6-семинар. Ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері
Семинар сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі үндесім заңы мен екпіннің қызметі қандай?
2. Үндесім заңының 30-80ж. түсіндірілуі мен қазіргі
түсіндірілуінің арасында қандай айырма бар?
3. Жалпы тіл білімінде үндесім заңы қалай танылады?
4. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасында ерін үндестігі нешінші
буынға дейін айтылады?
5. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламау қай жазудан бастал-
ды?
6. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламаудың қандай себептері
бар?
Қазақ тіліндегі үндестік заңының жазуда көрініс тапқан түрі
– сөз дыбыстарының басын құрап, құрсау болып ұстап тұратын
сингармонизмнің негізгі қасиеті – негізінен тіл үндестігіне
қатысты айтылады. Бір сөз дыбыстарының үнемі жуан немесе
жіңішке болып келуі және қосымшаның түбір немесе түбірдің
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғануы қазіргі
қазақ жазуының негізін құрайды. Кирилшеге негізделген қазақ
графикасының қабылдануымен тіліміздің осы ерекшілігін толық
танытатын дауысты дыбыс әріптері жеткілікті түрде алын-ды: әр
жуан дауысты мен әр жіңішке дауысты дыбыстың әріп
таңбалары бар. Графикамыздағы бұл ерекшелік жалпы қазіргі
қазақ жазуының жетістігі болып, басқа түркі халықтарына үлгі
етілгені рас.
Проф. Ә.Жүнісбектің қазақ тілінде тіл үндестігімен қатар
ерін үндестігі де жетекші қызметте деп анықтауына байланыс-
ты ерін үндестігінің де таңбалануы керек дейтін пікірлер ай-
тылып келе жатыр (Ә.Жүнісбек, С.Мырзабеков, С.Омарбеков).
Проф. С.Мырзабеков ата-бабамыздың тілінде ерін үндестігінің
екінші, үшінші буынға дейін, тіпті сөз соңына дейін әлсіремей
бірқалыпты сақталғанына дәлел болатын мысал-дар
Н.Ильминский, В.В.Радлов, Алекторов, П.Мелиоранский т.б
зерттеушілердің еңбегінен табылатынын айтады. Мысалы,
бүгөлек, бүлдүргөн, түгөндө, үрүптөс, бұлдұрұқ, күңкүлдө,
жауұн, дауұл және т.б. Сондай-ақ қара бұйдай сөзін де кез-
дестіреді. Алайда автор бұларда берік жүйе жоқ, бөпе, бөрі, бөле,
өрле, өркеш, бөтен, өзен, өзек, өкпе деген сөздерде ерін дауысты-
лар бас буыннан ары бармағынын мойындайды,
зерттеушілердің тіл үндестігіне мән беріп, ерін үндестігі кейін
пайда болған деп мәнін төмендеткенін айтады.
Сөйтіп, ерін үндестігі қосалқы қызметте қалып, Х.Досмұ-
хамбетұлының сингармонизмді тек таңдайлық әуезді заң деп
анықтауына әкеледі. Себебі “дыбыстарды жуандатып,
жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді… бұрын сөзімізде еріндік
дыбыстардың үндестігі күшті болған… соңғы кезде бұл еріндік
үндесті заң өзінің айтылысынан өзгеріп, айни бастайды”.
ХХғ. басында лабиал сингармонизмнің осы сипатта
анықталуы жазу жүйесінде тек тіл үндестігінің таңбалануына
апарды. Бұл кодификацияның өзіндік уәждері жоқ емес.
Біріншіден, қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі (ХХғ.
басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (Бұл жағдай
көптеген тілдердің өтпелі дәуіріне тән). Ультрафонетик
(Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуы-на
барынша жуықтатылып жазылды. Ескі қазақ жазба тілін-де
түбірдің естілуінше, қосымшаның морфологиялық при-
нциппен жазылуы, ұлттық жазу дәстүрін жасауда түбірдің
морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазы-
луы төл сөздеріміздің фонематикалық принциппен
таңбалануын заңдастырды.
1929 ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін
анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін
144
145
үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың
қажеті жоқ деп санады.
Ал орыс миссионерлері еңбектеріндегі мысалдарда бір-де
еріндік дыбыстардың сөз соңына дейін таңбалануы, бірде
таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші буыннан кейін
әлсірей бастағанының фактісі деуге болады. Мысалы,
В.В.Радлов еңбектерінде көп буынды сөздердің үшінші
буынына дейін ғана ерін дауыстылары таңбаланған. Себебі,
зерттеушінің ойынша, түркі тілдерінде ерін үндестігі кеш пайда
болған, дамымаған, сондықтан ауытқу жиі.
Сөйтіп, ХХғ. басындағы төл жазуымыз – А.Байтұрсынұлы
жазуында сингармонизмнің тек лингвалды түрі ғана кодифика-
цияланды. Тіпті у дыбысының алдынан ұ, ү емес, ы, і әріптерін
жазу керек деген: “Барып демей, барұп, келіб демей, келүб деп
жазатын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға болады” дейді.
Осы арқылы (тіл үндестігі арқылы) А.Байтұрсынұлы қазақ
тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмі-нен,
татар тілінің жіңішке езулік (ә) сингармонизмінен айырып
көрсеткенге ұқсайды дейді белгілі ғалым Н.Уәлиұлы.
Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының
теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері мен тіл
тарихынан ізделеді. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігін
морфемалардың кірігу процесінде тек жуан-жіңішке езулік
айналасына топталатынан да көруге болады. Бұл процес-ке
байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық: ыштан сөзі іш
және тон сөздерінен бірігіп жасалған; сілтеу есімдігі о ды-
бысынан ы дыбысына айныған: ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы.
“Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алма-уына
көне түркілік йағмұр сөзінің қазақ тілінде жаңбыр болып
айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады” дейді ғалым.
Сондай-ақ
бұл жыл=>биыл,
іш+құр=>ышқыр,
тұғын=>тын, барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын
болып қалыптануы да тіл үндесімінің жетекшілігін дәлелдейтін
сияқты. Тіл тари-хынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке
ауысқан фактілерін кездестіреміз: ұт-ат, ұда-атқа.
Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда,
бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық
езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (бы,
қы, ыл, ыр, жы) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар жуан
езулік үндесім вариантында қолданылады дейді. Және үш
дауыстыға негізделген сингарможазуында қысаңдардың тірек
фонемасы ретінде ы-ны алады.
Төртіншіден, қазіргі қазақ тілінде жуан еріндік пен жуан
езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады:
қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б.
Проф. С.Мырзабеков бұл құбылысты “а-ның езулік күші ы, і
фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан еріндік-
терден кейін айтыла береді”деп анықтайды. Орақ, құрақ, ұзақ,
отан, ора сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының
айтылым құрағы еріндікке еріп, жуықтап айтылуы мүмкін.
С.Мырзабеков а дыбысының АТ-да кейде [o] болып айтылатын
кезі де болатынын айтады: ойбой, ойхой. Яғни ерін, езу дауыс-
тылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде
қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды.
Бесіншіден, ерін дауыстыларының бірінші буыннан арт-
пайтын сипатын кірме лексиканың игерілуінен байқауға бо-
лады. Мысалы, о, у дыбысына екпін түскен сөздер қазақ тілі-
не очередь=>өшірет=>шірет, стол=>үстел, утюг=>үтік,
русь=>орыс, хамут=>қамыт, чугун=>шөген, пуховый
=>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=>
меновой болып игерілген.
Ал араб-парсы тілдерінен енген ораза (руза), орамал (румал)
сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға
ауысқан.
Сөйлегенде [үт
о
’үк
о
’], [орус] т.с.с. болып дыбысталатын
сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конфе-
ренциясында қабылданған еді. Себебі мұнда І-буындағы ерін-
дік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын
фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені
мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр сияқты екінші канал
арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануында І-буынның
әсері жоқ, фонеманың негізгі реңкі берілген.
Алтыншыдан, еріндік сипат алдымен <ұ>, <о> фонемаларына
қарағанда <ө>, <ү> фонемаларында күшті екенін орфоэпиялық
норма көрсетіп отыр. ХІХ ғ. В.В.Радлов <о> дыбысы өзінен кейін
келген қысаң дауыстыға <ө> дыбысындай әсер етпейді деген.
Сонда жіңішке дауыстылар жуан дауыстылардан кейін пайда
болған екіншілік дифференциация десек, алдыңғылардың
дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дей-міз.
Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына
146
147
қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс:
біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл
үндестігінің жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің ауызша тіл
ка-тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ жазуы фонематикалық екенін естен шығармаса, сау-ат
ашу ісінде әріппен қатар оның дыбыстық мәндерін үйретсе,
Л.В.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.
Оқуға арналған материал
...Сингармонизм заңының екінші жағы – ерін үндесімі. Бұл –
бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (о, ө, ұ, ү) екін-ші-
үшінші буындағы езуліктердің (ы, і, е) еріндікке айналып, ұқсап,
жуықтап айтылуы. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз, алтай,
тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені белгілі.
Сондықтан ерін үндестігі жазба тілде көрініс таппаған. Қазақ
тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін сақталатын, ары қарай
сөз неше буыннан тұрса да соңында езулікпен айтылатын
құбылыс. Ерін үндестігінің 2-3 буынға дейін анық естілетін,
айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. Мысалы: көбелек –
көбөлөк, құбылыс – құб
ү
лұс, сүйініш – сүй
ү
нүш, бөдене – бөдөнө,
бұрылыс – бұр
ү
лұс, бүлініс – бүл
ү
нүс, көпене – көпөнө, күйініш
– күй
ү
нүш, құйылыс – құй
ұ
лұс.
Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен
әлсізіне қарай орналастырсақ, былай болады: ө, о, ү, ұ. Сондықтан
ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да, ашық буын-ды
жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір мен
жалғау жағдайында үшінші буын е болып дыбыстала-ды. Болмаса
өзінен еріндігі әлсіз ү болып айтылады. Мысалы:
көркемдік – көркөмдүк, өзенге – өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу.
Тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес
екенін жалғаулар арқылы білуге болады. Жалғаулар қатарында ө-
мен келетін еріндік варианттар жоқтың қасы. Сондықтан сөз
ашық буынды болса да, үшінші буындағы жалғау езулікпен ай-
тылады. Мысалы: төбеле – төбөле, төпеле – төпөле.
Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:
төбеден – төбөден төбелес – төбөлес төлдеме –
төлдөме төменде – төмөнде төпелеу – төпөлеу
төредей – төрөдей
Жалпы, ұ, ү ерін дауыстылары алғашқы үш буында естіліп,
айтылады да, ары қарай солғындайды. Мысалы: сүйініш –
сүй
ү
нүш, сүйінішсіз – сүй
ү
нүшшіз, түскіліктің – түскүлүктің,
тұзды – тұздұ, тұщылық – тұшшұлұқ, борышсыз – борұшшұз,
құйыну – құй
ұ
нұу, құйыршық – құйұршұқ, құйрықты – құйрұқтұ,
құзғындық – құзғұндұқ, құбылу – құб
ұ
лұу, құбыжық – құб
ұ
жұқ,
құбылыс – құб
ұ
лұс. Ал ө дыбысымен айтылған екінші буыннан
кейінгі і әрпі ү дыбысына ұқсап, айтылып барып, ерін үндестігі
солғындайды. Мысалы: төбесінің – төбөсүнің, көгершін –
көгөршүн. Сондай-ақ көбөлөк, дөңгөлөк сияқты үш буынға дейін
ө-мен айтылатын сөздерде ерін үндестігі төрт буынға да бара-
ды: көбелектің – көбөлөктүң, дөңгелекті – дөңгөлөктү, бірақ
көбелекке – көбөлекке, дөңгелекке – дөңгөлөкке.
Бұл құбылысқа байланысты мына бір ерекшелікті көрсете
кетуге болады. әліпбидегі у таңбасы ұу және үу дыбыс тіркес-
терін, не үнді дауыссыз дыбысын беретіні белгілі. Мысалы: су
– сұу, суық – сұуұқ, бу – бұу, сурет – сүурөт, тулақ – тұулақ,
қуаныш – құуаныш, қуат – құуат. Бірінші буындағы ұ, ү
дауыстыларының әсерінен екінші-үшінші буында жазылатын
езулік дыбыстар еріндікке айналады. Мысалы: қуғын – құуғұн,
қуқыл – құуқұл, құжыңдау – құужұңдау, қулық – құулұқ, шулы
– шұулұ, тумыс – тұумұс, туылу – тұуұлұу, туырлық –
тұуұрлұқ, туыс – тұуұс, тумыш – тұумұш.
Сондай-ақ у дауыссыз дыбысынан басталған буын
құрамындағы езуліктер де еріндік болып айтылады. Мысалы:
тауық – тауұқ, сауық – сауұқ, бауыр – бауұр, сауыр – сауұр,
туыс – тұуұс, туылу – тұуұлұу, сауу – сауұу, сауылу – сауұлұу,
туу – тұуұу, суу – сұуұу, серуен – сер
ү
уөн, серуендеу –
сер
ү
уөндеу, керуен – кер
ү
уөн, керуенбасы – кер
ү
уөмбасы.
Соңғы мысалдардағы буын санын ықшамдау үшін және ашық
буыннан қашу мақсатында екі бітеу буын аралығындағы ү, ұ
148
149
дыбыстары жартылай немесе толық түсіріліп (редукцияланып)
айтылады. Осы қатарға шаруа – шар
ү
уа, меруерт – мер
ү
уерт
сөздері де жатады.
Мына сөздердің айтылу сазын сақтап жаттығыңыздар:
рәсуа – рәс
ү
уә қонағуар – қонағ
ұ
уар
керуен – кер
ү
уөн серуен – сер
ү
уөн сәруар
– сәр
ұ
уәр меруерт – мер
ү
уөрт пәруана –
пәр
ү
уәна пәтуа – пәт
ү
уа шаруа – шар
ұ
уа
қалуа – қал
ұ
уа белуар – бел
ұ
уар сөзуар –
сөз
ұ
уар
Ал екі бітеу буындағы еріндіктердің көрші буынға әсері
алдыңғыларға қарағанда әлсіздеу болатынын білген жөн. Оның
үстіне, екінші буындағы ы, і дыбыстарына қарағанда, е езулігін
өзгерту тіпті қиын. Сондықтан мұндайда екінші буындағы ды-
быс таза е де, таза ө де емес болып айтылады. Қараңыз: құрмет
– құрмөт , құрметте – құрмөтте, сүрме – сүрмө, сүрмелеу –
сүрмөлеу, сурет – сүурөт. Е мен ө-нің арасындағы аралық реңкті
й деп көрсетуге болады (құрмет – құрмйт, сурет – сүурйт).
Ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер ете
алмайды. Мысалы: сол кез – солгез (солгөз емес), соқыр сенім
– соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү
емес), сусімір – сұусімір (сұусүмүр емес), суығыстырым –
сұу€ығыстырым, (сұу€ұғұстырым емес), супияз – сұупыйаз,
(сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі
– сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес)
т.с.с. Ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік, ал
келесі буында ұу, үу тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ ерін
үндестігімен айтылады. Мысалы: сүйкімдену – сүйкүмдөнүу
(сүйкүмденүу емес), бірақ сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу.
Төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу
түркілену – түркүлөнүу
түнделету – түндөлөтүу
түрткілену – түрткүлөнүу
түртпектелу түртпөктөлүу
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені
есте ұстаған жөн. Дауыссыздарға қарағанда дауыстылардың ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық сөздік,
айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды белгілейтін
әріп таңбасы да әліпбидегі дауысты таңбасынан ас-пайды және
сонымен бірдей болады. Сондықтан әрпіне қарап, дыбысын да
солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті тіл үндестігінде
де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан жуан буынға (ә→а)
және еріндік дауыстыдан езулік дауыстыға бірте-бірте ауысарда,
үнемі дауыстыға қатысты «анық айтылу», «солғындау»,
«көмескілену», «ә мен а-ның», немесе «ө мен е-нің», «ү мен і-нің
ортасында айтылу», «жартылай ө», «жар-тылай е» болып
дыбысталу деген түсініктерді есте ұстап оты-ру керек. Сонда ғана
сөз құрамындағы, тіркес құрамындағы бейүндестіктен құтылуға
болады. Дауысты дыбыс негізгі реңкінен бірден айрылмайды, өз
реңкін сақтай отырып, келесі буын үндесуіне бірте-бірте өтеді.
Ерін үндестігін сақтап, жаттығып көріңіздер:
құрылыс – құр
ұ
лұс бұйығысу –
бұйұғұсұу бөдененің –
бөдөнөнүң көпенені – көпөнөнү
дөңгелекті – дөңгөлөктү тауық –
тауұқ сауықтыру – сауұқтұрұу
Қ
ұралай Күдеринованың
«Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
150
151
ІІ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ:
ӘЛІПБИ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕМЛЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біз қазақ халқының қолданған жазу типтерін семасио-
графиялық және фонемаграфиялық деп бөле отырып, зертте-
уге фонемаграфиялық жазу түрлерін нысан етеміз. Өйткені
пиктографиялық жазу мен ДЖ жазудың екі басқа типіне
жатады. Екіншіден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу
түріне сана-майтын көзқарастар басым, үшіншіден,
пиктографиялық жазу өз алдына кең масштабтағы зерттеуге
нысан бола алады. Және қазіргі қазақ жазуының бейнесін,
болашақ “кескінін” тану үшін қазақ жазуы тарихындағы ДЖ
түрлерінің сипатын, әліпбиі мен емлесін анықтау қажеттігі бар.
Қазақ халқының пайдаланған ДЖ түріне көне түркі жазуы
(КТЖ), ұйғыр, араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте жазу
(ТЖ) үлгісі, латын графикасына негізделген қазақ жазуы
(ЛГнҚЖ), орыс графикасына негізделген қазақ жазуы (ОГнҚЖ)
жатады. Аталған әліпби түрлері жекелей зерттеу объектісі
болатындықтан бүгінге дейін аталған жазу түрлері зерттеу ны-
санына алынбағандықтан, жұмысымызда жоғарыдағы әліпби
түрлерінің белгілі бір ерекшелігі мен әліпби құрамы, ондағы
әріп пен фонема сәйкестігі, ішінара емле ережелері туралы сөз
болады.
7-дәріс. Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасы
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этно-
генезі, түркі халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне
қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргі түркі
тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне
замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын
қазіргі тіл дамуының тұтынушысы бола отырып, аршу, дүдәмал
дыбыстық тілге кодтау, код таңбаларының мәнін көрсету, кодтың
(әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты қиын екенін ескерсек, көне
түркі жазуына “барған” ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін
көреміз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тіл білімін-де
бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың
зерттеулерін жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі
152
жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы әріп таңбаларының
мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы
жазған еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы
дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен ішінара дауыссыз
дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді.
Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен:
Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск,
Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік,
Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың
графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді
білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене
отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық
ере-кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз.
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35
графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фо-
неманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған
жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариан-
тымен тілдегі 9 вариантын ( а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү),
дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10
инвариант фонема-ны ( б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі
тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын
көбейтумен шешкен графика болып табылады.
Осыған байланысты графикасында а-е (э~ә) фонемасын
белгілейтін таңба неге сөз ішінде және сөз басында берілмеді,
керісінше, <о-ө> фонемасы неліктен сөз басында және ортасын-да
таңбаланды деген сауал төңірегінде ойланып көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |