Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


ИМАНИ ГҮЛ соқырға  айналуы.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  хадисінде  «құмарлық сезімі қозған кезде адам ақыл-есінің түгелі



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ИМАНИ ГҮЛ
соқырға  айналуы.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  хадисінде 
«құмарлық сезімі қозған кезде адам ақыл-есінің түгелі 
немесе  үштен  екісі  кем»  деген.  Яғни,  мұндай  адам 
ақыл  тізгініне  ие  бола  алмай,  құмарлыққа  алданады. 
Соқыр адамша шайтанның тұзағына оп-оңай түсе кетеді. 
Құмарлық  сезімі  өршіп,  нәпсісі  қозған  адам  ақылға  да, 
заңдарға  да,  ар-ожданға  да  қарамай  небір  арам  істерге 
барады
202
. Сондықтан еркектердің осы бір осал тұстарын 
түрткілемеу үшін әйел адамдар ашық-шашық киінбеуі ке-
рек. Әйтпесе, нәтижесі өзіне де,  өзге де абырой әкелмесі 
ақиқат. Мысалы, «Queens әйелдер бюросы» жетекшісінің 
мәлімдемесі бойынша, Канадада әр 6 минут сайын 1 зор-
лау  оқиғасы  тіркеліп,  әрбір  үш  әйелдің  біреуі  әйтеуір 
өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады екен. 
Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49280 зорлау оқиғасы 
ресми тіркелген көрінеді
203
.  
Міне, сондықтан әйел адамға ашық-шашық киінбеуді 
ислам оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау, 
абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Әйел өзінің 
орамалымен  көрікті.  Жарасымды  ғып  ұзын  киінуімен  
ибалы.  Қазақтың  «Есті  қыз  етегін  қымтап  ұстайды» 
деуі  де  бекер  емес.  Күнделікті  өмірде  біз  құнды,  асыл 
заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан 
қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да 
құндылардың  құндысы,  асылдардың  асылы,  нәзіктердің 
нәзігі.  Олай  болса,  оның  да  жат  адамдардың  алдында 
ашық-шашық жүргені құптарлық емес. 
Орамал  тағудың  физиологиялық  тұрғыдан  да 
әйелдерге  пайдасы  бар.  Әрине,  бұл  өз  алдына  жеке 
зерттеуді қажет ететін бөлек мәселе. Десек те, С. Асфен-
202
 Ахмед Шаһин, иени айле илмихалы, 245-бет.
203
 Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт 
журналы, №14, 2002 ж.

343
ИМАНИ ГҮЛ
дияров  атындағы  Мемлекеттік  медицина  университеті 
Емдік  гигиена  кафедрасының  меңгерушісі,  медицина 
ғылымының  докторы,  профессор  Қарлығаш  Тоғызбаева 
бұл  жайлы  былай  дейді:  «Ер  адамдар  көбіне  көктен, 
әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің 
шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш 
келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер 
етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездес-
кендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», 
т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, 
ашық-шашық  жүрген  әйел  көктен  өзіне  қажет  емес 
артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гисто-
стерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гор-
мональды  бұзылуы  етек  алып,  жыныс  органдарындағы 
қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады»
204
.
Исламда  әйел  өз  көркін  бөгделерге  емес,  тек 
өзінің  некелі  еріне  ғана  көрсетеді.  Сондықтан,  шариғат 
әйелдердің некелі ерлерінің алдында барынша әдеміленіп 
жүру,  күйеулерінің назарын көшедегілерге емес, өздеріне 
қаратуға  әрекет  етуді  салиқалы  амалдардың  қатарына 
жатқызады.  Әдемілігі  мен  тәнін  жұртқа  көрсетуге  ты-
рысу  –  әйел  адамды  мақтаншақтық  пен  риашылдыққа 
тәрбиелейді.  Ондай  адамның  табиғаты  әрдайым 
көрсеқызарлық пен бәсекелесуді қалап тұрады. 
Құранда әйел адамның киетін киімінің нақты форма-
сы айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін қатты 
кескіндемейтіндей  кеңдікте,  жүзі,  екі  қолы,  тобықтың 
төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай 
кез-келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар 
орындалғаннан кейін,  сәнді әрі өзіне жарасымды жалпы 
эстетикаға  сай  киім  киюге  ислам  діні  қарсы  емес.  Сауд 
арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру 
204
 Мұсылман журналы, 25-бет. №1/ қаңтар айы, 2004ж.

344
ИМАНИ ГҮЛ
үрдісі барша мұсылмандарға парыз киім үлгісі емес. Он-
дай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына 
қарай  таңдалған.  Сондықтан  Құран  өлшемдерінен  шық-
пау  шартымен  әр  қоғам  киім  үлгісін  өзінің  менталитеті 
мен  әдет-ғұрыптарына,  заманына  қарай  әрі  өмір  сүрген 
жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, 
қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, 
әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері 
тігілген.  Ата-бабаларымыз  «ғұрпымызда  орамал  тағу 
жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, 
оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, 
өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда 
да  Құран  өлшемдеріне  әрі  заман  талабы  мен  ұлттық 
түсінігімізге сай әр түрлі киім үлгілерін тігуге неге бол-
масын? Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын 
киім кию – ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз 
түсініктерден арылар едік.
Мәселенің тағы бір маңызды жағы – діни сауаттылығы 
төмен қоғамға ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін, 
сенім негіздерін насихаттау қажеттілігі. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін кеңінен 
түсіндірді  емес  пе?  Иман  мәселесі  шешілген  қоғамда 
исламның  кез-келген  тыйымдары  мен  бұйрықтарының 
да  оп-оңай  шешілері  сөзсіз.  Иманнан  бұрын  орамал-
ды  насихаттаудың  –  уықсыз  шаңырақ  көтермек  болған 
әурешілікпен тең болары сөзсіз. 

345
Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат 
еткен?
Қазіргі  таңда  қоғамда  бұл  тақырып  өте  өзекті 
мәселеге  айналып  отыр.  Осы  тұрғыда  айтарымыз,  көп 
әйел  алуға  мүлдем  болмайды  деп  үзілді-кесілді  қарсы 
шығу  да,  көп  әйел  алуды  діннің  негізгі  талабы  іспетті 
жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп әйел алу – ба-
тыста қатты сынға ұшыраған тақырып. Алайда көп әйел 
алушылықты  алғаш  ойлап  тауып,  заңдастырған  ислам 
діні еместігі ақиқат. Ислам келгенге дейінгі, әлемдегі әйел 
затының  жағдайы  баршаға  мәлім.  Ол  кезде  әйел  затша 
саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектер-
ге шек қойылмайтын. Әйелді қалаған уақытында қалаған 
адамына  сатып  немесе  айырбастай  салатын.  Тіпті,  көне 
Грек және Рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есеп-
темеген.  Еплатонның  пікірінше,  әйел  бір  қолдан  екінші 
бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке  жатады. Ежелгі 
қытай  мәдениетінде  әйел  заты  адам  саналмағандықтан, 
оған айдар тағып, ат та қойылмайтын болған.  Тіпті, ба-
тыс  философтары    «Әйел  заты  жалпы  адам  ба,  жоқ 
па?  Адам  болса,  оның  жаны  бар  ма,  жоқ  па?  Бар  бол-
са, оның жаны ер адамдардың жанындай ма, жоқ әлде 
жануарлардың жандарына ұқсас па?» деген тәрізді адам 
шошитын ой-пікір таластарын да тудырған
205
. Міне, әйел 
баласының жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа 
толы бір заманда Ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс 
205
  Емине  Шеникоглу,  Генчлерин  иманыны  сорыларла  чалдылар, 
118-бет.

346
ИМАНИ ГҮЛ
екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан 
адамдыққа,  қорлықтан  ардақты  деңгейге  көтерді.  Тіпті, 
«Жұмақ  –    аналардың  табанының  астында»  деген 
сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді. Жоғарыда 
айтқанымыздай,  ислам  келмес  бұрын  әйелдермен 
үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша әйел алам десе де 
өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен шектеді. 
Өзінің  сыршыл  күрделі  талаптарын  қойды.  Олай  болса, 
бұл да исламның әйел баласына жасаған жақсылығы де-
сек артық айтқандық емес.
Екіншіден,  төрт  әйел  алудың  діндегі  орны  парыз 
яки  уәжіп  емес.  Яғни,  әрбір  мұсылман  ер  кісі  көп  әйел 
алуға  міндетті  емес.  Көп  әйел  алу,  бар  болғаны,  кей  
жағдайларға байланысты адамдарға берілген рұқсат қана. 
Бұған  қоса  көп  әйел  алудың  өзіндік  күрделі  шарттары 
мен  талаптары  бар.  Мысалы,  екі  әйел  алғысы  келетін 
кісінің ең әуелі оларды бағып-қарайтындай жағдайы бо-
луы  тиіс.  Мұнымен  қоса,    әйелдерінің  арасында  қара 
қылды  қақ  жарардай  әділдік  тең  қарым-қатынас    құруы 
керек. Яғни, біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен 
суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып, 
екіншісінікінде  аз  уақыт  қана  болу  секілді  көңілдеріне 
кірбің  салар  әділетсіз  араластықта  болу  дұрыс  емес. 
Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы ке-
рек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны 
өте  аз  екені  айтпаса  да  түсінікті.  Ардақты  Елші  (с.а.у.): 
«Екі  әйелі  бар  кісі  әйелдерінің  береуімен  артығырақ 
қарым-қатынас  жасап,  әділетсіздікке  жол  беретін  болса, 
ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде 
келеді»,  -  деп  әйелдерінің  арасында  әділетсіз  қарым-
қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын 
білдірген.  Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер 

347
ИМАНИ ГҮЛ
арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда 
біреуі жеткілікті...» деген.
Ал енді ислам дінінің көп әйел алуға рұқсат етуінің 
өзіндік бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың 
саны  әйел  адамдарға  қарағанда  әжептеуір  аз.  Оның  бір 
себебі,  ер  адамдардың  қазалы  оқиғаларға  көптеп  ду-
шар  болуында.  Мысалы,  соғыстарда,  жол  апаттарында, 
тағысын тағы  басқа жағдайларда ер адамның көптеп қаза 
табатыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста  миллиондаған 
ер  адамның  қаза  тапқанына  тарих  куә.  Қаза  тапқан  бұл 
ер кісілердің артында көзі жәутеңдеген бірнеше баласы-
мен аңыраған жас әйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған, 
миллиондаған жесір қалған әйелдердің де үйленіп жанұя 
құратын  ер  адамның,  жас  бүлдіршіндеріне  қамқорлық 
көрсетер әкенің қажет екені сөзсіз. Екі әйел алуға рұқсат 
жоқ  жағдайда  бұл  мәселе  қалай  шешілмек?  Қорғансыз 
аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат? 
Қазіргі  таңда  көптеген  елдерде  соғыс  болмаса  да, 
әйел  санының  ер  адамдардан  әлдеқайда  басым  екені 
белгілі.  Осының  салдарынан  көптеген  бойжеткендер  
уақытында үйлене алмай үйде отырып қалуда
206
. Әрине, 
бұл қыздардың да үйленгісі келетіні, ана болуды аңсары, 
белгілі  біреудің  қамқорлығын,  өмірдегі  тірегін  іздері 
хақ.  Ал  бұл  мәселелер  заңды  түрде  әрі  жауапкершілік 
шеңберінде шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз 
жайттардың етек алары сөзсіз. 
Бұлардан да жиі кездесетін бір жағдай – ер адамның 
екі  әйел  алуға  мәжбүр  болу  жағдайы.  Перзент  сүйгісі 
келетін  ер  азамат  некелескен  әйелі  дүниеге  бала  алып 
келе алмайтын бедеу болған жағдайда не істейді? Бірінші 
әйелімен  ажырасып,  басқамен  үйлене  ме?  Яғни,  сәби 
206
 Қазақстанда қазіргі таңда 182700 әйел баласы жастары отыздан 
асса да әлі тұрмысқа шыға алмаған. (2006 ж)

348
ИМАНИ ГҮЛ
дүниеге әкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл 
жүрген әйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа 
біреумен қол ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де 
далаға  тастамай,  оған  күйеу  әрі  сүйеу  болып  екінші  бір 
әйелмен  некелесе  ме?  Әрине,  бұл  тұста  ақылға  да,  ар-
ожданға  да  қонымдысы  екінші  таңдау  екені  сөзсіз.  Осы 
жерде  бірінші  әйелімен  де  ажыраспасын,  екінші  әйел 
де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алай-
да, бұған барлық азамат көне алмайды ғой. Әр адамның 
өзінше бір әлем екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент 
сүю  сияқты  арманы  бар  адам  мақсатына  жетпей  байыз 
таппасы және белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының 
көп болғанын қалайтын еркектер де кездеседі.
Сондай-ақ,  адам  баласы  өмірде  әр  түрлі  жағдайға 
тап  болады.  Мысалы,  әйелі  айықпас  дертке  шалдығып, 
күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар бол-
са, ер азаматтың тағы да екінші нұсқаны таңдағаны абзал 
емес пе?
Жоғарыда  айтылған  жағдайлар  болмаған  күннің 
өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай 
дейтініміз,  бірінші  әйелін  жақсы  көрумен  қатар  көңілі 
басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кездесері 
сөзсіз.  Себебі,  барлық  адамның  табиғаты,  жаратылысы 
бірдей  емес.  Кейбір  азаматтардың  жыныстық  қабілеті 
мен  құмарлығы  артықтау  келеді.  Бұған  қоса,  бірінші 
әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел 
алуға  тыйым  салған  жағдайда  мұндай  күйдегі  адамдар 
әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып 
тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған 
зина  сияқты  харам  істерге  баруы  бек  мүмкін.  Сөйтіп, 
Жаратушының алдында – күнәһар, ал бала-шағасының ал-
дында екіжүзді болады. «Біреу біліп қоя ма?» деген күдікті 
ойдан  құтыла  алмағандықтан,  психологиялық  тұрғыдан 

349
ИМАНИ ГҮЛ
мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші 
төсек ләззаты үшін  ғана пайдаланғандықтан, олардың да 
абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айна-
лары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен 
олардың  қорланған  шешелері  қалады.  Бүгінде  көп  әйел 
алуға  үзілді-кесілді  тыйым  салған  европа  бұнысымен 
қаншама  әйелдермен  жасырын  түрде  төсектес  болуға, 
яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек 
алуына,  мыңдаған  балалардың  әкесіз  дүниеге  келуіне, 
қолдан сансыз түсік жасалуына көз жұмып қарауда. 
Бұл  шындықты  батыстық  ғалым  Густав  Ли  Вон: 
«Мұсылмандардың  көп  әйелмен  некелесуі  –  заңды 
түрде  бір  әйелмен  некелесіп,  жасырын  түрде  көп 
әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан 
әлдеқайда артық»
207
 деп ашық мойындаған.
Негізінде, көп әйел алу ислам дінінде парыз да, уәжіп 
те  емес.  Тек  рұқсат  етілген  кеңшілік  жол  ретінде  ғана 
қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың 
өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарын ескерер 
болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін 
жауапкершілігі зор іс  екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер 
кісінің  екі  немесе  бірнеше  жанұяны  бірдей  басқаруға 
қабілеті  жеткіліксіз  болса  немесе  екінші  әйел  алған 
жағдайда  бірінші  жанұяның  шаңырағы  шайқалар  болса, 
мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. 
Сондықтан үйленетін адам өз жағдайын, жанұясының әрі 
қоғамының  ахуалын,  тыныс-тіршілігін  есепке  алмастан 
мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті. 
207
  Проф.  Др.  Ибраһим  Жанан,  Күтүб-и  ситте,  2-том,  274-бет.  
«Акчаг» баспасы, Стамбул.

350
Музыка тыңдау харам ба?
Әннің де  естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Абай
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  ән,  музыкаға  рұқсат  
ететін де
208
, тыйым салатын
209
 да көптеген хадистері бар. 
Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына бай-
ланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам 
десе,  енді  біреулері  адамға  пайдалысы  халал  деп  фәтуа 
берген
210
.
Пайғамбарымыздың 
музыкаға 
байланысты 
хадистерінің  әр  түрлі  болуының  астарынан    тыйым 
салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка 
208
 Мысалы, риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) қызы Айша анамыздың үйіне 
кіреді. Ол жерде екі жәрияның «буғас» соғысына байланысты ән 
айтып  жатқанын  көреді  де:  Пайғамбардың  үйінде  шайтанның 
мизмары  (шайтанның  әуен  аспабы)  ма?-деп  кейіс  білдіреді. 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  болса:  «Уа,  Әбу  Бәкір,  оларға  тиіспе! 
Бүгін мейрам күні ғой» деді. Осы секілді басқа да  хадистерге 
сүйенген кейбір ғұламалар: «Егер ән айту жалпы харам болғанда, 
пайғамбарымыз (с.а.у.) өз үйінде оның айтылуына мүлде рұқсат 
бермес  еді»  деп,  зияны  жоқ  музыка,  әндерге  рұқсат  беретін 
фәтуалар шығарған.
209
  Мысалы,  хадисте:  «Ән,  өлең  жүректе  екіжүзділікті  өсіреді» 
делінген. Осы секілді хадистерге қараған кейбір ғұламалар жал-
пы музыка, әндерге харам деп фәтуа берген. Толығырақ мәлімет 
үшін  қараңыз:  Қ.  Жолыбайұлы,  Дін  мен  діл,  97-бет.  «Дәуір»  
баспасы, 2010 ж.
210
 әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.

351
ИМАНИ ГҮЛ
аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ, 
тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты 
екенін аңғарамыз.  
Себебі,  кез-келген  музыка  аспабының  жақсы-
жаман  әркелкі  тартылуына,  бұған  қоса,  айтылатын  ән 
мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға 
тигізер  әсері  де  әр  түрлі  болады.  Міне,    сондықтан 
харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай 
қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.
Мысалы,  сіріңкені  бейкүнә  біреудің  үйін  өртеу 
тәрізді  қастандыққа  да,  от  жағып  үй  жылыту,  ас  пісіру 
сияқты игілікті істер үшін де қолдануға болады.
Адам  табиғаты,  ішкі  сезімдері,  жан  дүниесі  ерікті-
еріксіз  көптеген  нәрселерді  қалайды.  Мысалы,  көркем 
табиғат  көріністерін  тамашалағанда  бойы  сергіп  рахат-
танады.  Өзеннің  сылдырап  аққан  үні  өне  бойына  ерек-
ше  әсер  етеді.  Теңіздің  буырқанып  тасуы,  ормандағы 
тоты,  бұлбұл  секілді  жыршы  құстардың  сайрап  ән  са-
луы  да  жан  дүниесін  рахатқа  бөлеп,  дем    алдырады. 
Сондықтан адамның жан дүниесі, ішкі сезімдері әрдайым 
көркем табиғатты тамашалауды, судың сарқыраған дауы-
сын  естіп,  құстар  салған  әсем  әндерді  естуге  құмартып 
тұрады. Ислам діні адам баласын өз табиғатындағы осын-
дай  сезімдеріне  тұсау  салып  я  болмаса  тамырына  балта 
шауып мүлдем жоқ ету үшін келген жоқ. Керісінше, олар-
ды  реттеп,  орта  жолға  бағыттау    үшін  келді
211
.  Ендеше 
музыка  –  егер  адам  баласының  уақытын  босқа  өткізіп 
ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін қоздырып, ойына 
харам  нәрселерді  салып,  жаман  пиғылдарға  жетелейтін 
болса, даңғырығының қаттылығынан мидағы клеткалар-
ды өлтіріп, адам мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе онда 
211
 әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.

352
ИМАНИ ГҮЛ
–  харам.  «Пайғамбарымыздың  кейбір  хадистеріндегі 
музыкаға  байланысты  тыйымдар  осындай  теріс  бағытқа 
жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек»- дейді 
ХІ ғасырда өмір сүрген тақуалығымен танымал  ханафи 
ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулуси өзінің «Идахут-дәлалат 
фи самағил-әәләәт» (музыка аспаптарын тыңдауға байла-
нысты  дәлелдерді баяндау) атты кітабында
212
.  
Ал  егер  саз  бен  әуен  керісінше  адам  бойындағы 
мүлгіп жатқан жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына 
тыныштық сыйласа, шаршағанда жүйкесін дем алдырып, 
ойына  көркем  пікірлер  салатын  болса,  онда  неге  харам 
болсын?! 
Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар
               Әсем ән мен тәтті күй.
               Көңілге түрлі ой салар,
                         Әнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір 
әуендер  мен  әуездер  ешбір  сөз  айтылмаса  да,  адамның 
ішкі  дүниесіне  ағыла  құйылып,  өзінше  бір    әлемге  же-
телеп терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір 
күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер 
мен ондағы әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді 
білдіретін,  жауған  жаңбырдың  тырсылын  елестететін, 
көңіліңді  сергітіп,  керемет  ойға  жетелейтін  жұмсақ  та 
нәзік  әуендердің  бар  екені  баршаға  белгілі.  Отанды, 
бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне бай-
ланысты,  адам  баласын  адамгершілік  пен  имандылыққа 
баулитын  музыка  мен  әндерді  тыңдау  әрі  айту  неліктен 
харам болсын? 
Соғыста  әскердің  жау  алдындағы  рухын  көтеру 
әрі  кейбір  әскери  бұйрықтарды  білдіру  мақсатында 
212
 әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.

353
ИМАНИ ГҮЛ
мұсылмандардың  барабан  аспабын  қолданғандары
213

тіпті  кейбір  психикалық    ауруларды  музыка  арқылы 
емдегендіктері  тарихтан  белгілі
214
.  Мұндай  жақсы  істер 
үшін қолдануды кім болса да құптары сөзсіз. 
Ең әсем әуен Құран екені сөзсіз. Алайда қоғамдағы 
адамдардың  дәрежелері  мен  болмысы,  табиғаты  мен 
ішкі  сезімдері  бірдей  емес  екені  шындық.  Олай  болса, 
музыканы  жалпылай  харам  санап,    барлық  адамға  «Тек 
Құранды  ғана  оқы  әрі  тыңда!»  деп  күштей  алмаймыз. 
Себебі, қоғамда Құран  оқып, басқа да өзіне міндеттелген 
ғибадаттарын толық орындаумен қатар, өзі ұнатқан пай-
далы музыкаларды  тыңдағысы келетін адамдар тағы бар. 
Сондай-ақ  адам    жан  дүниесі  үздіксіз  ғибадат  жа-
саудан,  яки  үнемі  салмақты  нәрселермен  шұғылданудан 
жалығуы  ықтимал.  Сондықтан  адамның  табиғаты  мен 
болмысы анда-санда көңілін көтеріп, рухын дем алдыра-
тын нәрселерді қажетсінеді. 
 Хазірет Алидің (Алла Тағала одан разы болсын):
«Тәннің  шаршайтыны  тәрізді  жүрек  те  шар-
шайды.  Сондықтан  оны  қызық  хикметтермен  дем 
алдырыңдар!»,  «Жүректеріңді  анда-санда  дем  алды-
рып  тұрыңдар!  Себебі,  жүрек  зорықса,  тас  соқырға 
айналады»
215
 дегені риуаят етілген.
Музыка  тыңдауды  ұнататын  адамдарға  біз  егер 
жақсы  музыканы  тыңдауға  болатынын  айтып  жөн 
сілтемесек, тіпті көркем мағыналы әрі әуенді әндердің 
шығарылуына  бағыт-бағдар  беріп  реттемесек,  ол 
адамның  бара-бара  жаман  музыкаларға  ұрынбасына 
кім кепіл? 
213
 Фатауа Мустафа Зарқа, 349-бет. Дарул-қалам, Димашқ. 2001 ж.
214
 Һейет, Мүслүман Илим Өнжүлери, 149-бет. Стамбул, 2005 ж.
215
  Мухаммед  Абдур-Рахман  әл-Марғашли,  әл-Ғина  уәл-мәғазиф 
фил-иғламил-муғасир  уә  хукмуһә  фил-ислам,  229-бет.  «Дәрул-
мағрифа» баспасы, Бәйрут. 2006 ж.

354
ИМАНИ ГҮЛ
Егер  музыканы  жалпылама  харам  десек,  онда 
мұсылмандардың  мәдениеті,  өнері  артта  қалары 
сөзсіз.  Мысалы,  ғибратқа  толы  ұлан-асыр  тарихымыз-
ды  бейнелейтін  киноларымызға  ешбір  музыка  аспа-
бы  қосылып,  керекті  жерінде  эффекті    берілмесе,  ол 
киноны  кім  ерекше  әсермен  тамашалай  алады?  Онда 
жастарымыздың    өзгелердің  өте  тартымды,  әсері  күшті, 
бірақ  мағынасы  улы  киноларының  соңына  түсіп  кетері 
сөзсіз.  Сол  сияқты  телеканалдарда  бір  бағдарламадан 
екінші  бағдарламаға  өту  кезеңдерінде,  басқа  да 
көрермендердің  назарын  аударар  жағдайларда  музыка 
аспаптарының рөлінің маңыздылығын кім жоққа  шығара 
алады?! 
Сөз соңы, музыка белгілі бір мән-мағынаны жеткізу-
де қолданылатын «сөз» іспетті. Сөзбен пайдалы нәрсені 
насихаттауға да, зиянды теріс мағынаны жеткізуге бола-
тыны  секілді  музыканы  да  жақсы-жаман  түрлі  бағытта 
қолдануға болады дей келе Әбу Насыр әл-Фарабидың ба-
сынан өткен мына бір оқиғаны бере кетуді жөн көрдім. 
Әл-Фараби  бабамыз  ән-күй  десе  ішкен  асын  жерге 
қоятын жан болған екен. 
Бір күні өзінің бір ұстазынан ән-күй жайын сұрады. 
Ұстазының  айтуынша,  сырнай-керней,  әуен  –  жын-
шайтанның ісі болып шықты. Адамды алаң қылып азды-
рады, ісінен қалдырып, күнәға кіріптар етеді екен. 
Бұрын  ән-күйді  жақсы  сүйетін  Әбунасыр  осыны 
естігеннен  кейін  қолына  күй  аспабын  алмайтын  болды. 
Ән-күйді  сүйіп  ойнайтын  Әбудың  бір  қымбатты  қимас 
жолдасы  жоғалып  қалғандай  күй  кешеді  де  мынандай 
ойға батады. Әсем ән деген адамды жадырататын, көңілді 
көтеріп, жүректің мейірімін оятатын бір қасиетті өнер ғой. 
Ендеше, ол қалай сайтанның меншігі болады? 

355

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет