№
22-23 [799], 03-10.06.2016
qazaq1913@nur.kz
9
Қысқа қайырғанда:
Әзірлеген: Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ
халық пен билік
«Әулие Ата» әуежайынан «мәскеу – Тараз – мәскеу» бағытындағы бірінші рейс ұшып шықты
кенжеғали САғАдИев,
мемлекет және қоғам қайраткері:
«ЖеР шеТеЛдікТеРге
САТыЛғАн ЖоҚ
Және САТыЛМАйды»
– Жер шетелдіктерге сатылған жоқ және сатылмайды
да. Ал, жалға беру мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде
шарасыздық бар. Мәселен, кейбір жалға берілген
жерлер толық игерілмей жатады. Жаңа технология
енгізілмегендіктен егіннің шығымы 10-15 центнерден
аспайды. Әрі кетсе 20 ғана болады. Ал құнарлылығы
жағынан жерлері біздікінен төмен Еуропа елдері
гектарынан 50 центнерден алып отыр. Біздікі одан
неге кем? Мұның бәрі инвестицияға келіп тіреледі.
Біз инвестиция, жерді жалға беру дегенде бірден
Қытай аузымызға оралады. Кезінде ата-бабаларымыз
«Қара қытай келсе, артынан қара жер қалады» деп
айтқан екен. Бұл кезінде айтылған сөз шығар. Біз
қазір басқа кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан
бұл көзқарастан арылуымыз керек. Осы күні ауыл
шаруашылығы саласын инвестициясыз дамыту мүмкін
емес. Инвестиция салатын Қытайдан басқа елдер де
жетерлік. Осы жағын дұрыс түсінгеніміз абзал.
ерлан ныСАнбАев, қр ауыл
шаруашылығы вице-министрі:
«ЖеРді ТИіМді
пАйдАЛАнбАғАндАРғА
ҚАТАң шАРА
ҚоЛдАныЛАды»
– Бүгінде ауыл шаруашылығы жерлерінің басым
бөлігі жалға алу құқығымен пайдаланылып жатыр.
Шаруа қожалықтарында 57 млн 500 мың гектар,
агроқұрылымдарда 40 млн 200 мың гектар жер бар.
Шетелдіктер мен біріккен кәсіпорындарға жалға берілген
жер көлемі 61 мың 10 гектарды құрайды. Оның 44
мың 900 гектары біріккен кәсіпорындарға берілген.
29 мың 700 гектары қазақстандықтарға толық өткен.
Шетелдіктерге қойылатын талаптар да бар.
Біріншіден, шетелдіктерге жерді жекеменшікке беруге
тыйым салынған. Екіншіден, шетелдіктерге нотариаттар
арқылы жекеменшікке рәсімдеуге тыйым салынған.
Үшіншіден, шетелдіктерге жерді шекара маңынан жалға
беруге тыйым салынған. Төртіншіден, шетелдіктерге
жерді жалға берудің шекті көлемі белгіленген.
Жерді тиімді пайдаланбағандарға қатаң шара
қолданылады. Жер кодексінің 92, 93, 94 баптарына
сәйкес жерді тиімді пайдаланбаған жағдайда мәжбүрлі
түрде қайтару нормасы қарастырылған. Пайдаланылмай
жатқан жерлерге 10 есеге дейін ұлғайтылған жер
салығы салынады.
Айдос САРыМ, саясаттанушы:
«10 СоТыҚ ЖеР
кіМге Және ҚАЛАй
беРіЛуі ТИіС?»
– Бүгін осы комиссияның мүшесі Дәурен Бабамұратов
деген бауырымыз қоңырау шалды. Алатаудың Халыққа
қызмет көрсету орталығына 200-ден астам адам 10
сотық жер алуға келіпті. Шынын айту керек, халық «жер
алуға құқылымыз, жұрттан естідік» деп жүр. Осы кезге
дейін бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігі,
басқалар да айтып келді. Бірақ, нақты ештеңе жоқ.
Бәлкім бұл ақпаратты біреу таратып, ушықтырып
жүрген шығар.
Осы 10 сотық деген мәселеге келейікші, бұл енді
таза заңдағы популистік бап секілді. Себебі, ол жер кімге
берілуі тиіс, қалай берілуі тиіс екені белгісіз. Әр адамға
10 сотық береміз дейтін болсақ, Үкіметтің қорындағы
жер жетпейді және онша көлемде инфрақұрылым
тартылған жер жоқ. Шынын айту керек қой, Алматыда,
Астанада, мына Көкшетауда жұртқа беретін жер жоқ.
Яғни, бұл мәселенің анық-қанығына жетіп, дұрыстап
қолға алу керек секілді, мораторий енгізіп, тоқтата
тұру керек пе? Себебі, азаматтар арасында «Жұрт 100
мыңдап алып жатқанда, неге 10 сотық ала алмаймын»
деген әңгіме болады. Қоғамтанушы, әлеуметтанушы
ретінде айтарым, бұл енді таза дау-жанжалдың ошағы.
Қазір әкімдіктердің халықпен тілдесуге, түсіндіруге
мүмкіндігі бар. Ал ертең 5-10 мың адам жетіп келсе,
оларға әкімдік басу айта ала ма, жоқ па, белгісіз.
Сондықтан Үкімет тарапынан осы мәселеге тоқтау
болатын шешім қабылдану керек.
Қазақстандағы жер иеленіп отырған ірі тұлғалардың
тізімі және тағы басқа қоғамды алаңдатып отырған
мәселелерге жауап бермей, біздің комиссияның жұмысы
алға баспайды. Ауыл шаруашылығына жаңа көзқарас
қалыптастыруымыз қажет.
Сергей куЛАгИн,
ақмола облысының әкімі:
«Менде бАРЛығы
80 Мың гекТАР
егiСТiк ЖеР бАР»
– Бұл туралы (комиссия мүшелері Айдос Сарым
мен Мұхтар Тайжанның сұрақтарына берген жауабы,
– ред.) бұған дейiн бiрнеше мәрте айтылып, жазылды.
Мен билiктен кетiп, бизнестi қолған алған адамдардың
бiрiмiн. Мен бизнеспен 5 жыл айналыстым. Қазақстан
азаматы ретiнде менiң жер алып, ауыл шаруашылығымен
айналысуға құқығым болды ма? Болды! Әрине, менi
билiкке қайта келгеннен кейін жердi туысқандарыма
жалға бердiм. Менде барлығы 80 мың гектар егiстiк
жер бар.
Қуаныш РАҚышев,
«еңбек» Шқ басшысы:
«шығынды
өТеу ТуРАЛы ноРМА
енгізу кеРек»
– Бұрынғы Жер кодексінде шығынды өтеу мәселесі
қарастырылған болатын. Жаңа кодексте мемлекеттің
мұқтаждықтары үшін жалға алынған жерді қайтарып алу
кезінде шығынды өтеу жайы қамтылмаған. Егер ол сатып
алынса, шығын өтеледі, сатып алынбаса, өтелмейді.
Мәселен, біз мал шаруашылығымен айналысамыз.
Біздің шаруашылық «Щучье – Астана» автобаны
базасында орналасқан. Астананың айналасындағы
600 метр аумақта жасыл желек бар, біздің жерді алып
қойды, қарсылық білдірген жоқпыз. Шығын өтелді, кей
жерлерде өтелмеді. Алайда қазір біздің аудан бойынша
15 га жерді қайтару жобасы жасалып жатыр, оның 8
гектары біздің шаруашылыққа тиесілі. Жерді біз жалға
алып отырмыз, демек шығын өтелмейді деген сөз.
Ал біз лизингтік компаниялардан, банктерден ұзақ
мерзімге қаржы алғанбыз. Бұдан кейінгі күніміз не
болады? Сондықтан Жер кодексіне жалға алынған
жер мемлекеттің мұқтаждықтарына қайтарылған
жағдайда шығынды өтеу туралы норма енгізу керек.
дахан шокшИРҰЛы,
моңғолиядан оралған журналист:
«өзбекСТАн, ҚыТАй
ҚАзАғы ЖеРдің
ҚАдіРін біЛеді»
– Мен сонау Моңғолиядан келген қазақтың бiрiмiн.
Қазiр Қазақстанның толыққанды азаматымын. Менiң
айтайын дегенiм, Елбасы бастап берген ағайындарды
көшiру тоқтап қалды. «Көш жүре түзеледi» деген сөз бар,
бiздiң көшi-қонымыз түзелмей қалды. Жақсы идеялар
бар, жақсы заң шықты. Бiрақ заңның ережелерiнде
қателiктер бар. Жер мәселесi жердiң үстiндегі адамның
барлығына қатысты.
Көздерi жәудіреп жүрген қазақтарды алып келiп,
сол бос жатқан жерлердi берсе игi. Өзбекстан, Қытай
қазағы жер игерген қазақ. Олар жердің қадірін біледі.
Игере де алады. Сондықтан шеттен келген оралман
ағайындарға жер бөлу мәселесін де қарастыру керек.
бақытжан САғынТАев,
жер реформасы жөнiндегi
комиссияның төрағасы,
қр премьер-министрінің бірінші
орынбасары:
«біз бҰЛ ЖеРге
дАуЛАСу үшін еМеС,
АҚыЛдАСу үшін
ЖИнАЛып оТыРМыз»
– Комиссияның өңірлерге сапары рәміздер
күніне сәйкес келіп отыр. Мұны мен жақсылыққа
балап отырмын. Мәселені мұқият талқылап, бір
мәмілеге келуіміз керек. Жер шетелдіктерге
сатылған емес және сатылмайды да. Мұны
Елбасымыз бірнеше мәрте айтты. Жер кодексіне
енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – жердің
жұмыс істеуі және пайда әкелуі. Дегенмен, бұл
өзгерістер халық арасында біраз дау тудырды. Бұл
жерге дауласу үшін емес, ақылдасу үшін жиналып
отырмыз. Өзекті мәселені ақылмен, сабырмен
шешкеніміз жөн.
Бәріміз Қытайдан қорқып жатырмыз. Өзімізде
де кемшіліктер бар. Мысалы, заңда шекарадан 3
шақырым жердегі аумаққа ғана тыйым салынған,
қалғаны ашық. Үш секірсең, үш шақырым емес
пе? Ал басқа мемлекеттерде 100 шақырымнан
басталады екен. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Өздеріңіз айтқандай, ауыл халқын жайылымдық
жер алаңдатады. Әрине, ауылда тұрған соң, малын
жайғысы келеді. Өріске шығару керек. Егер оның
бәрі сатылып кетсе, халық малын қайда жаяды?
Сондықтан бұл мәселені де мұқият қарайтын
боламыз. Жалпы, жердің төңірегінде толып
жатқан мәселе бар.
Барлығыңыз ой-пікірлеріңізді ашық білдірдіңіздер.
Елбасымыз да «Егер жерге шынымен жаның ашитын
болса, ойыңды ашық айт» деген болатын. Міне, бүгін
өздеріңіздің орталарыңызға келіп, барлық сұрақтар
бойынша ойларыңызды тыңдадық. Аудандарды
да қостық, 4 сағат бойы бізді тыңдап отыр. Жерге
қатысты мәселе жерді шетелдіктерге жалға берумен
бітпейді. Өздеріңіз көтеріп отырған әлеуметтік
мәселелер, ауыл шаруашылығын дамыту, кредиттеу
– толып жатқан мәселе бар. Өз ойларыңызды
ашық айтқандарыңызға алғысымды айтамын.
Жер
реформасы жөніндегі
к о м и с с и я н ы ң
Көкшетаудағы алғашқы көшпелі отырысы
4 сағаттан астам уақытқа созылды.
Жалпы 42 адам сөз алып, әрқайсысы өз
пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
Жерді жалға беру немесе сату туралы
айтылған барлық пікірлер тіркелді. Сол
пікірлердің кейбірін «ҚАЗАҚ» газеті
оқырмандарының назарына ұсынып
отырмыз.
Бақытжан
с
ағынтае
В
Кенжеғали
сағадие
В
ерлан
нысан
Б
ае
В
а
йдос
с
ары
М
с
ергей
КУ
ла
Гин
көкШетаудағы алғаШқы көШпелі отырыС:
іМ не деді?
Б
іздің еліміз де әлемдік
қауымдастықтың бір бөлшегі. Сондықтан ортақ
жайларға ой қосу – басты міндетіміз. Жаңаша
көзқарастар мен жаңаша қажеттіліктер жоғарыда
аталған кафедраның ашылуына және жұмыс
істеуіне негіз болды. Өйткені, тұрақты дамудың
ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ғылыми
тұрғыда сараптауда шындап ден қоятын мезгіл
жетті деп ойлаймыз. Қоршаған орта, күллі
әлем өзінің тепе-теңдігін сақтай отырып,
болашақтың жарқындығын қамтамасыз
ететін деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз.
Ол үшін жүйелі білім, терең таным керек.
Жаңа кафедраның мақсат-мұраттары осы
деңгейлермен өлшенеді.
Азаматтық арман – бақуатты өмір сүру,
қоршаған орта – табиғатпен біте қайнасу,
тыныштықтың аясында өсіп-өркендеу. Бұл
– біздің болмыс-бітіміміздегі ежелден
қалыптасқан өзгермейтін қағида. Осы жолды
алға қарай дұрыс бағыттау үшін аянбай тер
төгуіміз керек. Сонда барып экономиканың
қалыпты ырғағы, дамудың тұрақты қозғалысы
қамтамасыз етіледі.
Өмір тынымсыз қозғалыста. Тіршілік
керуендері алыс-беріс саясатын кемелдендіріп,
араласудың көкжиегін кеңейте түсуде. Солай
болуға тиістілік уақыт өткен сайын анық
білінеді. Сондықтан бұл мәселеге тереңнен
көз жіберу – өмір талабы. Әлемдік ғалымдар
өз тұжырымдарын бір арнада тоғыстыру үшін
еңбек етіп жатыр. Бүкіл ғаламшарды қамтитын
тұрақты дамуға қалай қол жеткізуге болады
деген сұрақтар білікті жауаптарды тосуда.
Кәдімгі ел ішінің тұрақтылығы, тыныштықтың
тұрақтылығы секілді, дамудың да тұрақтылығы
адамзат үшін зор рөл атқарады.
Даму тұрақтылығының ең басты кепілдігі,
қоршаған ортаны қорғау, оның болмыс-бітіміне
өзіміздің мәңгілік жауапты екенімізді сезіну.
Себебі, табиғат пен табиғи байлықтар бір
ұрпақ немесе бірнеше ұрпаққа ғана керек
болатын уақытша қазына емес. Бізден кейінгі
мыңдаған, миллиондаған жылдарға да жемісін
жегізетін молшылықтың көзі. Адам оны
пайдаланған кезде алғанынан аялағаны
көп, пайдаланғаннан орнын толтырғаны
мол болса қандай жақсы. Бабаларымыз
«Қанағат – қарын тойдырады» деген. Олар
өздерінің қарапайым тіркестерімен-ақ
тұрақты даму теориясын айтып қойғанын
аңғарған жоқ. Ал, іс жүзінде оның барлық
үдерістерін берік сақтап отырды.
Бүгінгі таңда адамзат өркениетінің өскенін
мақтаныш етеміз. Жаңа техника мен жаңа
технологияның арқасында көп нәрсе жеңілдеді.
Мәселен, үйде отырып-ақ ақпараттар өрісін
емін-еркін аралаймыз. Барлығы біздің көз
алдымыздан өтіп жатады.
Алайда, «Мекен-жайым – Жер менің» деп
жырлаған ақиық ақынның түсінік деңгейіне
жете алдық па? Міне, мәселенің ең басты
түйіні осыған келіп тіреледі. Қарап отырсақ
қоршаған ортаның ластануы азаюдың орнына
көбейіп барады. Өздеріңіз білесіздер, Қытай
астанасы Пекин қаласының тұрғындары көк
түтіннен қалай арылудың жолдарын тездете
қарастырып жатыр. Мұндай мәселелер бізде
де аз емес. Мәселен, өндіріс орындары мол
Өскемен қаласына кең тыныстау өте қажет.
Мыңдаған автокөліктің кептелісіне айналған
әсем қала Алматының жайы да толғандырмай
қоймайды. Осындай факторлардан барып
ғаламдық жылынудың белгілері байқалып
отыр. Табиғат адамға бағынбайды, қайта
адам оған бағынып, кешірім сұрай отырып
жіберген қателіктерін орнына келтіретін
болса, тұрақты дамуға қосатын үлестері
мол болар еді.
Экологиялық мәселенің мәні – табиғатта
қалыптасқан тепе-теңдік заңдылығын берік
сақтау. Миллиардтаған адамдардың өмір
сүруін қамтамасыз ету. Осынау міндеттер
тың көзқарастарды, тың ізденістерді қажет
етеді. Адамзат қоғамының тұрақты даму
механизмдері сол үшін керек. Қазақстан
өзінің жас мемлекет екеніне қарамастан
үлкен жұмыстарға саналы түрде батыл
кірісті. Келесі жылы Астана қаласында
өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесі соның бір
мысалы. Энергияның қоршаған ортаға зиян
келтірмейтін түрлерін қалай өндіреміз деген
мәселелер халықаралық көрменің негізгі
тақырыбы болып отыр. Еліміздің ертеңіне
зор сеніммен қарайтынымыз сондықтан.
Түйіндеп айтқанда, «Тұрақты даму
бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы тұрақты
дамудың әлемдік аспектілерін үйлестіруге
қызмет ете отырып, жаңа буын – жас ұрпақты
бабаларымыздың ақ жолына бастайды деп
айта аламыз.
Асхат үМбеТбеков,
техника ғылымының кандидаты,
Марал АбдИбАТТАевА,
техника ғылымының докторы,
әл-Фараби атындағы
қазұу-дың «тұрақты даму
бойынша ЮнеСко» кафедрасы
ТҰРАҚТы дАМу – еЛіМіздің
ҚАуіпСіздік кепіЛі
Біреулер біледі, ал біреулердің білмеуі мүмкін. Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану
факультетінде «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы жұмыс
істеуде. Биыл оған бесінші жыл. Осы бағытта маманданған алғашқы
түлектер енді ел өміріндегі қоғамдық мәселелерге белсене араласады.
бүгінгі тақырып
К
онференция жұмысына Мемлекет
тарихы институтының басшылығы, институттың бас
ғылыми қызметкерлері, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің профессорлары,
Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы
басшылығы, қауымдастық мүшелері, Астана қаласының
білім басқармасы өкілдері, ҚР Тұңғыш Президенті
музейінің қызметкерлері, жас ғалымдар, педагогтар,
оқытушылар және магистранттар мен мектеп оқушылары,
сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны ҚР БҒМ
ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми
қызметкері, п.ғ.к. Жабай Нұрмақұлы жүргізді.
Конференцияның пленарлық отырысында «Отырар
кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,
ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы
«Алаш» мәдениет және рухани даму институтының
директоры Сұлтан Хан Жүсіп, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің «Еуразиялық зерттеулер
кафедрасының» меңгерушісі, т.ғ.д., профессор
Дүкенбаева Зада сынды алаштанушы-ғалымдар ұлт
көсемі Әлихан Бөкейханның ұлт азаттық қозғалыс
жолындағы қызметі жайлы баяндамалар жасады.
Конференция «Арыстар тұғыры» және «Замана
асуы» атты екі секция бойынша жүргізілді.
Аталған секцияларда Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Зиябек
Қабылдинов «Батыс Сібір қазақтарының арасындағы
қуғын-сүргін ерекшеліктері», Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер
кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Мақсат Алпысбес
«Әлихан Бөкейхан және қазақ жері мәселесі: шежіре,
тарих және ұлт», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің доценті, т.ғ.к. Ерлан Сайлаубай «Алаш
Орда тарихынан», Мемлекет тарихы институтының
ғылыми қызметкері, Республикалық жас тарихшылар
қауымдастығының төрағасы Қанат Еңсенов «Алаштың
арысы – Биахмет Сарсенов», С.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы,
т.ғ.к. Бауыржан Еңсепов «Алаш зиялыларының
ағартушылық қызметі», Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторанты
Еркін Рахметуллин «Алашордаға қолдау көрсеткен
қазақ байлары», ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім
академиясының аға ғылыми қызметкері Қайыркен
Әдиет «Әлихан Бөкейханның идеялық ұстанымы»
тақырыптарында ғылыми баяндамалар жасады.
Өзім осы конференцияға қашықтықтан қатысып,
Алаш идеясы «Мәңгілік Ел» атты баяндаманы жазып,
2-дәрежелі дипломмен марапатталдым. Республикалық
жинаққа мақалам енгізілді.
Конференция жоғары дәрежеде өтіп, қатысушылар
1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен
марапатталды.
дәурен өТепбеРгенов,
№11 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,
алакөл ауданы, алматы облысы
«АЛАш ҚозғАЛыСы:
тарихы
мен тағылымы»
әлихан
бөкейхан – 150
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Жас тарихшылардың
республикалық қауымдастығы, Астана қаласы №65
мектеп-гимназиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің тарих факультетінің ұйымдастыруымен Алаш
Орда үкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері
Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Алаш қозғалысы:
тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференция өтті.
№
22-23 [799], 03-10.06.2016
www.qazaq1913.kz
10
Қысқа қайырғанда:
бүгінгі қоғам
қанат бОЗЫмбАЕв: «Енді қазақстан «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартты бензин шығарады»
кездерінде механизаторларды ауыл адамдарынан
алмай, көбіне сырттан жалдайтындары туралы
баспасөзден оқығанымыз бар. Пайда сыртқа кетіп,
ауылға ештеңе бұйырмайды. Сол латифундистер
өздері жерін иеленіп, көл көсір тапқан пайдасынан
сол ауылға не жақсылық жасайды екен? Бұған
журналистік зерттеу жасайтын газет табылар
ма екен?!
Жерді қалталы байларға сату арқылы біз
қоғамды қайда апарамыз? Әр нәрсені шын атымен
атайтын болсақ, феодализмге апара жатырмыз.
Жалшы-малайлардың күні байға жалтақтаумен,
қорланумен өтеді. Бара-бара ер езге айналады, ал
әйелдері байдың отымен кіріп, күлімен шығатын
күңге айналады. Ал әбден байып алған бай бара-
бара деспотқа айналады. Ауылға осындай өмір,
осындай қоғам керек пе? Бұған қалайша жол
береміз? Демек, дөңгелек стол басында дұрыстап
ақылдасайық. Қалаға капитализм, ал далаға
социализм қолайлы екені анық.
Қауымшарлар құру үшін бұрынғы колхоздастыру
тәжірибесін пайдаланған жөн. Біздер аға ұрпақ сол
колхоздарда өмір сүріп, әке-шешелерімізбен бірге
жұмыс істеген адамдармыз. Колхоз – жекеменшіктің
ұжымдық түрі. Жерді жекешелендірсек осылай
қауымдастырып жекешелендірейік. Оны құруды,
шаруашылығын ұйымдастырып жолға қоюды,
басқармаларын тағайындауды, содан соң
қатаң бақылауды әрбір ауданның басшылары
өздері тікелей жүзеге асырды. Алғашқы мал
басы жекелерден жиналып құралды. Кейін сол
аз мал өз төлінен көбейіп, мыңғырып өсіп, қыста
қыстауларға, жазда жайлауға сыймай жататын.
Олай болса, ұжымдық меншікке негізделген
қауымдық шаруашылықтар құруды Үкімет өз мойнына
алуы тиіс. Ол үшін әкімдер сәтсіздікке ұшыратқан
«Нұрлы көш» бағдарламасын қайтадан жаңғыртып,
ол көштің ат басын бұрынғыдай қалалардың
жанына емес, далаға, ауылға бұру керек. Міне
сонда, ауылда қауымшарлар көптеп құрылғанда
ғана қазақ даласы бұрынғыдай қайта жаңғырып,
қыста қыстаулар, жазда жайлаулар малға толады.
Бұрынғы зоотехник, мал дәрігері, клуб пен кітапхана
қызметкерлері, шопан, сиыршы, сауыншы, бақташы,
жылқышы, тракторшы, жүргізуші, егінші, бағбан,
шөпші, қоймашы және басқа мамандық иелері өз
орындарын табады. Қалаларда үйсіз-күйсіз жүрген
ауыл жастары ауылға қайта оралады. Ауылдарымыз
бұрынғыдай сағынып, аңсап барар құт мекендерге
айналады. Оралмандар есебінен де ауыл халқының
саны өсіп, мектептерімізде балалар саны артып,
мұғалімдерге жұмыс көбейеді. «Болашағы жоқ»
деп жабылып жатқан ауылдардың өмірі қайта
жанданады, ел тұрмысы оңалып жақсарады.
Сол себепті жерді жеке адамдарға сату
тоқтатылып, ол ортақ мемлекеттік меншік болып
қала беруі керек. Оның игілігін бір адам ғана
емес, ауылдың барша тұрғындары тең көруі тиіс.
Сайып келгенде, халық пен Үкімет бір-біріне
құлақ қойып, ынтымақтасып жұмыс жасайық,
сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Жазушы
Ғабдол Слановтың: «Ел деген – әрі сәби, әрі дана!
Даналығынан үйренсек, сәбилігіне әкелік керек!»
деп, артына қалдырған керемет өсиет сөзі бар.
Иә, халқымыздың даналығынан үйреніп,
сәбилігіне әке бола білейік демекпін. Міне, Үкімет
құрып жатқан Келісім комиссиясы кеңесіне
осындай нақты ұсынысымыз бар.
Екінші ұсынысым, егер Үкімет тарапынан
қолдау болса, ұзын аққан Торғай өзені бойындағы
ауылдарда қауымшарлар құрып ұйымдастыруға
жоғарыда жазған тәжірибеммен бөлісіп, тікелей
ат салысқым келеді. Президентіміз жақында
өткізген облыстардың әкімдерімен болған үкіметтік
жиналыста жер мәселесіне байланысты орынды,
ұтымды ұсыныстарға назар аударып, қолдау көрсету
керектігін қадап айтты. Ендеше мен жылдар бойы
көтеріп қолдау таппай келген бастамамның бағы
ашылар кезі енді келген шығар деп үміттенемін.
ЖеР Мен АуыЛды
Достарыңызбен бөлісу: