4 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
6
НЕГІЗГІ
ҚАҒИДАТТАРЫ
КОНТРЦИКЛДЫ СИПАТ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ
ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ
«НҰРЛЫ ЖОЛ»
ЌАЗАЌСТАННЫЅ «НЎРЛЫ ЖОЛ»
ЌАЗАЌСТАННЫЅ «НЎРЛЫ ЖОЛ»
ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ САЯСАТЫ
ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ САЯСАТЫ
Жолдар –
Қазақстан
үшін өмір желісі
Еуразия интеграция институтының арнайы жобасы
Жол салу есебінен шамамен
200 000 жұмыс орны құрылады
Халықтың еңбекпен қамтылу
деңгейін арттыру және
табыстарын өсіру
Экономиканың өзге салаларындағы
мультипликативті тиімділік:
құрылыс материалдарын, цемент,
бетон, битум, құрал-жабдықтар
мен сәйкес қызмет көрсету
тауарларын шығару
Жаңа көлік желісі
Астанадан барлық бағыттарға
автомобиль, теміржол және
авиациялық магистралдар арқылы
тарайды
Жаңа магистралдар
біздің экономикамыз бен
қоғамымызды жаңғыртып, кең-
байтақ еліміздің барлық жақтарын
бекем байланыстырады
Жүк ағындары жеделдейді
және ұлғаяды
Еліміз арқылы транзит
көлемі артады
Заманауи және сапалы
автомагистралдармен
қазақстандықтар кез келген өңірге
қауіпсіз әрі жедел
жете алады
Әлеуметтік инфрақұрылым
жақсарады,
жаңа заманауи мектептер мен
ауруханалар жоғары сапалы
қызмет көрсететін болады
Әр қазақстандықтың әл-
ауқаты мен өмір сапасы
артады
Жаңа инфрақұрылым
біздің болашақ
ұрпағымыздың байлығына
айналады
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».
Əлемге ќанат жайєан
Əлемге ќанат жайєан
Ќазаќстан
Ќазаќстан
Осы кезеңде ел аумағында мыңдаған шақырым
теміржол магистралдары мен автомобиль жол-
дарын, теңіз порттары мен əуежайлардың
инфрақұрылымын салып, жөндеу жұмыстары
қарқынды жүргізілуде. Мамандардың нақты
болжамдарына сүйенсек, жоспарланған осынау
мақсатқа қол жетсе, тағы 5-6 жылдың көлемінде
еліміздің транзиттік жолдарындағы жүк тасымалы
бүгінгіден екі есеге көбейіп, 36 миллион тоннаға
дейін артады екен. Ол жағдайда еліміз жаңадан
қолға алып жатқан логистикалық қызмет көрсету
саласының қарыштап алға жылжитынына дау жоқ.
Тасымалдағы тауарды бір есіктен екінші есікке
дейін мұқият жеткізіп беру қызметі өріс алса,
өндірістің өркен жаяры кəдік.
Республика орталығы Астанадан тарай-
тын жолдар ел аумағымен ғана шектелмей,
көрші мемлекеттердің күретамыры іспетті
транзиттік жолдарына жалғанып, əлемдік тасы-
мал ағындарына əр тараптан барып қосылуды
көздеген Қазақстан расында тасымалдың ғаламдық
ойыншыларының қатарына еніп келе жатқаны
шүбəсіз. Бұл жаһандық шараның басында, əрине,
Мемлекет басшысы тұр. Елбасы: «Көліктік-
логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша
қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын бо-
лады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа
Астананы жəне макроөңірлерді магистралды ав-
томобиль, теміржол жəне əуе жолдарымен шұғыла
қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші
кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асы-
ру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа,
Астана – Алматы; Астана – Өскемен, Астана –
Ақтөбе – Атырау, Алматы – Өскемен, Қарағанды
– Жезқазған – Қызылорда, Атырау – Астрахань.
Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб
жəне батысында теңіз инфрақұрылымын құруды
жалғастыру қажет. Батыс бағытында Каспий
порты арқылы экспорттық əлеуетті арттыруға
Құрық портынан ауқымды паромдық өткел жəне
Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін
болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей
жəне Батыс елдерінің «құрғақ» жəне теңіз порт-
тарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға
алу мəселесін ойластыруды тапсырамын», деген
болатын.
Ендігі Қазақстанның тасымал əлеуетін арттыру
үшін алда атқарылар жұмыс көп. Бірінші кезекте,
көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға
бағытталған кешенді жобалар жүзеге асырыла бас-
тады. Бұған қоса, ел аумағында, сондай-ақ, сыртқы
нарықта еліміздің терминалдық желісін дамытудың
іс-шаралары қолға алынды. Нəтижесінде, ел іші
мен шетелдерде логистикалық инфрақұрылым
салу жұмыстары жалғасын табуда. Бұл ауқымды
шаралар Елбасы діттегендей іске асырылса, өз
еліміздің ғана емес, аймақтағы мемлекеттердің
де экономикасының дамуына серпін беріп,
халықаралық серіктестік байланыстарды тағы да
нығайта түсетіні күмəнсіз.
Егемендіктің екі тізгіні қолға тигелі Аспанасты
елімен тығыз араласып, ынтымағы жарасқан
көршілерге айналдық. Əсіресе, сауда-саттық
ісінде қоян-қолтық араласып, екі елдің де
экономикасына тиімді жобалар іске асырыла бас-
тады. Бұл игі əрекеттердің берекеті де мол болып
тұр. Шындығына келгенде, көліктік-логистиканы
дамытуға өте мүдделі Қазақстан көрші елдегі өзіне
керекке қол жеткізіп отыр. Мысалы, Ляньюньган
портындағы Қазақстан-Қытай терминалы сыртқы
аумақтардағы логистикалық желімізді ұзартып,
өрісін барынша ұзарта түсті. Ал Балтық жағалауы
портында жылына 1,7 млн. тонна жүк өткізетін
терминал құрылысы жобаланып жатыр. Мұнымен
бірге, Янтиен теңіз портында, Сиан қаласы мен
Чженчжоу қаласының «құрғақ» портында 2 млн.
тоннаға дейін жүк өңдеу мүмкіндігі бар. Бұйыртса,
таяу болашақта Қытай – Қазақстан – Еуропа
бағытында контейнерлік тасымал 15 есеге өседі
деген нақты болжам бар.
Елімізге ресми сапармен келген кезінде
Үндістанның Премьер-министрі Н.Моди: «Біз бұл
өңірмен терең интеграциялану үшін Еуразиялық
экономикалық одақпен еркін сауда туралы
келісім мəселесін қарастыруды бастадық. Біз
сауда жəне энергетика транзиті арқылы нақты
байланыстарымызды жандандыра аламыз. Ал
«Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дəлізі
бəсекелестікті арттырып, Үндістаннан Еуразияға
дейін шұғыл бағыт ашуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта барша Орталық Азияның бұл
бағытқа қосылатындығына сенімім зор», деген
болатын.
Негізі, ел Үкіметінде Үндістанға транзиттік
тасымал ұйымдастыру мəселесі де пысықталып
жатқан еді. Жүйелеп айтар болсақ, ол былай,
Үндістан тауарларын Мундра портынан Иран,
Түрікменстан жəне Қазақстан арқылы тасымал-
дау жайының логистикалық нобайы көзделіп тұр.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша,
Еуразия нарығында негізгі сауда көлемі 2-3 жыл
көлемінде 1,5 есеге артады екен. Нақты сандарға
жүгінсек, 2014 жылы сауда-саттық 800 млрд. дол-
ларды құраған болса, 2020 жылдары 1,2 трлн.
долларға жетуі əбден ықтимал.
Мемлекеттік мақсатқа айналып отырған осы-
нау жаһандық шараның басы мен аяғын үйлестіріп
жүрген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания-
сы екені аян. Бүгінде компанияның қарамағына
өткен Ақтау порты DP World бірлесіп «Қорғас»
АЭА көліктік өзара ынтымақтастық орнатып,
жаһандық жеткізу тізбегін ұйымдастыруда. Сөйтіп,
əлемдік сауда мен көліктік тізбегін біздің елдің
инфрақұрылымдық сервистік қызметімен қамту
жобасын жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ, Еуропа
мен Орталық Азия бағыттарына жүк тасымалын
көбейту мақсатында Қытайдың ірі провинцияла-
рымен жəне теміржолдарымен белсенді жұмыс
істеуде.
Мысалы, Қытайдан құрлық арқылы Ресейге
жəне Еуропаға, Каспий теңізі арқылы Кавказға,
Түркияға жəне Оңтүстік Еуропаға, Түрікменстан
арқылы Парсы шығанағы елдеріне, Үндістанға
жəне Пəкістанға өтетін жаңа логистикалық жүк
тасымалы тізбегі еліміздің тасымал əлеуетін есе-
леп өсіретіні анық. Негізінде, «Қазақстан – Жаңа
Жібек жолы» жобасын жүзеге асырудағы табысты
шараның бірі ҚХР – Қазақстан – Еуропа бағытында
Чунцин – Дуйсбург, Чэнду – Лодзь, Чженчжоу
– Гамбург, Ухань – Лодзь – Пардубице, Ухань –
Достық – Лодзь тұрақты контейнерлік пойызын
ұйымдастыру болып отыр. Ойға алған осы шара-
лар жүзеге асса, Қазақстанның тасымал бойын-
ша жаһандық ойыншылардың қатарынан көрінуі
əбден мүмкін.
Ежелгі Жібек жолын жаңғыртып, Шығыс пен Батысты төте жолдармен байланысты-
рып, екі құрлықтың ықпалдастығын арттыруды көздеп отырған Қазақстан əлемдегі
тасымалдау бойынша жаһандық ойыншылардың қатарынан орын алуға талпынып
отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру тетігі əуел бастан қарастырылғаны белгілі. Еліміз
егемендік алған күннен бастап, Мемлекет басшысы əлемдегі қандай да бір үлкен
державаның ығын паналамай, көп векторлы саясаттың сара жолдарын салғаны мəлім.
Əйтсе де, «Əуелі – экономика, одан кейін ғана саясат» деген Елбасы экономиканы
əртараптандырып, елдегі транзиттік бағыттарды да барынша дамытуға күш салғаны
аян. Оның жемісін қазір көре бастадық.
Транзиттік тасымал
табысќа бастайды
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖОСПАРЫ
5 жылға есептелген, ҮИИДБ-ні жүзеге асырудың 2-ші бесжылдығымен сәйкеседі
(100-ден астам шетелдік компания қатысуға ниетті)
КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ
макроөңірлерді қалыптастыру
шеңберінде хабтар қағидаты бойынша
инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді
өзара магистралдық, теміржол және авиажелілермен
сәуле қағидаты бойынша байланыстырады
негізгі автожол жобаларын жүзеге асыру: Батыс Еуропа
– Батыс Қытай, Астана – Алматы, Астана – Өскемен,
Астана – Ақтөбе – Атырау, Алматы – Өскемен, Қарағанды
– Жезқазған – Қызылорда, Атырау – Астрахань
Каспийдегі порттар арқылы батыс бағытта экспорттық
әлеуетті арттыру үшін шығыста логистикалық хаб және
батыста теңіз инфрақұрылымдарын құруды жалғастыру
Құрық портынан паромдық өткел және Боржақты – Ерсай
теміржол желісі
Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ»
және теңіз порттарында Үкімет тарапынан терминалдық
қуаттар салу немесе жалға алу мәселелерін қарастыру
ИНДУСТРИЯЛЫҚ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ДАМЫТУ
көлік-коммуникациялық энергетикалық және
ТКШ салалары үшін құрылыс материалдары, өнімдер
мен қызмет көрсетулер үлкен сұраныс туғызады
АЭА инфрақұрылымдарын қалыптастыру
бойынша жұмыстарды аяқтау
Үкімет пен әкімдерге нақты жобаларды жедел
қабылдау шараларын қарастыру
өңірлерде ШОБ-ты дамыту мен қосымша
инвесторлар тарту үшін жаңа индустриялық
аймақтар құрылысы мәселелерін қарастыру
ТУРИЗМ ҮШІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР
басымдығы – жаңа жұмыс орындары құрылады
(бір жұмыс орнын құру өнеркәсіптегіге қарағанда
10 есе арзан)
Мәскеу, Екатеринбург Омбы, Новосібір, Петропавл
Павлодар, Өскемен
Шығыс
және
Батыс
Еуропа
елдері
Ақтау
–
Арқалық
Қытай
Оңтүстік
-Шығыс
Азия
елдері
Орталық және Батыс Азия елдері Ташкент, Қызылорда
Еуразия интеграция институтының арнайы жобасы
4 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
7
ЗАМАН ЇДЕСІНЕ БЕЙІМДЕЛГЕН ЖОСПАР
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың бұл бағ дар ла малық
мақаласына бізді ізгі мұ раттарға
бастар іргелі құ жат деп қараған
жөн. Елбасы жа ңа қазақстандық
арманның мақсатымен бірге
нақты жүзеге асырылу жолдарын
айқындап берді.
Сонау тəуелсіздік алған кезең-
нен бүгінгі күнге дейінгі ши-
рек ғасыр уақыт ішінде елімізде
жүргізіліп жатқан сот-құқықтық
реформаға Елбасы үнемі назар ау-
дарып, бағыт-бағдар беріп келеді.
Аталған мақалада «Құқық тəртібі
жəне заңдылық» деп аталатын
үлкен бөлім сот жүйесін жетілдіру
мен кемелдендіруге арналған.
Үстіміздегі жылдың басынан
бастап соттың құрылымы өзгерді.
Бұл құрылым бұрын бес сатыдан
тұратын болса, енді үш сатылық
жүйеге көшті. Соттарға қойылатын
талап күшейді. Судьялыққа үміт-
керлерге қойылатын талап өсті.
Бұрын жиырма бес жасқа келген
азамат жоғары білімді болып, ем-
тиханды тапсыра алса, үш айлық
тəжірибеден өтіп, судья аталатын
еді. Ендігіден былай бұл талап
қатаңдатылды. Тəжірибеден өткен
судья бір жыл еңбек етеді. Содан
кейін бір жылға тағайындалады.
Сол бір жыл ішінде оның қабілет-
қарымы тағы сыналады. Білікті
сот мамандары тарапынан баға
беріліп, сенім артылған жағдайда,
оны тұрақты судьялық қызметке
тағайындайды.
Елбасы бастамасымен Жо-
ғарғы Сотта ірі инвесторлардың
қатысуымен инвестициялық дау-
ларды қарайтын алқаның жəне
Астана қалалық сотында маман-
дандырылған құрылымның құры-
луы – сот жүйесіндегі үлкен жаңа-
лықтардың бірі. Эко номикалық
өсімді қамтамасыз ету үшін мем-
лекеттік құрылым мен шетелдік
инвесторлар келісімі нəтижесінде
елімізге қаражат құйылады. Аталған
заңнама арқылы инвесторлар өздері
құйған қаржының талан-таражға
түспейтініне сенімді болады, заңның
үстем болатынына көздері жетеді.
Бұл еліміздің инвестициялық кли-
матын жақсарта түседі.
– Заң үстемдігін қамтамасыз
ету реформасының мақсаты – сот
жүйесінің тəуелсіздігін нығайту,
сот төрелігінің тиімділігін артты-
ру болып табылады. Бұл мəселеге
«100 нақты қадамда» ерекше
көңіл бөлінген. Сот жүйесіндегі
жетістіктер туралы не айтар
едіңіз?
– Конституцияда белгілен-
гендей, біздің елімізде сот төрелігін
тек сот қана жүзеге асырады.
Тұрақты судьялардан тұратын
соттың тəуелсіздігі Конституция
жəне тиісті заңдармен қорғалады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының Төрағасы Қайрат Мəми:
«Бүгінгі күні елдің сотқа деген
сенімі артты. Соттар жеке жəне
заңды тұлғалардың өз мүдделерін
қорғауға жүгінетін жəне əділетті
шешім шығаратынына сенетін
органға айналды» деген болатын.
Мемлекет басшы сы Нұрсұлтан
Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт
Жоспары бағдарламасы аясын-
да сот жүйесіне сот қызметінің
беделін, халықтың сотқа деген
сенімін арттыруға бағытталған
бірқатар тың талаптар жүктеп:
«XXI ғасыр ұлт дамуының
маңызды өлшемі – мінсіз жəне
тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі.
Онсыз əлемнің бірде-бір елінде,
тіпті, ең дамыған мемлекеттерде
қолайлы инвестициялық ахуалдың
да, азаматтардың əл-ауқатының
жоғары деңгейінің де, қоғамның
табысты дамуының да болуы
мүмкін емес. Біз «Қазақстан - 2050»
Стратегиясын темірқазық ете оты-
рып, сот жүйесін жетілдіруді
жалғастыра беруіміз қажет» деген
болатын. Олай болса, алдымызда
тұрған жаңа мақсат-міндеттерді
орындауда, жаңа белестерге же-
туде жұмыла жұмыс істей беруге
міндеттіміз.
– Тілектес Ешейұлы, Жоғарғы
Сот 2015 жылғы сот төрелігін
жүзеге асыру қорытындылары
бойынша кеңейтілген кеңес
өткізді. Жетістіктер айтылды,
кемшіліктер сараланды. Астана
қалалық сотының қызметіне
қандай баға берілді?
– Біздің атқарған жұ мы-
сымызды бағалаудың негізгі
критерийлері статис ти калық де-
ректер болып табылатындықтан,
соған тоқталып өтейін.
Астана қаласының аудан дық
соттары 2015 жылы 47 449 аза-
мат тық іс қарап, 31 356 шешім
шығарып, 2014 жылмен салыс-
тырғанда 6 352 іске немесе 16
пайызға артқан. Бұзылған жəне
өзгертілген сот актілердің есебінен
алғанда жалпы күші жойылған
жəне өзгертілген сот қаулылары
алдыңғы жылмен салыстырғанда
19% жақсарған. Есеп беру
кезеңінде 31 481 əкімшілік іс
қаралып, 9 049 іске немесе 24 %
көбейді. 3 898 адамға қатысты
3 332 қылмыстық іс өндіріспен
аяқталды, бұл 2014 жылмен
салыстырғанда 741 тұлғаға қатысты
721 іске артық. Сотталған 2315
адамның 607-і бас бостандығынан
айыруға жазаланған, яғни жазаның
қатаң дығы 26%. Астана қаласы
соттарының үкімдерімен 45 адам
коррупциялық қылмыс жасағаны
үшін сотталған. 23 коррупциялық іс
бойынша 26 кінəлі адамға жалпы со-
масы 1 314 656 680 теңгеге айыппұл
түріндегі жаза тағайындалып, оның
ішінде орындалғаны – 1 287 755
680 теңге немесе 98%. 26 961 000
теңгеге тағайындалған жаза кейін
бас бостандығынан айыру жазасы-
на ауыстырылған.
Өткен жылдың статистикалық
деректеріне сүйенетін болсақ,
бұзылған жəне өзгертілген сот
актілердің есебінен алғанда
қыл мыстық істер бойынша сот
төрелігін жүзеге асыру сапасы 29
пайызға жақсарды.
Ал, сіздің тікелей сұрағыңызға
келетін болсақ, Жоғарғы Сот өткен
жылғы жұмыс қорытындылары
бойынша Астана қалалық сотының
сот жүйесінде атқарылған жұ-
мыстарына оң қорытынды берді.
Əрине, мұндай баға бізге жоғары
жауапкершілікті жүктейді.
Жоғарғы Сот алдағы кезеңде
соттардың жұмысын жоғары
деңгейде қамтамасыз ету міндетін
қойды. Сондықтан біздің ең басты
мақсатымыз – сот төрелігін іске
асырудың сапасын арттыру.
– Қараған істері көбірек
бұзылған, көбірек өзгертілген
судьяларды атап өте аласыз ба?
– «Сын түзелмей, мін түзел-
мейді» дейді. Мінімізді түзетеміз
десек, сынымыздың ашық бол-
ғаны дұрыс. Астана қаласы
судьяларының шамамен 30%-ын
жас судьялар құрайды. Осы рет-
те жас судьялардың жұмысы сот
төрелігін іске асыру сапасының
жалпы көрсеткіштеріне əсерін
тигізбей қойған жоқ. Мысалы,
Сарыарқа аудандық сотының
төрағасы М.Баркинхоев жаңадан
тағайындалған судьялардың жұ-
мы сын қадағалау жəне оларға
тəжірибелік көмек көрсету бой-
ынша тиісінше жұмыс атқармаған,
соның салдарынан судья А.Сарет-
тің шығарған 28 сот актісі бұзылған
жəне өзгертілген. Бүгінгі күні аты
аталған адамдар сотта жұмыс
істемейді.
Осындай кемшіліктерді жою
жəне олардың алдын алу мақ-
сатында Астана қалалық соты жас
судьяларды оқыту жəне бейімдеуге
бағытталған тү бегейлі шаралар
қолданды. Оқу орталығының
жұмысы қайта қаралды. Азаматтық
жəне қылмыстық істер бойын-
ша оқу бағдарламалары бойын-
ша үйлестірушілердің мамандан-
дырылуы енгізілді, тəлімгерлік
институтының рөлі арттырылды.
Жас судьяларға тəжірибелік көмек
көрсету үшін тəлімгерлік кеңесінің
жұмысына отставкадағы судья-
лар қатыстыру арқылы іс-шаралар
жасалып енгізілуде. Судьяның
көмекшісі туралы ереже жасалын-
ды. Арнайы құрылған комиссия
Астана қалалық сотының ішкі
резервінен сот жүйесінде үш жыл-
дан астам еңбек өтілі бар жəне
Сот академиясын бітіргендердің
арасынан мамандарды іріктеп,
жас судьяларға көмекші ретінде
белгіледі. Осы атқарылған іс-
шаралардың нəтижесінде жас
судьялардың сот төрелігін іске
асыру сапасы бірталай жақсарды
десе болады. Өзіңізге мəлім, қазіргі
таңда Елбасы жəне Жоғарғы
Сот сапалы судьялық корпусты
қалыптастыру мəселесіне ерек-
ше назар аударуда. Осы ретте
көмекшілер институты сот кор-
пусын өзінің жеке жəне іскерлік
жағынан лайықты мамандардан
қалыптастыруға ықпал жасайды
деген ойдамын. Сонымен қатар,
сот жүйесінің жұмысымен іштей
танысу жəне қажетті тəжірибе алу
үшін жақсы кəсіби мектеп болып
табылады.
Астана қаласы мамандан ды-
рылған ауданаралық сотта 2015
жылдың қорытындылары бой-
ынша сот төрелігін іске асыру-
да судьялар Н.Ситникова мен
А.Шолимованың көрсеткіштері
төмен. Бұған бірден-бір себеп
– аталған судьялар жүктелген
міндеттерді тиісінше атқармайды,
өздерінің кəсіби дəрежесін арт-
тыруға ешбір шара қолданбайды
жəне тиісінше қорытынды жаса-
майды. Сондықтан Сот жюриіне
олардың судья қызметіне сəйкестігі
туралы мəселе қойылады.
– Сот төрелігін жүзеге асы-
рудың тиімділігіне татуластыру
рəсімдері кіреді. Яғни, медиа-
ция. Елордалық соттардың осы
бағыттағы жұмысы жөнінде не
айтар едіңіз?
– Дауларды шешудің балама-
лы тəсілдерін қолдану арқылы
шешілген істердің саны едəуір арт-
ты. Медиацияны қолдану арқылы
735 іс қысқартылған, 2014 жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда
осы негіздер бойынша 234 іс
қысқартылған, яғни 501 іске
ұлғайған немесе 214,0 пайызды
құрайды.
Егер судьялар дауды тату-
ластыру рəсімдерін қолдану
арқылы шешу құқығын тарап-
тарға тиісті деңгейде түсіндірсе,
онда көрсетілген татуластыру
рəсімдерінің санын ұлғайтуға бо-
латын еді. Сондай-ақ, 2015 жылда
осы негіздер бойынша жоғары сот
сатыларында 74 сот актілерінің
бұзылуына жол бермеуге бола-
тын еді.
Достарыңызбен бөлісу: |