Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». / 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
Ө
з
п
ә
н
Хабаршы
№2- 2015 ж.
52
2.
Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкалық білім беру теориясы. – Павлодар, 2007. – 103 б.
3.
Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения
школьников. – М., 1984. – 470 с.
4.
Свитова Т.В. Современные технологии и методики профессионального музыкального
образования. – Самара, 2014. – 68 с.
Нагимова М.М., Габбасова М.Т.
Теоретические принципы исполнительского мастерства учителя музыки
В этой статье рассматривается теоретические принципы испонительского умения учителя музыки.
Ключевые слова: Музыкальное выражение, профессиональное мышление, креативные действия.
Nagimova M.M., Gabbassova М.Т.
The theoretical principles of performance skills of the future teacher of music
This article discusses the theoretical principles of performance skills of the future teacher of music.
Keywords: Musical expression, professional thinking, creative action.
ӘОЖ: 371.132
Хырхынбай Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Шавалиева З. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
(Павлодар қ., Қазақстан), E-mail: zulyas580plm@mail.ru
БОЛАШАҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТА
ДАЙЫНДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Аннотация. Білім беру жүйесі әр уақытта өзара байланысты білім мақсаты, білім алушылардың
құрамы, білім мазмұны және оқу әдістері түрлері және құралдары деп аталатын элементтердің бірлігімен
сипатталады. Бірақ осылардың ішінен білім мазмұны олардың негізгісі болып саналады және одан оқыту
әдісі туындайды. Мұндай мазмұнның құрамы мен әлеуметті мүмкіншілігі ғылыми дәлелді түрде, өте
қатаң шамада анықталуы қажеттігі осы мақалада қарастырылған.
Кілт сөздер: Білім деңгейі, оқу үдерісі, оқыту әдістемесі, кәсіби білім, оқыту әдістері, біліктілік,
білім мазмұны, оқыту ұстанымдары, оқыту мазмұнын таңдау критерийлері.
Жоғары оқу орындарында мамандарды оқыту оның ғылыми-математикалық және әдістемелік
жақтарын үнемі дамытып отыруды көздейді.
Соған сәйкес оқыту үдерісі мазмұнының жетілдірілуі және оның негізгі компоненті болып
табылатын базалық білім мазмұнын құрайтын тақырыптар ұтымды орналастырылуы тиіс. Сонымен бірге
дифференциалдық теңдеулер бойынша алған базалық білімді тексеру әдістерінің тиімділігін оқу
тапсырмалары мазмұнының студенттердің әрқайсысының қабілеттеріне сәйкестілігі қамтамасыз етуі тиіс.
Кез келген ғылымның терең ішкі даму логикасы бар: таза ой әрекетінің өнімі болатын
ұғымдар және де бүтіндей бөлімдер құрылады. Олардың бізді қоршаған ортамен байланысы жоқ
және көп ғасырлар бойы қосымшасы болмай, кеш табылып жатады. Көптеген ұғымдар,
пайымдаулар өздерінің тарихи даму үрдісінде өздерінің логикалық аяқталған түрлерін бірден
тапқан емес, даму үрдісінде қаралатын сол бір объектілер әртүрлі көзқараста қабылданады, бұл
олардың жаңа қасиеттерін ашуға келтіреді, оларды жаңа мазмұнмен толықтырады.
Ғылым жетістіктерін дәйекті дәрежесінде жіктеп, ұғымдарға түсініктемелер беріп, теориялық
пайым жасап, заңдылықтар мен қағидаларды фактілерге сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым-
түсініктері мен тұжырым пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация)
ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өз ойы мүддесі қабысады, біліми-ғылыми ілімді жүйелі де
ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым
салаларынан аталған ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін іргелі мағлұматтармен қанағаттандырады.
Осы теориялық материалдар жоғары деңгейде анықталып, ұғымдар мен тұжырымдар осы
пәндердің мазмұнын толық ашып бере алатындай дұрыс жүйелі түрде баяндалып көрсетілсе,
ғылымилық қағидасы орындалады.
Ғылыми ұғымдар негізінде заңдар мен теориялар жасалатыны белгілі. Жалпы, ұғым – бұл ойлау
Хабаршы
№2- 2015 ж.
53
формасы. Сондықтан оқыту үдерісінде ұғымның анықтамасын дәл, нақты шектелген сұрақтармен,
формалды логикамен саналы түрде оқыту керек. Кез-келген ұғымды бірден түсініп меңгеру қиын, әдетте
оның мазмұнын, көлемін және басқа ұғымдармен қатынасын біртіндеп түсінеміз.
Міне, осыдан біз ұғымның мазмұнын, нақты белгілерін және барлық обьектілердің осы
ұғымды қалыптастыратын көлемін айыра білгенміз жөн. Ұғымның нақты белгілері сол ұғымды
қалыптастыратын барлық обьектілердің көлемімен анықталады.
Кезкелген дидактикалық материал белгілі бір мәселелер мен міндеттерді шешуге
бағытталғанда ғана мәнді де маңызды болмақ. Мысалы, Т. Эсбенсен «әрбір студенттің жеке
даралығын сақтай отырып, оның өзі қалаған нәрсемен шұғылдануына мүмкіндік туғызу керек», -
деп есептейді [1], яғни ол білім мазмұнын өзі таңдауға құқылы дегенді айтады.
Ол үшін сол пәнді оқыту мазмұнын таңдау критерийлерін ғылыми негізде жасалуы тиіс.
Курсты жан-жақты қарастыру тәсілі оның мазмұнының құрылымына талдау жасау арқылы білім
берудің мазмұнын жаңарту мүмкіндік береді.
Ол үшін кез келген пәнінің оқу бағдарламаларын осы жоғарыда айтылған таңдау
критерийлері мен ұстанымдарына сәйкес келетіндей жасау керек.
1.
Студенттердің
ғылыми
көзқарасының
негізін
қалыптастыруға,жасалатын
қорытындылардың ақиқаттық себептерін дұрыс түсіндіру, бұл курстардың басқа пәндердегі және
өмірде қолданылатын орнын жақсы түсіндіру.
Белгілі бір анықталған білім деңгейін менгеру арқылы студенттердің дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыруда, мәдениетінің деңгейін көтеруде, оның оқытудағы қолданбалы және
практикалық бағыттардың нақты мәнін түсініп, пәнаралық байланыстарды орнымен жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін біліктерді дамытуда үлкен рөл атқарады.
2.
Пәнді меңгертудің әмбебап әдісі ретінде қолданылатынәдіс-тәсілдеріне және олардың
педагогикалық, кәсібилік бағытына да байланысты әр түрлі деңгейде болатындықтан студенттердің
мінез-құлқын қалыптастыруға да өз үлесін қосады.
3.
Студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін пәнін оқу
мазмұнынан білім жүйесінен басқа, олардың шығармашылық қызметіне байланысты танымдылық
қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін, олардың өздерін талаптандыратын әдіс-тәсілдер жүйесі
жасалады. Дәстүрлі сызықтық оқытудан кредиттік оқыту жүйесінің ерекшелігі студенттердің
өздігінен оқыту біліктерін дамытып студенттің өздігінен орындалатын жұмыстардың көлемі артады.
Сондықтан студенттің өздігінен орындайтын жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерін
дамытуға, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық әрекет алдымен толық білімнің білім жүйесінің жекелеген элементтерінде
пайда болады. Жалпы шығармашылық әрекеттерді табысты қалыптастыру үшін К.Н. Лунг [2] келесі
әдістерді пайдаланған жөндеген:
студенттердің өздік жұмыстарының түрі олардың танымдық әрекетінің деңгейіне сай болуы,
репродуктивті өздік жұмыс дидактикалық функция атқаратын есте ұстау;
дербес-ізденісдегі өздік жұмыс танымдық функция атқаруы тиіс;
шығармашылық өздік жұмыс дамыту функциясының рөлін атқаратын зерттеу сипатта
болуы тиіс.
4.
Құрамына зерттеу әрекеттері кіретін шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды
студенттер орындай алуы үшін пәннің мазмұнына ізденубіліктерін дамытатын түрлі жаттығулар
мен есептерді кіргізу.
5.
Маманның мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру. Бұл жағдайда студенттің пәндерді оқу
арқылы табандылық пен мақсатқа талпынуы, ойлаудың сындылығы мен тәртіптілігі, өз көзқарасы мен
сенімділігін қорғай білуі, ой көркемдігі мен әсемдігінің қалыптасуын жүзеге асыру қажет.
Болашақ мектеп мұғалімін дайындауда осы ұғымдарды біріктіріп «кәсіби-педагог» ұғымына,
яғни мұғалімінің кәсіби іс әрекетін жетілдіру ұғымына бағыттауға талпыныс жасалды. Болашақ
мектеп мұғалімін («кәсіби-педагогты») дайындап, қалыптастыру көпсатылы үдеріс.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында ұстаздың кәсіби маман болып қалыптасуын пән
бойынша білімі, біліктілігі мен дағдылары, жеке басының қабілеті мен икемділігінің сапалық
көрсеткішітеріне байланысты.
Педагогикалық үдеріс кезінде мұғалімнің тұлғасын кәсіби мұғалімге бейімдеуді
қалыптастырады. Ол үшін:
бейімделу мүмкіндіктері (кәсіби тұрғыда өзіне баға беру);
педагогикалық тұлғаға бағыттауға қызығушылықтары;
Хабаршы
№2- 2015 ж.
54
жалпы оқытылатын пәндер бойынша біліктері мен дағдылары деңгейлерінің дамуы
ескеріледі.
Сонымен қатар кәсіби тұлғалық қасиеттерді дамытады:
логикалық ойлау;
педагогикалық шеберлік;
ойдың фукнционалды механизмдері (қабылдау, ойлау, сөйлеу, ақыл, өзіне талдау жасау);
ерік, жігер, қабілет, мінез ескеріледі.
Осы жоғары айтылған компоненттер мұғалімнің кәсіби шеберлігін айқындайтын және
өлшейтін сапалық өлшеуіштер болып табылады.
Болашақ жоғары кәсіби біліктілігі бар оқытушы:
ғылыми-біліктілігі жеткілікті болуы, студенттердің білім қорын жинақтай аларлық біліктері
мен дағдыларының сапасының критерийлерін құра білу, болашақ оқушыларының қабылдау
деңгейлерін болжай алуы; олардың жеке ерекшеліктерін ескере білуі;
оқыту әдіс-тәсілдері мен технологияларын тиімді тандап, оларды күтілетін нәтижеге сәйкес
тиімді пайдалана алуы;
болашақ оқушылардың танымдық қызметі оқу материалын олардың белсенді әрекет
жасайтын нәрселеріне айналатындай етіп ұйымдастыру қабілетінің болуы;
оқу пәндерінің мазмұнын жүзеге асыруда, оқыту құралдары мен технологияларын ұтымды
пайдалануы;
оқу материалдарын игерілу сапасы туралы дұрыс пайымдай алуы;
ғылымның жетекші идеяларын, терминдерін, ұғымдарын терең ұғынуы тиіс.
Қазіргі жағдайда білім беру ісін одан әрі жетілдіру мақсатымен оқыту әдістерін бірыңғай
жүйеге келтіру басты меселелердің бірі. Бірақ бұл жөніңде ғалымдар арасында бірыңғай
көзқарастардың жоқ екені байқалады. Мұның себебін қалай түсіндіруге болады.
Біздің байқауымызша оқыту әдістерін жіктеуді әрбір автор өзінше дәлелдейді. Мысалы,
кейбіреулер оқыту әдістері жіктеудің негізі етіп білім көзін, екінші біреулер дидактикалық
міндеттерді, ал, қайсы біреулер оқушылардың танымдық іс-әрекетін негізге алады т.б. Екіншіден,
оқыту әдістері мен тәсілдерінің шекарасы жылжымалы болады деп жоғарыда айтылған. Сондықтан
оқыту үдерісінде кейде әдіс тәсілге, ал тәсіл әдіске ауысып отырады. Үшіншіден, бір әдіс әр түрлі
дидактикалық мақсаттарға қызмет өтеді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мазмұнын қайта құруды, оқу-әдістемелік
құралдармен қамтамасыз етуді, ғылыми тәжірбиелерді іске асыруға барлық жоғары оқу орындары
үйлесіп жұмыс жасауды талап етеді. Сонымен бірге ол оқудың алдыңғы сатысында тиімді де жақсы
нәтиже көрсеткен жеке әдістерді және дидактикалық тәсілдерді сақтауды, дидактиканың қазіргі
талаптарына, студенттердің танымдылық мүмкіншіліктеріне және психологиялық ерекшеліктеріне сай
болатын бұрынғы әдістер мен дидактикалық тәсілдерді жетілдіруді, оқуда оқытушы мен студенті бірігіп
жасайтын қызметтің жаңа дидактикалық тәсілдері мен жолдарын қолдануды ескереді.
Жоғары оқу орнында оқытушы оқыту үдерісінің дидактикалық негізін жүзеге асыру
бағытында студенттерді нақты нысаналы шұғылданатын іспен қамтамасыз етіп, оны ерекше
бақылауға алып отырады. Мұндай жауапты істі оқытушының белгілі бір психологиялық, логикалық
әдіснамалық, біліктіліктерді, оқу материалының мазмұнын меңгермей жүзеге асыруы мүмкін емес
және дидактикалық нысанның мамандыққа тиісті берілген сипаттамасымен оқытушы таныс болуы
талап етіледі. Мамандыққа сипаттама оқытушының мемлекеттік стандартты іске асыруына бағыт
сілтейді. Осыған қатысты типтік жоспар, әр түрлі пәндердің жоспарлары құрылады.
Бұл жұмыстардың ара салмағын қарастырсақ, көптеген жоғары оқу орындарында
педагогиканың дидактика пәніне ерекше мән берілмей отырғаны өкініш тудырады. Дидактика пәні
болашақ ұстаздар үшін, тек студент үшін қажет деп есептейтін ойдан немесе оқыту теориясының
жаңсақ ұстанымынан жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісі әлі орталықтанбай, құзыры төмен қалып
отырғанын жасыру мүмкін емес.
Білім алып, өсіп жатқан маманның білімді болуы адамның қоғамдық белсенділігі мен оның
әлеуметтік жағдайына және білімінің үздіксіз болуына байланысты. Болашақта педагогикалық
мәдениеттің жаңа деңгейіне көтерілу үшін үздіксіз білім жүйесінде мамандарды жоғары оқу орнына
дейінгі, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі уақытта да өзара тығыз байланыста
дайындау талабы тұр.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
55
Жалпы оқытудың қандай да бір әдістемелік жүйесі мен оның құрылымы студенттерді оқытудың
бағдарламалық талаптарын қамтамасыз ететін мұғалімнің сабақ беру тәсілдерінің, әдістерінің жиыны.
Ал әдістемелік технология бойынша оқытуда жүйелілік, тиімділік, сабақтастық талаптарын ескере
отырып, оларды оқыту сапасын арттыруға, пәнді толық меңгеруге пайдалана аламыз.
Білім беру жүйесі әр уақытта өзара байланысты білім мақсаты, білім алушылардың құрамы,
білім мазмұны және оқу әдістері түрлері және құралдары деп аталатынэлементтердің бірлігімен
сипатталады. Бірақ осылардың ішінен білім мазмұны олардың негізгісі болып саналады және одан
оқыту әдісі туындайды. Мұндай мазмұнның құрамы мен әлеуметті мүмкіншілігі ғылыми дәлелді
түрде, өте қатаң шамада анықталуы қажет. Ал осындай мазмұнды меңгеру «шығармашылық
еңбекке дайын азамат болып жетілген, әлемдік ғылыми көзқарасты игерген, ғылыми ойлауы
жетілген маманды қалыптастырады»-деп А.П. Беляева [3] көрсетеді.
Оқу мазмұны ұтымды таңдалуы және оған үнемі түзету еңгізіліп отыруы керек. Оқу
мазмұнын ұтымды таңдау, саралау деген ұғымдарына көптеген әдіскер ғалымдар (А.П.Беляева,
Б.С.Гершунский, В.М. Монахов, В.С. Леднев) баға берген.
Оқу мазмұнын ұтымды саралауға қатысты мәселенің шешімін іздеуде А.П.Беляева [3], Б.С.
Гершунский [4] ойларымен келісуге болады.
Б.С.Гершунский білім мазмұнын дұрыс саралап таңдау технологиясын былай суреттейді. Ол
мамандардың жоғары квалфикациялы-білімділік деңгейі оқу мазмұнын ғылыми-дәлелділікпен
саралау және оған заңды түрде түзету енгізіп отырунегізінде қамтамасыз етілуін көрсетеді. Оқу
материалдарының мұндай саралануы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жасалуы
бірнеше кезеңдерді қамтиды.
Бірінші кезең қарастырылып отырған оқу пәнінің нақты материалы мен білім мазмұнының жалпы
құрылысын, оқу үдерісінде қалыптасатын білім, білік және дағдыларды, тұлғаның шығармашылық
көзқарасының, мінез-құлқының қасиеттерін бейнелейтін оқу мақсатын дәлелдеумен байланысты.
Екінші кезең оқу мазмұнының өзін саралаумен байланысты (бұл кезең дидактиканың негізгі
«не үшін оқыту керек» сұрағына жауап беруі тиіс). Оқу бағдарламасында қарастырылатын
материал туралы педагогикалық тұрғыда дәлелденген, логикалық реттелген және әбден айқындалып
қойған ғылыми мағлұмат іріктеледі. Ондай мағлұмат ықшамдалған түрде беріледі және педагогтың
оқыту, оқушының оқу-таным әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Үшінші кезең оқу материалын жіктеу, жүйелеу, іріктеу, оқу пәнін қайта құрастырумен
тікелей байланысты.
Төртінші кезеңде оқу бағдарламасына, оқулықтар мен оқу құралдарына экспериментік
тексеру жұмыстары жүргізіледі, олардың мазмұнына қажетті түзетулер еңгізіледі.
Бірақ бұл кезеңді соңғы деп айтуға болмайды, себебі ғылым мен техника және жаңа
технологиялардың дамып, үздіксіз өзгеріп жатқанына байланысты оқу пәнінің мазмұнын тексеру
және түзету үдерісі жүйелі түрде жүзеге асып отырады.
Оқу мазмұнын анықтау оқу жоспар мен бағдарламаларын жасаумен аяқталады. Оқу
бағдарламасында курстың мақсаты, міндеті, кредит саны, оқыту әдісі мен түрі, өздік жұмыс
түрлерін, бағалау әдісі, білімді бақылау түрі, кезеңі, емтихан және сынақ түрі көрсетілуі керек.
Осы жоспар мен бағдарламаларды жасауда үшін мамандықтың квалификациялық мінездемесі
негізгі құжат болады.
Оқумазмұнын құрастыруда В.В. Краевскийдің [5] критерийлеріне сүйене отырып
төмендегілер басшылыққа алынады:
оқыту мазмұнының заманауи өндіріс және сәйкес аймақтық әлеуметтік-экономикалық
талаптарына сай болуы;
оқытудың мазмұнды және үдерістік жақтарын ескеру (оқу материалының мазмұнын
анықтағанда оқудың әдістерін, ұстанымдарын, заңдылықтарын ескерілуі, бағдарламалар мен
оқулықтарда оның мазмұнымен қатар оларды меңгеру жолын, меңгеру деңгейін көрсету керек);
білім мазмұнын құрастыруға деген бірыңғай көзқарастың болуы (теориялық аспект, оқу
пәні, оқу материалы, педагогикалық қызмет).
Елімізде мектеп мұғалімдерін даярлау педагогикалық институттар мен университеттерде
жүзеге асуда. Педагогикалық институттарда орта мектеп мұғалімдерін дайындау мақсатты
болғандықтан арнайы білім берумен қатар олардың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік
дайындығына баса назар аударылады. Ал болашақ мұғалімі оқытудың жалпы заңдылықтарын,
мақсаттарын, мазмұнын, әдістемелік зерттеулерді,педагогика ғылымы мен озық тәжірбиелерді
жоғары оқу орындарының қабырғасында жүргенде-ақ меңгеруі тиіс [6].
Ол үшін пәнінің оқу бағдарламаларын осы жоғарыда айтылған таңдау критерийлері мен
Хабаршы
№2- 2015 ж.
56
ұстанымдарына сәйкес келесі мәселелер ескерілуі тиіс.
1.
Студенттердің ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыруға оқытылатын пәннің
ақиқаттық себептерін дұрыс түсіндіру, бұл пәннің басқа пәндермен байланысы және өмірде
қолданылатын орнын жақсы түсіндіру.
2.
Пән арқылы әлемді тану, олардың педагогикалық, кәсібилік бағытына да байланысты әр
түрлі деңгейде болатындықтан студенттердің мінез-құлқын қалыптастыруға да өз үлесін қосады.
Әрбір пәннің оқытуда «теория» және «практика» деген пропорцияны тең ұстау қажет.
Студенттерді алған білімін жаңа жағдайларға пайдалануға бағыттау қажет.
3.
Студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқу мазмұнынан
білім жүйесінен басқа, олардың шығармашылық қызметіне байланысты танымдылық қабілеттерін
дамытуға мүмкіндік беретін, олардың өздерін талаптандыратын әдіс-тәсілдер жүйесі жасалады.
Дәстүрлі сызықтық оқытудан кредиттік оқыту жүйесінің ерекшелігі студенттердің өздігінен оқыту
біліктерін дамытып студенттің өздігінен орындалатын жұмыстардың көлемі артады. Сондықтан
студенттің өздігінен орындайтын жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқу-
әдістемелік құралдармен жұмыс істеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Шығармашылық әрекет алдымен толық білімнің білім жүйесінің жекелеген элементтерінде
пайда болады. Жалпы шығармашылық әрекеттерді табысты қалыптастыру үшін К.Н. Лунг [7] келесі
әдістерді пайдаланған жөн деген:
студенттердің өздік жұмыстарының түрі олардың танымдық әрекетінің деңгейіне сай болуы,
репродуктивті өздік жұмыс дидактикалық функция атқаратын есте ұстау;
дербес-ізденісдегі өздік жұмыс танымдық функция атқаруы тиіс;
шығармашылық өздік жұмыс дамыту функциясының рөлін атқаратын зерттеу сипатта
болуы тиіс.
Көптеген ғылыми еңбектерге жасаған талдау нәтижесі студенттердің өздік жұмысын оқуды
ұйымдастырудың бір түрі ретінде қарастырылатынын көрсетті. Оның дидактикалық мақсаттары
анықталып, ол жөнінде түрлі ой-пікірлер қалыптасқан. Егер Ресейлік және Қазақстандық педагогтар
мен психологтар өзіндік жұмысты оқуды ұйымдастырудың бір түрі ретінде қараса, шетелдік
дидактлар оны барлық оқу үдерісінің басына қояды, оларша тек өздік жұмыс қана жеке
даралылықты, мінез-құлықтың белсенділігін арттырады, шығармашылыққа итермелейді, білім
алушының оқуға деген құштарлығын арттырады, белгілі шешім алуға жауапкершілігін арттырады
деп есептейді. «Немқұрайды оқытудың» салдарынан жіберілген қателіктер батыс елдерінің
зерттеушілеріне мәселеге қайтадан жаңаша қарауға мүмкіндік жасады.
Кейбір авторлар өздік жұмысты оқыту әдісі ретінде анықтаса, екінші топтағы авторлар
оқытудың бір түрі ретінде қарастырған, үшіншілері – студенттердің оқу әрекетін ұйымдастырудың
түрі ретінде қарастырса, төртіншілері – студенттерді өздігінен оқудың негізгі дайындығы ретінде
қарастырған.
4.
Құрамына зерттеу әрекеттері кіретін шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды студенттер
орындай алуы үшін пәннің мазмұнына іздену біліктерін дамытатын түрлі жаттығулар кіргізу.
Оқытудың белсенділігін арттырудың негiзге алынатын белгiлерi келесiлер: оқу әдiстемесiн орынды
таңдап алу; оларды әрi қарай дамыту; оқып-үйренушiлердiң психологиялық ерекшелiктерiн ескеру арқылы
әдiстердi әрдайым жетiлдiру. Оқытудың негiзгi типтерiнiң дамуы және онымен байланысты оқыту
әдiстерiнiң мысалдарын алып, оқудың диалектикалық сипатын бақылап отыруға болады.
5.
Білім алып, өсіп жатқан маманның білімді болуы адамның қоғамдық белсенділігі мен
оның әлеуметтік жағдайына және білімінің үздіксіз болуына байланысты. Болашақта педагогикалық
мәдениеттің жаңа деңгейіне көтерілу үшін үздіксіз білім жүйесінде мамандарды жоғары оқу орнына
дейінгі, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі уақытта да өзара тығыз байланыста
дайындау талабы тұр.
Педагог пен студент оқу-тәрбие үдерісінің субьектілері деп айтқанда, бұл пікірдің мағынасы
әр басқа екенін ескеру қажет. Педагог – оқу тәрбие үдерісін басқаратын, белгілі нәтижелерге жету
үшін оның мақсатын, мазмұнын, әдістерін жүзеге асыратын субьект. Студент – оқу-тәрбие
үдерісінің субьектісі.
Дәстүрлі оқыту жүйесінен кредиттік оқыту жүйесіне ауыстыру кезеңінде келесілерді ескеру:
оқу үдерісінің әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жетілдіруді;
оқу әдістерінің, оқу құралдарының тиімділігін арттыруды;
оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылық деңгейінің дамытуды, өздігінен оқуға
көңіл бөлуді қажет етеді.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
57
Кредитік жүйеде оқу-әдістемелік әрекеттің тиімділігін арттыру үшін оқыту мазмұнын:
оқу материалдарын тиімді іріктеу және оларды ұтымды орналастыру;
пәннің ішкі мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану.
Кредиттік жүйеде бойынша оқытудың мақсатын, жеке оқу бағдарламалары бойынша оқу-
танымдық әрекеттерді ұйымдастыру, жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялау сол арқылы
жоғары оқу орны жүйесін әлемдік стандартта деңгейіне көтерудің қадамдарын көрсету. Оның
ерекшеліктерін оқытудың дидактикалық теорияларының ерекшеліктерімен салыстыра келіп оқыту
мазмұнын іріктеп саралаудың әртүрлі жолдарын, оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдері үйлестірілді.
Оқытудың психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі теориялары мен тұжырымдамаларының
кейбір жалпы негіздерін талдай келе, жоғары оқу орындарында кредиттік жүйеде оқытудың дәстүрлі
жүйеден ерекшелігі осы жүйеге біртіндеп енудің тұжырымдамаларын өңдеу қажеттілгі.
Кредиттік технологиямен оқытудың жалпы бағытын, оның мақсатын, мазмұнын саралау және
ұйымдастыру әдістемесін айқындауда оқытудың өзара тығыз байланысқан негізгі ұстанымдары бар
екені анықталды.
Қазіргі кредиттік жүйеде оқытуда уақытты үнемді пайдалану үшін практикалық сабақта
шығарылатын есептерді оқытушы алдын ала сұрыптауы, таңдап алуы өте маңызды. Себебі, есептер
жинағында барлық тақырыптар толығымен қамтылғанымен бір сипатта болуы мүмкін. Теориялық
материалдың практикалық материалмен байланысын тиімді ету үшін алдын ала материалды
сұрыптаған жөн.
Практикалық сабақтың мазмұны дәрісте оқытылған материал мазмұнына сәйкес келгеннің
өзінде, яғни сабақ негізінен жақсы өткенімен, төмендегідей қиындықтар кездесуі мүмкін [8]:
а) материалдың жалпы қасиеттері шектеулі болғандықтан ондағы негізгі байланыстар мен ара
қатынастарды байқай алмау және негізгіні бөліп көрсете алмау;
ә) оқыту үдерісі барысында оқытушының кейбір мәселелерге жеткілікті көңіл аудармауынан
студенттердің ой-өрісінде айқын орын алған кезеңдердің, тиянақты ұғымның болмауы;
б) оқытушы жасаған әрекеттердің тұтастық сипатта болмауынан түсіну білігінің түсіндіру
білігінен алшақтығы.
Осы бағытта оқытудағы білім мен біліктерді меңгерудің сапасын айқындау, оны өлшеу және
бақылаудың түрлері айқындалады.
Оқытудың жаңа технологияларды тиімді пайдалану үшін осы жүйенің ерекшеліктеріне,
оқытудың теориялары мен тұжырымдамаларына талдау жасап, олардың қолдану шектерін,
құрылымдық элементтерін анықтау қажеттігі қарастырылады. Кредиттік жүйенің жоғары оқу
орындарында оқытудың дәстүрлі жүйесінің кемшіліктерін біртіндеп немесе толығымен жоятын
осындай теориялар мен тұжырымдамаларды өңдеудің қажеттілігі ұлттық білім беру
бағдарламаларының халықаралық деңгейде танылуын, студенттер мен оқытушы-профессорлар
құрамының біліктілігін қаматамасыз ете алады деп ойлаймын.
Білім алып, өсіп жатқан маманның білімді болуы адамның қоғамдық белсенділігі мен оның
әлеуметтік жағдайына және білімінің үздіксіз болуына байланысты. Болашақта педагогикалық
мәдениеттің жаңа деңгейіне көтерілу үшін үздіксіз білім жүйесінде мамандарды жоғары оқу орнына
дейінгі, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі уақытта да өзара тығыз байланыста
дайындау талабы тұр.
Сол себепті оқытудың әдістемесін жетілдіру оқыту мазмұнын дұрыс таңдау студенттердің
білімінің сапасын арттыруға, теориялық материалдардың практикалық қолданымымен тікелей
танысуға, олардың танымдық іс-әрекет белсенділіктері мен дербестіктерін арттыруға себептеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |