Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата29.12.2016
өлшемі0,72 Mb.
#722
1   2   3   4   5   6   7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



№1 зертханалық сабақ 

Тақырып. «Саркомастигофоралар типі - Sarcomastiqophorа. Саркодиналар класы» - 

Sarcodina. 

 

 

Сабақтың  мақсаты:  Кәдімгі  амебаны  (Amoeba  proteus)  мысалға  алып,  класс 

өкілдерінің системалық жағдайы мен құрылысын оқып білу. 

 

Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоп, өсірілген тірі амебасы бар су, 

тамызғыш, жабын және заттық әйнектер, сүзгіш қағаздар, препараттау инесі, белгіленген 

тұрақты  пішіні  бар  амебалар,  микропрепараттар,  микроплакаттар  және  де  түрлі-түсті 

плакаттар.  

 

         Сабақтың мазмұны 



 

Саркодиналардың  10  мыңнан  аса  түрлері  белгілі.  Олар  тұщы  суларда,  теңіздерде, 

ылғалды  топырақта  жиі  кездеседі.  Адамның  және  жануарлардың  ағзасында  паразиттік 

тіршілік  етеді.  Солардың  бірі  кәдімгі  амеба  (Amoeba  proteus)  –  қарапайымдылардың  

ішіндегі өте қарапайым құрылысты, тек микроскоппен ғана көрінетін жәндік. Оның денесі 

0,5  мм  әлсіз  бейнеленген  қабықшадан,  цитоплазмадан  және  ядродан  тұрады.  (1-  сурет). 

Цитоплазманы екі қабатқа бөлуге болады: жабысқақтау, ақшылдау болып келген сыртқы 

қабатын  –  эктоплазма    деп  атайды,  ал  сұйықтау,  түйіршіктеу  келген  ішкі  қабатын  – 

эндоплазма  деп атайды. Эктоплазма псевдоподияларында жақсы жетілген.  

Талшықтылардың  6000-нан  аса  түрлері  белгілі.  Олар  тұщы  суларда,  теңіздерде,  ылғалды 

топырақтарда кездеседі. Жануарлар мен адам ағзасында паразиттік тіршілік етеді. 

 

СИСТЕМАТИКАСЫ 



Қарапайымдылар патшалық тармағы – Protozoa 

Саркомастигофоралар типі – Sarcomastiqophorа. 

Саркодиналар класы- Sarcodina 

Тамыраяқтылар класс тармағы- Rhizopoda 

Амебалар отряды – Amoebina 

Амеба тұқымдасы – Amoeba 

1.Түрі - кәдімгі амеба – Amoeba  proteus  

2. Түрі – дизентерия  амебасы – Enthamoeba  histolytica 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Не үшін амеба денесінің тұрақты пішіні болмайды? 

2.

 



Амеба цитоплазмасы қандай қабаттарға ажыратылады? 

3.

 



Амеба өмірі үшін қажетті негізгі органоидтарды (органеллаларды) атаңыздар? 

4.

 



Амебалар қалай көбейеді? 

5.

 



Қорғаныш  қабықшасы-циста  дегеніміз  не  және  оның  биологиялық  маңызын 

түсіндіріңіз? 

6.

 

Паразиттік амебаларды атаңыздар және олардың тудыратын аурулары? 



 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

   1. Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы», 1 кітап, Алматы, 2004,                   24-

35 беттер  

1.

 



Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы», 1 бөлім Алматы,  1998,25-41 беттер 

2.

 



Махмутов С.М. «Зоология» Алматы, 2006, 47-55 беттер 

3.

 



Лукин Е.И. «Зоология» Агропромиздат 1989, 37-49 беттер 

 

 



 

№2 зертханалық сабақ 

 

 

Тақырып. «Ішек қуыстылар типі- Coelenterata (Cnidaria) 

Гидрозоа класы- Hydrozoa» 

 

Сабақтың  мақсаты:  Тұщы  су  гидрасын  мысалға  алып  ішек  қуыстылардың 

систематикалық жағдайын, құрылыстарын оқып білу. 



Сабақтың  мазмұны.  Ішекқуыстылардың  9000-ға  жуық  түрі  бар.  Олардың  басым 

көпшілігі  теңіздерде,  аз  ғана  өкілдері  тұщы  суларда  тіршілік  етеді.  Дене  пішіндері 

табақша,  шатыр,  қоңырау,  цилиндр  тәрізді,  ұзындығы  1  мм-ден  бірнеше  см-ге  дейін. 

Мысалы,  ең  ірі  түрі-  Cyаnea  arctica-  ның  көлденеңінен  2м,  ал  қармалауыштарының 

ұзындығы  30  м.  Ішек  қуыстылар  типі  3  класқа  бөлінеді:  гидрозоа  класы-  Hydrozoa, 

сцифозоа-  Scyphozoa    және  маржан  полиптері-  Anthozoa.  Сол  гидрозоа  класының  өкілі 

гидра  тұщы  суларда  тіршілік  етеді.  Жыныссыз  және  жынысты  жолмен  көбейеді. 

Личинкалары- планула деп аталады. 



Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоптар, лупалар, боялған тотальды 

(бүкіл  денесін  қамтитын)  препараттар,  тұщы  су  гидрасының  көлденең  және  тігінен 

кесінділері бар препараттар, микротаблицалар мен таблицалар. 

Студенттердің өзіндік орындайтын жұмыстары: 

 

СИСТЕМАТИКАСЫ 



 

Ішек қуыстылар типі- Coelenterata (Cnidaria) 

Гидрозоа класы- Hydrozoa 

Гидроидтылар клас тармағы- Hydroidea 

Гидралар отряды—Hydrida 

Өкілі: Тұщы су гидрасы-  Hydra olygactis  



 

Бақылау сұрақтары 

1.

 



Гидра не үшін екі қабатты жәндік болып саналады? 

2.

 



Гидраның денесі қандай жасушалардан тұрады? 

3.

 



Гидраның көбею жолдарын атаңдар? 

4.

 



Гидра қорегін қалай ұстайды және онда ас қорыту процесі қалай жүреді? 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

1. Дәуітбева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы-  2004,  97-  128 беттер 

     2. Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы- 

         1998, 138-170  беттер. 

     3. Махмұтов С.М. «Зоология», Алматы-2006, 73-76 беттер 

     4. Лукин Е.И. «Зоология», Москва, Агропромиздат 1989. 71-79    беттер 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



№3 зертханалық сабақ 

 

Тақырып. «Бірінші қуысты құрттар типі- Nemathelminthes немесе Ashelminthes. 



Нағыз жұмыр құрттар класы –Nematoda» 

 

Сабақтың  мақсаты:  Жылқы  аскаридасын  мысалға  ала  отырып,  жұмыр 

құрттардың систематикалық жағдайы мен дене құрлысын оқып білу.  

Сабақтың  мазмұны.  Нағыз  жұмыр  құрттардың  27000-нан  астам  түрі  бар.  Бұлар 

мұхиттар мен теңіздерде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, 

кейбірі  өсімдіктер  мен  жануарлардың,  адамдардың  да  барлық  дене  мүшелерінде 

паразиттік  жолмен  өмір  сүреді.  Дене  пішіндері  1  мм  –  ден    1  метрге  дейін  болады. 

Солардың бірі – жылқы аскаридасы. 

Жылқы аскаридасының (аналығының) ұзындығы 37см-ге дейін жетеді.  



 

Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоптар, лупалар қайшылар, 

скальпелдер,  пинцеттер,  препараттау  инелері,  ілгектер,  табақшалар,  суы  бар  стакандар, 

формалинде  қатырылған  аскаридалар,  аскарида  денесінің  көлденең  қимасы  бар 

микропрепараттар, таблицалар, схемалар. 



 

СИСТЕМАТИКАСЫ 

 

Бірінші қуысты құрттар типі – Nemathelminthes 



Нағыз Жұмыр құрттар немесе Нематодтар класы – Nematoda 

Сецерненттер класс тармағы – Secernenta 

Аскаридалар отряды – Ascarididea 

Өкілі: Жылқы аскаридасы – Parascaris equorum 



 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Аскариданың жыныс диморфизмі қалай көрсетілген? 

2.

 



Жұмыр құрттардың тері-мускул қапшығы қандай құрылысты болып келген? 

3.

 



Аскариданың  тіршілігіндегі  мүшелер  жүйесінің  негізгі  құрылыс  ерекшеліктерін 

атаңдар. 

4.

 

Жылқы (шошқа) аскаридасының даму циклі қандай? 



5.

 

Аскаридалар және жұмыр құрттардың басқа да өкілдері қандай зияндар келтіреді? 



 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

1.Дәуітбева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы - 2004, 195-222 беттер. 

2.  Түсіпова  К.С.  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  1  бөлім,  Алматы  -  1998,  241-261 

беттер. 

3. Махмұтов С.М. «Зоология», Алматы-2006, 101-111 беттер. 

4. Лукин Е.И. «Зоология», Москва, Агропромиздат 1989, 109-113 беттер   

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

№4 зертханалық сабақ 

 

Тақырып. «Буынаяқтылар типі – Arthropoda. Шаянтәрізділер 

класы– Crustacea» 

 

Сабақтың  мақсаты:  Өзен  шаянының  систематикалық  жағдайы  мен  құрылысын 

оқып білу. 



 

Бақылаусұрақтары: 

1.

 



Өзен шаянының денесін қандай бөлімдерге бөлуге болады? 

2.

 



Өзен шаянының аяқтарын (19жұп), олардың атқаратын қызметін атаңыздар. 

3.

 



Өзен шаянының ас қорыту жүйесіндегі ерекшеліктері неде? 

4.

 



Қан айналу және тыныс алу жүйелері қандай құрылысты болып келген? 

5.

 



Өзен шаяны мен жауынқұрттың зәр шығару мүшелерінің ұқсастықтары неде? 

6.

 



Өзен шаяны мен жауынқұрттың нерв жүйесіндегі ұқсастықтары қалай байқалады? 

7.

 



Өзен шаянының жыныс диморфизмі, яғни аталығы мен аналығының сыртқы көрінісі 

жағынан өзгешелігі қалай байқалады? Жыныс бездерін атаңдар. 



 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

1.Дәуітбева К.Ә. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы - 2004, 273-320 беттер. 

2. Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы» 2 бөлім, Алматы - 1999, 9-52 беттер. 

3. Махмұтов С.М. «Зоология», Алматы-2006, 137- 154 беттер. 

4.Лукин Е.И.«Зоология»,М.,Агропромиздат 1989,156 – 163 беттер. 

 

 



 

 

 

 

 

№5 зертханалық сабақ 

 

Тақырып.«Буынаяқтылар типі –Arthropoda. 

Насекомдар класы – Insecta». 

 

Сабақтың  мақсаты.  Бал  арасын  мысалға  ала  отырып,  насекомдардың 

систематикалық жағдайымен және де олардың сыртқы, ішкі құрылыстарымен танысу. 

Сабақтың  мазмұны.  Насекомдар  –  жануарлар  дүниесіндегі,  оның  ішінде 

буынаяқтылар  типінің  ең  көп  таралған  түрлері.  Ғылымға  2  млн-ға  жуық  түрлері  белгілі. 

Олар  жер  шарының  барлық  аймақтарында,  сонымен  қатар  ыстық  су  қайнарларында, 

қарлы  жерлер  мен  мұздарда  да  тіршілік  етеді.  Пайдалылары  да  жеткілікті  және  де 

жануарлар  мен  өсімдік  зиянкестері  де  өте  көп.  Пайдалы  насекомдардың  бір  түрі  –  бал 

арасы. 


 

Сабаққа  қажетті  құралдар  мен  материалдар:  лупалар,  белгілері  бар  арнаулы 

ерітінділерде  қатырылған  бал  аралар,  микротаблицалар,  схемалар  және  де  әртүрлі 

насекомдар коллекциялары. 

 

СИСТЕМАТИКАСЫ: 



 

Буынаяқтылар типі –  Arthropoda 

Трахеялылар (кеңірдектілер) тип тармағы – Tracheata 

Насекомдар класы - Insecta 

Қанатты насекомдар класс тармағы – Pterygota 

Жарғақ қанаттылар отряды – Hymenoptera 

Өкілі: Бал ара – Apis meleifera 

 

     



Бақылау сұрақтары. 

1.

 



Аралардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері неде? 

2.

 



Бал араларда ас қорыту процесі қалай жүреді? Ас қорыту жүйесінің негізгі бөлімдерін 

атаңыздар. 

3.

 

Мальпиги түтіктері қандай қызмет атқарады? Насекомдарда зәр шығару процесі қалай 



жүзеге асады? 

4.

 



Тыныс алу және қан айналу жүйесінің ерекшеліктері неде? 

5.

 



Насекомдардың нерв жүйесі қандай бөлімдерге дифференцияланған? 

6.

 



Көбею  мүшелерін  атаңыздар?  Аналық  араның  –  патшасының,  трутендердің  және 

жұмысшы бал аралардың жыныс мүшелеріндегі айырмашылықтары қандай? 



 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

1.  Дәуітбева  К.Ә.«Омыртқасыздар  зоологиясы»  II  бөлім,  Алматы  -  2005,  379-495 

беттер.               

2. Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы» 2 бөлім, Алматы - 1999, 52-159 беттер. 

3. Махмұтов С.М. «Зоология», Алматы-2006, 167-193 беттер. 

4. Лукин Е.И. «Зоология», Москва - 1989, 179-213 беттер. 

 


 

№6 зертханалық сабақ 

 

 

Тақырып. «Хордалылар типі. Бас сүйексіздер тип тармағы. Басхордалылар класы » 

- Сhordata, Acrania. Cephalochordata. 

 

Сабақтың  мақсаты:  Ланцетникті  мысалға  ала  отырып,  бас  сүйексіздердің 

систематикалық жағдайымен, сыртқы және ішкі құрылыстарымен танысу. 

 

Әдебиеттер: 

 1. Махмутов С.М. «Зоология»., 2006, 207 – 212 беттер. 

 2. Лукин Е.И. «Зоология». М., 1989, 240-244-беттер 

 3. Наумов С.П. «Омыртқалылар зоологиясы»., А., 1970, 9-15 беттер 

                          



Жаттығу сұрақтары. 

1.

 



Ланцетниктің сыртқы құрылысын сипаттаңыздар. 

2.

 



Ланцетниктер құрылысының қандай негізгі белгілеріне қарап, оларды  төменгі 

сатыдағы хордалыларға жатқызады? 

3.

 

Ланцетниктердің ас қорыту және тыныс алу жүйелерінде қандай ерекшеліктері 



бар? 

4.

 



Ланцетниктердің қан айналу жүйесі туралы не білесіздер? 

5.

 



Ланцетниктердің  зәр  шығару  мүшелерін  атаңыздар?  Олардың  құрылысы 

қандай? 


6.

 

Ланцетниктің көбею мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері қандай? 



 

 

 

№7 зертханалық сабақ 

 

Тақырып. «Хордалылар типі - Chordata 

Шеміршекті балықтар класы» - Pisces 

 

Сабақтың  мақсаты:  Акуланың  систематикалық  жағдайымен  танысып  және 

олардың сыртқы, ішкі құрылыстарын оқып білу. 



Сабақтың  мазмұны:  Балықтар  –  аузында  қозғалмалы  жақтары  бар,  желбезектерімен 

тыныс алып, суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалылар. Олардың 20000-нан аса 

түрі бар. Олардың 99 % сүйекті балықтар да, 1 % шеміршекті балықтар. 

 

Сабаққа қажетті  құралдар мен материалдар: жаңадан алынып келінген немесе 

арнаулы  ертінділерде  қатырылған  алабұғалар,  балықтардың  ішкі  құрылысы  аршылып 

көрсетілген  сулы  препараттар,балықтардың  дамуы  көрсетілген  препараттар,  алабұғаның 

қаңқасының  макеті,  әртүрлі  балықтардың  түрлері,  табақшалар,  қайшылар,  пинцеттер, 

скальпелдер, препараттау инелері, микротаблицалар мен схемалар. 

 

 



Бақылау сұрақтары. 

1.Шеміршекті  балықтардың сыртқы құрылысына сипаттама беріңіздер. 

2.Жыртқыш  балық  есебінде  алабұғаның  ас  қорыту  жүйесінде  қандай  құрылыс 

ерекшеліктері бар? 

3. Балықтардың тыныс алуы мен қан айналу жүйелері қалай болады? 

4. Нерв жүйесінде қандай құрылыс ерекшеліктері бар? Ми бөлімдерін атаңыздар? 

 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 



1. Наумов.С.П. «Омыртқалылар зоологиясы» А., 1970,23-76 беттер. 

2. Лукин.Е.И. «Зоология» М.,1989, 266-276-беттер. 

3. Махмутов.С.М. «Зоология» А.,2006,217-239 беттер. 

4. Олжабекова.К.Б., Есжанов Б.Е.  «Омыртқалылар зоологиясы» II  – бөлім. -Алматы, 

2007, 30-98 беттер.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

№8 зертханалық сабақ 

 

Тақырып. «Хордалылар типі - Сhordata. 

Қосмекенділер класы - Amphibia» 

 

Cабақтың  мақсаты:  Көлбақаны  мысалға  ала  отырып,  қосмекенділердің 

систематикалық  жағдайымен  танысу  және  оның  сыртқы  түрі  мен  ішкі  құрылысын  оқып 

білу. 

Сабақтың мазмұны. Дүние жүзінде қосмекенділердің 2500 түрі бар. Оларды суда да, 

құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қосмекенділер деп атаған. Олар 3 отрядқа топтасады: 

1.Құйрықтылар 2.Аяқсыздар. 3.Құйрықсыздар. 

Қазақстанда 12 түрі кездеседі 



Сабаққа  қажетті  құралдар  мен  материалдар.  Ұйықтатылған  бақалар, 

табақшалар,  қайшылар,  пинцеттер,  скальпелдер,  препараттау  инелері,  бақаның  қаңқасы 

мен  дамуы  көрсетілген  препараттар,  тритонның,саламандралардың,  бақалардың  сулы 

препараттары, микротаблицалар, схемалар. 

   

СИСТЕМАТИКАСЫ: 



 

 

Хордалылар типі- Сhordata 



 

Омыртқалылар немесе Бас сүйектілер тип тармағы-Vertebrata  

 

Қосмекенділер класы-Amphibia 



 

Құйрықсыздар отряды-Anura 

 

Нағыз бақалар тұқымдасы-Ranidae 



 

Өкілі: Көлбақа- Ridibunda 



Бақылау сұрақтары: 

1.Бақаның  суда  және  құрлықта  тіршілік  етуіне  байланысты  сыртқы  құрылысында 

қандай ерекшеліктер бар? 

2.Бақаның ас қорыту жүйесі қандай бөлімдерге бөлінген? 

3.Астың қорытылуына қандай бездер қатысады? 

4.Бақаның тыныс алуы қалай жүзеге асады? 

5.Қосмекенділердің қантамырлар жүйесінің ерекшелігі неде? 

6.Қосмекенділердің нерв жүйесінің балықтардыкінен айырмашылығы неде? 

7.Зәр  және  жыныс  жүйелеріне  қандай  мүшелер  жатады  және  олардың  өзара 

байланысы қалай берілген? 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

1.Наумов С.П. «Омыртқалылар зоологиясы» А., 1970, 76-101 беттер. 

2.Лукин Е.И. «Зоология» М., 1989, 282-293-беттер. 

3.Махмутов С.М. «Зоология» А.,2006,239-252 беттер. 

4.Олжабекова  К.Б.,  Есжанов  Б.Е.  «Омыртқалылар  зоологиясы».  2                    бөлім. 

Алматы, 2007, 98-127 беттер.  

 

 

 



 

 

 

 

 

 

№9 зертханалық сабақ 

 

Тақырып. «Хордалылар типі – Сhordata. Құстар класы - Aves» 

 

Сабақтың  мақсаты:  Көк  көгершіннің  мысалы  ретінде,  ұшатын  құстардың 

систематикалық жағдайымен, сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. 

Сабақтың  мазмұны.Дүние  жүзінде  құстардың  9  мыңға  жуық  түрі  бар.Ал 

Қазақстанда 488 түрі кездеседі. Олар 3 отряд үсті тармағына бөлінеді: 

1.Қырсыз төстілер 

2.Қырлы төстілер 

3.Пингвиндер 

 

Сабаққа  қажетті  құралдар  мен  материалдар:  Ұйықтатылған  көгершін, 

құстардың  денесі  аршылып,  мүшелер  жүйелері  көрсетілген  сулы  препараттары, 

көгершіннің  қаңқасы,  құстардың  тұлыптары,  препараттау  жабдықтары  (табақшалар, 

пинцеттер, қайшылар, инелер), микротаблицалар, схемалар. 

 

СИСТЕМАТИКАСЫ: 



Хордалылар типі- Сhordata 

Омыртқалылар тип тармағы- Vertebrata 

Құстар класы- Aves 

Қырлы төсті құстар отряд үсті тармағы-Саrinatae 

Көгершіндер отряды-Columbiformes 

Өкілі: Көк көгершін-Columba livia 

 

Бақылау сұрақтары. 

 

1.Көгершіннің  сыртқы  құрылысындағы  қандай  ерекшеліктері  олардың  ұшуға 



бейімделгендігін көрсетеді? 

 

2.Құрлысы  жағынан  қалыпты  (контурлы)  қауырсын  мамық  қауырсыннан  қалай 



ажыратылады? 

 

3. Ұшатын құстардың қаңқасының құрылыс ерекшеліктері қандай? 



 

4.Қосарлы тыныс алу процесінің мәні неде? 

 

5.Құстардың жылы қандылығын қалай түсінуге болады? 



 

6.Көгершіннің зәр шығаруы мен көбею мүшелерін атаңыздар? 

 

Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі: 

1.Наумов С.П. «Омыртқалылар зоологиясы» А., 1970,141-209 беттер. 

2.Лукин Е.И. «Зоология» М.,1989, 307-325 беттер. 

3.Махмутов С.М. «Зоология» А.,2006, 266-285 беттер. 

4.Олжабекова К.Б., Есжанов Б.Е. «Омыртқалылар зоологиясы». Алматы., 2007, 183 – 

278 беттер. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№10 зертханалық сабақ 

 

Тақырып. «Хордалылар типі- Сhordata. 

Сүтқоректілер класы-Мammalia» 

 

Сабақтың  мақсаты:  Ақ  егеуқұйрықты  мысалға  ала  отырып,  сүтқоректілердің 

систематикалық жағдайымен, сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. 



Сабақтың  мазмұны.  Қазіргі  кезде  сүтқоректілердің  дүние  жүзінде  4500-дей  түрі 

белгілі.Соның  178  түрі  Қазақстанда  тіршілік  етеді.Сүтқоректілер  класының  өкілдері  үш 

класасты тармағына бөлінеді:  

1.Жұмыртқа салушылар немесе алғашқы аңдар.  

2.Төменгі сатыдағы аңдар.  

3.Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілер немесе плаценталылар. 

 

Жұмысқа  қажетті  құралдар  мен  материалдар:  ұйықтатылған  егеуқұйрық, 

егеуқұйрықтың сойылып, аршыла көрсетілген мүшелер жүйелері бар сулы препараттары, 

олардың  құрастырылған  қаңқасы,  препараттау  саймандары  (табақшалар,  қайшылар, 

скальпелдер, инелер, пинцеттер), микротаблицалар мен схемалар. 

 

 

СИСТЕМАТИКАСЫ: 



 

Хордалылар типі- Сhordata. 

Омыртқалылар тип асты тармағы- Vertebrata 

Плацентарлылар класс асты тармағы-Placentalia 

немесе Жоғарғы сатыдағы аңдар клас асты тармағы-Eutheria 

Кемірушілер отряды - Rodentia 

Өкілі: Ақ егеуқұйрық - Rattus alba 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет