ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5-9 сыныптар
Аcтана 2010
2
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін
мектептің 5-9 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ
Астана 2010
3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010
жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Жұмажанова Т.Қ., Әрінова Б.А., Құрманбай
Г.С., Мадиева А.Т.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің
5-9 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы.– Астана,
2010. – 41 б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010
4
І. ТҮСІНІК ХАТ
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес «Тіл және
әдебиет» білім беру саласына енетін «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім
мазмұнын құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, ежелгі дәуір
әдебиеті үлгілері, XVIII ғасыр әдебиеті, жыраулар поэзиясы, XIX ғасыр
әдебиеті, XX ғасыр әдебиетіндегі көркем шығармалар, әдебиеттің тектері
мен жанрлары, (эпос, драма, лирика) және әдеби-теориялық ұғымдар.
Бағдарлама «Әдебиет» пәнінің қызметі мен мақсаттарын жүзеге
асыруға бағытталған, атап айтқанда, ол оқушылардың оқырмандық
мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі
түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік,
адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт
бойына сіңіруді көздейді.
Бағдарламаны түзуде білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-
эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің
жүйелігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық
сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар
басшылыққа алынды.
Бұл сыныптарды қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында
оқылған шығармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты,
кейіпкерлері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер көрінісі, табиғат
суреті шығармадағы адамгершілік мәселелер, сөз қолданыстар зерделеніп,
оқушыны қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі.
Оларды өзіндік ой талғамдарын айтуға, шығармашылық жұмысқа тартуға
жол салынады. Оқушылар әдеби білім мазмұнын кейіпкерлер мен оқиға
арасындағы өзара байланысты, кейіпкерлердің жан-дүниесін, кейіпкер
характерін тани отырып мәңгеретіндіктен, білім сапасы күтілетін нәтижеге
бағытталады.
Бағдарламада көрсетілген әдеби-теориялық ұғымдар қажетіне қарай әр
тақырыпқа лайықталып ұсынылған. Жаттауға берілетін шығармаларға
мұғалімнің өздігінен қосымша енгізуге құқығы бар.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары - сөз өнерін адамзаттың
көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап,
құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға әдеби туындылар
арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; оқырмандық
талғам мәдениетін қалыптастыру; әдеби шығармада бейнеленген құбылысты
көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген,
алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға
қалыптастырып дамыту.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:
оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-
ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін,
5
көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;
көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби
мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;
көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі
ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру;
оқушылардың ішкі жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен
байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін
қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға
дағдыландыру ;
оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын
еркін, шешен жеткізе алуға баулу;
әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және жазбаша
тілін дамыту;
қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне
қолдана алуға үйрету.
Орта білім берудің 5-10 сыныптарындағы «Қазақ әдебиеті» пәні
бойынша берілетін білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік,
жүйелілік, сабақтастық, іс-әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық
сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың жас
ерекшеліктері ескеріледі. Оқытудың барлық деңгейлерінде жалғасын
табатын сабақтастық ұстанымы пәндік білім мазмұнын меңгертудің
әдіснамалық және әдістемелік қағидаларынан көрінеді. Оқытудың іс-
әрекеттілік ұстанымы білім алушылардың танымдық әрекетін дамытып,
олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының қалыптасуына негіз болады.
Пәнаралық интеграция ұстанымы берілетін білім мазмұнының нәтижелiлiгi
мен оқытудың сапалық деңгейін танытады. Сол себептi әдебиеттің басқа
пәндермен ықпалдастығы оқушының интеллектуальдық-танымдық, iскерлiк
сапаларын, шығармашылық әрекетiн, қарым-қатынастық бiлiктiлiгiн,
әлеуметтенуге
бейiмдiлiгiн,
эстетикалық,
рухани-адамгершiлiк
құндылықтарын дамытуға септігін тигізеді. Қазақ әдебиетін оқытуда
түсініктілік ұстанымы оқушылардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін
ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі
тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
Шығармашылық ұстанымы әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау
білігін қалыптастыру.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес негізгі деңгейде, яғни
5-9 сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға:
5-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
6-сынып - аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.
7-сынып- аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.
6
8- сынып- аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.
9-сынып- аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат беріледі.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге
асады. Мысалы, «Абайтану», «Ежелгі дәуір әдебиеті» «Мұқағалитану», «Сөз
өнері», «Көркем шығармаларды талдау», «Тіл шеберлігі» т.б.
7
ІІ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ
5-СЫНЫП
Кіріспе. Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретінде сипаты.
(1 сағат).
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік. (6 сағат).
Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-
жануарларға және наурызға байланысты жырлар.
Мақал-мәтелдер: Мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін аңғарту. Мақал-
мәтелдің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы. Мақал-мәтелдер – халықтың
өмір тәжірибесінен қорытылып жинақталған тұжырымды ой-пікір.
Адамгершілік, ерлік тақырыбындағы мақал-мәтелдер.
Жұмбақтар: Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына
тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктері. Жеке үлгілермен таныстыру.
Әдебет теориясы: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар туралы.
Ертегілер: «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік»,
«Аяз би», «Сырттандар». (15 сағат).
Ертегінің жанрлық ерекшелігі. Ертегілерден көрінетін халықтың
арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықтың ізгіліктің жеңіп
шығатынына халықтың сенімі. Халықтың арман-қиялы.
Аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер: Асан қайғының жер-ұйықты
іздегені., «Ақсақ құлан», «Жошы хан», «Жиренше шешен мен Қарашаш
сұлу», «Жиреншенің хан сынағына түсуі». «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған
сен ақымақ па?», «Тайкелтірдің төрелігі», «Байдалы бидің көңіл айтуы»,
«Қазыбек би мен Бұқар жырау», «Сырым мен Малайсары», «Кет-Бұғаның
ескертуі» (8 сағат).
Әпсаналар: Діни мифтік әңгімелер. Құран-кәрім туралы. «Адам ата»,
«Смайыл», «Зәмзәм» (5 сағат).
Оқушыларға дін туралы түсінік беру. Құран мұсылмандардың тұңғыш
классикалық әдебиеті екендігі. Оның тәрбиелік мәні.
Қосымша оқуға: «Құран хикаялары».
Әдеби ертегілер:Олардың халық ертегілерінен айырмашылығы.
Әбділда Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз) (2 сағат).
Толағайдың ерекше сиапты, ерен іс-әрекеті. Шығарманың патриоттық
мәні.
Қосымша оқуға, пікір алысуға: «Қазақ ертегілері», Әлем халықтары
ертегілері және т.б.
Мысал өлеңдер: Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары», «Өгіз бен
бақа». (2 сағат).
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы туралы. Мысал
жанрының ерекшелігі, тәрбиелік мәні.
Әдебиет теориясы: «Мысал туралы».
Махамбет Өтемісұлы. «Соғыс», «Қызғыш құс» (2 сағат).
8
Махамбет өмірі мен оның шығармаларының негізгі сарыны жайында
мәлімет.
«Соғыс» өлең мазмұны, ақындық пафос. Өлеңдегі Исатай тұлғасы,
көтерісшілер қолданылған соғыс тәсілі. Өлеңнің суреткерлік қуаты. Ақын
поэзисындағы сарын.
«Қызғыш құс». Өлеңнің көтеріліс жеңілгенен кейінгі ақынның көңіл-
күйін байқататындығы. Ақынның қызғыш құсқа қарата сөйлеуі. Өлеңдегі
психологиялық параллелизм, оның ойды көріктеудегі мәні.
Әдебиет теориясы: өлең құрылысы, Өлең тілі туралы мәлімет.
Метафора туралы ұғым.
Пәнаралық байланыс: Тарих И.Тайманов бастаған көтеріліс.
Қосымша оқып, пікір алысуға: Ә.Әлімжанов «Тастөбедегі айқас»
(«Махамбеттің жебесі» романынан).
Ы.Алтынсарин. «Өзен», «Дүние қалай етсең табылады?» (2 сағат).
«Өзен» - қазақ әдебиетіндегі пейзаждық лириканың алғашқыларының
бірі екендігі. Өлеңдегі өзен суреті; суреттеулерді, сипаттауларда
қолданылған ақындық тіл.
«Дүние қалай етсең табылады?». Қысқа әңгіменің мазмұны, мәні.
Шығарманың еңбекке, адал мал табуға, арлы болуға тәрбиелейті қуаты.
Әдебиет теориясы: Сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Пейзаж туралы
ұғымды дамыту.
Қосымша оқуға:
Ы.Алтынсарин. «Лұқпан әкім».
Абай. «Қыс», « Ғылым таппай мақтанба» (өлеңдер) (2 сағат).
Абай өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік. «Қыс»
өлеңіндегі адамға теңей суреттелге табиғат көріністері, ақын шеберлігі.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің тағылымдылық-тәрбиелік мәні,
дидактикалық сипаты.
Әдебиет теориясы: Пейзаждық лирика туралы ұғымды дамыту. Өлең
құылысы (өлеңдегі буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас). Эпитет туралы ұғым.
Қосымша оқуға: «Жаз», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде». (1 сағат).
«Шілде» өлеңіндегі жеке көрініс суреттері. Ақынның табиғаты
жандандыра, адамиландыра суреттеулерінің Абай өлеңдеріне ұқсастығы.
Өлең тіліне байқаулар жасау.
Әдебиет теориясы: Кейіптеу туралы.
Мағжан Жұмабаев. «Балалық шақ», «Қысқы жода», «Сағындым» (2
сағат).
«Балалық шақ» өлеңіндегі жылы лиризм. Мағжан өлеңдерінің
құрлысының, суреттеу құралдарының ерекшеліктері.
Әдебиет теориясы: Өлеңнің құрылысы туралы.
Қосымша оқып, пікірлесуге: «Тез барам».
Жамбыл. «Өтеген батыр» (дастаннан үзінді) (2 сағат).
«Өтеген батыр» дастанынан алынып отырған үзіндінің мазмұны,
фантастикалық, ертегілік сипаты. Өтегенге мінездеме.
9
Әдебиет теориясы: Жыр жаныры туралы түсінік.
Қосымша оқуға: Жамбыл «Көрұғлы» жыры.
Сәкен Сейфуллин. «Ақсақ киік» (өлеңі) (1 сағат).
Өлеңдегі бетпақдала табиғатының суреттері. Киіктің мүсіндік портреті.
Жаралы киіктің аянышты халі. Ақын сезімі, оның сұлулыққа, табиғатқа
көзқарасы. Табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынасы.
Әдебиет теориясы: География, Қазақстанның жері, аңдары.
Қосымша оқуға: С.Сейфуллин. «Аққудың айырылысуы» (Үзінді).
І.Жансүгіров. «Күй» (поэмадан үзінді ) (2 сағат).
Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұны,
қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, қобызшы портреті, оның күй тарту
шеберлігі. Өнер құдіреті, қазақтың күй өнері мен күйшілігіне деген ақын
көзқарасы.
Әдебиет теориясы: Өлең ұйқасы туарлы түсінік.
Қосымша оқуға: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» (үзінді).
Мұхтар Әуезов. «Ақын қонақтар» («Абай жолы» романынан үзінді) (2
сағат).
Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Ақын
қонақтардың жас Абайға әсері, оның өнер адамдарымен достасуы. Бұлар –
болашақ ұлы ақын нәр алған арналардың бірі екендіген аңғарту.
Әдебиет теориясы: Портрет туралы ұғымды дамыту.
Сәбит Мұқанов. «Лашын» («Өмір мектебі» романынан) (2 сағат).
Әңгіме суреттелген Балтабай ауылы, оның адамдары, портреттік
суреттер. Құсбегілік - әңгімеде халқымыз сүйетін өнердің тамаша бір түрі
әрі кәсіп ретінде көрінетіндігі. Әңгімедегі халықтық салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптар. Әңгіменің тілі. (теңеу сөздер, мақал-мәтелдер).
Әдебиет теориясы: суреттеу, баяндау, сипаттау.
Ғабит Мүсірепов. «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді)
(2 сағат).
Оқу іздеп ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері, оның
жаңа достары Бораш пен Шенен. Әңгімедегі абзал аналар. Табиғат суреті.
Олардың кейіпкер сипатын ашудағы рөлі. Әңгіменің баяндау түрі, тіл
көркемдігі, мақал-мәтелдердің қолданысы.
Әдебиет теориясы: Кейіпкер мінездемесі.
Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» (повесінен үзінді) (2 сағат).
Әңгімедегі бала Шоқан. Болашақ ұлы ғалымның бала кезінен
байқалған өмірге, айналасындағы басқа адамдарға адамгершілік қарым-
қатынасының әңгімедегі көріністері. Шоқанға мінездеме (мүсінші Мысықпен
қарым-қатынасы негізінде).
Әдебиет теориясы: Шығарманың тілі, портреттік, мінездемелік
суреттер.
Қосымша оқуға, пікір алысуға: Қ.Бекхожин «Тұңғыш ғалым»,
М.Иманжанов «Жол үстінде».
Иса Байзақов. «Жазғы кеш» (1 сағат).
10
Кешкі табиғатты суреттеудегі ақын шеберлігі. Өлеңнің эстетикалық
сезімді тәрбиелеудегі мәні.
Қалмақан Әбдіқадыров. «Қажымұқан» (хикаяттан үзінді) (2 сағат).
Әңгіменің деректік негізі. Қажымұқанның ерен күш иесі ретінде алғаш
рет көзге түсуі, оның одан кейінгі өмір жолында алған аулары. Әңгімедегі
адамгершілік мәселесінің көрінісі. Қажымұқан - өнер мен күшін Отан, халық
мәртебесін асыруға жұмсаған патриот.
Әдебиет теориясы: Хикаят туралы.
Қасым Аманжолов. «Дауыл» (1 сағат).
Табиғат суретін бейнелеуі. Өлеңнің үн-екпініндегі шуақты сезім, оны
берудегі айшықты тіл.
Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу туралы ұғымды тереңдету, өлең
ұйқасы.
Қосымша оқуға: Қ.Аманжолов. «Алатау».
Жұбан Молдағалиев. «Ар – ұят туралы» өлең (1 сағат).
Өлеңдегі шал мен бала бейнесі. Олардың айтысы арқылы өлеңде
көтеріліп отырған адамгершілік, имандылық проблемасы. Өлеңнің
танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні, өлең тілі.
Қосымша оқуға, пікір алысуға: С.Бақбергенов. «Қасиет».
Қуандық Шаңғытбаев. «Сабалақ» (өлең) (1 сағат).
Абылай атын алғаш рет қазаққа танытқан Аңырақайдағы қазақ-қалмақ
соғысы. Ақынның соғыс картинасын берудегі шеберлігі, өлеңдегі динамизм.
Тіл көркемдігі. Сабалақ бейнесі, оның ерен ерлігінің өлеңдегі көрінісі.
Өлеңнің тарихилық сипаты.
Әдебиет теориясы: Өлең пафосы, өлең ұйқасы.
Мұқағали Мақатаев. «Фантазия», «Барлығы да сендердікі», «Мен
таулықпын» (өлеңдер) (2 сағат).
Үш өлеңнің мағналық жақындығы. Өлеңдегң аға ұрпақтың жастарға
тапсыратын аманаты мен сенімі. Ол туралы ақын сөздерінің мәні, осы
өлеңдегі ақын ойлары мен сезімдері, өлеңде көрінетін ақынның (лирикалық
кейіпкерлік) тұлғасы, өлеңдердің елжандылық тәрбие берудегі мәні.
Өлеңдерде ауыспалы мәнде қолданылған сөздер.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу, жаттау.
Әдебиет теориясы: Метафора туралы, өлең құрылысы туралы
ұғымдарды дамыту.
Сәкен Жүнісов. «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді) (3 сағат).
Шығарманың негізінде атақты әнші, ақын, сал-сері Ақан серінің жан
серігі, пырағы Құлагердің мерт болуына байланысты тарихи дерек
алынғандығы. Әңгімені мазмұнына (ой ағымына), сюжет дамуына
байланысты жеке бөлімдерге бөліп, әр бөлімдегі негізгі мәселелерді анықтау.
Әңгімедегі Құлагердің сипаты. Күреңбай сыншы. Неше түрлі ойын көрсетіп
жүрген өнерлі бала. Ақан сері салған ән. Ақан әндерінің эстетикалық қуаты.
Астың жалпы панорамасы. Атқұмар халық психологиясы. Бәйге жарысы.
Жазушының суреткерлік шеберлігі, тілінің көркемдігі.
11
Әдебиет теориясы: Драмалық тартыс туралы, трагедиялық образ
туралы алғашқы қарапайым түсінік.
Тұманбай Молдағалиев. «Бауырлар» (1 сағат).
Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайына (Алматы, 1992)
орайлас жазылған бұл өлеңде көтерілген аса маңызды мәселе – қандас
бауырларды өзінің атамекені Қазақстанға шақыру екендігі. Өлеңнің
елжандылық мәні. Ақын тілінің көркемдігі, ол қолданған қайталаулардың
ойды көріктеуде атқарып тұрған жүгі.
Әдебиет теориясы: Өлең ұйқасы туралы ғымды дамыту.
Қабдеш Жұмаділов. «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан) (2
сағат).
Төреқұл мен Ағыбай арасындағы достық. Әңгімедегі бұл мәселе қазақ-
қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал
көңіл-ниеттің, шынайы бауырластықтың жалғасы ретінде көрінуі.
Қозыкүрең жайындағы Саяқбай әңгімесі. Отан соғысы кезінде
майданға жөнелтілген қазақстандық сәйгүлік Қозыкүреңнің майдан шебінен
қашып шығып, «елсіз-сусыз шөлдерден, асу бермес белдерден өтп, айшылық
жолды алты аттап» туған топыпағына жеткен жершілдігі. Табиғат перзенті
жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарастың әңгімедегі көрінісі.
Әдебиет теориясы: Көркем шығарма және тарихи дерек.
Пәнаралық байланыс: Тарих. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл».
Фариза Оңғарсынова. «Оюлар» (1 сағат).
Қазпқтың ұлттық қолөнері,халық дәстүрлеріне деген өлеңдегі ақын
құрметі мен сезімі. Өлеңдегі сөз қолданыстар.
Мұхтар Шаханов. «Отырар» (2 сағат).
Өлең мазмұны, жазылу түрі, сөз құдыреті. Өлеңдегі биік, елжандылық
идея. Өлеңдегі Қайырхан образы, Шыңғыс хан мен Шағатай бейнелері.
Өлеңнің тарихи негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |