I
жоғары нұрдан келген қандай жақсы орыннан шыққан дене
төмен жерден шыққан. Алтынның кені бар жерден жаратылған
денеде бар шығар. Мыс, қалайы, қорғасын - бұлардың кені бар
жерден жаратылған денеде бар шығар. Нәжасат, лай илен
бірге араласып беті қайнаған жерден жаратылған дене бар
шығар. Адам бәрі қалыпта, бір түрде болмайтұғын себебі
мұндайдан келеді. Кен құрысса тегіне кетеді деп әр нәрсе өзінің
қалпына қайтады. Жан жоғары тартады. Құдайға құлшылық
қылып өзінің әуелде шыққан орнына жетуге бәлки шамасы
келсе, онан да арман өтуге тырысады. Дене төмен қарай
тартады ішіп-жеп, қатын болса құшақтап, белшесінен батып
былжырай бергенді суйеді. Бұл екеуінің ит тартысында жүрген
адам әуре бір жандағы тартысқа түскен қыздай.
Кім көрінгеннің қолында біреу қолында болған дене - бір
мейманхана, жан - онда аз күн қонақ, шама келгенше, әркүн өз
жанын ренжітпей күтіп жақсы ұстау керек. Пенде жалғанда
жанын сыйласа, ол жанды ешкім қинамайды. Пенде жапғанда
жанын қинаса, ол жанды ешкім сыйламайды. Әркім өз жанын
тірілтуге ұмтылса, ғылым-білімге ғұмырын сарп қылсын.
Ғылым-білімге ғұмырын сарп қылған пенденің жаны тіріліп
сыйлы
болады.
Ғылым-білімге ғұмырын сарп
қылмаған
пенденің жаны өлік жан есепті. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек
қылады?! Ол жан дүниеде һәм ақыретте сый-құрмет көре
апмайды.
Пайғамбарымыз
Мұхаммед
әл-Мұстафа
салаплаһү
ғалайһи уә сәлем айтқан: «Дүние излесең раһү сафар. Яғни,
жол жүріп саудагерлік қыл. Ақирет қызығын іздесең аһү сахар.
Яғни, түнде тұрып Құдайға жығылып ғибадат қыл» - деген. Екі
дүнианы бірдей ізлесең — бұл еркелігіңді үйіне [үйінде] қыл
деген.
Оның мағынасы — ғылым оқу. Ғылым оқысаң әкең
көтермеген еркелігіңді ғылым көтереді деген. Мың сөзден бір
сөз, қассадан қасса қанша сөйлеп келгенде сөз аяғы ғылымға
тоқтайды. Олай болса маңдайындя көзі бар, басында құлағы
бар, аузында тілі бар жан ғылымға тырысу керек.
Аллаһ Тағапа адамға ақыл сықылды нұр берді, көңіл
сықылды күй берді, ой сықылды жазушы берді, тілді көңілге
перауадшік [переводчик-аудармашы] қылды. Көз сықылды
шамшырақ берді, мұрын сықылды екі демалысқа жол берді,
24
құлақ сықылды тыңшы берді. Аяқ сықылды ат берді, қол
сықылды қанат берді. Бауырға мәһр шафғат. Талаққа күлкі,
бүйрекке қулық хайла. Өкпеге жылушы құрсақты қазына,
жүрекгі күллі денеге тұтқа қылатұғын бір дене берді. Күллі
дененің бәрінде бір бас. Жалғыз өзінде бір бас. Соқыр, соқырда
мұнан құнды, мұнан пұлды болған соқыр жоқ.
«Хайр әл-иәләм мә қалла уә дәллә». Аз сөзден көп
мағына. Құдайдың жаратқанлығына көп-көп шүкірліклер қылса
керек.
бүлардың
бәрін
қозғамақтан
мақсатымыз
Құдай
Тағаланың фазылын, уә кәрам жудын зікір қылып, шама
келгенше шүріансын орынға келтіру керек.
Ш үкірш ілік тағы лы м ы
Аллаһ Тағаланың бір пенденің өз басына берген нығметін
сөйлесимән. Шүкіршіліктен болып табылады. « ®<£й
-Ус<3
й г Әлхамду лилләһи бізге бү нығметті Құдай Тағала берді»
- деп, қандай орыннан, қандай қылып жеткізгендігін мақтаныш
үшін емес, басқапарға ғибрат болсын (болу) үшін айтып жүруге
керек. Екінші: Ол нығметтің бірсыпырасын мұқтаж болғандарға
сарф қылып беріп тұруға керек. Тілмен болған шүкіршіліктен
қолмен жұмсаған шүкіршілік көп абзал.
Ол бірнеше дәреже жоғары. Сүре әд-Духаның ақырында
(соңында)
«
А
/
'V'
-з~
Фә әмма би-ниғмати
рәббикә фәхаддис» — деп бұйырады. Құдай Тағаланың берген
нығметлерін изһар қылды. Жүрт көзіне түсіріп шам деді. Тілмен
«әлхамду лиллә шүкір, Құдай осындай берді» - деп, қолмен
мұқтажларға сарп қылып жұмсамаса кәпірліктен болды.
і ім
нәғүзү билләһи: Аллаһ Тағала кәлам
қадимында: «
лиән шәкәра тәммә ләзи ди
нәкүм» - бұйырады. «Әй пенделерім! Егер сізлер нығметнің
шүкіранасын орнына келтіре берсеңдер мен сіздерге берген
нығметлерімді арттыра беремін» - деп уағда (уәде) қылды.
Мәснәуи Шәриф
«Шүкүр нығмет - ниғмәт ифзәгәнде. Күфүр ниғмәт -
изгәфт бергенде нығмәтнің шүкүранасы нығмәтті үсті-үстіне
өсіре береді. Нығмәткә кәпірлік жоқ жерде аузынан шығарып
жібереді. Құдай Тәбәрак уә Тағала екі періштені әдей арнап екі
25
II
жұмыстың басына қойған. Бір періштенің қиямет қайымға
[қайымда] тасбихы:
«
еу-іц» (М і
Аллаһуммә ағта кулли мүнфиқ
халфән» -деп түрады. «Ей бар Құдаиа! Кімде-кім қолы береген
ашық болса, есесін бер, орнын толтыр» - деп тұрады.
Қазақшасы: «Кеткеннің келсін, кемтігің толсын» - деп тілеулес
болады. Екінші періштенің қиямет қайымға тасбихы: «
—
■сі1
—
л
сМЦ- Аллаһуммә ликулли мимсән тәлфән» - деп
тұрады. «Әй бар Құдай! Кімде-кімнің қолы жұмулы болса,
мүлкін жоқ жерге шығар............. » - деп тұрады.
Екінші шүкірлік: «Бұл дүниада Падша Хазіретлерінің
барлығын өз басында болған нығметләрдан артық нығмәт» деп
білуге керек. Не үшін десеңіз Падша Хазіретлерінің қол
астында болумен бір кімнің басы, малы аман-есендікте тұрады.
Бұл бір зор нығмет Патша Хазіретлері арқылы бізге болып
тұрған. Бір кім өз үстінде қарап тұрған падшасына шын платы
илән тілеулес болу. Ол - һэм шүкірліктен саналады.
«әс сұлтан запла Аллаһ сұлтан атына иеленген Аллаһ
Тағаланың көлеңкесі» - деп айтылған. Құдай Тағалада көлеңке
болады делінбейді. Кәғбату Апланы « »'сУ А /м - Бәйтуллаһ» -
деп атаған есепті. «Бәйтуллаһ» деуменен ол Құдайға үй болып,
Аллаһ Тағалаға мекен (мәкән) мақсус болмайды. Шәрәфәті,
құрметі басқа үйден артықлығын білдіру үшін. Соның (сол)
сықылды сұлтанлардың шарафаты, құрметі басқалардан артық
болғаннан «Залла Аллаһ» - деп айтылады. Кім болса ол
болсын, Сұлтан болсын оның кім болғаны мен жұмысыңыз
болмасын.
Аллаһ Тағала Кәлам Қадимында: «
құл Аллаһуммә мәликәл-мүлк. Түһтиә әл-мүлк мән
шә» - бұйырды. Мағна-и шариф: «Айтқыл ей Мұхаммед:
Мүлкілерінің мәликі, қожайыны Аллаһ Тағапа. Кімді қаласа
өзінің мүлкіне қожайын қылды» - деген сөз. Олай болса Құдірет
өзі қалап бірсыпыра мүлкіне қожайын қылып қойған соң біз сол
Падиша Хазіретлері қазылған [қазған] жолында, жасалған
топырағында
болып...............
уә
күндүз
дәулетлерінің
артылмағына дұғада болсақ керек.
Біз осы күнде ел аралайтын жаудан, іргені аралайтын
даудан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан аман, тыныш
тұрмыз.
Кімнің
арқасымен
тыныш
тұрмыз?
Патша
26
хазіретлерінің химаиатында болғандықтан тыныш тұрмыз.
Кеше 18-ші ғасырдың әууелінде қазақ жұртында Хақан заманы
болды. Сонда қазақта мақал болып қалды:
«Әзірейіл бар тұрғанда жаным бар деп сөйлеме. Ақ жалау
бар тұрған күнде малым бар деп сөйлеме» - деп. Сол ақ жалау
Хоқан ханларының ел шабатұғын қосыны еді. Хоқан заманы
қалып,
залам
Император
ағзам
хазіретлеріне
бізді
бағындырғаннан бері қазақ жұрты асын тынышлықпен ішті.
Үшінші
шүкірлік:
Атаның баланы
ғаршдан
фаршқа
келтіргенлігіне оны бір бос нәрсе білмей зор нығмет біліп
шүкірлігін ада қылуға керек. Не үшін десеңіз адам затының
аруах әлемінде болған рухы Құдайға жақын болады. Таба
алмайтүғын болған соң
бұл әлем тәклифқа, Құдайға
жақынлықта. Бұ үшін мұхаббат кәмил қылу үшін келтірілді.
«
ахсан-и тахуим» да жаратылған адам «
Әсфали Сафилин» табақатына қойылды.
Бір кім өз ыхтиярымен иман көрегін кәміллет ізгі ғамал
кәсіп қылып табу үшін. Бұл екі жұмысты орнына келтіріп «Әжир
ғайра мәмнунға мұстахах болу үшін. Бұған дәлил болу
хаққында шайх Нажмеддин Рази «Мирсад әл-Ғибәд» аталмыш
кітабында айтқан:
«Шайх ғалимүәз зиннән хикаят қылып бүл заты Шариф
айтыпты: «Менің мүрағ русимы, яғни жанымны қос (құс)
суретінде қылып. Ғалам аруахының бостанында (бақшасында)
дене болып жасалған қапасыма кіргізу үшін. Бірінші періштелер
қолларына алып көк табақларынан өтіп келе жатқан уақытта
жолда тұрған періштелер көріп аяды.
Қақ есіл құстай ұшып риас-разуанда тып-тыныш уайым-
қайғысыз жүрген жан. Мехнат мағмур әбәдан болған дүние
дәнегі барып мағрурлық тұзағына ілінгелі бара жатқаны деп.
Сол халде, дәрке мүтәғалдан нида ішітті. Әй қаза уә қадарімнің
сырларындан би хабарлар. Ол көзің көріп тұрған рух пір патух
менің хазайыр құдс риаз разуанымда мың жыл ұшқанынан
ғапам таклифқа барып:
«Шөл дүние-ай! Денеде бір дәрмені аз болған кемпірдің
құдықтан су алуға шамасы келмей жатқанын көріп, соған бір
қауға су алып шелегіне құйып берген қанша абзал, қанша ағла,
қанша әкмал, қанша уәли екенлігінің мөлшеріне сізлер жете
алмайсызлар немене айтасызлар» - деді.
И
27
Мұнан мағлұм болды: «Ата-баланың бұл ғаламға келуіне
себеп болғаны. Мұндай дәулетке жетуіне ұста болғаны». Бұл
хұсустан бала ата-ананың қызметіне парыз айн деп білу керек.
Аплаһ Тағапа аяты кәримада ән [ең] әшкарлі дәлелдік
бұйрығы бұған дәлилдұр: «
«діЬ/чо
Э
*ЛЗ
т
уә
құл рабби әрхамаһүмә кәмә раббиән сағира» уәжіп үшіндір.
Ата-ана тірі болса, қызметінде болмақ олса дұға қылмақ
уәжібдүр. Анаң үшін әттәхиятнің ахрінде: «
^'(13
Аллаһуммә ағфирли уәли-уәли дәйнә» дұғасы мұстахаб
олды. Ата-ана шүкірнасы мүныменен табылады.
Төртінші шүкірлік күндіз болса, аспанда күннің барлығына,
түн болса айдың жарықлығы барлығына. Төрт аяқтыдан адамға
атты қанат орнына иесіне ерікті қылып бергенлігіне. Қатынды
ерге серік басы байлы жолдас қылып бергенлігіне. Бұларға өз
алдына ғала хида шүкірлік қылу керек. Ай мен күнді һәммаға
бірдей деп айтылған себебі басқа нығметлерден бұлардың
баршаға пайдалы екенлігі мағлум.
Аттың өзге хайуанаттан артықпығы: «Ер қанаты ат болар,
жаяу адам мат болар» - деген сөзден
мағлум. Қатынның
жолдастық пайдасы адамның басына ғимарат қатын үшін
тұрғызылады. Үй ішіне мүлік, қазына қатын үшін жиылады.
Мұхтасар
әл-калам
(араб
тілінде:
сөздің
қысқасы)
қатынсыз дүниенің ләззаты болмайды. Қазақ жақсылары
айтқан: «Алпыс басты ақ орда алпыс еркекпен іші толмайды,
бірақ қатынмен толады» - деп.
Қазақ жұртында намы шығып мәшһүр болған Жиренше
шешен айтыпты: «Қазақ 4 нәрсенің атын білмей қойыпты.
Бірі - ат, бірі - қатын, бір - бала, бірі - келін. Аттың аты ат
емес ер қанаты болса жарайды. Қатынның аты қатын емес
тындым қойса жарайды. Бұл тьіндым деген сөзде екі мағына
бар.
Бірі — жақсы болып жолықса еркектің үй шаруасымен
жұмысы болмайды. Көңілі тынып хатыр-жамиғ отырады.
Бірі — жаман болып жолықса өлтіре апмайды, сата
алмайды, жөндей алмайды іші.чен тынады да отырады.
Баланың атын бала деп, білмей қойыпты. Қайырған қойы
жарайды. Бала ер жеткен соң ата-ананы қайрап тастайды.
Келіннің атын келін деп білмей қойыпты. Айырған қойса
28
жарайды. Келін келген соң-ақ ата-анадан баланы айыра
бастайды».
Бұрынғылар айтқан екен: «Ер егіз, еңбекті балғыз» - деп.
Оның мәнісі: ердің өзіне лайық қатын жолықса егіз болады.
Қатын жаман болса, туысқан серігіне жарамаса, бала жаман
болса еңбекті» - деп соны айтады екен. Және бір мақал бар:
«Ердің атын қатын шығарады. Қатын атын жетім шығарады.
Жетімнің атын отын шығарады» - деп.
әл-Хасыл: жақсы болып жолықса қатыннан зор нығмет
жоқ.
Мұның хаққында назым жазалық:
Заһир дүниада мүһүрбән,
Қатындай нығмет бар ма екен?
Өлсең қылар жанын құрбан,
Қатындай нығмет бар ма екен?
Қатының болса мәстура,
Сен боларсың мисал төре.
Барып шариғаттан сұра.
Қатындай нығмет бар ма екен?
Қатының болса қамасшы,
Көрсе тояр қарыны аш.
Перзентлері дүрритажі.
Қатындай нығмет бар ма екен?
Қатының болса бай қызы,
Тәһитабан болса жүзі,
Дәргермән әрбір сөзі,
Қатындай нығмет бар ма екен?
Қатын бірлән үйің (ойың) абад,
Өпсең жүзі қанданба[һ].
Және бірін айтсам ұят.
Қатындай нығмет бар ма екен?
Қатынлы үй мисал шаһар,
Өмір табар андан баһар.
х\
29
Қатынсыздық асы заһар.
Қатындай нығмет бар ма екен?
Бұл
сөзді
бастап
сөйлегеннен
мақсатымыз
Құдай
Тағаланың құдіретін пенделеріне берген нығметін әбден танып
солардың шүкіранасын орынға келтіруге тырысу үшін. Алла
Тәбарак уә Тағапа
18 мың ғалам
жаратты.
Барша
жаратылмыш мақпұқ атын адамға қызметкерлікке жаратты.
Адамның фазылатын уә хұрметін кәлам мәжидінде (Құран
кәрәмде) неше жерде зікір қылды. Сондай ғазиз шариф
жаратқан адамның зүррияты бізлер өз қадірімізді өзіміз білмей
өзімізді өзіміз танымағанлықтан аяқ астында қалып барамыз.
Қапып барамыз, кел қарындаслар ғазиз ғұмырын биһуда
орынға сарп қылмай адам болуға тырысайық. Адамлық немен
табылады? Ғылым,
біліммен табылады.
Бұрынғы өткен
салафалар айтқан: «Адамият не би-нутық, не бирайш, не
бижан. Мұтым нутық».
Адамшылық сөз сөйлеуменен, сақал бар болғанменен,
жан иесі болғанменен емес. Тотықұс та сөйлейді, текеде де
сақал бар, есекте де жан бар. Адамлық - « о -Ы '
л /с
- хайр ән-нас, иәнфағу әннас» - өзінен басқаға пайдасы
тиюменен болады. Қазақта мақал бар: «Жаман адам жанға
ортақ. Атаның жаман ұлы малға ортақ» - деген. Бұл сөзнің
(сөздің) ахиріне
(соңын) екінші
рисаладан (хат,
өсиет,
баяндама) күтесізлеіэ. Әсар: Мәшһүр Иусуф (Жүсіп) Көпеев.
Біздің мүсылмандар
Біздің мұсылмандар: «Таңдағы тамақ Тәңірден», «Ертеңгі
[ертеңі] үшін есек қайғырады», «Құдайдың бір жазғаны бар
шығар» -деп, ләухул мәхфузға қарап алып не қылса сонан соң
қылмақшы болып аш жалаңаш қалды. Әйеллері болса, туғанды
жылқы дейді. Не тапты дегенде? Жылқы тапты дейді. Қыз,
шіркін, бапа есебінде ме? - дейді. Өсіп жетілуіне қарамай сата
бастайды, саудаласа бастайды.
Ғылым-білім, үлгі-өнеге алсын деу қайда? Қараңғы бір
бұрышқа қағып қойған қададай: «Қозғалма, үйден шықпа, қызға
қырық үйден тыю деген» - дейді.
зо
Малға
сатып
алған
соң
ата-анадан
қадір
құрмет
көрмегенде кім қадірлейді? Кім қүрметтейді? Маған келдің бе?
Малға келдің — дейді. «Ұрғашының шашы үзын ақылы қысқа» -
дейді. «Қатыын тамүқ есігі»- дейді. «қатын шайтан қамшысы « -
дейді. «Қатын қайраттанып қазан қайнатпас деген» -дейді.
Әлхасыл
(қортындысы,
сөздің
қысқасы)
неше
түрліүнамаған сөзбен жаншып, езіп оған бүтін жиһан жүзінде
олан мүсылманлар пух әл-ғадат пакирлдар (кедейлер) уә
ғылымсызлар дүр. Басқа миллатлар жүз мәртебе алға кеттілер,
ілгері ұмтылып өрге бастылар. Дүниенің еркек бір қанаты,
ұрғашы бір қанаты [бар]. Екі қанатпен ұшқан құс қандай ұшқыр.
Мұсылман халқы ұрғашыны бүркеп, жасырып,
кісіліктен
қалдырғанлықтан сыңар қанат құс секілді дәнемеге жарамай
қалғандығы сол.
Аурупа )Европа) жұртлары әйел халқын еркекпен тең
ұстады. Жинаш әйелге хурриәт (бостандық), азадлық, ерік
берді. «Ұл, қыз екеуі бір бас» - деп ғылым-білімге, өнерге
жарыстырарлық бәсеке қылып, қосып еді әр тудан (турадан)
әйел халқы ілгері озық шығып, бай деді, жақсы бақты. Солай
болғаны үшін мүәккәл періште есепті болды. Ғылым-білім
үрғашыдан туған бала туа әр нәрсені біліп, кісі болуға жарайды.
Тарихи дерек
Үш жүзге бас болуға жарар-ау деген жанлары кетті. Мұса.
Мұсадан соң Биләл марқүм. Онан туған Жаржан марқұм.
Жаржан
жайрап
қалған
соң
қалғаны
көт
болуға
да
жарамағандықтан Биләл марқұмның қара шаңырағы қыс ішінде
Қыпшаққа кетіп ағаш үйінің аузы құлып салынып бекіп қалды.
Биләл
төзімсіз,
тұмақсыз
емес
еді.
Көт
болуға
жарамайтұғындары қалғандықтан осылай болды.
«Ұлсыздан көрі қызды игі» деген рас екен. Биләл
марқұмның екі-үш жерге ұзатқан қыздары көзге көрініп, ендігі
қалған жаман-жаутігі солардың арқасымен төрге отырып, тамақ
асырағаннан басқа дәнемеге тұрмай қалды. Туған ағасы Хасан
марқұмның қатынын жесір қойып Бопыжан Шүйкеде тіріміз деп
жүр. Көңілге жұмысы қонбағанның бәрі Бопыжан Шүйке. Егер
Жаржан тірі болса бәрі қырылып қалса да шашау шығармай
қатынын жиып алып қояр еді. Шіркін дүние опасыз екендігін
көрсетті.
Нығметтің шүкіранасындан бір нүмунә
(Нығметке шүкір ету тағылымынан бір үлгі)
(Түсінік: нүмунә - көне түркі тілі үлгі деген мағынада. Ж.Х.)
Мен фақир (пақыр) Аллаһ Тәбәрак уә Тағала тарафындан
иүклетілген (жүктелген) борышымдан[нан] қүтылу арзусынан
бірлән қапамны[ды] қолға алып, шыклап та, неше жыллардан
берлі кітаплар үстінде отырып «Сағи уөжтиһә» дәнеме бүгінге
қадирдүрәм етерім босқа кетпесе керек. Ол қадир қүдіреті күшті
Ұлы Аллаһ Тәбарак уә Тағала ажиз (әлсіз) пендесін қалай
сөйпейін десе, қалай жазайын десе, ерік әл-ихтияр беріп,
сөйлеуге тілін, жазуға қолын ыңғайлы қылғандан
бар
ғүмырымда
көргенлерімні[ді],
естігенлерімні
[ді]
артгырмайынша, кемітпейінше [арттырмай-кемітпей]
жаза
беруім маған борыш бір қызмет.
Бүл кемені Мухр Раузи қай заманда дүниаға келген
заманында адампар қандай ғамал уә нендей фиғылларда
болғанлығын, қылған жүмыстарынан басират көзі бірлөн
(барлар) қараушылар көз алдында түрғандай танып сол
заманнан адамларына һәм оны ғибрат аларлық нәсне қылып
қалдырған - ......... қадір қиммәт ейлесін деп Хайыр патшада
жақтауға борыш.
Пайғамбарлар тарихы
Бақара сүресі ең соңғы аяты
Пәруәрдігер атамыз Адам ғалаиһис-салам сафи анамыз
Хауа-Ана илән екеуінің басын қосып қанша көп қайғысын
кетіріп, көңіліне шадлық салған Қүдай сенсің. Сол Адам атаның
ұрпағы
бізбіз.
Біздің
де
сондай
қараңғылық
күнімізді
жарықлыққы
айналдырып, дін-исламның туын ортамызға
көтеріп, көңілімізге шаттық бер.
Пәруәрдігер хазіреті Нүх ғалайһис-саламді өзіне ерген
жаранлары иле (мен) дүние жүзін қаптаған тапаннан етегіне
дым тигізбей сәламат сақтаған Қүдай сенсің! Сол Нүх ғалайһис-
32
саламнің зүрриәті бізбіз. Бізді де сондай дүние жүзін қаптаған
пәлекеттен сәламат сақта.
Пәруәрдігер
Ибраһим
Халил
Алланы
дүшманының
Намрудлығының отынан жанар күні бірден: «Демегің (дегенің)»
бірлән сапамат сақтап отыны[н] селзар уә гүлстан қылған
Аллаһ сенсің. Сол Ибраһим Халил-Алланың миллетінде
болушы қүллар бізбіз. Бізді де сондай өзіңе дүшманларының
дүние жүзін қаптаған, жанған өрттей пәлеңнен бізді де
сәламат[те] сақта.
Пәруәрдігер хазірет Иусуф ғалайһиссаламді ағаларының:
«Өлтіремін, көзін жоқ қыламын» деген қастығынан қүтқарып,
қүдыққа салған жерінен онан шығарып, Злиханың жаласымен
зынданға кез қатар қылып, онан һәм аман-есен шығып,
Мысырға патша қылған Қүдай сенсің! Сондай өзімізден басқа
көршілес туысқанларымыздың
бір
иесі
[біреуі]
қүдыққа
салуынан, бір иесі зынданға салуынан құтыла апмай басы
байлы қүлдай пенделікте жүрген қүлларың бізбіз.
Дін тізгініміз қолымыздан кетіп, құдыққа түсіп қалғандай
болғандығымыздан шәрәпләгәмәз (билігіміз) өзімізден кетіп
зынданда қалған жанлардай болғандығымыздан құтқарып,
Мысырға патша болған жанның шаттығындай шаттық бізләрға
һәм мүиәссар қыл.
Пәруәрдігер хазіреті Мұса пайғамбарды Перғауындай
күшті дұшпанынан құтқарып, неше жыл аққан Ніл дариясын қақ
жарып, түбін қүп-құрғақ қылып, өткізіп, Бәни Исрайл жұртының
көзін қандай ашырып қуантқан сенсің. Сол сықылды жер
суымыздан айрылып, не қасқа жайсақымыз дүниенің о шеті мен
бұ шетіне мал жан мүкәмбалінен би ихтияр кетіп, басымызда
билігіміз қалмаған, өзімізден өзгенің бәріне жем болған
құлдарың бізбіз. Бізді де сондай төбемізде ойнап тұрған
найзағайдың
ұшқынындай
зәремізді
алып
түрған
қорқынышлардан құтқарып, бұрыңғы құлларыңа бүрыңғы
зорлық-зомбылық көрген жұртқа берген жақсылығыңды бізге де
бер. Бізді де қорқынышымыздан құтқар.
Пәруәрдігер Хазірет Иунус ғалайһис-саламді балықтың
ішінің қараңғылығынан, дарияның түбінің қараңғылығынан, түн
қараңғылығынан үш қараңғылықтан бірдей қүтқарып, жарық
дүниеге аман-есен шығарған Құдай сенсің!
зз
Дін билігі қолымызда жоқ бір қараңғылық. Қойынында
жатқан қатынмен күн көріп жан сақтайтүғын жер сонылығы
қолымызда жоқ екінші қараңғылық. Өз еркіміз өзімізде жоқтығы
үшінші қараңғылық. Сол қараңғылықтан бізді де қүтқарып
жарық дүниені жаңа көргендей көңіл руслығына бізді де шығар.
«Лә иләһә иллә әнтә» жазсақ жазғанымызға тәубә, адассақ
адасқанымызға тәубә, жаңылсақ жаңылғанымызға тәуба,
білмесек білмегенімізге тәубә, қылмасақ қылмағанымызға
тәуба».
Жақсы, өзі де жақсы болып түр. Жамандай жарылғасаң
бізді жарылқа Қүдай. Білген езі де біліп тұр, білмегенді
жарылқасаң, бізді де жарылқа Қүдай. Қатарға қосылғандар
бүрыннан өзі де қатарға қосылып тұр. Қатарға қосылмағанды
жарылқасаң, бізді жарылқа құдай! Күшті жұрт күштілігімен өзім
таптым дейді. Білімді жұрт білімділігімен өзім жеттім дейді.
«Құдай жеткізді» - деп, екеуі де айтпайды. Күші жоқ, білімі жоқ,
дәнемеге әлі келмейтүғын бір жақсылық, атар таң, шығар күн,
жарық сәуле.
1
^
ц
«Айналайын Құдайымның падшалығынан болды» - деп
білетұғын біздей нашарды, кем-кетік білімсізді жарылқа!
Ей, пәруәрдігер бізге құлларыңа берген елші орнында
Пайғамбарларың Құдай Тағаланың Құдіреті айтты деп айтып
тұр, құл сатып алып әдет қылсаң тауап (тәуба) бар деп. Өзіңнің
падша екенлігің біздің саған құл айдан жарық, күннен рас құл
азад қылған жақсы болатұғын болса, жалған дүниеде тірілік
күнімізде бізге де бостандық, жолымызға азадпық (азаттық)
жарылқасаңда көрсет Құдайлығыңды білдір:
«Ей бар Құдайдай Рахман-Рахим Падша» өзің айттың
дәрменділерінің
үстігері
бұл
сасқан-босқан,
қысылған,
қиналғанларға қолыңның ұшын бер» - деп
Сондай дәрменділікте қалған сасқан десең сасқан, босқан
десең босқан, қысылған десең қысылған, қиналған десең
қиналған ғажсыз....... құлларың бізбіз. Бізлерге де өзің құдірет
қолыңның ұшын беріп, ғаділіңе алмай пазылыңы ала кер. Және
өзің айттың: «Жамандық қылғанға жақсылық қыл» - деп.
Сондай біз өзімізге өзіміз жамандық келтірген «зұлуман
жаһулән» - деп айтқан адам әулетіміз. Біздің жаманлығымызды
құдайлық, падшалық марқаметіңмен жақсылыққа айландыр.
«Күшті десең Құдайға жалын» - деген сенсің. Дәнемеге әлі
34
келмейтүғын нашар бізбіз. «Береді десең қудаидан сура» -
деген Қудай сенсің. Қақсап, зарлап, шулап сураушы бізбіз.
«.................. » - деп айтқан өзің де, сол «...........- сәил» - бізбіз
де, сондай улың босағаңнан нумид (үмі) қайтар м а ? ...... - деген
өзіңсің.
...................
-деп
атын
атыңа
қосақтап
айтқан
Пайғамбарымыз Мухаммед әл-Мустафа салаллаһү ғалайһис-
саламнің
жетім
қалған
үмбетлері
бізбіз.
Мухаммедтей
пайғамбар шаһарлардай ерлер, Сахабалардай жар-жаранлар
ортамызда турса, біз мундай кемшілік, қоршылық көрмедік?
Жетімді есіркесең бізді есірке.
Біз саған сайынқудық, жалықудық есебін тауып, жеткізе
аламыз.
Біздің айтып турғанымыз түгел ойымыздағыны
білетуғын
Қудай
сенсің!
Ойымызға
алғанымызға
түгел
жеткіз.............. жетер жетпес бір нәрсені жетеміздің суын бес
төгіп барсаң пенделерің де береді. Сен қудай! Сен не берсең
мол қылып бер.
Ей бар Қудайа дін жолында ағайын туысқанның ар-намысында
жанын ортаға салып, басын нысанаға байлап, өзін отқа урған
көбелектей урып жүрген ерлердің жолын ашық, жүзін жарқын
қыл! Мерейін үстем достларына үлфетлік душпанына күлфетлік
салып: 1323 һижраның зилхижжаның 11-ші (жүзі) 1907-ші
милади.
Мусулманларының
тілегі
дәрға
мүтәғал
бәрі
Тағаладан. Иусуф Көпеев оғлының рақымы.
Ей мүмин қардашлар (бауырлар) үммед Мухаммеднің[тің]
өлі-тірісіне тілектес болмағыңыз үмметлік қаққындандүр.
Хусусан ғала әл-хусус дін жолына, миллет пайдасына сағи
қылушы
бирадарларыңыздан
жаныңызны[ды]
дарлағ
қылмаслығыңыз адамгершіліктендүр. Жаннан жан аяулы емес.
Ол [Мухаммед ғалаиһис-салам] жанын аямай көптің жолына
қурбан деп жүргенде онан аяп алып қалған жанды неменеге
жаратпақшысың.
3> Достарыңызбен бөлісу: |