Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата22.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#47
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Литература
1. Ашмарин  Б.А.  Теория  и  методика  физического  воспитания:  Пособие
для учителя.- М.: Академия, 2001

2. Лях  В.  И.  Методика  физического  воспитания  учащихся:  пособие  для
учителя. - М.: Просвещение,2000
3. Холодов  Ж.К.,  Кузнецов  В.С.  Теория  и  методика  физического
воспитания  и  спорта:  Учеб.  Пособие  для  студ.  Высш.  Учеб.  Заведений.-  М.:
Академия, 2003.
Түйін
«Болашақ маман қызметін  дайындау  және  жеке  дамуындағы  дене
тәрбиесінің ролі»  мақаласында  білім  алушының болашақ маман  ретінде
қалыптасуына әсер ететін дене тәрбиесінің мәндері ашылады.
Summary
In  clause  «  the  Role  of  physical  training  in  development  of  the  person  and  its
preparation  for  the  future  professional  work»  is  opened  value  of  physical  training  in
becoming the person training as future expert.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА
АУЫЗ СУ САПАСЫ ӘСЕРІНІҢ КЕШЕНДІ БАҒАСЫ
Б.Б. Әсербаев, экология ғылымының магистрі
(«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты)
Қазақстанның оңтүстігінде  1938 жылы құрылған Қызылорда облысы
Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер
көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының
байтағы  228,1 мың шарша шақырым. Мұнда республикадағы халықтың  3,9
проценті тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.
Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстік шығысында – Шымкент,
оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі, яғни, Азиялық шөл
даланың белдеуіне орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және
шығыс бөлігі аралдарымен қоса  28,5 шаршы шақырым болатын аумағы
Қызылорда облысының құрамына енеді [1].
Соңғы жылдары экологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы халықтың
әлеуметтік-материалдық тұрмысын сәлде болса да жеңілдетіп, психологиялық
енжарлықтан шығуына жағымды ықпалын тигізіп отыр. Ең бастысы табиғаттың
онан ары бұзылуын тоқтатуға, тіпті оны бұрынғы күйіндей болмағанымен жаңа
жағдайға ықшамдап, адамға қызмет
ету мүмкіндігін
қалпына
келтіруге
болатынына көз жетті. Солай бола тұрса да, облыс территориясындағы ірі елді
мекендер мен Қызылорда қаласы тұрғындарының  70 пайызы топтастырылған
жүйе арқылы Сырдария өзенінің суын ішіп отыр. Тұрғындардың қалған  30
пайызы ауыз суды құбыр құдықтан ішеді. Қалалар мен елді мекендерді ауыз
сумен жабдықтауға жарамды өзі атқылайтын жер асты суының ірі көздері

халықтың көп шоғырланған жерінен 200-250 шақырым қашықта жатыр. Олардан
су тартуға көп қаражат керек. Әйтсе де Арал өңірінің тұрғындарына сапалы ауыз
су беретін Арал-Сарыбұлақ магистрал су құбыры мен Шиелі ауданында топтық
су құбыры салынып іске қосылды. Сөйтіп төрт ауданның – Арал, Қазалы, Шиелі,
Жаңақорған
елді
мекендері
тұщы
сумен
қамтамасыз
етілді.
Облыс
территориясындағы тұрғындардың су пайдалануы әр жерде әртүрлі. Қызылорда
қаласы
мен
өзге
елді
мекендерді
салыстырғанда
арасында
үлкен
айырмашылықтарды аңғаруға болады. Әр адамның тәулік ішінде тұтынатын
суының мөлшерін мына төмендегі мәліметтен байқауға болады  (литр/тәулік):
Қызылорда қаласы- 163,3, Арал ауданы- 137,2, Қазалы ауданы- 76,8, Қармақшы
ауданы-  93, Жалағаш ауданы-  48, Тереңөзек ауданы-  70, Шиелі ауданы-  45,
Жаңақорған ауданы- 35.
Қалада тұтынатын коммуналдық су құбырындағы судың  15 пайыздан  65
пайызға дейін мөлшері мемлекеттік стандартқа сай емес. Ал ауылдық жерлерде
бұл көрсеткіш 27-ден 89 пайызға дейін көтеріледі. Жер астындағы су жүретін ірі
құбырлардың күйі нашар. Сыртында электрохимиялық қорғаушысы жоқ және
ұдайы тұзы көп ыза жерде жатқандықтан құбырлар тез істен шығады. Көптеген
су құбырлары 20-25 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден
өтпеген. Сонымен қатар олардың бөлек жүйелерінің пайдалану мерзімі өтіп
кеткен, яғни апаттар саны өскен. Апатқа ұшырау қаупінің жоғарылығы екінші
рет ластануға, суды беруде ұзақ іркілістерге, кейбір жағдайларда  30 және
жоғары пайызға жететін жүйедегі үлкен судың ағылуына әкеледі, бұл өз
кезегінде электр қуатының шығындалуына яғни      1м  ³ судың өзіндік құнының
өсуіне әкеп соқтырады. Нәтижесінде көптеген сумен қамтамасыз ету жүйелері
пайдалануға жарамсыз жағдайға келіп, тұрғындар орталықтандырылған су
жүйесінсіз қалады. Қала және аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету
деңгейі аталған себептер салдарынан, сумен қамтамасыз ету жүйелерді
пайдалану күрт төмендеді. Жер астындағы терең қабаттан шықса да, ол судың
бактериялық көрсеткіштері 60-70 пайыз жағдайында, санитарлық нормативке
сәйкес келмейді.
Су құбырының тозуы ауыз су сапасының қайталама
ластануының көзі болып табылады және су дайындығын құнсыздандырады.
Инфекциялық орталық және медициналық орталықтардың денсаулық сақтау
мәліметтері
бойынша
халықтың  30  %-ына
дейін
сапасыз
ауыз
суды
пайдаланады, іш сүзегі, сары ауру, дизентерия ауруларының таралуы ластанған
ауыз суды тұтынумен байланысты [3].
Мысалы, Қазалы ауданы және ауылдарын қосқанда халық саны  71897-і
құрайды. Соның  61425-і орталықтандырылған су көзінен яғни  100%, ал  15%-ы
орталықтандырылмаған су көзінен ішіп отыр. Ауданда  7А насостық стансасы
Аралдан келетін суды қабылдап таратады.
Республикалық бюджет есебінен Арал-Сарыбұлақ су құбыры және оның
тармақтарын
мүмкін
болатын
елді
мекендерге
қосу
жұмыстары
жалғастырылады. Яғни айтқанда Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын қайта
жаңғырту, Арал–Сарыбұлақ
топтық су құбырының  V кезеңіне сәйкес су
құбырларын жүргізу жұмыстары аяталды. Бұл: Абай, Өркендеу, Бірлік,
Қожабақы, Бозгөл, Тасарық, Лақалы, Қызылқұм, Тасөткел ауылдары  V кезеңді
қамтиды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына
байланысты  «Көкарал бөгеті – Арал теңізінің аймағындағы экономикалық,
әлеуметтік және экологиялық маңызы зор мәселеге айналып, Қазақстан
Республикалық Үкіметі нақты шараларды іске асырып келеді.  «Сырдария
өзенінің арнасын реттеу мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу»
жобасының дүниеге келуі, осыған сәйкес қыруар жұмыстардың атқарылуы
Елбасы қамқорлығының жарқын көрінісі. Сондықтан, «Сырдария өзенінің
арнасын реттеу мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу»
(САРАТС) жобасының іске асуының маңызы өте зор.
Аудан көлеміндегі осы алып құрылыстардың бірі Дүниежүзілік Банк пен
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын  «Сырдария өзенінің арнасын
реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау» жобасының І кезеңі
аяқталып, ІІ кезеңінің бастау алғаны белгілі. Екінші кезеңге сәйкес технико-
экономикалық негіздеме, жобалау сметалық құжаттар жасауға байланысты
тендер жеңімпаздары ауданда болып, тиісті мәліметтер алып, әрі қарай
жұмыстарын жалғастыруда.
Сырдария өзені химиялық құрамының мөлшерінің
2009 жылы ПДК-дан жоғарлауы.
тотығуы
1,3 ПДК
магний
2,1 ПДК
құрғақ қалдық
2,5 ПДК
мөлдірлігі
15,3 ПДК
қаттылығы
1,9 ПДК
сульфаттар
2,7 ПДК
1-сурет
Қазіргі кезде белгілі технологиямен су тазалайтын қуатты кешендер
болғанның өзінде Сырдарияның суын зиянды химиялық заттардан тазалау және
тұтынушылардың эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мүмкін болмай отыр.
Елді мекендерде жұмыс істеп тұрған су құбырларының қуаты барлық
тұрғындарды қамтуға мүмкіндігі жетпейді.

1-кесте. Қызылорда қаласының Тасбөгет және Киров шағын аудандары
бойынша кейбір ауру түрлерінің салыстырмалы көрсеткіштері
Орын алған науқас түрлері
2006
2007
2008
2009
Тыныс жолдарының ауруы
47
36
15
18
Өт жолындағы тас
7
10
18
14
Жаңа түзіліс (рак)
11
14
19
20
Жүрек ауруы
9
13
23
32
Іш сүзегі ауруы
247
253
352
298
Дизентерия
22
19
16
22
Вирусты гепатит «А» ауруы
62
103
77
89
Ас қорыту жолдарының ауруы
21
18
12
15
Бүйрек аурулары
14
17
25
21
Іш сүзегі ауруының салыстырмалы көрсеткіштері
0
50
100
150
200
250
300
350
400
1
2
3
4
2006
2007
2008
2009
1-сурет
Дизентерияның салыстырмалы көрсеткіштері

0
5
10
15
20
25
1
2
3
4
2006
2007
2008
2009
2-сурет
Вирусты гепатит «А» ауруының салыстырмалы көрсеткіштері
0
20
40
60
80
100
120
1
2
3
4
2006
2007
2008
2009
3-сурет
Судың сапа  көрсеткіші  төмен  болғандықтан,  іш  сүзегі  аурулары,
дизентерия,  вирусты  гепатит,
өт  жолындағы  тас  аурулары,  ас
қорыту
жолдарындағы  аурулары  және  бүйрек  аурулары  көбейеді.  Сол  себепті  соңғы
жылдарда жоғарыда аталған аурулар саны жылдан-жылға көтерілгені байқалады.

Бұл аурудың сан көрсеткіші бір жылдары жоғары болса, кейбір жылдары төмен
болып отыр.
         Осы жұмыста көрсетілген мәліметтерге қарасақ судың құрамындағы кейбір
мөлшерлер ПДК-дан жоғары. Себебі жоғары ағыстың суу, төменгі ағыстағы суға
қарағанда  төмен,  ал  төменгі  ағыстың суу  жоғары.  Оған  себеп, Өзбекстан  және
ауыл  шаруашылығына  пайдаланған  су қайтып  Сырдария өзеніне  төгіледі.  Ал
оның құрамында әр түрлі улы және басқа да заттар болуы мүмкін [2].
Қызылорда қаласына қарасты  елді  мекендер  және  Сырдария,  Жалағаш,
Қармақшы  аудандарында  жұқпалы  ішек  аурулары  бойынша  көптеген
эпидемиологиялық  қиын  жағдайлар  туындап  отыр.  Ауырып  келетін  14  жас  пен
ересектердің  үлес  салмағы  жалпы  санының  59% жоғары  болып қалуда.  14  жас
аралығында  және  ересектер  арасында  «А»  вирус  гепатит  ауруы Қармақшы,
Жалағаш,  Сырдария  аудандарында, Қызылорда қаласында  жылма-жыл өсіп
келеді. Өткен  жылдармен  салыстырғанда  ересек  науқастардың  үлес  салмағы
өскенін  (30-дан  41%  дейін)  және  14  жастан  төмен  балалар  пайызының
төмендегенін  (70%-дан  59%дейін)  атап
өткен  жөн  [4].  Су  арқылы
инфекцияларды  жұқтырудың белсенділік  жанама  белгісі  болып  табылатын  бұл
процесс Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарынан басқа қала орталығында
да  байқалады.  Жұқтырудың белгіленген  жолдарының ішінде  су  арқылы-19,1%,
тағамдық-14,2%,  тұрмыстық
контактілік-66,6%  тиесілі.  Вирустық
гепатит
ауруды  талдау  және  облыстағы  эпидемиялық процесінің  өсу  мәліметтері
бойынша  инфекция  тарату  факторы  болып  табылатын  суды  активтік  түрде
пайдалануға  беріліп  келе  жатқанын  көрсетеді.  Сумен қамтамасыз  ету  жөніндегі
нашар жағдайдағы елді мекендерге эпидемиологиялық процесс  судан басталып,
бір-бірімен байланысы арқылы тарайды.
          Бүгінгі  күнге  облыс  бойынша  су құбырларының жағдайы өзекті  мәселе
болып қалуда,  бір қатар  мәселелер  шешімін  таппауда.  Жыл  сайын  істеп  тұрған
су құбырларының саны қысқаруда. 2008 жылдың аяғына есептеп 393 су құбыры
тұрса,  2009  жылдың  қазіргі  уақытына  дейін  356, қалғандары  жарамсыз  болып
қалды.  Істен  шыққан  су құбырларының саны ұлғаюда.  Соның салдарынан
тұрғындар жер асты, құдықтың әуелі кездейсоқ су көздерінен суды пайдалануға
мәжбүр болып отыр.
Ұсыныстар
1.  Ауыз  су  сапасының төмендігі әсерінен  ауру  түрлерінің жылдық
көрсеткішіне мониторинг жасау;
2.  Су қорын  пайдаланғаны үшін  келіп  түскен қаражатты  мақсатсыз
пайдалануды шектеу;
3.    "Таза  су"  мәселелерін  кешенді  шешу  жөніндегі  2003-2010  жылдарға
арналған  және  "Ауыз  су"    2002-2010  жылдарға  арналған      республикалық
салалық
мемлекеттік 
бағдарламаларында
қаралған 
іс- 
шаралардың
орындалуының нәтижесіне жету;
5.  Ауыз  су  сапасын  жақсарту  жөніндегі  жаңа  отандық та,  шетелдік  те,
жаңа үлгідегі  су  сүзгілері  мен  су үнемдейтін  озық технологияларды
әзірлеу
және енгізу.

Қорытынды
1. Қызылорда  облысы  халқының тұтынатын  ауыз  суының  құрамы  мен
сапасына  талдау  жасалынды. Қазалы,  Арал  аудандары  Сары-Бұлақ топтық су
құбырынан  таза  суын  100℅ тұтынады.  Шиелі  және  Жанақорған  аудандары
Жиделі  топтық су құбырынан  таза  су  мәселесін  90%-ға  шешті.  Ал Қызылорда
қаласы  топтық су құбырынан  70%,  ал қалған  30%-ы құбыр құдықтың суын
пайдалануда.  Сырдария,  Жалағаш, Қармақшы  аудандары әлі  де  болса,  тікелей
Сырдария өзенінен  орталықтандырылған  жүйемен  су  ішіп  отырса  да,  осы
аймақтағы аурулар саны азаймай отыр.
2. Қызылорда  облысы  ауыз  суының сапасына  талдау  жасалынды.  2008-
2009  жылдар  аралығында Қызылорда  облысы  бойынша  Сырдария өзенінің
аудандар  бойынша  судың  қаттылығы, құрғақ  қалдық, сульфаттар  және  магний
көрсеткіштері ПДК-дан өте жоғары екені анықталды.
3.  Су  көздерінің ластану  себебінен  туындаған  аурулар  анықталды.
Сырдария өзенінен суды тікелей ішіп отырған Қызылорда қаласына қарасты елді
мекендер мен Сырдария, Қармақшы, Жалағаш аудандарында ауыз су сапасының
төмендігінен туындап отырған аурулар  мен науқастар саны азаяр емес. Әсіресе,
іш сүзегі, дизентерия, вирусты гепатит «А» аурулары өршіп отырғаны байқалды.
Әдебиеттер
1. Нұрғызарынов  А., Құрманбаев  Р.  және  т.б.  /Табиғаты  тылсым өңір/
«Мәдени-танымдық және ғылыми көпшілік журнал». –Астана., 2009ж.
2.
Б.Б.
Әсербаев.,  Б.Б.  Абжалелов  «Ауыз  судың
экологиялық
проблемалары/туралы аналитикалық шолу». –Астана., 2007ж.
3. Нұрғызарынов  А.  «Аралдың экологиялық тынысы». –Алматы: Ғылым,
2006 ж.
4. «Сыр бойы». 19 ақпан, 2004 ж.
Резюме
В  данное  время  качество  питьевой  воды  и  их  число  уменьшается  не
только в Кызылординской области ну и во всем Казахстане. Главная причина это
загрязнение  питьевой  воды.  Объем  загрязнения  реки  с  каждым  годом
повышается.  Жители  района  и  области  от  элементарных  причин  чаще  всего
заболевают  дизентерией,  вирусным  гепатитом  «А».  Несмотря  на  это,  жители
Кызылординской  области  (70%)  употребляют  воду  из  реки  Сырдарья.  А
остальные (30 %) употребляют подземную воду.
Summary
Now  quality  of  drinking-water  and  their  number  of  not  in  Kyzylorda  of  area
well  and  in  all  Kazakhstan.  Main  reason  it  is  contamination  of  drinking-water.
Habitants of district and area from elementary reasons more frequent dysentery, virus
hepatitis of A. Not looking on it, habitants of Kyzylordinskof of area 70 percents are

used  by  waters  from  the  river  Syrdarya.  And  other  30  percents  are  used  by
underground waters.
ҚАЗІРГІ  ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ
ҚҰРАЛДАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Ибраева К.Ж., п.ғ.д., профессор
(С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті)
Тлеушева С.Т., оқытушы
(№3мектеп-гимназиясы, Астана қ.)
Халықтың педагогикалық даналығы  халықтық тәрбие құралдарын  толық
пайдаланған  жағдайда  білім  беруді  жаңартуды  және  отбасы,  балабақша,
мектептерде,  жоғары  мектеп  тәрбие  мәселелерін  ескеру  керек. Құрылымында
этнопедагогика  элементтері  бар өзге өлшем  мен  көрініс  беретін  сабақтар
жобаларында сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап өткізу қажет.
Қазақстан  жағдайында  да  халықтық педагогикалық ойларын  бүгінгі
тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе
жинақталған.  Бұлардың ішінде, әсіресе,  халқымыздың тәлім-тәрбиелік  ой-
пікірлерінің
зерттелу, 
жинақталу, 
жариялану 
жолы
Қ.Жарықбаевтың
еңбектерінде  айқын  көрініс  тапқан.  Сонымен қатар, ғалымдар  А.Көбесов,
С.Қалиев,  С.Ұзақбаева  еңбектерінің
нәтижелері  де  тарихи-педагогикалық
мәселенің бүгінгі  міндеттерін  шешуде  халық даналығын  басшылыққа  алуды
жүктейді.    Енді  этнопедагогиканың  құралдарының  әрқайсысына  жеке-жеке
тоқталсақ.
Этнопедагогика  «фольклорлық шығармалар  мен  салт-дәстүрлердің тәлім-
тәрбиелік  мән-мағынасын  және  оларды  оқу-тәрбие  жүйесінде қолданудың  әдіс-
тәсілдерін  зерттейтін  педагогика ғылымының бір  саласы»  болғандықтан, қазақ
фольклорының
жекелеген 
жанрларын 
оқу-тәрбие
үрдісінде 
пайдалану
мүмкіндіктері өте зор. [2]
Қазақ фольклорының  қай  жанрын  алсаңыз  да,  олардың танымдық,
тәрбиелік мәні зор ұлан-ғайыр дүниелер. Әсіресе, ең ұзақ жанр болып табылатын
мақал-мәтел,  жұмбақ, санамақ, жаңылтпаш  баланың тілін,  ой-өрісін  дамытады,
оның бүкіл жан  дүниесін қалыптастырады.  Аясы  тар  мақалада  біз  жаңылтпаш
пен  мақал-мәтелдерді  тәрбие үрдісінде  пайдаланудың жолын қарастыруды
көздедік..
Жаңылтпаш  баланың тілін  ширатады,  оның дүниетанымдық түрлері  мен
тәрбиелік нұсқалары баланың ой-өрісін кеңейтеді. Мектепке келген балалардың
кейбіреулері дыбыстарды айта алмай қиналады немесе қате айтады. Осы кезеңде
баланың тіл  мүкістігін  жою үшін  жаңылтпаштарды қолданған  дұрыс.  Баланы
оның  қиналып  айтатын  дыбыстары  бар  сөздерді  неғұрлым  жиі–жиі  дауыстап
айттырып, жаттықтырған жөн.
Жаңылтпашты сабақта оқытумен қатар сабақтан тыс уақытта да тәрбиелік
тұрғыда кеңінен қолдануға болады.

Мақал-нақыл, өсиет  түрінде    айтылған  философиялық ой  түйіндері,  сөз
мәйегі.  Мәтелдер,  негізінен,  тұжырым  тұспалы өлеңде    сыңар  тармақты, қара
сөзде нұсқалы сөз ретінде  айтылады.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің
көбірек қамтитын  тақырыптары: елдік,
ынтымақ, бірлік туралы ойлар.Отан – оттан да ыстық.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер:
Ер бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Бірінші  сыныптан  бастап  мақал-мәтелдер  бірте-бірте
үйретіліп,
оқушылардың тілі  мен  ойын  дамытуға  бағытталуы  тиіс.  Мұндай  жұмыстың
негізгі  бір  тәсілі –  мақал  мен  мәтелдерді  жаттату,  оларды  ел  аузынан  жинау,
сынып сағаттары мен кештерінде, жыр жарыстарында қолдана білуге үйрету. [1].
Көне  замандардан  күні  бүгінге  дейін  сақталып,    тәуелсіздігін  алып  отыраған
халқымыздың тарихын  саралайтын  болсақ, ол  сонау  Күлтегін,  Білгеқаған,
Тоныкөк  дәуірінің  өзінде-ақ жерін,  елін,  тілін,  ділін қорғаудағы өшпес
ерліктерге толы болғандығын дәлелдейді. Күлтегiн жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнаттым... – дейдi [1].
Әр  сабақта өтілген  материалдардың идеялық мазмұнына  сай  келетін
мақал-мәтелдерді  жинастыру  жұмысын  балалардың  өздеріне  тапсырып  отырса,
бір  жағынан,  баланың ізденімпаздық  қабілеті  артады,  екінші  жағынан,  сол
мақал-мәтелдердің
мағынасын 
тереңірек
ұғынуға 
мүмкіндік 
жасалады.
Үшіншіден,  жұмыс  барысында  бала өмірлік  азық боларлық мақал-мәтелдердің
жинағын  жасап алады. [2]
Мақал-мәтелдерді  оқу-тәрбие
үрдісінде  пайдалану  барысында  есте
болатын бір нәрсе – оны баланың белсенді сөздік қорына енгізіп, алдағы уақытта
сөйлеу  тілінде  пайдалана  алуына  көмектеседі.  Мұндай  жұмысты  жүргізу үшін
мақал-мәтелді  сабақта қолданумен  шектелмей,  сабақтан  тыс  уақытта  да
қарастыруға  мүмкіндік  жасаған  жөн.  Мысалы:  бастауыш  сынып  оқушылары
арасында мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру.
Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  бай  тәжірибесінен  туындап өмірлік
түрлі  жағдайларда  сұрыпталған қағидаларының таңдаулары –  халық ырымдары
мен  тыйым  сөздері.  Олардың адамгершілігі  жоғары  азамат  тәрбиелеуде  алар
орны  ерекше.  Балалардың жаман әдет,  іс-әрекеттен  бойларын  аулақ  ұстауға
тәрбиелейтін  халық ырымдары  мен  тыйым  сөздері  тақырыпқа  сай  пайдалануды
талап  етеді.  [3] Әл-Фараби өзінің  ««Ізгі қаланың тұрғындары»,  «Бақытқа  жету
жолдары», 
«Ғылымдар 
тізбегі» 
немесе 
«Ғылымдар 
энциклопедиясы»,
«Музыканың  ұлы  кітабы»,  т.б.  еңбектерінде білім  беру  философиясы,  этика,
эстетика, адамгершілік мәселелерін қозғап, қоғамды кемелдендіруді, әрбір қоғам
мүшесін  бақытқа  жеткізуді  тереңнен  тұжырымдаған.  Сонымен  бірге ғұламаның

әрбір ой түйіндеуінен оның Отанына деген асқақ сезімін байқауға болады, әрбір
философиялық
ой-пікірлерінде 
туған 
елінің
бүгіні 
мен 
болашағына
алаңдаушылық байқалып  тұрады,  халқы үшін қызметі  оның патриоттық сан-
сезімін білдіреді. Осы айтылған ойларды мына өлең жолдары дәлелдейді:
Кеткенім жоқ, елім сенен,
Атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жалғыз, жұртым шалғай,
Ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтінді,
Келгенінше шамамның.
Ассамдағы сексен жастан,
Сәбиіңмін, балаңмын ...
Айналайын, атам қыпшақ,
Туған жерді сағындым.
Өз атыңа, құрметіңе,
Қайда жүрсем табындым!
әл-Фарабидің
патриоттық
рухы 
Ж.Баласағұнидің 
«Құтты 
білік»
дастанында  жалғасын  табады. Қарахандық түркілердс әскери-жауынгерлік
дәстүр  жақсы дамығаны  белгілі.  Сондықтан  Жүсіп  Баласағұни  дастанда
әскери өнердің  қыр-сырын тамаша  суреттейді.  Ол  көне  түркілерден  мирас
больш  келе  жатқан рухтылық, жауынгерлік,  мәрттік,  серілік,  антқа  беріктік,
аманатқа адалдық  қасиеттерді ұлағат  тұтады.  Сөйте  тұра,  ол  халықтар
арасындағы қантөгісті  мінеп,  бейбітшілік  пен  татулықтың туын жоғары
көтереді.  Оның ойынша,  елдің береке-бірлігі,  тыныштығы «қылыш»  арқылы
орнаса,  оның атақ-даңқы,  байлығы,  білім  мен оқудың  өркендеуі  «қалам»
арқылы,  яғни, ғылым  арқылы  келеді.  Ақын «Кылыш    күзейді, һәм  жасытар,
қалам түзеп, қазынасын тасытар» (2417-бәйіт) - деп, бейбіт тұрмысты бәрінен
артық санайды [2]. Ж.Баласағұнидің тәлімдік ой-пікірлерін талдай отырып, оны
меңгерудің
нәтижесінде
ғұламаның
патриоттық
тәрбие  беру  бойынша
тұжырымдаған  даналық  қағидаларын  бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде  пайдаланудың
қажеттілігін көруге болады.
Кемеңгер  ойшыл  Махмұт Қашқари өзінің атақты  «Диуани  лұғат-ит-түрк»
(«Түрік  сөздігі»)  еңбегінде өскелең  ұрпақтың  өз  еліне  деген сүйіспеншілігін,
халқына  деген құрмет  сезімін,    атамекеніне  деген  отаншылдық рухын
тәрбиелеуге  баса  назар  аударады.  Отанды қорғау  ошақ  қасынан,  отбасынан
басталатыны туралы мынадай келелі ой түйіндейді:
Туыс, қоңсы-қоланды,
Құрметте де қадірле,
Сыйын алып, одан да, жақсы тауар қарым бер».
Сонымен  бірге «Отан  дәстүр  мен ұлттық мәдениеттен  тұрады,  Отаннан
күдер үзу болғанмен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ» – деген мақалы оның
Отанды құрметтеуге,  Отанның салт-дәстүрін  дәріптеуге  бағытталған. Сонымен
қатар:
Жау қамалы алынды,
Қызыл байрақ қағылды,
Дұшпан шөптей шабылды,

Құтылмайды қашса да,
Талқандадым ерлерін,
Қансыратты шеңгелім,
Алтындардан теңдедім,
Бізден
өтер  жау
бар  ма?- деп,  ерлік  жасауға
үлгі  болған  ата-
бабаларымыздың тәуелсіздік  жолындағы күресін,  батырлардың  қуат-күшін,
майдан даласындағы шайқастарын, олардың соғыс өнеріне жетік меңгергендігін
ашып көрсетеді.
М.Қашқаридің жастарды  елін-жерін  сүюге, қандай қиындық болмасын
халқымен  бірге  көруге,  атамекеннің даңқын  көтеруге үндейтін  мынадай
ғибратты ойлары да көп нәрсені аңғартады:
Батыр майдан шебінде,
Дана жиында сыналады»;
«Кіріспе іске, әбдіреп, асықпай тұрып көріп ал,
Әбдіреп шақпақ шаққанда, шырақ та құлап сөнер ол»;
«Сорлы қонақ мұқтаж болып келсе егер,
Сарылтпа оны, бар асыңды тездеп бер!»  немесе
«Дауыстап үлкен шақырса, тезірек бар жүгіріп,
Құрғақшылық жылы жұртты көр, қайда түссе, сонда түс!», т.б.
 Халықтық педагогика  жетістіктерін қазіргі  тәрбиеде қолдану  мақсатқа
сай келеді. Өйткені халық даналығы ешуақытта ескермейді.
Қазақ халқы –  сөз қадірін    біліп, қасиетті  сөзді қастерлеп,  аузынан
тастамай, өнеге  ретінде  данышпандығын өлең  өрнектерімен,  терең мағыналы
сөздермен зерлеп келе жатқан халық.
Оқу-тәрбие үрдісінде    этнопедагогика    элементтері    бар  тәрбие  іс-
шараларды өткізу  болашақ  ұрпақты  халық мұрасын қастерлеуге  тәрбиелейді.
Халықтың тарихи  мұрасы  болып  табылатын  шешендік  сөздер  ауыз әдебиетінің
басқа  түрлері  сияқты  ауызша  шығып,  ауызша  таралған. Қазақ шешендері өз
заманының озат  ойшылы,  оқыған,  оқымаса  да  көкейге  тоқыған  білімді,
мәдениетті азаматы болған. Жастар әлеуметтік мәселелерді талқылау үстінде көп
жасаған,  кәрі құлақты қариялардың аузынан  шыққан  жүйрік  ойлы,  жүйелі
сөздерді жаттап алып, жүрген-тұрған жерлерінде ойын-жиындарда айта жүрген.
Шешендік
өнерді 
зерттеушілер 
А.Байтұрсынов, 
Ы.Алтынсарин,
Ш.Уәлиханов,  С.Сейфуллин,  М.Әуезов,  Р.Сыздықова,  Б.Адамбаев,  Б.Ысқақов,
Х.Сүйіншалиев,
Ә.Мәмбетова, 
Т.Кәкішев, 
Т.Нысанбек, 
Н.Төреқұлов,
А.Қыдыршаев 
шешендік
өнердің
жас
ұрпақтың
адамгершілігін
қалыптастыратындығын айтқан болатын.
Мысалы: Төле бидің: «Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік
айтпа, сенімің кетер. Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер», - деген өнегелі
сөздері  арқылы  жастар  ақылына  ақыл қосады. Қазыбек  бидің жас ұрпаққа
қалдырған өсиет сөздерінде:
Өркенің өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма

Өскеніңді өшірерсің –  деген  сөздері  арқылы  аз  сөзбен  көп  мағына  беріп,
кейінгі жас ұрпақтың санасын өсіреді. [2,46]
Шешендік өнер үш  түрге  бөліп қарастырылады.  Шешендік  арнау,
шешендік толғау және шешендік дау.
Шешендік 
толғау 
тобына 
жататын 
мақал-мәтелдер 
халықтың
философиялық  өсиеті  ретінде  айтылады.  Мақал-мәтелдер  арқылы  студенттер
тапқырлыққа,  еңбекқорлыққа  тәрбиеленеді.Анадан
өнеге  көрмеген
қыз
жаман,Атадан өнеге  алмаған ұл  жаман –  деп Қорқыт  ата  айтқандай  жеке  тұлға
тәрбиелеуде отбасының да қосар үлесі зор.
Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие беру ісі оқытушының тәрбиелік
қызметі  арқылы  іске  асады.  Кемеңгер  ақын  Абай  алғаш  рет  Мұқтар Әуезовты
көргенде болашақта үлкен ғұлама адам болатынын, түрінен айырып, болмысына
қарап  психологиялық сипаттама  берген.  Бала әуесқой,  сұрақты  көп қоятын,
білуге  тырысатын  болса  «Талапты  бала –  талпынған құстай, құмары қанбас
аспанға ұшпай» дейтін болған.
Ұлы  Абай:  «Естілердің сөзін  есітіп,  көңілге  тоқыған  адамның  өзі  де  есті
болады» деген екен.
 Абай  «Адамның адамгершілігі  жақсы ұстаздан  болады»  деген  екен.
Ұстазы пейілді болса, шәкірті зейінді болатыны сөзсіз. Студенттердің тәрбиелік
деңгейі  сөйлеген  сөзінен  аңғарылып  отырады.  Сөз қадірі  арқылы өз қадірін
білдіреді. Қазақ халқы «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл – тас жарады, тас жармаса,
бас  жарады»,  «Жанды  жаралайтын  да  сөз,  емдейтін  де  сөз»,  «Жақсы  сөз –  жан
азығы»,  «Жақсы  лебіз –  жарым  ырыс»  т.б.  мақалдар  арқылы  тіл құдыретін
аңғартады  және қай  жерде қалай  сөйлеуге үйретеді.  Ахмет  Байтұрсыновтың
пікірінше  сөз өнері  адам  санасының  үш  негізіне:  ақылға, қиялға,  көңілге
тіреледі.  Сөз  дұрыстығы,  тіл  тазалығы,  сөз әдебі  адамның мәдениеттілігі  мен
білімділігін  көрсетеді.  Адамның тұлға  болып  кемелденуіне,  саналы  болуына
шешендік өнердің тигізер пайдасы баға жеткісіз. [3,37] Үнді даналығында былай
делінген: «Дос қиыншылықта, батыр- шайқаста, адал – қарызын қайтаруда, әйел
–  кедейлікте,  туған-туыс –  кемдік-тарлықта  танылады».  Жас ұрпақты  болашақ
отбасылық өмірге дайындауда айтылар шешендік сөздерге тоқталатын болсақ:
Әйеліңмен дос бол,
Үйіңе береке кіреді.
Азаматпен дос бол,
Қадіріңді  біледі –  десе,  «Отбасында  бақытты  адам –  шын
бақытты адам» - деген ұғым арқылы насихат сөздер айтылады.
Қазақ тілі - өзінің  кең даласындай  шалқар  да  жалпақ тіл.  Ой  тіл  арқылы
беріледі.  Адамға  абырой  еңбек  арқылы,  ақыл-парасат  арқылы  келеді.  Адамның
мінез-құлқы,  халықтың  әдет-ғұрпы  да  шешендік  сөздер  мен  мақал-мәтелдерден
орын  алады.  Адал  болуға, әділ  болуға,  кішіпейілділікке, қайырымдылыққа
жақсы мінезге үндейді. [4,12]
Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,
Ашу деген – ағын су.
Алдын ашсаң, арқырар,
Ақыл деген – дария

Алдын  тоссаң, тоқырар» -  деп  жастарды  ақылдылыққа,  имандылыққа,
ізеттілік пен мейірімділікке жақсы қасиеттерге баулиды.
«Ашу  келсе  ақыл  кетер,  ашудан  ақылың көп  болса,  ашу  не  етер» -  дейді.
«Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос» - деп әдептілікке, абайлап сөйлеуге,
ақылды  ашуға  жеңдірмеуге үйретеді.  Бұл  бағытта  халықтық педагогиканың да
өзіндік үлесі зор.
Адамның адамгершілік  бейнесі,  психикалық іс-әрекеті үстінде  дамиды.
Жағымды  іс-қимылдың алғашқы  ірге  тасы  балалық шақтан қалыптасады.  «Ана
балаға  сыншы»  деп  текке  айтылмаған.  Кейбір  аналар  баласының дене  бітіміне,
бойындағы ерекшелігіне қарай психологиялық сипаттама берген.
Бір құлағы  екіншісінен үлкен  болса –  күйші,  саусағы ұзын  болса –  биші,
желкесінің шұңқыры үлкен  болса –  жалқау,  бармағы қайқы  болса –  шебер,  екі
орайы  болса –  екі әйел  алады,  шалқасынан  жатса –  бай,  бүрісіп  жатса –
уайымшыл, емшекті қолымен қысып отырып емсе – сараң болады деген. [6,94]
Шешендік өнердің халықтың бірыңғай әдеби тілі қалыптасуына да тигізер
ықпалы  зор  болған.  Жас ұрпақтың адамгершілігінің  қалыптасуына  Бұқар,
Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы насихат сөздердің әсері үлкен.
Бұқар жырау:  Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін таппас дау бар – деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін қысқа  нақыл  сөзге  сиғызып  айтқан. Қазақтың билері  мен  шешендері –
халықтың көкейіндегісін  білген,  көкірегіндегісін  жарыққа  шығарған әділетті
шешушісі,  шешімін  айтушысы.  Билер
әділдігімен,  төрелігімен,  асқан
кемеңгерлігімен,  данышпандығымен,  сабырлығымен  би  атанған.  Жоғары  оқу
орындарында  шешендік
өнерге
үйрету  арқылы  жастар  адамгершілікке
тәрбиеленеді.
1992  жылы  «Балауса»  баспасынан  жарық көрген  «Қабуснамада»  :  «Ей,
перзентім,  сен  де  шешен  бол,  сөйлей  білген,  бірақ жалған  сөйлеме,  сөйлесең,
шындықты айт. Жалған, бейберекет сөз – диуаналардың сөзі. Тыңдаудан қашпа,
адам сөзді есту, шыңдау арқылы шебер болады» делінген. [7,46]
Казіргі  мектеп  оқушыларына халықтық тәлім-тәрбие  түрлерін  насихаттау
арқылы олардың бойына ізгілік, кішіпейілділік қасиеттерді ұялатып, олардың өз
тіліне, әдет-ғұрпына,  салт-санасына,  Отанына,  халқына  деген  сүйіспеншілігін
арттыруға, ұлттық санасын қалыптастыруға ықпал жасалады.
Шешендік өнер,  билердің сөздері,  сонымен  бірге  сонау  отызыншы
жылдардың басында  жазықсыз  жазаға ұшырап,  зорлық-зомбылық  құрбаны
болған  Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан  Бөкейханов,  Жүсіпбек  Аймауытов,
Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаевтардың  ұлттық тәлім-тәрбие, әдеп,
этнопедагогика, риторика, психология саласындағы терең де, сындарлы пікірлері
бүгінгі жастарды тебірентпей қоя алмайды.
Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  күнде    оқушыларды әдепті  де  саналы  етіп
тәрбиелеу үшін  ең алдымен  тәрбие  ережелеріне  сүйене  отырып, ұлттық
дәстүрімізді, әдеп-ғұрыптарымызды,  ата-бабаларымыздан қалған    насихат

мұраларын  балалардың санасына    сіңіре  білу  міндетін  орындауымыз қажет.
Мектеп оқушыларын  тәрбиелеуде    этнопедагогиканың  құралдарын  тиімді
пайдалану
– 
болашақ 
ұрпақтың
танымдық
іздемпаздығын,
әдептілігін,отансүйгыштыгын, 
ана-ананы 
сыйлап 
жалпы 
адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырудың жолы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет