Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
өзгенің  көңіліне  аз  да  болса  үрей  салудың  өзі  исламға, 
шынайы мұсылманға жат әрекет екенін түсіндірген. 
Беліне  бомба  байлап,  өзгелердің  жанын  қию  үшін 
өзіне  де  қол  жұмсаған  жанкештілер  өздерін  «шейітпіз» 
деп  есептейді.  Шейіттік  мәртебе  бейкүнә  жандарды 
өлтірумен келетін оп-оңай нәрсе емес. 
Өзін-өзі  өлтіру  –  исламда  үлкен  күнә.  Құранда 
«Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»
152
 делінген. 
Біз  дінімізді  қасиетті  кітап  Құраннан  әрі  оны 
түсіндіруші  соңғы  пайғамбар  Мұхаммедтен  (с.а.у.) 
үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық қағидаларының 
қайнар  көзі  саналған  Құран  мен  Пайғамбарымыздың 
өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандарды қыру бар 
ма?  Тіпті,  соғыс  жағдайында  да  соғысқа  қатыспаған 
адамдарды өлтіру – дінімізде харам саналып жатса, жай 
уақытта күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген 
бейбіт жатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандай 
ауыр күнә екені айтпаса да түсінікті. 
Қоғамның  пайдасы  үшін  болса  да  исламда  қандай 
да  бір  адамның  құқы  аяқ  асты  етілмейді.  Жалғыз  ғана 
адамның құқы – жалпы қоғамның құқындай  қымбат.
Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апара-
тын жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс. 
Террорлық әрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге 
дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді. 
Барлық лаңкестік әрекеттер – ислам үшін жасалған 
күрес емес, керісінше, исламға қарсы қиянат. 
Кейінгі  кезде  Ислам  мен  терроризмнің  бірге  айты-
луы  –  тырнақ  астынан  кір  іздейтін  ислам  дұшпандары 
үшін  таптырмайтын  олжа  болды.  Сондықтан  қандай 
қиын  жағдайға  душар  болса  да  мұсылмандар  исламның 
атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден аулақ болуы 
152
 Ниса сүресі, 29-аят.

275
ИМАНИ ГҮЛ
керек.  Себебі,  белгілі  бір  жағдайлар,  дағдарыстар  мен 
саяси ойындар күнде өзгереді. Ал діннің ұстаным, ереже-
қағдилары  мәңгілік.  Өтпелі  жағдайлармен  діннің  атына 
кір келтіруге болмайды. 
Қазіргі  таңда  болып  жатқан  барлық  жарылыс, 
лаңкестік  әрекеттерді  ислам  дініне  жабу  кең  етек 
алды.  Алайда,  солардың  барлығын  істеп  жатқан 
мұсылмандар  ма?  Бұған  «иә»  деп  жауап  беру,  әрине, 
қиын.  Мұсылмандықты  бет-перде  етіп,  лаңкестік 
әрекеттерге  барып  жатқандар  кімдер?  Кей  жағдайда 
олардың  қатарында  соғыстарда  әке-шешесінен,  туған-
туыстарынан  айырылған,  немесе  басқа  да  рухани 
күйзелістерге түскен адамдар да болады. Ондай адам-
дар  кеудесін  кернеген  ішкі  ыза-кек  пен  күйіктің  сал-
дарынан  барлық  іске  баруы  мүмкін.  Мұндай  адамдар 
психологиялық  тұрғыдан  алғанда,  діннің  рұқсат  етпе-
ген  нәрселерін  де  жасауға  бейім  тұрады.  Өз  істеріне 
шариғаттан әлсіз болса да негіз іздей бастайды. Я бол-
маса  кейбір  өзгелердің  ойыншығына  айналып,  бопса 
тұзағына іліккен мұсылмансымақ адамдар. Бұған қоса, 
мұсылманның  атын  жамылған  әлдебір  ұйымдар,  тіпті 
алпауыт мемлекеттер саяси мақсаттары үшін шала сауат-
ты кейбір дүмбілездерді арнайы дайындап, Құрандағы 
кейбір аяттардың бас-аяғын қырқып монтаждап, «шейіт 
болып,  жұмаққа  кіресің»  деп  лаңкестік  әрекеттерге 
айдақтауы да мүмкін. Яғни, зомбиге айналған адамдар. 
Бүгінде  кейбір  арнайы  дәрілерді  ішкен  адамдардың 
өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та жіберетіндігі  
белгілі  болды.  Мысалы,  Шриланка  аралында  өсетін  бір 
шөптің  жойылуы  үшін  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау 
ұйымы (WHO) 110 миллион қаржы бөлді. Бұл шөпті же-
ген жастарда өлімнен қорқу сезімі жоғалып, өздеріне оп-
оңай қол жұмсайды екен. Тіпті «Lsd» атты дәріні белгілі 

276
ИМАНИ ГҮЛ
бір адамға арнайы лагерлерде күнде тамағына қосып беру 
арқылы миындағы өзіндік ойларын өшіріп, орнына қалаған 
пікіріңді  құйғаннан  кейін  «ecstasy»  секілді  химикаттар 
арқылы  8-10  сағаттық  лаңкестік  әрекеттерді  орындатуға 
болады
153
.  Мұндай  дәрілер  арқылы  өлімнен  қорқу  деген 
сезімі өшірілген, тіпті өлімді аңсайтын мәңгүрт адамдар 
арқылы кез-келген лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруға 
болады. 
Осындай  жолдардың  түрлі-түрлісімен  жасалып 
жатқан  лаңкестік  әрекеттерді  Ислам  дініне  жауып,  оны 
«террористтік дін» етіп көрсету – оған жасалған тарих-
та бұрын-соңды болмаған ауыр қиянат. Терроризмнің діні, 
ұлты болмайды. Жапонияның Токио қаласындағы метро-
да бірқатар адамның өліміне себеп болған «Аум Сенрике» 
сектасының  жасаған  лаңкестік  әрекетін  ешкім  «Будда 
терроризмі» деген жоқ қой. 2000-2004 жылдар аралығында 
болған  Испанияның  Мадрид  қаласында  орын  алған 
бірнеше  лаңкестік  әрекеттерді  «Христиан  терроризмі» 
деп тірі жан айыптаған жоқ. Ендеше, мұсылманның атын 
жамылған кейбір лаңшыл адамдардың жасаған террорлық 
әрекеттері неге бейбітшілікті уағыздайтын Ислам дініне 
жабылуы  тиіс?  Бұл  тек  күн  санап  көркейіп,  өсіп  келе 
жатқан дінімізге жаны қас дұшпандардың жапқан жаласы 
мен жаққан күйесі ғана.
Құрандағы:  «Оларды  (мүшріктерді)  қайда 
көрсеңдер  сол  жерде  өлтіріңдер»
154
  аятын  лаңкестер 
өз  істеріне  ақтау  ретінде  қолдана  алмайды.  Себебі, 
бұл  аят  соғыстың  қызып  тұрған  кезінде  қолына  қару 
алып,  мұсылмандарды  өлтіру  ниетімен  соғыс  майда-
нына  шыққан  дұшпан  әскерін  «сендер  де  өлтіріңдер» 
153
 Құрастырған: Ергун Чапан, Ислама гөре терөр ве интихар салд -
рылары, 98, 103-беттер. Станбул. 2005 ж.
154
 Бақара сүресі, 191-аят.

277
ИМАНИ ГҮЛ
деген  мағынаны  білдіреді.  Әйтпесе,  бейбіт  жатқан  кез-
келген  өзге  діндегілерді  «қайда  көрсеңдер,  сол  жер-
де  өлтіріңдер!»  деген  мағынаны  білдірмейді.  Исламда 
мұсылман  өлкесінде  тұратын  өзге  дін  өкілдерін  өлтіру 
былай  тұрсын,  оларға  мұсылман  болмағанын  желеу 
етіп,  титтей  де  болса  әділетсіздік  жасау  дұрыс  емес.    
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:  «Кім де кім бір 
зиммиға (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері) 
қиыншылық  көрсететін  болса,  мен  ол  адамның 
дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен 
ақырет күні жеке есептесемін», - делінген. 
Басқа 
бір 
хадисте: 
«Кімде 
кім 
біздің 
қарамағымыздағы  зиммиді  өлтірсе,  жәннаттың 
иісін  де  иіскемейді»,-  деп,  келісім  бойынша  мұсылман 
өлкесінде тұрып жатқан басқа дін өкілін өлтірген адам-
ның жәннаттан мақұрым қалатындығын білдірген. Міне, 
дініміздің  осы  кеңшілігінің  арқасында  ғасырлар  бойы 
мұсылман елдерінде христиандар бейбіт ғұмыр кешуде. 
Олардың діни рәсімдері мен жеке істеріне мұсылмандар 
араласпаған.  Оларға  пікір,  және  сенім  бостандығы 
берілген.  Қазірге  дейін  Мысыр,  Түркия,  Сирия  сияқты 
мұсылман  мемлекеттерінде  шіркеулердің  мешіттермен 
қатар терезелері тең тұр. Бұл исламның өзге дін өкілдеріне 
деген  толеранттық  көзқарасының  айқын  көрінісі.  Ис-
ламда  мұсылманшылықты    қабылдамағаны  үшін  адам 
өлтіру деген ұғым жоқ. Исламға әркім өз еркімен сана-
лы  түрде  кіруі  тиіс.  Алла  Тағала  Құранда  бұл  туралы 
«Дінде зорлық жоқ»
155
 деп кесіп айтады. Ғасырлар бойы 
мұсылмандардың Құранның осы бір өміршең қағидасы-
нан  айнымағанына  тарих  куә.  Бұл  ақиқатты  батыстың 
өзі  мойындайтындығына  айғақ  ретінде  С.  Арнольдтың 
155
 Бақара сүресі, 256-аят.

278
ИМАНИ ГҮЛ
мына сөздерін келтірейік: «Мұсылмандардың христиан-
дарды жеңгеннен кейінгі жасаған толеранттық қарым-
қатынастары ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт. 
Олардың бұл қарым-қатынастары кейінгі ұрпақтарда да 
жалғасын тапты. Шындығын айтар болсақ, хрис-тиан 
тайпалары  кейіннен  исламға  кірген  уақытта  өздерінің 
дербес  ерік-қалауларымен  кірген  еді.  Бүгінге  дейін 
мұсылмандардың  арасында  христиандардың  ғұмыр 
кешуі – олардың осы толеранттық әрекеттерінің айқын 
көрінісі».  Мысырдағы  мұсылмандардың  жеңісіне  куә 
болған Никоу епископы Джон (694 жылда өмір сүрген) 
мұсылмандардың  сол  кездегі  қолбасшысы  Амр  ибн 
Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен құрметін былай деп 
тілге  тиек  етеді:  «Ол  шіркеулерден  еш  нәрсе  алмады. 
Талан-таражға салмады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне 
қол тигізбеді де»
156

Міне,  осы  сияқты  тарихи  дәлелдер  кейбіреулердің 
айтқанындай  исламның  жер  жүзіне  қылыштың  жүзімен 
емес,  айдай  анық  ақиқаттары  мен  оны  ұстанушы 
мұсылмандардың  адамгершілігі  мен  толеранттық 
ұстанымдарының арқасында жайылғандығын білдірсе ке-
рек.
Мұсылмандар  ғасырлар  бойы  қол  астындағы  өзге 
дін  өкілдерін  алаламастан  оларға  жақсылық  жасап, 
қошемет көрсеткені соншалық, Рим императорлығы Си-
рияны қайтадан қайтарып алуға қалың әскер жинап келе 
жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге жиналып, 
мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп, мінәжат еткен. 
Егер  мұсылмандар  қол  астындағы  өзге  дін  өкілдеріне 
қысастық жасап, исламға кірулері үшін күштегенде, олар 
156
 Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит 
журналы, 24-бет, №47, Стамбул, 2000 ж

279
ИМАНИ ГҮЛ
жалына-жалбарына  осылай  мұсылмандардың  тілеуін 
тілер ме еді?
157
Қазіргі  таңдағы  ең  үлкен  жиһад  –  сауатсыздықпен 
күрес.  Мұсылмандардың  соңғы  ғасырларда  артта 
қалуларының,  көптеген  саяси  ойындардың  құрбанына  
айналуларының,  экономикалық  күйзеліске  ұшырауының 
бірден-бір  себебі  –  сауатсыздық,  кедейлік  пен  ішкі 
алуыздық.  Білім  мен  дін  –  бір-бірін  толықтыратын  егіз 
ұғым.  Дінсіз  ғылым  ақсақтық  болса,  ғылымсыз  дін 
соқырлыққа  тең.  Сондықтан  мұсылмандар  үшін  ең 
қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі, 
біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды бы-
лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауат-
ты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың 
дамымай  артта  қалуларының  негізгі  себептері.  Ендеше, 
бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан 
гөрі ғылымға сүйенбек. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  бір  хадисінде:  «Мах-
шар күні соғыста ағызылған шейіт қаны мен ғылымға 
жұмсалған  ғалымдардың  сиясы  таразыға  тартылған 
сәтте ғалымдардың сиясы басым түседі» делінеді. 
Қазіргі  өмір  талабына  сай  озық  құралдармен 
жабдықталған  білім  ордаларын  ашып,  ол  жерде  сау-
атты  білім  беру,  үлкен  зертханалар  құрып,  ғылыми 
жаңалықтар  ашу,    қысқасы,  жүректері  діни  тағлыммен, 
ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, рухани біліммен 
нәрленген,  ал  ақыл-ойлары  қазіргі  озық  ғылыммен 
сусындаған  еңсесі  биік  ұрпақ  жетілдіру  –  міне,  қазіргі 
мұсылмандардың  кезек  күттірмей  іске  асыратын  ең 
үлкен  жиһады  болмақ.  Бұл  жолда  қолымыздағы  бар 
мүмкіншілігімізді  сарп  етуіміз  ләзім.  Бай  байлығын, 
157
 М. Абдулфәттах  Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том, 
101-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 ж.

280
ИМАНИ ГҮЛ
мұғалім  білімін,  тәрбиеші  тәлім-тәрбиесін  берсе,  лауа-
зымды орындықта отырған кісілер де қолдарынан келген 
барлық қолдауларын көрсетсе, қысқасы, ел болып әркім өз 
үлесіне тиген міндетін, мүмкіншілігін Алла ризашылығы 
үшін  атқарса,  міне,  сонда  ғана  мұсылмандар  өз  пробле-
маларын  сауатты  шеше  алады.  Әлдебіреулердің  саяси 
ойыншығы болудан, пікір бодандығынан, экономикалық 
тәуелділіктен  құтылады.  Сонда  ғана  мұсылман  әлемі 
күшейіп,  әлемдегі  барлық  озбырлық  әрекеттер  мен 
әділетсіздіктерге  батыл  қарсы  тұра  алады.  Сонда  ғана 
мұсылман әлемі мемлекеттер арасындағы тепе-теңдіктің 
сақталуына, әлемде бейбітшіліктің орнығуына тарихтағы 
орны толмас өз үлестерін тағы да көрсете алмақ. 

281
«Кәһф»  сүресінде  «Алла  кімді  тура  жолға 
салса, ол тура жолға түседі, ал кімді адастыр-
са,  оны  тура  жолға  салатын  көмекші  таба 
алмайсың» деген аят бар. Сонда адамды тура 
жолға  салатын  да,  адастыратын  да  Алла 
Тағаланың өзі болса, мына дүниедегі сынақтың, 
ана дүниедегі жұмақ пен тозақтың қажеті не 
болғаны?
Аятқа  тереңірек  үңілсек,  онда  айтылған  тура 
жолға салу мен адастыру түсінігі – белгілі бір іс-әрекет 
мағынасына  саяды.  Ал  әрбір  істі  жарататын  Алла 
Тағаланың  өзі  екенін  «Жақсылық  та,  жамандық  та  Ал-
ладан»  дегенге  қатысты  сауалға  берген  жауабымызда 
кеңінен  айтып  өттік.  Тура  жолға  салуды  да,  адасты-
руды  да  болғызатын,  жарататын  –  Алла  Тағала.  Бірақ 
Алла Тағала ешкімді күштеп иман еткізіп, еркінен тыс 
адастырмайды. Алла Тағала тура жолға, иманға апарар 
себептерді ыңғайлап, адамдарды тура жолға шақырған. 
Құранда  бұл  жайлы  мынандай  аят  бар:  «Біз  әр 
пайғамбарды  (ақиқатты  толық)  түсіндіруі  үшін  өз 
қауымының  тілімен  жібердік.  (Тура  жолдың  себептерін 
жіберіп,  ескерткеннен  кейін)  Алла  Тағала  қалағанын 
адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол –  шексіз 
құдірет иесі – Азиз, әр істі орынды істейтін, еш нәрсені 
бекер    жасамайтын  –  Хаким»
158
.  Яғни,  Алла  Тағала  жер 
бетіне тура жолды түсіндіретін пайғамбарлар мен кітаптар 
түсірген, арнайы ғалымдар жіберген.  Құлдарының арасы-
нан кім осы тура жолдың себептерін ұстанса,  ақиқатты 
үйреніп,  білу  ниетімен  мешітке  барып  уағыз  тыңдаса, 
158
 Ибраһим сүресі /14.

282
ИМАНИ ГҮЛ
арнайы кітаптар оқып, ақылға жүгініп, имандылыққа бет 
бұрса, Алла Тағала да ол құлының жүрегіне иман нұрын 
құйып, тура жолға салады. Дүниенің қызылына қызығып, 
түнгі  клубтар  мен  сыраханалардан  шықпай,  күнәлардан 
бас  алмаса,  нәпсісіне  ұнамды  күнәларды  тыяды  деп 
Құранға, дінге қарсы шығып, жүрек тілімен «тура жолды 
қаламаймын»  десе,  Алла  Тағала  ол  құлын  адастырады. 
Қысқасы, тура жолды немесе адасуды қалайтын, тілейтін 
– біз, ал Алла Тағала сол қалауымызға қарай бізді тура 
жолға  салып,  жүрегімізге  иман  нұрын  құяды  немесе 
адастырып, қараңғылыққа салады. 

283
ИМАНИ ГҮЛ
Әзірейіл  періште  дүниенің  әр  жерінде  бір 
уақытта  қайтыс  болатын  адамдардың  жа-
нын  алуға  жалғыз  өзі  қалай  үлгереді?  Оның 
өлім аузында жатқандарға үрейлі яки ұнамды, 
түрлі  кейіпте  көрінуін    қалай  түсінуге  
болады?
Әзірәйіл – Алла Тағаланың адамдардың рухын алуға 
міндеттеген періштесі. Ажалы жеткен адамдың жанын ол 
тікелей өзі алады. Немесе Әзірәйіл періштенің бұйрығына 
бағынатын  көптеген  көмекші  періштелері  арқылы  да 
алуы мүмкін. Күнәһар, кәпір адамдардың рухын алатын 
періштелердің бір басқа, ал мұсылман  жандардың рухын 
алатын періштелердің бір басқа екенін Құранның кейбір 
аяттар мазмұнынан аңғаруға болады
159
.  
Дүниенің  әр  жерінде  бір  уақытта  қайтыс  болған 
адамдардың  жанын  Әзірәйіл  періштенің  өзі  тікелей 
алу  мәселесі  бір  қарағанда  мүмкін  емес  сияқты.  Алай-
да,  бұл  пікір  өзіміздің  шектеулі  ақылымыз  бен  періште 
мүмкіндігін  өзімізбен  салыстырудың  нәтижесінен  туған  
пайым.
Жалпы  дүние  болмыстарына  қарай  олардың 
шағылысулары да әр қилы. 
1. Мәселен, заттық, қатты, тығыз нәрселердің көрініс, 
шағылыстарын  алалық.  Біз  жүз  айнасы  бар  бөлмеге 
кірер болсақ, айнаға шағылысқан  көрінісіміз арқылы біз 
159
  Бұл  жайлы  «Назиғат»  сүресінің  алғашқы  аяттарындағы  Аллаһ 
Тағаланың  серт  еткен:  «суырып  шығарушы»  сөзіне  ғұламалар 
«кәпірдің,  күнәһардың  жанын  суырып  алушы  періштелер»  деп 
түсінік берсе, «ақырын шығарушы» сөзін «мұсылмандардың жа-
нын оңай алушы періштелер» деп тәпсірлеген.

284
ИМАНИ ГҮЛ
жүз  тал  болып  көрінеміз.  Бір  қолымызды  қозғасақ,  жүз 
қол  қозғалады.  Бірақ  материалдық,  заттық  денеміздің 
шағылысуынан  туған  көрініс  болғандықтан  рухымыз, 
сезімдеріміз,  тәніміз  ол  жерде  толықтай  барлық  болмы-
сымызбен  көрініс  таппайды.  Айналарға  шағылысқан 
денелерімізде өмір жоқ болғандықтан, олардың бәрі өлі, 
рухсыз. 
2.  Заттық,  бірақ  нұрлы  нәрселердің  көрініс, 
шағылыстары.  Мысалы,  күн  әйнек  тәрізді  заттарға  
өз    бойындағы  жеті  түрлі  реңі,  жылуы  сияқты  барлық 
қасиеттерімен  бірге  өтеді.  Яғни,  әрбір  күн  сәулесіне 
шағылысқан әйнек, су тәрізді жылтыр нәрселер бейнебір 
күннің өзі сияқты көрінеді. Мысалы,  лупаны күнге қарату 
арқылы кез-келген нәрсені күйдіруге болады. Қолымызға 
күнге  шағылысқан  бір  айнаны  алып,  қараңғы  бөлмеге 
қарату  арқылы  ол  жерге  жарық  беруге  болады.    Міне, 
Күн  барлық  нәрседен  ұзақ  болуымен  қатар,  барлық 
нәрсеге  өте  жақын  да.  Сәулесін  күллі  теңізге  төккені 
тәрізді әрбір су тамшысына, барлық жылтырақ заттарға 
да  төге  алады.  Бір  уақытта  барлығына  бірдей  нұрын 
шаша  береді.  Біреуімен  шағылысуы  екінші  бірімен 
шағылысуына  бөгеттік  етпейді.  Бірақ,  күн  заттық  әрі 
сәулелі  болғандықтан  көбіне  шағылысқан  нәрселерге 
тек сәулелі, нұрлы жағын ғана өткізе алады.
3. Заттық емес, нұрлы–рухани нәрселердің көрінісі. 
Мысалы,  періштелердің  шағылысуы  барлық  болмыс-
тарымен  бірге  тұтастай  көрініс  табады.  Бірақ  періште 
шағылысқан  айналардың  қабілет,  болмыстарына  қарай 
көрінгендіктен, күллі  ақиқаттарымен  барлық жерде көріне 
бермейді. Мысалы, Жебірейіл періште пайғамбарымызға 
(с.а.у.)  аса  сымбатты  сахаба  Дихиә  келбетінде  көрінген 
сәтте  Алла Тағаланың құзырында ғибадат жасап жатуы 
да мүмкін. Әзірәйіл періште де нұрлы болмыс болғандық-

285
ИМАНИ ГҮЛ
тан,  бір  сәтте  бірнеше  жерде  болу  мүмкіншілігіне  ие. 
Бір істі істеу екінші бір істі істеуіне бөгет бола алмайды. 
Міне, сондықтан Әзірәйіл періште дүниенің бір жеріндегі 
белгілі  бір  адамның  жанын    алған  сәтте  басқа  жердегі 
екінші бір адамның жанын да оп-оңай ала алады
160
. Мұны 
тағы бір мысалмен айқындай түсейік. Мысалы, белгілі бір 
жерден  радио  толқындары  арқылы  хабар  жіберілсе,  сол 
толқынды ұстайтын жиіліктегі (частота) барлық құралдар 
да дәл сол хабарды сөйлей кетеді. Ал орталықтан хабар-
ды бір ғана түймені басу арқылы тоқтатса, сол толқынды 
ұстайтын жиіліктегі барлық радио, т.б. басқа құралдар да 
тоқтай қалады. Дәл осы секілді Әзірейіл періште де өлім 
жиілігіне  қарасты  барлық  адамның  жанын  бір  уақытта 
неге ала алмасын?!
Өлер  алдындағы  адамға  Әзірейіл  періштенің 
қорқынышты  яки  ұнамды  болып  түрлі  кейіпте  көрінуін 
қарапайым  ғана  айнаны  мысал  ете  отырып  түсіндіріп 
көрейік.  Мысалы,  бөлмедегі  жүз  айнаның  біреуі 
шағылысқан заттарын қара-көк,  ұзын-қысқа, ал енді бірін 
жуан-жіңішке, етіп көрсететін болса, бөлмеге кірген бір 
ғана адам жүз айнада жүз түрлі кейіпте көрінеді. Міне, сол 
сияқты  Әзірейіл  періште  де рухын  алатын  кісінің иман, 
ғибадат,  мінез-құлықтарының  рухани  айналарындағы 
жағдайына қарай түрлі  бейнеде көрінеді. Күнәһар адамға 
үрейлі, айбатты, ал тақуа адамға ұнамды кейіпте көрініп, 
рухын майдан қыл суырғандай оп-оңай алуы мүмкін. 
Асылында, бұл жерде келтірілген барлық мысалдар 
сұрақтың жауабын жеңілдету үшін берілді. Періштелерді 
ешбір  өзгеріссіз  дәл  мысалдардағыдай    деуден  мүлде 
аулақпыз. 
160
 Савфет Сених, Шүпһелер үзеріне¸ 60-бет. Т.Ө.В. баспасы, Измир. 
1988 ж.

286
Мұхаммед  пайғамбар (с.а.у.) неліктен 
көп әйел алған? Мұны нәпсіқұмарлыққа 
жатқызатындарға не деуге болады?
Ежелден күні бүгінге дейін адамзат тарихына қарасақ, 
қарама-қайшы  пікірде  екі  қоғам  бар  екенін  байқаймыз. 
Бұлардың  біріншісі  –  Ұлы  Жаратушыға  иман  келтірген 
жандар  болса, екіншісі иман келтірмей күпірлік жолын 
ұстанғандар. Иманнан мақұрым қалғандар  әрдайым иман-
ды жандарға сан түрлі жолдармен шабуыл жасап, олардың 
қастерлеген  киелі  ұғымдарын  тілдеп  келген.  Осылайша 
олар  өздерінің  ішкі  дүниелеріндегі  арам  пиғылдарымен 
қоғамдағы пәк адамдардың санасын улауға тырысуда. Ен-
деше,  бүгінгі  таңда  да  арам  пиғылды  қара  ниеттілердің 
болуы табиғи нәрсе. Өйткені, әркім өзінің ішкі дүниесіне 
қарай  әрекет  етеді.  Осылайша  Ұлы  Жаратқанның  «Уа,  
пайғамбарым,  әркім  өз  мінез-құлқына  қарай  әрекет 
етеді-де»
161
 деген баянының туралығын растайды. 
Міне,  сондықтан  бүгінгі  таңда  пайғамбарымыздың 
толық  өмірбаянын  былай  қойғанда,  аты-жөнін  де 
дұрыс  білмейтін  жандардың  Оның  (с.а.у.)  көп  әйелмен 
некелескенін қозғай беруі – дін дұшпандарының жайған 
жалған  жалаларының  нәтижесі  екені  сөзсіз.  Мұндай 
пікірлерді жаюға тырысқан адамдар ешбір дінге сенбейтін 
имансыз  жандар  да  болуы  мүмкін.  Ал,  бұл  адамдар 
пайғамбарымыз  жайлы  қоздатып  келген  бұл  қитұрқы 
істі өздері ешбір шектеусіз, ешбір заңсыз жасырын түрде 
істеуде.  Енді  осы  әйелдермен  бірге  болу  мәселесінде 
161
 Исра сүресі, 84-аят.

287
ИМАНИ ГҮЛ
осыншалықты  нәпсілерінің  құлақкесті  құлдарына 
айналған  бұл  кісілердің  пайғамбарымыздың  әр  түрлі 
мақсаттар мен хикметтер үшін Алла қосқан ақ некелілері 
турасында оны қаралап, айыптауға, одан есеп алуға ешбір 
арлары да, беттері де жоқ.  Яки бұл тақырыпта Оны (с.а.у.) 
қасақана қаралауға тырысқандар исламға жаны қас еврей 
және христиан дінін ұстанатын кейбір адамдар. Ал, бұл 
дінге  сенетін  адамдардың  да  бұл  әрекеттері  ақылға  да 
өздері сенген Тәурәт, Інжіл секілді кітап ұстанымдарына 
да  қайшы.  Себебі,  олардың  өздері  қастерлейтін  бұл 
кітаптарда көптеген пайғамбарлардың көп әйелмен некелі 
екендіктері  баяндалған.  Мысалы,  Тәуратта  Ибраһим, 
Дәуіт,  Сүлеймен  сияқты  пайғамбарлардың  көп  әйелмен 
шаңырақ  құрғандығы  айтылған.  Ендеше,  өздері  сенетін 
пайғамбарлардың көп әйел алуына ешбір кінә тақпаған 
еврейлер  мен  христиандардың  сонғы  пайғамбар 
Мұхаммедке  (с.а.у.)  келгенде  жалғаннан  жала  жауып, 
күйе жағуға тырысулары дұшпандықтан басқа ештеңе де 
емес
162
.  
Сондай-ақ  бұл  жайлы  күмәнді  ой  өрбітіп,  тілдерін 
босқа  бұлғап  жүргендер  –  ислам  дінін  жетік  білмейтін, 
пайғамбарымыз жайлы жазылған кітаптарды оқымастан, 
өзгелердің өтіріктен өрген өсек өрмегіне ілінген адамдар. 
Егер  олар  пайғамбарымыздың  өмірбаянын  бастан-аяқ 
дұрыстап  оқып  шығып,  оның  әрбір  ісін  зерделер  болса, 
аталмыш  күмәндарынан  сейіліп,  ақиқатқа  көз  жеткізер  
еді.
Ғаламның  рақым  нұры  –  Мұхаммедтің  (с.а.у.) 
көп  әйелмен  некелесуіндегі  асыл  хикметтер  мен  ұлы 
мақсаттарды  түсіндірмес  бұрын  дін  дұшпандары 
162
 Мухиддин Акгүл, пейгамберимизин ханымлары ве евлиликлери -
деки хикметлер – 1. Иени үміт журналы, №12, 31-бет. 1999 ж.

288

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет