Шортанбай Қанайұлы
(1818-1881)
Шортанбай шығармашылық жолы күрделi, өз заманының ұлы
ақындарының бiрi. Шортанбай заманы – патша өкiметiнiң отаршылдығы əбден
күшейiп, қазақ елiн емiн-еркiн билей бастаған тұсы болатын. Жаңа тұрмыс салты
халықтың қалыптасқан ұғымымен қайшылыққа келдi де, «заман бұзылып барады»
деген түсiнiк тарады. Шортанбай өлеңдерiнде оны «зар заман» атады. Ол осы
идеяның жыршысы болды. Оның жырлары негiзiнен өз дəуiрiне риза болмай,
түңiлуге, алда ештеме жоқ деген үмiтсiздiкке құрылады да, бəрi зар болып, сары
уайым болып келедi. Осыдан барып Шортанбайдың тiрелер жерi дiн болып, ол
бұл дүниенiң опасыздығын айтып, жақсылықты о дүниеден iздеуге барады.
Шортанбайдан шыққан осы бiр «зар заман» деген сөз кейiн бiр тұтас дəуiрдiң
атына айналды.
Шортанбай 1818-жылы Оңтүстiк Қазақстанда, Қаратау деген жерде туған.
Ол ержеткен соң Сарыарқаға келiп, Арғын, Найман елдерiн аралап, өмiрiнiң ең
соңғы кездерiне шейiн сол жерде болған. Шортанбай өмiрi туралы деректер аз.
Арқа елi ақынды құрметтеп, ерке қып ұстаған көрiнедi.
Қаратаудың халқы едiм
Қожа емес едiм, сарт едiм.
Көк есектi мiнушi ем,
Масақ терiп жүрушi ем.
Арқаға шығып нан жедiм.
Нан жеген соң дəндедiм,-дейдi ол.
Бiреулер Шортанбайдың Қаратаудан Арқаға баруын əдейi дiн тарату үшiн
барған деседi. Ал, шығармаларына қарағанда, Шортанбай өзi дiндар болғанымен,
дiни оқу, оқыту iсiмен шұғылданбағанға ұқсайды. Əрине, бұл дүниеден үмiт үзген
Шортанбайдың о дүниенi еске ұстаңдар айтатын сөзi көп.
82
Шортанбай шығармаларының бiз үшiн жəне əдеби-эстетикалық
қозғалыстағы маңызы оның идеясында емес, суреткерлiк көрегендiгiнде. Ол қазақ
қоғамы тарихындағы осы бiр күрделi дəуiрдiң суретiн, ондағы өзгерiс сипатын
дəл белгiлеп, көз алдыңа жайып садлады. Оның өлеңдерi: «Зар заман», «Тар
заман», «Бала зар», «Опасыз жалған», «Осынша азды ел неден», «Байды құдай
атқаны» т.б. «заман азды» деген пiкiрдi дəлелдеу үшiн жазылған. Бұл өлеңдер
сондықтан да бiркелкi - «Асылық азған заманда» деп басталып, өмiрдiң əрқилы
саласын суреттеуге арналған.
Асылық азған заманда,
Алуан-алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып iшер сүтi жоқ,
Мiнiп жүрер күшi жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Ақша жүрген жерде қайырымдылық, адамдық дегендер болмайды.Саудаға
негiзделген қатынас адамдар арасындағы байланыстың барлық түрiн ығыстырып,
оларды тек ақша тiлiнде сөйлетедi. Шортанбай мұны анық көрдi.Ол сырттан ақша
қуып келген саудагерлердi ғана емес, сауда жолына түсiп құныққан байлардың да
құлқыны өзгергенiн байқады. Олар ақшасы жоқ елден қозы мен бұзау жинап,
еңбекшi елдi сору арқылы байи түстi. Ақынның:
Қайыр кетiп байлардан,
Бұзауға ақша берiп тұр.
Пəлен теңге торпақ боп,
Тиынға тиын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар,
Осылай жұртты емiп тұр,-дейтiнi де осыдан.
Капиталистiк ел билеу жүйесi, отаршылдық саясат, сауда адам
психологиясын бұзды. Бұрынғы бай да, би де, хан да өзгердi.Бəрi өз құлқынынан
басқаны, əсiресе, ел тағдырын ойламайтын болдды. Заман бұзықтардың ырқына
көштi. Мiне, заманның азуының белгiсi есебiнде Шортанбайдың көрiп
суреттейтiн шындығы осы.
Байлар зорлық қылады,
Мал көзiне көрiнбей,
Билер жейдi параны,
Сақтап қойған сүрiндей.
Ойлағаны – жамандық,
Жарадан аққан iрiңдей,
Заман түрi бұзылды,
Текеметтiң түрiндей.
Шортанбай –бұл тұста сыншы. Ол заманды аздырған қауымды
бөлшектемей, сауда қуған байды да, қасиетсiз төренi де, əдiлетсiз билер мен қожа-
молдаларды да өткiр тiлмен шенейдi.Оларды өз ұғымындағы бұрынғы заманның
«қайырымды», «əдiл» басшыларына, құдай жолын ұстаған «кереметтi қожаларға»
қарсы қояды.
83
Кереметтi қожалар,
Диуана болды ақтаған,
Япырау, елге болыс-би,
Дұрыс басшы болар ма?
Ұрлық етiн қақтаған.
Арақты ас қып сақтаған,
Адалды, сiрə бақпаған.
Немесе:
Асылық азған заманда,
Қожа, молда көбейiп,
Отырар төрде шөмейiп.
Ұрлық қылсаң неттiң деп,
Су түбiне кеттiң деп,
Шайтан келсе аздың деп,
Өңкей арам, залымдар,
Арам берсең алады,
Қалтасына салады,-дейдi.
Заманның өзгермеуге кеткен бетiн Шортанбай отаршылдықтан көредi. Ел
басшыларының бəрi осы саясатқа қызмет iстеп, ел мүддесiн сатып кеттi. Патшаға
қарсылық iстей алмады дейдi.
Заман қайтiп оңалсын,
Адам қайтiп қуансын?
Майыр болды сыпайың,
Арылмастай дерт болды,
Нашарға қылған зорлығың,
Кiнəзды көрдiң пiрiңдей,
Тiлмəшты көрдiң биiңдей,
Дуанды көрдiң үйiңдей,
Абақты тұр қасыңда,
Қазулы тұрған көрiңдей.
Бiр мезгiл Шортанбай заман ауыртпашылығының уедейлердiң мойнына
түскенiн суреттеуге ауысады. Есепке негiзделген дүние бай мен кедейдiң арасын
бөлдi. Бұрын ағайыншылық жолымен бай туысқандарының малын бағып, əйелi
сиырын сауып, одан сорпа-су iшкен келдей ендi кесiмдi еңбек ақы дəмететiн
болды. Берiп үйренбеген бай оны ұнатпады. Шортанбайдың:
Бай кедейдi көрмейдi,
Кедей байға ермейдi.
Қызметiн бiр күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейдi,-дейтiнi осы.
Байға ермеген кедейге де күн көру керек. Олар жермен кəсiп ете бастайды,
арық қазады, егiн салады, шөп шабады, жатаққа айналады. Шортанбай өлеңi қазақ
даласында таптық жiктелушiлiктен туған осы бiр тарихи құбылыстың пайда болу
жолын əдемi суреттейдi.
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнiн сатқаны.
84
Кедей қайтiп күн көрер,
Жаз жатаққа жатқаны,
Жаздай арық қазғаны,
Күздей пiшен шапқаны,
Ішiп-жемдiк болмайды,
Оны-мұны тапқаны.
Аш, жалаңаш бейнеттен,
Жүдеп-арып талады.
Бiр ешкiсi бар болса,
Шығын деп тiлмаш алады,
Төбесiн ұлық ояды,
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды,
Кедейге салып шығынды,
Араны бидiң тояды.
Қағаздатқан бұзауын
Ноғайына қояды,
Кедей қайтiп күн көрер,
Борышқа белден батады,
Жалғыз сиырын сатады.
Осы өлеңде қаншама өмiр шындығының – тұтас бiр тарихи процестiң
суретi жасалған. Мəселе – жатақтың шығуын жай айта салуда емес, кедейлердi
байлармен iргесiн бөлiсiп, көшуден қалып, отырықшы болуға итермелеген,
жаздай арық қазып, күздей пiшен шабуға мəжбүр еткен жағдайды ақынның терең
аша бiлуiнде. Мұны Шортанбай кедейдiң күн көре алмауының бiр себебi ретiнде
қарағанымен, бұл процестердiң ар жағында зор жаңалықтар жатыр едi.
Шортанбай оны түсiнген жоқ. Бiрақ ұлы суреткер болғандықтан оны сезiнбей
тұра алмады.
Шортанбай қазақ даласына кiрген өзгерiстiң түп төркiнiн ел билеу жүйесiн
өзгертуден көрдi. Бұл саладағы өлеңдерден ақынның қазақтың ескi
ақсақалшылдық, хандық билiгi ұғымынан аса алмағандығы көрiнедi.
Ақсақалдан əл кеттi,
Алмайды оның кеңесiн.
Старшын қойған болыпты,
Қайда пысықсыған немесiн,-деп жырлайды.
Мiнез-құлықтағы өзгерiстер жастарды да, ауылдың қыз-қырқынын да
қамтып жатқанын Шортанбай тани да, түсiне де бiледi.
Заман ақыр кезiнде,
Ұл сыйламас атасын,
Қыз сыйламас енесiн,
Ер жеттiм деп егесiп,
Салыстырар деесiн.
Орыстармен қарым-қатынас қазақ əйелдерiнiң əлеуметтiк жағдайына да
өзгерiс кiргiздi. Сауда қызыл көйлек əкелiп, бұрынғы қой жүнiнен тоқылған киiм-
85
кешектi ауыстырды. Шортанбай оны да ұнатпайды. Кедейдiң күн көре
алмайтынының бiр себебi ретiнде ол:
Кедей қайтiп күн көрер,
Қылымсыған қатыны,
Қызыл көйлек киедi,
Өзiнiң байын менсiнбей,
Көрiнгендi сүйедi,- дейдi.
Патша заңы қазақ əйелiнiң теңдiкке ұмтылуына, сүймеген жiгiтiне
бармауына право бергенi рас едi. Ол заманда сирек те болса қалың малға
сатылған, тағдырына наразы болып теңiн iздеуге ұмтылған жастар кездескенi
даусыз.
Закон айтып қатын тұр,
Қойнында жатқан ерiне,
Зарланып тұрған əйелдер,
Қосылғам жоқ деп теңiме,- деген жолдардан Шортанбай осыны аңғартады.
Асыра айту болғанымен, ақын заман суретi есебiнде «заман азды» деген тезисiне
дəлел қылып ұсынады. Бұл айтылғандар Шортанбай шығармаларында қазақтың
қоғамдық өмiрiнiң барлық саласында болған өзгерiстердiң кең қамтылып
суреттелгенiн көрсетедi.
Шортанбай мұрасының iшiнде оның өлерде айтқан өсиет өлеңi бар. Онда
ол елiн, тыңдаушыларын имандылыққа, адалдыққа үндейдi. Құнанбай,
Шорманның Мұсасы сияқтыларға сəлем жолдап, олардың бүгiнгi байлыққа
алданбай, құдай үйiне барып қайтуын насихаттайды.
Дұғай сəлем айтайын,
Тобықтыда Құнанбай,
Кiмнiң тағы қалады,
Өлгеннен соң суалмай.
Осы дəулет барында,
Талап қылсын Меккенi,
Ақиреттен құр қалмай.
Құнанбайдың ұлғайған шағында қажылық сапарға шығуына бұл жолдар ой
салуы да мүмкiн-ау деген ой келедi.
Ол ел iшiн елес болып кезiп жүрген ойларды, пiкiрлердi жинақтап
қорытады. Осы тұрғыдан Шортанбайдың ойлары мен көзқарасы ақын өмiр сүрген
дəуiрдегi халықтың ой-пiкiрлерiнен алынғаны даусыз. Отаршылдықтан азап
шеккен, əкiмшiлiктiң əдiлетсiздiгiнен торыққан, екi жақты қанау астында
таланған, зорлық көрген халық трагедиясын ол көзiмен көрдi, солардың сөзiн
сөйледi, арман-мұңын жырлады. Сондықтан Шортанбай өлеңдерiн халық жанына
жақын қабылдады, оны заманның зары есебiнде ұқты.
Шортанбай шығармалары негiзiнде халық арасына қолжазба күйiнде,
бiреуден бiреу көшiрiп алу, жаттау арқылы тараған. Жарық көрген дүниесi –
кезiнде Қазанда 1888-жылы шыққан «Бала зар» деген кiтабы, жалпы көлемi 1300
жолдай өлеңдер. Академия кiтапханасында, əдебиет пен өнер институтының
қорында өлеңдерiмен қатар оның Орынбаймен, Асанмен, Шөжемен айтыстары да
сақталған. Кейiнгi жылдары ел арасында сақталған кейбiр өлеңдерi баспасөзде
86
жариялана бастады. Шортанбай мұрасын толық жинау, оны бастыру, ғылыми
зерттеу – алдағы күннiң мiндетi.
Махамбет Өтемiсұлы
Махамбет
Өтемісұлы (1803—1846)—XIX ғасырдың
бірінші
жартысындағы əдебиетте өзінің бұқарашылдық идеясын айқын танытқан, қазақ
кауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен
еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті шынайы жырлап өткен ақын. Ол
- езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер, Исатай
Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол
қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі. Еліне, халқына
шын беріліп, сол үшін шыбын жанын пида еткен асыл ер, қалың бұқара
мақсатын жоғары ұстай білген азамат.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан
облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы
шағын шаруа. Бірақ бір ағасы — Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жəңгір
ханның сенімді биі болған. Ол хан жағын жақтап, сойылын соққан. Ал
Махамбеттін. басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза
тапқаң. Ер жетіп, ат жалын ұстап мінгеннен бастап, Махамбет өмірдің жай-
жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас
ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара
халықтың зары мен мұңын жақсы білді. Жігіт шағында хан ордасы маңында
болып өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сəн-салтанат, байлықтың сырын
терен түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сəніне ол
қызыққан жоқ.
Халқы үшін қызмет ету, ел өмірін ойлау Махамбеттің үлкен бір мұраты
ретінде жастай қалыптасты. Ол сыр кейін сыртқа шығып, қа-рама-қарсы екі күш
айқасқан кезде жалт етіп, жалын атты. Осылай-ша, Махамбет халық
қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, əдебиет майданына келген
өршіл идеяның алып күші, өрен ақы-ны дəрежесіне дейін көтерілді.
Ұл болып туған оның мақсаты: «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза
қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық
шөл көріп» жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай бі-
лу деп түсінеді. Мiне, Махамбет жарқын ойлы, жалынды ақын ретінде
тарихқа осылай келген-дi.
ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің тарихында Махамбет' пен Абай
творчествосы өзінше бөлек үлкен бір бел. Абай XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ өмірінің шындығын поэтикалық өрнекке бөлей білген
кемеңгер ақын болса, Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір
сүріп, сол кезеңнің. зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы,
насихатшысы болды. Абай əлеуметтік қайшылықтарды негізінен оқу, тəлім-
тəрбие жолымен шешуді қолдаған ағартушы-демократ болса, Махамбет бұл
87
мəселеде шаруалар қозғалысына сүйенген жауынгер, күрескер ақын. Бұлар
өмір сүрген тарихи кезеңнің талаптары олардың ақындық шабыттарына дем
беріп, əркайсысының өзіне лайық жөн сілтеді, қоғамды ілгері бастырып,
халықты азат етудің түрлі жолдарын ұсынды. Махамбет тарыққаң заманда
одан шығар жолды батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған
қамқоршы, əрі батыр, əрі ақын болды.
Ақынның бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей дерлік халық қамына
жұмсалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа атой салған алып қоңыраудай
күмбірлеп, тау құлатар тасқын толқынындай тулап, дамыл таппады. Кеудесін
кернеп, халқының мұңы мен зарын толғады. Махамбет қалың көпшілік
басындағы бақытсыздықты тек қана бір құдайдын ісі деп, сол тəңірдің ғана
рақымын тілеп,тағдырға бас ұруға жүгіндірген қараңғылық торына қарсы
болды. Ол езілген елдің өз күшіне сенімін молайтып, жарқын болашаққа көзін
жеткізуге күш салды. Еңбекші халық басындағы барлық ауыртпалықтың түп
тамыры хан-сұлтандардың таптық езгісіңде екенін танытуды көздеді.
Осындай ізгі ниет ақындық зор шабытқа ұштасып, халық жүрегіндегі қайғыны
серпілтер, ел еңсесін көтерер жігерлі жыр туғызды.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі əлі жете
зерттелмей келедi. Көпшілікке мəлімі оның тек өзі қатынасқан ша-руалар
көтерілісі кезінде, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен
толғаулары ғана. Бұған қарап, ақын таланты тек көтеріліс кезінде немесе
содан кейін туа қалды деген тұжырым жасауға болмайды. Махамбеттің де
басқа ақындар сияқты қалыптасу, өсу кезеңдерін басынан кешкені даусыз.
Ақынның жас жүректің сырын шерткен терең сезімді өлеңдерінің болғаны
талассыз. Тек олар жинаусыз, ұмыт қалып келеді.
Кейбір қарттардың айтуы бойынша, Махамбет көтеріліске дейін де
айтысқа түсіп жүріпті. Бір жиында ханның белгілі ақыны Байтоқты сөзден
жығып, жеңiп кетіпті. Жиылған жұрт Махамбеттің тапқырлы-ғы мен өткірлігіне
таң-тамаша қалыпты. Бүл хабар көп кешікпей хан құлағына жетіпті. Содан кейін
хан Махамбетті жиі шақыртып алып, сөз тартып, өзіне баулымақ болыпты.
Баласы Зұлқарнайынмен бірге ұстапты. Оған: «мына балама ағалық ақылыңды
үйрет, қасында бол» деп тапсырма беріпті. Кейін, өзін мақтап өлең айтқызу
ниетін де бiлдiрсе керек. Бірақ Махамбет ондай тұзаққа түспей, бойын ханнан
аулақ салыпты деседі.
1925
жылы
жарияланған
«Исатай-Махамбет»
атты
кітаптағы(құрастырған Халел Досмұхаммедов) пікір бойынша, «Махамбеттің
өзі де жас кезінде Жəңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола
бастағанда, Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі əрі батыр, əрі жырау, əрі
домбырашы, өте қызулы адам екен....
Сондай-ақ Махамбеттін жаза білгені, орысша, мұсылманша сауатты
адам болғаны туралы деректі материалдар да бар екені мəлім. Олардың бірі
тарихшы А. Ф. Рязанов тауып мəлімдеген Махамбеттің 1839 жылғы елде қалған
жолдастарына жазған хаты
1
, екіншісі 1845 жылғы Орынбор шекара
комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып
жолдаған арызы.
88
Н. Шаяхметов тауып жариялаған ақынның жаңа қолжазбасы мен мөрі
Махамбет өмірін анықтауда жаңа дерек боп отыр.
Махамбеттің тергеушілерге берген жауабында да оның сауатты адам
болғанын растайтын деректер үшырасады. Ал халық Махамбет-тің ауыл
молдасында оқығаны туралы жəне оның көтеріліс кезінде Исатайдың хатшысы
болып, хаттар, ұран, үндеулер жазып беріп отырғанын аңыз етіп айтады. «Ханға
хат жазыпты, Хиуа ханына жол-дама жіберіпті, Шекті, Адай, Əлімнің ру
басыларына хат жолдапты, кейін өздері барыпты»—дейтін сөздер көп.
Бұларды жай айтыла сал-ған сөз деуге болмайды. Оның негізінде шындық
жатыр. Б. Аманшин-нің құрастыруымен 1974 жылы шыққан ақын
жинағынын, соңында, оның 1889 жылы дəлудің 19 күні жазылған хаты
жарияланды. Өзіне пікірлес жолдастарын шақырып, тілдеспек болғаны бұл
хаттан да бел-гілі. Демек Махамбет сауатты, өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі
ашық, білімді адамы болған. Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас
кезінен оқуға мүмкіндік алған. Ал осы сарай жанында бай, төре бала-ларын
оқытатын арнаулы медреселер болғаны да белгілі. Махамбеттін орысша сөйлей
білгенін, өз ойын толық айтып беруге тілі жетерлік орысшасы болғанын кезінде
Махамбетті көрген адамдар да растайды.
Көтерілістен кейін, 1839 жылы орыстың белгілі ғалымы, қоғам
қайраткері, саяхатшы жазушысы Е. П. Ковалевский (1811 —1869) Махамбетпен
кездеседі. Онымен ұзақ əқгімелеседі. Е. П. Ковалевский өзінің еңбегінде осы
кездесуден алған əсерін сүйсіне баяндайды. Сонда ол Махамбетті орыс тілін
білетін, ақылды, білімі мол, батыр тұлғалы, халқын жанындай сүйетін сезімтал,
ізденгіш, нағыз патриот адам деп,- оның сирек кездесетін əңгімешіл, сергек
көңілді кісі екенін ескертедi. Сол Е. П. Ковалевскийдің Махамбет туралы
айтқан бір сөзін өз қалпында келтіретін болсақ, ол төмендегідей:
«Мен оны өз халқының арасында құрметке бөленген, тамаша адам ретінде
таныдым, сонымен қатар, ол өз халқына шынайы берілген жан, барынша білімді,
орыс тілін жақсы меңгерген, ер мінезді, өршіл талап-ты əрі əңгіме үстінде
адамды өзіне баурап алатын сегіз қырлы, бір сырлы адам»
1
. Ал профессор Ə.
Марғүланның ескертпесі бойынша Е. П. Ковалевский Каспий маңын, Батыс
Қазақстан, Жетісу, Орта Азияны Шоқан ізімен аралап зерттеулер жүргізген. Ол
Ш. Уəлихановты да жақсы білген. Саяхат материалы негізінде бірнеше кітаптар
да жазған. Соның бірі - жоғарыда аталған кітабы. Махамбеттің шығыс, шағатай,
татар жазба əдебиетімен де таныс болуы, қолына түскен кітаптарды,
қолжазбаларды оқып журуі де ғажап емес.
Махамбет — суырып салма ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе
де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан
да бұрынғы ауыз əдебиеті шеңберінен жоғары түр, жазба əдебиет
дəрежесіндегі шығармалар.
Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді. Кейбір өлеңдері XX ғасыр
басында, төңкерiс қарсаңында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енді.
1908 жылы—Қазанда басылып шықкан «Мұрат ақынның Ғұмар Қазыұлына
айтқаны» деген жинақта Махамбеттің жүз жолдан астам өлеңі енген. Бұл
басылымда «Орай да-борай қар жауса» деп басталатын өлеңi «Беріш
89
батырының сұлтанға айтқаны»-деген атпен басылып жүрген бірнеше өлеңі осы
жинакта біріктіріліп беріледі. Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша
басылғаны ескертіледі. Жалпы мазмұнында ерекше өзгешелік жоқ. Тек кейбір
жолдары ғана қазіргі басылуыдан біраз бөлегірек.
Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда
шыққан «Шайыр» жинағында да басылған. Осы жинақта «Исатайдың əндесі
Махамбет жыраудың сөзі» деген атпен ақынның «Ереуіл атқа ер салмай»,
«Мен, мен едім, мен едім» толғаулары бе-рілген.
Махамбет өлеңдерінің байыпты жиналып бастырылуы, оның өмірі мен
творчествосын зерттеу ХХ ғасырда ғана құнттап қолға алынды. Исатай мен
Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы, ол туралы халықтың аңыз-жырлары
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап жиналып, жиырмасыншы жылдар ішінде
шыққан кітаптарға енгізіле бастады.
1925 жылы Ташкент қаласында шыққан «Исатай-Махамбет» кітабында,
1926 жылы шыққан «Аламан» жинақтарында жəне осы тұста жарық көрген
«Жаңа мектеп», «Сəуле» журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын
жарияланды жəне Исатай көтерілісі туралы мəліметтер, Ғылман ақын поэмасы
жəне басқалар басылды. Кейбір газеттерде осы қозғалыстың тарихи мəні
баяндалып, мақалалар жарияланды. Мысалы, 1926 жылы «Ауыл тілі» газетінің
13 октябрьдегі бір санында А. Мамытұлының «Исатай батыр» атты көлемді
мақаласы бар. Мақалада автор Исатай бастаған халық ерлігін танытуға күш
салған. 1927- жылы шыққан М. Əуезовтың «Əдебиет тарихы» атты еңбегінде,
М. Əуезов, Ə. Қоңыратбаев, И. Жолдыбаевтардың оқулықтарында да (1933—
1934 жылдары шыққан) Махамбет өмірі мен творчествосына біршама орын
берілді.
Исатай көтерілісін зерттеу ісімен тек əдебиетшілер емес, тарихшылар да
айналысты. Бұл салада тарихшы А. Ф. Рязанов батыл қадам жасады. Ол 1927
жылы «Восстание Исатая Тайманова» деген кітабын жазды. Кейін Исатай-
Махамбет көтерілісін тарихшы В. Ф. Шахматов зерттеп, бүл көтеріліске
ғылыми баға берді. Махамбеттің өмірі мен қызметі туралы ол кейін де бағалы
деректер тауып жариялап отырды.
1
Жазушы С. Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің «XVIII—
:
ХІХ
ғасыр əдебиет тарихының очеркінде» кең талдады.
1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды.
Бұл жинақта профессор Қ. Жұмалиевтің Махамбеттің өмірбаяны туралы
мақаласы жарияланады. Кейін орта мектептерге арналған оқулықтарында ол
Махамбет творчествосына арналған бөлімдерді жазды. 1948, 1951, 1958, 1962
жылдарда шыққан Махамбет өлеңдері жинағының құрастырушысы да, оның
творчествосы туралы алғы, соңғы сөздер ретінде берілген зерттеу мақалаларды
жазушы да - осы профессор Қ. Жұмалиев. 1948, 1957 жылдары ақын өлеңдері
орыс тіліне аударылып та басылды.
Махамбет творчествосы туралы басқа да авторлар жазған мақала,
еңбектер баршылық. Орта мектептерге оқу құралдарын жазғандардың бəрі де
Махамбет творчествосына тоқтамай өткен емес. Соңғы кезде ақын
өлеңдерінің жаңа нұсқауларын тауып ұсынушылар көбейді. Жинаушылардың
90
ішінде мұғалім Зарипов пен əдебиетшілер Б. Аманшин, М. Тілеужанов
өнімді еңбек етуде. Олардың ақын туралы жаңа хабарлары баспа бетіне шығып
жүр. 1974 жылы «Жазушы» баспасы ақынның Б. Аманшин құрастырған жаңа
жинағын жариялады. Жинақ «Ереуіл атқа ер салмай» деген атпен шықты.
Бұл жинаққа енген ақын шығармалары бірінші рет текстологиялық зерттеуден
өтті жəне кейінгі ғылыми табыстар ескерілді, сондықтан жаңа жинақтың
бұрынғыларға қарағанда біраз жетістіктері болды. Мұның бəрі Махамбет
творчествосын зерттеу саласында көп жұмыстар істеліп жатқанын көрсетеді.
Бірақ ақын творчествосын зерттеу ісі əлі толық аяқталған жоқ. Оның өлеңдерін
жинау жүмысы, текстологиялық жұмыстар, творчестволық жаңа талдаулар əлі
де жүре бермек. Махамбет творчествосын əлі де жан-жақты терең зерттеп,
арнаулы монографиялар жазса, нұр үстіне нұр.
Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай
білген реалист ақын болды. Мұны оның əрбір өлеңінен көру қиын емес. Халық
бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңдері өмiр
шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес.
Ақын ескі өмірді, хан билеген кесапат заманды өзінің шындық
бейнесінде көрсетіп, феодалдық құрылыстың сырын батыл да анық
ашып берді. Ол қоғамдық, əлеуметтік мəселелерге тікелей араласып, өз
творчествосын осындай маңызды оқиғаларды жырлауға арнады. Елдегі
ойын-сауық, серуен-салтанатқа мойын бұрар мұршасы болмаған ақын
өз өлеңдерін ереуіл жыры ретінде шығарды. Оның өлеңдеріндегі
шынайылық та сол мəселелерді жырлауы тұрғысынан таныл-мақшы.
Ақын өзі бастаған қозғалысты бастан аяқ жырлау аркылы сол тарихи
оқиғаның шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді. Мысалы,
өзінің «Соғыс» деген өлеңінде ақын Бекетай кұмына ту тіккен
көтерілісшілердің дүбірі, алғаш бас қосып, жауға қарсы аттанған
тұстарын жырлады.
Əскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айқайлап жауға тигенде,
«Ағатай Беріш» ұраным...
Жау қарасы көрінді,
Жиылған əскер бөлінді.
Исатай — басшы, мен — қосшы...
Жау жасақтарының тегеурінін де ақын осал керсетпейді. Олар да
соншалық сұсты:
Жау бір өрттей қаптайды,
Қаптағанмен қоймайды.
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға,
Қамалды бұзып аларға,- деп бір айқастың қалай басталып,
немен тынғанын баяндайды. Ереуіл батырларының өжеттіктері,
батылдықтары, Исатай басшының қайсарлығы, қалың қолдың жаудың
91
түтеген оғына қарсы аттаныстары шындыққа сай, төтенше ерлік ретінде
оптимистікпен жырланады.
Хан мен патша офицерлерінің пиғылдары, олардың халыққа
қарсы аяусыз қару жұмсауы, көтерілісшілер басына түскен ауыр
жағдайлар қаз-қалпында көрінеді. Қаруы мықты хан Исатай қамалына
зеңбірек атқанда оған қарсы тұра алмағандарын, Ерсары, Қалдыбай
батырлардың оққа ұшқанын ақын ашық айтады.
Əскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді.
Орыстың добы үш атты
Доптың үні шыкқанда,
Сонда батыр жөнелді,— дейді.
Тарихи шындық осылай болған. Қиялымола деген жерде
көтерілісшілер мен хан қолы алғаш кездеседі. Қарауылқожа басқарған
800 жендетке Исатайдың 200 сарбазы қарсы тұрады. Батырдың
сондағы серіктері — Үбі, Таңатар, Иманбай, Сарт дегендер екен.
Бұлардың ерлік қимылдарынан жау ығысады. Кейін көтерілісшілер
Қарауылқожаны жəне Балқы биді шабады.
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сиынып,
Кезенген жауға кез келдік.
Жалаң найза бір атпен,—деп, көтерілісшілердің қару-
жарақтары осал, көбі жалаң найзамен ғана айқасқанын, осыдан
сақадай сайланған жауға қарсы табанды күрес жүргізу қиынға түскенін
де жасырмайды. Махамбеттің барлық өлендерінін өзегі шындыкқа
негізделген.
Махамбеттін, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» деген толғауы
ешбір бүкпесіз өзінің нағыз шын сыры ретінде реалистікпен суреттеледі.
Хан-сұлтанның торына түсіп, алданып қапы қалғанын, сөйтсе де өзінің
бас имейтінін, алған бетінен қайтпайтынын именбей айтады.
Халықтың кегін ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына.
Бармақ боп жолға барғанда,
Айдаһарша арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ,
Заманымда болған «сұлтаным»,
Бізді жіпсіз байладың .
Хан алдында тұрмын деп қысылмастан, оған қарсы айбар
көрсете сөйлейді:
Ашуыма көп тисең
92
Өзекті жанға бір өлім,
Ордаңды талқан қып шабармын!-дейді.
Махамбет - қазақ əдебиетінде тұңғыш рет хан-сұлтандарға қарсы
шығып, халық қарғысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа
жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара
шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.
Хан-сұлтандар тобына қарсы күрескен халық ерлерінің
айбынды күшін суреттеуде де ақынның шеберлігі барынша айқын.
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде,
Талма тал түс шағында,
Тай жеген тарлан бөрі едік...
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған,
Санаулы сəнді орданын бірі едік.
Ол Исатайдын ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске
аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді.
«Мінкен ер», «Тарланым», «Тайманнын ұлы Исатай», «Біз неткен ер»,
«Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселігім
екі елі», «Арғымақтың баласы» т. б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік
тұлғасын толық таныта алады. Бұл аталған өлеңдер өзінің
адамгершілік, ерлік идеяларымен де құнды. Еңбекші халықты хан-
сұлтандарға қарсы өшпенділікке тəрбиелейтін өткір тілді шығармалар.
Ақын өлеңдерінің сыры терең. Ол көтеріліс басылғаннан кейінгі
халық басына төнген ауыр жағдайды да батыл баяндайды. Махамбет
өзінің «Мұнар күн» атты өлеңінде жаумен арпалыста халық қолы
жеңіліп шегінген кезін, батыр Исатай қаза тауып, ел басшысынан
айырылып, ардақты ұлдары қуғын көріп, көтерілісшілер басына ең
қиын күн туып тұрған дəуір шындығын шебер бейнелеп береді:
Бұландай ерді кескен күн,
Буулы теңді шешкен күн...
Біздің ер Исатай өлген күн,
Он сан байтақ бүлген күн.
Орта белін сырлаған,
Оқ жаңырдай жауған күн.
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн.
Желпілдеген ала ту ,
Жиырылып ойға түскен күн...
Қос бəйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның
Қуанып көңілі тынған күн.
93
Немесе, ақынның «Күн болған» өлеңін алып қаралықшы. Мұнда да
Махамбетке тəн шыншылдық пен оптимизм айдай анық. Ақын ел басына
түскен ауыр, қайғылы күн бейнесін дəл де шебер суреттеп, литотаның тамаша
үлгісін жасаған.
Таудай болған талаптың,
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бау көнеріп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда,
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей-теңіз шалқыған,
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған.
Жапанға біткен бəйтерек,
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған...
Бұл көтерілісшілер басындағы қайғылы күндер сипатын аскан
шындықпен бейнелейтін шумақтар.
Ақын «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» немесе «Аспандағы боз торғай»
деген өлеңдерінде де ел қайғысын, оның арманын ашына толғайды.
.
Бірақ ер өлімі, ел өксігі ақынды жасытпайды. Оның ел жауына де-ген
өшпенділігін күшейтіп, қаһарлы қайрат беріп отырады. Сондық-тан
Махамбеттің осы ауыр күндерде шығарған өлеңдері өмірден түңі-лушілікті
бейнелемейді. Керісінше, олар өршіл, өміршең ақын ойын танытады.
Махамбет халық кегін алар күннен күдер үзбейді. Қайта өзіне ерген
жорықшылардың жабыққан көңілдерін көтеріп, оларға жі-гер бере нөсерлі жыр
шертеді. Мұңаймауға, қажымауға шақырады..
Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті-сынды күреңді,
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан,
Əлі де болса, қойдай қылып айдармыз...
Ақын «Ұлы арман» деген өлеңінде көтеріліс туын кайта көтеріп, жауға
қарсы күш көрсетер күнді аңсайды. Халықтың ар-намысын оятып, оларды
түгел
көтеріліске
үндеп,
жаудан
кек
алуды
алға
қояды.
«Əр айна», «Мұңайма», «Нарын» деген өлеңдерінде де ақынның осы бір
мақсаты айқын сезіледі. Алты алаш — қалың елді түгел көтеріп,олардың
тізгінін өз қолына алар күн туса, хан ұлы мен оның нөкерлеріне көрсетері көп
екенін
жасырмайды.
Махамбет өлеңдері - жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы
алыс қияға самғап, өмір өрін кезеді. Рас, ақын өзінің «Жалған дү-ние»,
«Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық»,
94
«Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» деген өлеңдерінде мұң-шерге
көбірек беріледі. Бұл өлеңдеріндегі ақын өксігі оның творчествосындағы кейбір
күйректікті бейнелейді. Бірақ, бүл ақын шығармаларының реалистік негізгі
сипатын əлсірете алмай-ды.
Махамбеттің халықтық беті де айкын. Ол халық үшін бар өмірін сарп
еткен, ел үшің туған ер ақын. Махамбет поэзиясының реализмі оның
халықтығымен үштасып жатады. Оның поэзиясы нағыз халықтық-реалистік
поэзия.
Ол ақындық мақсатын ел мүддесімен ұштастыра білген азамат ақын.
Халық қамы үшін атқа мініп, жауына қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғымен
қатар жұмсады. Ақыннын. өжет сөздері батырдың беліндегі ақ семсер, алмас
қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем емес еді. Ел басына қара түнек
орнатушы хан-сұлтандар екенін алғаш анық түсіндіруші Махамбет болды.
Махамбеттің тілегі, ісі, жүрегі ха-лықтан еш уақыт бөлінген емес. Керісінше,
халықтың, көтерілісшілер-дің қалың қауымының мүддесімен ұштасып жатады.
Ақын халық кегі үшін атқа мінгенін, елдің азаматтығын аңсағандығын,
теңдік үшін күрескендігін үнемі ескертіп отырады.
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп
Ауыр əскер қол ертіп...
Ақынның ханға қарсы күресі жеке бастың мақсаты емес, жетім-жесірлер
мен еңбекші халықтың мүддесі, оларды хан-сұлтан қорлығы-нан құтқару.
Халқымның көрген қорлығы,
Хандардын, еткен зорлығы...
Ақсүйектің баласын;
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім,
Жетімдерге жем бердім,
Жерсіздерге жер бердім...
Қарағай шаптым шандоздап,
Хан қарасын жоям деп...
Халық күйзелісінің бір себебі — жер қысымы, елдің жайылымнан,
қоныстан айрылуы екенін, сондықтан ақын өздерінің басты бір мақ-саты үстем
тап тартып алған осы ел қонысын, жайылым жерін қайтару екенін естен
шығармайды.
Еділ мен Жайық жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға.
Жағасы қорған жай еді-ау...
Бұрынғыдай қарыштап,
Қона алмадық қонысқа.
Айналайын, Ақ Жайык,
95
Ат салмай өтер күн қайда?! -деген ақынның арманды сөздері текке
айтылмаған. Хан-сүлтандардың шаруалардың құнарлы жерін тартып алуы,
халықтың шалғынды қонысынан құмға ығысуы елді күйзелткен ауыр жағдайдың
бірі болатын.
Сондықтан, бұл Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің
басты мəселесі еді.
Жылма-жыл шығып жатқан хан жарлықтары еңбекші халыққа сор
жарлығындай ауыр қайғы хабарлап, қасірет əкелетін болады. Сон-дықтан
халық батырларының бір мақсаты сол зұлым заңдардан ел-жұртын қорғау,
болашақ қамы үшін, əділет үшін куресу. Мұны ақын-ның «Айныман» деген
елеңінен де айқын көруге болады:
Кетіп едім елімнен,
Атаңа нəлет Жəңгірдiң
Қан жылатқан заңы үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Қасыма жаттан жолдас ертіп.
Күн-түн қатып жүргенім,
Ана Нарында жатқан,
Жас баланың қамы үшін.
Жер қысымына қоса, алым-салық заңдарының ел-жұртты қан қақ-сатып
жатқаны, болашақ қамы («жас баланың қамы») ақынды атқа мінгізген.
Махамбет көтерілістің осындай мақсаттарын əрдайым ашық айтып
жүрді. Бұған оның «Баймағамбет сұлтанға айтқан» толғауы да дəлел
бола алады:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім.
Ақынның Баймағамбетке айтқан əрбір сөзі ханға қарсы халық үкі-
міндей естіледі:
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің.
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкқе шақыртып,
Басын кессек деп едім...
Мұнда ол көтерілген халықтың негізгі арманы үстем тапты, хан-
сұлтанды, бай-билерді құрту, олардың зұлым ордасының күл-талқанын
шығару екенін батыл да ашық жырлайды. Еліне, халқына адал басшылықты
талап етеді. Хандарды олардың əділетсіздіктері үшін сынайды:
Алтын тақты хандардың,
Хандығынан не пайда.
Қарып пенен қасерге,
Туралық ісі болмаса.
96
Ел биі, қолбасы хан болудың мақсаты карып-қасерге көмек керсетіп адал
қызмет ету деп түсінген Махамбет хан-сұлтандардан ондай ізгі істер күтпейді.
Керісінше, олар зұлымдыққа ғана əуес, олардан халық жақсылық күтуге тиіс те
емес. Себебі «хан тұқымы халықтың аңдысқан ежелгі дұшпаны», олардың
халықтан тегі басқа, сондықтан хандар көпке əділ төре бола алмайды деп
түйеді. Ол өз тобын жауына қарама-қарсы қойып, көтерілісшілердің халық
қамын көксеген нағыз адал ерлер екенін ескертеді.
Халық тілегі — елдің жері, жайлы қонысы, сар баланың болашақ қамы
— Исатай бастаған көтерілісшілердің алдарына койған ең негізгі мақсаты
болды. Ақын соны шабыттана жырлады. «Халык қайғысын айтуға, хан ұлынан
тайсалман» деп те тебіренеді. Халыққа қарсы күш көрсеткен ханға күшпен
жауап беріп, тендікті талап етеді:
Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай.
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай.
Қозы жауырын оқ алмай,
Қанды көбік жұттырмай.
Ерлердің ісі бітер ме?!
Махамбет жығылған туды қайта көтерер ерді, көтеріліс күндеріндегі
халықтың хан ордасын солқылдатқан алып күшін, хан-сұлтандарды иманға
ұйытқан кезді арман етеді. Сол күннің қайта келуін сағына күтеді.
Ақынның «Ұлы арманы»—жатпай-тұрмай, аянбай халық үшін қай-рат
көрсету:
Желп-желп еткен ала ту,
Жиырып алар күн қайда?!
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?!...
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?!
Махамбет шығармаларын Исатай бастаған шаруалар қозғалысы-ның
деректі күнделігі, ұлы оқиғаның ерлік шежіресі десе де болады. Ақын
поэзиясының реализмі де оның қоғамдық қайшылықтардың тайға таңба
басқандай, бұлтарыссыз танытқыш күші сияқты.
Махамбет өлеңдері — халықтың сарқылмас күш-қуатын бейнелей-тін
нағыз халық идеясындағы керкем шығармалар.
Махамбет — тілге шебер ақын. Ол өзіне дейінгі ақындар шешендігін,
халық даналығын игерген, тұспалдап сөз айтуға мейлінше ұста. Оның жыр
жолдары ақынның тек жалаң үгітші емес, терең ойдың, зор парасаттың адамы
екенін танытады. Тегінде, Махамбет заманының озық ойлы, терең сырлы
табиғи таланты болған. Оның əрбір шығармалары осы бір тұжырымымызды
растайды.
97
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала,
Қамы үшін кылыш сермедік,
Жайық үшін жандастық.
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңсіздік малға көнбедік.
Махамбеттің өлеңдері көтерілістен кейінгі тарихи шындықты да дұрыс
баяндап береді. Елден айрылып, қуғынға түскен ерлердің халі лашыннан
ығысқан панасыз қызғыш құс тағдырына ұқсата жырла-нады. Бірақ Махамбет
ешқашан өмірден түңіліп, өзі бастаған істен бас тартқан емес.
Бұл кездегі өлеңдерінде орындалмаған арманның өкініші ретінде кейбір
романтикалық сарынның өксігі естілсе де, оның оптимистік өж-ет те өктем
қорытындысы əрдайым айқын сезіледі.
Айтса дағы айныман,
Көлденеңнің сөзіне.
Əшкере болған ісім бар,
Жайылған жұрттың көбіне,—деп ақын тегін айтпайды. Ол атаның
бастаған ісін ілгері дамытатын ерлердің туатынына берік сенеді. Халықты
жасымауға, қамықпауға шақырып, жаудан кек алуға үндей түседі. Болашаққа
сеніммен қарайды.
Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Əлпештеп қолда өсірген.
Туған ұлдан не пайда;
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!
Бірақ күрес жолы асқан ерлікті, төзімділікті керек ететін қиын жол.
«Өзекті жанға бір өлім», осы жолда өле кетсең де өкіңбе, атқа мін, сонда
дегеніңе жетесің, жауыңнан өшіңді ал, халқыңды азат ет, сонда ғана ананың
сүтін ақтайсың деп өсиет етеді ақын. Мұндай ауыр жолға түскен ерлердің
бастарынан кешер азаптары адам айтқысыз қиын. Сондықтан ондай істі ердің
ері ғана ақтайды.
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Қас үлектен туған қатепті,
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
98
Бір-біріндеп сөксе де.
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске...
Нақыл тұжырымдар, өзіндік эпитет, метафоралар, əр түрлі жаңа ұғым
берерлік көркем сөздер Махамбет өлеңдерінде көп кездеседі. Бұл — ақынның
шеберлігінің белгісі.
Ақынның тіл шеберлігін көтерілісшілерді бейнелеген өлеңдеріндегі
образды сөздері де айқындайды. Халық қамқоры болған өздеріңдей
ерлерді ол бірде мамығын төгіп, балапанын бауырына басып
қорғайтын қыранға, бірде көлін қорғап безек қаққан қызғыш құсқа ұқсатады.
Махамбет шығармаларына терең тебіреніс, термелі тұспал тəн қасиет.
Қиялы ұшқыр, өжет, өткір сөздерге құрылған шумақтары жат-тауға, ұғынуға
соншалық жеңіл, қарапайым. Соған қоса, ақын толға-ныстары көркем, образды.
Аймақта, аймақ, аймақ көл,
Дария болып шалқымас,
Аяғы төмен аққан соң,
Айдан жарық нəрсе жоқ.
Сəулесі түспес жаһанға,
Қараңғы түнек басқан соң...деген ақын шумақтарына көз тастаңызшы!
Ақынға тəн тереңдік пен образдылық көзге ұрып тұрған жоқ па?! Əлбетте,
ақындық асқақ шабыт терең толғанысқа ұштасып, жаңа образ, жақсы көрініс,
тосын сурет жасағандай...
Халық батырларының бойларына тəн асыл қасиеттер, олардың жан
тазалығы, басына түскен ар азаптары тамаша бейнелеулерін табады. Адал
азамат ақ сұңдар құстың баласы, асқар таудың су бүркіті ретін-де көрсетіліп,
өлексе аңдыған күшігендерге қарама-қарсы бейнеленеді.
Ақ сұңқар кұстың
баласы,
Қасқыр тартқан жемтікке,
Ағармай қөзі қонар ма?!
Асқар, асқар, асқар тау.
Асқар таудың су бүркіт,
Ылдидың аңын шалар ма?
Осы «Қайда бар» деген өлеңіндегі ел азаматына лайық қаршыға құс
образын қандай тапқырлықпен қолданған?!
Қаршыға құсты көп көрдім,
Қайырылып қазға қараған... немесе:
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жортып.
Жауырынына мұз қатып,
99
Жау тоқтатар күн қайда?! —деген жолдардағы түлкі мен бөрідей
жағымсыз ұғымдағы аңдардың мінездері орынды қолданғандықтан жағымды
ұғым беріп түр.
Жаудың басым күшімен жан аямай шайқасқан батырлардың іс-əрекетін
өзінің «Ақ бөкен» атты өлеңінде ол құралайына қарайлап оқ-қа ұшқан ақ
бөкенге, түлегіне қарайлап торға түсетін ұялы бүркіт қарекеттеріне үқсатады:
Желден де желгір ак бөкен,
Озса да орғып көлденең.
Құралайына қарайлап,
Оққа ұшпай ма сол үшін?!
Ұялы бүркіт күн ұзын,
Қалықтай самғар шөже үшін.
О да бір торға түспей ме,
Шөжеге керек жем үшін?!
Махамбет өзінің шығармаларында табиғат көріністерін айтқалы отырған
ойларына шебер ұштастырып, қайталанбас образдар жасай-ды. Əр тұста
орынды ой орамын тауып, келісті шендестірулер қолда-нады.
Орай да борай қар жауса,
Калыңға боран борар ма?
Каптай соқкан боранда,
Қаптама киген тоңар ма?
Осы сияқты «Арғымақтың баласы» өлеңінде де асыл жандар бей-
несін ағыны күшті дария, балдағы күшті қоңыр қаздар əрекетіне шен-
дестіре тапқыр образдар жасайды. _
Ағыны күшті ақ дария,
Қаһарланып толқиды.
Қанатын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп.
Балдағы күшті қоңыр қаз,
Баттауыққа тоя оттамас,
Сұңқарлар үлгі алар деп.
Махамбеттің көптеген өлеңдерінде кездесетін ақындық «меннің» мəні
терең. Оған халық ерлігі, халықтың ең асыл қасиеттердің бəрі түгел сыйып
жатады.
«Мен ақ сұңқардан туған құмаймын», «Мен тауда ойнаған қарт ма-
ралмын», «Боз ағаштан биік мен едім», «Томағалы сұңқар мен едім» «Таудағы
тарлан шұбар біз едік», «Шамдансам жығар асаумын, шамырқансам сынар
болатпын» деп келетін сан тропа, метафора (ауыс-тырулар) ақын тіліндегі
көркемдеу кұралдардың бəрі алуан түрде қү-былып отыратынын танытады.
Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпи
тет, метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздері-
мен суреттеп, батыр түлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысал-
ға ақынның «Тарланым» деген өлеңін алайық. Осы өлеңнің өзінде-ақ
Исатай бар болмысымен көз алдыңа елестейді. Батырдың сырт тұл-
100
ғасы ғана емес, ішкі сыры, қайтпас қайсар мінезі, жайдары жарқын
жүзі, ақылы мен өнері, жауға деген айбары, ерлігі, ел ішіндегі беде-
лі барлық жағынан өте сүйкімді сипатта керінеді:
Кермиығым, кербезім,
Керіскендей шандозым.
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім.
Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым.
Теңіздей терең акылдым,
Тебіренбес ауыр мінездім...
Ақын өлеңдері өзінің құрылысы жағынан да көңіл аударады. Бой
кернеген арман мен ерлік екпінді асқақтата жырлап, ел намысын оятуды
көздеген Махамбет əрбір өлеңін ой толқынына сай құрады. Ал ақын ойының
толқыны күрес толқынымен сабақтас еді. Күрес оның өлеңінің мазмұнына да,
құрылысына да өз ықпалын тигізді. Мұның өзі күрес идеясын беруге ыңғайлы
өлең құрылысын керек етті. Сөйтіп, Махамбет батырлар жырының құрылысын
қолданды. Күреске аттан-ған батырлар тілегіне шығарылар əуені де ұштасты.
Сондықтан да про-фессор Қ. Жұмалиев өзінің зерттеулерінде «Махамбет
өлеңдері, көбі-не, жыр (7, 8 буынды) ағымымен келеді»
1
—деп қорытады. Бұл
пікір-дің негізі дұрыс. Жыр формасы ақынға біраз жеңілдік беретін түр. Онда
шумақ өлшемі, буын мөлшері, тіпті ұйқас тəртібі онша қатал сақталмайды. Ақын
бұл жағынан өзін еркін ұстап, өлеңнің буын санын да, ұйқасын да, шумақ
мөлшерін де өз ойына бағындырып алады. Осыдан болса керек, жырларда
мөлшерлі шумақ болмайды, буын саны көбіне 7-8 болғанымен. онда басқа да
мөлшерлер (11, 12 буын) ұшы-рай береді. Жырлардың буыны 11 болса да, ол
төрт жолды бір шумақ қара өлеңмен шатаспайды, өзінің жыр қалпын сақтайды.
Профессор Қ. Жұмалиев Махамбеттің өлең құрылысын буын санынна
қарай тек 3 түрге бөлуге болады дейді. Олар: он бір буынды қара өлең, жеті-
сегіз буындар аралас жыр ағымы жəне таза жеті буынды өлеңдер.
Біздiңше, Махамбет өлеңдері буын санына қарай дəл осындай үш топқа
бөле салуға келе бермейтін сияқты. Себебі, ақынның бастан-аяқ тек 7 буыннан
тұратын бірде-бір өлеңі жоқ. Зерттеуші мысалға келтір-ген «Жалғыздық» таза 7
буынды емес, ол 7, 8 буын аралас өлең. Мы-салы:
Қаумалаған қарындыс— (7)
Қазақта бар да, менде жоқ— (8)
Біздіңше, Махамбет өлеңдерінің басым көпшілігі аралас буынды жыр,
толғау (7, 8 буын, ішінара 9, 10, 11 буың аралас) түріне жатады.
Ел ауыз əдебиетінде бар шешендік, мəтел, тақпақ формаларын да өз
толғауларына қабыстыра білген. Буын санын өлең əуеніне сай құбылтып
қолданған.
Немесе:
Жүйрік аттың белгісі —
(7)
Тұрады қүйрық жалында-ай...— (8)
101
Халық қозғалса —
(5)
Тұра алмайды хан тағында-ай —
(9)
Қатын менен бала бар,—
(7)
Жалғыз ұлым Махмұт— (6)
Бекетай құмның ішінде— (8)-
Жалғыз бір ұлым со да бар —
(8)
Сірə, кейін Махамбет өлеңдерін бастыруда, оның жыр үлгісіндегі кейбір
өлеңдерінің тармақтары бұзылған сияқты. Осыдан кейбір өлең жолдары екі
бөлініп кеткен. 3, 4, 5 буынды жолдар жасалған.
Ел шетіне жау келсе,— (7)
Азамат ердің баласы,— (8)
Намысына шыдай ма —
(7)
Жаттан көмек сұрай ма? —
(8)
Арғымақ жалсыз,-— (5)
Ер малсыз —
(3)
Алланың не берері болжамсыз.— (10)
Бұл жерде «Арғымақ жалсыз, ер малсыз»—деген 8 буынды бір жол
өлең екі тармаққа бөлініп бес, үш буынды жолдар қолдан жаса-лынып түр.
Мұндай шатасып жататын өлең жолдары Махамбет өлен-дерінің қазіргі
басылымдарында кеп кездеседі.
Ақынның «Қүмісті мылтық қолға алып» деген өлеңі де 7, 8, 9, 10, 12
буыннан құралған аралас буынды өлеңдер.
Махамбет өлеңдерінде осы сияқты буын санына қарай бөлуде əлі бір
қалыпқа түспеушілік бар. Оның көп өлеңдері аралас буынды, ер-кін ұйқасты
толғау, жыр деуге келеді. Əркімге белгілі, ақынның «Бай-мағамбет сұлтанға
айтқан» толғауы дəл осындай. Мысалы:
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,(13)
Шабуын таппай кетілдім...
Қайраса тағы жетілдім...
Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,(9)
Шамырқансам тағы қайтармын...
Мен кескекті ердің сөйымын
Кескілеспей бір басылман
Осы өлеңнің алғашкы екі жолындағы «бір», «қара» деген екі сөз артық
тұрған сияқты. Асылы, бүл «Мен шарға түскен балта едім» (10) деген бір жол
өлең болуға тиіс.
Махамбет өлеңдері шумақтары жағынан да зерттей түсуді керек етеді.
Қазіргі басылып жүрген күйінде оның өлеңдерінің шумағы жүйеге түспей,
алғашқыда қалай жазылып алынса, дəлірек айтқанда, 1925 жылғы жариялау
бойынша басылып келеді. Кейбір өлеңдері бірімен бірі араласып, шатасып та
кеткен. Бұл ақын өлеңдерінің текстологиясы əлі ойдағыдай зерттелмей
жүргенін көрсетеді.
102
Біздіңше, ақын жыр формасына тəн тұрақты мөлшер сақтамайды. Ақын
өлеңі 2 жолды бір шумақтан басталып, 3, 4, 6, 8 жəне көп жол-ды
шумақтардан да тұрады, яғни шумақ мөлшерін ойға билетеді.
Махамбет өлеңдерінің өзіндік ұйқас ерекшелігі де бар. Оның көп
қолданатыны шұбыртпалы ұйкас (мысалы, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар
күн», тағы басқа өлеңдері. Бұдан басқа ұйқас түрлері де ақынға жат емес. Ол
көп жерде кезекті, қаусырмалы, ақсақ, ерікті, аралас ұйқастарды қолданған,
сондай-ақ кейбір өлеңдерінде егіз не қатар ұйқас та (а, а, б, в) кездеседі.
Махамбетке тəн тағы бір ерекшелік: оның өлең жолдары əдеттегіше
біріне-бірі заңды қалпымен жол соңында ұйқаспай, кез келген жерде ұйқасып
жатады, сөйтіп ішкі ұйқас жиі қолданылады. Кейде тұтас шумақтар соңы ғана
ұйқастырылады. Мысалы, «Толарсақтан саз кешіп» деген екі шумақ өлеңнің
тек əр шумағының соңғы жолдары ғана ұйқасады. Бірақ, оның есесі əр
тармақтың кейбір сөздерінің басқа орындарда үндесуі, не ішкі үйқастар арқылы
толады.
Бұл өлеңдер ұйқасындағы тағы бір өзгешелік деп бастапқы
сөздердің дыбыстық үндестіктерін атап көрсету жөн. «Толарсақтан» мен
«тоқталмай», «қабырғасын» мен «қатепті», «қабырғасын» «қабағын»
деген сездер үндесіп келген. Бұлар да өлең ырғағы мен ұйқасына қуат
беріп түр.
Махамбеттің «Мұңайма» деген өлеңінде де өзiндік ұйқас сезіледі.
Ханның ісі қатайды —
Азамат ерден бақ тайды —
Қанды көбе киініп —
Бір аллаға сиынып, —
Ұрандап жауға тигенде,—
Кім жеңері талайды,—
Жолдастарым мұңай ма! —-
Бұл өлеңнің алғашкы екі жолы жəне алтыншы жолы өзара ұйқасып,
одан кейінгі 3—4 жолдар да үйлесімді, ал бесінші жəне соңғы бір жолы
өзінше бөлек дара жатыр. Əрине, бұл Махамбет қосқан жаңа-лық емес, ол
халық жырларында жиі ұшырайтын құбылыстар. Ақын соны жақсы
пайдаланған.
Ақынның «Жайықтың бойы көк шалғын» деген өлеңінің ұйқасы мүлде
ерікті, оның кейбір жолы ғана ұйқасады. Өлең көбіне ішкі ұйқасқа құрылады.
Жайықтын бойы көк шалғын,-
Күзерміз де жайлармыз —
Күлісті сынды күренді —
Күдірейтіп күнде байлармыз — б
Құдай істі оңғартса,—д
Ісім Жөнге келгенде —с
в
103
Қамалаған кеп дұшпан —
Əлі де болса,
Қойдай қылып айдармыз—-б
Махамбет өлеңдерінде дағдылы, көп кездесетін ұйқастарға қоса,
осы жоғарыда келтірілгендей шумақ ұйқас (шумақ ішіндегі жеке сөздер
ұйқасы) жиі ұшырайды.
Махамбет өлеңдері - өзіндік əуен-сарыны бар ырғақты да екпінді
өлеңдер. Оқушы оны бас көтермей окып, соңына жетіп бір тоқтайды.
Үнділігі мен ырғақтылығы жағынан ақын толғаулары көтеріліске
аттанған халық екпінінің айбынды дүбіріндей сезіледі. Ақынның
поэтикалық шабыты күшті, əуені ұшқыр. Ауыз əдебиеті жасаған көркем
түрлерді, бейнелі сөздерді көп қолданады.
Тағыдай таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген.
Тағы сынды жан едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Таңдансаң тағы болар ма,
Тəңірің салған бұл іске?!-деп келетін шумақтар өзінің құрылысы
жағынан ерекше, мұндағы жолдар бір əріптен басталып, ерекше
кестеленіп
тұр.
Сонымен
қатар,
Махамбет
өлеңдері
өзінің
образдылығымен, мақсаттылығымен, шендестіре сөйлеуге жетіктігімен,
өткірлігімен күшті.
Күн қақты ердің астында,
Көп жүгіретін күлік бар.
Көп садақтың ішінде,
Көбе бұзар жебе бар...
Ай астында бір көл бар,
Ат шаптырса жеткісіз,
Ортасында секер бар.
Татқан қулар кеткісіз,
Қарада да қара бар,
Хан ұлы басып өткісіз.
Махамбеттің
бұл
келтірілген
өлеңдері
жазба
əдебиет
туындыларының қандайынан болса да кем түспейді. Жазушы
шығармаларына ғана тəн қүбылыстар Махамбет өлеңдерінде жиі
ұшырайды. Анафора мен эпифораны өлең қүрылысына жетік ақындар көп
қолданады десек, Махамбет те солай.
Ақынның көп өлеңдері нақыл, мəтелге толы. «Аспандағы боз
торғай», «Ай артында бір көл бар», «Мен тауда ойнаған қарт марал»,
«Пыр-пырлай ұшқан касқалдақ», «Мен едім», «Туған ұлдан не пайда?»,
«Бағаналы терек», «Арғымақтың баласы», «Атадан туған аруақты ер»
жəне басқа жырлары түгел дерліқ нақыл сөздерден түрады.
104
Аспандағы боз торғай,
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Кайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын,
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңнын басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы.
Бұл шумақтарда шешендікпен бірге суреттеу де бар. Ал ақынның
«Аймақ көл» деген əр шумағы 3 жолдан тұратын өлеңі де шешендігі-мен
тартымды шығарма.
...Арыстаннан күшті аң болмас,
О да өледі, жігіттер,
Мергендер таңдап атқан соң.
Алалы жылқы, ақтылы қой,
Аңдыған бөрі жемей ме,
Иесі ұйықтап жатқан сон...
Ақын шешендігі оның əрбір шығармасынан айқын сезіледі. Түрі мен
мазмұны қабысқан жинақты, өктем өлең жолдары Махамбет поэ-зиясына тəн
қасиеттер.
Алтын жақса жарасар,
Жылтыраған күміске,-деп, ақының өзі айтқандай, оның əрбір сөзі күміс
аралас алтындай жарқырап көз тартып, ой толқытады.
Махамбет өлеңдерінің əсерлілігіне байланысты оған еліктеушілер көп
болған. Əсіресе, өткен дəуір ақындары оның жыр үлгілерімен кө-бірек
əуестенген. Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым, Аралбай, Қашаған, Ғылман
сияқты ақындар Махамбет өлеңдерін жақсы біліп кана қоймай, оған еліктеп
отырған.
Махамбетті біз соңғы кезге дейін тек ақын деп қана келгенбіз. Кейін
табылған деректерге қарағанда, ол тек ақын ғана емес, сонымен бірге өнерпаз,
жан-жақты талант иесі болған. Мəселен, соңғы кезде оның бірнеше күйлері
табылды. Бұл күйлерді Орал облысында тұра-тын, атақты домбырашы
Сүйінбекұлы Оразғали (1889—1964 ж.) қарт сақтап келген. Ол күйді
Махамбеттен Тазбала, одан Сүйінбек, Сүйінбектен Орккең аксақал үйренген
екен. Домбырашы Махамбеттің «Баймағамбетке», «Қайран, Нарын» деген
күйлерін орындағанда, акынның осы тақырыптағы өлеңдерінің мазмұны еріксіз
еске түседі. Бүлардың бірінен жігерлі екпін мен ерлік сарыны естілсе,
екіншісінен елін, жерін сағынып қайғыға берілген ардагер акынның мұң-шері
сезіледі. Екі күй екі зор дастандай, ақын сырын ағытып, халықтың ой-тілегін
бейне-лейді.
105
Махамбет поэзиясы—хан сарайы маңында феодалдық өмірді
дəріптейтін ескішіл жыраулардың өлендеріне қарама-қарсы бұқарашыл
поэзия. Ол озық идеялы, халықтық поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.
Кезіндегі жəне кейінгі дəуірлердегі жазба əдебиетіміздің қалыптаса беруіне
мықты ықпал етті, өміршең, реалистік əдебиетті нығайта түсті. Кейін
Махамбет дəстүрін ұстаған бір топ халық ақындары шықты. Олар халық
мұңын жырлап, поэзиямыздың реалистік жолмен
өсуіне өз үлестерін қосты.
Олардың ішінде өз дəуірі əдебиетінің белді өкілдерінен саналған Шернияз,
Сүйінбай, Шөже, Алмажан, Абыл, Нұрым, Боран, Қашаған, Арыстан, Серəлі
жəне басқалар бар.
Махамбет поэзиясы XIX ғасыр əдебиеті қорына өзіндік жана леп пен
тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды. Əрбір сөздерінің образдылығы, қиып
түсер өткірлігі, қызу қанды лептілігі, нөсердей екпінді,дауылдай долылығы
өзгеше. Еркіндікті аңсап атқа мінген арыстандай азаматтар ерлігін аспанға
көтере жыр төккен, асыл азамат ақынның əрбір сөзі от жалынды, көкті жарған
найзағайдай айбарлы, сұсты.
Махамбет поэзиясына тəн өжет ерлік, өктем өткір тілділік, əр кезде де
кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бар бітім тұлға-тұрпаты ерліктің символы
боларлықтай ардақты.
Достарыңызбен бөлісу: |