Арнаулы бiлiм министрлiгi



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,14 Mb.
#67
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

             Бұқар жырау Қалқаманұлы 
                  XVIII  ғасыр  əдебиетіндегі  ең көрнекті  тұлға  -  Бұқар  жырау.  
Жыраудың  шығармаларын  жинастырған Мəшһүр  Жүсіптің  айтуынша    Бұқар  
Арғын    ішінде    Тортуыл    Қаржастан  шыққан.  Бұқардың  əкесі  Қалқаман - батыр 
болған көрінеді. 
Заманының  бізге  бір  табан  жақын  тұрғанына,  өмір  сүрген  дəуіріндегі 
көптеген 
тарихи 
оқиғалар 
халық 
жадында 
жақсы 
сақталғандығына 
қарамастан,қазақтың  ескіде  өткен  басқа  ақын-жыраулары  сияқты  Бұқар  өмірі 
қақында  да  біздің  білеріміз  тым  тапшы.  Жыраудың  теған,  өлген  жылдары 
жайында  да  нақты  деректер  жоқ.  Онаң  қанша  жасаған  адам  екені  де  белгісіз. 
Қолда  бар  бірден-бір  нақты  мəлімет - жыраудың  Абылайдан (1710-1781) бұрын 
туып, соң өлгендігі. 
Қазір  Бұқардың  туған,  өлген  жылдары 1693-1787 деп  көрсетіліп  жүр.  Ал 
бұл-ой-жотамен,  солай  шығар-ау  деген  долбармен  алына  салған  сан.Бұқар 1693 
жылы  туды  деудің  ешбір  қисынға    келмейтінін  дəлелдеу  онша  қиынға  түспейді- 
ол үшін ақылдылықтың да, алғырлықтың да қажеті жоқ. 
Абылайға арнаған толғауларының бірінде Бұқар- 
 Күнінде мендей жырлайтын 
Тоқсан үште қария 
Енді де саған табылмас,-дейді. 
Бұл сөздер Абылай өлген  1781  жылдың өзінде-ақ айтылды дейікші. 1781- 
ден 93-ті алыңыз, сонда 1688 қалады... яғни Бұқар қазір көрсетіліп жүрген 1683-
тен 5 жыл  бұрын  туған  болып  шығады.  Бұл - əдебиет  тарихымен  айналысушы 
кейбір  ғалымдарымыздың  өз  ісіне  қаншалақ  жауапты,  қаншалық  мұқият 
қарайтындығының тағы бір айғағы іспеттес. 
Бұқардың  өте  көп  жасап,  əбден  қартайып  өлгендігі  күмəн  туғызбайды. 
Біздің қолымыздағы Бұқарға қатысты ең ескі деректің бірі Тəуке ханның атымен 
байланысты.Ел  аузындағы  əңгімелерге  қарағанда  Бұқардың  Тəуке  тұсында-ақ 
ордадағы белді би, батагөй ақсақалдардың бірі болғандығы аңғарылады. 
Əз-Тəуке  ханның  сүйікті  ұлы  өліпті  дейді  бір  əңгіме.  Хан  аза  тұтып,  бас 
көтермей, ас ішпей жатып алыпты. Ұлы жүзден ҮйсінТөле би, Орта жүзден Қаз 
дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден Қаражігіт би барып көңіл айтқан екен,Əз-Тəуке 
жұбанбапты, қайғысы басылмапты.  Сонда қаралы ханның қөңілін делбеп, басын 
сүйеп  ас  ішкізуші  Бұқар  жырау  болады.  Бүқардың  осы  рет  те  айтылған  жыры 
сақталған. 
Ханымыз отыр аһ ұрып,  
Халқыңыз отыр бас ұрып...  
Сабаны əкел ордаға, 
Құран оқыт молдаға,  
Ханның өзі түзік деп, 
Орынсыз сөзді жолдама. 
 Бұрынғы өткен бəрі өлді, 
Қарсы болма аллаға.  
Төле,Қазыбек кісіміз  

 
 
 
42
Жақсы, жаман, кішіміз,  
Бұл сөзіме түсіңіз,  
Дəміңізді ішіңіз. 
Риза болсаң құдайға 
Түзелер сонда ісіңіз. 
Осы  сөздердің  өзінен-ақ  Бұқардың  Тəуке  алдында  өтімді,  беделді  адам 
болғандығы аңғарылады. Тəуке 1718 жылдар шамасында дуниеден көшіпті. яғни 
жоғарыдағы мəлімет Бұқардың XVIII ғасырдың бас кезінің өзінде-ақ біраз жасқа 
келіп  қалған,  қазақ  хандарының  сарайында  ықпалды  билердің  бірі  болып  алған 
жан  екендігін  көрсетеді.Бұқардың  туған,  өлген  жылдарын  анықтауға  себі  тиер 
деректер жыраудың өз шығармаларынан ұшырасады.Бұқар Абылайдан көп үлкен. 
Ол ханға- 
Сені мен көргенде 
Тұрымтайдай ұл едің,-деп сөйлейді. 
Жырау  өзінің  Абылайға  айтқан  толғауларының  бірінде  ханның  жас 
кезіндегі өмір жолын  шоли келе, 
Елу жасқа келгенде 
Үш жүздің атының басын 
Бір кезеңге тіредің, 
Елу бес жасқа келгенде 
Жақсы болсаң толарсың, 
Жаман болсаң маужырап барып соларсың,-дейді.Яғни бұл сөздер айтылған 
кезде  Абылай  елуден  жаңа  асқан,  елу  бір-елу  екілерде.  Демек,  толғау 1763 
жылдар шамасында туған. 
Абылайдың күшеюі де осы кез. Қазақстан тарихының айтуынша, Абылай 
50-жылдардың  басында-ақ  Орта  жүздің  бірден-бір  билеушісі  болған.1752  жылы 
атақты  Көкжал  Барақты  Жоңғар  əміршісі  Цэван-Дорчжи  улап  өлтірген 
соң,Абылай алдына кесе көлденең тұрар ешкім де қалмайды.Көп ұзамай Ұлы жүз 
де Абылайдың қол астына қарайды. Бұқардың ханды үш жүздің басын біріктірдің 
деп көтермелеуі осы фактіге байланысты болса керек. 
Аталмыш  толғаудан  Бұқардың  өз  жасы  жөнінде  де  дерек  аламыз.Жырау 
елу  бестен  арғы  жастар  туралы  толғай  келіп  тоқсан  беске  тоқтайды  да,  өз 
басының мұңын шағып кетеді 
Тоқсан бес деген тор екен, 
 Дүйім жанның қоры екен, 
Қарғиын десең екі жағы ор екен,  
Найза бойы жар екен, 
Түсіп кетсең түбіне 
Түбі жоқ терең көл екен,  
Ел қонбайтын шөл екен,  
Келмейтұғын неме екен. 
Жырау адамның елуден арғы өмірі хақында онша жылы лебіз білдірмейді, 
ал  тоқсан  бесті  мүлде  істен  алғысыз  етеді,  бұл  жасқа  келіп  қажеті  жоқ-ақ  екен 
дейді.  яғни  толғау  айтылған  сəтте  оның  авторы  тоқсан  бес  жаста.  Олай  болса, 
Бұқар жыраудың 1668 жылдар шамасында туғандығын көреміз. 

 
 
 
43
1781 жылы Абылай өлгенде Бұқар əлі тірі. Жырау  ханды азалап, өзінің ең 
көркем  туындыларының  бірі- «Күпшек  санды  күреңді-  Тəбияға  жаратқан « деп 
басталатын    жоқтау    жырын    шығарады.Бұқардың    Абылайдан    соңғы    өмірі 
жайында ешқандай дерек жоқ. 113 жасқа келіп қаусап отырған қарт жыраудың өзі 
де көп ұзамай ажал жастығына бас қойса керек. 
Мəшһүрдің айтуынша жəне ел аузындағы əңгімелерге қарағанда Бұқардың 
əкесі Қалқаман- батыр болған дедік. Батыр атағы адамға, əрине , оның байлығына, 
аталылығына қарап келмейді, яғни жыраудың шыққан тегі жайындағы мəселенің 
беті  ашық  қалады.  Алайда  өзінің  жеке  басының  қасиеттерінің,  отты  тілінің  
арқасында    Бұқар   тез    арада-ақ    ел    билеушілер    тобына    енгендігі  көрінеді.Қаз  
дауысты    Қазыбектер    сияқты    Бұқар    да    «қарадан    шығып    хан  болған»  өз 
заманының аса ыпалды билерінің бірі.Атақты  Үйсін  Төле  би~  «Елге  бай  құт  
емес,  би    құт»  деген    екен.Өзі  мыңғыраған    бай    Төленің    бұл    сөздері    Бұқар  
заманында    билердің    қандай  қоғамдық  күш  болғанын  аңғартады.  Бұқар 
заманының билері-малымен емес, сөзімен кісілікті жандар. Олардың көбі-ақ кедей 
болған . Бұл  ретте  Орманбай  бидің  үйіне  Абылай  келіп  қалып,  қонағасыға  не 
соярын  білмей  қысылғанда  айтқан-«Хан  Абылай  келгенде  Тоқты  сойсам 
жетпейді, Енесін сойсам тоқтының, Оның орны бітпейді,»-деген сөздерін келтіре 
кетуге болады. 
Бұқардың мал жиюды кəсіп етпегендігі көрінеді. Мəртебе жолын Əз-Тəуке 
ханның  сарайында  бастағанмен,  сақал-шашы  бурыл  тартып,  алпыс  жасқа  келген 
кезінің өзінде жырау қара таяқты күйінде қалған. 
Бұқар малсыз адам екен деп жазады Мəшһүр. Өзіне ағайын бір байдан мі- 
нуге  ат  сұрапты.  Бай  бергісі  келмей  бір  талай  уақыт  алдаусыратып  жүріпті  де , 
ақыры бір күні Бұқардың қолына екі қары бөз қыстырып құтылмақ болыпты. Сон  
да Бұқардың айтқаны~ 
«Бұқарекең біз келдік,  
Ақан, Төбет байларға,  
Бесті берсең семіз бер  
Жаздай Бұқар жайларға. 
 Бермеймін деп атама, 
 Асауыңды матама 
Шынжырынан берік тартсам, 
 Шамырқанып , шамданып, 
 Шалқасынан жата ма,  
Алпыстағы Бұқардың 
Сілесі құрып қата ма, 
Құлдарың мен күңдерің 
Мерекеге бата ма. 
 Келіп едіп өзіңе, 
Түнеукүнгі айтқан сөзіңе.  
Тіпті разы болмаймын  
Керегенің басында 
Екі қары бөзіңе. 
Бермей қалсаң осы жол, 

 
 
 
44
 Жолықпаймын деп ойлама  
Жортуылшы ердің кезіне.» 
Бұл  -ақтабан-шұбырындыдан  соңғы  аласапыранның  тұсы,  атадан  ұл, 
анадан    қыз    айрылып,исі    қазақ    күйзелген    дəуір.  Осы    қилы    заман    кезінде 
Бұқардың шаруашылығы шайқалып , дəулеті суалған  болуы да мүмкін. 
Алайда  көп  ұзамай  Абылай  сұлтан  көтерілген  кезде  Бұқардың  жұлдызы 
жанады. Жырау қайтадан ақ ордаға енеді, жəне одан өлгенінше шықпайды. 
Бұқардың сүйегі қазір  Баян Аулада, Далба тауларының ішінде. 
Жоғарыда  келтірілген  кейбір  деректер  негізінде  Бұқар  жырау 
Қалқаманұлы 1668 жылдар  шамасында  туып,  бір  ғасырдан  астам  жасап, 1781 
жылдың шама- сында өлген деп есептеледі. 
Халық  «Өнер  алды-қызыл  тіл  «десе,  Бұқар - бұл  мақалдың  даналығын 
əбден  ұғынған  адам.  Ол  сөз  өнерінің  қиындығын  да,  құрметтілігін  де  білген. 
Сондықтан да жырау- 
«Ел бастау қиын емес- 
Қонатын жерден көл табылады~ 
Қол бастау қиын емес- 
 Шабатын жерден ел табылады. 
 Шаршы топта сөз бастаудан 
Қиынды  көргенім  жоқ»,-дейді.  Бірде  Абылай- «Қазына  қайда ? « деп 
сұрағанда, жырау- «Басы жеткен жігіттің екі езуі қазына- бір езуі-алтын, бір езуі-
күміс,  аузы-қазына»,-депті.  Бұқардың    өзі  осы  қазынаны-сөз  өнерін  жеріне  жете 
меңгерген еді.»Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей əулие деседі екен, - деп 
жазады  Мəшһүр  Жүсіп. -Қара  сөз  білмейді,  тек  сөйлесе  көмекейі  бүлкілдеп 
жырлай бастайды екен». 
Бұқар  мұрасынан  біздің  заманымызға  жеткені-1200  жол  шамасында.  Бұл, 
сөз жоқ, жырау туғызған көл-көсір жырлардың бір бөлігі ғана. 
Бұқар  өмір  сүрген,  ескі  қазақ  мемлекеті  əлсіреп,  ыдыраған  заманда  əмір 
жүргізуші  хандардың  ішіндегі  ең  əлуеттісі  Абылай  еді.  Абылай  бір  орталыққа 
бағынған  күшті  мемлекет  құруға  тырысты.  Сондықтан  да  Бұқар  оны  өзінің  ар- 
мандарын жүзеге асырушы деп есептеп іс жүзінде де мейлінше қолдайды. 
Абылай өз мақсатын орындау жолында бірталай табысқа жетеді. Ол 1771 
жылы Түркістанда «үш алашқа хан көтеріледі». 
Мемлекет  істерінде  өзіндік  беті  болған  Бұқар - хан  тая  соқты  деп 
есептесе,өз  айтқанын  орындатуға  тырысады.  Кеңесін  тыңдамаса  өткір  тілмен 
шенеп,  ақылына  келтіріп,  дегеніне  көндіріп  отырады.  Хан  тасыса  жырау  оны 
басып, билікке бірден ие бола кетпегенін, жас кезінде талай қиыншылақтар көре 
келіп,бұл күнге қарашаларының арқасында жеткенін есіне салады. 
«Ай, Абылай, Абылай,  
Сен мен көргенде  
Тұрымтайдай ұл едің, 
 Түркстанда жр едің, 
Əбілмəмбет хандарға 
Қызметші болып тұр едің. 
Сен қай жерде жүріп жетілдің, 

 
 
 
45
Үйсін Төле бидің 
Түйесін баққан құл едің!» 
Аяз  бидің  тəубеден  жақылмау  үшін  бұрынғы  шоқпыт  киімдерін  есікке 
шегелеп қойғаны сияқты, Бұқар да Абылайдың өткенін ұмыттырғысы келмейді. 
«Момынға келіп бек болдың, 
 Атаңды білмес құл едің, «-дейді ол. 
Əрине,  Абылай  құл  емес,  хан  тұқымы.  Алайда  Бұқар  осының  өзін , Абы- 
лайдың  «Арқар  ұранды»  Шыңғыс  əулеті  екендігін  ханның  артықшылығы  деп 
есептемейді.  Қазақ  хандары  өздерінің    Шыңғыс  ұрпағы  екендігін  мақтаныш 
тұтқан. –«Ата сойын сұрасаң, 
Күн шуақтан пайда болған емеспе,  
Хан  Шыңғыстың  асылы,»-деп  дəріптейді  өзінің  əміршісі  Жəңгір  ханды 
Жанұзақ жырау. 
Ескі 
түсінік 
бойынша 
адамның 
адамдығы,қасиеті,оның 
ата 
тегінде,əкесінің,  шешесінің  қандай  жерден  шыққан  адам  екендігінде.Бұқар  да 
анасының ақсүйектер тұқымынан еместігін Абылайдың бетіне басады. 
«Шешеңді жəне сұрасаң, 
Қай алтынның буы еді,  
Оны да мен білуші ем,  
Түрікпеннің төрінде 
Қашып жүрген күң еді.» 
Мұндай    сөздер    Абылай    қателескенде,рубасы    ақсақалдардың    тілегіне 
қайшы  əрекеттер  жасамақ  болғанда  ғана  айтылады.  Əйтпесе,  Бұқар  көбіне 
Абылай  саясатының  жақтаушысы.  Жырау  реті  келген  жерінде  ханды  мадақтай 
отырады. 
«Алтын тақтың үстінде 
Үш жүздің басын құрадың,  
Жетім менен жесірге 
Ешбір жаман қылмадың, 
Əділетпен жүрдіңіз, 
Əдепті іске кірдіңіз». 
Бұқар түсінігіндегі Абылай - осындай əмірші . Жырау Абылай саясатына , 
ел  ішіндегі  Абылай  беделіне  тамашалай  қарайды,  Абылай  үкіметінің  салтанат 
құрғанына масаттанады. 
«Жұлдызың туды-ау оңыңнан,  
Жен біткен еріп соңыңнан , 
Он сан алаш баласын 
Аузыңа құдай қаратып, 
 Жусатып тағы өргізіп 
Жұмсап бір тұрсың қолыңнан. 
 Ақтан болды-ау күніңіз, 
Арсы менен күрсіге 
Тайталасты үніңіз!» 
Сондықтан да Абылай ажал жастығына бас қойғанда- 
«Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай, 

 
 
 
46
Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай, 
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай, 
Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам, 
Сонда  қалар  ма  екен  қайран  жаның-ай,»-деп  зар  айтқан  Бұқар  əміршісі 
дүниеден  көшкен  соң  оның    басында  оты  рып  жас  төгеді,  шын  көңілімен 
жоқтайды. 
«Күшпек санды күреңді  
Тəрбияға жаратқан, 
Қырық сан қара қалмақты 
Жарлығына қаратқан. 
Айбалтасын алтынменен булатқан,  
Алапасын арттырып, 
Арпалап атты қунатқан. 
 Лабашы деген бір елді 
 Антыменен улатқан,  
Еренші мен Серенді  
Тозғындатып шулатқан. 
Перістесін жұрт үстінен дулатқан...» 
Жырау  осы  ретпен  Абылайдың  тіршілігінде  істеген  даңқты  істерін 
мадақтай  еске    алады.  Марқұмның    ерлігін,  байлығын    сөз    етеді.  Бұқармен  
қалған  мұраның  ішіндегі  ең  көркем  туындыларының  бірі  болып  есептелуге  тиіс 
осы жоқтау жыр- 
«Ғаділдігін Наушаруан Ғаділге жеткерген,  
Жомарттығын Хатымтай Жомарттан өткерген.  
Күнде меһман күзетіп, 
Кесекілеп ет берген, 
Имандының ісіне қарап бет берген,  
Бір құдайдың дидарын 
Сен көрмесең кім көрер- 
 Табандасқан дұшпанға 
Күнінде қылыш шауып өткерген»,- деген сөздермен аяқталады. 
Бұқар Абылай саясатын жақтайды. Сондықтан да ол əміршісінің күшті бо- 
луын  тілейді.Абылай  хандығының  нығаюы,  хан  үкіметінің  берік  болуы  үшін 
күреседі.Бірде  Абылай  тиімді  бітімге  қол  жеткеннен  кейін  соңынен  ерген  ба- 
тырларына 
рұқсат 
береді.Оларды 
Сарыарқаға 
қайтарады.Артынша-ақ 
қоқандықтар  қайта  бас  көтереді.Сонда  ханның  бейқамдығына  ыза  болған  Бұқар-
«Бірі - етек, бірі жең болған 
Ежелден саған ел болған 
Орта жүзден кісің жоқ~ 
Найзасының ұшы алтын 
Кіші жүзден  кісің жоқ,  
Енді бұған қарап түрғаннан 
Басқа қылар ісің жоқ.-дейді. 
Алайда  Бұқардың  Абылай  хандығын  нығайту  жайындағы  идеясы  көрші 
жұрттарға  қатер  төндіру  ниетінен  емес,керісінше,елдің  қорғаныс  қабілетін 

 
 
 
47
күшейту  мақсатынан  туған  еді.«Бірлік  болмай,  тірлік  болмас»-деген.Сырт  жау 
соқтыға алмайтын айбынды ел болу үшін жұрттың ынтымағы,бірлігі қажет.Бұқар 
қазақ  руларының  өзара  тату  тұруын,  мал-жан  үшін,  қоныс  қыстау  үшін  бос 
қорқыспауды насихаттайды. 
Өлетұғын тай үшін 
Қалатұғын тай үшін 
Қылмаңдар жанжал - ерегіс 
Жырау  дүниеде  мəңгілік  ештеңе  жоқ  екендігін,  өмір  күнделікті 
өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетеді. 
 Айналасын жер жұтқан  
Айды батпас демеңіз,  
Айнала ішсе таусылмас  
Көл суалмас демеңіз, 
Құрсағы құшақ байлардан  
Дəулет таймас демеңіз,  
Жарлыны жарлы демеңіз,  
Жарлы байға теңеліп, 
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз... 
Құландар ойнар қу тақыр,Қурай бітпес демеңіз... 
Бұқар  новатор  еді.  Ол  қазақ  өлеңін  тақырыптық  жағынан  байытты.  
Мəселен,  азғана  штрихтармен    тамаша  суреттер  жасалған  мына  бір 
жолдардың табиғат лирикасының үлгісі екендігін мойындауға тура келеді. 
Бұл, бүл үйрек, бұл үйрек, 
 Бұрылып ұшар жаз күні,  
Боз мойынды сұр үйрек 
 Көлге қонар жаз күні. 
Көк ала ат жаратып,  
Көн дабылды байлатып,  
Байлар ұғлы шоралар  
Көл жағалар жаз күні 
Байлар қызы бикештер 
Қол бұлғайды-ау жаз күні. 
Бұл  туынды  Абайдың  атақты  «Жазының»  алғашқы  нұсқаларының  бірі 
деуге болады. 
Бұқар  өзінің  кейбір  жырларында  ескі  канондарды  бұзады,  өз  жолын 
салады.  Көне  жыраулық  поэзия  көбіне  өз  алдына  дербес,  жекелеген  ойларға 
құрылған жолдардың жиынтығы болып келетін, қаншама əдемі  болғанмен құрау-
құрау  сияқты  көрінетін~  бұрынғы  өткен  жыраулар  творчествосының  əлсіз 
жақтары  да  осыған  байланысты.  Бұқар  негізінен  байырғы  дəстүрді  қабылдайды. 
Алайда,  заманның    озықтығы,  қазақ    əдебиетінің    ескімен    салыстырғанда  
біршама  өскендігі,  жəне  өзінің  зор  таланты    мен  ақындық  интуициясының 
тереңдігі Бұқарды жекелеген реттерде көне сүрлеуден шығарып жіберіп отырады. 
Бұқар  санасыз  түрде  кейін  Абай  қазақтық  еткен  европалық  поэзия  үлгілеріне 
жақын барады. 
Əлемді түгел көрсе де,  

 
 
 
48
Алтын үйге кірсе де,  
Аспанда жұлдыз аралап,  
Ай нұрын ұстап мінсе де - 
Қызыққа тоймас адамзат! 
Əлемді түгел білсе де, 
Қызығын қолмен бөлсе де, 
Қызықты күні қырындап 
Қисынсыз күйге түссе де - 
Өмірге тоймас адамзат! 
 Жақындап ажал тұрса да,  
Жанына қылыш ұрса да, 
Қалжырап, көңілі қарайып, 
Қарауытып көзі тұрса да - 
Үмітін қоймас адамзат! 
Бұқардың  ақындық  қуатын  танытатын  бұл  жолдар  европалық  лириканың 
озық үлгілерімен бой таластыра алады. 
Осы  жоғарыда  келтірілген  жекелеген  жолдардың  өзінен-ақ  Бұқар 
жыраудың    қазақ    поэзиясының    даму    тарихында    көрнекті    роль  
атқарғандығы,əдебиетіміздің  тарихындағы  соқталы  тұлғалардың  бірі  болып 
есептеледі. 
 
                    Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Бұқар туралы қандай мəліметтер бар? 
2. Бұқардың Абылайға арнаған өлеңдерінде не айтылады? 
3. Жыраудаң насихат өлеңдерінің мəні неде? 
4. Бұқар - новатор ақын дегенде нені түсінесіңдер? 
5. Жырау өлеңдерінен жаттау. 
                                     
                                      Шал ақын 
Қазақ  əдебиетіне  қатысты  мақалаларының  бірінде  Шоқан  «Менің  бабам 
Абылай ханның замандасы, Арғын Атығай ішінде Бəйімбет табынан шыққан Шал 
ақын  қазақ  халқының  тегі,  қазақ  халқын  құраған  рулар  жайлы  аңыздарды 
жинақтап,  тамаша  эпос  жасады»,-дейді.  Осы  азғана  сөздерден  Шалдың  өз 
дəуірінің  даналығын    бойына  сіңірген  кең  тынысты,  қуатты  ақын  болғандығы 
аңғарылады. 
Шал ақын атанып кеткен Тілеуке Құлекеұлы қазіргі Көкшетау облысының 
территориясындағы Азат темір жол станциясының төңірегінде дүниеге келген. 
Шалдың  шешесі - «Ұлы  жүзде  ханнан  кем  қадірленбеген»  атақты  Үйсін 
Төле  би  бидің  қызы  екен,  ал  əкесі  Құлеке  сырт  жауларға  қарсы  күресте  көзге 
түскен сол замандағы атақты батырлардың бірі болған. 
Шалдың алғаш ақындық даңқы шығуы - он бес жасында.Құлеке батырдың 
ағасынан  қалған  Күреңкей  деген  аты  бар  екен.  Соны  Абылай  ханның 
балаларының  бірі  бір    жорыққа  сұрап  мінеді  де,  тақымына  жаққан  соң  айтқан 
уақытында  қайтармай,  сіңіріп  кетуге  айналады.  Құлеке  қасына  Тілеукені  ертіп, 
атын алмаққа ордаға келеді. 

 
 
 
49
Хан  Құлекенің  шаруасын  білген  соң, «Өзің  батыр  Құлекесің.  Басқан  ізің 
мал.  Сонша    жерден    бір    тайдың    соңынан    келгенің    қартайғаның-ау    «деп 
күліпті.  Əңгіме  сонымен  аяқсыз  қалады~  ауылда  алтыбақан  екен.  Тілеуке  де 
ойында болып, жастармен бірге əн салып, өлең айтып түнді сауықпен өткізеді. 
Қараша күз екен,таң ата ауа салқындап,бұлыңғыр тартып,жауын жауыпты. 
Мал өргенде бір арық тоқты сазға түсіп, үй сыртында əудем  жерде жатып қалса 
керек.Cыртқа  шыға  қалған  хан  оны  көреді  де,  шапан  жамылған  күйі  сілбіреген 
жауын астында тоқтыны арқалап суықтан тасалау-ау деген бір талдың түбіне əкеп 
тастайды.Мұны тілеуке аңдып қалған екен. 
Күн  көтеріле  жұрт  оянып,  қонақтар  жүруге  айналғанда  хан:  «Балам, 
түндегі  жеке  шыққандауыс  сенікі  ме  деп    жорыдым,  бізде  ондай  əнші  жігіт  жоқ 
еді, кəне, екі-үш ауыз лебізіңді естірте кет»- -деген екен, Шал өлеңді қоя беріпті
    Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің, 
    Болмайды қойға пана тал дегенің. 
    Жалаң аяқ, жалаң бас тоқты арқалап, 
    Хан ата, қалай екен мал дегеніңƏ? 
    Cыйлайды ханымыз деп үлкен, кіші, 
            Біреудің хақын жемес жақсы кісі. 
     Тақтағы хан, таптағы биді еңкейткен, 
     Хан  ата,  қалай  екен  малдың  күші-Хан  жығынды  болыпты  дейді. 
Тұлпарды  қайырып,  жетекке  деп  тағы  бір  ат  қосыпты.Бірақ  Құлеке  батыр  қатты 
жабырқап қайтыпты:балам батыр болама деген үміт кесілді,Шалдың ақын даңқы 
тарап кетті.Енді Шал өнер жолына түседі. 
            Он бесте тартып міндім аттың жалын, 
            Cол кезде айтқан сөзім от пен жалын,-дейді ақын қартайыңқыраған 
кездегі өлеңдерінің бірінде. Жарып салма тура, əзілқой, күлдіргіш, əрі əнші Шал 
жұрт сүйіктісіне айналады. Онсыз той, онсыз жиын өтпейді. Топ алдында  көсіле 
жыр төгіп талай таңды атырады. Кейін төсектен бас көтере алмай жатқанда кешегі 
қамсыз күнін  жоқтап он- даған өлеңдер  шығарып, о дүние, бұ дүние, дін, ахирет 
қақында толғаған Шал жас ғұмырын  думанмен , сауық-сайранмен өткізген. 
     Асу-асу арыстадым, 
     Қайда дүбір бар болса қалыспадым. 
     Кешегі жас батырлар, қайран жақсы, 
     Алдында хан-қараның қарыштадым,- дейді ақын. 
Бірақ ол кездегі шығармалары, - жоғарыдағыдай белгілі оқиғаларға байла- 
нысты жолдар болмаса,- көп сақталмаған. 
Шал өзі туралы тағы бір жерде былай дейді: 
          Жиырмаға келген соң 
          Жын қуалап ақтадым
          Жиырма беске келген соң 
          Жақсыларды жақтадым. 
          Отыз жасқа келген соң 
         Əр ісін сүйіп мақтадым. 
          Қырық жастан асқан соң 
          Артық айтқан сөздерім

 
 
 
50
          Сенен де пайда таппадым. 
         Елу жасқа келген соң 
          Пірдің сөзін сақтадым, 
          Алпысқа жақын келген соң, 
          Өлімнен хабар жетер деп
          Тəубе қылып тоқтадым. 
Шаруаға  қырсыздығының,пəруайсыздығының  салдарынан  əкеден  қалған 
дəулетті  ұстап  тұра  алмай  кедейшілікке  ұрынған,тіпті  жоқшылықтың  тақсіретін  
тартқан  ақын  өлеңді  дүние  табу,тамақ  асыраудың    құралы  деп  қарамаған.  Өзі 
кедей болса да тіленшіленіп,мал үшін жағын жалдап,тілін безеу-Шалға жат. 
         Жаратқан барша жанды пəруардігер, 
         Өзімдей фəндаларға фəнда қылма. 
Шал тіпті байлық, малдылық қажет деп те есептемейді. Мал- дүниеқоңыз 
адамға қадірлі, ақынның бір басына  екі шекті домбыра жетеді, өлмес қорек болса 
жарайды. 
         Мың жылқылы байлардан несі кейін 
         Оразасын үйінен ашқан кісі. 
Cондықтан  Шал  өз  өмірінде  малдыға  көз  сүзбей,  биліктіге  бас  ұрмай 
кеткен.  Əрине,  мұндай  өр  адам  жалынуды  да,  жағынуды  да  білмейді.Он  бесінде 
қаһарлы ханның бетіне тайсалмай тура қарап, көңіліндегі сөзді айтып салған Шал 
өмір  бойы  өз  дегенімен  жүріп  өткен,  кезі  келген  жерде  ешкімнен  именіп  тілін 
тартқан емес. 
Бір дауда Абылай хан төңірегіндегі белді билердің бірі Күлен шешенге: 
    Төрт ауылдың бір биі Күлен шешен, 
    Төреңізді тура бер құдай десең, 
    Өлсең де қабіріңде тек жатпайсың 
    Төре беріп біреуден пара жесең,- дейді Шал. 
Тағы бір жерде Баспай деген байға айтқаны мынадай сөздер: 
           Басеке, мал жануар басқа бітер, 
           Қына шөп секілді ол тасқа бітер. 
           Үйінен ит жаланып шықпайтұғын 
            Өзіңдей жатып ішер насқа бітер. 
Алайда    осыған    қарама-қарсы    мағынадағы:біреуді    жөнсіз    мақтаған, 
дəріптеген,  жағынып-жарамсақтанған  өлеңдер  Шалда  жоқ.Халық  оның  тайқи 
сөйлегенін  білмейді.Шал  артында  ңалған  мұра  елеулі-мың  жарым  жол 
шамасында.  Cоның  ішінде  ақынның  адамдығына  кір  келтіретін  бір  шумақта 
ұшырата  алмайсыз.Бұл-Шалдың  арлы  ақын,азамат  ақын  болғандығының  белгісі,  
жырларының  халықарасында  кең    тарауының.  есімінің    өз    елінде 
сүйіспеншілікпен аталуының бір сыры. 
«Мен  өзім  талай  сөзді  хатпен  жазғам»,-дейді  Шал  бір  өлеңінде.Бұған 
күмəндануға  бізде  ата - бабаларымыздың  əліпті  таяқ  деп  білмеген  надан 
екендігіне  нық  сенгенімізден  туған  сымпыс  скептицизмімізден  басқа  ешқандай 
негіз жоқ. 
Шал бірде қонған үйінің əрі ақын, əрі ақылды, ибалы қызына риза болып 
былай дейді: 

 
 
 
51
      Пайдамды тигізермін келсе шамам , 
      Қолыңа ал ойланып қағаз-қалам, 
      Ақынның аса зерек əңгімесін 
      Жиып ал үлгі қылып тегіс тəмəм 
      Ақын бол бөгелмейтін тіл мен жағың, 
      Жазудан тоқталмасын он саусағың 
      Артылып алапатың абыройлы 
      Күн сайын аса берсін өнер бағың. 
Ел  аузында  тағы  мынадай  əңгіме  бар.  Көршілес  рулардың  біріндегі  бір 
ақын қыз Шалға ойын үшін өлеңмен сəлем хат жолдайды: 
           Базардан алып келген сауыр кебіс, 
           Естимін Шал ақынды еміс-еміс. 
           Біздерге ноғай деген дерт шығыпты, 
           Айтып бер дағуасын, емін тегіс. 
Ноғай  қотыр  деген  кесел  көбіне  адамның  терлегіш,  жөнсіз  жерлерінен 
шығады    екен.  Шал    хат    арқылы    жосықсыз    қалжыңға    орай    анайы    жауап 
қайырады. 
Дін  мұсылман,  кəлəм  шариф  араласатын  көптеген  өлеңдеріне  қарағанда 
Шалдың шынында да сауатты,ислам дінінің қағидаларын біршама жетік білген,өз 
заманы  үшін  білімдар  адам  болғандығы  байқалады.  Шығармаларының 
біразын,əсіресе  ғақылияларын,  қазақты,  қазақтың  барлық  руларын  таратқан, 
хандар  генеологиясын  баяндаған  шежіре-эпосын    қағазға  түсіруі  ықтимал.Бірақ 
ақынның мұндай қолжазбалары не жойылып кеткен, не əзір ғылымға белгісіз. 
Шалдың  бізге  жеткен  шығармаларының  дені-импровизациямен,  экспром- 
тпен  айтылған  өлеңдер.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  Шал-ақын,  ақын  болғанда  қазақ 
ұғымындағы    ақын.Қазақтың    бұрынғы  өткен  барлық  импровизаторлары  сияқты 
Шалға  да    өлеңмен,  я  қарасөзбен  сөйлеу  бір  қисап  болғанға  ұқсайды.  Мəселен, 
Шал бір үйге келсе, үй иесі əйел сабын қайнатып жатыр екен, кəрі ақынды елей 
қоймайды. Cонда сақалын сыйламағанға кейіген Шал табанда: 
      Сабының сақар болсын дені, келін, 
      Көрмедің шыбын құрлы мені, келін. 
      Жұрт сыйлаған басымды күлге, теңеп. 
      Жаярмын талай жерге сені, келін,- депті. 
Шал бірде ел аралап жүріп Кіші жүз Молтыр бидің үйіне қона қапты. Би 
ақын атына сыртынан  қанық екен,  əйткенмен сынамақ үшін есіктен бір көтерем,   
көкжақ      тоқтыны      көрсетіп:»Шəке,   бата      қылып      жіберіңіз»-  дейді.Сондағы 
Шалдың батасы: 
Енесі жануардың имеген  бе, 
Көп қойдан шөп қақтығып тимеген бе, 
Антұрған қатын сауып қақтаған ба,  
Болмаса қойшы оңдап бақпаған ба,  
Алты ай жаздай бір теңі келмей жүріп, 
Молтыр би бізге арнап сақтаған ба, алла акбар 
Шалдың  тапқырлығын,  төкпе  ақын  екендігін  көрсететін  мысалдардың  та- 
лайын  келтіруге  болады.  Мұндай  шумақтарды  ақын  кезі  келген  жерде  ытқытып 

 
 
 
52
тастап жүре берген. 
Əйткенмен, Шалдың өзінше біршама көңіл бөлген тақырыптары бар. Ол - 
адам өмірі, өмірдің мəні, фəни мен бақи, дін мəселелері. 
Адам  өмірін  жас  кезеңдеріне  байланысты  суреттеу-түрік  халықтары  по- 
эзиясында  Хожа-Ахмет  Яссауи  заманынан  бері  келе  жатқан  əдіс.Шал  да  бұл 
тақырыпқа  бірнеше  өлең  жазған,олардың  көпшілігі  ақынның  қартайған,бойынан 
қуат  кетіп,ауру  болып  ұзақ  күнді  төсекте  жатып  өткізген  кездерінде  туғанға 
ұқсайды. «Елу - ердің  жасы,жетпіс-оттың  басы,  сексен – шоқтың  қасы»,-деген 
сияқты  бірер  шумақты  тақпақты  сөздер  де,  кейбіреулері  адамның  туғанынан 
өлгеніне дейінгі өмір жолын  тұтас қамтитын ұзақ өлең. 
Ақынның  ерекше  қызыға  қарап,  көзі  жасаурай  жырлайтыны-
қайғысыз,қамсыз,бұ дүниенің күйкі, күйбең тірлігінен аулақ сəби шақ. 
       Бір жаста, екі жаста бесіктемін, 
       Бес жаста тəңірі берген несіптемін, 
       Алты жаста қайыңның тозыңдаймын,  
       Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,  
        Он жасымда сүт емген қозыдаймын... 
Бұдан  соң  тұрған  белдер-бозбалалық,жігіттік  дəурен,қазақтың  халық 
өлеңдерінде дəріптелетін қайтып келмес жиырма бес, жігіт ағасының жасы отыз, 
отыз бес. 
Жиырма деген жасым-ай,  
Көлге біткен құрақтай,  
Отыз деген жасым-ай,  
Таудан аққан бұлақтай... 
Бұл бір соққан желдей есіп өткен қызық дəурен. «Қынаптағы қылыштай» 
қырықтан соң күрк-күрк жөтелген, ақ таяқты ақбас кəрілік жетеді.  
Кəрілік жарасады сəніменен, 
Оның сəні келеді малыменен, 
Жолдасы арқа жылтар, аяқ сипар, 
 Жұмсақ төсек, тəтті тамақ бəріменен. 
Шал  қазақтың  ескі  патриархалдық  қоғамының  қаймағы  бұзыла  қоймаған 
заманында  өмір  сүрген.Ол  қазақтың  алты  бақан  алауыздығын,  қазақ  руларының 
қоныс  үшін,қыстау  үшін,кейде  тіпті  ежелден  келе  жатқан  ескі  кектің  жөнімен  
өзара    иттей    таласып    қырқысуын    көрді.Сондықтан  ол  адамның  қасиетінің  бір 
белгісі-бірлікке,  ынтымаққа  ұмтылушылықта  деп  біледі.  Ағайын  татулығы-ел 
ырысы. 
Ағайының көп болса,  
Бірлігі оның бек  болса,  
Жамандық жер кез келсе.  
Бір-біріне сеп болса... 
Үгіт-насихат    түрінде    жазылған    өлеңдер,  таза    ақыл    беру,  үлгі    айту 
тұрғысынан    келетін    шумақтар    ақын    творчествосында    баршылық.  Олардың 
көпшілігі жаман не, жақсы не деген мəселенің төңірегінің құрылған. 
Жамандар өзін өзі зорға балар,  
Бір өзінен басқаны төмен санар. 

 
 
 
53
Жақсылар ағын судай, асқар таудай.  
Жаймалап қайда жақсы орын алар. 
Шал қазақ өлеңін тақырыптық жағынан да байытты. Оған дейін де ешкім 
 Қазаққа пайда мынау, малын бақсын, 
 Отқа  жайып,  суарып,  бағып-қақсын,-деген    сияқты    шаруашылыққа,  
тұрмысқа  байланысты  жайларды  өлеңге қоспаған болатын. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Шал ақын қай дəуірде өмір сүрген? 
2. Ақын өлеңдерінің басты тақырыптары қандай? 
3. Үгіт-насихат түріндегі өлеңдеріне мысал келтірің 
                           Көтеш ақын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет