Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата01.01.2017
өлшемі4,61 Mb.
#932
1   2   3   4   5   6

Жанна СЕЙТАХМЕТОВА,

 ақынның қызы:



Әкемнің атында көше жоқ емес

бар. Бірақ көше деп айтуға келсе ғой, 

шіркін! Қып-қысқа шағын ғана көшеге 

Қасым ақынның атын беру ұят! Оның 

үстіне, көше зираттың маңайында. 

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Хра-

пунов көше беру үшін көп ақша сұрады. 

Обалы не керек, меценат Амангелді 

Ермегияев демеуші болуға ниет біл-

діріп-ақ еді. Алайда Храпунов сұраған 

сома демеушінің өзінде жоқ болып 

шықты. Бір әттеген-ай дейтініміз осы 

көшеге қатысты. Қалғанының бәріне 

көңіліміз толады. Қазақ барда Қасымын 

ұмытпайды ғой.

Әңгімелескен 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ, ақын: 

— Жас бала демей қарбытып, 

Баспана бермей қаңғытып, 

Тойласын соңғы жеңiсiн, 

Солардың жерi кеңiсiн. 

Өлтiрмей Құдай жөнiмен, 

Ойнап жүр ендi менiмен.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,

 ақын:

— Көшемін ертең, босатам Коляның үйін,

Бұл көшу маған, әрине, болады қиын.

«Турчатник» жақта тұрақтап

үйренген едім –

Тоңады миым,

Санамда соғады құйын...

Әлібек ШЕГЕБАЙ, ақын:

– Ілдебайлап өмір сүріп келем мен,

Пәтер жалдап мына зәулім қаладан. 

Бір жақсылық болатынын білеміз, 

Адам емес, Алладан...

«Өлең деген тумайды жайшылықта, 

Өлең деген тулайды қайшылықта», – деп 

Мұқағали Мақатаев айтқандай, мұндай 

проблемаға жастарымыз да ұрынып, өлең 

жазып жүрген жас ақындарымыздың да 

саны аз емес. 

Ерқанат КЕҢЕСБЕК,

 ақын:



— Кезінде көтерген әкем де

Қоғамның зілмауыр салмағын.

Көшумен пәтерден пәтерге,

Бабамның арманын жалғадым.

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ, ақын:

— ...Әумесер әнге сал әпендiм,

Ақынды алқайтын әкең кiм?

Қасым боп келемiз көш түзеп,

Соңында сор болған пәтердiң...

Тағдырға қасқайып тұрамыз,

Алашта айтылар бiр аңыз.

Қасымға бермеген пәтердi,

Алмайтын шығармыз мына бiз...

Қазақтың қайсар мі-

незді ақыны Қасым 

Аманжоловтың ме-

рейтойы қарсаңында 

шайырдың соңында 

қалған тұяғы, қызы Дариға 

Қасымқызымен аз-кем 

тілдесу үшін іздеп барған 

едік. Ақынның құнды 

дүниелерін жиыстырып, са-

налы ғұмырын әке мұрасын 

жас ұрпаққа жеткізуге 

арнаған Дариға апа Қасым 

Аманжоловтың көпшілік 

біле бермейтін өнері мен 

өмірі жайлы сыр шертті. 

Ақын ескерткіші асқақтайды



Биыл Қасым ақынның 100 жылдығы Қарағандыда тойланбақ екен. 

Қасым тойында ақын ескерткіші ашыла ма?

Аманғали ҚАЛЖАН, Алматы қаласы

Қыркүйектің 9-ы күні Қарағандыда 

басталатын ақын мерейтойының ең 

басты шараларының бірі қала ор-

талығындағы саяжай тұсына ақын 

ескерткішінің қойылуы болмақ. Осы-

дан екі-үш ай бұрын жарияланған 

мү 


сіншілер байқауы нәтижесінде 

жеңіске жеткен туындының биіктігі 10 

метрге жетеғабыл. Ақынның адым-

дай басып, өлең оқып келе жатқаны 

бейнеленген. Ескерткіштің ашылу сал-

танатында мерекелік Қасым оқулары 

ұйымдастырылады. Мұнда жергілікті 

жас ақындар мен мерейтой қонақтары 

Қасымға арнаған өз шығармаларын 

және ақын өлеңдерін оқиды.

Ал Қарағандыға солтүстік-батыс 

бағыттан кіретін күре жол тұйықталар 

Кривогуз көшесінің орталық саябаққа 

түйісер тұсында орналасатын ескерт-

кіштің ту сыртынан ақындар аллея сы 

ашылады. Аллея орталық сая бақ тың 

біраз бөлігіне созылып, қала тұр-

ғындары мен қонақтар үшін көрікті 

демалыс мекеніне айналады деп 

күтілуде.



Көреалмаушылар 

Қасымды 

құрбан етті

Жанымды күйдірсем де жалынға caп, 

Жанымды күйдірсем де жалынға caп, 

Қасқыр боп таласа да мені азап, 

Қасқыр боп таласа да мені азап, 

Туған жер топырағында тіп-тік өскен 

Туған жер топырағында тіп-тік өскен 

Қара емен – қасарысқан мен бір қазақ.

Қара емен – қасарысқан мен бір қазақ.

Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, 

Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, 

Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын. 

Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын. 

Тірлікте тербелейін, тебіренейін, 

Тірлікте тербелейін, тебіренейін, 

Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.

Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.

ЖАСЫН


Дариға АМАНЖОЛОВА

Жанна СЕЙТАХМЕТОВА

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 



27.08.2011 жыл 

сенбі


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

5

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Жырлары әнге айналған



Қасымның адуынды ақын екенін білеміз. Біршама өлеңдері әнге 

айналған. Сұрағым келгені, Қасым әндерінің жинағы шығарылды 

ма?

Аманбай ЕСЕЙ, Талдықорған

Қасымның баспанасыздығы туралы әңгіме көп. Ақын, шынымен, баспанасыз болған ба?

Жанат ЖАҚСЫЛЫҚ, Павлодар

Қасымның баспанасыздығы туралы, жалпы, 

қазақ қаламгерлерінің үйсіз-күйсіз тірлігі туралы ел 

аузында қауесет әңгіме көп. Қасым бұл туралы өзінің 

жырларында да, күнделіктерінде де айтып кетеді.

«Үйіміз Алматының шығыс жақ шетінде, таудың 

нақ етегінде, бір кезде Жазушылар союзының дача-

сы, кейінірек Қазақ драма театрының жатақханасы 

болған үйлердің бірінде болатын. Орталықтан алыс, 

қараңғы, тар, лас көшені «Городская» деп атайтын. 

Сол көше, 69-үйде бір корпуста, бір бөлме (басқа 

түгі жоқ) үйде менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді 

қанша тұрармыз, кім біледі)... Мен квартира алам 

деп титықтағаныма он жылдан асты. Бермейді, не 

қыласың. Қалалық совет пен квартбюродағылар 

сенің ақындығыңды қайтсін, арақ дүкенінің сатушы-

сы болсам, онда, мүмкін, есептесер еді. 1946 жылы 

ең болмаса күрке салып алайын деп қолайлы жер 

сұрадым. Төрт ай жүріп жауап алдым. Бір оң баған 

«инженер» – саудагер жерді маған зират жақтан (!) 

ұсынды. Кімге айтарсың? Сондай сұмдар дың соңына 

түсіп жүруге уақытым бар ма?» деп назаланады 

Қасым өз күнделігінде.

Ал 1949 жылы Алматы қаласының Виноградов 

көшесінен, №29 үйдің екінші қабатынан пәтер 

беріледі. Өкінішке қарай, ақын үйі кейіннен қи-

ратылды...

Қасым Аманжоловтың тірлігінде 

бесаспап музыкант болғанын заман-

дастарының естеліктерінен оқып біле 

аламыз. Сондай-ақ Қасым өз өлең-

деріне ән жазып, оны өзі орындап 

жүргені де елге белгілі. Ақын ән де-

рінің бірқатарын елге жеткізген – 

ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз. 

Қасымның өзі жазған, танымал саз-

герлер жазған «Дариға, сол қыз», 

«Ақсәулем», «Жас дәурен», «Туған 

жер» атты әндері – халық арасында 

кең танымал шығармалар. Жақында 

Қарағанды облысы әкімдігі мен 

облыстық мәдениет басқармасының 

қолдауымен ақын әндерінің аудио-

дискісі шығарылды. Мұнда қара-

ғандылық әншілер мен музыка ұж-

ымдары орындауында шырқалған 

20-дан астам ән топтастырылған. Со-

нымен бірге Қасым әндерінің мәтіні 

мен ноталары, түсініктемелері жа-

зылған арнайы ән кітабы да жарық 

көрді.

ШАБЫТ


«Жыр бәйгеге аттанған адам болса, 

Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Қазақтың ақындығы – тәңірі жарылқап 

аспаннан сұрағанға түсе салған кенже 

құбылыстың бірі емес. Ықылым заманнан 

бергі ешкімге ұқсамай жалғасып келген 

ғажайып жыр маржандары, ілгерідегі сақ 

дәуірінен сақтала жеткен жауһар мұралар, 

Тоныкөк тұсындағы түркінің түрлі тебіре-

ністері, хандық тұсындағы толғаулар, ала-

сапыранның айтнамалары, шапқын шы-

лықтың шайырларынан жеткен мәңгілік 

өлмес дастандар – мұның бәрі – бір-бірі-

мен үндескен, сабақтасқан ұлы құбы-

лыстар. Бұндай ұлттың ұлы өзегін жалғап 

тұрған киелі қалыптан бертіндегі Бұқар, 

Махам бет, Дулат, Абай, Мағжандарға 

дейін сапы рыстыра дәм татып, саф өнердің 

сапасына сән берді. Соған қарағанда, 

әулие тұтатын ақын Абайдың өзі де аспан-

нан түскен жоқ. Оның ақындық, даныш-

пандық деңгейіне жеткізген – пенделік 

күйдегі іркіліссіз ізде 

нісі. Сондай өз 

бойындағы ғажайып күй арқылы Абай — 

хал 

қымыздың үлкен рухани мұрасын 



кейінгілердің сусындауы үшін сабақ тас-

тырып кеткен заманның заңғар тұлғасы. 

Ал осы тектес ұлы сабақтастықтың жолы-

мен қазақ поэзиясын шырқау шыңға 

көтер ген өресі сұмдық ақынның бірегейі 

– Аманжол Рақымжанның Қасымы. 

ХХ ғасырдың соғыстан кейінгі жылда-

рында қазақ поэзиясына үлкен бетбұрыс 

әкелген ақынның өнегесінде де рухани 

сабақтастық рухы тұрғаны айқын. Зерт-

теушілер де Қасым өлеңдерінен ең әуелі 

Абайдың жолын, Мағжанның ізін көретіні 

сондықтан болар. Бір сөзбен айтқанда, 

ықылым замандағы жыраулардан жал-

ғасқан рухани шүйгін Қасым поэзиясы 

үшін қайнардың нағыз көзі болды. Сон-

дықтан да қазақ поэзиясына батылдық пен 

суреткерліктің лебін әкелген Қасым өзіне 

дейінгі ұлттық поэзия үлгілерінің озығын 

болмысына сіңіріп қана қойған жоқ, со-

нымен қатар ақындықтың шеберлік мек-

тебін дамытты. Оның тамаша туындылары, 

өлмес дастаны өзінен кейінгі Ж.Нәжіме-

денов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, С.Ақ-

сұң 

қарұлы секілді ақиық ақындардың 



өнеге алар рухани мектебіне айналды. 

Әйтсе де осындай рухани мектеп өнегесі 

бүгінгі күні сұйылып бара жатқандай. Сон-

дықтан да ілгеріге озбай-ақ бүгінгі зерт-

теушілер Абай мен Қасым арасындағы 

байланысты Мағжан мен Қасымды, Қа-

сым мен Мұқағалиды, Қасым мен Төле-

генді, Жұмекенді байланыстыра, соның 

тамырына терең бойлауы сұранады. Сон-

дай сабақтас байланыстан нәр ала білген 

кейінгі ақындардың да шығар шыңы зор 

болары – даусыз шындық. Зерттеулер де 

осы негіздегі жүйені сұранады. 

Қасымның өлеңіндегі ерекшелігіне 

соғайық. Басқасын айтпай-ақ, ақынның 

әсі ресе өзіміз ұдайы қарғыс айтатын кеңес 

за манын жырлаған һәм соғыс жылда-

рындағы тудырған шығармашылығының 

орны бөлек. «Өңімде ме еді, түсімде ме 

еді, Көрдім ғой мен бір армандай қызды. 

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, сұрапыл соғыс 

соқты да бұзды. Тулады толқын, шайқалды 

шың-құз. Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз. 

Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз!» Осы 

бір «Дариға, сол қыздың» өзі тұтастай бір 

дастанға бергісіз туынды екені рас. Ақын 

мұрасын зерттеушілердің өзі әр тармағы 

он буыннан тұратын мұндай өлеңнің 

Қасымға дейінгі де, одан кейінгі де қазақ 

поэзиясында онша қолданыла қоймағанын 

алға тартады. Ең бастысы, өмір шындығы 

жырланатын өлеңде кейіпкердің тебіренісі 

шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді, түр 

жағынан да айрықша сонылықты аңғар-

тады. Сол замандағы дүниеге келген «Ақын 

өлімі туралы аңыздың» өзі замандас та-

рының алдында шоқтығы биік туынды са-

налып, қазақтың ғұлама жазушыларының 

бәрін дерлік мойындатты. Абдолла туралы 

осы поэмасы да — қазақ үшін тың жаңалық. 

«Жау жолына атам сені, бомба бол да жа-

рыл, жүрек» дегендегі суреткерлікке кім 

жетер еді? Сыналай келсек, Қасым ақын-

ның поэзиясында, оның әрбір туынды сын-

дағы бейнелеу, ажарлау, құбылту тәсілдері 

арқылы жасалған бейнелілік-көркемдік 

байлықтар сонылығымен, тосындығымен 

тәнті етеді. 

Ендеше, осындай өрелікпен Қасымша 

толғанудың соны суреткерлігі бүгінгі ақ-

ындарға жетіңкіремейтін тәрізді. Сон-

дықтан да қазақ әдебиетіндегі Қасым поэ-

зиясының дәстүрін зерттеу өзекті проб-

лемаға айналып отырғанын аңғаруға 

ҚА

ЛАМ МЕН З



АМАН

Ақындық рухтың үндестігі

«Қазақ пен поэзия – егіз ұғым» дейміз ғой. Сөйткенімен, 

бүгінгі поэзияқұмар көпшілік жұрт қазақы ақындықтан 

қасымдықты таба алмай аңсап жүрген тәрізді. Әлбетте, сонау 

ғасырлардан сабақтаса сусындалған өнердің өресі ұсақталып 

кетті деп айта алмаймыз. Солай деп айта алмасақ та, сөз 

сойылын ұстанған бүгінгілер арасынан ақын Қасым шыққан 

шыңға, оның көркем суреткерлігін табындыратын Тәңіріне 

талпынушылар көп емес секілді. Әйткенмен, өзі айтпақшы, 

«дүниеге келер әлі талай Қасым». Ал сол Қасым мен бұ 

Қасымның арасындағы үндестіктің қоздауы нешік?! Сондықтан 

да кешегі әм бүгінгі ақындар арасындағы сабақтастық жолы 

жете зерттеулерді қажет ететін секілді.

Екі басқа ұлт ақынын, мейлі олар бөлек 

дәуірлердің өкілі болса да, көркемдік ерек-

шеліктер, эстетикалық таным, әсемдік 

айшықтар деген тарауларда өзара үндес 

келуін мысалға алсақ жеткілікті. Сергей 

Есениннің ең бірінші өлеңдерінің өзі ата-

мекен, туған жер тақырыбына ойысады. 

Оның «Кузнец», «Береза» өлеңдерімен 

қоса, 1917 жылы жазылған «О, Родина!» 

өлеңінде өз туған еліне деген ішкі сағы-

нышын былай жеткізеді: 



О, Родина, о, новый

С златою крышей кров,

Труби, мычи коровой,

Реви телком громов...

...И всю тебя, как знаю,

Хочу измять и взять,

И горько проклинаю

За то, что ты мне мать.

Ал Қасым «Атамекен» деген өлеңінде: 



Сүйем сені туған ел – атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем?

Іздеймін деп «Жерұйық» желдей желген

Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен!

Қорқыт та емен елсізде, көр басында

Қобызымен сырласып күңіренген.

лып келуімен қатар, толық пісе қоймаған, 

әлі де мол ізденіске баруына тура келген-

дігі көрінеді. Қайткенде де біздің сын 

табиғи қалыпта айтылып отыр. Себебі 

«Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ». 

«Дәстүрлі қалып — поэзияның таусылмас 

азығы. Өткеннен өнеге алу — дарынның ең 

бірінші қия жолы» десек, Сергей Есениннің 

Пушкинге арнаған өлеңі мен Қасым 

Аманжоловтың Абайға арнаған өлеңдеріне 

зер салайық. Сергей: 



Мечтая о могучем даре

Того, кто русской стал судьбой,

Стою я на Тверском бульваре,

Стою и говорю с собой...

– десе, Қасым 

«Абайға айтарым» өлеңінде: 

...Бөлек бір туған кім едің!.. 

Атаның ұлы емессің.

(Кешіре жатар Кеңгірбай), 

Халықтың ұлы боп өстің...

 – деп тіл қа-

тады. Зер салып қараған адамға екі ақын-

ның да арнауларында дәстүрлі поэ зияға 

деген үлкен құрмет пен ізеттілік байқалады. 

Олай болмауы да мүмкін емес. Абай мен 

Пушкин салған дәуір басындағы канонды 

леп кейінгі ақындардың оны сарқа жұмсап, 

сол арқылы даңғыл жол салуына бастау 

болады. Сондықтан да Есенин мен Аман-

жоловтың шығармашы лығына осы тұр-

ғыда бір деңгейде салыстыра қарау адасу 

емес, қайта екі көршілес ұлт поэзиясына 

дендеп бақылау жасау болып табылмақ. 

Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік 

табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік 

поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен 

алымдылық, шалымдылықпен үйрену 

Қасымның буырқанған күшті талантын 

айқындаса, Пушкин, Достоевский, Ибсен 

шығармашылығын жазбай таныған Есе-

нин поэзиядағы ескі жолмен бірге жаңа 



Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,

«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!

Өз елімде өзендей гүрілдеймін,

Тасып, шалқып өтемін – осы сертім, – 

деп жырлайды. 

«И горько проклинаю, За то, что ты мне 

мать» Есенин нұсқасы қаншалықты 

тәкаппар, кең жазылса, «Өз елімде өзендей 

гүрілдеймін» немесе «Асанқайғы емеспін, 

Қасыммын мен!» деген сөздерде ақынның 

ерекше зор рухын сезуге болады. Ақын 

қуаты деп те осы құбылысты айтады. Со-

нымен, от жалынды поэзия екі ақында да 

көрінді. ХІХ ғасыр орыс әдебиетінің алтын 

ғасыры болса, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің 

алтын ғасыры іспеттес. Әсіремақтауға 

балағанымыз емес, егер Есенин орыс 

поэзиясының бағдарын жаңа бағытқа 

бұрса, Қасым туындылары да қазақ 

поэзиясының жаңалығы бола білді. 

Алғашқы жинаққа енген өлеңдерден 

болашақтағы кемелденген Қасым ақын 

поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі 

танылатын жекелеген жол, шумақтар 

табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ 

ақынның әлі де үйрену, еліктеуден бас-

талған еді. Есениннің алғашқы өлеңдері 

формалық жағынан жаңашыл, ұранды бо-

Әдебиетте тағдырлар-

дың қайталануы, болмаса 

өзара ұқсастықтары анда-

ғайлап көрінетін құбы лыс-

тар бар. Мәселен, Абай мен 

Пушкин, Шәкәрім мен Толс-

той, Алтынсарин мен Кры-

лов... Жіпке тізілген алма 

қағындай әрқайсысы да 

өзгеше бір тәттілікті, жара-

сымдылықты көрсе теді. 

Қазақтың дара тұл ғасы, жа-

уынгер ақын Қасым Аман-

жоловты орыстың от ақыны 

Сергей Есенинмен шығар-

машылық жағынан үндес 

деуге де болатындай.

Қасым тағдыры – ақындарға ортақ тағдыр

ДЕРЕК

Екі ғасырға жуық уақыт ір-

гесінен құт аумаған, өлкесінен 

рух таймаған Қарқаралы 

қаласының әр ғимарат, әр үйінде 

тұнған тарих бар. Мәди жатқан 

түрме, Потанин түскен үй, Ахмет 

Байтұрсын, Әлихан Бөкейхан 

оқыған, жүрген жерлер, 

Құнанбай салдырған мешіт, Абай 

түскен үй... Бұл тізімді едәуір 

ұзатып, тізе беруге болады. 

Осы тізімге «Қасым Аманжолов 

тұрған үй» де еніп келеді кейінгі 

жылдары. Әлбетте, Қасым ақын 

ұлы құбылыстар құжатталатын 

кез келген атагөй тізім, атақты 

алқаға лайық қой. Тек болған 

жай мен тарихи нақтылықтан 

ажырамасақ болғаны. Бұлай де-

уімізге Қарқаралыдағы «Қасым 

тұрған үй» деп белгі қойыл-

ған боз ордада Қасекең, шын-

дығында, тұрған ба, тұрма ған 

ба деген күмән-күдік арқалаған 

сауал себепші болып отыр.

Қасым 

тұрған үй – 

бұл емес-ау...

Көне қаладағы Д.Қосыбаев атындағы 

көшедегі №68 үйдің қабырғасына «Қаз-

ССР-і 1929-30 жылдары ақын Қасым 

Аманжолов тұрған үй» деп ақ мәрмәрге 

қашап жазылған. Еңселі үй кімнің де бол-

сын көзін тартардай. 1911 жылы туған 

Қасым 18-19 жастағы бозбала кезінде 

осындай үйде тұрған-ау деп сырт қо-

нақтарға да ұялмай көрсетуге болады. 

Бірақ Қасым бұл үйде тұрмаған тәрізді! 

Бұған дәлел боларлық бірнеше жайтты 

көлденең тартуға болады. Осы №68 үйдің 

дәл жанында көлемі едәуір кіші, қораштау 

шатырлы қоңыр құжыра салынған. Бұл 

үйде қарқаралылық белгілі көпес Чан-

чиков тұрған екен. «Ақын бозбала кезін-

де осы үйге тоқтап, тыныстаған» деседі 

қариялар. Ал Қасым тұрды дейтін №68 

үйде көпестің балалары тұрған. Жер-

гілікті өлкетанушылардың, көнекөз қарт-

тар 


дың, Ю.Поповтың жазбаларына сү-

йен 


сек, 1929-30 жылдары Қасымның 

Қар қа ралыда болғаны туралы бірде-бір 

дерек жоқ. Өлкетанушы, Қарқаралы тари-

хының білгірі Ю.Попов та «Қасым егер 

Қарқаралыға келсе, өз ауылына соқпай 

кетуі мүмкін емес. Қасым 11-12 жасында 

Семейге кеткен соң, Қарқаралы өңіріне 

келмеген тәрізді» деп жорамал түйеді. 

Ақынның туған жер туралы жырларына 

тұнған ұлы сағыныш сарынынан да соны 

аңғаруға болады. Бірақ болжам мен жо-

рамал факті емес қой. Факт – қабырғаға 

қашалған мәрмәр тас болып тұр. Соны-

мен, Қасым тұрған көзге қораштау шағын 

үйдің қабырғасында белгі жоқ, белгі 

көрші үйде тұр. Әлбетте, «мұнда тұрған 

не бар? Тірлігінде баспана зарын тартқан 

ақынға еңселі үйдің қабырғасына ілін-

ген мәрмәр тасты қызғанамыз ба?» деген 

сауал тууы да мүмкін. Қызғанбаймыз! 

Тек тарихи фактіге адалдық керек. Белгі 

қойылған тұста «Қасымдай ақын шағын 

үйде тұрды деген атымызға сын болар, 

үлкен үйге қояйық. Осыны кім біледі?» 

деген орашолақ ойдан туған осы шағын 

ғана қателік әңгімеге бастау болып отыр. 

Әйтпесе ақын жүрген жерде табаны тиген 

әр тасы қымбат болары анық ұрпағы үшін. 

Одан өзге дау да, дабыра да жоқ... Соны-

мен бірге «Қасым тірлігінде туған жеріне 

келмепті, баспанасыз болыпты, жағдайы 

болмапты» деген әңгімелер де арада 

өткен ғасырлық межеден соң тыйылуы 

тиіс шығар. Себебі ақын тұлғасы, ақын 

ары туралы, жыры туралы айтылар сөз де, 

оқырман да өзгеріп болды емес пе? Енді 

тек ақынның азаматтық тұғыры мен ел 

үшін атқарған өлшеусіз еңбегін ғана тілге 

тиек еткен абзал болар...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет