Любой увлеченный переводчик знает,
что вхождение в мир другого поэта поглощает,
а мир Абая – он поглощает абсолютно.
Е.В. Курдаков
На сегодняшний день, когда творчество Абая высоко оценено и за
пределами нашего государства, важно, чтобы как можно больший круг
читателей имели возможность познакомиться с мудростью великого казахского
34
акына. Писатель и философ, поэт и композитор, Абай выступал мужественным
выразителем дум и чаяний своего парода, глашатаем борьбы за свободу и
дружбу народов, за просвещение и равноправие. Свои мысли и думы он с
большой глубиной излагал в стихах, написанных на родном языке. Одной из
замечательных черт творческой деятельности Абая, как основоположника
казахской письменной литературы, является его проповедь просвещения через
сближение с культурой других народов и, прежде всего, с передовой культурой
русского народа.
«Во имя осуществления этой великой задачи он ведет беспощадную борьбу
с устоями прошлого, выступает в своих произведениях против насилия,
жестокости. Он страстно желает, чтобы народ сам осознал причины своего
несчастья. Под огонь его сатиры попадает и недоучившаяся молодежь, которая,
не умея найти для себя полезного дела в жизни, превращается в деляг,
чиновников и интриганов» [1; 72].
Беседы мыслителя с читателем носят философско-критический характер, в
них предстает и гневным судьей «сильных мира», и умным советчиком народа,
и печальником его. Эти «Назидания», как говорил Леонид Леонов, являются
«как бы напутствием поэта своему народу в начале его исторического пути», на
которое имел право лишь великий поэт и мыслитель своего времени. Потому
так дороги нам творения Абая, которые никогда не утратят своей свежести,
своей умной красоты.
Первый язык, на который перевели стихи Абая, был русский. Это был
подстрочный перевод его стихотворения «Лето», сделанный еще при жизни
поэта
и
опубликованный
в
местной
газете
в
1889
году.
Задача переводчиков произведений Абая заключалась не только (и не столько)
в том, чтобы дословно перевести казахский текст на русский язык. Русский
читатель хочет иметь такой перевод, который соответствовал бы
художественным достоинствам оригинала. Понятно, что переводчик должен
глубоко понимать мастерство оригинала, знать эпоху, в которую появилось то
или иное стихотворение, уметь «войти в мир» его автора. Именно потому
говорят, что переводчик в стихах - не раб, а соперник поэта.
Абая много переводили, но, как пишет Г. Бельгер: «Есть старательные,
бережные,
аккуратные
поэтические
переводы
М.
Петровых,
Вс.
Рождественского, М. Тарловского, Л. Озерова, Ю. Неймана, О. Румера.
Читаешь их - вполне прилично, весьма близко, похоже, узнаваемо. Начинаешь
вникать в перевод, сравнивать с оригиналом – нет того обаяния, того
поэтического шарма, той естественности и многослойности, того дыхания, той
мудрости, что в подлиннике» [2;169].
Хорошим доказательством этого является перевод стихотворения Абая
«Дорогой долгой жизнь водила», выполненный Л. Озеровым.
Дорогой долгой жизнь водила.
Осталось лишь одно - могила.
Но мой язык еще мне друг,
Мои слова, что зной без мух
35
Но слушатель мой слишком глух -
Судьба такими наделила!
Сравнение этих строк показывает, что смысл и оттенки стиха переданы
точно и поэтично. Таковы же русские тексты произведений: «Всем пресытиться
может душа», «Зима» (перевод В. Рождественского), «Поэзияя - властитель
языка» (перевод В. Звягинцевой), «Не для забавы я слагаю стих» (перевод Д.
Бродского), «Разве не должен, мертвый, я глиной стать?» (перевод М.
Тарловского), «Ты - зрачок глаз моих» (перевод М. Петровых). В них переданы
все особенности Абаевского стиха, его яркий, образный язык. Сохраняя
специфику образного мышления казахского поэта, переводчики нашли в
богатых сокровищницах русского языка слова, и образы, верно передающие
мысли и настроения оригинала. В приведенных стихах переводчики стремятся
также сохранить особенности звуковой инструментовки стихов Абая, что им
иногда удается. Наиболее показательным в этой связи является перевод
стихотворения «Пока твой развернутый стяг…», выполненный А.
Штейнбергом.
Пока твой развернутый стяг
Победно не выхватил враг,
Пока не пятнал тебя знак
Позора средь стычек и драк,
Пока ты красуешься так,
Пока твое сердце - маяк,
Пылает алея, как мак,
Пока ты всем веришь, добряк…
Таких примеров, где точно передаются все интонации и оттенки подлинника
в сборнике можно найти немало. Удачу таких переводов можно объяснить тем,
что авторы их далеки от буквализма стараются найти поэтические эквиваленты
в русском языке, подчинить образные средства верному раскрытию идейно-
художественных достоинств оригинала.
Переводить Абая непросто, потому что его творчество - это явление нового
уровня в казахской литературе, в нѐм самобытность метафорического ряда,
афористичность мысли; а ещѐ, потому что образы Абая пронизаны
национальным мироощущением, мировосприятием. Л.Озеров образно скажет
об этом: «Он приближает свой народ к глазам души всех».
Русский поэт из Восточного Казахстана и один из лучших переводчиков
Абая на русский язык Евгений Курдаков скажет: «Он мне как бы подсказал, как
нужно переводить и его самого. Я его познал как великого, гениального
учителя перевода» [3;163]. И чтобы понять стихи Абая, его прозу, Курдаков
знакомится с основами суфизма, персидской, арабской поэтики и обращает все
внимание на то, что изучать творчество Абая нужно через понимание его
философии, основанной на суфизме: «единение трех стихий: человеческого
ума, сердца и воли, которая гармонизировала эти три стихии». «Абай был
огромным этапом в моей творческой и личной жизни, - рассказывает Е.В.
36
Курдаков в фильме «Триединство собственной души». Это глубинное,
взаимное сотворчество!»
Всѐ меняется: сам, отношение – всѐ, что касается человеческой жизни, но
поэзия вечна, он не подчиняется даже времени:
А непереводимое поймется
Не сразу, а когда-нибудь…
Главное, как считает Курдаков, суметь понять:
Судьба поэта тоже назиданье,
Умеющим читать еѐ с конца [4; 51].
Е.В. Курдаков, как и Абай, переполнен заботой о человечестве, о его
будущем, о культуре: «В данном случае идѐт процесс понимания Казахстана -
по Поэту, республика встаѐт на ноги, ещѐ, видимо, понадобится немало
времени, чтобы она стала экономически мощной державой. И в этом смысле
идѐт прекрасное опережение духовного состояния, которое заключено, прежде
всего – в Абае» [5].
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1.
Алимжанов А. О переводах произведений Абая. Алматы, 1976.
2.
Бельгер Г. Земные избранники (Гете, Абай). Алматы: Жазушы, 1995.
3.
Поминова Е. Творить из хаоса миры мудрец привык. «Сибирские огни»,
№ 6, 2006.
4.
Прожитое, не сном ли оказалось... Стихи Абая в переводах Евгения
Курдакова / сост., худ. Ю. Курдакова, пер. Е. Курдаков. Усть-Каменогорск,
2008.
5.
Курдаков Е. Триединство собственной души (видеофильм).
ҼОЖ 130.2(574)
ЕСПЕНБЕТОВ А.С.
Семей қаласының Шҽкҽрім атындағы мемлекеттік университеті, ШҚО,
Семей қ., Қазақстан
АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ КІТАПХАНАСЫ ХАҚЫНДА
Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе – білім
(Мұхтар Әуезов)
Жазушы кітапханасы - зерттеушілер назар аударуға тиісті ең кҥрделі, ҽрі
маңызды проблемалар санатында. Қаламгердің жеке кітапханасында қанша
кітап болған, қандай бағыттағы басылымдар, қайта – қайта «ақылдасатын»
шығармалары, кҿбірек белгі салған, сҧрақтар мен ой сілемдерін қалдырған
кітаптары бар ма екен деген сауалдар тізіліп ҿтіп жатады. Кітап жинау да, оны
оқу да ҿнер. Сҿз шығармашылық иесіне ауысқан кезде мҽселенің
маңыздылығы тіпті арта тҥспек.
37
Абайдың жеке кітапханасының жиналу тарихы ой жеткізбейді ғой, шіркін?!
Алдымен, Семей қаласына келіп жҥргенде қоғамдық кітапханадан басталған
жол қаладағы некен саяқ кітап дҥкендеріне тірелгендігі хақ. Уақытша оқуға
алып кететін кітап, журналдарға қосымша дҥкендерден сатып алған қымбатты
қазыналарының болғандығы анық. Ҧлы ақын жҿнінде естелік қалдырған есті
адамдардың деректеріне қарағанда оның жеке кітапханасы болған. Турағҧл
Абайҧлы: «Таңертеңнен кешке шейін, кҿбінесе кітабын оқиды да ара – тҧра
жастықты бауырына басып, алдында ақ қағазы, қолында қарындашы, кҥңіреніп
отырып ҿлең жазып тастайды», [1,14] - деп ерекше мҽн бере тиянақтайды. Кҿп
оқығандығына, жемісті шығармашылық еңбек жасағандығына дҽлел.
Абайдың інілері, балалары оның жеке кітапханасының ҥнемі толығып
отыруына назар аударған. Мысалы, Омбы кадет корпусында, Москвада
кавалерийская школада оқыған інісі Халиолла Ҿскенбаев жыл сайын елге
демалысқа келгенде кітаптар ала келуді ҽдетке айналдырған. Ол туралы Ҽбіш
Жиреншин: «Жазғы демалыста елге келгенде Халиолла астанадан қойын –
қонышы толы кҿптеген кітаптар ала келетін болған. Осы кітаптарды ҥнемі
оқып, Халиолламен іштей сырласып, пікір алысушы немерелес ағайындардың
ішіндегі зерегі Абай болған» [2,47], - деп нақты атап кҿрсетеді.
Абай қазақ халқы ауыз ҽдебиетінің, шығыстың классикалық поэзиясының,
орыс жҽне дҥниежҥзілік ҽдебиеттің ҥлгілерінен мейлінше қана сусындаған.
Қазақтың бесік жыры, шешендік толғаулары, мақал – мҽтелдері, ертегілері,
батырлық, ғашықтық жырларын жастайынан жанына серік еткен. Ҽрхам
Ысқақов жазбасына қарағанда онымен де шектелмей:
«Шҽкҽрімге: сен мҧңлы, зарлы, ескілікті ҽңгімені ҧнатасың, сондықтан
«Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», солардың басынан ҿткен қайғылы
оқиғаларды жаз дейді;
Кҿкбайға: сен біреуді дҽріптеп, мадақтап, мақтауға ынталысың, сондықтан
Абылай хан, Кенесары – Наурызбайлардың істеген жорықтарын жаз дейді;
Ақылбайға: сен суретшісің, елге аты ҽйгілі Қап (Кавказ) тауын жҽне оны
мекендеген қауіп – қатерден қорықпайтын ер черкес халқын суретте дейді;
Мағауияға: сенің аздаған білімің бар, сондықтан бай мен қҧлдың ортасында
ҿмір бойы ҥзілмей келе жатқан теңсіздікті, адамды малдан жаман
қараушылықтың барлығын кҿрсет» [3,103-104], - деп оқып, зерттеп қана
қоймай, аталған сюжеттерге шығарма жазуды тапсырады шҽкірттері мен
балаларына. Оқымыстылықтың, ҧстаздықтың ҿнегесін кҿрсетеді.
Ақындық ҿмірбаянының бастауында Низами, Фирдоуси, Сағди, Хожа
Хафиз, Науаи, Физули есімдерін еріккеннен ермек етіп тізбектемеген. Шығыс
поэзиясының кҽусарына кездесіп, шығыстық ҿрнектердің тҧтқынына айналған
жас Абай саналылықпен қабылдаған зор ғибрат, мол лҽззат ҿлең жолдарында
кестеленген-ді. «Жас кезінде парсы жҧртының ертегілерін, Жҽмшіт, Қаһарман
сықылды кітаптарын да кҿп оқыса керек. Ҿзім кҿрген «Мың бір тҥннің»
кітабын оқып, алғаш біздің елде «Мың бір тҥнмен» таныстырған кісі менің
ҽкем еді, - дейді Тҧрағҧл. – Орыс кітабындағы Густав ҽмір сықылды ҽңгіме
38
кітаптарды оқып елді таныстырды, біздің ел «Мың бір тҥннен» жалығып, орыс
романдарына ҽуестеп кетті» [1,12].
Семейдегі кітапханада шҿліркей оқып, молынан сусындаған, бҧрын ҿзіне
бейтаныс орыс, батыс классиктерінің шығармалары. Тесіле оқып, қҧныға
зерделегені Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов, Салтыков- Шедрин, батыс
қаламгерлерінен Гете, Шекспир, Шиллер, Гейне, Байрон, Бальзак, тағы
басқалары.
Оның
ҥстіне
батыстың
ой
адамдары,
философтары,
білімпаздарының еңбектерін шҧғылдана оқиды.
Қолайлы сҽтті пайдаланып бір деректі ҧсынғым келеді. Иҽ, ол дерек бізге
бҧрыннан таныс, қайталаудың қажет еместігін ескертіп қарсы пікір айтуға
хҧқылысыз. Американ жазушысы, саяхатшысы, журналисі, данышпан
Абайдың тҥйдей қҧрдасы Джордж Кеннан (1845-1924) Семей қаласындағы
саяси тҧтқындармен ҽңгімелескенде шаһардағы кҿпшілік кітапханада қҧнды
кітаптардың жинақталғаны жҽне онда тҧрғылықты халық арасынан шыққан
зиялы оқырманның бар екендігі таң қалдырады. Д. Кеннанның ҿзіне сҿз
берейік: «Г-н Леонтьев передал мне историю Семипалатинской библиотеки и
выразил мнение, что она не только большое благо для ссыльных, но и
возбуждает интеллектуальные интересы в городе. «Даже киргизы пользуются
ею», - сказал он:
- Я знаю одного старика киргиза Ибрагима Конобая [ҧғыңыз: Абай
Қҧнанбаев – А.Е.], который ходит в библиотеку и читает даже таких авторов,
как Дрэпер и Милль.
- Ну, Вы шутите! – воскликнул веселый студент.
- Нисколько, - холодно отвечал Леонтьев. – Сначала он и меня удивил,
попросив у меня объяснения, что такое индукция и дедукция; но потом я узнал,
что он усердно изучает английскую философию и читает в русском переводе,
конечно, этих авторов» [4, 38-39]. Д.Кеннан еңбегімен танысқаннан соң, ең
алдымен, жасамақ алғашқы ой – тҥйініміз, бҧл – Абай туралы айтылған бірінші
пікір, абайтанудың қарлығашындай лебіз. Жҽне ежіктей тҥссек, Д.Кеннан
еңбектері арқылы 1890 жылы Абай кҥллі ҽлемге танылған десек ешкім қызғана
қоймас.
Д. Кеннанның Семейде жер аударылғандармен кездесуі, Абай жҿнінде
ҽңгіменің ҿрбуі 1885 жылдың аяғы 1886 жылдың алғашқы айлары. Д. Кеннан
кітабы орыс тіліне аударылғанда «Сибирь и система ссылки», «Сибирь!»,
«Сибирь и ссылка» атауларымен шыққан. Алғаш Парижде (1890), онан соң
Санкт–Петербургте (1906) баспа кҿрген. Соңғы басылымда «перепечатывается
с берлинского издания» деген ескертпе бар. 1896 жылғыда ақын есімін толық
келтірсе, 1906 жылғы кітапта «Ученый киргиз» [«Оқымысты қазақ» - А.Е.] деп
жоғары баға берілген. Журналдық нҧсқалары да жетіп артылады. Бір сҿзбен
айтқанда, уақытында молынан таралған басылым екендігі. Қазақ тіліне
аударылса қазақ оқырманы қуанышқа кенелері сҿзсіз.
Жоғарыда санамалап кҿрсетілген авторлардың туындылары кітапхана
қорында сақтаулы. Мҽселе солардың қайсысын Абай қолына алды, неше рет
қайрылып оқыды деген сауалдарға жауап беруге дҽрменсізбіз. Ол ҥшін басты
39
қҧжат оқырман формуляры ма, ҽлде сол кездің арнайы қҧжаттары болды ма,
соларды іздеп тапса, қандай жаңалықтар ашылар еді. Сонда біз ҧлы ақынның
пайдаланған кітаптарының бір бҿлігін анықтар едік. Жалпы ақын
шығармаларын мҧқият парақтай келе қандай авторларды оқығанын, нақты
нендей шығармаларын қарастырғанын мҿлшерлей межелеуге болады. Бҧл –
мҽселенің бір қыры ғана. Абай ақын оқыған, бірақ атамаған авторлар мен
кҿркем, ғылыми, танымдық еңбектер тіптен кҿп. Авторына нҧсқамай,
шығармаларына сілтеме жасамай ҿлеңдері мен поэмаларын жазу процесінде
кҿмегін тигізген «дҥниелердің» қҧпиясын ашу қиынның қиыны. Бір сҿзбен
тҥйгенде, қаламгер кітапханасының межесін белгілеу ендігі жерде мҥмкін
еместігін сылтауратып маңдай терді тҿгіп, шҧқшия зерттеуден қашқақтаудың
еш жҿні жоқ.
1880 жылдан «Семипалатинские областные ведомости», 1895 жылдан
«Отчет Семипалатинского статистического комитета» жарық кҿрген. Онда
кітапханалар жағдайы ҽсіресе жылма жыл тҥсіп отырған кітаптардың тізімі
ҥнемі жарияланып тҧрған. Бҧл кітаптардың жалпы мҿлшерін анықтай тҥсуге
жҽрдемдесері хақ. Мҧражай, мҧрағат, кітапхана ісіне асқан жауапкершілікпен
қараған энтузиастардың кітаптар тізімі жазылған инвентарлық кітапшаларды
қалдырғаны дау туғызбайды. Мҽселе – мҧрағат қойнауынан ерінбей, жалықпай
іздесе даңғыл жолға кездеспесек те ҧзын сонарға ілігуіміз ғажап емес. Осы
арада ескертпегіміз, Абай атындағы кітапхана мен Семейдегі облыстық
ҿлкетану мҧражайы [1906 жылға дейін кітапхана мен мҧражай бірге болған –
А.Е.] қорларындағы 1903 жылға дейін кітаптарды «Абай оқыған, қолына
ҧстаған, пайдаланған» қасиетті қазыналарымыз есебіне танудың, атаудың еш
сҿкеттігі жоқ.
Абай оқыған, пайдаланған басылымдар қатарында Омбыда 1888-1902
жылдар арасында шығып тҧрған «Дала уалаятының газеті» («Киргизская
степная газета»), Бақшасарайда атақты ағартушы ғалым Ысмағҧл Ғаспаралы
басқаруымен 1883-1918 жылдары баспа кҿрген «Тҽржіман» газеті бҿліп
кҿрсетуді тілейді. «Дала уалаяты газетінің» тҧрақты оқырманы (мҥмкін
жазылып алушысы) Абай мен оның шҽкірттерінің шығармаларын газет
тігінділерінен кездестірсек, «Тҽржіманның» ақылшысы, кеңесшісі, белгілі
реформатор, ғалым Шиғабетдин Маржаниді Абай жақсы білген. Бҧлардың
екеуі де Семей кітапханаларында кҥні бҥгінге дейін сақталған.
Абайтанушы ғалымдардың еңбектеріне зер салсақ, Семей қаласы
кітапханасының оқырманы Абай «Современник», «Русский вестник», «Вестник
Европы», «Исторический вестник», «Русская мысль», «Русская речь»,
«Новости», «Новое время» журналдарын ҥнемі назарында ҧстаған. Ресейде
шыққан бҧл баспасҿз ҥлгілері барша ҽлемнің тарихы, мҽдениеті, ҽдебиеті,
ҿнері, ҧлттық ҧстанымдары жҿнінде жан-жақты хабардар еткен баға жетпес
қҧнды жҽдігерлер еді. Болашақ ақынның озық ой жҥйесінің қалыптасуына
пайдалы ықпалын тигізгендігі сҿзсіз.
Ал Семей баспаханаларынан жарық кҿрген «Обзор Семипалатинской
области» (1878), «Семипалатинские областные ведомости» (1880), «Отчет
40
Семипалатинского статистического комитета» (1895), «Адрес – календарь
Семипалатинской области» (1897), «Записки Семипалатинского подотдела
Западно-Сибирского отдела Русского географического общества» (1903)
газеттері мен жинақтарын ҧлы ақынның ҥзбей оқып тҧрғандығы анық.
Абай атындағы ҽмбебап кітапхана қызметкерлерінің қызғыштай қорып,
кҿздерінің қарашығындай сақтайтын қымбатты мҧралары баршылық. Солардың
ішінде А.С. Пушкин (1887), А.Н. Толстой (1868), В.И. Даль (1883) жинақтары,
К.Беккердің «Всемирная история» (1846), Н.М. Карамзиннің «История
государства Российского» (1845), Гомердің «Илиада» (1829), Д.В. Дрэпердің
«История умственного развития» (1873), Г. Спенсердің «Начало социализма»
(1810) кітаптары ілтипатпен аталады. Дҽл осы кітаптарды Абай қолына алды,
қолына алып қана қоймай ыждаһатпен оқыды десек қателеспейміз.
Қаламгер кітапханасы жҥйелі зерттеуді қажетсінеді. Алысқа бармай-ақ, оған
ҥлгіні
орыс
ҽдебиеттанушыларының
еңбектерінен
табамыз.
Б.А.
Модзалевскийдің екі томдық «Библиотека А.С. Пушкина» (1910, 1934), С.Д.
Балухатыйдың «Библиотека Чехова» (1930), Д.А. Баликтің «Личная библиотека
А.М. Горького нижегородских лет» (1948), Г.М. Коровиннің «Библиотека
Ломоносова» (1961) зерттеулері ҥлгі – ҿнегенің ірісі ғой. Профессор Т.Жҧртбай
«Кемеңгердің кітапханасы» [5] мақаласымен ҽріптестеріне ой тастағандай еді.
Амал не, қолдаушы, қостаушы, пікір жарыстырушы арамыздан шықпады.
Бҧлайша абайтанудың кҿсегесі кҿгермейді. Бҥгінгі ізденушілерге ашылмаған
аралдардың бар екендігіне назар аударамыз.
Кемел суретші М. Ҽуезовтің эпопеясындағы: «Бҧл не ғажап! Гоголь
кітапханасына қашаннан бері тҥйелер жіберілетін болған? – деген зілді
кекесінге: - Чиновник мырза, тҥйе кірсе несі бар, бҧнда ол тҥгіл есек те
отырыпты ғой!» [6,193], - деп тапқырлықпен ҥнін ҿшіргендігін оқырман ашу –
ызамен қабылдайтын. Қҧдайға шҥкір, замана ҿзгерді. Қазақстан бҥгін Тҽуелсіз
ел болды. Абай - ҧлттық самғаудың бағдаршамына айналды. Елбасы
Н.Назарбаев: «ХХІ ғасыр қазақ халқының жҧлдызы жанатын ғасыр болатынына
сенемін» [7], - деген еді нық сеніммен жастарға. Сенімді ақтайтын білімді,
қайратты, еңбексҥйгіш ҧлтжанды ҿскіннің желкілдеп келе жатуы қуантады.
Алғашқы оқырмандарының қатарында данышпан Абай тҧрған қасиетті қара
шаңырақ – Абай атындағы ҽмбебап ғылыми кітапханасы ҧжымының мерейлі
істері жалғаса беретіндігі анық.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қҧнанбаев Т. Ҽкем Абай туралы. Алматы: «Ана тілі», 1993. - 56 б.
2. Жиреншин Ҽ. Абай жҽне орыстың ҧлы революцияшыл демократтары.
Алматы: Қазмембас, 1959. – 267 б.
3. Ысқақов Ҽрхам. Абайдың ҿмір жолы. Кіт.: Абай туралы естеліктер.
Семей: 2010. - 260 б.
4. Кеннан Д. Сибирь и ссылка. Перевод с английского. Париж, 1890. -
5. Жҧртбаев Т. Кемеңгердің кітапханасы. – «Парасат», 1995, №8, 17-б.
6. Ҽуезов М. Елу томдық. 23-т. – Алматы: «Жібек Жолы», 2005. - 480 б.
41
7. Егемен Қазақстан, 2013, 12 қыркҥйек.
ҼОЖ 669.162.214
ЖАНБОЛАТОВ С.
АҚЫТ – ҦЛЫ АБАЙДЫҢ ШЫҒЫСТАҒЫ ҦЛЫ ШҼКІРТІ
Ақындар бізден бұрын ӛтті талай,
әсіресе Құнанбай баласы Абай.
Дәл сондай ӛткір сӛзді болмасам да,
Мен де аз сӛз жазып қойдым құрап-жамай....
Әуре болған ұлы Абай,
Тобықты – туған елімен.
Ол да кейіп кетіпті
жүргізе алмай жӛнімен.
Ақыт Ҥлімжіҧлы Қарымсақов
(1868-1940)
Алтайдың сонау батысындағы Арқаның Шыңғыстау ҿңірінде жатқан
Қасқабҧлақ жайлауының тумасы, қазақ халқының рухани кҿсемі, ҽлемге ҽйгілі
ғҧлама, ақын хакім Абай (Ибраһим) Қҧнанбайҧлы Қҧнанбаевтан (1845-1904)
23 жыл кейін, ҚХР на қарасты Ҿр Алтайдң Қайырты кҥзеулігінде дҥниеге
келіп, Абай қайтыс болғаннан соң да қырық жылға жуық ҿмір сҥрген Ақыт
Ҥлімжіҧлы Қарымсақов (А. Алтайский) (1868-1940) – Абайдың шығармаларын
қҧныға оқыған, Абайға қҧмарта еліктеген, Абай тҧжырымдамасын
(концепциясын) барынша қолдаған, Абайды ҿзі тҧрған елге кең таныстырған,
ҿзін Абайдың шҽкірті есептеген ҧлы тҧлға. 1897-1909 жылдардың ҿзінде-ақ
Қазандағы Хҧсайыновтар баспасы мен Қазан университеті баспаы
сықылдылардан кемінде тоғыз (ҿлеңдерін, жырларын, назиралық қисса-
дастандарын қамтыған) кітабы (он ҥш рет) жарық кҿрген ҧлы ақын.
Ақыт – нағыз ірі тҧлға, кесек тақырып. Ойпыл -тойпылға толы қараңғы да
кҥрделі заманына қасқая қарап, шындық пен ҽділдікті батыл жақтаған еңбегі
сан салалы ҧлы ақын. Соған сай бҥгінгілер айтар, зерттер, таныстырар қыры да
кҿп. Бҧл арадағы мендік сҿз тек Ақыттың Абай атамыздың шығыстағы
қазақтардан шыққан ҧлы шҽкірті екені жайлы ғана ҿрбімек. Шҽкіртсіз ҧстаз –
тҧл. Жақтассыз кҿсем – тҧл. Абай атамыз – ҧлы шҽкірттері мен қалың
жақтаушылары арқылы тіпті ҧлылаған алып. Мҧны білмеу хакім Абайды
кішірейтуге итереді.
Ескерте кетерлігі, мен бҧл мақаламда Ақыттың Абайдың ҧлы шҽкірті екенін
баяндауды басты орынға қойғаным ҥшін тек Ақытты ғана сҿйледім. Абай
ҽлемге ҽйгілі. Оның ҥстіне Ақыттың ҧлы шҽкірттігін Ақыттың ҥш қырымен –
ақындығын, ағартушылығын, философиясын ғана кҿрсетуді жетерлік санадым.
Жҽне Ақыттың ақындығына, ағартушылығына, философиясына, кҿп мысал мен
42
кҿп дҽлелді бастырмалатпай, уҽкілдік сипаты кҥшті, типик мысалдарды ғана
алып, мақаламның далиып кетуінен сақтандым. Ҿйткені Ақытқа қызыққан
жандар ҥшін оның томдаған туындысы тҧр.
Меніңше, кім де кімнің ҧлы Абайдың шҽкірті мҽртебесіне ие деп танылуы
ҥшін ол ең ҽуелі аты затына сай, Абай атын тҿмендетпейтін, қолынан келсе
Абайды жоғарылататын ықпалды ақын болуы шарт. Ақыт тҽп сондай ақын еді.
Ақындар — ҿлең, жыр, дастан, поэма сықылды поэзиялық туындыларды
жазып шығаратын, сол арқылы халықтың кҿркемдік талғамын ҿрлететін, ҿмір
шындығын жаңа бейнелеу ҽдісімен, жаңа кҿркемдік ой жҥйесімен, жаңа
жанрлар, соны стильдер, тың тіл ҿзгешеліктерімен бейнелейтін ҿнер иелері, ҽр
тҥрлі тарихи кезеңдердегі, ҽр қилы дарындылар. Ҽлемдегі біртҧтас қазақ
жҿнінен алғанда, оның диаспорасындағы ірі тҧлғалар (ҿзге елдерде ҿмір сҥрген
дарын иелері мен қайраткерлер) қағаберісте қалмауға тиісті, қалмайды да.
Оның ішіндегі Ақыт, Таңжарық сықылды ҧлылары міндетті тҥрде ҿзіне лайық
орынға қойылуы керек.
Қазақ ҽдебиетiнiң ежелгi бастаулары Сақ, Ғҧн (Кҥн), Ҥйсін, Қаңлы, Алан
мемлекеттері дҽурендеген тҧстарда (б.з.б. 3 - 1 ғасырларына шейін), қазақ
тайпаларының тарихымен тығыз байланысты пайда болған ―Алып Ер Тоңға‖,
―Шу батыр‖ дастандарында жатыр десек, Тҥрік қағандығы кезіндегі Орхон-
Енисей жазба ескерткiштерi мен «Қозы Кҿрпеш, Баян сҧлу» сықылдылар
арқылы тҥріктің (демек қазақтың да) жазба ҽдебиеті дҥниеге ҽйгілене тҥсті.
Тҥрiк қағандығы қҧлағаннан кейiнгі тҥркi тiлдi тайпалардың мҽдениетiнің
(ҿнерi, ҽдебиетi жҽне тiлiнiң, т.б.) дамуының негiзгi орталығы қазақ даласы
болды. Арабтардың мҽдени жҽне ҽдеби мҧрасы, рухани дҥниетанымы қазақ
елінің ғасырлап жасаған дҽстҥрiн бҧзып жiбере алмай, оның баюына,
ҿркендеуiне ғана ықпал жасады. Сондықтан, Қазақ хандығының қҧрылуы да,
ҧлы Абайдың шығармашылық ықпалы да, қазақ жазба ҽдебиетінің бастауы
емес, қазақ жазба ҽдебиетінің тың серпінмен кҿтерілуі деген дҧрыс болмақ.
Хакім Абай қазақ жазба ҽдебиетінің дҽстҥрін жан-жақтылы байытқан,
дамытқан ҧлы ақын. Абайдың ақындық қуатын танытқан ҥлкен шығармасы
«Қансонарда» 1882- жылы жазылыпты. Одан соң (ҽсіресе қырыққа келгеннен
кейін) ғана кҿркем ҽдебиетке кҿзқарасы қалыптасып, оған бел шеше кірісіп,
халыққа сҿз ҿнерімен ықпал жасауын кҥшейтіп, шығармашылығын ҥш арнамен
(тҿл туындылары; «Қарасҿз» атанған ғақлиялары; аударған ҿлеңдері арқылы)
ҿрбітген екен.
Бҧл дҽстҥрді Абайдан соң жалғастырған, оған ҥлес қосқан С.Торайғыров,
А.Байтҧрсынов, М.Дулатов, М.Жҧмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансҥгіровтер екені
белгілі. Алайда Қытайлық (қазір екі миллионға жуықтап баратқан) қазақ
диаспорасында ҿмір сҥрген, Қазанда жарық кҿрген мол еңбектері мен қыруар
қоғамдық қайратакерлігі арқылы ҿз заманына кҧшті ҽсер еткен, Абай мен
шығыстағы қазақ арасына алтын кҿпір болған Ақыт Ҥлімжіҧлы бҧлармен қатар
аталуға тиісті ҧлы тҧлға екенін ҧмытпауымыз тиіс. Бҧл да «бірін бірі батыр
дейтін, ...» елдігіміздің маңызды белгісі.
43
Ақыттың озық ойлы, биік ҿрелі, кҿп туындылы кҥшті ықпалға ие болған.
Сондықтан да ірі ақын, ҽрі ҧлы Абайдың ҧлы шҽкірті саналады. Оған мына тҿрт
мысал-ақ дҽлел болады.
Бірі, замандастарына уҽкіл, ҽйгілі ақын Арғынбек Апашбайҧлының 1926-
жылы:
Абақтан аты шыққан Ақыт молда,
Тараған жазған хаты оң мен солға.
Басылып кітаптары Еуропада,
оқып жҥр қазақ алып қолдан қолға. –
дегені. Бҧл замандас, қаламдас тҧлғаның бағасы ғана емес, ҿз кезіндегі
шығыстық кҥллі қазақтың Ақытты алып санағанының да белгісі.
Енді бірі, Ақыт 71 жасында қамалған тҥрме қинауында 1940-жылы қайтыс
болғаннан соң, халық жҥрегінде берік сақталды, шығармалары ҧқыпты
мҽдениеткерлер қолында қҧпия қорғалды, бірақ солақай саясаттың салдарынан
40 жылдай ҿзіне лайық биікке кҿтертілмей келді. Солақай саясаттың беті қайта
салып, зерделі зиялы қауым Ақыт ақынды қайта жарқ еткізді (мысалы, 1980-
жылы, Қалибек Манапҧлының «Ақынның сҿзі ҿлмейді» мақаласы
жарияланды)
1
, 1994-жылдан бастап томдаған еңбектері жарық кҿрді. Қытайлық
«Қазақ тарихындағы ҽйгілі адамдар» атты кітаптар тізбегінде, Ақытты арнайы
таныстырған «Ақыт Ҥлімжіҧлы» атты кітапша баспадан шықты. Мҧның арты
еңбектерінің, зерттермендер мақалалрының интернетте, Қытайда, Қазақстанда,
Тҥркияда жариялануына ҧласты.
Тағы бірі, Қытай, Тҥркия, Қазақстан қазақтарының кҿзқарақты зиялы
уҽкілдері (мысалы, Уаң Жҧңмиң, Ҽуелхан Қалиҧлы, Ахметбек Кірішбаев,
Шҽкен Оңалбаев, Ғазез Ақытҧлы, Жақып Мырзаханов, Шҽміс Қҧмарҧлы,
Қалиолла Нҧртазаҧлы, Омархан Асылҧлы, Раздан Айдарханҧлы, Дутан
Сҽкейҧлы, Зейнолла Сҽнік, Баяхмет Жҧмабай, Мағаз Сҥлеймен, Жҽди
Шҽкенҧлы, Гҥлнар Омарова, Камҧна Жанбоз, Қайша Табарак, Сҧлтан
Жанболатов, т.б.) бҧл ҧлы тҧлғаны дамылсыз таныстырып, ҥздіксіз зерделеп
келеді.
Соңғы бірі, 1993-жылдан бастап, ақынның атаулы жылдарына арналған еске
тҥсіру шаралары ҿткізілуде. Ҽрине, ҧлы Абайдың ҧлы шҽкірті жайлы сҿз
Абайдың келе жатқан 170 жылдығында тіпті дабыралы қозғалмақ.
Жалпы алғанда ақын Ақыт ҿз шығармаларында, Абай сықылды,
туындыларының ажарына ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мҽніне де
баса зер салып, шеберлік пен тереңдікті, кҿркемдік пен пҽлсапалықты тығыз
ҧштастырады, ақындық, адамгершіліктік, ағартушылық, ҽлеуметтік ойларын
(кейде дін туралы пікірлерімен жарыстыра) баяндай келіп, ҿз ҧлтының
пҽлсапалық тҧжырымын жариялайды. Бейне Абай сықылды, Ақыт ҿз халқын
алға қарай қамшылайды, мінін «жылата айтуға» ҧмтылады, алайда ҿз халқына
қатты сенеді, Ақытша да қазақ ішкі рухани казынасының баюы тікелей
қазақтың ҿз қолында жҽне ол сҿзсіз мыңғырады, ҽйгіленеді. Мҧны
1
«Шалғын» журналының №3 санында.
44
«Оян қазақ, намыстан,
Ӛнер ізде алыстан.
Үйреніп білсек анығын,
Біз де ешкімнен қалыспан» -
дегені-ақ айғақтап тҧр.
Ақыт, бейне Абай сықылды, табиғат бейнесін, қазақ даласын, қазақтың
ҧлттық сипатын, адамдардың портретін, қылықтарын, мінездерін айқын
суреттеген. Абай баса сынаған надандық, арамдық, берекесіздік, жікшілдік,
еріншектік, жалқаулық, ықсыздық, кҥншілдік, ҿтірікшілік, ҿсекшілдік,
мақтаншақтық, жағымпаздық, жемқорлық сияқты қасиеттерді Ақыт та аямай
сҿккен жҽне бҧларды, ҧлтының бойындағы туа біткен қасиеттер емес, ҿзі ҿмір
сҥрген қоғамдағы саяси-ҽлеуметтік қатынастардың салдары деп қараған.
Мақаланың тақырыбы мен кҿлеміне байлансты себептен бҧларға бҧрылмайын.
Ҽрі қоғамдық-саяси, ҽрі идеялық ағым саналатын ағартушылық шығыста
сонау Коң Фузы, Сыма Чяндардан (б.з.д. 6-1 ғасырлар) тартып дами келе, бергі
Вольтер, Руссо, Монтескье, Гердер, Лессинг, Шиллер, Гете, Десницкий,
Козельскийлер арқылы жалғасын тапқан. Ол ҧзақ тарих барысында сан салаға
да айрылды, 18-19 ғасырларға жеткенде тіпті дамыды.
Абайдың ҽйгілі ағартушы екені жҧртқа аян. Қазақ еліндегі ағартушылықта
Абай мен Ы.Алтынсариннің орны бҿлек болғаны сықылды, Шығыс (Қытай мен
Моңғолия) қазақтары ішінде Ақыттың ағартушылығы ҿте ықпалды болды.
Бҧл ғҧламаларша айтқанда, ағартушылар дегеніміз — адамгершілікті,
ізгілікті, ҽділдікті, ғылымды, білімді таратып, қоғамдағы жақсылықты
дҽріптейтін, жамандықты сҿгетін, артықшылықтарды ҿсіріуге ынталандырып,
кемшіліктерді тҥзеуге кҥш салатын, ҿз уағыздарын қоғамның барлық топтары
мен жіктеріне, ҽсіресе билік иелеріне бағыштайтын, ҿмірдегі сҥркейліктің бҽрі
надандықтан деп білетін, қоғам дамуындағы сананың шешуші рҿліне ден
қоятын, қоғамдық ағымның белортасында жҥретін қайраткерлер.
20-ғасырдан бҧрынғы қазақ ағартуы, ҽрине, ҿзіндік ерекшелікке ие болды.
Оның 19-ғасырға дейінгі сатыдағы ерекшеліктерінің бірі, еуропалықтарша
емес, ҿзінше жол басып, тағылым-тҽрбиені Ислам діні уағыздарына
параллелдей, жанай отырып, дҧрыс жҥргізу, ислам мен ағартудағы
бҧрмаланған залалды жіктерге тойтарыс беру еді. Абай да, Ақыт та осы жолды
қҧп кҿрді, ҿздерін осылай ҧстады. Исламияттағы ғақылияттарды осылар ҥшін
пайдаланды. Олардың заманында қазақ даласына арқа сҥйерлік ҿзге измдер
келе қоймаған болатын.
Профессор Камуна Жанбоздың «Ақыт сауатын ерте ашып ҿмірге деген
кҿзқарасын ерте оятқан адам. Ол діндар. Бірақ, дінді ҿз жолы, ҿз жҿні бойынша
ҧстанып насихаттаған, діннен пайдалана отырып туған халқына білім
бағыштауды белгілі тҽсіл есептеен. Діннен пайдаланып халықшылдықты,
адамгершілдікті, ҿнер-білімді насихаттаған» дегені рас
2
.
Ақыт ҿз шығармаларында, талай ҿлеңдері арқылы, мысалы,
2
«Ақыт тану». Іле халық баспасы. 350-бет.
45
«Білімнен басқа ҿнер жоқ,
бҧған маккам наныңдар.
Білім тҥбі теңіз деп,
айтқан ҥздік ғалымдар.
Жиған малдан не пайда,
Ғылым іздеп табыңдар.
Таусылмас білім азық деп
сенім байлап наныңдар»,
«Кейбіреу кҿкпен ҧшып жҥр,
ҧшқан қҧстан пысық жҥр.
Жер бетімен зырылдап,
су астына тҥсіп жҥр.
Қайда жҥрсе қор қазақ
мал соңында кҿшіп жҥр». -
деп, халқына жағы талмай жар салып, оларды оқуға, білуге, жетілуге ҥндеген.
Ақыт тіпті тікелей ҧстаздық та жасап, 1890-1910 жылдары Моңғолияның
Баян-Ҿлги аймағы Делуін ауданында (Бардам ҥкірдай мен Лайық хажылардың
ауылдарында), одан кейін Қытайдың Алтай аймағындағы Шіңгіл, Бурылтоғай
сықылды аудандарында, Шҽкҥрті ауылында мектеп ашып (не ҿзгелер ашқан
медресе яки мектепте) бала оқытқан. Оқыту барысында берген сабақтарының
ішінде есеп, араб тілі, дҥние жағрапиясы, тарих, шығыс ҽдебиеті сықылды
пҽндер қомақты орын ҧстаған.
Ақыттың философиялық ҽлемі де Абайдан ҥйренуге, Абайға еліктеуге, оны
қолдауға, таныстыра, толықтыра тҥсуге арналған.
Философия - Адам назарын ҿзіне тартатын мҽселелер (ҽлем, қоршаған орта,
қоғам, дін, діл, білім, саясат, мҽдениет, т.б.) жҿніндегі қоғамдық сананың
адамзатпен қҧрдас формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары
туралы ілім, дҥниеге (мифологиялық, дінни, фҽлсапалық делінетін)
кҿзқарастардың бір тҥрі. Философия б.з.д. 7-6 ғасырларда ежелгі Қытай, Ҥнді
жҽне Грек жерлерінде пайда болған деседі.
Дала ҿркениеті негізінде ҿркендеген (Арғы Анахарс, Заратуштыра, бергі
Тҥрік қағандары мен Асан аталарды еске алыңыз), ежелгі шығыс
философиясымен кемелдене тҥскен қазақ философиясы орта ғасырлардағы
ислам филсофиясымен ҿресін ҿстірді (мысалы, Ҽл Фараби, М.Қашқари,
сықылды ғалымдар арқылы). 20-ғасырға таяғанда, Ш.Уҽлиханов, Абай
Қҧнанбаев,
Ы.Алтынсарин,
Шҽкҽрім
Қҧдайбердіҧлы,
Ахмет
Байтҧрсыновтардың бастауымен соны бағытта дамып, қазақ ҧлттық
философиясы деңгейіне кҿтерілді. Ҧлы Абайдың шығыстағы ҧлы шҽкірті
Ақыттың да бҧл кҿтерілудегі ҥлесі зор.
Абай мен Ақыт философиялық кҿзқарастарында діни кҿзқарас та, одан
айырмашылығы айқын (нақты ҧғымдарға, категорияларға сҥйене отырып
логикалық ой қорыту ерекшелігі бар) пҽлсапалық кҿзқарас та кҿп. Жҽне
бҧлардағы пҽлсапалық кҿзқарастарда теоцентризм (барлық тіршілік атаулыны
жоғары жаратушы кҥш – Алла-Қҧдай арқылы тҥсіндіру) мен антропоцентризм
46
(негізгі мҽселе адам деп санайтын философиялық кҿзқарас) ҿзара қабысып
отырады, ҽсіресе жҧртына қаратқан насихаттарында соңғысын басым орында
ҧстайды. Бҧл олардың ҽлемді ғылыми тҥсінулеріне жҽне тҥсіндірулеріне сҽйкес
келеді. Ҧлы Абай мен оның шығыстағы ҧлы шҽкірті Ақыт философиясы
гносеология (таным туралы ілім), аксиология (рухани қҧндылықтар туралы
ілім), праксиология (адам шығармашылығы туралы ілім), антропология (адам
туралы ілім), логика (дҧрыс ой-қорыту жҿніндегі ілім) сықылды салаларды
тҥгел шарпыған. Атап айтқанда, қазақтың ҿмір сҥру жағдайы, саналылығы мен
санасыздығы, ҿмірдегі мҽні мен ҽлемдегі алатын орны, жан дҥниесі мен рухани
ҿмірі, қоғамы мен табиғаты, ҿркениеті мен экологиясы, дҥниені танып білуі
сықылдыларын қамтыған.
Абай Шығыс пен Батыс ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс бола
келіп, философиялық трактаттар стилінде де (мысалы, «Қара сҿздері»),
ҿлеңдерімен де тақырыбы ауқымды, дҥниетанымы терең, ҽлеуметтік жақтан
салмақты пікірлер кҿтерген. Ақыт поезиясы да тҽп осы бағаға лайық.
Бҧл екі алып та Ислам дініне ҿзінше сенген жҽне діни танымындағы
философиялық кҿзқарастарын туындылары арқылы жеткізген.
Абайдың дінге кҿзқарасын бағалап, тҧжырымдауда қате пікірлер орын алып
келгені жҧртқа аян. Мҧндай қате кҿзқарастар Ақытқа да ауыр тиді. Менің 2013-
жылы Қытайдағы Іле Қазақ Автономиялы обылысы кҿлемінде ҿткен
жиындардың бҽрінде мына ҧсынысымды кҿтергенім жҽне аймақ не облыс
басшыларына хат арқылы жібергенім осы себептен еді. Онда былай дегенмін:
«Ең маңызды, ең кӛкейтесті, ең шешуші мәселе неде? Сайып келгенде, ең
маңызды да күшті фактор - адам. Әдебиетте де сол - автор мен оқырман.
Мысалы, қисса мен дастанда да сондай. Қиссашы, дастаншы авторлар мен
оны жатқа айтатын қиссагерлер және құныға тыңдайтын жәнкүйерлер.
Дастан жайлы не не ғылыми баяндамалар оқылар. Бырақ, ауыр жылдарда
сонымен айналысқан, оны дамыта отырып бүгінге жеткізген кешегі
қиссашылар мен дастаншылар және оларды естің тӛріне алу мен ардақтау
ұмыт қалмауы керек.
Мысалы, биыл жылан жылы. Туған жылы бойынша да, дастан-қисса
әлеміне қосқан үлесі бойынша да, отаншыл, ағартушы, демократ, халықшыл,
алғабасар, 65 жыл әдебиетпен айналысқан, Алтайдан басталған қанішер Шың
Шысай үкіметіне қарсы тӛнкеріске тамыздық болған, 118 жылдың алдында
«Сәйфілмәлік-Бәдиғұлжамал», «Жиһаншаһ Тамұзшаһұғлы» сықылды дастан-
қиссасы қазан шаһарынан басылып шыққан және 10 неше рет қайта-қайта
жарияланған, 100 жылдың алдында 11 кітабы жарық кӛріп үлгерген, 20 неше
қисса-дастанның авторы, замандастарынан Арғынбек Апашбайұлы (1883-
1946) сықылды талай қаламдастарының да зор құрметыне бӛленген, «қазақ
әдебиеті тарихында ғана емес, дүние әдебиеті тарихында да ӛзіне жарай
орын алуға тиісті тұлға»
3
, бас қазы, ғұлама ақын атамыз Ақыт хажы
3
«Қазақ әдебиетінің тарихы» . 3-том. 51-бет. Шинжияң халық баспасы. Ұрымжы. 2003.
47
Үлімжіұлы Қарымсақовты (Алтайскиді. 1868-1940 жж.) ауызға алмай ӛту
айып саналмақ.
Ақыттың қисса-дастандарын ғылыми талдау сынгерлердың міндеті.
Менің ұсынарым - биыл ШҰАР Мәдениет меңгермесі, Іле Қазақ Автономиялы
Обылысы және Іле облысы мен ШҰАР жазушылар қоғамы, Алтай аймағы мен
оның қатысты аудандары бір жағадан бас шығарып Ақыт ата туралы екі
шаруаны тындырса.
Бірі, биыл ақынның туғанына 145 жыл толғанын дабыралы атап оту.
Енді бірі, оның алдағы 150 жылдығын (ана жылғы Абайдікі сықылды)
ЮНЕСКО аумағында атап ӛтуге ертерек жолдау.
Бұдан бұрын ақыт атамызды ӛзіне лайық биікке шығаруға бӛгет болмады
емес. Соның бірі ол кісінің діндарлығын сылтау еткен аз адамның кідіртуі.
Меніңше, бір ғасырдың алдында, бас қазы, әйгілі хажы, ғұлама молда
болған ақытты, идеямызды азат ете түсіп, тарих пен тарихи тұлғаларға
озық ойлы теореялар арқылы қарап, ӛз заманына қоя бағаласақ, бұл ол кісіге
бӛгет емес, демеу, тіпті мәртебе болуға тиісті.
Энциклопедияларша айтқанда, «Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де
маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани
жетілуі және оның жаратушыға сенімі» . Мен бүгінгі былық пен шылықтың
кӛбі кей адамдардағы осындай бірер әлеуметтік-мәдени сананың, қажетті (не
заңға, не адамгершілкке, не үкімет жолына, не құдайға) сенімнің жоқтығынан
деп білем. Ӛз заманында Ақыттың елді ислам діні арқылы оңаудан басқа
амалы жоқ еді. Ол кезде мұндағы қазақ арасына ӛзге амалдар мен измдер келіп
жетпеген болатын.
Иә, Ақыт атамыз дындар. «Діндар – әлде бір сенімнің, діннің
қағидаттарын қатаң ұстанатын адам». Ақыт ӛз сенімін, ислами
қағидаттарды қатаң ұстанғаны ұшын, бас қазы болып сайланды ғана емес,
халықтың, тіпті Жоу Чүнхұй сықылды ӛзге ұлт, ӛзге дін уәкілдерінің де зор
құрметыне бӛленді. Бүгінгі былық пен шылықтың ішінен «діндар» атанып
алған алаяқтар да кезігеді. Ендеше, бүгінде Ақыттай қатаң да дұрыс
дындарларды құрметтеу ауадай қажет. Бүгінгі діндарлар Ақытты үлгі
тұтулары керек.
Дінтану яғни теология (иллаһият,
神学
) - жаратқан жайлы ілім. Теология
ұғым ретінде Платон еңбектерінен, оның мифологияға қаратылған
философиялық талдауларынан бастап кездескен екен. Біртіндеп дами келе,
бергі ғасырларда теология - жаратқан және оған сенім жайлы жүйелі ілім
деген ұғым қалыптаса бастапты. Теология аянға негізделіп, жаратушы
болмысын материалдық дүниедегі заттар мен құблыстарды талдау арқылы
дәлелдейтін физикалық теология, адамгершілік моралдық принциптерді
талдап, жаратқанның болмысын дәлелдейтін догмат.
Дін еркіндігі бар біздің қоғамымызда Ақытқа алакӛзбен қараудың ӛзі күлкілі
жәйіт. Қайта ол кісіні тарихымыздың ӛз сатысындағы теология ғалымы
ретінде ғылыми айналымға енгізіп, зерттеуіміз керек.
48
Менің бір ғалым бауырым айтқандай, кешегі Коң Фузы да діндар емес пе
еді. Ол ғана ма, кешегі бабаларымыз Әл-Фараби, Махмұт Қашқарилардан
тартып Абай мен Шәкәрім Құдайбердиевтер де діндар болатын. Бүгінгілер
ішінен де құрметке бӛленген дындарлар табылады. Біз мына жаңа заманда,
идеямызды азат ете түсіп, әдеби мұраларымызды қорғауды кешегі
қаламгерлерді құрметтеу, олардың және олардың шығармаларының
мәртебесін кӛтерумен тығыз ұштастыруымыз керек. Соның бірі - Ақытты
жоғарыда мен айтқан екі істі тындыру арқылы оз биігіне толық шығару.
Ақыт - дастаншы ғана емес, асқан ақын, ғақылияты мол туындылардың иесі!»
Амал не бҧл ҧсыныс ҿзіне тҽн жауапты ҽлі ала қоймады. Бірақ мен ол
жауаптың ҽйтеуір бір кҥні біз кҥткендей қайтарылрына кҽміл сенемін.
Жалпы алғанда, Ақыт ақынның дін туралы толғамдарын дҧрыс тҥсінбеудің,
дін туралы тҥсініктеріне тарихи, диалектикалық тҧрғыдан емес, солақай
социологияша қараудың салдары, аздаған, алайда ықпалы кҥшті адамдарда
ауыр болып келді. Абай мен Ақыт заманында қазақта, ҿзге измдер емес, діннің
ҥстем орында болғаны ҽлемге аян жҽне Алла мен Қҧдай, тҽңір мен адам, ҿмір
мен ҿлім, жан мен тҽн, иман мен ҧят, дін мен ғылым, дін мен діндарлар туралы
алуан кҿзқарастардың жарыса ҿмір сҥргені белгілі. Саналы да ғылыми зиялы
бҧларды сол ҿз дҽуіріне қоя тануы, талдауы керек.
Алдымен дін – бір тҥрлі кҿзқарас формасы. Ол қҧдіретке (бҽрінен жоғары
жаратушы кҥшке) жҽне оның қоршаған орта мен адам баласына ҽсеріне деген
сенімге негізделеді. Дҧрыс та дана діндарлар дін арқылы этикалық мҽселелерді
кҿтеріп, қоғамды игі істерге шақырады, адам баласын сыйласымдылыққа,
ҽділеттілікке, тҿзімділікке тҽрбиелейді, мҽдениеттің ҿрлеуіне себін тигізеді.
Ақыт діннің осы қасиеттерін қҧрметтеген жҽне оны халқын баулу ҥшін мықтап
пайдаланған. Мысалға Ақыттың антропоцентризмдік (негізгі мҽселе адам деп
санайтын) философиялық кҿзқарасын алайық. Ол:
«Толғансам кҿңілім қозады,
бір ойдан бір ой озады.
Пайымлап, байқап ойласам,
патшаның тағы тозады.
Тозбайды халық ҿседі,
жақсыға жаман кҿшеді.
Бір ізде дҥние тҧрмайды,
ауысып келер есебі» - деп тҥйеді.
Жҽне «Салынулы қала жоқ, оқытылған бала жоқ. Білім, ғылым ҥйренер
талапты ер тағы жоқ», «Қазақ байқҧс жатпай ма, ҧйқыда ҽлі бырылдап. Берекесі
қашқан жҧрт ала болар ырылдап», «Қоршаған тҿңіректі бҧлт пен тҧман,
шығынсыз қҧтылмайсың тіпті мҧнан. Хан қайқы, биің бҥкір, молдаң соқыр, мен
тҥзу дегендердің бҽрі бҧраң», «Адам қойды атымды, надан қылды халқымды....
Барар жер жоқ басар тау, оңда қҧдай артымды», ... деп жар салады.
Бҧлар – ҧлы ақынның сҿз ҿнеріндегі кҿркемдік қуатын, пҽлсапалық
даналыығын даралап кҿрсететін классикалық туындыларынан ҥзінді сҿздер
ғана. Ақыт шығармаларын толық оқыған саналы азамат Ақыт жайлы менің
49
ойларымды, ҽсіресе оның Абайдың шығыстағы ҧлы шҽкірті екенін толық
қҧптайды..
Миуалы дарақтардың басын жемісі жерге иеді емес пе. Ақыт ҿте кішіпейіл
адам-ды.
Мен де надан ғапылмын,
бҽрінен де қҧр қалдым
ғылым менен ақылдың.
Жасым шықты жетпіске,
тҿрден кҿрге жақынмын. –
дейтҧрса да, қазаққа, адамзатқа берері ҽлі кҿп еді.
Амал не, ҧлы ақын 1940-жылы қанқор Шың Шысайдың тҥрмесінде:
Патша Қҧдай панаңда,
сырымды айттым қаламға.
Қарап тҧрып қайранмын,
Қалғаныма қамалда.
Қысқы кҥндей қысылдым
тамызда, ыстық амалда.
Залалсыз едім адамға,
Анық едім ғаламға.
Тақым қысып, қамшы сап,
кҿрмеп едім шабанға.
Толық кҿрмей шаң қауып,
ергенім жоқ баранға.
Ат сауырын кҿп бердім
жаяу-жалпы адамға. ... –
деген беті, жауыз жендеттердің қанды қолынан кҿрген ауыр азаптан шҽһит
болып, Жҽннатқа рауан ҽйлады!
Бірақ оның қасиетті де асқақ рухы халқымен мҽңгі бірге!
ҼОЖ 130.2(574)
ИСБЕК Б.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ШҚО, Ҿскемен қ., Қазақстан
МҤРСЕЙІТ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ: АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Достарыңызбен бөлісу: |