Дулат Бабатайұлы
(1802—1874)
Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман елінен шыққан ақын, Ол
өзі туралы: Тегімді менің сұрасаң,
Қалың Найман нуынан.
Жырьмды менін, сұрасаң,
Сары алтынның буынан,— дейді.
Дулатты өз көзімен көріп, оның өлеңдерін жаттап, жазып алып, бізге
жеткізген — Шыңғыстау ақындары мен жырқұмар азаматтары. Əсіресе, Ғаббас
Байділдəұлы мен Шəкір Əбенұлының еңбегі ерекше. Бұлар Дулаттың өзін
көрмесе де, оны көрген Байділдə ақсақалдьң қолжазбасын сақтап,
жұртшылыққа табыс етті. Байділдə (1839—1919) Дулатты жақсы білетін
замандас адамы болған. Ол Дулат өлендерін жазып алып, қолжазба күйінде
сақтап келген. Қазақстан Ғылым ака-демиясының «Өнер жəне əдебиет»
институты қолжазба қорындағы Дулат өлеңдерінің біразы (1500 жолдай) соның
сақтауы арқылы жеткен.
Дулат өлендері ХХ ғасырға дейін бір рет баспа бетінде жарык қөрген
болатын. Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы
Қазанда басылды. Жинақты баспаға Сейілұлы Мүлкен даярлағаи. Кітапқа
ақынның біраз есиеттері мен толғаулары енген.
Жалпы көлемі 800 жолдай, негізінен, Дулаттың өмірі туралы деректер
мен өлеңдері кейiнгi дəуірде жиналып, зерттеле бастады. Мəселен, ақынның
кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің
сегізінші класына арналған С. Мұқанов пен Қ. Бекхожиннің 1939- жылғы
хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор. Қ. Жұмалиев өзінің
1940—1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ əдебиеті
оқулықтарында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын
туралы өз қорытындысын жасады.
Ақын туралы қысқа мəліметті Қазақстан Ғылым академиясының М. О.
Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институты шығарған «Қазақ əдебиеті
тарихы» (II том, 1961) мен «XVIII—XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының
шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1965) кітаптарынан да
62
кездестіреміз. Дулат творчесвосы туралы ғалым Қ.Өмiрəлиев жазған алғашқы
зерттеулері Қазақстан ҒА. «Хабарлар» журналының 1959 жылғы үшінші
санында жəне 1961 жылы басылған «Əдеби мүра жəне оны зерттеу»
кітабында басылған-ды. Ол «Дастандар» (1960) жинағы мен «Жұлдыз»
журналында (1959) Дулаттың «Еспембет» дастанын тауып, алғаш жариялаған
да болатын.Алайда Дулат шығармалары толық жинақталып 2000-жылы
Құлмат Өмiрəлиевтiң алғысөзi əрi түсiнiктерiмен жарық көрген едi.
Дулат — қазақтың көп жеріне мəлім ақын. Ол езі туған өлкеде қалып
қоймай, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерін жəне Арқаны түгел аралаған.
Ертедегі ақындар үлгісінде тəрбиеленіп өсқен. Əуелі ақын жаттамалы өлеңдер
мен айтыс, əзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып, айтып жүрген. Бірақ кейін ол
ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси-əлеуметтік,
қоғамдық мəселелерді жырлауға ойысқан.
Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат
ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол: «Құран кітаптарды оқыдым, молдаға
жүгіндім» деп, бекерге айтпаған. Тіпті ақын өз өлеңдерін жинақтап, жазып та
жүргенге үқсайды.
Жəне көп сөз бар еді,
Тəмəм болды кітабым,-деп аяқтайды өзінің «Өсиетнама» деген
өлеңдер жинағын.Ал кітапты шығарушы Сейілұлы Мүлкен Дулаттың
шығармаларьн түгел даярлай алмай, ақьнның қолжазбасынан өзі көшіріп алған
бір
бөлегінғана
баспаға ұсынып отырғанын ескертеді.Бұл ескертпеге сүйенсек, Дулат-
тың біраз толығырақ қолжазба жинағы болған. Одан Мүлкен тек кіші-
гірім жинақ құраған.
Дулат өлеңдерінің қазіргі қолда бар саны оның басқа замандастарының
өлеңдерімен салыстырғанда əлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау
өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық жырлар, ертегi-аңыз
сюжетіне жазылған толғау, мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық
мазмұны да əр алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнін
тарихи шындығын қамтиды. Қоғамдық құрылыстарының өзгеруі, патша
өкіметінің қазақ жерін басқаруына байланысты ел ішінде туған жіктер, таптық
қайшылықтар, əлеуметтік теңсіздіктер, діни үғымдар, хандық билік жойылып,
оның орнына аға сұлтан тəртібінің орнауы, сауда-саттыққа байланысты
өзгерістер, қоғам ісіндегі ақшаның əсері сөз болады.
Дулат қазақ елінің патша өкіметіне тəуелді болғанына,
капиталистік қарым-катынастың қазақ жеріне енуіне, одан туған
жаңалықтарға онша қуана қоймаған. Ол қазақтың өз алдына бөлек
хандық құрып, дербес өмір сүруін көксеген. Қазақстанның Россияға
косылуының келешегіне көзі жетпей, бір жақты қорытынды шығарған.
Осындай сыңаржақ түсініктерден арыла алмаған ақын елдегі
озбырлықты көріп, оны қатал сынағанымен, көп жағдайда құр өкініштің
құрсауында қалып қойып отырады.
Мəселен, Дулат өзінің «Бесінші сөз», «Ата қоныс Арқада» деп
аталатын өлеңдерінде, бір жағынан, қазақ халқының қалмаққа қарсы
63
ерлік күрес жүргізгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін
айтса, екінші жағынан, феодалдық дербестілікті мадақтайды.
Өз жырларында ақын халықтьң алып күшін, өз жерін, туған елін
жойқын апаттан қорғай алатынын, оның патриоттык, жігерін дұрыс
көрсетеді. Алай да ол субъективтік қателікке ұрынып, феодалдық
дарқан өмір қорғанышы ретінде хан Əбілмансұрдьң ерлігін мадақтайды.
Оны Арқаны қалмақтан азат етіп, ел басына бақ құсын кондырған,
алдына төрт түлік мал салған, ағарып атқан таңы болды деп жөн-
жосықсыз дəріптейді. «Хан сарқыты Кененің» басқа жаққа жорык
жасауын айыптағанымен, Дулат елге, хандыққа тірек болатын
қаһарлы, азулы, айбарлы Əмiр Темірдей ханды тілейді, халықтың
бірлігін нығайтуға үндеп, феодалдық елдің даңқын арттыруды
жырлайды. Ондай міндетті де, өзінің халқына деген басқа да үміттерін
де ол жастарға артады. Ол қазақ ішінен жас батыр шығып, бытыраған
елдің басын қосып, «Баяғы тəуелсіз» елдікті орнатуға тиіс деп біледі.
Ақынның бұл ойын біз «Ақтан жас» деген өлеңінен көреміз. Ақын
Ақтан деген бір жетім бала ер жетіп, «бадана көз, тоғыз тор сауыт
киіп», кашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен ер жетер ме екенсің.
Жетімдіктің белінен,
Асып өтер ме екенсің?!...
Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің.
Білтеліні тұтатып,
Түтін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Ақынньң ойынша, «жігіттің даңқын шыгарып, оны дегеніне
жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол — ел мақсаты үшін жан аямай күресу
жолы. Ел тəуелсіздігі жолында жан аямай, бұрынғы батырлар дəстүрін
берік ұстап, сырткы жауларға қарсы қол бастау»
Ту ұстап тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жай отындай оқ атпай.
Анадан тудым дегенмен
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ел тəуелсіздігі үшін күресте қазақ халқының бірлігі күшті болуы
қажет екенін де атап айтады. Бұл мəселені ол құмырсқаның бірлігімен
салыстыра суреттейді.
Сендер түгіл құмырсқа,
Ісін қойып дұрысқа,
Илеуін сап жабылып,
Жемін тасып сабылып,
Бір орнынан табылып,
64
Біріне бірі бағынып,
Береке бірлік шакырды.
Жəндіктің ең кішкенесі құмырсқа да бірлесе илеуін салады,
тірлік үшін күресіп, дамыл таппайды. Біз сол құмырсқа құрлы бірлік,
тірлік жасауға тиіспіз деп, халыққа ақыл айтады.
Дулат творчествосынан елеулі орын алатын - «Еспембет» атты
ұзақ толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары
үлгісіндегі ерлік дастан тəрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім
бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет
батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған. Бұл толғау:
Ер Еспембет кешегі,
Ерекше ер деседі.
Тіл біткеннің шешені.
Топта бермес есені,
Үлгі айтса көшелі,
Жауға шапса көсемі,— деп басталады.
Поэманың негізгі қаһарманы — жетім бала Еспембет. Ол өз елінен
жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді.
Ержете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жүре беруді ар
санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Нағашы атасы
жиенінің бұл тілегін құп алып, басына үй, алдына мал салып,
қалыңдық əперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет
оны қостамайды. Қарасай ұсынған дүние мүліктің бəрін де алмай, тек
жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады.
Ел-жұрты əуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не
қылғаны деп, Қарасай байды да қатты кінəлап, өсекке таңады. Бірақ
Еспембет оның бəріне де мəн бермейді. Ақбөртені баптап бағумен
болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сəтімқұл бидің ас берген
тойында Ақбөрте бəйгеден оқшау келеді. Бас бəйгеге тиген жүз
тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді.
Күндердің күнінде қазақ батырлары қалмақтан елдің кегін алуға
аттанады. Ақтанберді, Қабанбайлар бастаған қолға Еспембет те ереді.
Бұлар сан күн ұрысып, қалмақ қамалын бұза алмай қатты сасады.
Дəстүр бойынша батырлар жекпе-жекке шыққанда, Еспембеттің көз
алдында қалмақтын бір батыры қазақтың жеті батырын өлтіреді. Сонда
жас батыр өзі тіленіп қалмақ батырымен жекпе-жекке шығады. Оны
жеңіп, қазақ қолын қамалға бастайды. Қамалды бұзып, оны алатын
да Еспембет болады. Қазақ қолы Еспембет ерлігі арқасында ежелгі
жауын жеңіп, олжаға батады. Еспембет қалмақтан түскен олжаға, мал-
мүлікке қызықпайды. Бар арманы жауға тізе бүктіріп, елдің кегін
алып, жерін қайтару болады.
Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Бұл поэма
өзінің суреттілігімен де ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақы,
мазмұны тартымды.
65
Туған ел, өскен жерден алыста жүрген жас батырдың алыс
арманы мен тəтті қиялын ақын мейлінше тартымды бейнелейді:
Ер — туыс, ит — тамаққа,
Деген жоқ па бұрынғы?
Осындай ерді өсіретін жалпы қауым, ел жұрты екендігін айтып ақын
жастарға не болсаң да еліңмен, жұртыңмен бол,- дейді. Ердің атын шығарып,
даңқын арттыратын, өзі туып өскен ел-жұрты, тəлім алған ортасы болатынын
ескертеді, сондықтан ер тілегі мен ел мүдде-сі бір жерден шығуы абзал.
Дос та елден, жау да елден,
Алды-артыңа қарасаң,
Күндестік те еліңнен,
Қамалау да еліңнен,
Табалау да еліңнен,
Көшіру де еліңнен,
Бақыт та елден қонады.
Дулаттың ақындық шеберлігі осы дастаннан айқын көрінеді. Халық
жырларына тəн мəлім əсірелеулер мен айқың теңеулерді ақын орынды
қолданады. Оның сөз тапқыр, шешен екенін қалмақка қарсы аттанған қазақ
батырларын суреттеген сəттерден байқау киын емес.
Айласы мен əдісі
Адам ойлап таппастай...
Айбарын оның сұрасаң,
Сырт дұшпаны батпастай,
Беріктігін сұрасаң
Елін жауға сатпастай,-деп Ақтанбердідей қарт
батырды суреттесе, ақын жас батыр Еспембетті ер жүректі, ел қамқоры есебінде
ерекше сүйсіне сипаттайды. Еспембет жырда тек алып күштің иесі ғана емес,
сонымен бірге адал, ақ жүрек, кіші пейіл, көпшіл адам болып көрінеді.
Поэмада Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде
танылады. Ол жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке
қызықпайды, елінің жауын жеңуді дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ
арманға жетпей тынбайды:
Қалмақтың басы белінде,
Бақ құсы қонып басына,
Еспембет келді еліне.
Поэманың тағы бір ерекшелігі, онда тек батырдың жеке тұлғасы ғана
емес, сонымен бірге халык бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа
аттануға жиылған халықтын қалың тобын ерекше шабытпен, əсерлі жырлайды.
Жөңкерілген қалың қол,
Жүйткіген желге ұқсайды,
Көрінісі кей кезде,
Толқыған гүлге ұқсайды,
Мұнар түнеп бұлт көшкен,
Асқар белге ұқсайды.
66
Кенетінен ду етсе,
Тас қопарып, тау бұзған,
Аққан селге ұқсайды.
Мұнда халыққа тəн қасиеттің бəрі бар: ел шетіне жау келсе, ба-тырдың
соңына еріп, жауына қарсы аттанған көп халық жүйіткіген желдей ағылады,
сырт қарағанда ел сəнді, жасаулы толқыған гүлге де ұқсайды, енді бір сəт
сол халық жауыменен айқасқа түссе, онда жықпай, қопармай тынбайтын
екпінді селге де ұқсайды.
Шығармадағы жау күші де осал емес. Жаудың күшін суреттеуге де
ақын тиісті əсірелеулер қолданған. Қалмақтың батырын бейнелегенде, Дулат
талай орынды теңеулер тауып, тіл майын ағызады.Ол Еспембетке қарсы
батырын сипаттау аркылы қазақ батыры Еспембеттің ерлік тұлғасын күшейтіп,
айқындай түседі.
Қалмақ шықты майданға,
Шамасы елу жастағы,
Астына мінген мəнерлеп
Мақпалдай қара қасқаны.
Ерлігі елең қылмайды,
Бір өзінен басқаны.
Кайырымсыздығы талайдың,
Жонынан алған таспаны,
Кір басқан кұлаш айдары,
Аждаһадан кем емес,
Аузын ашқан айбары,—деп калмақ батырын айлалы аждаһадай етіп
асқақтата суреттейді де, Еспембетті осындай айлалы аждаһаны да жеңген,
айбары одан да асқан алып батыр ретінде танытады.
Батырларды сипаттауымен бірге ақын ел ішінде енжар, ездердің де
болатынын жасырмайды. Олардың бейшаралығына реніш білдіреді. Батырлар
жауға ұмтылып, ұран салып, айқаймен жерді дүр сілкінтіп жатқанда, ездер
дүшпаннан ығысып, үрейленіп, кіруге ін таппай жата-ды деп, ондай ел ішіндегі
ынжық, қорқақтарды мазақ етеді.
Қалмақ соғып барабан,
Қазақ ұран шақырды,
Айбаты өсіп ерлердің,
Арыстандай акырды.
Иығы түсіп ездердің
Қоярға жанын жер таппады...
Сонымен, Дулаттың «Еспембет» атты поэмасы кезіндегі əдебиетте елеулі
орны бар, батырлар жыры үлгісіндегі маңызды шығарма. Ақын басқа да біраз
толғаулар шығарып, Россия ықпалымен елге еніп жатқан сауда қатынастарына,
елді басқару, билеу тəртібіне ашық наразылық білдіреді. Феодалдық
тұйықтықты бұзған өзгерістің бəрі оған азғындық болып көрінеді. Осы «азған
заманның» белгісін ол елден де, жерден де, қоғамдық жіктің əрбір тобынан да
тауып көрсетпек болады. Бұрынғы шалқыған көл мен көк майса жер тозып,
ізгі адамдар жойылып, олардың орнын қуаң шөл, жұтаң жер, пейілсіз бай,
67
берекесіз қулар мен сұмдар басты, ендігі би дегендеріңіз — елін сатып, шен
алып күн көріп жүрген жыртқыш аң бейнесіндегі бұзықтар, опасыз аға
сұлтандар деп пайымдайды ол.
Заманымыз бұзылды,
Қияметтің төріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан ақкан іріңдей.
Немесе:
Аға сұлтан қазының,
Ел сілкінді ісінен
Ауылдың атқа мінері,
Жемтікке қонған күшіген.
Екі жүзді ел əкімдерін ақын барынша жек көреді.Оларға қарсы сөз
заһарын төге жыр шертеді. Екі жүзді, жемсауы кең бектер мен елін сатқан
сұмдардың характері тайға таңба басқандай анық. Оларды ащы
мысқылдармен жер жебіріне жете түйрейді.
Шен-шекпенге кұмартқан,
Қанталап көзі мұнарткан,
Саудалап елін тиынға
Құмартып патша сыйына.
Замандастарының жұғымсыз мінез-құлқын, əдепсіздіктерін терме-леп,
елден тірлік-бірлік дегендер біржола кетіп жатыр деп қынжылады:
Адамдарда тірлік жоқ,
Арамзада бірлік жөқ,
Елімізде əдеп жоқ,
Қай үлкенді сыйлайды?
Заманымыз бұзылды
Бұрынғыдан заң бөлек
Жан есінен адасып...
Ескі тату ағайын
Бір-бірімен алысты...
Заманында төре болған, сұлтандық кұрған Барақ, Кеңесбай, Сү-леймен
сияқтылардын атына арнайы өлен шығарып, оларды «əділ қа-зы», ата-билердің
жолын қумай, елінің жауы қатарында өз жұртын талап жатыр деп айыптайды.
Ұлықтар мен бектерді өлімтік бақкан жаман ит пен жыртқыш қасқыр деп
бейнелейді.
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем?!
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен,
Азған елдің бектері,
Қан шықса елін жұлмалар
68
Қасқырменен аралас.
Патша əкімі алдында құрша жорғалап, жоқ жерде кісімсіген бейшара
болыс бейнесін ақын шебер мысқылдайды. Олардың бойындағы екі жүзділікті,
парақорлықты батыл əшкерелейді:
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады
Өзі елді қорқытып,
Одан өзі қорқады...
Бұл тұста пысықсыған болыстар бейнесін, олардың бұлаң құйрық
мінездерін дəл басып отыр. Момындар алдында əкімсіп, ұлықтар ал-дында
құрдай жорғалайтын бейшаралықтарын əшкерелейді. Пара ал-ып баюдан басқа
армандары жоқ, алса тоймайтын кең жемсау, кердең əкімдерді мысқылдайды.
Қол бала құс секілді,
Биялайға қарайсың.
Не тұлғама тұтқа боп,
Не керекке жарайсың?!
Ашылған əбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Қақалмай бір-ақ жалмайтын.
Бұл, сөз жоқ, батыл сын, ақынның реалистік бетін танытарлык
шығармалар. Дулаттың осындай образдары кейінгі дəуір ақыңда-рына да ой
салғанға ұқсайды. Абайдың ел пысықтарын, болыстарын бейнелеулері, əрине,
Дулаттан əлдеқайда ілгері, сөйтсе де бұлардың арасында еш байланыс жоқ деп
айтуға болмас еді. Абай Дулаттың ақындығын сынай отырып, оның кейбір
пікірлерін жетілдіре түсуі ғажап емес.
Дулат қазақ байларының қайырсыз, нашарға пайдасыз болып
жатқанын айтып оларды мейірбандыққа үндейді.
Қайырсыз байдан пайда жоқ,
Нашарға жəрдем бермесе.
Кем-кетікті көрмесе.
Дулат өзінше байдың да, бидің де, батырдың да негізгі міндеттері ел
үшін, кем-кетік үшін қызмет ету деп, адамгершілікке шақырады. Би болу,
бек атану тек жеке бастың мансабы үшін емес, елі, халқы үшін адал қызмет
ету:
Би мен бектін, сəні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
ЬІстығына күймесе,
69
Суығына тоңбаса.
Батыр атанғандардың өзіне тиісті міндеті, ел жүктер жүгі болады. Ол ел-
жұртын сыртқы жаудан сақтап қалуға əр кезде даяр болса, ол үшін бейқам
жатпай, қырағы жүрсе игі:
Батырлықтың сəні жоқ,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елірген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Тұтамдап оқ жонбаса...
Бұрын-соңды жасаған ақын атаулының сараңдықты сөкпегені жоқ.
Себебі ақын жаны адал, ақ жарқын, жомарт. Дулат та соның бірі. Малы
барлардың сараңдығын көрсе төзе алмайды. Əсіресе, елде-гі күн санап
көбейіп бара жатқан жоқшылықтың негізгі себебі сол қазақ байларының
пейілі кетіп жатқандығында деп есептейді.
Қайырсыз байдың несі артық,
Ел қонбаған тақырдан.
Ақыр заман кезінде,
Пейіл кетіп пендеден,
Бай дəметер пақырдан,- дейді.
Осындай қайырымсыз жандарды «қайырымы жоқ сорлы байлар-ай,
тəңір алдына барғанда, табылар сонда мініңіз» деп дін жолымен де қорқытпақ
болады. Қазақ еліндегі сан сұмдықтардың зардабы елге түсіп жатыр, халық
шаруасы азғындап кетті. Адамның пейілі тарылып, бұзылып жатыр, оған
айыптылар сол дүние қоңыз бай, мансапқор бек, пейілсіз жандар, ала
аяққулар мен сұмдар—дейді:
Азған елдің адамы,
Апшыған сұмдар қадамы.
Жүйрікпіндепшабаны,
Момынға жапса жаланы,
Қулық-сұмдық табады.
Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт аяқтан ақсады...
Осындай қиын-қыстау заманда халық қасіретіне емші болар кім бар?
Ел кімнің соңынан еруі керек? Ақын бұған айқын жауап таба алмай, сары
уайымға да салынады:
Елді бастар ер қайда?
Аға сұлтан абыздар,
Еліңді қамап көрге айдар,
Барса келмес жерге айдар,
70
Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан, сарнау не пайда?!
Молда, ишандар мен бай, мырзаларды сынауда да Дулаттың ба-
лылдығы көзге туседі. Ақын бұлардың арамза сырларын айкын аша-ды, дінді
желеу етіп, өз құлқыны үшін елді алдап жүрген зұлымдық əрекеттерін батыл
əшкерелейді:
Тəубе-таупих келтірмес,
Азған елдің молдасы,
Өзінін. айтқан сөзінің,
Тіпті болмас расы,—деп тəубесінен жаңылып, елді алдап жеп
жатқан молданы, мал табуды мақсат еткен ишанды мысқылдайды. Олар құдай
есімі мен құранды жамылып, халық қайғысы есебінен байып жатқан залымдар
сиқында көрінеді.
Маңдайдағы бай болдың,
Нəпсіңді неге тыймадың?!
Жетерлік болды елге де ,
Сенің берген иманың!..
Дулат капиталистік жаңа қоғамңың, елдегі кейбiр көріністерін бай-қап,
бəрі осы опасыздық пен дүние қорлықтан, ақша мен сауда əсері-нен туып отыр,
мұның орнына жұртшылық адал еңбек, өнімді кəсіп-пен шұғылданса жақсы
болар еді деп ой түйеді. Баюдың шын сырла-рын ашып, оның негізі ұрлық,
сұмдықпен байланысты болатынын ашық танытады.
Ер туған бай бұл күнде жасында ұры,
Жоқ шығар еш адамның бұдан құры,
Осы күн сыбан алды дəулеті бар,
Белгілі айтпасақ та сізге сыры.
Елдегі ұрлық, сұмдық, қулық, əділетсіздік, талан-тараж салдары-нан
шаруа жайы, кедей халі тым ауырлай түсті. Олардың малын қу-лардың
аузынан, жыртқыштардың ұртынан табасың. Шаруаның бір малы екі болудан
қалды, бəрін де айдап алып жатыр, шаңырақ басына түскен салықтар ел реңін
кетіруде, — деп, елдегі əлеуметтік шындықтың бетін ашады ақын. Қоғамның
өзгеруіне байланысты қанаудың жаңа түрлерінің етек алып жатқанын
көрсетеді.
Алдына түсіп томпаңдар,
Жарлылардың торпағы.
Бір торпақтан он болып,
Пысықтардың ортағы.
Қара шығын алымы
Бай-кедейге бірдей боп,
Шаңыраққа салынды.
Ел ұйытқысы шайқалып,
71
Төгіліп судай аққаны.
Қазақ жеріндегі алым-салық қысымының, пайдакүнемдіктің сы-рын
таныған ақын елдегі екі жақты езгінің сырын да аңғартады. Қазақ
феодалдарына қоса патшаның əкім-чиновниктері де халыққа жəбір көрсетіп,
ел екі жақтан рақымсыз қаналып жатыр деп жар салады.
Бай малына сүйеніп,
Нашарға түсті салмағы,
Ен даланы шандады,
Еліңді езіп қандады.
Дулаттың ойынша пəленің басы ақша мен сауда-саттықта. Байлар
ақша үшін тері-терсек, қыл-қыбырына дейін сатып, ақшаға əбден құнығып алды.
Ақша оларды шайтандай аздыруда. Пейілдері кетіп, адамшылықтан ажырап,
ардан жұрдай болып жатыр. Егер олар да сауданың орнына адал кəсіп қылса,
олай азбас еді. Мысалы, қазақ жер өңдеумен, мал өсірумен қатар басқа да
кəсіптермен шұғылдануға тиіс. Əрбір адам қолына қүрал алып еңбек етсе,
алданып,таланып,қор болмас еді деп ой түйеді.
Ұста соқкан темірден,
Əр түрлі аспап-сайман бар.
Темірсіз теңдік алмайды,
Керектісін сайлаңдар...
Ақтаруға жер қойнын,
Арнап соққан кетпен бар.
Кетпен альгп қолына,
Мұратына жеткен бар.
Ағаш кессең арнаулы,
Балта менен ара бар.
Түрлі сайман ағаштан,
Балта аркылы таралар.
Тетігін тауып темір соқ,
Қышқаш пенен балға бар,
Өнеріңіз үйлессін!...
Дулат қазақ əдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақыннан
саналады. Оның бізге жеткен төрт мысалы бар. Бұл жағынан ол- əде-
биетке жаңа бір форма əкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн.
Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру,
ақыл айту, жағымсыз мінездерді мысқылдау ретінде келіп отырады.
Онда кiшiпейілділік, бірлік, əділеттік жақталып, мақтаншақтық, мен-
мендік, бишаралық, пасықтық сыналады.
Адамдағы абзал касиеттерді ардақтаған, адамгершілікті жоғары тұтқан
ақынның бұл мысал өлеңдерінің тəрбиелік мəні күні бүгінге дейін жойылған
жоқ.
72
Нысапсыз патша туралы шығарған «Бір патшаның бір кезде», деп
басталатын мысал өлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық
жолында қаза тапқанын мысқылдайды.
…Бір патша өзі асқан бай бола тұрса да қанағатсыздыққа бой ұрып,
тыныштық таппайды. Күндердің күнінде осы патшаның үйінің жанынан бір
ағаш өседі. Патша бұл ағашты жақсылык берер киелі ағаш бола ма деп күтіп,
баптайды. Ағаш тез мəуелеп өсіп, жеміс бе-реді. Бір күні сол ағаш басына
қараса, патша көзіне бір сұлу қыз түседі. Ол қыздың қолында от болады.
Патшаға қыз тіл қатып: « Осы оттан алған кісіге дүние жүзі бағынады, егер
сен менің қолымдағы отты алсаң, жер түгіл аспанға да ие боласың. Көк аспан
қожасы кұдаймен ортақ билік қүрасың»,— дейді. Дүниеқор, мансапқұмар
патшаның есі шығып, қайтсе де сол қызға жетіп, отты алмақ болады. Ағашқа
өрмелеп, күн-түн демей оның басына тырмысумен болады. Бірақ қыз
жеткізбейді. Патша шаршап-шалдығады. Ақыры дауыл соққанда, бұтақ
сынып, патша ағаштан құлап өледі.
Ақын осы бір мысал арқылы «дүние қусаң осы патшаның кебін
киесің, өкінішті өлімге тап боласың, одан да барға қанағат қыл,
нысапты бол» деген қорытынды жасайды.
Дулаттың «Сарышымшық» мысалының сюжеті де кызық.
Құс бейшарасы Сарышымшық жолдасына көп қоразданып
мақтанады: Көлге барсам,— дейді ол,— аққу, үйрек, қаз, қаршыға,
қызғыш қаптап жүр екен. Мен олардын, біріне де көрінбей, қулығымды
асырып, суға қанып, шомылып əбден тазарып қайттым. Үйректер мен қаз,
қаршығалардан бір сескенбедім. Қаршығадан көлдегі барлық құс қорқып
қашқанда мен қулығымды дүйім құстан асырдым, тіпті көлге сүңгіп те
кеттім,- деп мақтанады. Бұның құр мақтан екенін сезген жолдасы оны
əдейі көтермелей түседі:
Ерлік ісің бəрінен
Деді оған жолдасы,
Амалын да тапқансын,
Өзім де бұрын білуші ем,
Қаршыға саған батпасын.
Жолдасының өтірік мақтағанына ісінген бейшара шымшық,
қораздана түседі. Енді жолдасы оған:
Ерлігіне ебі сай,
Мақтаса сені мақтасын
Үйілген күлдің түбінде,
Балалар құрған тұзақ бар
Мойнына қылы ілінсе,
Кім де болса тызақтар.
Епті болсаң алып же,
Айнала шашқан тары бар.
Арпа бидай аралас,
Керегіңнің бəрі бар,— дейді.
73
Өзін шынында ермін, ептімін деп түсінген құр кеуде даңғой
шымшық еліріп келіп, тұзаққа түсіп қалады. Оны балалар ұстап алып,
ойнайды. Ақыры, қауырсынынан жұрдай болған ол жолдасына кештетіп
əрең кезігеді. Ақын мысалын мына сөзбен аяқтайды:
Көл былғаған шымшықтай,
Күштінің арты ашылар.
Көбенсіген кеппенiң,
Шымшықтай көңілі басылар.
«Қара қарға жем тілеп» мысалының берер үлгісі, айтар ақылы
адамгершілiк идеясын таныта алады.
Кезіп жүріп даланы,
Өліп жатқан үйректiң
Етін тауып алады.
Үйрек деген қарғаның
Таппайтұғын жемі еді.
Баласына ұядағы,
Үйректі алып келеді.
Балапандар көрген соң,
Тұс-түсынан жабылды.
Тумысында татпаған,
Тəтті жем қайдан табылды?..
Қарғаның балапандары «бұндай тəтті жемді қайдан таптың»- деп
анасынан сұрай бастайды. Сонда анасы балапандарына мақтанып:
Қорықпай же, балалар,
Қыран шешең тапқан-ды.
Арқасында қайраттың,
Шешең алып келген-ақ.
Таңдап жүріп ілгенім
Қамысты тереқ көлден-ақ,— дейді.
Қарғаның даурықпасын шетте отырған сауысқан ести салып, қасына
жетіп келеді де, оны мақтай отырып, сөз арасында - көл жағасында алған
үйрегін іздеп таба алмай жүрген қаршығаны қызғыш пен торғай көріпті,
қаршыға тым ашулы көрінеді, жемін алған ұрыны тапса өлтіретін болыпты
дейді. „Бүл хабардан зəресі кеткен «батыр» қарғаның есі шығып кетеді. Жемді
де, балапандарын да тастай қашып, бас сауғалайды. Сауысқан қулығын
асырып жемге молығады. Мысалды ақын:
Батырсыған қарғамыз
Қолма қол болды масқара.
Сауысқан көп қазақта ,
Қорқытып жейтін момынды.
Құбыжық болып көрініп,
Айналдырып тоныңды,— деп түйіндейді.
74
Дулат өзінің мысал өлеңдерімен де халықты жағымды мінезге тəрбиелеп,
ақыл-кеңестер берген. Мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып, казақ
əдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген.
Дулат - өз елінің бір кездегі қоғамдық өзгерістерін көріп, одан өзінше
бір жақты қорытынды шығарған ақын. Өзінің халқына деген ниетінде қаяу
жоқ. Басқа тұстастары сияқты ол да халық басына түс-кен ауыртпалықтардың
себептерін іздестіріп, оны өзінше болжайды. Қиналған жұрттың жанына шипа
болар деген ақылдарын айтады. Елінің ілгері басуы үшін басшыларының
берекелі болуы қажет деп білген ақын «жақсы, əділ əкімшілікті» армандайды:
Жақсы болған төрені,
Əділ демей не дейміз.
Бəрін бірдей тең көріп,
Жұртын түзеп тұрған соң?!
Ақылы бар жақсылар
Сырын жатқа алдырмас.
Бұғы мен маралдай,
Сабыр салмақ болған соң.
Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мəселенің бірі - оқу,
өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, əдеп-сіздікке қарсы
шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі
осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған
адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағаланған. Адам
бойындағы даналық пен жақ-сылық — бəрі тəрбиенің, оқудың нəтижесі. Елді
оқыған, тəрбиелі, білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге
жол берілмес еді — деп түйген.
Өнер, білім оқып біл,
Өнер алды қызыл тіл.
Оқып алса, керек сөз
Алтынға құйған балмен тең,— деп білімнің оку арқылы табылатынын,
көп ізденуді, аянбай ең-бектенуді керек ететінін ескертеді. Ал білімсіздік
надандыққа, жөн білместікке апарар теріс жол деп, барлық жөнсіздік пен
жүгенсіздік надандықтан туындайтынын айтады.
Ұяты жоқ адамға,
Ақылы жоқ наданға,
Шынын айтсаң иланбас.
Өтірік сөзді шын көріп,
Біліп сөйлей білмейді
Өнері жоқ болған соң...
Адамның жаратылысында да бірегейліктің жоқтығын, əр адам өзіне
ғана тəн қасиет, қабілеттерімен ерекшеленетінін, осыдан оның бірі дана, бірі
залым боп өмірден алған бағытына қарай калыптасатынын тап басып таниды.
Бір пара жан ғалым боп,
75
Бір пара жан залым боп,
Əуелде адам тарапты.
Заманының үміт артар ақылшысы, адам көңіліне дем беріп, рухани азық
болар жылы сөз айтып, бойына қуат құяр талант иелерін Дулат ерекше
жырлайды. Ақпа ақын, төкпе жырау өнерлеріне жоғары баға береді.
Жатық тілді тілмарды
Шешен демей не дейміз.
Кісінің сөзін байқап ол,
Жауабын тауып айтқан соң.
Көкірегі ашық, ойы озық ақындар тілге де шешен, себебі олар бас-
қадан гөрі түйінді, білімді болса керек. Сондықтан жақсы жырау бо-
лу үшін де білім керек. Ақындар оқыған болса, парасатты, көзі ашық,
көкірегі даңғыл, көңілі дана:
Көкірегі ашық ақынды,
Айдын демей не дейміз
Кітап сөзін жатқа алса,
Мағынасын оның білген соң.
Арғымақ аттай сымпылдап,
Қыран құстай сұңқылдап,
Жыраулар топта сөйлейді,
Көкірегі даңғыл болған соң.
Дулат адамның мінез-құлқын суреттеуге де шебер. Ол ұлық ал-
дында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал ұлық кетсе, елге қас-
қырша шабатын Сүлеймен сияқты екі жүзді зұлымдар мінезін дəл
басып, шебер бейнелей біледі:
Орыстың көрсе ұлығын
Қыздан дағы қылықты,
Ұлық кетсе, қазақка
Қоркау қасқыр құлықты.
Мұндай ала аяқтардан елді сақтандырып, жайдары жайсаң жан-дарды
үлгі етеді. Оларды асылдың сынығындай қадірлейді. Кең пейіл жомарт жандар,
төкпе шешен, асқан ақыл иесін дəріптейді. Олардың өнері алдында бас иіп,
соларға үміт артады.
Кей жақсының мінезі,
Еділ менен Жайықтай
Ағып кетіп сөйлейді,
Тілі жүйрік болған соң,
Қазы - сұңқар баршамыз.
Дарияда жүрген қайықтай:
Жақсылар топта сөйлейді,
76
Ғақылы мол болған соң.
Адам мінездерін бейнелеуде ақынның өзіндік сөз қолданысы бай-қалады.
Бұрын-соңды айтылып, мезі болған поэтикалық тілдерден өз-ге сөздер де
кезігеді. Ақын қолданған теңеу, эпитет, метафоралары тың да қарапайым,
көркемдік мəні зор, халық тілінің қайнарынан суа-рылғандай өткір. Мəселен, ол
томырық мінез адамды мұзды ағаштай деп сипаттайды. Ал «Мұздап тоңған
ағаштай» деген теңеу соншалық-ты мықты демесек те, орынды да əсерлі
айтылған жəне тек өзіне ға-. на тəн образ екені даусыз.
Ақын өз сөздерін кейінгі жастарға үлгі-өнеге етіп айтады. Өз бойына
біткен шешендік өнерді қастерлеп, жоғары бағалап отырады.
Жырымды менiң тьңдаған,
Сөз ұғатын соңғы адам,
Тындаудан əсте тынбаған.
Гауһардай нұрлы бұлдаған.
Сарқырап аққан жылғадан,
Жыр арнасы — суатпын.
Дулаттың ақындық туралы айтқан пікірлеріне қарағанда, ол жай сөз
ұйқасын қуған көптің бірі емес, көркем сөзге жетік, асыл сөз меруертін тере
білген ойлы шешеннің өзі.
Шашудай болып шашылар,
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шəкірі,
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дəл басып,
Қалаған жерден көздеген.
Қосылып алтын қорымас
Мырышпен мыс жезбенен.
Ақындық сөздің рухани күшіне сенген Дулаттың өз өлеңінің ал-дына
қояр мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп таңдай жібітер сөзді,
шаршағанда тынықтырар, күш-қуат болар рухы зор нөсер жырлар шығаруға
талаптанған. Өлеңнің мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың
көңіліне дем, қайғысьна ем болу, - деп ұғады, яғни өлеңді ол еріккеннің
ермегі емес, керегі деп біледі.
Меруерттей сөзбен шашайын,
Бойыма біткен асылым
Ақындық нөсер қуаттың,
Сусағанды сулатып,
Шаршағанға қуат боп,
Күйзелгенді қуантып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мүйіс жерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай.
77
Көркем сөз кестесін төге білген ақпа ақынның əрбір тармағы əсерлі,
мəнерлі, айқын теңеу, əдемі эпитет, күшті метафораларға бай. Халқының
көркем сөз қорын жете меңгеріп, оны орынды қолданады. Əр сөзді күшейте,
құлпырта біледі, салыстыра сөз қозғап, салмақты ой түйеді. Əр тұста баламалы
сөздерімен тыңдаушыларын ұйытып, ерік-сіз еліктіреді.
Көп жаманың мінезі,
Жиылып келген жынмен тең...
Қаптаған боран ашылса,
Жадыраған күн, жазбен тең.
Халайықтар, жарандар,
Халқьңменен тату жүр.
Өтетұғын сұм дүние,
Қаңқылдап ұшқан қазбен тен.
Бұл сияқты (бір нəрсені екінші айқынырақ нəрсеге «теңгерiп»,— сөз
қолданыс ақын тілінің ерекшелігі деп көрсетуге тұрарлық қүбы-лыс. Себебі,
осы тəсіл ақынның көп өлеңіне тəн қасиет боп қалыптас-қаны байқалады.
Ақын жаңа заман жастарын бүрынғы заман жастарына салыстыр-
ғанда да айқын образдар жасайды. Өзінің ескішіл түсініктерін айқын-
дай түсетін теңеулер қолданьш, айтпақ ойын дəл, жерiне жеткізе бей-
нелейді.
Бұрынғының жігіті,
Жапанда біткен теректей.
Ендігінің жігіті,
Ағашқа керткен иректей,
Бұрынғының қыздары,
Қырмызы қызыл жібектей
Ендігінің қыздары,
Құрсауы жоқ шелектей.
Ақын адам образын жасауға шебер. Ол асылы адамға тəн тұлға, бітім,
ой-түйін, сана-сезім, мiнез-құлық, іс-əрекеттерді термелеп, ай-қын теңеулер
арқылы ақтарыла жыр шертеді. Ол өзін таныстырған бір өлеңінде:
Менің атым — Байғүс қарт,
Көзге түсер сыйқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жок,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен, ойым бар,
Шынардан биік санам бар.
Атан өгіз сыйғызған.
Ақылдан алпыс сабам бар,
Қорыған құрыш сөзім бар.
Бұлттан өтіп мұнарды,
Болжайтұғын көзiм бар,— дейді.
78
Бұл өлеңдердегі «теңізден терең ойы, шынардан биiк санасы, атан
өгіз сыйғызған- ақылдан алпыс сабасы, қорытқан құрыш сөз, бұлттан өтіп,
мұнарды болжар көз» т. б. салыстыру, эпитеттер
:
шеберлік куəсi бола алады.
Дулат шығармалары көбінше əлеуметтік толғау түрінде келеді. Өзі
жасаған заман, қоғам жайларын қозғайды. Өз кезіндегі
қоғамдык,əлеуметтік өзгерістерге сын көзімен қарайды. Сондай-ақ
ақынның көптеген шығармалары моралистік ақыл беріп, адамгершіл идеялар
ұсынады. Жақсылық жолын нұсқап, əділеттікке, адал жүріп — анық басуға
керекті
ақыл-нақылдар,
аталық
өсиеттер
айтады.
Тегінде
Дулат
шығармаларының басым стилі -дидактика. Əсіресе, ақынның «Өсиетнама»
жинағына енген шығармалары осындай.
Дулаттың кейбір шығармалары арнау немесе лирикалық монолог ретінде
де келеді. Арнауларында жеке адамды немесе əлеуметтік бір топты нысанаға
алады. Елдікке, ағайыншылыққа шақырады.
Дулат творчествосынан елеулі орын алатыны оның «Еспембет» дастаны
мен бір топ өлеңдері. Бұл саладағы ақын туындыларын XIX ға-сырдағы қазақ
əдебиетіне косылған үлес деп бағалау орынды. Ол өз отанына, езілген елге
жанашырлықпен қарайды, елінің тəуелсіздігі үшін күресті жақтап, халықты
ерлік-қимылға шақырады. Ақынның бұл идеялас шығармалары əлеуметтік,
дидактикалық өлеңдер. Əрине, бұған қарап Дулат шығармаларының бəрі
бірдей құрғақ үгіт, жалаң өсиет деуге жəне болмайды. Дулат - өлеңнің,
өнедлңк қадірін білген көркем сөз шебері. Суретті, образды шумақтар оның
шығармаларын-да барынша мол.
Ер қанаты асыл арғымақ, батырға серік тұлпар бейнелерін суреттеуде де
ақын қолданар образды сөздер көңіл аударарлық. Ер Еспембеттің «Ақбөрте
арғымағы», қалмақ батырьньң «Мақпал қара қасқасы» ақындық шабытпен
жырланады.
Дулаттың суреткерлігі оның туған өлке табиғатын бейнелеулері арқылы
да танылады. Арқа өлкесінің сұлу табиғаты, өзінің кіндік қаны тамған
Сандықтас жері мен Аякөз өзені ақынның талай асқақ жырларына арқау
болады.
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын сонысы.
Аққан, бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң.
Атам қонған кек далам...—деген жолдарда ата қоныс арқанын,
шаруаға құт, малға жайлы, самалды-сайлы ажары ерекше құштарлықпен
жырланады.
Елінің ырыс қайнары есепті Сандықтас жерін де ақын өзінше қас-
терлейді. Бие байлап, жаз жайлап, ырысы шайқалмай жатқан елдің құтты
қонысының өзі деп ардақтайды:
Ой, Сандықтас, Сандықтас,
79
Атамның қонған жайлауы,
Қайнардан суың қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы...
Сенің арқаң емес пе,
Лықсытып малды айдауы...
Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып...
Самалың салқын соғатын,
Сары ызғырық жел болып...
«Тауды екіге-жарасың»—деп басталатын ақынның Аякөз өзені туралы
толғауы да туған жер табиғатын ерекше талғаммен жырлай-тын айқын суретті
шығарма. Аякөз өзенінің тауды тіліп, тасты бұзып, асаудай тулап, Тарбағатай
тауынан бас алып, талай жерді шарлап,
көп алқапты көк майсаға айналдырып, асып-тасып жататынын айта
отырып, ақын сол өзеннің мөлдірінен сусындаған жан-жануардың табар
рақатын үлкен сүйіспеншілікпен шалқыта жырлайды.
«Тастың қашап арасын,
Аякөз қайда барасың?»- деп, тілсіз табиғатқа арнап
сөз тастайды.
Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал.
Ерекше семіз ішкен мал.
Сумаң қағып сүйріктей.
Шалқып шапқан жүйріктей,
Екіге бөлген ерке су,
Қас пенен көздің арасын,— деп, өзеннің ағысын сұлу
сүйрікке, қас жүйрікке теңеп, өзінше шебер сурет жасайды ақын.
Аякөздің ел-жұртқа мол несібе, ырыстың өлкесі боп, жағасын
жайлағандардың қорасы малға, бағы жеміске толып, əуелбастан құтты
қоныс боп келгенін айтады:
Аякөз, сенің бойыңда,
Несібе, ырыс тегіс қой,
Сай-салаң, балғын жеміс қой.
Қызыл малың күндігі,
Ойың өнім егіс қой...
Дулатқа дейінгі қазақ ақындары ішінен Ы.Алтынсариннен басқа өзен
тақырыбын осылай толық жырлап, поэзиямен сурет салған адамды біз кездестіре
бермейміз. Сондықтан да Дулаттың бұл саладағы үлесін тиісінше бағалаған
орынды.
80
Дулат өлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз əдебиетімен ғана үндесіп
жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты
кейінгі ақындармен үндесіп, пікірлері астасып жатады.
Мəселен, Дулаттың «Он бес деген жас қайда» деген өлеңі адам өмірі
туралы айтылатын, Бұхар, Шал, Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен
тақырыптас өлең.
Дулаттың старшындар мен болыстарды сынағанын біз жоғарыда да
айттық. Абайға үндес келетін Дулат сөзінен тағы бір мысал келтіре кетейік:
Бай старшын мойнына,
Жезден қарғы тағынды.
Аға сұлтан қазылар,
Майорға болды жағымды.
Немесе:
Тау басында болыс тұр,
Ұлық сөзін мақұлдап,
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Ақын адам өмірін, жастық шағы мен кəрілікті де шебер бейнелейді.
Халық ауыз əдебиеті стилінде төгілте жыр толғап, төселте сөз шертеді. Ақын
тілі бейнелі, өткір.
Дулат өлеңді толғау үлгісінде жазды. Оның поэтикалық тілі
халыққа қанық сөздерден қүралған.
Кеңесбай, азғын туғансың,
Тістеуік айғыр секілді,..
Ішің аяз ,ақ қырау,
Сыртың сұлу сарайсың.
Ол — өлең мəнін білген, нақылдап-мəтелдеп сөйлейтін тілге жүйрік
шешен. Ақын елді ұйытар, халыққа əсерлі үлгі көрсетер өткір жырды,
шешендікті алға ұстайды.
Шешендіктiң сəнi жоқ
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
Дулат - ақындық туралы, оның мақсаты мен міндеттері туралы. да
айқын пікір айтқан адам. Ол өзі туралы өлеңдерінде ақындық өнерді жоғары
бағалайды. Бұрын жас кезінде адасып, кез келгенге еріп, мəн-сіз өмір сүргенін,
кейде өлеңге өнер ретінде жете маңыз бермей, же-ңіл қараған кездері де
болғанын айтып қынжылады. «Бай, төре, би-лерге де ердім, оның сөзін де
сөйледім, кем-кетікті елемей де жүр-дім» деп, өзінің кейбір жарамсыз істеріне
өкініш білдіреді. Бұдан ке-йін, ер жетіп, ел қадірін, сөз сырын түсінгеннен
бастап өмірінің соңғы кездеріне дейін ел жайын, заман сырын жырлап,
жағымсыз мінездерді сынап, терең сыр шерткенін баян етеді.
81
Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін анафоралар да (бір əріптен бас-талатын
өлең жолдары) оның шығармаларын жазба əдебиетпен ұш-тастырады. Дулат
өлеңнің дыбыстылығына да жоғары мəн берген. «А» əрпінен ұзақ жолдарды
қатар келтіріп, ассонанс арқылы өлеңі-нің əуенділігін күшейткен.
Аждаһадан кем емес,
Аузын ашқан айбары.
Алты жүз кірген соғысқа,
Алпыс алты айлалы.
Алты қару асынған,
Айласының айғағы.
Дулат шығармалары қазақ жазба əдебиетінің қалыптаса беруіне өз
үлесін қосты. Кейбір кері тартпа пікірлеріне қарамастан, ол поэзиямыздың
мазмұнын байытып, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті.
Сын-сықақты жиі қолданып, өлең өнерінің бұл саласының қалыптасуына да
септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |