М. Ӛ. МҰҚашева, Ұ. Т. Махажанова



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата31.12.2016
өлшемі2,48 Mb.
#883
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


 
 
 
 
        
           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛ   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         
             
          
 
 
 
 
 М.  Ӛ. МҰҚАШЕВА ,  Ұ. Т. МАХАЖАНОВА  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
 
 
 
 
 
 
Л. Н. ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ  ЕУРАЗИЯ   ҰЛТТЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПРОГРАММАЛАУ  
ТЕХНОЛОГИЯСЫ  
 

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
М. Ӛ. Мұқашева,   Ұ. Т.  Махажанова  
 
ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
АСТАНА   2012 
УДК 004.41 (075.8) 
ББК  32.973-018я73 
М     84  
 
 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған 
 
Пікір жазғандар:  
Туребаева Р. Д.,  техника  ғылымдарының кандидаты, доцент 
Сарсимбаева С. М., физ.- мат. ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
 
 
 
Программалау технологиясы. Оқу-әдістемелік құрал.  / Мұқашева М.Ӛ.,  Махажанова 
Ұ.Т.   -  Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,  2012. –207 б. 
 
 
ISBN  978-601-7400-23-1 
  
 
 
Оқу-әдістемелік құрал 05070300- ақпараттық жүйелер мамандығы МЖМБС  бойынша  
«Программалау технологиясы» пәнінің мазмұнына сәйкес жазылды.   
Оқу-әдістемелік 
құралды 
жасауда 
оқытудың 
кредиттік 
технологиясының  
ерекшеліктері  ескерілді.  Жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  және  оқытушыларға 
арналған. 
 
 
                                                                                            УДК 004.41 (075.8) 
ББК  32.973-018я73 
 
 
ISBN  978-601-7400-23-1                             © Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012. 
© Мұқашева  М.Ӛ., 2012  
© Махажанова Ұ.Т., 2012 
 
 
 

 
І     Силлабус 
 
1.
 
Оқытушылар туралы мәліметтер: 
Мұқашева  Манаргүл  Ӛмірзаққызы,  ақпараттық  жүйелер  кафедрасының  доценті, 
педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  программалау  және  программалауды  оқыту 
әдістемелері  салалары  бойынша  ғылыми-әдістемелік  жұмыстарымен  айналысады,  е-
mail: mukasheva_m@enu.kz 
Махажанова Ұлжан Тәңірбергенқызы, ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, 
информатика  магистрі,    ақпараттық  технологиялар  және  программалау  бойынша 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  
2.
 
Пән бойынша мәліметтер:  
Аты:    PT  102  Программалау технологиясы:  
Сағат  саны:      Барлығы  -  3  кредит  ,  соның  ішіндегі:  дәрістер  –  15  сағат,  зертханалық 
сабақтар – 60 сағатқа жоспарланады.   
3.
 
Пәннің ӛткізілу уақыты:   
        1 курс, ІІ семестр 
4.
 
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері : 
Берілген пәнді зерделеу үшін келесі пәндерді (бӛлімдерді) меңгеру қажет: 
 
Пән 
Бӛлімдердің атауы 
Алгоритмдеу және программалау тілдер 
Толық курсы 
Информатика  
Толық курсы 
 
Студенттердің бұл пән бойынша алған білімдері келесі пәндерді оқытуда жалғасын 
табады:   
 
Пән 
Бӛлімдердің атауы 
Деректер қорын басқару жүйелері  
Толық курсы 
Ақпараттық жүйелердің негіздері 
Толық курсы 
Кодтау теориясы 
Толық курсы 
Ақпараттық қауіпсіздік 
Толық курсы 
 
 
 
5.
 
Пәннің сипаттамасы: 
 
Пәннің мақсаты.  
 
«Программалау  технологиясы»  пәнінің  мақсаты  студенттерді  программалық 
жабдықтарды  жасау  барысында  қажет  болатын  программалық  жүйелерді  талдау, 
жобалау, жүзеге асыру және тестілеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ  оларды қазіргі 
бар,  қолданылып  жүрген  ұстанымдар  мен  технологиялармен  таныстыру  болып 
табылады.  Бұл  туралы  теориялық  мәліметтер  дәріс  сабақтарында  қарастырылады.  Ал 
зертханалық  сабақтарда,  объектіге  бағдарланған  программалау  негіздері  туралы 
білімдерін  С++Builder  ортасында  жұмыс  жасай  отырып  жалғастырады.    Мұнда 
студенттер,  программалық  қамтамасыз  етуді  жобалау  тәсілдерін,  программалау 
стилін.  программалаудың  сапа  кӛрсеткішін,  программаны  сынау  мен  қалыптастыру 
тәсілдерін,  объектілі  бағытталған  программалаудың  негіздерін,  жады  кластарын, 
адрестеу  мен  жадыны  үйымдастыруды  құру,  кӛрсеткіштерді  қолданып  программа 
құру және C++ тілінің программалау ерекшеліктерін пайдалануды үйренеді.  
 

 
Пәннің міндеттері.  
 
Пәннің міндеттері келесідей:  050703 мамандықтарға қойылған талаптарға, Мемлекеттік 
стандартқа    сәйкес,  с
туденттер  пәнді  оқу  үрдісінде  С++  тілін    қолданып  есептерді 
алгоритмдеу  негіздері,  мәліметтер  түрлерін,  операцияларын  Си  программалау  тілінің 
операторларын,  ішкі  операторларды,  кіріктірілген  /встроенные/ 
функцияларды, 
программаны  қамтамасыз  етуді  жобалау  тәсілдерін,  динамикалық  құрылымдарды, 
программалау  технологиясы  негіздерін,  программалық  қамтамасыз  етуді  жобалау 
тәсілдерін, 
программалау 
стилін, 
программалаудың 
сапа 
кӛрсеткіштерін, 
программаны  сынау  мен  қалыптасытыру  тәсілдерін,  программалаудың  объектілі 
бағытталған  негіздерін,  жады  кластарын,  адрестеу  мен  жадыны  ұйымдастыруды 
қолданып программа кұруды үйренуі тиіс. 
 
  
Пәнді  оқытуды  жоспарлау. 
 
Дәріс сабақтарының  жоспарлануы 
 
  Апта 
№ 
Дәріс сабақтарының тақырыптары 
Дәрістер 
(сағ.) 
1, 2 
Программалау 
технологиясы. 
Негізгі 
түсініктер 
мен 
ұстанымдар.  Программалау технологиясының даму кезеңдері. 
 

3, 4 
Программалық  жабдықтардың  технологиялық  сипаттамаларын 
анықтау.  


Программалық жабдықтарға және оларды  жобалаудағы  бастапқы 
мәліметтерге қойылатын талаптарды анықтау.   

6, 7, 8 
Құрылымдық 
ұстанымға 
негізделген 
 
программалық 
жабдықтардың ерекшеліктері.  

9,10, 
11 
Объектілік    ұстанымға  негізделген  программалық  жабдықтардың 
ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар.  

12 
Қолданушының  интерфейсін  құру.  Қолданушы  интерфейстерінің 
түрлері және оларды құру кезеңдері.   

13 
Программалық 
жабдықтарды 
тестілеу. 
 
Программалық 
жабдықтардың  сапасын тексерудің түрлері. 

14 
Программалық 
жабдықтарды 
жӛндеу. 
Қателердің 
классификациясы.  

15 
Программалық 
жабдықтарды 
 
құжаттау. 
Программаларды 
құжаттаудың ортақ жүйесі.  

 
 
БАРЛЫҒЫ 
15 
 
 
 
Зертханалық  сабақтардың жоспарлануы 
 

Апта 
№ 
Зертханалық  сабақтардың тақырыптары  
Зертхана 
сабақтар 
(сағ.)  

Программалауда  қазіргі  қолданылып  жүрген  технологиялар. 
Объектіге бағдарланған программалаудың  негізгі қағидалары.  


С++  Buildеr  6  ортасының  құрылымы.    С++  Buildеr  6  ортасында 
қосымша құру. Жоба, форма, модуль, ресурс файлдары. 


Негізгі 
визуалдық 
компоненттер. 
VCL 
кітапханасының 
компоненттері. Қасиеттері, әдістері және оқиғалары. 


Қосымша құруда тізімдерді пайдалану 


Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі  


Қосымшадағы 
терезелердің 
және 
мәзірлердің 
жұмысын 
ұйымдастыру. Форма және мәзірлер. 


Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер. 


Ерекше жағдайларды ӛңдеу түсінігі. Ерекше жағдайлар класы. 


Wіndows  интерфейсінің  компоненттерін  қолданып  файлдарды 
басқару 

10 
С++ Buildеr 6 ортасындағы графика. Объектіні  қозғалысқа келтіру. 
Анимация. 

11 
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын құру 

12 
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын басқару 

13 
QReport парағын пайдаланып есеп беруді ұйымдастыру 

14 
Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру. 

15 
Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы 
инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы 
жасау.  

 
БАРЛЫҒЫ: 
60 
Студенттердің ӛзіндік жұмыстарының тақырыптары және тапсыру мерзімі: 
 
Апта 
№ 
Ӛзіндік жұмыстардың тақырыптары және қысқаша 
мазмұны  
Тапсырылу 
мерзімі 

 
Программалауда  қазіргі  қолданылып  жүрген  технологиялар. 
Объектіге бағдарланған программалаудың  негізгі қағидалары.  
1-апта 

С++  Buildеr  6  ортасының  құрылымы.    С++  Buildеr  6  ортасында 
қосымша құру. Жоба, форма, модуль, ресурс файлдары. 
2-апта 

Негізгі 
визуалдық 
компоненттер. 
VCL 
кітапханасының 
компоненттері. Қасиеттері, әдістері және оқиғалары. 
3-апта 

Қосымша құруда тізімдерді пайдалану 
4-апта 

Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі  
5-апта 


Қосымшадағы  терезелердің  және  мәзірлердің  жұмысын 
ұйымдастыру. Форма және мәзірлер. 
6-апта 

Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер. 
7-апта 

Ерекше жағдайларды ӛңдеу түсінігі. Ерекше жағдайлар класы. 
8-апта 

Wіndows  интерфейсінің  компоненттерін  қолданып  файлдарды 
басқару 
9-апта 
10 
С++  Buildеr  6  ортасындағы  графика.  Объектіні  қозғалысқа 
келтіру. Анимация. 
10-апта 
11 
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын құру 
11-апта 
12 
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын басқару 
12-апта 
13 
QReport парағын пайдаланып есеп беруді ұйымдастыру 
13-апта 
14 
Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру. 
14-апта 
15 
Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы 
инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы 
жасау.  
15-апта 
6.
 
Әдебиеттер тізімі 
 
Негізгі әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Иванова  Г.  С.    Технология  программирования:  Учебник  для  вузов.-  М.:  Изд-во 
МГТУ  им.  Н.  Э.  Баумана,  2003-  320  с.  /Серия:  Информатика  в  техническом 
университете/ 
2.
 
Мұқашева М. Ӛ. Программалау /С++ Builder 6/. Оқулық. Астана, ЕҰУ -2011 ж.- 375 б. 
3.
 
Свердлов С. З. Языки программирования и методы трансляции: Учебное пособие. – 
СПб.: Питер,2007-638 с. 
4.
 
Холингворт,  Джаррод,  Сворт  и  др.  Borland  C++Builder  6.  Руководство 
разработчика.: Пер с англ. – М. : ИД «Вильямс», 2004- 976 с. 
5.
 
Синицын  С.  В.,  Налютин  Н.  Ю. Верификация  программного  обеспечения. - М.: 
БИНОМ, 2008. — 368 с.   
6.
 
Крэг  Ларман.  Применение  UML  2.0  и  шаблонов  проектирования.  Введение  в 
объектно-ориентированный  анализ,  проектирование  и  итеративную  разработку.  
М.:Вильямс, 07 – 736с. 
7.
 
Грекул В.И.  и др. Проектирование информационных систем. 2005 г.- 304 с. 
8.
 
Бейзер  Б. Тестирование  чѐрного  ящика.  Технологии  функционального  тестирования 
программного обеспечения и систем. - СПб.: Питер, 2004. — 320 с.   
 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 
 
9.
 
Молчанов  А.  Ю.  Системное  программное  обепечение.  Лабораторный  практикум.  - 
СПб.: Питер, 2005.- 284 с. 
10.
 
Франке.  С++ . Учебный курс.-  СПб.: Питер, 2003 
11.
 
Архангельский А.Я. Программирование в C++ Bulder. М.: Бином, 2003. 
12.
 
Тяпичев Г. А. Быстрое программирование на С++.– .: СОЛОН-Пресс, 2004-384 с. 
13.
 
 Фокс Дж. Программное обеспечение и его разработка. - М.: Мир, 1985. 
 
7.
 
  Бағалау жүйесі  
 

 Барлығы – 100% үлеспен (баллмен)  бағаланады , оның ішінде : 
-
 
Дәріс  сабақтары  және  зертханалық  жұмыстар  бойынша  үлесі  (бақылау  жұмысы, 
аралық тестілеу, коллоквиум, курстық жұмыстар  және т.б.)  – 60%  
-
 
Қортынды бақылау (емтитхан) бойынша – 40% 
 
8.
 
Пән саясаты және процедуралары 
 
-
 
сабаққа  себепсіз  кешікпеу  керек,  кешіккен  жағдайда  сабаққа  қатысуға  рұқсат 
берілмейді; 
-
 
сабақты  себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда – анықтаманы, басқа жағдайларда 
түсініктеме ұсыну керек; 
-
 
зертханалық  және  ӛзіндік  жұмыстарын,  курстық  жұмыстарды  және  рефератты 
уақытында орындап тапсыру;  
-
 
оқу процесіне белсенді қатысу;   
-
 
курстастармен және оқытушылармен шыдамды, ашық және түсіністік  қатынаста 
болу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ІІ   Глоссарий 
 
CASE  (Computer-  Aided  Software/System  Engineering–  разработка  программного 
обеспечения/программных  систем    с  использованием    компьютерной  поддержки)  – 
программалық жабдықтарды/ программалық жүйелерді компьютердің қолдауымен  құру; 
COM    (Component  Object  Model  –компонентный  модель  объекта)  -  компоненттік 
объектілер  моделі,  бұл  -    бинарлық  программалық  компоненттерді  (немесе  программалық 
коды  екілік  форматта  жазылған  компоненттерді)  біріктірудің    объектіге  бағдарланған 
технологиясы  болып  табылады.    Бұл  технологияның  артықшылығы  бинарлық  деңгейдегі 
стандартты  сақтай  отырып  кез-келген  программалау  тілінде,  кез-келген  ортада  жасалған 
компоненттерді кез-келген программада пайдалана беруге болады 
RAD (Rapid  Application Development- быстрая разработка приложений)-  қосымшалар 
құруды жылдамдату; 
UML  (Unified  Modeling  Language–  унифицированный  язык  моделирования)  - 
модельдеудің унифицацияланған  тілі (немесе модельдеудің ортақ түрге келтірілген түрі). 
МСТ  (мемлекеттік  стандарт)  –  белгілі  бір  салаларға  байланысты  ережелерді 
тағайындайтын мемлекеттік деңгейде қабылданған арнайы құжат. 
Верификация  -  ақырғы  ӛнімнің,  яғни  программалық  жабдықтың,  алдын-ала 
анықталған  талаптарға  сәйкес  жасалғандығын  тексере  отырып,  программалық  жабдықтың 
дұрыстығын  дәлелдеу.  Программалық  жабдықтарды  верификациялауда  «Хоардың 
аксиоматикалық семантика әдісі», «Флойдтың индуктивті тұжырымдамалар әдісі»  және т.б.  
арнайы формальды әдістер қолданылады. 
Глоссарий – терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сӛздігі. 
Инкапсуляция-  бір  объектіге  тән  барлық  қасиеттердің,  әдістер    мен  әрекеттердің  
капсуланың қызметін атқаратын бір құрылымға немесе типке  жинақталуы. 
Иерархия    –  бұл  белгіл  бір  жүйедегі  элементтердің  бір-  біріне  бағынышты  түрде 
реттеліп  орналасуын    білдіреді.  Мысалы  тума  класстардың,    түпкі  кластарға  бағынышты 
болуын «кластар иерархиясы» немесе «объектілер иерархиясы» деп атайды.  
  Класс(class)-  инкапсуляция,  қабылдаушылық  және  полиморфизм  қағидаларына  
сәйкес анықталатын  объектілерді программада  сипаттау  және қолдану үшін   құрылатын 
жаңа  құрылымдық  тип.  Кез-келген  объект  белгілі  бір  кластың  ӛкілі,  бір  данасы  немесе 
айнымалысы  болып есептеледі.  
Кроссплатформалы  программалық  жабдықтар  –  екі  немесе  одан  да  кӛп  түрліше 
аппараттық  платформаларда  немесе  түрліше  операциялық  жүйелерде  жұмыс  жасай  беретін 
программалық  жабдықтар.  Мысалы,  операциялық  жүйеге  тәуелсіз,  яғни 
Linux
   және 
 
Windows
  тобына  жататын  операциялық  жүйелердің  барлығында  дерлік  жұмыс  жасай 
беретін 
C

С++

PureBasic
   және 
Free  Pascal
 —кроссплатформалы  программалау  тілдері 
болып есептеледі.  
Қабылдаушылық-    белгілі  бір  түп-объектіден  тарайтын  және  оның  барлық 
қасиеттерін,  әдістері  мен  әрекеттерін  қабылдап  алып,  сақтап  қалатын  кӛп  тума-
объектілерінің  болуы.  Тума-объектінің  түп-объектіден  берілген    қасиеттерін,  әдістері  мен 
әрекеттерін  ӛзгертуге  болмайды,  бірақ  оны  жаңа  элементтермен  толықтыруға  болады  және 
одан тарайтын жаңа тума-объектілер алуға болады. Мұның нәтижесінде объектілердің пайда 
болуын, қайсысы-қайдан тарайтынынын  кӛрсететін, объектілер /немесе кластар/ иерархиясы 
пайда болады, оның ең түпкі немесе жоғарғы объектісі TObject класы болып табылады .  
 Нотация  –  қандайда  болмасын  бір  ұғымдар  мен  түсініктерді  және  олардың 
арасындағы  байланыстарды  кӛрсету  үшін,    арнайы  келісім  бойынша  қабылданған  шартты 

түрде  алынған  белгілеулердің  жиынтығы.  Мысалы,  алгоритмдерді  кӛрсетуде  мәтіндік 
нотация (псевдокод) және графикалық нотация (блок- схемалар) қолданылатыны белгілі.   
 Пакеттер(packages)-  бұл  визуалдық    компоненттер  мен  басқа  да    объектілердің, 
функциялардың  және  т.б.  кітапханаларын    біріктіре  отырып  қамтитын,  қосымшаға 
динамикалық түрде қосылатын  DLL модульдің немесе кітапхананың арнайы бір түрі.  
 Полиморфизм-  түрлі  объектілердің,  нәтижелері  әр  түрлі  болатын,  бірақ  атаулары 
бірдей  әрекеттерді  орындай  алуы.  Мысалы,  Windows  терезелерінде  ең  жиі  қолданылатын 
объектілердің  бірі,  батырмаларды  алатын  болсақ,  бір  терезеде  бірнеше  батырма  тұрады, 
олардың  кез-келгеніне  «шерткенде  немесе  сырт  еткізгенде»,  олар  түрліше  қызметтерді 
орындайды  
Программалық  жабдық  (soft)  –  қандайда  болмасын  белгілі  бір  саланың    есептерін 
шешуге  арналған,  программалау  тілдерінің  бірінде  жүзеге  асырылған  компьютерлік 
программалардың  жиынтығы.  Программалық  жабдықтар  қазіргі  заманғы    ақпараттық 
жүйелердің негізгі бӛлігі, құраушысы болып табылады. 
  Программалық  жабдықтың  ӛмірлік  циклы-  оны  құру  туралы  идеяның  пайда 
болған  уақытынан  бастап,  оны  жасаған  фирманың  программалық  жабдықты    әрі  қарай 
қолдап жетілдіруді тоқтатқанға дейінгі уақыты. 
 Программаның интерфейсі -  қолданушы мен программалық жабдықтың арасындағы 
қатынас, байланыс. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің интерфейсі- қолданушыға ӛте 
ыңғайлы  графикалық  интерфейс  (Graphical  User  Interface,  GUI),  кейде  оны  «визуальды 
интерфейс»  деп те атайды. 
Программалау  технологиясы    -  программалық  жабдықтарды  жасау  процесінде 
қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.
 
Техникалық тапсырма-  программалық жабдықты құру мақсаттары, оған қойылатын 
талаптар, жасау уақыты мен кезеңдері, тапсырыс берушіге ӛткізу мерзімі және т.б. кӛптеген 
мәліметтер  қамтылған,    программалық  жабдық  туралы  толық  мәлімет    беретін  құжат. 
Техникалық  тапсырманы  жасауға  тапсырыс  беруші  де  және  оны  орындаушы  да  қатысуы 
керек. 
ЭЕМ    (электронды  есептеуіш  машина)  –  қазіргі  дербес  компьютерлердің  бұрынғы 
атауы. 
 
ІІІ    Дәріс сабақтарының қысқаша конспектілері  
1-  2  дәрістер. 
Программалау  технологиясы.  Негізгі  түсініктер  мен  ұстанымдар. 
Программалау технологиясының даму кезеңдері 
Программалау технологиясы, бұл- программалық жабдықтарды жасау процесінде 
қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.  
Электрондық-есептеуіш машиналар алғаш қолданыла бастаған кезеңнен бастап қазіргі 
уақытқа  дейін    оларға  арналған  программалар  жазу    негізгі  мәселелердің  бірі  болып 
саналады.  Программалық  жабдықтың  ӛмірлік  циклы  деп,  оны  құру  туралы  идея    пайда 
болған  кезден  бастап,  оны  жасаған  фирманың  программалық  жабдықты    әрі  қарай  қолдап 
жетілдіруі тоқтатылғанға  дейінгі уақытты айтады. 
Программаның  ӛмірлік  циклының  құрылымы      ISO  IEC  12207:  1995  Information 
Technologe  -  Software  Life  Cycle  Processes  (Информационные  технологии  -  Процессы 
жизненного  цикла  программного  обеспечения)  халықаралық  стандартымен  анықталған, 
мұндағы ISO – International Organization for Standardization (Международная организация по 
стандартизации)    және  ІЕС  -  International  Electrotechnical  Commission  (Международная 
комиссия по электротехнике).  

Аталған  стандарт  бойынша    программалық  жабдықты  құру  келесі  процесстерден 
тұрады: 
-
 
даярлық жұмыстары;  
-
 
болашақ жүйеге немесе программаға  қойылатын талаптарды анықтау; 
-
 
болашақ жүйенің немесе программаның архитектурасын жобалау; 
-
 
программаға қойылатын талаптарға талдау (анализ) жасау; 
-
 
программалық жабдықты детальды жобалау; 
-
 
программалық жабдықтың кодын жасау және тестілеу; 
-
 
программалық жабдықты жүйеге кірістіру; 
-
 
программалық жабдықты құжаттау;  
-
 
программалық жабдықты қолдап отыру. 
 
 
Программалау  технологиясының  даму  кезеңдерінің  бастапқысы,   с
тихиялы 
программалау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде, қазіргі жоғары деңгейдегі программалау 
тілдері  болмағандықтан  программалар  машиналық  тілде  жазылды,  мысалы,  1958  жылы 
академик  С.  А.  Лебедевтің  басшылығымен  жасалған,  М-20    есептеулерге  арналған 
электронды  есептеуіш  машинасы  номерленген  командалардан  тұратын  программаны 
орындай алатын болды   (3.1-сурет).  
 
Номер  
Команда  
Операндалар  сақталатын  жедел  жады 
ұяшықтарының адрестері  
0100  
01  
1234  
6543  
3489 
0101  
02  
4563  
0567  
3456 
0102  
05  
3489  
3456  
2987 
 
3.1-сурет. М-20 ЭЕМ-на арналып жазылған программа мәтіні 
Алғашқы  кезеңдерден  бастап-ақ,  программистердің  алдындағы  міндет,  жадыдан  аз 
орын алатын және тез жұмыс жасайтын программа құру әдістерін табу керек болды, мысалы, 
қазіргі программалау тілдерінде сирек  болса да қолданылатын   GOTO операторы да соның 
бір кӛрінісі болып табылады.   
Мұндай  тәсілдерді  қолдану  программаның  статикалық  түрінің  динамикалық  түрімен 
сәйкес келмеуіне әкеліп соқтыратын болғандықтан бұл программаларды программисттер ӛз 
тілдерінде  BS-программалар (Bowl Spaghetti - блюдо спагетти) деп атайтын болған. Кейбір 
жағдайларда программисттің ӛзі құрған BS-программасының қатесін ӛзі таба алмай қалатын 
кездері болады ( 3.2-сурет): 

                                   
 
3.2-сурет. BS-программа листингісінің фрагменті 
Программалық жабдықты құрудағы негізгі міндеттердің бірі программаның статикалық 
күйі,  яғни  бастапқы  жазылуымен  (немесе  листингісі)  оның  динамикалық  күйі,  яғни 
компьютердегі орындалу тәртібі сәйкес келуі керек немесе программа командалары жазылу 
реті бойынша орындалуы тиіс.  
Бұл мәселені шешу үшін жаңа тиімді программалау технологиясын жасау қажет болды. 
Бұл ізденістің нәтижесінде  70- жылдардың басында  IBM корпорациясы ұсынған, теориялық 
негізін  профессор  Э.  Дейкстра  қалаған  құрылымдық  программалау  технологиясы  пайда 
болды. Мұнда, программалар белгілі бір ережелерге сәйкес немесе технологиялық әдістерге 
негізделіп  құрылатын  болды.  Мұның  негізінде  күрделі  программаларды  кішкентай  шағын 
программаларға  жіктеп  алу  яғни  «декомпозиция»  принципі  жатыр.  Бұл  кезеңнің 
программалары  модульдерден  құралды.  Модульдерден  құралған  мұндай  программалар 
кӛптеген  мәселелерді  шешкенімен,  оның  тиімсіз  жақтары  да  болды.  Мысалы,  неғұрлым 
подпрограммалар  кӛп  болған  сайын,  ол  подпрограммаларда  программаға  қатысатын  кең 
ауқымды (глобалдық) мәліметтердің ӛзгеріп кетуі кӛбейеді, сондықтан әрбір подпрограмма 
ӛзі орындалып болған ортақ пайдаланылатын кең ауқымды соң мәліметті қайтадан бастапқы 
қалпына  келтіріп  қоюы  қажет  болды.  Сондықтан  әрбір  подпрограмманың  ішінде  ӛзінің 
локальдық мәліметтерін жасау қажеттілігі туындады (3.3-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.3-сурет. Құрылымдық программалау элементтері 
Негізгі программа
 
 
Глобальды 
мәліметтер 
 
 
Подпрограмма1
 
Локальды 
мәлімет 
 
Подпрограмма3
 
Локальды 
мәлімет 
 
Подпрограмма2
 
Локальды 
мәлімет 
 

Мысалы  квадрат  теңдеуді  шешу  қажет  болса,  коэффициенттер  ғана  негізгі 
программадан алынады, ал дискриминантты табу ол локальдық айнымалы арқылы жасалады. 
Құрылымдық    программалаудағы  тағы  бір  мәселе,  бір  программаға  қатысты 
әртүрліподпрограммаларды  бірнеше  программисттің    бір  мезгілде  параллель  құра  алу 
мүмкіндігімен  байланысты  туындады.  Әрине,  бұл  тәсіл  программаны  құру  уақытын  біраз 
қысқарта  алады,  бірақ,  мұнда  стихиялы  түрде  «тӛменнен  жоғары»  қарай  программалау 
қағидасы    қолданылды,  яғни  әуелі  қарапайым  подпрограммалар  жасалып,  сонан  кейін 
оларды  біріктіріп  күрделі  программалар  жасалатын  болды.  Ал,  бұл  подпрограммаларды 
біріктіріп қалған кезде, ортақ ережелер болмағандықтан негізігі программаны алу ӛте қиын 
болды,  яғни  түрліше  стильде  жасалған  подпрограммаларды  біріктіру  қиынға  соқты.  Мұны, 
ХХ  ғасырдың, 60-жылдары «подпрограммалаудағы кризис» деп атады.  
Модульдік программалау (3.4- сурет) кӛп мәселелерді шешті оның тиімсіз жағы, егер 
программаға  бірнеше  модуль  қатынасатын  болса,  онда  олардың  ӛзара  байланысындағы 
қателер,  яғни  интерфейстегі  қателерді  тек  программаның  орындалуы  кезінде  ғана  байқау 
мүмкін  болатын  болды,  себебі  модульдер  программадан  тыс  ӛз  алдына  бӛлек 
компиляцияланады.  Егер  программаға  қатысатын  модульдер  саны  кӛп  болса,  мұндай 
қателердің бәрінің алдын алу мүмкін емес екені белгілі болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.4-сурет. Модульдік – құрылымдық программалау элементтері 
Келесі  кезеңде,  объектілік  ұстаным  қолданыла  бастады.  Мұнда  программа 
объектілердің    жиынтығынан  жасалады.  Бұл  объектілер  белгілі  бір  класқа  жатады.  Ал  ол 
кластар белгілі бір иерархияға бағынады, және соңғысы алдынғысының барлық қасиеттерін 
қабылдайды,  және  олар  ӛзара    «оқиғалар»  арқылы  байланысады.    Бұл  кезеңдегі  ең  алғаш 
имитациялық модельдеу тілі Simula болды. Қазіргі,  Delphi, Visual C++, C++ Builder, Visual 
Basic, Java бұлардың барлығы да RAD технологияларға жатады және объектілік ұстанымды 
барынша  қолдайды.  Бұл  технологиялардың  тиімсіз  тұсы  -    компиляциялаудағы    ортақ 
стандарттардың  болмауы.    Мысалы,  белгілі  бір  алгоритмге  сәйкес    Visual  C++  ортасында 
жазылған программаны,  сол алгоритм үшін C++ Builder ортасында пайдалану мүмкін емес, 
яғни сол алгоритмді қайтадан жазу керек болады,  сол сияқты  объектілік компоненттің бір 
сипаттамасы ӛзгертсе болды, онда соған сәйкес программаны да қайтадан компиляциялаудан 
ӛткізу қажет болады. 
Жоғарыда  аталған  мәселені  шешуді  программалаудағы  компоненттік  ұстаным  (COM- 
технологияның)  кӛмегімен  шешуге  болатыны  қазір  белгілі  болып  отыр.  Компненттік  
ұстанымның  мағынасы,  мұнда  программалар  ӛзара  бір-бірімен  стандарт  түрдегі  екілік 
Негізгі программа
 
 
Глобальды 
мәліметтер 
 
 
Модуль 2 
Модулдік мәлімет 
Подпрограмма1 
 
мәлімет 
Подпрограмма2 
 
мәлімет 
Модуль 1 
Мәлімет 
Подпрограмма1 
 
мәлімет 
Подпрограмма2 
 
мәлімет 

интерфейс  арқылы  байланысады  және  бинарлық  (екілік  форматтағы)  компоненттерден 
құралады.  Мұндағы  объект–  компоненттердің  кәдімгі  объектілерден  ӛзгешелігі  оларды 
динамикалық кітапханаларға немесе exe-файлдарға біріктіріп екілік түрде, бастапқы мәтінсіз 
(без  исходных  текстов)  тарата  беруге  болады  және  оны  осы  компоненттік  технологияны 
ұстанатын  кез-келген  тілде  пайдалана  беруге  болады.  COM-  технологияның  қарапайым 
мысалы,  Paint  графиктік  редакторында  жасалған  сурет-объектіні    Word-  мәтіндік 
редакторындағы құжатқа апарып кіріктіруге болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет