Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата22.12.2016
өлшемі0,5 Mb.
#38
1   2   3   4   5

Жамбыл  Жабаев.  «Жаныс  ақынға»,  «Патша  әмірі  тарылды», 

«Сұранщы батыр» дастанынан үзінді (2 сағат ). 

Жамбылдың  өмірі  мен  шығармашылығы,  Жамбыл-  фольклордың  ірі 

өкілі, айтыс ақыны, жыршылдық өнердің шебері. 

«Жаныс  ақынға»  арнау  өлең  үлгісі  екендігі,  ұстазы  Сүйінбайды  пір 

тұтуы. 


«Патша  әмірі  тарылды».  1916  жылғы  Ресей  патшасының  жарлығына 

ақынның қарсылығы, жан толғанысы, жастарға деген жанашырлығы. 

«Сұраншы  батыр»  дастанының  «Қобыланды  батыр»  жырына  ұқсас 

жақтары. Сұраншы батырдың өмірде болғандығы. Дастанның тәрбиелік мәні. 



Әдебиет теориясы: гипербола, эпитет, теңеу. 

Пәнаралық байланыс. Халық ауыз әдебиеті, ХХ ғасыр әдебиеті. 

Қосымша оқуға: «Абайдың суретіне», «Кәмшат қыз». 

Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша» (романнан үзінді) (2 сағат). 

«Ай мен Айша» - тарихи шындық негізінде жазылған көркем туынды. 

Жазушының  ата-ана,  туған  жер,  туған  ауыл  адамдарына  құрметі. 

Шығарманың тәрбиелік мәні. Жазушының тіл шеберлігі. 



Әдебиет теориясы:  роман туралы ұғымды тереңдету. 

Пәнаралық  байланыс.  Қазақстан  тарихы:  1937  жылғы  саяси  жағдай. 

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы. 



Мағжан  Жұмабаев.  «Түркістан»  өлеңі,  «Батыр  Баян»  поэмасы  (3 

сағат). 

Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. 

«Түркістан».  Өлеңдегі  туған  жерге,  елге  деген  ақынның  мақтаныш 

сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. 

«Батыр  Баян»-патриоттық  шығарма.  Поеманың  тарихи-әлеуметтік 

негізі.  Абылай хан,  Батыр  Баян образдары.  Баянға  тән  биік  рух, отты  сезім. 

Поэмадағы ақын тілінің шеберлігі. 

Әдебиет теориясы:поэма туралы ұғымды тереңдету. 

Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  ХVIII  ғасырдағы  қазақ-қалмақ 

соғысы.Абылай хан туралы. 



Міржақып Дулатұлы. «Шешенің балаларын сүюі» (1 сағат). 

Дулатұлының өмірі туралы қысқа мәлімет. 

«Шешенің  балаларын  сүюі».  Ананың  баласына  деген  махаббаты, 

балаға ана қадірін ұқтыру. 



Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  ХХ  ғасыр  басындағы  Қазақстандағы 

саяси-әлеуметтік жағдай. Алашордашылар туралы. 



Қосымша оқуға: «Насихат», «Елім-ай», «Тұңғыш құрбан» өлеңдері 

Мұхтар Әуезов.  «Қараш-Қараш оқиғасы» (3 сағат). 

Ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. 



 

29 


«Қараш-Қараш  оқиғасы»  -  тарихи  шындыққа  негізделген  көркем 

туынды.  Бақтығұлдың  тағдыры.  Кейіпкерлердің  сырт  қимылдары  мен  ішкі 

сезімдерін суреттеудегі жазушы шеберлігі. 

Әдебиет теориясы: көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы. 

Пәнаралық байланыс. Кино: «Қараш-Қараш» асуындағы атыс. 

Қосымша оқуға: «Еңлік-Кебек» пьесасы. 

Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы» (2 сағат) 

Жазушының өмірі мен шығармашылық жолынан қысқа мәлімет. «Күй 

аңызының»  өнер  тақырыбына  жазылған  шығарма  екендігі.  Жазушының  тіл 

қолдану шеберлігі. Әңгіме сюжетінің тартымдылығы. 



Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. 

Пәнаралық байланыс. Музыка: Күй өнері туралы. 

Мұқағали Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (2 сағат) 

М.Мақатаев  шығармашылығы  туралы.  Поэмадағы  табиғатты  қорғау,  

аялау  идеясының  халық  ұғымындағы  қасиетті  нәрселермен,  ұлттық  сенім-

нанымдармен көмкеріле берілуі. Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы 

қарым-қатынастың  жырдағы  көркемдік  шешімі.  Жырдың  сюжеті  мен 

композициясы. 



Әдебиет теориясы: композиция, сюжет туралы ұғымдары тереңдету. 

Пәнаралық байланыс. Музыка: Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі. 



Кино: «Қыз Жібек» 

Қосымша  оқуға:  В.А..Моцарт.  «Жан  азасы»,  «Не  пайда  күрсінгеннен, 

өкінгеннен». 

Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі (2 сағат). 

Қ.Жұмаділовтің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы.  «Қаздар  қайтып 

барады»  әңгімесіндегі  шетелдегі  қазақтардың  туған  жерге,  елге  деген 

сағынышы.  Әңгіменің  негізгі  кейіпкері,  қарттың  мойнынан  түспеген  қырық 

жылғы бойтұмардың символикалық, тәрбиелік мәні. 

Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  Дүниежүзі  қазақтарының  бірінші 

құрылтайы. 

Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» өлеңдері 

(1 сағат). 

О.Сүлейменовтің өмірі, шығармалары туралы. «Арғымақ», «Қыз қуу». 

Қазақ  халқының  жылқы  малына,  ұлттық  өнерге  деген  қарым-қатынасының 

өлеңдегі көрінісі. Өлеңдегі қайталаулар. 

«Махамбетке». Өлеңде Махамбет бойындағы өрлікті, ерлікті, намысты 

мадақтауы. Махамбет бейнесі. 



Әдебиет теориясы: психологиялық параллелизм, теңеу, қайталаулар. 

Пәнаралық  байланыс.  Махамбет  Өтемісұлының  шығармасын  еске 

түсіру. 


Қосымша оқуға: «АзиЯ» зерттеу еңбегі. 

Төлеген Айбергенов. «Ана», «Аруана – бауыр дүние» (1сағат) 

Т.Айбергеновтің  өмірі  мен  шығармашылық  жолы.  Ана  мен  аруана 

(түйе) сезіміндегі ұқсастық. Туған жер қадірін аруананың сезінуі. 


 

30 


Пәнаралық  байланыс.  Музыка:  Құрманғазының  күйі  «Қайран 

шешем», «Динаның күйі «8март». 



Қосымша оқуға: «Сағыныш», «Сен менің өзімді көрсең» өлеңдері. 

Төлен  Әбдіков.  «Қонақтар»  (хикаяттан  ықшамдалып  алынған)  (2 

сағат) 


Жазушының  өмірі  туралы  мәлімет.  Үзіндідегі  ата-ана  мен  бала 

арасындағы  қарым-қатынас  мәселесінің  сөз  болуы,  қала  мен  дала 

адамдарының мінез-құлқы. Әңгімеге арқау болған ұрпақ тәрбиесі. 

Әдебиет теориясы: хикаят туралы. 

Пәнаралық байланыс: Педагогика: Ұрпақ тәрбиесі. 

Дулат исабеков. «Әпке» драмасы (3 сағат) 

Отбасы  мәселесі.  Әпкенің  жан  дүниесінің  байлығы,  адамгершілік 

болмысы. Пьесадағы драмалық коллизия. 

Әдебиет теориясы: драмалық шығармалар туралы. 

Пәнаралық байланыс: Театр: «Әпке» спектаклі. 

 

Әлем әдебиеті үлгілерінен 



Әбілхасан Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты», «Егіз жолдар» (1 сағат) 

Ә.Рудакидің өмірі туралы мәлімет. Парсы поэзиясының атасы атанған 

ақын өлеңдеріндегі дидактикалық сарын. Өлең жолдарындағы ақыл-парасат, 

адамгерішлік, имандылық қасиет туралы ақынның қалдырған өлмес мұрасы. 



Омар Һаям. «Рубаилар» (1 сағат) 

Әлем  поэзиясында  рубаилармен  өшпес  жұлдыз  жаққан  ақын  туралы. 

Рубаиларының тақырыптары. 

Әдебиет поэзиясы: рубаилар. 

Пәнаралық байланыс: Тарих.Шығыс мәдениеті. 

Расул Ғамзатов. «Менің дағыстаным» (үзінді) (1 сағат) 

Р.Ғамзатов  туралы  мәлімет.  «Менің  Дағыстаным»  -  патриоттық 

шығарма. Елін, тілін, туған жерін сүйген ақынның үні. Туған тілін ұмытқан 

баласын «өлдің деген ана қасиеті. Шығарманың тәрбиелік мәні. 



Шыңғыс Айтматов. «Найман ана» (2 сағат) 

Аңыздағы  ана  трагедиясы.  Мәңгүрт  ұлдың  тағдыры.  Адам  қолынан 

жасаған мәңгүрттікке ананың қарғысы. 

Пәнаралық  байланыс.  Балет:  «Найман  ана»  (қоюшы  Б.Аюханов). 

Театр: «ғасырдан да ұзақ күн» спектаклі (Қоюшы режиссер Ә.Мәмбетов). 



Қосымша оқуға: «ғасырдан да ұзақ күн» 

 

Жаттауға ұсынылатын шығармалар: 

М.Қашғаридың мақал-мәтелдерінен (оқушы таңдауы бойынша) 

А.Құнанбаев. «Өлең  – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір 

кездері» 

Ж.Жабаев. «Жаныс ақынға» 

М.Жұмабаев. «Түркістан» (үзінді) 

М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» (үзінді) 

Т.Айбергенов. «Ана» өлеңі. 



 

31 


О.Сүлейменов. «Арғымақ», «қыз қуу» өлеңдері. 

Р.Ғамзатов. «Менің дағыстаным» (үзінді) 

 

Бағдарламалық материалдарды оқуға – 53 сағат 

Әдеби теориялық ұғымдарды оқуға – 3 сағат 

Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстарға – 8 сағат 

Сыныптан тыс оқыған шығарма бойынша әңгіме – 4 сағат 

 

9-СЫНЫП 

Кіріспе (1 сағат) 

9  сыныптағы  әдебиет  пәнінің  мақсат  міндеттері  мен  мазмұны. 

Көркемдік 

мәдениеттің 

ілгерілеу 

нышандарын 

танытатын, 

даму 


тенденсияларын 

анқтылап, 

жүйелеп 

көрсететін 

жеке 

әдебиет 


туындыларының үлгілері. 

Халық ауыз әдебиеті. 

Ауыз  әдебиеті  туралы.  Ауыз  әдебиетінің  түрлері:  тұрмыс-салт 

жырлары,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ертегілер,  аңыз  әңгімелер,  шешендік 

сөздер, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыс (1сағат) 

Тұрмыс-салт жырлары (3 сағат) 

Жалпы  шолу.  Тұрмыс-салт  жырларының  тәрбиелік  мәні,  халық 

өмірімен байланысы. 

Әдебеит теориясы: эпитет, теңеу. 

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар (1 сағат) 

Мақал-мәтелдердің  тақырыптары,  өзіндік  ерекшеліктері.  Мақал-

мәтелден көрінетін халық даналығы. 

Жұмбақтардағы  ой-қисыны,  тақырыптарының  әр  алуандығы.  Ой 

тапқырлығына жетелейтін өзіндік ерекшеліктері. 

Әдебиет теориясы: аллегория, кейіптеу. 

Ертегілер (2 сағат) 

Аңыз-әңгімелер (3 сағат) 

Аңыз-әңгімелер  туралы,  оның  кейіпкерлерінің  тарихи  тұлға  екендігі. 

Аңыз-әңгімелердің  ертегілерден  айырмашылығы.  Мифтік  аңыздардың 

тарихы.  Табиғат  және  тіршілік  иелерінің  жаратылуы  туралы  байырғы 

ұғымдар. Асан қайғы, Қожанасыр, Алдаркөсе т.б. туралы аңыздар. Олардың 

көкейіндегі сөзінен халықтың арманы мен тілегінің көрініс табуы. 



Батырлар жыры. «Ер тарғын» (4 сағат) 

Батырлар  жырындағы  ұлттық  болмыс,  дүниетаным,  ерлік  істер.  Қазақ 

халқының асыл рухани қазынасы – классикалық батырлық эпостардың қазақ 

даласында  болған  ұлы  оқиғалар  екендігі.  Жырдың  реалистік  сипаттары. 

Образдың  жинақталып  берілуі.  Ер  Тарғын,  Қартқожа,  Ақжүніс  бейнелерін 

бірлікте алып суреттеу, олардың ерлік істері, батырлық мінез-қасиеттері. 



Әдебиет теориясы: шендестіру, ұлғайту, баяндау. 

Қосымша оқуға: «Қобыланды батыр», «Едіге батыр» жырлары. 

 

32 


Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» (4 сағат) 

Жырдағы  ұлттық  мәдениет,  тұрмыс-салт  көрінісі,  сұлулық, 

адамгершілік  қасиеттердің  ер  намысы,  халық  намысымен  тұтастықта 

сипатталуы. Композициялық жағынан көп вариантты болуының мәні. 



Әдебиет теориясы: теңеу, эпитет, метафора, монолог, диалог. 

Қосымша  оқуға:  «Айман-Шолпан»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу» 

жырлары. 

Шешендік сөздер (4 сағат) 

Шешендік  сөздердің  жанрлық  ерекшелігі.  Сөйлем  құрылысы  мен 

сөздік құрамы, мазмұны, тұлғасы, қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ еместігі 

жөнінде  түсінік.  Көркемдік  әсерлігі  мен  ой  қуаты,  дамыта  сөйлеу  стилі. 

Халық  шешендік  өнерінің  бастауы  ертегі  аңыздарда  жатқаны,  оларды 

кездесетін  бейнелі  сөз  тіркестері  шешендік  сөздердің  алғашқы  нұсқасы 

екендігі. 

Қазақ шешендерінің көрнекі өкілдері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 



Әдебиет теориясы: риторикалық айшықтар, теңеу, метафора. 

Қосымша  оқуға:  Бөлтірік  шешен,  Ақтайлақ  би  туралы.  «Шешендік 

сөздер» (жинақ) 



Айтыс. «Біржан мен сара» айтысы (5 сағат) 

Айтыс  туралы  жалпы  түсінік.  Айтыстың  түрлері,  айтылу  дәстүрі, 

жанрлық ерекшеліктері. 

«Біржан мен Сара» ақындар айтысының әдебиеттік үлгідегі сақталып 

жеткен  бірінші  нұсқасы  екендігі.  Айтысқа  тән  дәстүрлері,  композициясы. 

Өзіндік ерекшеліктері. 

Қазіргі  ақындар  айтысы.  Олардың  тақырыптық  композициялық 

көркемдік ерекшелігі. 

Айтыс  тек  тақырыптық  қана  емес,  парасаттылықтың,  біліктіліктің, 

мәдениеттіліктің, дарындылық пен білімділіктің көрінісі. 



Әдебиет теориясы: айтыс туралы түсінікті кеңейту. 

Қосымша  оқуға:  «Шөже  мен  Кемпірбай»,  «Жамбыл  мен  Доспанбет» 

айтыстары. 



 

Ежелгі дәуір әдебиеті (7 сағат) 

Ежелгі  дәуір  әдебиеті  туралы  жалпы  шолу.  «Күлтегін  ескерткішінің» 

тарихи ерлік поэма екендігі. 

«Қорқыт  ата  кітабы»,  «Оғызнама»  кейіпкерлерінің  символдық 

сипаттары.  Жақсылық  пен  жамандықтың,  адамгершілік  пен  зұлымдықтың, 

ақыл  мен  ақылсыздықтың,  даналық  пен  надандықтың  қарама-қарсылықта, 

өзара  күресте  көрсетілуі.  Автордың  өзіндік  көзқарасы.  Суреткерлік 

шеберліктері. 

А.Йассауи.  «Даналық  кітабы».  А.Йассауидің  өмір  жолы  туралы 

мәлімет. 

«Даналық  кітабы»  даналық  жанрына  жататын  туынды  екендігі.  Оның 

пәлсапалық мәні. Бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтардың діни уағыз 

үшін пайдаланылуы, дидактикалық сарын. 


 

33 


XV-XVIIIғасырдағы жыраулар поэзиясы (8 сағат) 

Жыраулық  өнер  туралы  жалпы  шолу.  Жыраулар  поэзиясының 

проблематикалық негіздері және көтерген мәселелері. Ел қорғау, ел басқару, 

ел  бірлігін  сақтау  мәселелерін  толғауы.  Өмір  жайлы,  адамгершілік 

насихаттар туралы толғаулар. 

Асан қайғы. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да жайық бол». 

Шалкиіз жырау. «Би Темірге бірінші толғау». 

Ақтамберді жырау. «Күлдір, күлдір кісінетіп». 

Шал ақын. «Ата-ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы». 

Үмбетай жырау. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» 

Бұқар  жырау.  «Бірінші  тілек  тілеңіз»,  «Ай,  Абылай»,  «Батырың  өтті 

Бөгенбай», «Асқар таудың өлгені» 



Дулат Бабатайұлы. «Аягөз», «Ей, Ақтан жас» (3 сағат). 

Ақынның  шығармашылық  өмірбаяны.  Ресей  отаршылдығына  қарсы 

жазылған өлең-жырларындағы елжандылық рух. 

Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман», «Сөз айтайын Асанға» (1 сағат) 

Шортанбайдың  ақындық  қуаты,  өзіндік  сарыны.  Заман  туралы  ой 

тұлғалары. 

Әдебиет теориясы: жыр, толғау, терме, жыршы ұғымдары. 

Дидактикалық  өлеңдер туралы. 



Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  XV-XVIII  ғасырдағы  қазақ  халқының 

жағдайы. 



 

ХІХ ғасыр әдебиеті. 

Махамбет  Өтемісұлы.  «Ереуіл  атқа  ер  салмай»,  «Баймағанбет 

сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек», «Мұнар күн» (3 сағат) 

Махамбет жырларының романтикалық сарыны. Өлеңдерінен көрінетін 

ерлік пафос, Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі. Махамбет поэзиясы – 

қазақ  әдебиеті  дамуындағы  жаңа  белес.  Ақынның  әдебиетімізге  жаңа  леп, 

жаңа бейнелі ой әкелуі, отты, уытты поэзияның үлгісін танытуы. 



Әдебиет теориясы: философиялық лирика туралы. 

Пәнаралық  байланыс.  Тарих:  Ыбырай  Алтынсарин.  «Азған  елдің 

хандары»,  «Азған  елдің  қожасы»,  «Азған  елдің  билері»,  «Балқожа  бидің 

баласына жазған хаты» (2 сағат) 

Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі. 

Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына сабақтастығы. 

Ыбырай  –  қазақ  балалар  әдебиетінің  негізін  қалаушы.  Әңгімелердің 

өміршеңдігі,  мазмұн,  түр  деңгейі,  туындының  идеялық-стильдік  бірлігі 

туралы мәлімет. 



Әдебиет теориясы: әңгіме, баяндау, суреттеу, мінездеу. 

Абай Құнанбаев. 

«Сабырсыз,  арсыз,  еріншек»,  «Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін», 

«Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ», «Ескендір» (дастан) (5 сағат) 


 

34 


Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті 

туралы,  Абайдың  қазақ  поэзиясына  енгізген  жаңалықтары.  Ақынның  тіл 

байлығы. 

Қара сөздері. Отыз бірінші өз. 

Абай  қара  сөздерінің  көтерген  мәселелері,  даналық  ойлары, 

насихаттары,  пікір  жағынан  өлеңдерімен  тығыз  байланысы,  өзіндік 

ерекшелігі. 

«Ескендір»  дастаны.  Дастанның  тақырыбы,  идеялық-көркемдік 

маңызы. 

Әдебиет теориясы: азаматтық лирика туралы ұғымды кеңейту. 

Қосымша оқуға: «Масғұт поэмасы». 

Жамбыл  Жабаев.  «Кәдірбайдың  төбеті»,  «Шағым»,  «Ата  жаумен 

айқастық», «Жайлау», «Ленинградтың өренім» (2 сағат) 

Жамбылдың  өмірі  мен  ақындық  қызметі.  Ақын  шығармаларының 

негізгі  тақырыптары.  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  өлеңдері  мен  ұрпақты 

елжандылыққа  тәрбиелеуі.  Бала  Жамбылдың  әкесіне  айтқан  өлеңі. 

Фольклордың жаңа үлгісін жасауы, ауыз әдебиетінің жаңа сатыға көтерілуі. 



Әдебиет теориясы: ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің байланысы. 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров.  «Тұрмысқа»,  «Өмірінің  дәрісі», 

«Шығамын тірі болсам адам болып» (3 сағат) 

Сұлтанмахмұттың  өмірі  мен  ақындық  жолы.  Ақын  поэзиясындағы 

азаматтық сарын. Еліне деген сүйіспеншілік. 



Әдебиет  теориясы:  типтік  бейне,  лирикалық  кейіпкер,  сыншыл 

реализм 


Пәнаралық  байланыс:  Тарих:  ХХ  ғасыр  басындағы  Қазақстан 

мәдениеті. 



Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» (3 сағат) 

Ж.Аймауытов  –  ақын,  романист,  драматург,  ғалым.  Уақыттың 

көкейтесті,  әлеуметтік  қайшылықтарының  жан-жақты  бейнеленуі.  Әнші 

Әмірханды  өмір  тұтастығымен  бірлікте  суреттеуі;  әнші  бейнесі.  Әңгімедегі 

ән өнерінің құдіреті. 

Әдебиет  теориясы: баяндау, суреттеу, теңеу, эпитет, құбылту. 

Қосумша оқуға: «Ақбілек» романы 

Мағжан Жұмабаев. «Сен сұлу», «Туған жерім» (2 сағат) 

Ұлтжанды 

ақынның 

шығармашылық 

өмір 

жолы. 


Мағжан 

шығармаларына  тән  азаматтық  әуен,  отты  сезім.  Мағжан  поэзиясының 

сыршылдығы, суреттілігі, әуезділігі туралы. 

Қосымша оқуға: Махамбет туралы өлеңдері 

Әдебиет теориясы: пейзаж туралы ұғымды кеңейту. 

Ілияс Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (3 сағат) 

І.Жансүгіровтің  шығармашылық  өмір  жолы.  «Күйші»  дастанында 

ақынның  көркемдік  қуаты,  психологиялық  сезімі  күй  құдіретімен 

сабақтастығы. Ілияс шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. 



Әдебиет теориясы: өлеңнің көркемдегіш құралдары. 

Қосымша оқуға: «Күй» дастаны 

 

35 


Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» эпопеясы (5 сағат) 

М.Әуезовтің  шығармашылық  өмірбаяны.  Шығарманың  эпопеялық 

сипаты. Роман-эпопеяда ұлы ақын Абайдың азаматтық, ақындық өмірі және 

заман келбетінің суреттелетіндігі. 

Қазақ  халқының  өмірі,  тұрмыс-салт,  дала  суреттері.  Жазушының  өз 

шығармалары арқылы әлем әдебиетіне қосқан үлесі 



Әдебиет теориясы: роман-эпопея туралы ұғым. 

Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан» романы (3 сағат) 

Ғ.Мүсірепов  –  сөз  зергері.  Шығармаларындағы  ананы  дәріптеу 

идеялары. Қазақ даласындағы романтикалық тұлғалар туған өлкенің арынды 

да  ағынды,  отты  да  өршіл  тірлігімен  біте  қайнасып,  көтеріңкі  рух,  қайсар 

мінез байқатуы. Ұлпанға мінездеме. Халқына деген сүйіспеншілігін көрсету. 

Есеней мен Ұлпан арасындағы адамгершілік достықтың көрінісі. 

Әдебиет теориясы: суреттеу, ішкі монолог. 

Қосымша оқуға:  «Кездеспей кеткен бір бейне» 

Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясы (3 сағат) 

І. Есенберлиннің өмір жолы, шығармашылық жолы. 

Шығармада  көне  қазақ  елінің  үлкен  тарихи  шындығын  көрсетуі. 

Болашаққа үмітпен қарау идеясының бүгінгі күн, тәуелсіз  еліміздің жарқын 

тағдырымен бірлікте алып суреттелуі. 

Әдебиет теориясы: тарихи роман. 

Қосымша оқуға: «Қаһар» романы 

Мұқағали Мақатаев. «Райымбек , Райымбек поэмасы» (2 сағат) 

М.Мақатаевтың  шығармашылық  өмір  жолы.  Мұқағалидың  қазақ 

поэзиясына  қосқан  үлесі.  «Райымбек,  Райымбек»  поэмасы  тарихи  поэма 

екендігі. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. 



Әдебиет теориясы: тарихи поэма туралы ұғымды тереңдету. 

 

Әлем әдебиеті үлгілерінен 



Шыңғыс Айтматов. «Шынарым менің шырайлым» хикаяты (3 сағат) 

Ш.Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны. Шыңғыс көтерген жалпы 

адамзаттық құндылық мәселелері. 

Шыңғыс  шығармаларының  дүниежүзілік  әдебиеттің  тарихи  фактісіне 

айналып,  төрінен  орын  алуы.  «Шынарым  менің  шырайлым»  хикаяты 

оқырмандардың  жүрегін  шымырлататын,  тебіреніске  түсіретін  көркем 

шығарма  екендігі.  Шығармадағы  шынайы  адамгершілік  қасиеттер,  достық 

мейірім. 



Қосымша оқуға:  «Теңіз жағалай жүргген тарғыл төбет» 

Мақтұмқұлы Фраги. «Түркімен тағдыры», «Ақырзаман», «Боларсың» 

(1 сағат) 

Мақтұмқұлының  өмірі  туралы  мәлімет.  Шығармаларында  халықтың 

береке-бірлігін, тұтастығын жырлауы. Өмір жайлы  толғаныстары. Түркімен 

әдебиеті тарихындағы биік тұлға, ақын екендігі. 

Әдебиет теориясы: мотив; өмір және көркемдік шындық. 

 


 

36 


Әдебиет тану. Эссе, хабар-сұхбат, экспромт, қиял мақала, сценарий 

(2 сағат) 

 

Шығармаларды оқып, талдауға – 89 сағат 

Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстар – 9 сағат 

Сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгіме – 4 сағат 

 

 

37 


ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН 

ТАЛАПТАР 

 

 5- 6 сынып оқушылары: 

 



бағдарламада  ұсынылған  әдеби  мәтінді,  үзінділерді,  өлеңдерді 

дұрыс, жүрдек (шапшаң) және мәнерлеп оқи алулары;  

 

көркем  мәтіндерді ауызша  мазмұндап айтып беруі



 

бағдарламаға  сәйкес  7-9  өлең  (бұған  поэмалар  фрагменттері  де 



кіреді), 3-4 прозалық туындылар үзінділерін жатқа айта алуы;  

 



әдеби  шығармада  бейнеленген  оқиғалар  мен  кейіпкерлер  әрекетін 

өзіндік  көзқарасын білдіре 뎶тырып,  сипаттай алуы алуы;  

 

отаңдық  және  шетелдік  классикалық  балалар  әдебиеті  үлгілерін 



мұғалім басшылығымен және өз бетімен  ізденіп оқуы; 

 



оқыған  туындының  тектік,  жанрлық  сипатын,  әдебиет  және 

фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай алуы;  

 

қазақ  ауыз  әдебиетінің  басты  жанрларының  (тұрмыс-салт 



жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, 

шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі  

белгілерін білуі;  

 



мәтінге қысқаша жоспар құра білуі

 



оқыған  шығарма  сюжетінің  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта  әр 

түрлі  шығармашылық    жұмыс  түрлерін  (өлең,  шағын  әңгіме, 

ертегі, т.б.) құрастыра алуы тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет