7-семинар. Көне түркі жазуы бойынша
семинар сұрақтары мен тапсырмалар
Жедел сұрақтар:
1. Көне түркі жазуы неше топқа бөлінеді?
2. Көне түркі жазуы туралы ең алғаш хабар бергендер кімдер?
3. Көне түркі жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым кім? Қай
жылы?
4. Көне түркі мәтіндеріне алғаш транскрипция жасаған ғалымдар?
5. Ескерткіштердің қай тобы соңғы және қай топтағы жазуға
рефор-ма жасалған?
6. Әліпбиде неше әріп бар?
7. Әліпбиде дауысты фонеманың неше таңбасы бар?
8. Әліпбиде дауыссыз фонеманың неше таңбасы бар?
9. Көп таңбасы бар фонемалар қайсы?
10. Дауыстылардың графикалық ерекшеліктері қандай болған?
11. Графикада ерін үндестігі мен тіл үндестігінің қайсысы басым?
Пайымдау үшін берілген сұрақтар:
1. а-ә -е фонемасын беретін таңбаның сөз басында, сөз ішінде кел-
меуі және басқа инварианттардың таңбаларына қарағанда жиі
түсіріліп отыруы неге байланысты?
2. Сөз соңына қарай ы-и-і фонемасының жіңішкеруінің себебі
неде?
3. ө, о фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналды-ра
алмауының, ал ұ, ү фонемаларынан кейінгі буындарда да ұ, ү
сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
4. Нт, лт, нч дыбыс тіркесі неліктен бір таңбамен берілген?
5. Көне түркі жазуында б, ғ, д,й, қ, л, н, р, с, т 10 дауыссыз
фонемаға 20 әріп алынса, неге з, м, п, ч, ш, ң 6 дауыссыз фонемаға 6
әріп сәйкес келеді?
6. Көне түркі жазуында <о>, <ұ> неге бірінші буында ғана
таңбаланған?
164
7. Көне түркі жазуында <қ>, <к> фонемаларының таңбасы неге
үш-үштен?
8. Көне түркі жазуының шығу тегі туралы қандай пікірлер бар?
1-тапсырма.
Көне түркі әліпбиін пайдаланып, төмендегі сөздерді жа-
зып шығыңыз: бал-бел, ай-ей, тал-тел, қой- гөй, бас- бес, оқ-
ақ, мас- мес, малта- белде, лас-лес, аң-өң, бол-бөл, май- пай,
ғой-гөй, тар- тер, сой-сүй, сал-сел, раң- рең, пара- қара, ол- ел,
алаң-елең.
2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына сол позицияда келуге тиіс фонема-
ны табыңыз:
Б...рзун, м...ңа, м...н, үч...н, к...че, ...нығ, белк...м, кәлим...ң,
алт...н-алт...н-алт...н, балт...-балт...-балт...-балт...
3-тапсырма.
Көне түркі әліпбиіндегі дара дауыссыздар таңбасын
пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: Заң,
заңгерлік, зере, Зеренікі, Зорға зорлықкөрсетушілік, малшы,
малшаруашылық, шана, шанамен, жаңа, жаңашылдық, жай,
жайлылық.
4-тапсырма.
Көне түркі әліпбиіндегі дауыссыз үштіктердің таңбасын
пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: Ақ- оқ,
кіші- күші, қол- құл, екінді-өкінді, қыз-қаз, өкірді- секірді, ұқ-
ық, өкше – екше, оқы- ақы, теке – неке.
5-тапсырма.
Көне түркі әліпбиіндегі дыбыс тіркесінің таңбасын пай-
даланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: келте – кенде,
бірінш(ч)і – екінш(ч)і, рубасы – елбасы, мыңбасы – жүзбасы.
Тест сұрақтары 1. Табылған
жазудың түркі халықтарына тиесілі екені
анықталған уақыт?
a) 1893ж, 15 желтоқсан
b) 1887ж, 26 наурыз
165
c) 1730ж, 19 желтоқсан
d) 1793ж, 30 қараша
2. Мәтінді аударған ғалымдардың қатарын
көрсетіңіз? a) В.Томсен, В.Виноградов
b) Ф.Ганиев, А.Габен
c) Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов
d) Радлов, Мелиоранский
3. Көне түркі жазуын зерттеген қазақ ғалымдары кім-
дер?
a) Б.Кенжебаев, Н.Келімбетов
b) Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Айдаров, Ә.Марғұлан
c) Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, Ғ.Мұсабаев
d) Н.Келімбетов, Ә.Марғұлан, Ә.Құрышжанов
4. Ескерткіштердің көнелігі бойынша орналасқан
ретінің дұрысын табыңыз?
a) Орхон, Талас, Енисей
b) Енисей, Талас, Орхон
c) Талас, Енисей, Орхон
d) Орхон, Енисей, Талас
5. А-ә-е фонемасының таңбалану позициясы қандай?
a) тек сөз басында
b) сөз ішінде
c) сөз соңында
d) барлық позицияда таңбаланады
6. Тек сөз басында және бірінші буында аңбаланған фо-
нема?
a) а-ә-е
b) ұ, ү
c) ы, і
d) о,ө
7. З, м, п, ч, ш, ң дауыссыз фонемаларының бір таңбамен
берілуі неге байланысты?
a) кірме дыбыстар
b) жиі қолданылмайтын дыбыстар
c) кеш пайда болған туынды дыбыстар
d) тек соңғы позицияда келетін дыбыстар
8. Нт, лт, нч дыбыс тіркесін бір таңбамен берген. Себебі...
a) еліктеуіштер соңында жиі кездесетін дыбыс
тіркестері b) үнді-қатаң дыбыс тіркестері
c) бұл дыбыстарды таңбалаудағы қиындыққа байланысты
d) идеографиялық жазудың қалдығы
9. Көне түркі жазуындағы үндестік түрі?
a) ерін үндестігі
b) тіл үндестігі
c) ерін және тіл үндестігі
d) үндестік заңына бағынбайды.
7-дәріс. Араб графикасына негізделген
қазақ жазуы: қадим жүйесі
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ.
бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл
жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және
жәдид.
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб
әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і
араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (
ژ
(же),
گ
(ге),
ﭻ
(че)
ﭗ
(пе)
әліпбиінен, 2-і түркі (
ﮎ
(ңе),
ﻭ
(ве), 1-і ауған жазуынан (
ﻯ
(иа-
мәжһул, е) алынды.
Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28
әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы,
сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жа-
зылады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3
таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг бел-
гілеріне қарап топтастырылды: фатхамен <а>, <ә>, (е), кесрамен
<ы>, <і>, <е>; даммамен <о>, <ө>, <ұ>, <ү>.
Бірақ қадим жүйесінің басты
ерекшелігіне
дауысты
Бұл дәріс мәтіні ф.ғ.к. Г.Мамырбекованың «XVIII-XIX ғғ. араб жазулы
қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері» атты фил.
ғыл. канд.дисс. негізінде (Алматы, 2006) жазылды.
166
167
дыбыстардың таңбаланбауы жатады. Мысалы: нече –
ﻧﭼﻪ
(нче),
йане –
ﻴﻨﻪ
(йне), мұнда –
ﻤﻨﺪﺍ
(мнда), қырғыз –
ﻗﺮﻏﺯ
(қрғз). Бұл
араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың)
жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз
дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады.
Араб графикасындағы <е> фонемасының ашық-қысаңдығы
айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда <а>, <ә>,
<е> фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі
позициялық әріп-вариантта қолданылды.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзін-дік
таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында <е> фонемасы міндетті
түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>-
лермен бірге /һа/арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы
сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескеріл-ген. Ал сөз
ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі
нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыс-тардың бір
инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі
жазудың кодтық қасиетін білдірді.
Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда бел-гісін
қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы
қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы
дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес
келді.
Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөзді тұтас
көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына кел-
тіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы
буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң
езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы
тұрақты нормаға айналды.
Сөйтіп, дауыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы:
3:9 болып шықты. Жазу бір буынды сөздердің мағынасын
ажырату-да қиындық тудырды. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сияқты
түбірлер бірдей жазылды.
Жалпы, араб графикалы жазуда араб жазуының дәстүрін, си-
патын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында
жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда бұл
жазу өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден өзгеше,
оған параллель жатқан жүйе болды.
Н.Уәли айтқандай, халықтық тілден едәуір айырмашылығы
бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе
болды.
Ал дауыссыздар жүйесін белгілейтін әріп таңбалары – 20.
Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздерді таңбалады: х, ф, ч:
хазірет, хабар, хош.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, <п> фонемасының
сөз басында парсылық /пе/-мен, сөз аяғында арабша /ба/-мен
сөз ор-тасында бірде /ба/, бірде /пе/-мен берілу жүйесі қатаң.
Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге
болады. Сондай-ақ <б> фонемасының сөз ортасында /ба/-мен,
бірге /ве/-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң <б>
вариациясын біл-діруі деп түсінуге болады.
Жалпы, араб әліпбиінің түпнұсқасында болмаған <п>
дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз
функциясында жұмсала алмаған дейміз.
Араб әліпбиінде <г> фонемасының да таңбасы болмағандық-
тан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Сол себепті басқа тіл-ден
енген сөздердегі <г>-к әрпімен таңбаланып отырған дейді проф.
Б.Әбілқасымов: акроном, дәркер, емке, крек.
Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан ш графемасынан
дифференциацияланбай, екі әріп таңбалары бірінің орнына бірі
қолданыла берген, ч әрпі қатаңмен іргелес келгенде де, дауыс-
ты, үндімен іргелес келгенде де таңбаланған кездері аз емес:
айтчы, елчі.
Орыс тіліндегі <в> фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай,
біресе у, біресе б таңбасымен (чинобник, бистафка), біресе ф
әрпімен берілді (Жапаноф, Ибаноф).
Араб жазуының емлесіндегі бір ерекшелік ерін үндесімінің
басым берілуі, тіпті қосымшаларда да таңбалануы болды:
болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлұқ, үстүнен. Яғни, ерін үндесімі
позициялық өзгерісті бейнелеген фонетикалық принциптен де
шықты, сонымен бірге оғыз-қарлұқ архаикалық элементінің де
дәстүрін сақтады, мысалы: оқұб, бірақ барұб, келүб.
Проф. Р.Сыздық Қ. Жалайырдың еңбегінде лабиалды үндесім
тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың еріндік вариан-ты
мүлде кездеспейтінін айтады. Бұл тенденцияны орта түркі
шағатай тілінің орфографиялық нормасынан қазақ тілінің өз емле
нормасы бөлініп шыға бастағаны деп түсіндіруге болады.
Қосымшалардың түбірге үйлесімсіз бірыңғай ұяң вариантпен
жазылуын Г.Мамырбекова инвариант-вариант принципі бойын-ша
ұяң нұсқасы инвариант болып табылған да, ауызша тілде үйлесім
варианттарымен дыбысталғаны деп көрсетеді.
168
169
Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесі (мысалы,
көптік жалғауының қазақ сөйлеу тілінде 9 варианты бар) бір
тұрпат межесіне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын
көруге болады: 9 <лар, лер, лөр, дар, дер, дөр, тар, тер, төр> /
1<лар>.
Сөз болып отырған жазу емлесі морфологиялық ұстанымға
негізделді. Дегенмен, ерін үндестігінің позициялық түрленімі-нің
таңбалануы, орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң
езуліктердің айтылуы бойынша түсіріліп жазылуы, ин-тервокал
позициядағы <қ> фонемасының /х/ әрпімен (йахшы, йарылханыб,
ахыры, ахшар) берілуі, /қ/, /ғ/ әріптерінің жуан дау-ыстылармен
іргелес жазылуы араб жазу дәстүрінен қазақ тілінің өзіне тән жазу
жүйесі түзіліп келе жатқанынан хабар берді.
Бұл кездегі емле дәстүрі, негізінен, мыналар дейді Г. Ма-
мырбекова:
1. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер сол тілдердегі негізгі
тұлғаларын сақтап қолданылған.
2. ж әрпі орнына и таңбасы, с әрпі орнына ш таңбасы жазы-
лып кеткен.
3. Түбірдің соңы қандай дыбыс болса да қосымша ұяңнан не
үндіден басталған.
4. Дауысты дыбыстардың алдынан үнсіз алиф пен дыбыстық
мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде жазылған.
VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған
қазақ қолжазбалары
1) 1732 жылғы Әбілхайыр ханның патша атына Таукелев
арқылы жазған хаты;
2) Әбілхайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға 1742
жылы жолдаған хабарламасы;
3) Абылай сұлтанның Сібір губернаторы Сухаревқа 1745
жылы жазған хаты;
4) 1748 жылғы кіші және орта жүз старшиналарының патша
атына Нұралыны хан қылып бекіту жайында жазған өтініші;
5) Тіленші Бөкенбай ұлының 1783 жылы Шерғазы сұлтанға
жолдаған хаты;
Бұл мәліметтер Г.Мамырбекованың жоғарыда аталған зерттеу еңбегінде
көрсетілген.
6) Кіші жүз старшиналары мен ақсақалдарының 1785 жылы
І Екатеринаға жазған хаты;
7) Нұралы ханның 1785 жылы Игельстромға жазған хаты;
8) 1785 жылғы кіші жүз ақсақалдарының Әбілхайыр балала-
рын хандықтан аластауын сұрап ІІ Екатеринаға жазған хаты;
9) Ералы сұлтанның Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды
тұтқыннан босатуын сұрап полковник Д.А.Гранкинге 1787
жылғы 4 тамызда жазған өтініші;
10 Қара Көбек би мен Шұбар бидің Орал казак әскерінің
атаманы Д.Дансков пен Сібір және Уфа өлкесінің губернаторы
А.А.Пеутлинді орнынан алуын сұрап А.А.Безбородкоға 1790
жылы жазған хаты;
11) Сырым Датовтың 1790 жылы ІІ Екатеринаға жолдаған
хаты;
12) Тіленші Бөкенбайұлының Айшуақ сұлтанның Орал
казак әскерімен бірігіп қазақтарды тонағаны туралы Шерғазы
сұлтан Қайыпұлына 1793 жылы жазған хабарламасы;
13) Кіші жүз сұлтандарының 1794 жылы ІІ Екатеринаға
жазған өтініші;
14) Айшуақ сұлтанның ішкі істер министрі В.П.Кочубейге
1803 жылы жазған хаты;
15) Кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының 1803 жылы
қабылдаған анты;
16) 1808 жылғы Қаратай ханның Орынбор шекара комиссия-
сына жолдаған хаты;
17)Айшуақ ханның император І Александрға Жантөре
ханның өлгенін мәлімдеп Шерғазы Айшуақұлын хан
тағайындауын өтініп 1809 жылы қарашада жазған хаты;
18) Бөкей ордасы сұлтандарының Шөке сұлтанға Бөкей
ханның өз ұлы Жәңгір сұлтанды тақ мұрагері деп өсиет еткен-
дігін мәлімдеген 1815 жылғы 25 маусымда жазған хаты.
19) Шерғазы ханның К.В.Нессельродке Бөкей Ордасы
сұлтандарының Орал маңындағы далаға көшуіне рұқсат сұрап
1821 жылы 5 тамызда жазған хаты;
20) Орта және кіші жүз сұлтандарының Шерғазы ханның
орнына Арынғазы сұлтанды хан қоюын сұрап губернатор
П.К.Эссенге 1817 жылғы 6 тамызда жазған өтініші;
21) Шерғазы ханның сыртқы істер министрлігіне гу-
бернатор П.К.Эссен мен шекара комиссиясының төрағасы
Г.М.Веселицконың үстінен жазған 1819 жылғы қыркүйектегі
арыз-шағымы;
170
171
22) Шерғазы ханның император І Александрға Арынғазы
сұлтанның өзіне жасаған шабуылы туралы 1820 жылы қаңтарда
жазған хабарламасы;
23) Арынғазы сұлтанды Ордаға жіберуін өтініп билер мен
сұлтандардың 1822 жылы І Александрға жазған өтініші;
24) Шерғазы сұлтанның К.В.Нессельродке Арынғазы сұлтан
мен Қара Жігіт молданы Петербордағы қамаудан шығаруын
сұрап жазған 1822 жылғы қазандағы өтініші;
25)
Байұлы руының атаман Д.М.Бородинге қазақ арасындағы
дау-дамайдың Арынғазы сұлтанның Ресейде тұтқындалуынан
кейін бірден өршіп кеткенін жазған 1822 жылғы мәлімдемесі;
26) 1822 жылғы 24 желтоқсанда жазылған Жоламан Тіленші
және би, старшина, батырлардың Орынбор әскери губернаторы
П.К.Эссенге Арынғазы сұлтанды босатуын және Елек пен Орал
өзені аралығындағы жерді қазақтарға қайтаруын сұрап жазған
өтініші;
27) Кіші жүз сұлтандарының губернатор П.К.Эссенге Орал
бойындағы қазақтарға Жәңгірді хан сайлуын сұрап 1824 жылғы
3 қаңтарда жазған өтініші;
28) Қаратай ханның губернатор П.К.Эссенге 1825 жылғы 22
қазандағы мәлімдемесі;
29) Әбілхайыр ханның патша атына 1832 жылы Таукелев
арқылы жолдаған хаты;
30) Қарабай ұлының 1835 жылы генерал Минске жолдаған
арызы;
31) Махамбет Өтемісұлының 1839 жылы Хиуадан жолдаған
хаты;
32) Сұлтан Т.Саматовтың 1845 жылы Н.И.Ильминскийге
жазған хаты;
33) 1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті
әкімшілік орындарына жолдаған нұсқауы;
34) Тілмаш
Ш.Көшербаевтың
1859
жылғы
Н.И.Ильминскийге жазған хаты;
35) Н.И.Ильминскийдің 1859 жылы Самрекеге жазған хаты;
36) Шыңғыс Уалихановтың 1860 жылы Шоқанға жазған
хаты;
37) Шоқанның 1860 жылы әкесіне жазған хаты;
38) Ы.Алтынсариннің 1883 жылы Б.Кейкинге жолдаған
хаты;
39) Абайдың қатысуымен 1885 жылы Қарамолада жасалған
ережелер;
40) Генерал Таубенің 1890 жылғы бұйрығы.
Пысықтау сұрақтары:
1) Араб графикасына негізделген қазақ жазуында дауыстылар
қандай таңбамен белгіленген?
2) Дауыстылар қандай белгілері бойынша топтастырылған?
3) Әліпби құрамы қандай болды?
4) Қадим жазуының басты ерекшелігі неде?
1-тапсырма.
Төмендегі қадим жазуымен жазылған сөздерді қазіргі
жазуға түсіріңіз.
,ﻴﻜﻴﻦ ,ﻳﻜﻰ ,ﻴﺳﻴﻚ,ﺪﻳﻜﺎﻦ ,ﻜﻴﺭﻭﺍﻦ ,ﺒﺯﺩﺍﺭﻜﻪ ,ﺪﻴﻭﻟﻳﺗﻨﺪﺍﻦ, ﻨﻴﺮﺴﻪ ,ﻜﻭﻧﻟﻰ ,ﺒﺎﺮﻰ , ﺁﺮﺘﻭﺮﻠﻰ
ﺗﻭﻴﻪﻜﻪ ,ﺠﻨﻪ ,ﻜﻮﺮﭘﻪ
.
2-тапсырма.
Төмендегі араб жазуымен басылған мәтіннің графика-
орфографиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
ﭽﻗﻗﺎﻦ
ﻤﻴﻥ ﺍ ﻨﻨﻜﻐﺎ
ﻗﺮﺍ ﺒﺎﻯ ﺻﺎﺮﺒﺎﻯ
ﭽﻗﻐﺎﻦ ﺍﻴﻜﺎﻭﻨﻨﻙ ﺩﺍﻭﺮﻯ ﺪﺍﻨﻜﻘﻪ
ﻴﺎﺘﺳﻪ ﻜﻴﻟﻪ ﺼﻮﻨﻚ ﻘﻭﺳﻟﻐﺎﻥ
ﺍﻴﻜﻰ ﺒﺎﻯ
ﻗﺎﭼﻘﺎﻥ ﺗﻭﺮﺍ ﻤﺎﺮﺍ ﻞ ﺑﻮﻮﺍﺯ
ﺁﻟﺪﻭﻧﺪﺍﻦ
Қарабай Сарыбай мен аңға
шыққан Екеуінің дәуірі даңқа
шыққан Екі бай қосылған соң келе
йатса
Алдұндан бұуаз марал тұра қачқан.
172
173
8-семинар. Араб графикасына негізделген
қазақ жазуы: жәдид жүйесі
Араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына
сәйкес келе бастаған, демократияланған түрі – жәдид деп
аталады. Бұл жазу реформасы Нобель сыйлығының иегері,
Қырым татары И.Гаспыралының жаңа әдісті мектебі – усул
жадидпен байла-нысты.
Жадид жазу үлгісінің басты ерекшелігіне
- дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба
арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отыруын,
- араб және парсы сөздерінің тілімізге икемделіп өзгеріске
ұшыраған түрінің таңбалануын,
- ң дыбысының қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар
арқылы емес, екі түрлі таңбамен берілуін,
-
араб әліпбиіндегі басы артық таңбалардың қолданылмауын
айтуға болады, мысалы, қазақ сөздерін таңбалауда араб әліпби
жүйесіндегі мына таңбалар қолданылмаған деуге болады: ﺙ , ﻆ ,
ﺾ
,
ﺫ
. Осы айталғандардан қадим жазуының біртіндеп
жүйелене түсіп жадид кезеңіне өткенін көруге болады.
«Түркістан уалаяты» газетінде дауыстылардың харакат
арқылы беріліп, жазуда таңбаланбауы сирек ұшырасады. Бұл
үрдіс «Дала уалаяты» газетінде біртіндеп жүйелене түседі де,
араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда дауысты дыбыстар
жүйелі түрде жазуда таңбаланып отырады.
«Түркістан уалаяты» газетінде харакаттар белгіленбеген,
бірақ жазылмаса да олар дауысты дыбыстың мәнін береді.
Дегенмен харакаттары қойылған сөздерді аз да болса кездестіру-
ге болады: дамма арқылы берілген сөздер: құл және күң –
) ﻜﻨﻨﻚ
1874
№ ,
6
(
, күтүб –
ﻜﺘﻨﻭﺐ
, құшақтасыб –
ﻗﺸﻨﺎﻘﺘﺎﺴﺐ
, құрметтеб
–
) ﻗﺭﻨﻤﺘﺪﻴﺏ
1874
,
№
10
(
, тұхым –
ﺗﺤﻨﻢ
, құдай –
) ﺤﺪﻨﺍ
1874
,
№
16
(
,
құл –
) ﻘﻝﻨ
1977
,
№
30
(
. Фатха арқылы белгіленген сөздер: бағасы
–
) ﺒﻐﻐﺎﺳﻰ
1875
,
№
1
(
, ақраб –
) ﺍﻘﺭﺐﻐ
1874
,
№
24
(
.
Кесра, яғни қысқа и арқылы беріліп, жазуда таңбаланған
сөздер кездеспейді. Ал даммалы алиф арқылы беріліп харакаты
таңбаланған үйнүң –
ﻳﻨﻨﻮﻧﻚ
١
)
1874
№ ,
16
(
деген сөзді кездестірдік.
Сөз басында келетін ы, і дауысты дыбыстары жүйелі түрде ке-
Семинарға оқу үшін берілген бұл мәтін Г.Мамырбекованың «XVIII-
XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық
ерекшеліктері» атты зерттеуінен (Алматы, 2006) алынды.
174
сралы алиф арқылы таңбаланған, яғни иа таңбасы арқылы жазу
кездеспейді.
Сөз ішінде бір дауыссыз дыбыс қосарланып келсе, біреуі ғана
жазылып үстіне «ташдид» белгісі қойылады. «Ташдид» белгісі
қойылған сөздер өте сирек ұшырасады. Ташдид арқылы берлі-
ген сөздердің көбі араб тілінен енген сөздер: амма –
) ﺍﻣﱠﺎ
1876
,
№1; 1879, №14), ауал –
) ﺍﻭﱠﻞ
1876
№ ,
9
;
1879
№ ,
8
(
, мәдәт –
) ﻤﺪﱠﺕ
1879
,
№
27
(
, алла –
) ﺍ ﻟﻟﱠﻪ
1882
№ ,
1
(
, руссиа –
ﺭﻭﺳﱢﻳﻪ
, қазақиа
–
) ﻗﺯﺍﻴﱢﻰ
1876
,
№
2
(
.
Араб тілінде екі алиф қатар келсе біреуі ғана жазылып үстіне
мадда белгісі қойылады. Ал газетте дыбыстық мәні бар алифтің
үстіне ғана мадда белгісі қойылып отырған. Маддалы алифпен сөз
басындағы а, ә дауыстылары таңбаланған: алыб – ﺁﻠﺐ , әкел
–
ﺁﻛﻴﻞ
. Дыбыстық мәні жоқ алифке мадда белгісін қою газеттер-
де мүлде кездеспейді. Бұл ерекшеліктің қадим жазу жүйесінде
толықтай сақталғанын ескерсек, жадид жазу кезеңінде де
жалғасын тапқанын көреміз.
Харакаттар дауысты дыбыстарды беруде сирек ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: |