● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби


– Шекараның шетінде, желдің өтінде



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

– Шекараның шетінде, желдің өтінде 

жатқан бұрынғы полигон – Азғыр өңірі 

өркениеттен кенже қалып жатқан жоқ 

па? 

– Бұл өңірге ауыз су апаратын Қоянды 

жобасы  ертеректе  басталып,  аяқталмай 

қалған  екен.  Бұл  жоба  шешімін  тапты. 

Аз ғырға  367  шақырымдық  газ  құбыры 

құ рылысының  жобасын  жасап  қойдық. 

Демеушілік  қаражатпен  биыл  бастала-

ды. Себебі, бұл жаққа көмір тасудың жө-

ні жоқ. Қымбатқа шығады. Көмірді жет-

кіздік  дегеннің  өзінде,  оны  тұтататын 

еш бір  тамызық  таппайсың.  Шағырмен, 

шөп пен  отын  тұтату  қиын.  Онда  тіпті 

қамыс та өспейді. Газ жеткізу – халыққа 

жы лу беруге ғана емес, болашақта шағын 

жəне орта кəсіпті дамытуға да жол ашады. 

Шека ралық аймақтардағы елді мекендерді 

сақтап қалуымыз керек.

– Қазіргі таңда елді мұнайдың бағасы 

да алаңдатып отыр. Теңге мен доллардың 

арақатынасы  бар.  Кəсіби  мұнайшы-

маман ретінде болжам жасасаңыз.

–  Біріншіден,  теңгенің  құны,  жасы-

ратыны  жоқ,  көп  жағдайда  мұнайдың 

бағасына тəуелді. Бізде де, Ресейде де со-

лай. Екіншіден, мұнай бағасының бұлайша 

кенеттен  құлдырап  кетуі,  көбіне,  геоса-

яси  себептерден  туындап  отырғаны  жа-

сырын  емес.  Менің  жеке  ойым  бойын-

ша, мұнайдың баррелі 30 доллардан көп 

төмен түспеуі керек. Мұнайдың əр баррелі 

30  доллардан  төмендеп  кетсе,  барлық 

қатысушыларға соққы болып тиюі мүмкін...

Пейілдіѕ кеѕдігі 

пендешіліктен аулаќ ќылады



– Сізді əкімдік қызметіңізде ғана емес, 

азамат ретінде алаңдататын жайттар ту-

ралы айта аласыз ба?

–  Адамдар  ең  үлкен  байлығымыз  –

тыныштығымызды терең ұғынып, бағалап, 

өзара қамқор болса, ортақ іске ой қосып 

жүрсе  екен  дейсің.  Орынсыз  сынға  жиі 

жүгініп,  «Өзің  білме,  білгеннің  тілін 

алма»  қағидасының  аясында  қалатын 

болсақ  елдің  елдігіне  сын,  зор  нұқсан. 

Демократия мен демогогияның ара-жігін 

ажыратпай, аузымызға келгенді айта бе-

рер  болсақ,  алған  бағыттан  адасуымыз 

қиын емес.

Абайды  сабап,  Сəкеннің  əдемі  жүзін 

қанға бояп, көзін ағызған кімдер? Өзіміздің 

туыстар!  Кекшілдік,  көреалмаушылық, 

алауыздық – біздің қайғылы сорымыз. Хан 

да, қара да ақылымен, шешендігімен, кө-

сем дігімен көзге түседі. Өседі. Қандай əдемі 

гүл де құнарлы ортада өспесе, ерте солады. 

Жақсы, ерекше қасиеттерімен дараланған 

азаматтарымызды ерте жоғалтып, жалтақ-

тап,  жалбақтап  өскенімізді  түсінеміз  бе 

екен? Əй, қайдам!

Əлі де шаруамызды күйттеп, ағайын-

дарымыздың  айналасынан  аса  алмай, 

асқандарды көре алмай, сүрінгенін күтіп, 

біреу  күйе  жаға  бастаса,  қуана  қоштап, 

жоғарыда айтқан үш қайғылы сордың шыр-

мауында жүрміз.

Халқымыздың  қаймағын  сол  сұрқия 

қасиеттердің  кесірінен  ерте,  жазықсыз 

жо ғалтқанымызды, «өрмелеп шығып күн 

болам» деген азаматтарсыз түнерген түн-

дей  жылдарға  қалай  кіріп  кеткенімізді 

бай қамаппыз-ау  деп  ойлаймын.  Мұның 

бəрін  ақылымның  асқанынан  емес,  біраз 

жасқа  келіп,  тарихты  парақтап,  көңілге 

тоқығаннан айтып отырмын.

Айналамызға сын көзбен қарамауымыз 

керек  деуден  аулақпын.  Адам  сынды 

əуелі  өзінен  бастаған  дұрыс  шығар.  Əр 

азамат  «Осы  ел,  Елбасы,  Үкімет,  бас-

шылар  маған  не  берді?»  деп  емес,  мен 

отбасыма,  ортама,  еліме,  халқыма  не 

бердім деп ойлап жүрсе көптеген арзан, 

берекесіз сөздер азаяр еді. 

Осындайда  америкалық  психолог 

Брайан  Трейсидің  сөзінің  орыс  тіліндегі 

аудармасы есіме түсе береді: «Вы там, где 

вы есть, и тот, кто вы есть, из-за того, как 

вы себя воспринимаете. Измените мнение 

о себе, и вы измените вашу жизнь... Никто 

не заставляет Вас сердиться, это – ваша ре-

акция... Незнание того, что от тебя требу-

ется, – демотиватор номер один в мире...». 

Қандай сөздер! Əр адам өз орнын біліп, өз 

мүмкіндігін барынша пайдаланса, көптеген 

келеңсіздіктер болмас та еді.



– Адам бойындағы қандай қасиеттерді 

жек көресіз?

–  Көреалмаушылық  пен  сараңдық! 

Көреалмаушылық қасиет талайдың түбіне 

жеткен. Сараңдық ауру секілді. Кей адам 

өзінің осы қасиетімен бақытсыз екенін бай-

қамайды. Барлық халықта «Құдай бергенге 

береді» деген сөз бар. Пейілдің кеңдігіне 

не  жетсін!  Тарихтан  тағылым  алып, 

айналамызға ұялмай қарауға тиіспіз ғой.

–  Еңбек  өтіліңіздің  басым  бөлігін 

бас шылық  қызметтерде  өткізгенсіз. 

Тұтас  дəуір  дерлік  осынау  кезеңдегі 

тəжі рибеңізді бірер ауыз сөзге сыйғызу 

керек болса...

– Ғұмыр бойы жиған жеке тəжірибемнен 

түйгенім – біріншіден, басшылық лауа зым-

дағы адам нəтижелі жұмыс жасауы үшін, 

ең алдымен, өзіне дұрыс мақсат қоя білу 

керек.  Екіншіден,  сол  мақсатына  қандай 

жолмен тезірек əрі тиімдірек жетуге бола-

тынын дер кезінде ұғына білген жөн. Ал 

айналасындағы  адамдарды  нақтыланған 

мақсатқа ұйымдастыра, жұмылдыра білу 

–  кезекті  шарт.  Өз  басым  жанымдағы 

азаматтарға  əзіл-шыны  аралас  үнемі 

«Жігіттер, менде ой мен идея жетеді. Тек 

соны жүзеге асыруға уақыт пен қаражат 

жетсе екен», деп айтып жүрем.

Еліміздің  барлық  облысында,  соның 

ішінде,  біздің  Атырауда  да,  жағымды 

өзгерістер  жеткілікті.  Соның  барлығы 

тек қана Елбасымыздың əу бастан сараб-

дал саясат, көреген мақсат қоя білгеніне 

байланысты.  Өткен  ғасырдың  90-жыл-

дарымен  салыстырып  қараңыздаршы. 

Ел  –  сол  ел.  Халық  –  сол  халық.  Жер 

астын дағы  байлық  та  өзгеріп  кеткен 

ештеңесі  жоқ.  Бəрі  сол  қалпында.  Бірақ 

ол кез бен бұл кездің жағдайындағы айыр-

машылық  жер  мен  көктей.  Оның  сыры 

неде?  Оның  сыры  –  Мемлекет  басшы-

сының дұрыс мақсат қоя білгенінде. Қыс қа 

уақыт ішінде елімізге шетелден қанша ма 

миллиардтаған  инвестиция  келді.  Қан-

шама  жастарымыз  шетелде  білім  алды. 

Азаматтардың  жұмысқа  деген,  бола-

шаққа деген ұмтылысы түбеге йлі өзгерді. 

Соның арқасында біз бүгін қазіргі же тіс-

тіктерімізге  жетіп  отырмыз.  Елбасының 

нақтылап  берген  міндеттерін  ойдағыдай 

орындар болсақ, біз əлі де талай межені 

бағындыратын боламыз.

–  Сұхбатымыздың  соңғы  сауалы 

шаруашылық  жағынан  емес,  шы-

ғармашылық жайынан болса деп ойлай-

мын. Қырық жылдан астам басшылық 

қызметтер  атқарғаныңызды  айтып 

қалдыңыз. Оның үстіне шығармашыл 

адамсыз, өлең жазатыныңызды білеміз. 

Ғұмыр  жолыңыздан  келер  ұрпаққа 

олжа, тағылым болып қаларлықтай ме-

муар,  не  ғылыми-тұжырымдық  кітап 

жазып  жүрмісіз  немесе  жазу  жоспар-

ыңызда бар ма?

–  Жазған  да  жоқпын,  жазып  жүрген 

де жоқпын. Өзімнің ешқашан ақын бол-

майтынымды да білемін. Ал ақын болу-

ға ұмтылу, еліктеу, ақынжандылық деген 

болады. Өмір жолымда, жалпы, елік теу-

дің  үлгілері  аз  болған  жоқ.  Бір  кездері 

математик  те  болғым  келді,  журналист 

те болғым келді. Музыкадан да жақсы ха-

барым бар. Айналып келгенде, мұнайшы 

болдым...

Өмірімде  адам  таңғаларлық  оқиғалар 

аз  болмаған  шығар.  Мысалы,  Уфаға 

институтқа  түскен  бойда  1966  жылы 

Қазақстан Жазушылар одағынан көп жазу-

шы келді. Оларды башқұрттың Жазушылар 

одағының  төрағасы  Мұстай  Кəрім  күтіп 

алды. Айтулы мəдениет сарайының ішінде 

əсерлі кездесу өтті. Сонда мен сұранып, сах-

надан жазушылар алдында өлең оқыдым. 

Түсіп  келе  жатқанымда  ақ  көйлек,  қара 

костюм  киген,  шашы  бұйра,  шалбары 

тар əрі қысқалау (дəл қазіргідей есімде), 

бойшаң бір жігіт «Бері кел» деп шақырып 

алды. Мəн-жайымды сұрады. Содан кейін 

айтқаны:  «Мұнай  институтында  оқысаң, 

сенен  ақын  шықпас.  Бірақ  ақынжанды 

адамдардың жаны нəзік болады, осыны тас-

тама», деді. Ол Төлеген Айбергенов екен. 

1967 жылы, арада бір жыл өткенде қайтыс 

болып кетті. Мұндай сəттердің өмірімізде 

талайы өтті.

Жазған-сызғандарымды  өз  алдына 

жеке  кітап  етіп  шығарғаннан  гөрі  осын-

дай сұрақтарға естелік айтқанды жөн са-

наймын.


– Əңгімеңіз үшін рахмет.

Əңгімелескендер

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан», 

Ерболат ҚАМЕНОВ,

журналист.

АТЫРАУ.

«Аќылымныѕ асќанынан емес, 

кґргенімніѕ кґптігінен айтамын...»

 Əкіммен əңгіме 



(Соңы. Басы 1-бетте).

Ќоєам ќайраткерімен 

кездесті

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни бас қар-

масының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет жəне 

қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, про-

фессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесті. 

Кездесуде Бас мүфти Діни бас-

қарманың  2015  жылда  атқарған 

жұмыстары  мен  игі  жобалары 

туралы баяндай келе, 2016 жыл-

ға жоспарланған жұмыстар жай-

лы айтып берді. Сонымен қатар, 

ҚМДБ төрағасы діни білім сала-

сындағы  реформалар,  дін  мен 

дəс түр  жылы,  имамдар  форумы, 

онда қабылданған құжаттар тура-

лы сөз етті. 

«2016 жылды – «Дін жəне та-

рих тағылымы» деп жарияладық. 

Мақсатымыз – қазақ тарихындағы 

Ислам  дінінің  рөлі,  тарихи  тұл-

ға ларымыздың  ерен  еңбегі  мен 

өнегелі  өмірін  ұрпаққа  насихат-

тау», – деді Ержан қажы Малға-

жыұлы. Ал М.Жолдасбеков мүф-

тият тың  сауапты  һəм  салауатты 

шараларына алғысын білдіре ке ле: 

«Дін мен дəстүр» идеясы – көптен 

бері көктен сұрап, жерден таба ал-

май келе жатқан мəселе еді. Бұл 

бастамаларыңызды  қос  қолдап 

құптаймын», – деді.

«Егемен-ақпарат».

Кенеттен 

жїргізілген тексеріс

Қорғаныс  министрі  Иманғали  Тасмағамбетов  арнайы 

мақсаттағы  жауынгерлердің  жасағына  тексеріс  жүргізді. 

Кенеттен тексеру шеңберінде «Оңтүстік» жəне «Батыс» өңірлік 

қолбасшылықтарының  арнайы  мақсаттағы  жасақтары 

жауынгерлік əзірліктің жоғары дəрежесіне келтірілді.

Халыќтыѕ ґтініші 

басты назарда

«Ќауіпсіздік» жəне 

«сыртќы саясат»

санаты бойынша ЌСЗИ алєаш рет 

əлемдік «аќыл-ой» орталыќтарыныѕ 

рейтингіне енді



Республика  Президенті  жанындағы  Қазақстанның 

стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Дүниежүзілік 

сараптамалық орталықтардың 2015 жылға арналған индекс-

рейтингісінде бірден төрт номинацияда орынға ие болды.

Бұл  рейтинг  1989  жылдан 

əлемдегі алты мыңға жуық «ақыл-

ой  орталықтарының»  қызметін 

талдау  негізінде  сараптамалық 

құрылымдардың  жетістіктері 

мен  олардың  даму  үрдістерін 

анықтау бойынша Пенсильвания 

университетінің  «Сараптамалық 

орталықтар мен азаматтық қоғам» 

зерттеу бағдарламасы аясында жа-

салады.


Рейтингтің қорытындысы бой-

ынша  (http://repository.upenn.edu/

think_tanks/10/) ҚСЗИ қауіпсіздік, 

қор ғаныс  жəне  сыртқы  саясат 

сала сындағы 100 ең үздік зерттеу 

орталықтарының  қатарына  қо-

сылды. Сонымен қатар, институт 

алғаш рет үздік мемлекеттік «ақыл-

ой» орталықтарының тізіміне енді. 

ҚСЗИ бұл тізімде əлем бойынша 

57-ші орынды иеленіп отыр.

Орталық  Азиядағы  үздік  са-

раптамалық құрылымдардың ара-

сында ҚСЗИ алғашқы үштікке еніп, 

өз орнын сақтап қалды, сондай-ақ, 

энергетика жəне шикізат саясатын 

зерттеу  саласында  33-ші  орынға 

тұрақтады.  Бұл  көрсеткіштер 

Қазақстандағы сараптамалық орта-

лықтардың рөлі артып келе жат-

қанын көрсетеді. Отандық «ақыл-

ой»  орталықтарының  жариялап 

отырған  ғылыми-сарапшылық 

материалдарына шетелдерде жиі 

сілтеме жасалады.

ҚСЗИ  Республика  Прези ден-

тінің 1993 жылғы 16 маусымдағы 

Жар лығымен  құрылды.  2014 

жыл дың сəуір айынан Қазақстан 

Президентінің  Жарлығымен  Ас-

тана қаласына көшірілді.

«Егемен-ақпарат».

Дабыл белгісі бойынша əс кери 

қызметшілер  жауынгерлік  есеп-

топқа сəйкес іс-шараларды орын-

дады.  Əскери-көліктік  авиация 

жəне автомобильдік техника тар-

тыла отырып, жауынгерлік арналым 

аудандарына  арнайы  мақсаттағы 

бөлімшелерді  бір  жерден  екінші 

жерге алмастыру жүзеге асырылды. 

Кенеттен  тексерудің  басты 

мақ саты  белгіленген  мерзімде 

қой ылған жауынгерлік тапсырма-

ларды  орындау  кезінде  арнайы 

мақсаттағы  бөлімшелердің  іс-

қимылдарының үйлесімін бағалау 

болып табылады. 

Бүгінгі  таңда  жауынгерлік 

əзірлікті тосыннан тексеру Қарулы 

Күштердің шынайы жауынгерлік 

əзірлігін  айқындаудың  пəрменді 

əрі  батымды  тəсілі,  сондай-ақ, 

əскерлердегі  істердің  шынайы 

мəн-жайын зерделеудің маңызды 

үлгісі болып қалуда. 

Кенеттен  тексеру  кезінде  бө-

лім шелердің  іс-қимылдарының 

үйлесуі,  əр  жауынгердің  өзінің 

орағытуын білуі мен шебер орын-

дауы,  басқаруды  ұйымдастыру, 

əскер  түрлері  мен  тектері  ара-

сындағы  өзара  іс-əрекет  мəсе ле-

леріне ерекше көңіл бөлінеді.

«Егемен-ақпарат».

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

С ы р   ө ң і р і н д е г і   « Н ұ р 

Отан»  партиясының  мүшелері 

əкімдердің  халық  алдындағы 

есеп  беру  жиындарына  белсенді 

түрде қатысуда. Олардың мақсаты 

–  халықпен  кездесу  барысында 

көтерілген  түрлі  мəселелер  мен 

арыз-шағымдарды жинақтап, са-

раптау жəне беріл ген уəделердің 

орындалуын ба қы лау. Осылайша 

аймаққа  тəн  түйт кілдерге  мо-

ниторинг  жасай  отырып,  оның 

түйінін  тарқатуға  ықпал  етпек. 

Бұған  партия  фи лиал дарының 

саяси кеңесі жəне саяси кеңестің 

бюро  мүшелері  жəне  бастауыш 

партия  ұйымының  төрағалары 

мен  белсенді  партия  мүшелері 

қатысуда.  Айта  кету  керек, 

партиялық  мониторинг  жəне 

бақылау  жұмысы  кеше  Қазалы, 

Шие лі ауданы жəне Қызылорда қа-

ласына қарасты Ақжарма, Ақсуат 

ауылдық  округтері  əкімдерінің 

есепті кездесуінде жалғасты. 

Мəселен, Қызылорда қалалық 

партия  филиалы  саяси  кеңесінің 

бюро  мүшесі,  облыстық  партия 

фи лиалы  қоғамдық  қабылдау 

бө лімінің  меңгерушісі  Шəріп 

Əбдірахмановтың  айтуынша, 

жал пы, бүгінгі күнге дейінгі əкім-

дердің  халық  алдындағы  есеп ті 

кездесулерінде жергілікті тұрғын-

дар тарапынан 291 ұсыныс-пікір-

лер келіп түскен. Ақжарма ауыл-

дық округі əкімінің есеп беруі ба-

рысында партияға 3 ұсыныс түсті. 

Мəселен,  өткен  жылы  осы  елді 

мекеннің тұрғындары балабақша 

қажеттігін айтқан. Араға жыл са-

лып ауылдықтардың тілегі орын-

далды.  Күні  бүгін  мұнда  100 

орынды жаңа бөбекжай ашылды. 

Осы секілді ұсыныстардың орын-

далуына да партия өз тарапынан 

ықпал  жасайтын  болады.  «Нұр 

Отан» белсенділері игі мақсаттағы 

жүйелі жұмысты жалғастыра бер-

мек. «Барлық аудан əкімдері тиіс-

ті, өз уақытында көрсетілген кес-

те  бойынша  есеп  беріп  жатыр. 

Бұл  жердегі  сұрақтардың  бəрі 

«Нұр  Отан»  партиясы  белсен-

ділері арқылы мониторинг жаса-

лып, бақылауға алынуда»,– дейді 

«Нұр  Отан»  партиясы  филиа-

лының бөлім меңгерушісі Шəріп 

Əбдірахманов.



Қызылорда облысы.

4 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

9

Қасиетті өлкеде дүниеге ке-

ліп, халқымыздың бай ауыз əде-

биетімен сусындап өскен Қайым, 

əсіресе, Абай, Шəкəрім, Мұхтар 

шығармашылықтарын  зерттеп, 

зерделеп, ойына түйіп өсті. Семей 

педагогикалық  инс титутының 

филология факультетін үздік бі-

тір ген болашақ ғалым ұзақ жыл-

дар осы оқу орнында қазақ əде-

биеті  тарихынан  дəріс  оқыды. 

За манымыздың заңғар жазушы-

сы  Мұхтар  Əуезовпен  өмірінің 

20  жылдан  астам  уақы тында 

бірге  болып,  келешек  ғылыми-

зерттеу  жұмысына  бағыт-бағ-

дар  алды.  Мұхтар  Əуезовтің 

ке ңесімен  «Абайдың  ақын дық 

мектебі»  тақырыбын  зерттеп, 

кандидаттық  диссертация  қор-

ғады.  Ұзақ  жылдар  Абайдың 

өмі рі мен шығармаларының жа-

зылу тарихын зерттеп, ұлы ақын 

поэзиясының  текстологиясын 

жа сады.


Өміріндегі көрген бейнеті мен 

зейнеті бағаланып, 1996 жылы 30 

желтоқсан күні Ел басы Нұрсұлтан 

Əбішұлы Назарбаевтың қолынан 

Мем лекеттік сыйлық ал ды. Сонда 

Қайым:  «Мен  жасым  тоқ   санға 

айналғанда  мына дай  құрметке 

бөленем деп ой лаған жоқ едім. 

Құдай  бұған  да  жеткізді»,  деп 

тебіренді.

Ғалымның  туғанына  100 

жыл  толуына  орай  елімізде 

көп   теген  шаралар  өтуде.  Рес-

публикамыздағы  ең  көне  му-

зейлердің бірі Семейдің облыстық 

тарихи-өлкетану музейі қорында 

Қайым  Мұхамедхановтың  30-

дан аса жеке құжаттары мен өзі-

нің тұ  тынған заттары сақтаулы. 

«Жақ  сының аты өлмейді, ғалым-

ның  хаты  өлмейді»  деп  халық 

даналығында айтқандай, Қайым 

Мұхамедхановтың мұрасы бола-

шақ ұрпаққа өнеге екені даусыз. 

Ғалымның  мерейлі  кезеңіне 

арнап,  музейде  «Қазақтың  ұлы 

Қайымы» атты тарихи-танымдық 

кеш болып өтті. Кешке қаты су-

шылар  ғалым  өмірінің  əр  қы-

рына  тоқталып,  өнегелі  өмірі-

нен  сыр  шертті.  Семейдің  Шə-

кəрім  атындағы  мемлекеттік 

университеті  жанындағы  «Шə-

кəрім тану»  ғылыми-зерттеу 

орталығының директоры, фило-

логия ғылымдарының кандида-

ты Ақмарал Смағұлова «Қайым 

Мұхамедхановтың  шығар-

машылығы  мен  өмірбаяны» 

тақы рыбында  қорғаған  кан-

дидаттық диссертациясы арқылы 

ұлағатты  ұстаздық  жолы  мен 

ғұ лама  ғалымдығы  жайында 

əңгі мелесе, тарихи мəселелерге 

қалам тартып жүрген ғалымның 

шəкірті  Құсмилия  Нұрқасым 

Қайым  атаның  Алаш  əдебиеті 

рухында тəрбиеленген қайраткер 

екендігіне  тоқталды.  Қайым 

Мұхамед хановтың өлеңдері, поэ-

малары, аударма өлеңдері өз ал-

дына бір төбе. Оның ақындығы 

жайында республикалық «Абай» 

журналының  бас  редакторы, 

ақын Мұратбек Оспанов сөз етті.

Қайым  Мұхамедхановтың 

ХХ  ғасырдың  көрнекті  тұлға-

ларымен алысқан хаттары кітап 

болып  жарыққа  шыққан.  Осы 

«Қайым Мұхамедханов «Хаттар 

сөй лейді» кітабында отандық та-

рих пен ғылым, өлкетану мен мə-

дениет туралы, Карлагта өткізген 

ауыр  репрессия  жылдары  жай-

лы  фактілер  келтірілген.  Кеш 

соңында аталмыш кітапты баласы 

Дегдар Қайымұлы музей қорына 

тапсырып,  музей  мамандарына 

алғысын білдірді.

Кеште Абайдың «Желсіз түн  -

де жарық ай», «Сегіз аяқ», «Кө-

зім  нің қарасы» сияқты Қайым-

ның  сүйіп  тыңдайтын  əндері 

шырқалды.



Лəззат ƏЛЖАН,

Семейдің облыстық 

тарихи-өлкетану

музейінің бөлім басшысы.



 Тағзым



 Тарих толқынында 

Халқының 

Қайымы

Көрнекті ғалым, Семейдегі Абай мұражайын құрушы, 

Қазақстанның тұңғыш Əнұранының авторы, ақын, аударма-

шы, Алаш арыстарының ізін жалғастырушы, Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 

100 жыл толуы аталып өтуде.

Біздің елдегі қоғамымыздағы 

ең басты құндылық – адам бос-

тан дығы  болса,  адамның  жəне 

адамзаттың құқықтары мен бас 

бостандықтарын қамтамасыз ету 

жəне қорғау – конституциялық 

заңдылықтың  басты  талабы 

дей  міз.  Соның  ішінде  саламат-

ты өмір салтына қол жеткізуде, 

денсаулықты сақтау мен нығай-

ту дағы  басты  мін деттің  бірі  

бала  құқығын  қорғау,  зорлық-

зомбылыққа қарсы күрес жүргізу 

болып  табылады.  Бұл  орайда, 

осы  талаптарға  сай  «Зорлық-

зомбылыққа  қарсы  күрес» 

атты айлық жүргізу барысында 

Алматы қаласы, Наурызбай ау-

даны, №157 жалпы білім бере-

тін мектепте Наурызбай аудан-

дық  прокурорының  орынбаса-

ры  М.Айқымбеков,  Наурызбай 

аудандық Білім бөлімінің жетек-

шісі Г.Жомартбай, мектеп дирек-

торы  С.Ахметова  жəне  мектеп 

əкімшілігі  мен  психологтары, 

со нымен  қатар,  ата-аналардың 

қатысуымен «Балалар мен жасөс-

пірімдерге  қатысты  зорлық-

зомбылықты  болдырмау  жəне 

оның алдын алу» тақырыбында 

дөңгелек үстел өтті.

Онда  бүгінгі  таңдағы  өзек-

ті  мəселелердің  бірі  –  бала-

лар  мен  жасөспірімдерге  қа-

т ы с т ы   з о р л ы қ - з о м б ы л ы қ 

жəне  оның  алдын  алу  амалда-

ры  талқыланды.  Осы  мəселе 

бойынша  сөз  алған  Наурызбай 

ауданы  прокурорының  орын-

басары  М.Айқымбеков,  ау-

дан  прокурорының  көмекшісі 

О.Нұрғазиев  осы  тақырып 

аясында  бейнетүсірілім  көр-

сете  отырып,  «Ата  көрген 

оқ  жонар,  шеше  көрген  тон 

пішер»  демекші,  балаға  от-

басы  тəрбиесінің  əсері  мол 

екендігін,  отбасындағы  ата-

ананың мінез құлқы – баланың 

көз алдындағы үлгі, өнеге ала-

тын,  оған  қарап  өсетін  ныса-

ны  екендігін  жеткізді.  Олар 

балаларды  үнемі  бақылауда 

ұстауымыз  керектігін,  əсіресе, 

қолайсыз  отбасындағы  бала-

лармен  жұмыс  жасап,  мектеп 

педагогтарымен,  психолог-

тарымен  тығыз  байланыста 

болу, баланың жеке басына мəн 

берудің маңыздылығын айтты. 

М е к т е п   п с и х о л о г т а р ы 

А.Жыл    қы  баева  мен  А.Бопиева 

ата-аналармен  «Өмірді  қалай 

түсінесіз?»  атты  тренинг  өт-

кізді.  Кездесу  барысында  ата-

аналардың ойында жүрген көп-

теген сұрақтарға жауап бе рілді. 

«Қыз  балалар  үшін  гине колог 

маманын  шақырып  іс-ша ра 

өткізу дұрыс па?» деген сұраққа 

М.Айқымбеков  мұндай  іс-

шаралардың қыздарымыз үшін 

маңызы зор екендігін атап өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет