Ақын ӛлеңдеріндегі суреткерлік ӛрім
Алғашқы кезеңдегі ӛлеңдерінде кӛркемдік жағынан кемшіліктер
болғанымен де, ақын боп туған таланттың алғашқы аяқ алысының ӛзі ӛлеңді
жүректен жазатынының куәсіндей. Оның сол кездің ӛзінде адам мен қоғам,
адамның ӛмір мәні жайлы ой толғап, кӛркем сурет жасауға ұмтылғанын
кӛреміз. Ол қоғамдағы әділетсіздік, әлеуметтік теңсіздікті әйел тағдыры
арқылы кӛрсетуге тырысады. Дүмше молдалар уағыздаған дін, сапасыз діни
оқу сипаты жӛнінде де ой тербейді. Оларға ӛз түсінігіндегі, ӛз білімі жеткен
ұғымдар тұрғысынан қарсылық білдіреді.
Ақындық ӛнерді “...бұрын жалғыз оқу еді іздегенім, енді оған ӛлең жазу
болсын серік” деп бастаған бала ақын алғашқы ӛлеңдерінде-ақ туған
халқындағы ӛлең ӛнерінің үлгілерін еркін меңгеріп, құр ұйқас құрмай,
ӛлеңдегі айтар ойдың орамын табуға тырысады. Кӛбіне салыстыра,
салғастыра бейнелеуге тырысады.
184
“Орнымыз медресе оқып жатқан”, “Кедейлік”, “Байлық”, “Соқыр сопы”,
“Неке қияр” сияқты тырнақалды ӛлеңдерінде оқу мен надандық, ғылым мен
дін, кедейлік пен байлық бір-біріне қарама-қарсы қойылады.
Ақын үнемі ӛзі жазып отырған тақырыптың арғы жағына, тереңіне ой
жіберуге тырысады. Алғашқы ӛлеңдерінің ӛзінде-ақ әділеттік, әділетсіздік
тәрізді ұғымдарға барып ой елегінен ӛткізуі, ӛзіндік топшылау жасауы
осының айғағы.
Жан қайда әділетті іздейтұғын,
Адамшылық атақты кӛздейтұғын.
Тірлікпен ӛлген күнді бірдей ойлап...
Арамдық теңізінде жүзбейтұғын
34
.
Сұлтанмахмұт “Жан қайда әділетті іздейтұғын” атты осы тұңғыш
ӛлеңінде айтар ойды кӛркем суретпен ӛрнектеп, ӛзі ӛмір сүрген қоғамдағы ең
бір ӛзекті екі мәселеге назар аударады. Бірі – дін мәселесі, екіншісі – әйел
мәселесі. Дінді бұзып отырған арам молдамен ӛз қадірін ӛзі кетірген қыз
жайлы түйінді ой айтып, олардың есте қалар бейнесін жасауы ақынның жас
қаламының ұштала басталғанын танытса керек.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының ӛзекті тақырыбы – оқу-ағарту.
Алғашқы ӛлеңдерінен-ақ кӛрініс беретін бұл тақырып, ақын поэзиясының
үзілмес
желісіне
айналған.
ХХ
ғасыр
басындағы
ақындар
шығармашылығында бұл тақырып үнемі алдыңғы қатарға шығып отырғаны
белгілі. Бірақ Сұлтанмахмұт поэзиясында ағартушылық тақырып тек
насихаттық, үгіттік аяда қалып қоймай, терең ой, нәзік сезім, кӛркем тіл
арқылы ӛрнектеліп, оқушының “тіліне жеңіл, жүрегіне жылы” тиер күйде
жазылған ақындық ӛнердің озық үлгісі болып келеді.
Ақын оқу-білім тақырыбын ақындық жолының алғашқы кезеңінен-ақ ӛз
шығармашылығына ӛзек ете бастаған. “Орнымыз медресе оқып жатқан”,
“Оқу”, “Оқып жүрген жастарға”, “Талиптарға”, “Оқуда мақсат не?” ӛлеңдері
осының айғағы. Сұлтанмахмұт оқу-ағартуды арқау еткен ӛлеңдерінде ӛз
мақсаты мен қазақ жастарының мақсатын ұштастыра отырып жырлайды.
Ақынның жеке арманы, мақсаты, білім-ғылым туралы түсінігі жеке басының
ғана емес, ұлт қамын ойлаған жанның биік азаматтық мақсаттарымен
айшықталады. Мәселен “Оқуда мақсат не?” деген ӛлеңінде ақынның
жалқыдан, жалпының мәселесін тануы нақты кӛрініс тапқан. Ӛзінің оқу
оқып, білім алудағы мақсаты белгілі ақын ӛзгелерге ой салып, санасын
оятуға ұмтылады. Жалпы “Оқуда мақсат не?” – деген сұрақты қоя отырып,
білім алушы шалағай шәкірттерді молда я тілмаш болу емес, елді ұлы
мәдениетке жеткізер, ел игілігі үшін қызмет етер ағартушылық міндетке
34
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармаларының екі томдық жинағы. Т.1. –Алматы. Ғылым, 1933. - 25 б.
185
бейімделуге шақырады. Оларды “Молда болып тӛрде отыруды”, “Тілмаш
болып жем табуды” кӛздемей, елдің ертеңіне ие болып, ӛрге жетелеуді
мақсат тұтуға үндейді.
Яки мақсат: ӛнер, білім алуға,
Алға қарай баруға.
Намыстанып қорланып,
Хұқықтан махрұм қалмауға.
Милет кӛзін ашуға,
Терістіктен қашуға.
Заманаға кӛз салып,
Аяқты жӛндеп басуға.
Ақын ойының түп негізі – білімнің ұлы күшін сезіндіру. Оны ел игілігіне
айналдыру. Сұлтанмахмұттың осы ӛлеңінде сӛз арасында айтылған тәрізді
кӛрінетін, ашық айтпаса да анық сезіліп тұрған, сӛз түсінер жанға ұғынықты
бір ой қылаң беріп қалады. Ӛлеңдегі негізгі ойдан алшақтау болса да, осы бір
жолдың арқалаған жүгі ауыр, кӛздегені алыс.
Ӛнер тұқымын егуге,
Жарыққа қарай келуге,
Пайда, зиян айырсақ,
Жүре бермей жегуге.
Отанымызды сақтауға,
Ақиқатты жақтауға,
Бізде басты кӛтерсек,
Қала бермей таптауда.
Бұл тұста ақын ағартушылық идеяны азаттықпен ұштастырып әкеткен.
Ақын ағартушылықты білім мен ғылымға жетелер жол ғана емес, елді
болашақта азаттық пен тәуелсіздікке жеткізер жол деп біледі.
Ағартушылықты ұлт санасын оятар басты құрал деп біледі. Сұлтанмахмұттай
ақын үшін ұлтының отаршылдықтан құтылуы ең алдыңғы қатарға шығар
басты мәселе екені даусыз. Сондықтан да осы мәселені қашанда еске салып,
қай тақырыпқа жазса да кіріктіріп жіберу үнемі белгі беріп қалып отырады.
“Оқуда мақсат не?” атты ӛлеңде тағы бір ерекшелік бар. ХХ ғасыр
басындағы кӛп ақындарымыз жалпы қазақ оқымаған, оқуы жоқ, надан халық
деп жатса, Сұлтанмахмұт ӛзгеше бір оқшау жайды алға тартады.
Демейміз оқымады біздің халық,
186
Болса да оқу-анық, мақсат танық.
Болса егер ойларыңда соңғы мақсат,
Еш мұндай болмас еді артта халық
Ақын пікірінше халықтың ӛркенниеттен артта қалуы оқудың аздығынан
емес, мақсаттың анық болмауынан. Оқу, білім ұлы мақсат үшін жұмсалғанда
ғана нәтиже берері хаһ. Алған білім елдің болшағы үшін қызмет етуі керек.
Ол күнкӛрістің амалы болған жерде, даму жоқ. Ақын бұл жерде оқу-білім
алуға, жалпы ағартушылыққа үлкен азаматтық түсініктен келіп отыр. Яғни
оқу елден ерекшеленудің, биік мансапқа қол жеткізіп ӛз ұлтын ӛзі қанаудың
құралы емес, халықты ӛркениетке жеткізудің, ӛзгенің отаршылдық
қыспағынан құтқарудың бірден-бір жолы.
Сұлтанмахмұттың бұл тақырыпқа жазған кейінгі ӛлеңдерінде (“Шығамын
тірі болсам, адам болып”, “Шәкірт ойы”) лирикалық қаһарманның ӛршіл
ойлары тіпті айқындала түседі. Ақынның романтикалық рухқа толы
жалынды ӛлең жолдары мың құбылған ӛлең сӛздің құдіреті арқылы оқырман
кӛңіліне жылы ұялап, жүрегіне жол табады.
Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып кӛрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
“Шығамын тірі болсам, адам болып” атты ӛлеңдегі осы жолдар “Тірі
болсам надандықты тебем” деп, серт берген лирикалық қаһарманның
арманының биік, ойының асқақ екенін танытады. Ақын кӛп оқығанның бірі
болуды қаламайды. Сондықтан да кез келген ақынның теңеуінде жүрген
“жарық жұлдыз” емес, “балқып туған” ай болғысы келеді. Оның ӛршіл
рухына нұры мол, қараңғы түнді жарық қылар толған ай жақын. Осынау
шағын ӛлеңнен арманшыл ақынның жүрек бұлқынысын, ертеңгі күнге деген
ұмтылысын танығандаймыз. “Жарық күннен сәуле қуған”, мақсаты жоғары,
жүрегі отты лирикалық кейіпкер бейнесі мәңгілікке кӛз алдымызда тұрардай.
Сұлтанмахмұттың ағартушылық тақырыбына жазған ӛлеңдерінің ішінде
шоқтығы биігі – “Шәкірт ойы” (1917). Бұл – нағыз ақындық табиғаттан
жаралып, ой мен сезім тоғысынан туып, ақын жан-дүниесінің тынысын
сездірер ӛлең.
Қараңғы қазақ кӛгіне,
Ӛрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылық кӛгіне,
Күн болмағанда, кім болам?!
187
Кӛркем тілдің шырайын ашып, сӛзбен салған суретке жан бітіріп тұрған
отты жыр – бір сәттегі шабыттан шығып, бір тыныспен жағылғаны анық.
Шағын лирикалық ӛлеңнен жалынды жырды туғызған ақынның ӛзіне деген
сенім-күші, күрескерлік рухы, қайтпас қайсарлығы, қажымас қайрат-жігері,
жастық жалыны айқын танылады.
Жалпы алғанда, Сұлтанмахмұт поэзиясында саяси лирика, әлеуметтік
сарын басымдау келеді. Ақынның 1907-1911 жылдары жазған ӛлеңдерінде
ӛзі кӛріп, байқаған ӛмір құбылыстары, кейбір ӛктемшіл үстем тап
ӛкілдерінің, білімге құштар жастардың образдары бейнеленіп, нанымды да
дәл болып шығады. Кӛркем портрет пен пейзаждар да жалаң жасалмай, ӛмір
құбылыстары мен әлеуметтік жағдай қат-қабат алына отыра Абайдың
реалистік дәстүрінде бейнеленеді. Ақын поэзиясында Жарқынбай, Күләйме,
Мұқан, Сарыбас, Шүкібай сияқты образдар жасалып, нақты бейнеледі.
Мысалы, “Жарқынбай” деген сюжетті ӛлеңі – осы тұстағы жазған
ӛлеңдерінің бір озығы деуге боларлық, ақынның талант ұшқынын танытатын
ӛлең. Мұнда Мұқан, Жарқынбайлардың іс-әрекеттері мен мінез кескіндері
сомдалып, әрқайсысы ӛзіне тән белгілерімен айқын дараланған, Жарқынбай
мол байлығы мен сатып алар атақ шеннен басқаны білмейтін озбыр, надан
кейпінде суреттелсе, Мұқан орысша оқыған, адамгершілігі мол, бірақ
бойында қайрат, ісінде айбат жоқ жігіт бейнесінде беріледі. Ал Күләйме
болса, айнымас махаббаттың қатал азабы мен ескі салт-сана қорлықтарына
шыдай жүріп қиналатын дәрменсіз ару. Бұл үшеуінің бойынан ешбір
ұқсастық таба алмайсыз. Әрқайсысын ақын ӛз орнымен кӛрсетіп, нанымды
етіп суреттей білген.
Сұлтанмахмұтқа ақындық ӛнерді құдай дарытқан. Оның шеберлігі – әр
сӛздің орнын таба білуінде. Орайын тапса, ойнамайтын сӛз жоқ. Мына
ӛлеңіне назар аударалық.
Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ,
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ.
Болғанда кӛзің – жақұт, етің – торғын,
Қасың – ай, шашың – жібек, мамық – тамақ.
Бұл ӛлеңде ақын сұлу қыздың бейнесін беруде күміс жүзді, құндыз қабақ,
мамық тамақ секілді эпитеттерді қолданып суреттесе, кӛзің – жақұт, етің –
торғын, кӛзің – нұр, сӛзің – алма, аузың – алтын деп, адам образын жасауда
аса нұсқалы метафораларды қолданады.
Ақын енді бірде “Соқыр сопы”, “Неке қияр”, “Шұбар қожа” ӛлеңдерінде
жағымсыз мінез-құлық, кейбір арамзалардың жат қылықтарын әшкерелеп,
ащы тілмен ӛткір түйрейді. Мысалы, “Шұбар қожа” ӛлеңінде:
188
Сұрайтыны ат, айғыр, қошқар, бұқа,
Түк білмей-ақ, күбірлеп, оқып дұға.
“Емдеймін” деп, ӛлтірген аруларды,
Елдегі үлкен кесір Шұбар қожа, –
дейді. Қараңғы елді алдап, мал тауып жүрген Шұбар қожаның іс-әрекеті
арқылы сол кездегі молда, қожа, сопылардың бейнесін кӛрсетеді.
“Ақын шығармаларының тақырыптары - түгелдей шынайы ӛмір, қазақ
халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы ӛмірі. Сұлтанмахмұт шығармаларының
жиыны қазақ халқының Қазан революциясынан бұрынғы, революция
жылдарындағы қоғам тіршілігінің, дүние, қоғам тануының, әдет-ғұрып
шындығы, әрі әділ сыны, халықтың ой-арманы, тілек-мақсаты”,
46
– дейді
ақынның түбегейлі зерттеушісі Б.Кенжебаев.
Ақын айналадағы құбылысқа жіті қарап, оны ақындық кӛңілмен
қабылдап, кӛргенінен қорытынды шығарып, ой түйеді. Оны ӛлең жолдарына
айналдырып, ӛзін қоршаған ортадан ойып алған небір бейнелердің кейпін
жасайды. Бірде кӛрік десе кӛрік жоқ, ішкен мен жегенге мәз болған, сиықсыз
шолжың боп ӛскен бай қызының түр-әлпетін күлкіге айналдырса, бірде
сезімнен жұрдай малына сенген әумесерді келемеж етеді.
Амал не, малдың сӛзі ем болды ғой,
Малсыз басың кім болсын кем болды ғой.
Аққуы айдын кӛлдің сұңқар ілген,
Қарғаға қи шоқыған жем болды ғой.
Он тӛрт жасар ақын бұл ӛлеңінде мал беріп, біреуді зорлап алғанына
масаттанған кӛкірегі соқыр, нас наданның топас қылығын күйіне жырлап,
ашына суреттейді.
Ақын ӛз шығармашылығының екінші кезеңіне жататын 1912-1916
жылдарда ақындық ӛнердің биігіне кӛтеріліп, шынайы шеберге айналды.
Мұнда әрі сыршыл лирик, әрі сатирик, әрі терең ойшыл, әрі азаматтық
сарынды биікке кӛтерген ақын ретінде кӛзге түседі.
Ақынның сатиралық ӛлеңдерінің ішіндегі кӛрнектісі – “Сымбатты сұлуға”
деп аталатын сатиралық ӛлеңі.
Ӛлең атының ӛзінде ерекше бір мысқыл мен әжуа бар. Себебі ӛлеңге
арқау болған сұлу қыздың сымбаты емес, керісінше кӛріксіз, топас, не
түрінде, не тіршілігінде іліп алар ештеңе жоқ қыздың бейнесі сипатталады.
Сүйдірген сені маған кірлі мойның,
Арбадай қиратылған доғал ойның.
46
Кежебаев Б. Әдебиет белестері. –Алматы, 1986. - 277 б.
189
Ә, дүние, кіріп бойым жылытар ма едім,
Қаңтардың аязындай ыстық қойның.
Ызғар шығар қойныңнан,
Жанжал шығар ойныңнан!
Осылайша езуіңе еріксіз күлкі үйірілетін осы ұзақ ӛлеңде ақын олақ
қыздың кӛріксіз келбетін, жағымсыз мінез-құлқын кӛрсете отырып, әр
шумақты жоғарғыдай екі жолмен түйіп тастап отырады.
Ақынның “Қыз сүю”, “Гүләйім”, “Жан қалқам” деп аталатын ӛлеңдерінің
кестесі мүлде бӛлек. Бұлар – таза махаббат лирикасына жататын сыршыл
ӛлеңдер. Оларға ақынның сұлу сезімі, жастық ӛмірдің махаббат шуақ
шашқан қызықты сәттері арқау болып, лирикалық қаhарманның сезім күйлері
тӛгіліп түсіп отырады. Мысалы, ақын Гүләйім атты сұлу қыздың бет бейнесін
әдемі суреттейді.
Он беске Гүләйімнің келген жасы,
Жібектей үлбірейді маңдай шашы.
Ақ торғын екі беті құлпырған нұр,
Алланың бір жаратқан тамашасы, –
деп, жан сұлулығына тән сұлулығы сай кӛрікті қыздың кӛркем бейнесін
жасайды.
“Жан қалқамда” лирикалық қаhарманның ғашық жарына деген отты
сезімі, жауапсыз қалған махаббаттың ӛзекті сыры ақтарылады. Ақын бір
сәтте:
Ӛзегімді жандырдың,
Идеямнан тандырдың.
Ӛмірлік кетпес қайғымды,
Бір кӛз салып қалдырдың, –
деп, сезімі мен назын қатар жеткізсе, тағы бір сәтте:
Кӛлеңкеңді кӛрейін,
Құрбандықта ӛлейін.
Жандырдың ӛзің ӛрт салып,
Баспасаң қайтіп сенейін, –
дей келіп, сүйген сұлуына деген адал сезімін ақтара тебіренеді:
Сірә да жалғыз мен емес,
190
Сенсіз дүние тең емес.
Ауруым қатты ӛлемін,
Ӛзіңнен басқа ем емес.
Сұлтанмахмұт – адамға тән сезімді, кӛңіл күйдің сәттік ахуалын тап
басып суреттей алатын, оны кӛркем образ, кӛркем суретке айналдырып, кӛз
алдыңнан кетпестей, жүрекке әсерін ерекше етіп бере білетін сыршыл лирик
ақын.
Сұлтанмахмұт кӛптеген лирикалық ӛлеңдерінде лирикалық кейіпкер
атынан сыр шертіп, ӛлеңдегі сезімділікті ӛзгеше бір күйге бӛлеп тастайды.
Мұндай ӛлеңдерінде айтылар ой, нақтылықтан гӛрі, жалпылыққа ауысып,
барлық оқырманға ортақ сезімдей қабылданып, оқушыға ерекше әсер етеді.
Бұл – лирикалық тәсілдің бір түрі. Осы тұрғыдан қарағанда ақын ӛлеңдерінің
мән-мағынасы оқырман ұғымына, сезіміне сай келіп, жүрегімен табысып,
жанына жақын болып жатады.
“Алты аяқ” деп аталатын лирикалық ӛлеңінде ӛмір үшін арпалысқан, ӛмір
тұңғиығындағы небір қиындықтар мен қиыншылықтарды жеңіп, жарқын
болашаққа ұмтылған лирикалық қаhарманның бейнесін сомдайды.
Суық ӛткен, шаршаған,
Бола ма адам, болмай ма?
Соққы жеген қаншадан,
Дауысы яки қонбай ма?
Қиыншылық, қиындық теңіз бейнесінде сипатталып, ақыры адам жеңіп
шығады. Мұнда күрескерлік рух басым.
Сұлтанмахмұт ақын ретінде қоғамдық ӛмірдің алуан түрлі сұрықсыз
жақтары мен ұнамды-ұнамсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, характерін,
мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін ашық, айқын әсерлі кӛрсетуде асқан
шеберлік танытады. Суреткер адамның әр түрлі қасиеттерін, сыр-сипатын
бейнелі сӛз үлгілерімен бере отырып, жаратылыс кӛріністерін, табиғат
құбылыстарын да жаңды бейне қалпында суреттейді.
Ақынның азаматтық позициясы оның ӛлеңдеріндегі халықтың еркіндік,
бостандық жолындағы мүддесін, күресін бейнелеуден кӛрініс табады. Ақын,
әсіресе кейбір озбыр жан-дардың арам пиғылын, сұрықсыз бейнесін
кескіндеуге ӛте шебер. Әлеуметтік теңсіздік, езілгендердің азапты тіршілігі –
солардың іс-әрекетіне, артта қалған қоғамның келеңсіз жағдайына
байланысты жырланады.
Сары жез сатып алды малын шашып,
Сол үшін мақтанады мықын басып.
191
Ел дейтін адам басшы әзір сирек,
Кӛпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек.
Бұл – реалистік дәлдікпен берілген шыншыл суреттеулерде ақын ӛз
ұлтының ішінен шыққан, халқын шенге сатқан, ӛз құлқынан басқаны
ойламайтын тоғышарлар бейнесін кӛрсетеді. Абайдың “Болыс болдым,
мінекей” деп келетін ӛлеңі еріксіз еске түседі. Бірақ уақыт озады, замана
ӛзгереді. Осыған орай қазақ ішіндегі ӛзімшіл озбырлар жан ұшырып, түсін
де, амал-айласын да ӛзгертіп нағыз әкім болып алады. Ол – “Оқыған басшы”.
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
І стеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
“Бір адамға” – Сұлтанмахмұттың әлеуметтік сарыны басым, ӛткір де
шымыр ӛлеңдерінің бірі. Мұнда ақынның сыншыл реализм әдісін жете
меңгергендігі айқын кӛрініс тапқан. Сұлтанмахмұттың суреткерлік шеберлігі
сонда, ол осы шағын ӛлеңіне үлкен әлеуметтік жүк артып, кереметтей сурет
жасап, түйін түйген. Үлкен шығармаға жүк болар ойды шағын кӛлемге
сыйғызып, шеберліктің шыңына шыққан.
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты.
Бұл жерде ӛмірдің ӛзгерісін түсінуден қалған, заманның дамуынан
хабарсыз, патша берген жылтырауық түйме мен оқалы шекпенді бағып
отырғанына мәз, санасыз жанның бос кеуделік сыйқы кӛрінеді.
Ақын ӛлеңнің алдыңғы бӛлігінде шалдың жинаулы қазына-малдарын
суреттей келіп, ӛзінің ол жӛніндегі ойын кейінге сақтайды. Шал: “кӛріңіздер,
жасқанба” дегенде ғана ақын ӛзінің кӛзқарасын ақтарып салады.
Дедім мен: “Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз”.
192
Ӛңменіңнен ӛтер ӛткір мысқыл, бірақ оны түсінер жан қайда. Ақын бұл
ӛлеңде замананың кӛкейкесті мәселесі – әлеуметтік теңсіздікті басты нысана
ете отырып, тӛмендегіше ой түйеді.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нақақ кӛзден жас бар ма деп,…
Ақынның осы түйінінде айтар ойдың бар жиынтығы жинақталған. Кӛз
алдымызда ақын салған керемет сурет, бейнелі образ мәңгілік ӛшпестей
қалып қояды. Күміс кесе түбінде езілген ұлттың мӛлдіреген кӛз жасы тұнып
қалғандай.
“С.Торайғыров ӛз туындыларында, ӛмірдің із түспеген тұнық ӛлкелеріне
шүйігеді, бұрын қазақ тарихында ешкімнің санасында тербелмеген соны да
ірі мәселелерді кӛтереді, оларды жанды образға бӛлеп, оқушы миллиондар
қызығарлық, елігерлік, жаңа әлемнің жан тебірентер жайлы да тамашалығын
жанымен сезініп, ләззат табарлық кӛркемдікте суреттейді”
47
, – дейді
зерттеуші-ғалым Т.Нұртазин. Сұлтанмахмұттың сыршылдығы мен ақындық
суреткерлігі оның табиғат лирикасынан, табиғатты әсем жырлауынан
танылады. Оның бұл саладағы жырлары жалаң табиғат кӛрінісінен тұрмайды,
сол кездің қоғамдық жағдайымен үнемі астасып жатады.
Елжіреп қардың кӛңілі ӛкпек желге,
Жер жібіп және тойып аққан селге.
Күн сайын күн күркіреп, кӛк дүркіреп,
“Қош!” – дейді қыстай сасып жатқан елге, –
деп басталатын “Кӛшу” атты 1914 жылы жазылған ӛлең – қазақ поэзиясының
озық үлгілерінің бірі. Қазақ халқы үшін ең бір қуанышты да қызықты мезгіл
жайлауға кӛшу сәті суреттелетін бұл туынды – Сұлтанмахмұттың шабытты
шағында туған сәтті дүние! Суреткер кӛктемнің күні күлімдеген, кӛгі
кӛтерілген, әсем шағын туған табиғаттың сүйікті перзенті ретінде сүйсіне
жырлай отырып, болмысқа терең бойлай да біледі.
Ӛмірдің сыртқы сұлулығын, жалдыр-жұлдыр жылтырақ кӛріністерін
суреттей бермей, оның қайшылықтарын да дәл аңғарады.
Қоймасын тастай салды кӛңмен жауып,
Жүк жеңіл болуының емін тауып.
Бел жіп, үзік, ашамай салқам-салқам,
Су құяр арбасына ауық-ауық.
47
Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы, 1968. – 152 б.
193
Қыстағы мал тезегі қора сасық,
Қалпында тазартылмай қалды сасып.
Ілдебаймен “кӛш жүре түзелер” деп,
Қорадағы кӛшті қазақ жабырласып.
Сұлтанмахмұт осыларды нағыз халық ақыны кӛзімен кӛріп, халық
жүрегімен сезініп суреттейді.
Суреткер “Кӛшуде” ел ӛміріндегі кӛктемгі ӛзгерістерді ауылдағы таптық
жіктеушілікпен байланыстырады. Бұл туралы академик Серік Қирабаев
“Бұның бәрі де Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолында дәуірдің
әлеуметтік жағдайларын суреттеуді бірінші орынға қойғандығын танытады.
Ол нені жырласа да әңгімені заман мен оның адамына, оған әсер етіп жатқан
жағдайларға бұрады”,
48
– деп түйеді.
Ал “Жапырақтар” деген ӛлеңіндегі ой мен суреттің айқындығы оқушыны
ерекше сүйсіндіреді.
Кӛңілдің қосып әніне,
Мәз болып жапырақ сәніне.
Тұр еді жаным балбырап,
Жылы жел тиіп тәніме,
Кӛзіме түсті қу жапырақ
Ойладым мұның мәні не?
Кӛгеріп гүлі ашылмай,
Сарғайған түсі басылмай.
Тұрған жалғыз сорлыны
Кӛк жапырақтар жасырмай.
Сарғайса да бұл сорлы
Ӛзгеге тұр бас ұрмай.
Бұл ӛлеңде ӛмірдің түрлі шағының шындығы астарлы берілген. Мұны
жазғанда ақынның кӛз алдына түрлі ӛмір белестері елестеп, кӛңілін мың сан
құбылтқанына кәміл сенеміз. Жас есейеді, кәрі ӛледі, ескінің орнын жаңа
басады. Бұл – ӛмір заңы. Кешегі бүгінге жетсе, бүгінгі ертеңге жетеді.
Ертеңгі дүниеге тағы да жаңаша келеді, кӛгере келеді. Әркім ӛзіне
мӛлшерлене берілген ӛмірді ӛкінбестей етіп ӛткізуге тиіс. Артында ӛкінішін
басар іс қалса одан артық не бар. Сұлтанмахмұт осы ӛлеңінде “кӛп кӛк
жапырақ ішіндегі жалғыз сарғайған жапырақ арқылы” ӛзінің бір сәттегі
кӛңіл-күйін әсем бейнелеп береді.
48
Қирабаев
С. Ақын
тағдыры⁄⁄ Торайғыров Сұлтанмахмұт. Екі томдық шығармалар жинағы . Т.
1.-
Алматы,
1933.- 8
б.
194
“Кеш” ӛлеңінде Күн мен түн аралығындағы уақыт тұрғысынан алғанда
ӛте қысқа сәттің ӛзіндік құбылысын кӛркем суреттейді. Түн қараңғылығын
жол таба алмай қорқақтаған лирикалық кейіпкердің жеке сезімімен
ұштастырады. “Қараңғылықтың” символдық мәні бар. Ол - қорқыныш, Ол -
қауіп, Ол - қасірет. Одан жол тауып шығу оңай емес. Ақын ӛлеңіндегі түйін
осы.
Қойнына қараңғылық енген барып,
Жағалай айналаның бәрі қауіп.
Қарасаң қараңғы түн жан қорқарлық,
Бұл күнде бола алмайтын жолды тауып, –
дейді ақын.
Жалпы ақын табиғат жайлы жазғанда, оның тылсым сырын айнала
қоршаған ортамен бірлестіре отырып, қарапайым кӛріністерден ғажап
суреттер жасайды. Ол қашан да болсын жаратылыстың кӛркемдігін адам
тіршілігімен байланыстыра бейнелейді. Айналадағы тіршілік тынысынсыз
жансыз табиғат сүреңсіз кӛрінеді. Тіршілік – жансыз суретке әр беретін,
оның сан құбылуын ӛрістететін, оған қимыл-қозғалыс беретін құбылыс.
Ақынның “Жазғы қайғы” ӛлеңі – осындай ойдан туған, сыр тұнған сұлу
сурет:
Жаз жетіп, қарлар кетті, сулар ағып,
Күн де тұр жарқ-жұрқ етіп нұрын жағып.
Құлпырып, жүз құбылып жердің жүзі,
Қуанбас жан-жануар бұған нағып.
Ақын жаздың шуақты күнін, жер ананы исіндірген күн сәулесінен түлеген
даланы, сол даланың кӛркі тӛрт түлікті, жайлау тӛсіндегі әдемі суреттерді
тӛгілдіріп жырлап келіп, кілт басқа сарынға ауысып кетеді. Онда аһ ұрған
ӛкініште, пейлі кең қазақтың жері тарыла бастауына егіле толғану да бар.
Жағалап ауыл қонған кӛлдерім-ай,
Суында жүзіп ішкен тӛлдерім-ай!
Шарқ ұрып, шалқып қонған қайран қоныс,
Зар болып бір күнгіге шӛлдедім ай! –
деп, ақын жері қарашекпенділер қолжаулығына айналып, ӛз еркі ӛзіне тимей,
қонысы тарылып, еңсесі түсіп, езілген жұртының жайына қамығады. Бұлай
астастыра суреттеу ақын ӛлеңіне үлкен мағына беріп, оның әлеуметтік
195
сарынын айқындай түседі. Ӛлең соңында ақын айтар ойын түйіндей келіп,
ащы шындықты жайып салады:
Ал енді, бізге келген заман қандай,
Заманға қарсы тұрар шамаң қандай?
Мұжықтың кӛк желке боп тепкісінде,
Талайсыз неден болдың, аһ, сормаңдай!
“Гүл” атты ӛлеңінде ақынның бір сәттік кӛңіл-күйді қалай шебер
бейнелейтінін кӛреміз. Жаздыкүнгі жайнап тұрған гүлге қарап ақын бір мезет
мұңға беріліп, осы сұлулықтың тез соларына, табиғаттың құрсағынан сонша
ғажап болып жаратылған ӛсімдіктің ғұмыр қысқалығына ӛкініш сезімін
білдіреді, ақынның жаны толқып ойын екі ауыз сӛзбен түйіндейді.
Мұның бәрін білмесең,
Ӛмір қайдан оңады.
Бұл – ӛмір заңдылығы. Оны түйсіну ӛмір мәнін терең түсінуге жетелейді.
Ӛмірдің ӛтпелігін, уақыттың құндылығын бағалауға итермелейді.
Сұлтанмахмұт ақындығын зерттеуші ғалымның бірі Ы.Дүйсенбаев
“Табиғат суреттері (пейзаж) мен кӛңіл-күйдің нәзік тебіреністерін беретін
жырларында Сұлтанмахмұт ӛзінің дағдылы жолынан танбайды, демек ең
алдымен, шығарманың тәрбиелік мәніне, эстетикалық әсеріне не эмоциялық
жылылығына ерекше кӛңіл бӛледі”,
49
– дейді ақын шеберлігі ту-ралы. Бұған
мысал болар дүние ақында жетерлік.
“Жазғы кеште” деген ӛлеңінде сӛзден сурет сала отырып, табиғат
аясындағы серуендеп жүрген ғашықтардың кӛңіл күйін, мӛлдір сезімдерін
уақыттың жанға сая, тәнге шипа кезімен астастыра кестелейді.
Кӛк ауа, мӛлдір аспан бейне жібек,
Кӛргеннің кӛңілі ӛсер, ойы түлеп.
Ай бауыры, кӛк орайдың қойнында
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.
Сұлу кеш, сұлу сезім, албырт кӛңіл, адал жүрек бірін-бірі әдемі ашып тұр.
Ақын бұл ӛлеңінде сұлу жұлдыз, кӛк ауа, бауыры алтын ай тәрізді
эпитеттерді қолдана отырып, сол бір кештің кӛңіл түкпіріндегі кӛркем
суретін береді.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының соңғы кезеңі 1917-1920 жылдар
аралығын қамтиды. Бұл – ақын ақындық ӛнердің бар қырын меңгеріп, нағыз
49
Қазақ
әдебиетінің тарихы. Т.
2. 2-
кітап.
-
Алматы,
1965.- 473
б.
196
суреткер ретінде қалыптасқан кезең. Ұлы далаға бостандықтың келгенін паш
еткен буржуазиялық-демократиялық революцияны ақын қуанышпен қарсы
алады. Бұл тұста ақын ӛзінің шалқар шабытына мініп, ұлтының теңдігін
жоқтап, азаттықты жақтап, халқының кӛңіліне қонар салиқалы ой тастап,
жалынды жырларымен шашу шашты. Ақпан революциясынан кейін іле-шала
“Алаш ұраны” дүниеге келді. Бұл оның ұлтжандылығын, ұлтының езгіге
қарсы кӛтерілуіне шын тілектестігін білдіретін ӛршіл лепті, рухы биік, отты
жыры болатын.
Алаш туы астында,
Біз – алаштың баласы.
Күніміз туып кӛгерді,
Сарыарқаның даласы,
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Жерімізді шимайлаған,
Ӛшті залым қарасы.
Жасасын, алаш жасасын!
Ақын патшаның тақтан құлауын шын қуанып қарсы алды. Енді бостандық
келетініне имандай сенді. Бірақ ақын бостандық, теңдік, азаттықтың оңай
келмесін сезінеді. Сондықтан да енді тек күреске ұмтылу керектігін, соның
жолына бар күш-қайрат пен ерік-жігерді жұмылдыру қажеттігін атып, елді
ұлы шайқасқа шақырады. Күрес жолында жүрген ел азаматтарының жүрегіне
сенім ұялатады.
Алаш туы астында,
Күн сӛнгенше сӛнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңында,
Басқаға кӛңіл бӛлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына кӛнбейміз.
Ӛлер жерден кеттік біз!
Жасайды алаш, ӛлмейміз!
Жасасын алаш, жасасын!
197
Сӛйтіп ақын ұлтының ар-ұжданына айналар ақындық бағытты тауып,
“Қазақ үшін шам қылған жүрек майын” Ахмет, Әлихан сынды
кӛшбасшылардың соңынан еріп, солар салған ақ жолды дұрыс деп біліп,
білекке-білек, тілекке-тілек қосады.
Әрине, замана ӛзгеріп, дүниенің астан-кестеңі шығып жатқан тұста ақын
кӛңіл-күйінің үнемі бір қалыпта қалуы мүмкін емес. Талай заңғарды
адастырып, ойын онға, санасын санға бӛлген уақыт үрдісі жүрегі сезімтал,
кӛңілі күдікшіл ақынды сарсаңға саяғаны белгілі.
Ақынның сол аумалы-тӛкпелі заман тұсындағы кӛңіл-күйін білдіретін
ӛлеңнің бірі – “Жас жүрек”.
Жас жүрек қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін, –
деп, ақынның ӛз жүрегіне сұрақ қоюынан басталатын ӛлең,
“Бұ күнде адасудан кӛз ашпадым,
Не нәрсені кӛздесем тап баспадым,
Дүниеден басқа рақат тілемеймін,
Кеш, арым, мен білместің адасқанын!” –
деген “жүректің” ӛксікті ӛкініш жауабымен аяқталады. Кӛп зерттеушілер бұл
ӛлеңді ақынның “Алашордашыларға” еріп алданғанын мойындауы деп
біледі. Біздіңше ӛлең мағынасы бұған мүлде келмейді. Мұны ең алдымен
сезімшіл ақынның кӛңіл мұңы, соны жырлау арқылы жан-дүниесіндегі екі
ұдай ойдан құтылуды кӛздеген ақынның бір сәттік сілкінісі деп бағалауымыз
керек. Ақын ӛзі “Ӛткірсің наркескеннің алмасындай” деп бағалаған
Ахметтердің жолынан шошынбайды, “Тәтті үміттің қиялы сәуле берген”
бостандық нұрына қол жетпей қалуына ӛкінеді. Азаттық, бостандық үшін
күресте “бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарар” бірліктің, бар күш-
жігерді біріктірер басшылықтың, тіпті қала берді азаттық үшін жанын қияр
қайсарлықтың барлық жанның бойынан бірдей табыла бермегеніне күйінеді
ақын. Аңсаған азаттықтың “тәтті қиял” күйінеді қалуына ақын ӛзінде кінәлі
санайды. Сол үшін ол адамдық арынан кешірім сұрайды.
Осыдан кейін, үміті ақталмаған ақын ӛзіне “Неге жасаймын?” деген сұрақ
қояды. Мұндағы түйінделген ой – ақынның енді ӛмір сүру керек пе, жоқ па
деген тура сұраққа жауап іздеуі. Ақын ӛзі де, жұрты да аңсаған “бостандық
туы жарқырап”, жақсы күннің келеріне деген сенімі азайғанын кӛреміз.
Сусыз, шетсіз шӛлдерден,
198
Тұманды, түпсіз кӛлдерден,
Адамдық кӛші ӛткенше!..
…Іштен ӛсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше:
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай ӛмір суалар.
Жасамаймын: “Еңбектің,
Жемісін кӛзбен кӛрем” деп,
Жасаймын: “Бір қолғабыс
Кейінгіге берем” деп.
Иә, ақын ӛз ұлтының азаттыққа жетер күнінің алыс екенін сезінеді. Оның
талай ұрпақтың толассыз күресінің, ұлт қамын жеген ұлылардың азапты
ӛмірінің нәтижесінде келерін жанымен түйсінген ақын, аз ғана ӛмірінде
соның сәл де болса жақындауына “қолғабыс” тигізуді мақсат тұтады. Бұл –
халқының азаттығын аңсаған ақынның азаматтық позициясының
айқындығының кӛрінісі.
Ақын 1917 жылғы ақпан революциясын қолдап қуануын кейін
адасқандық деп санады, ал қазан революциясын бостандық таңы деп
бағалады деуіміз кейінгі коммунистік идеологияның санамызға сіңірген кӛп
қисындарынан туындаған жасанды долбар.
Бұған бір ғана дәлел келтірейік. Ақын ақпан революциясын жаңбырға
теңеп, “Сарыарқаның жаңбыры” деп ӛлең жазса, қазан революциясынан
кейінгі уақытты “Дауылдағы әбігер” деп атайды. “Жаңбыр” – құт-береке, жер
нәрі, жаңғыру, жаңару, ӛсіпӛнудің символы. Ол табиғаттың ажарын ашып,
дүр сілкінуіне, жайнап, түлеуіне себепші. Табиғаттың осынау құбылысына
балау арқылы ақын ақпан революциясы әкелген ұлы ӛзгерістің шапағатын
кӛрсетуге ұмтылған.
Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң сен,
Келген заман – бостандық жаңбырмен тең…
Жаңбырдан соң кӛгерген Сарыарқадай;
Бостандықтың күшімен кӛгерсін ел!
199
Ақынның айтар ойы анық, жасаған образы бейнелі, сенімі нық. Осы нық
сенімді бұзған не? Кӛңілге күдік ұялатқан қандай жағдай? Ол – әрине,
“Дауыл”! Қиратушы, талқандаушы дүлей күштің символы.
Желге ұшқан жүндей болып барлық елдер,
Адал, арам, ішінде кемеңгерлер,
Дауылдан бұрын ӛртеп елдің үйін,
Енді “тігем” деп жүрме арамтерлер?
Дауыл ештеңені талғап, талдап жатпай жолындағының бәрін қиратып,
ұшырып, әкетті. Ол жүріп ӛткен жерде ӛмірдің қайта жандануы ұзақ мерзімді
талап етеді.
Оған дейін бірталай күндер ӛтер,
Талайдың қыршын жанын алып кетер.
Бір мезгіл ақын:
Дауылдың түбі қайда, айдаған кім?
Халық үшін жауға қылыш қайраған кім?
Қанды балақ қорқауды күшпен жеңіп,
Адамзаттың дұшпанын жайлаған кім? –
деген ӛткір сұрақтар қойып, оның жауабын таба алмайды. Сондықтан да
басқа арнаға ауытқып, “Шаруалы, мәдениетті ел гүлденер…” Демеңдер, “Бұл
сандырақ келмей кетер” деген қияли ойды қаужап, болашақтан үміт күтеді,
сабырға шақырады.
Сұлтанмахмұт ӛз поэзиясына негізгі ӛзек етіп халықтың бостандық
сүйгіш ұлы мұратын алды. Оның ақын ретінде қалыптасуына әсер еткен
жағдай ӛз кезеңіндегі халықтың әлеуметтік ӛмірі, ұлтының бостандық
жолындағы күресі болса, үйренген мектебі, алған тәлімі ұлы Абайдың озық
үлгідегі әдеби дәстүрі болды. Сұлтанмахмұт шығармашылығы ұлтымыздың
санасын ояту мен ұлтжандылығын танытудағы ӛзгеше ӛріс.
Сұлтанмахмұттың ұлтжандыққа ұмтылдырып, бостандық сүйгіштікке
баулитын ерекше әсерлі ӛлең-жырларынан, коммунистік идеологияның
белсенділері қатты сескеніп, ұлы ақын мұрасының жанды, пәрменді
ықпалынан қауіптенді.
Ел үшін жан береміз,
Жау қайратын кӛреміз.
Сүйген жарым теңдікті
200
Кімге тегін береміз?
Біз де ұлттың ұлымыз.
Жолында құрбан құлымыз.
Осынау азатшылдыққа, күреске шақырған шұғылалы шындықты ойды
жазғаны үшін кезінде оны “буржуазияшыл ұлтшыл” деп ғайбаттап,
азаматтық тұлғасын тұқыртпақ та болдық. Бірақ Сұлтанмахмұт қашанда да
ақын ретінде де, ұлтжанды санаткер ретінде де ұлттық ой-сана
кӛшбасшысының бірі болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |