялық  негізі.  Шығармада  табиғаттың  бейнеленуі.  Шығарманың 

тіл көркемдігі, баяндалу мәнері. 

Шығарманы пайымдап оқу, мәнерлеп оқу, мәтінге жоспар құру, сұрақ-

тапсырмалар  түзу.  Сұлтанмұратқа  жазбаша  (ауызша)  мәнездеме,  мәтінді 

иллюстрациялау, қосымша әдебиеттермен жұмыс. 

Қосымша  оқуға:  Ш.Айтматов  «Ақ  кеме!  (жеке  фрагменті), 

С.Мұратбеков «Жабайы алма» , С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара». 



 

Шығармаларды оқып, талдау – 90 сағат. 

Тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстар – 8 сағат. 

Сыныптан тыс оқыған шығармалаы туралы әңгіме – 4 сағат.  

 

Жаттауға ұсынылатын шығармалар: 

1.

 



Малдың басын сүюі. (өлең). 

2.

 



Мақал-мәтелдер. 

3.

 



«Аяз  би»  ертегісінен  «  Тақсыр  хан  елу  жасқа  келіп  жаман  болған 

жоқпын»  дегеннен  «Енді  мен  жаман  емей,  жақсымын  ба?»  (оқулықта  57 

бетте) деген жерге дейін. 


 

13 


4.

 

М.Өтемісұлы «Қызғыш құс». 



5.

 

Абай «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба». 



6.

 

М.Әуезов. «Ақын қонақтар» Мұғалімнің қалауы бойынша. 



7.

 

Қ.Аманжолов. «Дауыл». 



8.

 

С.Мәуленов. «Менің республикам». 



9.

 

М.Мақатаев. «Фантазия». 



10.

 

М.Шақанов «Отырар». (үзінді). 



 

6 СЫНЫП 

 

Көркем әдебиеттің адам өміріне алатын орны (1 сағат). 



Халық ауыз әдебиет. 

Батырлар жыры туралы түсінік.(1 сағат) 



«Қобыланды батыр» жыры (3 сағат) 

Жырдың  қаһармандық  сипаты,  елжандық  мәні.  Қобыландының 

адамгершілік  тұлғасы.  Ақылды  жар  Құртқа  мен  ер  қанаты  Тайбурылдың 

жырдағы орны, олардың суреттелу шеберлігі. Тайбурылдың шабысы. 



«Алпамыс батыр» жыры. (3 сағат). 

Жыр  тақырыбының  ел  бірлігін,  тыныштығын,  елді  сыртқы  жаудан 

қорғау,халық  қамын  ойлаушы  батырды  армандау  мүддесінен  туатындығы. 

Сол арманның Алпамыс бейнесі арқылы көрінуі. 

Ұлтан-сатқындық, жауыздық құлы, іштен шыққан қауіпті жау. 

Жырдағы асыл жар бейнесі. Адал, айнымас достықтың жырда көрінуі. 



Әдебиет теориясы: Гипербола туралы ұғым. 

Пәнаралық  байланыс:  Театр.М.Әуезов.  «Қарақыпшақ  Қобылданды». 

Бейнелеу өнері. Батырлар жырындағы суреттер. 



Қосымша оқуға: Батырлар жыры. 

VII-VIII ғасыр әдебиеті. 

«Күлтегін» жыры(1 сағат). 

Ежелгі  дәуір  әдебиеті  туралы  алғашқы  түсінік.  Ежелгі  мәдени  өмір 

суреттелген асыл мұраларға сипаттама. Ата-бабаларымыздың ертедегі білім-

білігінің,ежелгі  дүние  танымының  қилы  кезеңдердегі  ел  үшін,жер  үшін 

еркіндік  пен  тәуелсіздік  үшін  жүргізген  күрестерінің,  ерлік  шежіресінің 

”Күлтегін” ескерткішінде суреттелуі.Күлтегін бейнесі. 



Қосымша оқуға: «Алып-Бамсы» батыр жыры.  

XIX ғасыр әдебиеті үлгілерінен. 

Дулат Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» (1 сағат). 

Өлеңнің  жеке  адамға  арнау  үлгісінде  айтылғандығы  туралы.Ақынның 

ел  болашағы-жастарға  деген  бата-тілегі,зор  үміті  мен  сенімі.Ақын 

арманының риторикалық сұраулы сөйлем арқылы берілуі,өлеңнің көркемдік 

ерекшелігі. 

Әдебиет теориясы: Риторикалық сұраулы сөйлем. 

Сүйінбай  Аронұлы.  «Жақсы  мен  жаман  адамның  қасиеттері»  (1 

сағат). 


 

14 


Өлеңде  ақынның  жақсы  адам  бойындағы  қасиеттер  мен  жаман  адам 

бойындағы  кемшіліктерді  қарама-қарсы  суреттеуі,  адамгершілік  ізгі 

қасиеттерді жоғары тұтып ардақтауы. 

Абай.  «Шоқпардай  кекілі  бар  қамыс  құлақ».  «Құлақтан  кіріп  бойды 

алар», «Әсемпаз болма әрнеге», «Отыз бірінші қара сөз» (3 сағат). 

«Шоқпардай  кекілі  бар  қамыс  құлақ».  Өлеңде  бейнеленген  аттың 

мүсіндік  портреті.Ақынның  жылқы  малына  ұлттық  психология  тұрғысынан 

көзқарасы. 

«Құлақтан  кіріп  бойды  алар».  Ән-өнердің  бір  түрі,оның  жанға  ләззат 

беретін,ой салатын құдіреті. 

«Әсемпаз болма әр неге». Жастарды өнер,білім үйрену арқылы өмірдің 

өз орнын табуға үндеу. 

Отыз  бірінші  қара  сөз.  Абайдың  прозалық  үлгіде  жазылған 

шығармалары туралы түсінік. Ондағы терең философиялық ой. 

Әдебиет  теориясы:  Өлең  құрылысы  (шумақ  пен  тармақ,буын  мен 

бунақ,ырғақ пен ұйқас), қара сөз туралы мәлімет. 



Қосымша оқуға: «Күз», «Интернатта оқып жүр». 

Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  «Адамдық  борышың»,  «Жолама  қулар 

маңайға» өлеңдері (1 сағат). 

«Адамдық  борышың».  Ақын-ұлы  гуманист.  Ақынның  адамгершілік 

идеяларының  өлеңдегі  көрінісі.  Абай  шығармаларымен  үндестігі.  Өлең 

құрылысындағы  ерекшелік.  «Жолама  қулар  маңайға».  Өлеңдегі  терең  ой, 

дүние  сырын  ұғыну.  Азамат  үшін  қам  жеген  адамның  артында  өшпес  із 

қалатыны жайлы. 

Әдебиет  теориясы:  Өлең  құрылысындағы  жаңалық  (ұйқас,  буын, 

тармақ өлшемі ). 



Пәнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы.XIX  ғасырдың  екінші 

жартысындағы Қазақстанның мәдениеті. 



Ахмет Байтұрсынов. «Қара бұлт». «Анама хат» өлеңдері (1 сағат). 

Ақынның  «Қара  бұлт»  өлеңі  арқылы  өмірдегі  қара  ниетті  адамдарды 

сипаттауы. «Анама хат» өлеңіндегі баланың анаға деген сағынышы. Өлеңдегі 

ұлтжандылық сезім. 



Сұлтанмахмұт  Торайғыров.  «Шығамын  тірі  болсам  адам  болып», 

«Мен қазақ» (1 сағат). 

Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмір сүру идеялы. Оның надандық 

пен қараңғылыққа қарсы қайратты үні, өз ұлты,өз халқына деген перзенттік 

мақтаныш сезімі. 

Әдебиет теориясы: Лирикалық қаһарман туралы түсініктерін дамыту. 

Мағжан Жұмабаев. «Мен кім?» , «Қазақ тілі» (1 сағат). 

Өлеңдерде  көрініс  берген  ақынның  болашаққа  деген  сенімі,халық 

тағдыры, ел келешегі және жастарға деген аманат. 

«Қазақ тілі» өлеңіндегі ақынды толғандырған тіл тағдыры. Туған тілге 

деген  құрмет,  терең  сезңім.  Өлеңдегі  оптимистік  асқақ  үн,  метафоралық 

шендестірулер,  олардың  өлең  идеясын  ашудағы  мәні.  Өршіл  ақынның  сөз 

өміршеңдігін сезінуі. Өзңне берген бағасы. 


 

15 


Әдебиет теориясы: Метафоралық шендестірулер. 

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. 

Қосымша оқуға: «Күншығыс» өлеңі. 

СәкенСейфуллин. «Далада» (арнау өлең) (1 сағат). 

Сәкен туралы сөз.Туған жерге, кең далаға сүйіспеншілік. 

Ақынның  мақтаныш  сезімі.  Жаңа  өмірден  жақсылық  күткен  ақынның 

өз  бейнесі.  Кең  дала,  асау  тұлпар  суреті.  Романтикалық  көңіл-күй.  Тұлпар-

жаңалық, бақыт, азаматтық символы. 

Әдебиет теориясы: Дамыта суреттеу. 

Пәнаралық  байланыс:  Қазақстан  географиясы.  Қазақстан  жері, 

табиғаты. 



Қосымша оқуға: «Қашқынның ауылы». 

Бейімбет Майлин. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» (2 сағат). 

Қазақ  ауылындағы  20-30  жылдардағы  ұжымға  біріктіру  ісіндегі 

білімсіздік, қолына билік тиген шолақ белсенділердің ел басқару тәртібіндегі 

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» саясатын ұстануы, адал, жаңа 

өмірге  сенген  еңбеккер  шаруалардың  көрген  қиындықтарды  типтік  образ 

Дайрабай  арқылы  көрінуі.  Тұрмыс-тіршіліктің  психологиялық  тұрғыда 

мінездеу, суреттеу, диолог, монолог, жеңіл юмор арқылы шебер суреттелінуі. 

Әңгімені  баяндау  тіліндегі  ерекшелік.  Жазушы  позициясы.  Кейіпкерлердің 

ой-өрісі, мінезі мен сөйлеу тіліндегі байланыс. 

Әдебиет теориясы: Әңгіме туралы түсінікті дамыту. 

Қосымша оқуға: «Ыбыраймын, Ыбыраймыз». 

Ілияс  Жансүгіров.  «Анам  тілі»,  «Домбыра»,  «Күйге»  өлеңдері  (1 

сағат). 

Адамның  ана  тілі  арқылы  өзін  қоршаған  ортада  бастап  байтақ  әлемді 

танып-білетіндігі туралы. Домбыра үнін жүрекпен тыңдау. 

Пәнаралық байланыс: Музыка. Қазақтың күй өнері. 

Қосымша оқуға: «Жетісу суреттері». 

Мұхтар  Әуезов.  «Біржан  сал  Абай  ауылында»  («Абай  жолы» 

романынан үзінді) (3 сағат). 

Ерекше сый-қонақ күткен ауыл. Көкшетаудан келген Біржан әнінің зор 

құдіреті,  сырлы  сезім  сиқыры.  Абайдың  ән  қадірін  ардақтап,  Біржанды 

қадірлі  қонақ  етіп,  өнер  сүйер  жастарды  жинап,  үлгі-өнеге  көрсетуі,желекті 

жас  келін  Әйгерімнің  ән  салуына  еркіндік  беруі,өзі  сол  ортада  болып, 

басшылық  етуі.  Жас  буын  жүрегіне  шынайылық  нұрын  өнер  арқылы 

жеткізудегі, тәрбиелеудегі Абай мақсаты. 

Өнер мен ескілік салт-сана арасындағы бітіспес күрес. 

Әдебиет теориясы: Типтік образ туралы. 

Қосымша оқуға: «Жетім» әңгімесі. 

Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (3 сағат). 

«Автобиографиялық  әңгіме»  -жазушы  өмірінің  шежіресі.  Бекет 

Өтетілеуовтың ұстаздық тағылымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. 

«Жапон  балладасы».  Арқанның  әңгімесі.  Көздің  әңгімесі.  Тастың 

іңгімесі.  XX  ғасырдың  ең  сұмдық,  ең  жауыз  қасіреті  атом  апатының 


 

16 


әшкерленуі.  Жазушы  стиліндегі  ерекшелік.  Жансыз  тастың.арқаның,  көздің 

айыптау  үні.  Баллададағы  айбынды  рух.  Тоталитарлық  жүйе  кезіндегі 

Қазақстанның полигондарға айналуы. «Невада-Семей» қозғалысы туралы. 

Әдебиет теориясы: Баллада туралы ұғым. 

Пәнаралық 

байланыс: 

Қазақстан 

тарихы.Қазақстан-тәуелсіз 

мемлекет. 



Қосымша оқуға: «Талпақ танау» әңгімесі. 

Әбу  Сәрсенбаев.  «Туған  жер»,  «Сен,  құрметте  оны,  қарағым»  (1 

сағат). 

Ақынның  туған  жерге,елге  деген  сүйіспеншілік  сезімі.  Соғыс 

ардагеріне  құрмет,  ізет  көрсету  және  ізгілік  мәселелері.  Өлеңнің 

бейбітшілікті әспеттеу үні. 



Әдебиет теориясы: Тақырып, идея туралы. 

Бауыржан  Момышұлы.  «Жауынгердің  тұлғасы»  («Қанмен  жазылған 

кітаптан» үзінді) (2 сағат). 

Үзінді  де  суреттелген  соғыс  кезіндегі  жауынгерлердің  табандылығы, 

батырлығы.Батыр  Бауыржан  Момышұлының  өз  бейнесі,батырлық  тұлғасы. 

Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі.Үзіндінің деректілік сипаты. 

Әдебиет теориясы: Деректі шығармалар туралы алғашқы түсінік. 

Пәнаралық  байланыс:  Тарих.  Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында. 



Бердібек  Соқпақбаев.  «Менің  атым  Қожа»  (хикаяттан  үзінді)  (3 

сағат). 

Оқиға  және  характер.  Шығарманың  бас  кейіпкері  Қожа  мінезінің 

қалыптасуына  өскен  ортаның,  отбасының,  мектептің  игі  әсері.  Қожаның 

қиялшыл,  сезімтал,  зейінді  бала  екендігі.  Хикаятта  бала  табиғатына  тән 

мінездердің  көрінуі.  Кейіпкер  сана-сезімнің  өсуі,  рухани  жан  дүниесінің 

баюы. Хикаят оқиғасының тартымдылығы,шынайылығы. Тәрбие мәселесінің 

көтерілуі. 

Әдебиет теориясы: Хикаят туралы ұғымды кеңейту. 

Пәнаралық  байланыс:  Кино.  «Менің  атым  Қожа»  фильмінен 

фрагменттер. 



Қосымша оқуға: «Жекпе-жек» хикаяты. 

Мұқағали  Мақатаев.  «Қайырлы  түн»,  «Қара  өлең»,  «Елім  барда», 

«Анау-аспан,мынау-бақ» (2 сағат). 

«Қайырлы  түн».  Ақынның  бейбіт  өмір  мен  гуманизмді  насихаттауы. 

Ақын-бейбітшілік  күзетшісі.  Сөз  образдары.  Өлең  тілі.  Арнау,  оның 

поэзиядағы рөлі. 

«Қара  өлең».  Қазақ  поэзиясының  негізі-жыр  және  қара  өлең  екендігі, 

оған  деген  ізет.  Өнердегі  осы  дәстүрді  дамытуға,  қастерлеуге,  ата  мұрасын 

құрметтеуге шақырған ақын үні. 

«Анау  –аспан,  мынау-бақ»  Өлеңіндегі  қыс  көрінісі.  Табиғаты  адам 

кейпінде суреттеу көріктенудің бір түрі екендігі. 



Әдебиет теориясы: Қара өлең ұйқасы туралы түсінік. 

 

17 


Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Балықшылар»  («Қан  мен  тер»  романынан 

үзінді) (3 сағат). 

Романнан  алынған  үзіндіде  Арал  балықшыларының  ауыр 

тұрмысы,  отаршыл  қара  күштер  жауыздығының  әңгімеленуі, 

әділетсіздікке  қарсы  халық  наразылығының  суреттелінуі.  Үзіндідегі 

жеке  суреттер,  портреттік.  тұрмыстық  сипаттамалар:  жар  басындағы 

жарбиған 

жүдеу 


лашықта, 

дауылды 


күнгі 

теңізге 


ыққан 

балықшылардың  толқынмен  арпалысы.  Еламан  бейнесі.  Шығармадағы 

Андрей бейнесі. 

Әдебиет теориясы: Сюжет туралы, тенеу туралы ұғымды кеңейту. 

Шерхан Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романына үзінді) 

(3 сағат). 

Шығармадағы  мемлекет  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  балалық 

шағы.  Тағдыр  асулары.  Бала  Тұрардың  қиындыққа  төзімділігі  мен 

кайсарлығы, алғырлығы мен зеректілігі. 

Кейіпкер бейнесін  ашып  тұрған көркем  детальдар, жүйелі  көркем 

тіл. Жазушының әңгімелеу, баяндау шеберлігі. 



Пәнаралық  байланыс:  Кино.  «Асуда  атылған  оқ».  Қырғыз 

фильмінен жеке фрагменттер. 



Талап  Сұлтанбеков.  «Ғажайып  планета»  (ғылыми-фантастикалық 

көркем шығармадан үзінді (2  сағат). 

Келешек  адамының  және  ғылымының  бейнесі.  Фантастикалық 

шығармалардың  оқырманды  тіршілік,  әлем  туралы  кұпия  жұмбақтарға 

жетелеуі, ойлы дамытудағы орны. 

Жазушының 

фантастикалық 

идеялары, 

қызықты 

болжам 


ұсынудағы шеберлігі. 

Әдебиет  теориясы:  Фантастикалық  шығармалардың  табиғаты 

туралы алғашқы ұғым. 



Сайын Мұратбеков. «Қылау» ( 2  сагат). 

Әңгімедегі  балалық  шақтың,  балғын  ссзімдердің  алғашқы 

ұшқындары. Шығармадағы нәзік лиризм мен жылы юмор. 

Әдебиет теориясы:  Кейіпкер туралы ұғымды кеңейту. 

Әбіш Кекілбай.  «Шыңырау» (3 сағат). 

Шығармадағы  адам  өмірінің  әлеуметтік  сыр-сипаты.  Еңсептің 

психологиялық  терең  тұлға  екендігі.  Өткен  заманның  қаһарлы  да 

күрделі  бейнесінің  әңгімеде  көрінуі.  Жазушы  шығармашылығына  тән 

психологизм, ішкі монологтар. 

Әдебиет  теориясы:  Көркем  шығармадағы  характер  мен  ортаның, 

жағдайдың өзара байланысы. 



Мұхтар  Мағауин.  «Бір  атаның  балалары»  (хикаяттың  жеке 

тараулары) (3 сағат). 

Соғыс  қасіретінің  ауыл  тіршілігіне,  адамдар  психологиясына 

әсерінің  әңгімеленуі.  Соғыс  қайғысын  көрген,  аяулы  азаматтарынан 

айрылған  қарапайым,  ұлттық  ерекше  қасиетімен  бейнеленген  Ахмет 

сияқты  адамдардың  панасыз  қалған  балаларды  ұлтына,  тіліне,  түріне 



 

18 


қарамай,  жатсынбай  қамқорлыққа  алуы.  Қазақ  халқының  кең, 

мейірімді.  қонақжай  қасиеттері.  Әңгіме  негізіндегі  шындық,  тарихи 

деректілік. 

Әдебиет теориясы: Көркем шығарманың тақырыбы мен  идеясы. 

Пәнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы.  М.Қ.  Қозыбаев, 

І.М.Қозыбаев. «Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар». 

Дулат Исабеков. «Ата үміті» (3 сағат). 

Табиғатқа қиянат жасаған Омаш қылықтары. Жазушының  ондай жат 

әрекеттерден жас ұрпақты сақтандыратыны.  Әңгімедегі ізгілік,  адамгершілік 

мәселелері. Табиғат пен адам қатынасы. 

Әдебиет теориясы: Әңгіме құрылысы. Композиция туралы түсініктерін 

кеңейту. 

Әлем әдебиеті үлгілерінен. 

«Манас жыры» (үзінді) «Манастың бала шағы» (2 сағат). 

«Манас  жырының»  көлемі  жағынан  аса  аумақты,  қырғыз  халқының 

даңқты  мұрасы,  дүниежүзілік  мәдениеттің  алтын  қорының  бірі  екендігі. 

Жырдың  жеңімпаз,  ақылды  Манас  бастаған  қырғыз  батырларының  шетел 

басқыншыларына  қарсы  жорықтарын  сөз  етуі.  өз  халқының  бақыты  мен 

бірлігі  үшін  ішкі,  тысқы  жаулармен  аянбай  күрескен  Манас  бейнесі. 

Манас — халық даналығы, арманы, қиялы туғызған қасиетті батыр. 

Әдебиет теориясы:  Жыршы туралы ұғым. 

Пәнаралық  байланыс:  Қазақ  батырлар  жыры:  «Ер  Тарғын», 

«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» жырлары. 

Джек Лондон.  «Мексика ұлы» (2 сағат). 

Әңгімеде  көзге  ашаң,  әлсіз  көрінген  Ривераға  қуат  берген.  күш 

берген өзі сияқты кара нәсілдер намысы, ана үміті екендігі. Ривераның  

атаққа,  ақшаға сатылмаған биік тұлғасы. 

Ривера мен Денни портреті. Рингтегі айқас суреті. 

Пәнаралық  байланыс:  Дене  тәрбиесі.  Б.Төтенай,  С.Тайжанов 

«Қазақстан спорт шеберлері». 

 

Шығармаларды оқып талдау — 60 сагат. 

Шығармашылық жұмыстар, тіл ұстарту — 4 сагат. 

Сыныптан тыс окыған шығармалары туралы әңгіме 4 сагат. 

 

Жаттауға ұсынылатын шығармалар: 

1.Тайбурылдың шабысы. 

2.Әсемпаз болма әрнеге. 

3.Шығамын тірі болсам адам болып 

4.Анам тілі. 

5.Күйге. 

6.Туған жер. 

7.Елім барда. 

8.Адамдық борышың. 

 


 

19 


7 СЫНЫП 

 

Кіріспе.  Көркем  әдебиеттің  коғамдық  мәні,  эстетикалық, 

тәрбиелік  құдіреті.  Көркем  әдебиеттегі  суреттеу  тәсілдерінің  алуан 

түрлілігі. Сөз басы. ( 1  сағат). 

Лиро-эпостық  жырлар туралы (1  сағат). 

Лиро-эпостық  жырлардың  тақырыбы,  өзіндік  ерекшеліктері  және 

олардың 

батырлар 

жырынан 

айырмашылығы. 

Лиро-эпостық 

жырлардағы халықтың тұрмыс салты мен әдет-ғұрпының көрінісі. 



«Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» жыры (3 сағат). 

Жыр  -  көне  дәуір  мұрасы.  Тақырыбы.  Мазмұны  мен  идеясы. 

Көркемдік  ерекшеліктері.  Қозы  мен  Баянның  адал  махаббаты. 

Қарабайлар  мен  Қодарлар  әлемі.  Жырдағы  ауыз  әдебиеті  үлгілері, 

тарихи жер, су аттары, олардың шындыққа үйлесімділігі мен үндестігі. 

Әдебиет  теориясы: Лиро-эпостық жыр. Типтік образ. 

Пәнаралық  байланыс.  Театр.  Ғ.Мүсіреповтің  «Қозы  Көрпеш  - 

Баян сұлу» пьесасы. 



Қосымша оқуға: «Айман-Шолпан». 

Шешендік сөздер.  Билер сөзі - нақылдың көзі (2 сагат). 

XIX ғасыр әлебиеті үлгілерінен. 

Дулат Бабатайұлы. «Аягөз қайда барасың?»  (1  сағат). 

Туған  жер,  ата  қоныстан  айырылған  халықтың  қарсылығын 

танытқан ақынның жүрек айғайы. 

Аягөз өзені, туған жер әсемдігінің өлеңде суреттелуі. 



Әдебиет  теориясы:  Өлең туралы. 

Қосымша окуға: «Өсиет», «Ата қоныс Арқадан»  

Пәнаралық  байланыс:  Тарих.  XIX  ғасырдағы  Қазақстаның 

саяси- әлеуметтік жағдайы. 



Махамбет Өтемісұлы.  «Тарланым» ( 1  сағат). 

Ақын  жырларындағы  Исатай  бейнесі.  Исатайдың  батырлығымен 

қоса оның сабырлы, парасатты, сері екенін де көрсету. 

Әдебиет теориясы: Теңеу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет