Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Сәби шапағатына байланысты қисса
Замандастары  Мәлік  ибн  Динар  деген  хадис  риуаят 
етуші  кісіден  оның  тәубеге  келіп,  тақуаға  айналуының 
сырын сұрағанда ол өзінің басынан өткен жайтты былайша 
баяндаған екен.
«Ол  менің  жас  шағым  еді.  Шаһар  базарында  тәртіп 
сақшысы болып жұмыс істейтінмін. Ол менің ішкілікке әбден 
салынып  жүрген  кезім  болатын.  Бірде  базарда  жүріп  өзіме 
ұнаған бір күңді сатып алдым. Соңыра сонымен көңіл қосып, 
үйлендім. Ол маған бір қыз туып берді. Мен сол қызымызды 
қатты  жақсы  көруші  едім.  Сәбиіміз  еңбектей  бастағанда 
қатты  сүйсінетінмін.  Бірде  мен  әдеттегідей  шарап  ішіп 
отырған кезімде ол менің алдыма еңбектеп келіп, қолымнан 
бөтелкемді  тартып  алып,  шарап  киіміме  төгілді.  Бірақ, 
өкінішке орай сондай қатты жақсы көрген қызымның ғұмыры 
өте қысқа болды. Ол екі жасқа толғанда белгісіз бір дерттен 
шетінеп кетті. Бұл орны толмас қаза мені қатты қайғыртты.  
Қатты құсадан мен ішкілікке одан сайын салынып кеттім.
Әлі  есімде,  шағбан  айының  ортаңғы  түні  болатын. 
Бейсенбіден  жұмаға  қараған  түн  еді.  Әдетімше  ішімдікке 
сылқия  тойып  алып,  есімді  білмей  ұйықтап  жатқанмын. 
Құптан намазын да оқымағанмын. Түсімде Қиямет күні келіп 
қалған  екен  деймін.  Сұр  үрленіп,  бүкіл  халайық  махшарға 

170
171
жиылып  жатыр  екен.  Олардың  арасында  мен  де  жүрмін. 
Кенет артымда бір тысырды құлағым шалды. Жалт бұрылып 
қарасам, о, тоба, бір үлкен, түрі қорқынышты, түсі алқара көк 
аждаһа жылан маған қарай ентелеп келе жатыр екен. Қатты 
шошынғанымнан  жүрегім  аузыма  тығылып,  алды-артыма 
қарамай,  сүріне-қабына  алға  қарай  ұмтыла  бердім.  Біраз 
уақыт өткен соң артыма көз салсам, әлгі әбжылан артымнан 
бір елі қалар емес. Қуып келеді. Зымырап  қашып келе жатқан 
менің алдымнан бір кезде аппақ киім киінген, үстінен хош 
исі аңқыған бір аппақ қудай қария жолықты. Мен оған сәлем 
бердім.  Ол  да  менің  сәлеміме  сәлем  қайтарды.  Мен  одан 
араша сұрап: «Ау, қария! Мына артымнан қалмай қуып келе 
жатқан бәледен мені құтқара гөр!» – деп жалбарына кеттім. 
Ол  қария  иегі  кемсеңдеп,  шарасыз  кейіппен:  «Ай,  балам-
ай!  Мен  не  істей  аламын!  Менің  қажыр-қайратым  бұған 
жетпейді ғой. Ол бәле менен әлдеқайда күшті. Бірақ сен алға 
қарай қаша бер. Бәлкім Алла Тағала бір құтқарушы жіберер», 
–  деді.  Артымдағы  аждаһаның  өзіме  таяп  кеп  қалғанын 
байқаған  мен  жан-дәрменмен  алға  ұмтылдым.  Сөйтіп, 
жүгіріп келе жатып алдымнан кездескен бір биік төбелерге 
өрмелеп шыға бердім. Бір сәтте айналама қарасам, төменгі 
жақтың бәрі лаулаған от. Артыма қарасам, әлгі пәле аждаһа 
артымнан  қалмай  өкшелеп  қуып  келеді  екен.  Одан  қатты 
шошыған  мен  тәлтіректеп  жан-жағымдағы  отты  құздарға 
түсіп  кете  жаздаймын.  Бір  кезде  алыстан  «Ей,  пенде!  Сен 
ол  жердікі  емессің!  Кері  қайт!»  деген  дауыс  шықты.  Бұл 
дауысты естіген менің жүрегім жылып сала берді. Жылыстап 
жүріп келген жолыма қайта түстім. Алдымнан баяғы қария 
қайта  жолықты.  Оны  көрген  мен:  «Ай,  қартым-ай!  Маған 
бір  көмек  бере  алмадың-ау!  Мына  пәледен  құтқармадың-
ау!»  –  дей  бердім.  Ол  қария  көзі  жасаурап:  «Ай,  балам-ай, 
мен не істей аламын.. Бірақ.. Сен мына тауға қарай баршы. 
Сол  тауда  мұсылмандардың  жасырын  амалдары  сақталады 
деуші  еді»,  –  деді  алдында  тұрған  тауды  нұсқап.  Мен  әлгі 
тауға  назар  салдым.  Ол  дөңгеленген  үлкен  күміс  тау  екен. 
Әр  жерінде  ойылған  терезелер  мен  шымылғылар  көрінеді. 
Әрбір  терезесі  мен  ойығының  жақтаулары  жақұтпен, 
інжу-маржанмен  қапталынған.  Оларда  әдемі  зерленген 
жібек маталар толқып, желбіреп тұр. Артыма қарасам, әлгі 
аждаһа  маған  таяп  қалыпты.  Дереу  бар  екпініммен  тауға 
қарай  жүгірдім.  Тауға  жақындап  қалғанымда:  «Перделерді 
көтеріңдер! Жақтауларды айқара ашыңдар! Жақындатыңдар! 
Бәлкім,  мына  сорлының  ана  дұшпанына  қарсы  қоятын 
сақтаулы нәрсесі бар шығар!» – деген дауыстар естілді. Сол 
сәтте маған терезелер жақындатылып, перделер ысырылып, 
олардың  ар  жағындағы  нәрселер  көрсетіле  бастады. 
Терезелердің ар жағында жүздері он төртінде толған айдай 
жарқыраған балғын сәбилер көрінді. Артыма көз салсам әлгі 
пәле жақындап қалыпты. Мен сорлы не істерімді білмей әбден 
дал  болдым.  Сол  кезде  жаңағы  балғындардың:  «Барлығың 
тез жақындаңдар! Оның дұшпаны келіп қалды! Тез! Тез!» – 
деген айқайлары шықты. Сол-ақ екен, ол балалар алдымнан 
бірінен соң бірі топ-топ болып өте берді.
Кенет..  Қарасам,  алдымда  баяғыда  кішкентайында 
қайтыс болған сәби қызым көрінді. Ол мені көре сала жылап: 
«Әй!  Уаллаһи,  мынау  менің  әкем  ғой!»  –  деп  айқайлады. 
Солай  деді  де  өзі  тұрған  терезесінен  төмен  түсіп,  нұрдан 
жасалған табақшамен алдыма бір мезетте жетіп келді. Келе 
сала сол қолын маған қарай созды да, мені қатты қысып ұстап 
өзіне қарай тартты. Сосын артыма кеп қалған аждаһаны оң 

172
173
қолымен  әрі  итерді. Мұны  көрген  аждаһа артына  бұрылып 
алып алды-артына қарамай зыта жөнелді. 
Пәледен  құтқарған  соң  қызым  мені  отығызды.  Сосын 
құдды  тірі  кезіндегідей  менің  алдыма  отырып  алды 
да,  сақалымнан  бір  сипап:  «Әй,  әкетайым-ай!  «Иман 
келтіргендердің  Алланы  не  Ол  түсірген  ақиқатты 
(Құранды) естеріне алып, жүректері жібитін уақыты әлі 
болған  жоқ  па?»  (Хадид  сүресінің  16-аяты),  –  деді.  Оның 
бұл сөзін естіген мен жылап қоя бердім. Сосын өзіме келген 
соң: «Әй, қызым! Сонда сендер де Құранды білесіңдер ме?» 
– дедім таңданып. Қызым: «Пәлі! Әкетай! Біз оны сіздерден 
де жақсы білеміз», – деді. «Ал, әлгі мені құртпақшы болған 
аждаһа  қайдан  келген  пәле?  Соны  түсіндірші»,  –  деп 
сұрадым мен. «Ол, әкетайым, сенің жамандықтарың, істеген 
күнәларың!  Оларды  көп  істеп,  күшейткенің  соншалықты 
ақырында сондай үлкен аждаһаға айналып, өзіңді тозақ отына 
жыға жаздады ғой», – деді налып. «Қап! Әттеген-ай, ә! Ал, 
әлгі жолда жолыққан аппақ қария кім болды?» – дедім мен 
сұрағымды жалғастырып. «Е, әкешім! Ол сенің жақсылығың. 
Жақсы  істерді  тым  аз  жасағаның  соншалықты  сондай 
шарасыз да әлжуаз қарияға айналыпты», – деді қызым. Мен: 
«Ал, енді, қызым, сендер бұл тауда неғып жүрсіңдер?» – деп 
соңғы  сұрағымды  қойдым.  Сонда  сүйікті  қызым:  «Біз  ерте 
қайтыс  болған  мұсылман  сәбилерміз.  Қиямет  күніне  дейін 
осы  тауда  болып,  сол  күні  ата-аналарымызға  шапағатшы 
боламыз», – деп жауап берді.
Мен  ұйқымнан  шошып  ояндым.  Тұра  сала  жалма-жан 
Жаратқан Тәңіріме тәубе айтып, истиғфар дұғасын қайталай 
бердім,  қайталай  бердім.  Берекесіз  өткен  өміріме  қатты 
өкіндім. Орнымнан тұрып үйімдегі бүкіл шөлмектерді далаға 
апарып,  ішіндегілерін  төктім,  шөлмектерін  сындырдым. 
Сөйтіп, күнәмен біржола қоштасуға бел будым. Алла Тағалаға 
шын пейіліммен тәубе жасап, ізгілік жолына түстім. Содан 
бері намазымды қаза қылмадым».

174
175
V БӨЛІМ 
НӘРЕСТЕГЕ АТ ҚОЮ МӘСЕЛЕСІ
 
Нәрестеге қашан ат қою керек?
Құран  Кәрімде  Зәкәрия  пайғамбардың  (а.с.)  Жақия 
атты  ұлмен  туылмастан  бұрын  алдын-ала  сүйіншіленгенін 
білеміз.
﴾ًاّيِمَس ُلْبَبق نِم ُهَّل لَعْجَن ْمَل ىَيْحَي ُهُمْسا ٍم َلاُغِب َكُرِّشَبُبن اَّنِإ اَّيِرَكَز اَي﴿
«Уа, Зәкәрия! Біз сені Жақия деген ұлмен қуантамыз! 
Біз бұрын оған ешкімді аттас қылмап едік!» (Мариям, 7).
Алланың елшісінің (с.а.с.) сүннеті бойынша ең дұрыс 
пікір бойынша нәрестенің аты туылған кезде қойылады. Оған 
Әнестен  риуаят  етілген  Абдулла  ибн  Әбу  Талханың  хадисі 
дәлел.  Ол  хадисте  Алланың  елшісі  (с.а.с.)  Әбу  Талханың 
баласы туылғанда оның атын Абдулла деп қойған.
Пайғамбардың  (с.а.с.)  сахабасы  Әнес  ибн  Мәліктен 
жеткен  риуаятта  нәрестеге  туылғаннан  үш  күн  өткен  соң 
ат  қойылады.  Ал,  Сумраның  риуаятында  жетінші  күні 
қойылады.
Сондай-ақ, Әбу Мусадан жеткен риуаятта да ол өзінің 
ұлы туылғанда оны Пайғамбарға (с.а.с.) апарады да, ол (с.а.с.) 
оның атын Ибраһим деп қойып, таңдайын құрмамен сүртеді.
Сахих  кітаптарында  Әбу  Усәйд  деген  сахабаның  ұлы 
туылып,  оны  Пайғамбарға  (с.а.с.)  апарғанда  оның  атын 
Мунзир деп қойған.
Мүслімнің  Сахихындағы  Әнестен  жеткен  хадисте 
Пайғамбар  (с.а.с.):  «Бүгін  менің  ұлым  туылды.  Мен  оны 
атамның атымен Ибраһим деп атадым», – деген.
Нәрестеге ат қоюға кім лайық?
Балаға ат қоюға ең бірінші хұқылы оның ата-анасы. Егер 
олар ортақ бір шешімге келе алмаса, әкенің хұқығы үлкен. 
Егер қаласа әкесі сәбидің атын өзі қояды немесе жұбайына 
ұсынады.  Қаласа  екеуінің  ортасында  жеребе  тастауына  да 
болады.
Баланың  атын  қоюға  оның  әкесі лайық екендігіне  осы 
дүниеде кез келген адамның атының әкесінің атымен (мысалы, 
Жүсіпұлы Асан деген сияқты) қосарланып айтылатыны дәлел 
болады. Алла Тағала былай дейді: 
﴾ ِهَّللا َدنِع ُطَسْقَأ َوُه ْمِهِئاَب ِل ْمُهوُعْدا ﴿
«Оларды  (яғни,  асыранды  балаларды)  әкелерінің 
аттарымен қосып атаңдар, Алланың алдындағы ең әділі 
сол» (Ахзаб, 5).
Мұндағы  әмірдің  мағынасы  асыранды  балаларға 
қатысты айтылғанмен, жалпы мағына балалардың аттарының 
әкелерінікімен  қосылып  айтылу  ең  әділ  айту  екендігін 
білдіріп тұр.
Сондай-ақ,  ақыретте  де  адамдар  әкелерінің  аттарымен 
шақырылады екен.
 ْمُكَّنِإ« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ِءاَدْرَّدلا  ِبَأ ْنَع

176
177
 وُبَأ ُهاَوَر .»ْمُكَءاَْسَأ ْاوُنِّيسَحَ� ْمُكِئاَبآ ِءاَْسَأَو ْمُكِئاَْسَأِب ِةَماَ�ِقلا َمْوَيي َنْوَعْدُ�
.ٍدِّي�َج ٍداَنْسِإِب ِنَنُّسلا  ِف َدُواَد
Әбу  Дәрдадан  жеткізілген  хадисте  Алланың  елшісі 
(с.а.с.): «Сендер Қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және 
әкелеріңнің  есімдерімен  шақырыласыңдар,  сондықтан 
да есімдеріңді жақсартыңдар», – деген. (Әбу Дәуіт Сүнән 
кітабында риуаят еткен). Сондықтан да баланың атын таңдап 
қоюға ең бірінші оның әкесі лайықты.
Дей  тұрғанмен  әке-шешесі  баланың  атын  қоюға 
басқаларға  рұқсат  бере  алады.  Мысалы,  атасына,  әжесіне 
деген  сияқты.  Әрдайым  үлкендерді  құрметтеп  тұратын 
қазақы  салт-дәстүр  бойынша  баланың  атын  көбіне  ата-
әжелер  қойып  жатады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  бұл  дұрыс. 
Сондай-ақ,  баланың  атын  аса  қадірлі,  тақуа,  ізгі  жандарға, 
ғалымдарға  да  қойдыруға  болады.  Пайғамбарымыз  (с.а.с.) 
көптеген сахабаларының балаларының аттарын қойған. Бір 
кісіге: «Ұлыңның атын Абдуррахман деп қой», – деген.
Жағымды және жағымсыз есімдер
 اوُّمَسَ�« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق ِّييِمْشَْلجا  ٍبْهَو  ِبَأ ْنَع
 اَهُيقَدْصَأَو ِنَْحَّرلا ُدْ�َعَو ِللها ُدْ�َع ِللها  َلِإ ِءاَْسَلا ُّبَحَأَو ِءاَ�ِ�ْنَلا ِءاَْسَأِب
.»ٌةَّرُمَو ٌبْرَح اَهُحَ�ْيقَأَو ٌماََّهَو ٌثِراَح
Әбу  Уаһб  әл-Жашмиден  Алланың  елшісі  (с.а.с.): 
«Пайғамбарлардың  есімдерін  қойыңдар  әрі  есімдердің 
Аллаға  ең  сүйіктісі  –  Абдулла  («Алланың  құлы»)
Абдуррахман («Рахманның құлы»), ең шынайысы – Харис 
(«Диқан»), Һәммәм («Қайратты»), ең жағымсызы – Харб 
(«Соғыс»), Мурра («Ащы, ауыр, қайғылы»)», – деген.
Алланың елшісі (с.а.с.) көркем есімдерді жақсы көріп, 
жаман есімді ұнатпайтын. Жаман есімді кесірлік деп көретін. 
Тіпті,  аты  жаман  қойылған  жерлерге  қонбайтын.  Имам 
Мәлік  ибн  Әнестің  әл-Муатта  кітабында  мынадай  риуаят 
келтірілген.
 ْنَم« :ِةَّحُقلِل َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ِأَّطَوُلما  ِفَو
 اَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَقَي� ٌلُجَر َماَقَي� ،»؟ِهِذَه ُبِلَْي
 ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر ُهَل َلاَقَي� ، ٌةَّرُم :ُلُجَّرلا ُهَل َلاَقَي� ،»؟َكُْسا
  َلاَقَي� ُرَخآ ٌلُجَر َماَقَي� ،»؟ِهِذَه ُبِلَْي ْنَم« :َلاَق َُّث ،»ْسِلْجِا« :َمَّلَسَو
  َلاَقَي� ٌبْرَح :َلاَقَي� ،»؟َكُْسا اَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر ُهَل
 ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص َلاَق َُّث ،»ْسِلْجِا« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر ُهَل
 :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُهَل َلاَقَي� ٌلُجَر َماَقَي� ،»؟ِهِذَه ُبِلَْي ْنَم« :َمَّلَسَو
 :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا ُهَل َلاَقَي� ، ُش�ِعَي :َلاَقَي� ،»؟َكُْسا اَم«
 .» ْبِلْحِا«
Алланың  елшісі  (с.а.с.)  бір  түйені  әкелдіріп 
сахабалардан: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Сонда бір 
кісі орнынан тұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Атың кім?» 

178
179
– деп сұрайды. Кісі: «Мурра («Ащы»)», – деп жауап береді. 
Алланың елшісі (с.а.с.): «Онда отыр», – дейді. Сосын тағы 
да: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Бір кісі орнынан 
тұрады.  Алланың  елшісі  (с.а.с.)  одан  да:  «Атың  кім?»  – 
деп  сұрайды.  Кісі:  «Харб  («Соғыс»)»,  –  деп  жауап  береді. 
Алланың елшісі (с.а.с.): «Онда отыр», – дейді. Сосын тағы 
да: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Бір кісі орнынан 
тұрады. Алланың елшісі (с.а.с.) одан да: «Атың кім?» – деп 
сұрайды. Кісі: «Яғиш («Өмір сүреді»)», – деп жауап береді. 
Алланың  елшісі  (с.а.с.):  «Сен  сау»,  –  деп  бұйырады.  (Әл-
Муатта кітабынан).
 ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا  َلِإ ُتْ�َي�َأ :َلاَق ِهِّيدَج ْنَع ِه�ِبَأ ْنَع  ِبِّي�َسُلما ِنْب ِد�ِعَس ْنَع
 :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص َلاَقَي� ،ٌنْزَح :ُتْلُيق ؟َكُْسا اَم :َلاَقَي� َمَّلَسَو ِهْ�َلَع
  ْتَلاَز اَمَ� : ِبِّي�ّسُلما ُنْبا َلاَق ، ِبَأ ِه�ِناََّس اًْسا ُرِّيي�َغُأ  َل :َلاَق ،ٌلْهَس َتْنَأ
.ُّيِراَخُ�لا ُهاَوَر .ُدْعَيب اَن�ِ� ُةَنوُزَلا َكْلِ�
Сағид  ибн  Мусәйиб  әкесінен,  әкесі  атасынан 
мынадай  риуаят  жеткізген.  «Мен  (яғни,  Сағидтың  атасы) 
Пайғамбарға  (с.а.с.)  бардым.  Ол  (с.а.с.):  «Атың  кім?»  – 
деп  сұрады.  Мен:  «Хазн  («Бұдыр»)»,  –  дедім.  Ол  (с.а.с.): 
«Сен  Сәһлсің  («Жазық»)»,  –  деді.  Мен:  «Әкемнің  қойған 
атын  өзгертпеймін»,  –  дедім.  Оның  немересі  Сағид  ибн 
Мусәйиб:  «Әлі  күнге  дейін  біздің  әулеттен  сол  бұдырлық 
(яғни, қатқылдық) қалмай келеді», – деген. (Бұхари риуаяты). 
«Хазн» сөзі «бұдыр жер, қатқылдық», ал «Сәһл» «жазық жер, 
жұмсақтық» деген мағынаны білдіреді.
 اَم :ٍلُجَرِل َلاَق َهْنَع ُللها َيِضَر ِباَّطَلا ِنْب َرَمُع َّنَأ ٍد�ِعَس ُنْب  َيَْي ْنَع
 : َلاَق ؟ْنَِّم :َلاَق ، ٍباَهِش ُنْبِا :َلاَق ؟ْنَم ُنْبِا :َلاَق ،ٌةَرَْج :َلاَق ؟َكُْسا
 : َلَاق ؟اَهِتَّيَأِب :َلاَق ،ِراَّنلا ِةَّرَِب :َلاَق ؟َكُنَكْسَم َنْيَأ :َلاَق ،ِةَقْرَلا َنِم
 .ُرَمُع َلاَق اَمَك َناَكَ� ،اوُقَرَيتْحا ِدَقَي� َكَلْهَأ  ْكِرْدَأ :ُرَمُع َلاَق ،ىَظَل  ِتاَذِب
.ِأًّطَوُلما  ِف ُكِلاَم ُماَملا َهاَوَر
Яхия  ибн  Сағидтен  жеткен  риуаятта  бірде  Омар  ибн 
Хаттаб (р.а.) бір кісіден: «Атың кім?» – деп сұрайды. Ол кісі: 
«Жамра («Шоқ»)», – деп жауап береді. «Кімнің ұлысың?» – 
деп сұрайды Омар. «Шиһабтың («Отты жұлдыз») ұлымын», 
–  дейді  кісі.  «Қай  жерденсің?»  –  деп  сұрайды  Омар.  «Әл-
Харқаданмын («Күйгеннен»)», – дейді кісі. «Үйің қайда еді?» 
–  деп  сұрайды  Омар.  «Харрат  ән-Нар  («Оттың  ыстығы») 
деген аймақта», – дейді кісі. «Оның қай тұсында еді?» – деп 
сұрайды  Омар.  «Зәту  лаза  («Жалынды»)  деген  тұста»,  – 
дейді кісі. Сонда Омар: «Онда жанұяңа тез жет, олар өртеніп 
жатыр», – дейді. Барса, шындығында Омар айтқандай болған 
екен. (Имам Мәлік әл-Муатта кітабында риуаят еткен).
 َينِّيمَسَ�  َل« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق  ٍبُدْنُج ِنْب َةَرُْس ْنَع
  َلَي� َوُه ََّثَأ ُلوُقَي� َكَّنِاَ� َحَلْي�َأ  َلَو اًحاََن  َلَو اًحاَبَر  َلَو اًراَسَي َكَم َلُغ
.ِهِح�ِحَص  ِف ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»َنوُكَي

180
181
Сумра ибн Жундубтен жеткен риуаятта Алланың елшісі 
(с.а.с.): «Балаңды Ясар («Жеңіл»), Рабах («Ұтқыр»), Нажах 
(«Сәтті»), Афлах («Ең сәтті») деп қоймағын. Шынында 
сен шынымен солай бола ма екен дейсің, бірақ олай болмай 
шығады», – деген. (Мүслім Сахихте риуаят еткен).
Періштелердің 
аттарын 
қою. 
Мұсылман 
ғалымдарының  пікірлерінше  нәрестенің  атын  Жебірейіл, 
Әзірейіл,  Микаил,  Исрафил  деп  қою  жағымсыз  іс.  Өйткені 
бұл есімдер періштелерге ғана тән.
Құран Кәрімдегі адамның атын білдірмейтін сүрелердің 
аттарын,  аяттарды  қою.  Ғұламалардың  пікірлерінше, 
нәрестенің  атын  Фатиха,  Ясин,  Таһа,  Хамим  деп  қою 
лайықсыз. Өйткені Ясин, Таһа, Хамим деген сияқты ұғымын 
бір Алла Тағала ғана білетін сөздерді Пайғамбардың (с.а.с.) 
сипаты не есімі деуге ешқандай дәлел, негіз жоқ. Ал, Құран 
Кәрімдегі Жүніс, Жүсіп, Ибраһим, Лұқман сияқты сүрелердің 
аттары пайғамбарлардың есімдері, оларды қоюға болады.
Жағымсыз есім жайында хикая
Жағымсыз аттың кесірі туралы қазақта екі шешеннің сөз 
таластыруы  туралы хикая бар. Ертеде Жапалақ деген сөзге 
жүйрік кісі Торайғыр деген шешеннің даңқын естіп, онымен 
сөз таластырмаққа еліне келеді. Жапалақтың атын бұрыннан 
білетін  Торайғыр  амандық-саулықтан  соң  қонағын  бірден 
сүріндірмек болып: «Уа, сіздің атыңыз Жапалақ па?» – деп 
сұрайды. Жапалақ: «Иә, солай», – деп жауап береді. Сонда 
Торайғыр:  «Олай  болса,  мына  көлді  бір  айналып  келші», 
–  дейді.  Жапалақ  көлді  атымен  бір  айналып  келеді.  Сосын 
Торайғырға: «Уа, сіздің атыңыз Торайғыр ма еді?» – дейді. 
Торайғыр: «Иә, солай», – деп жауап береді. Сонда Жапалақ 
шешен:  «Олай  болса,  биыл  біздің  үйде  бір  байтал  қысыр 
қалып тұр еді», – дейді. Сонда қарсыласының бұл қолқасына 
жауап  қата  алмай,  сөзден  тосылған  Торайғыр  шешен 
жеңілгенін мойындаған екен дейді.  
Міне,  осындай  мысалдар,  баяғы  уақыттары  халық 
арасында  түрлі  жағымсыз  аттардың  болғандығынан  хабар 
береді. Мұндай есімдер туралы халқымыздың салт-дәстүрін 
зерттеген зерттеушілердің жазбаларында да бар. Ал жалпы 
ат  қоюда  діни-танымдық,  тәрбиелік  құндылықтарды  басты 
назарда ұстамақ ләзім.
Тыйым салынған есімдер
1.  «Құл»  деген  мағынаны  білдіретін  «абд»  сөзін  Алланың 
есімі  мен  сипаттарынан  басқа  атауларға  тіркеу  арқылы 
жасалынған есімдер. Мысалы, Абдулузза – «Уззаның құлы», 
Абдулқағба – «Қағбаның құлы», Абдуннәби – «Пайғамбардың 
құлы», Абдуррасул – «Елшінің құлы» т.б.
 ُدْ�َع َسِعَ� ،ِراَنيِّيدلا ُدْ�َع َسِعَ�« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.»ِةَف�ِطَقلا ُدْ�َع َسِعَ� ،ِةَصْ�َمُلا ُدْ�َع َسِعَ� ،ِمَهْرِّيدلا
Алланың  елшісі  (с.а.с.):  «Динардың  құлы  оңбасын, 
дирхемнің құлы оңбасын, өкшенің (етіктің) құлы оңбасын, 
матаның құлы оңбасын», – деген.
2.  Алла  Тағаланың  көркем  есімдерін,  Өзіне  ғана  тән 
сипаттармен  атау.  Мысалы,  Алла,  ар-Рахман,  әл-Халиқ,  ас-
Самад, әл-Ахад, ар-Разиқ, әл-Бәрии, Раббы деген сияқты.
3. 
Жын-шайтандардың, 
кәпірлердің, 
дінсіздердің 
көсемдерінің  аттарын,  дінсіз  идеологияға  байланысты 

182
183
ұғымдардың атауларын қою. Ібіліс, Ифрит, Перғауын, Һаман, 
Жалұт,  Әжүж,  Мәжүж,  Хосрау,  Цезарь,  Ленин,  Сталин, 
Энгельс, Маркс, Тельман, Дарвин, Коммуна, Партия т.б.  
4. Сондай-ақ, «Патшалардың патшасы», «Әкімдердің әкімі», 
«Сұлтандардың  сұлтаны»  деген  мағыналарды  білдіретін 
есімдер. Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): 
«Алланың алдында есімдердің ең нашасы «Патшалардың 
патшасы», – деген.
 ىَلَع ٍلُجَر ُظَ�ْغَأ« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َةَرْييَرُه  ِبَأ ْنَع
  ِك َلْمَلا ُكِلَم ىَّمَسُي َناَك ٌلُجَر ِهْ�َلَع ُهُظَ�ْغَأَو ُهُثَ�ْخَأَو ِةَماَ�ِقلا َمْوَيي ِللها
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»ِهَّلِل لِإ َكْلُم ل
Әбу  һурайрадан  (р.а.)  жеткен  хадисте  Алланың  елшісі 
(с.а.с.):  «Қиямет  күні  Алланың  ашуын  тудыратын,  ең 
нақұрыс адам «Билік-мүліктің патшасы» деп аталатын 
адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән», – деген. (Мүслім 
риуаяты).
Есім, куния, лақап және мәнсуб
Есім адам туылған кезден аталған аты. 
Ал  куния  адамның  баласына  байланысты  қойылатын 
аты.  Мысалы,  Әбу  Абдулла  –  Абдулланың  әкесі,  Умму 
Ахмад  –  Ахметтің  анасы.  Кейде  лақап  мағынасын  да 
білдіреді. Мысалы, атақты сахабаның лақабы Әбу һурайра – 
«Мысықтардың әкесі, иесі», Әбу Туффах – «Алманың атасы» 
– алма сатушы не бағбан деген мағынаны білдіреді.
Пайғамбар (с.а.с.) өзіне тән куниясын, яғни Әбул-Қасым 
– Қасымның әкесі деген кунияны қолдануға тыйым салған. 
 ِهْ�َلِإ َتَفَيتْلاَ� ،ِمِساَقلا اَبَأ اَي :ِع�ِقَ�ْلاِب لُجَر ٌلُجَر ىَداَن :َلاَق ٍسَنَأ ْنَع
 اََّنِإ َكْنِعَأ َْل نِإ ،ِللها َلوُسَر اَي :َلاَقَي� َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر
 يِْسِاِب اوُّمَسَ�« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَقَي� ،اًن َلُي� ُتْوَعَد
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .» ِتَّ�ِنُكِب اوُّنَكُ� لَو
Әнестен жеткен риуаятта бір кісі әл-Бақида (Мәдинадағы 
қорымның аты) басқа бір кісіні: «Уа, Әбулқасым! («Қасымның 
әкесі!»)»  –  деп  шақырады.  Алланың  елшісі  (с.а.с.)  оған 
бұрылып  қарайды.  Әлгі  кісі:  «Уа,  Расулалла!  Сізді  айтып 
тұрғаным жоқ, ана пәленге айттым», – дейді. Сонда Алланың 
елшісі (с.а.с.): «Менің атыммен адамдарды атай беріңдер, 
алайда кунияммен атамаңдар», – деді. (Мүслім риуаяты).
Бұл мәселеде көптеген ғұламалардың пікірі Пайғамбар 
(с.а.с.) куниясына, яғни Әбулқасым деген есімге өзінің тірі 
кезінде  ғана  тыйым  салған,  ал  ол  өмірден  өткеннен  соң 
пайдалануда тұрған күнә жоқ дегенге тоқайласқан.
Лақап  –  бір  адамның  кәсібіне,  түр-тұлғасына,  қадір-
қасиетіне,  сипатына  қарай  қойылатын  ат.  Мысалы,  етікші 
Асан,  Қосмүйізді  Ескендір,  Ақсақ  Темір,  Қанжығалы 
Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек би, Жаяу Мұса т.б. Лақап ат 
жақсы және жаман сипаттарда болып келеді. Құран Кәрімде 
мұсылмандардың  бір-біріне  жаман  лақап  аттар  қоюына 
тыйым салынған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет