Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата01.01.2017
өлшемі2,56 Mb.
#942
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
Алты жҥз бір бет. 
Бҧл  –  біз  Абай  шығармаларының  текстологиялық  негізі  ретінде 
қарастыратын  Мҥрсейіт  қолжазбаларының  бір  ғасыр  уақыттың  сан  тҥрлі 
сындарынан ҿтіп, бҥгінге аман-есен жеткен бетінің жалпы саны. Оның ҥш жҥз 
тоқсан  беті  –  ҿлеңдері,  аудармалары  мен  поэмалары.  Екі  жҥз  он  бір  беті  – 
қарасҿздері  мен  «Біраз  сҿз  қазақтың  тҥбі  қайдан  шыққандығы  туралы»  атты 
тарихи трактаты.  
Қолжазба беттерінің рет санымен тҥгендей отырып санағанда отыз бір беті 
жоғалған. 

50 
 
1905 жылғы қолжазба – Абайдың Ҽйгерімнен туған екінші ҧлы Мекайылға 
арналса, 1907 жылғы қолжазбаның 194-ші бетіндегі басылған мҿрден «Жҧмағҧл 
Қажыпин»  деген  кісі  есімі  оқылады,  1910  жылғы  қолжазба–  Абай  аулындағы 
медресе оқытушысы Дайырбай Қожанҧлына арналған. 
Осы  тҧрғыдан  қарасақта,  абайтану  ғылымындағы  «Мҥрсейіт  жҽне  ол 
кҿшірген  қолжазба»  тақырыбы  хақында  М.Ҽуезов,  С.Мҧқанов,  Ҽ.Жиреншин, 
Ҽ.Марғҧлан, Қ.Мҧхамедханов, М.Мырзахметов, З.Ахметов жҽне т.б. ғалымдар 
зерттегенімен,  қазіргі  жаһандық  ҽдебиетанудың  тың  ҥдерісіне  сай  жан-жақты 
жіті  қарастыруды  қажет  ететін  кҥрделі  тақырып.  Тіптен  Мҥрсейіт  кҿшірген 
қолжазбалардың бҥгінге дейін нешеуі жеткені туралы нақты дерек кездеспейді.  
Тек  Абай  мҧражайында  кҿп  жылдар  ғылыми  қызметкер  болған  белгілі 
ҽдебиет  зерттеушісі  М.Бейсенбаевтың  санауы  бойынша  «Мҥрсейіт  кҿшірген» 
дейтін  ҿлең  дҽптерден  бергі  уақытқа  дейін  жеткенінің  саны  –  бесеу»  [1]. 
Қиясбайша санап кҿрейік.  
Жоғарыда  айтылған  ҚР  ҦҒА-ның  сирек  қолжазбалар  қорында  сақталған 
екеуі мен М.Ҽуезов мҧражайының сирек қорындағы біреуді қосқанда жиыны– 
ҥшеу. Қалған екеуі туралы нақты дерек жоқ. 
Бірақ қазақ баспасҿзінің белді қайраткері Ғ.Сармурзиннің М.Ҽуезов туралы 
естелігінде:  «...Мҧхтар  маған  кҿз  қағып,  қалада  каникулге  шығар  алдында 
курсанттарға  ел  ішінен  ауыз  ҽдебиетін  жинау  жҿніндегі  ҿз  тапсырмасынан 
менің  не  бітіріп  жҥргенімді  сҧрай  бастады.  ...ҽдейі  жинап  сақтап  жҥрген, 
арабша  жазылған  мҧқабалы  екі  кітапшамды  ҽкеп  бере  қойдым.  Оның  біреуі  – 
баяғыда Мҥрсейіт молда ҽжеме жазып берген Абай ҿлеңдерінің жинағы еді де, 
екіншісі  –  Балтатарақтағы  Қалдыбай  деген  мағҧлматты,  кҿпті  кҿрген 
қҧдамыздан  қолқалап  сҧрап  алған  ескі  мҧқабалы  кітапша  болатын»,-  дейді  [2, 
28-30  б.].  Осы  естелік  негізінде  Ғ.Сармурзиннің  1904  жылы  дҥниеге  келгенін 
ескерсек, 
М.Ҽуезовтің 
1924-1925 
жылдары 
Семейдегі 
мҧғалімдер 
техникумында  оқытушылық  қызметте  болуы,  1924  жылдың  ішінде-ақ  Абай 
шығармаларының  толық  жинағын  қҧрастырып,  жариялауды  да  қолға алуымен 
қатар 1927 жылы Кҽмила мен ажырасқаннан бастап 1943 жылға дейін Шыңғыс 
ҿңіріне  атбасын  тіремеу  іспеттес  деректерді  хронологиялық  тҽртіппен  жіптей 
тізсек, М.Бейсенбаев санауындағы «бестің» бірі осы деген тҧжырымға келеміз. 
Себебі,  Ғ.Сармурзин  естелігінің  1975  жылы,  М.Бейсенбаев  мақаласының  1994 
жылы  жарық  кҿруі  –  обьективті  тҧрғыдан  келгенде  жоғарыдағы 
тҧжырымымызды  дҽлелдей  тҥседі.  Мақалада қайда  сақталғандығы  айтылмауы 
да сондықтан. 
Сонымен  қатар  қолжазба  М.Ҽуезовтің  қолына  шамамен  1925  жылдың  жаз 
айында  тиген.  Оған  –  Ғ.Сармурзиннің  естелігі  дҽлел.  Ары  қарай  қолжазба 
тағдыры  не  болды?  Неліктен  М.Бейсенбаев  ҥшеуінің  сақталған  жерін  айтып, 
қалған  екеуі  туралы  мҽлімет  келтірмеді?  Осы  іспеттес  сауалдар  ҽрбір 
оқырманның кҿкейіне келетіні сҿзсіз. Осы орайда ақын шҿбересі И.Жағыпарова 
мынадай бір естелік айтады:  
«...Соғыстан  қайтып  келген  соң  Мҧхтар  ағаның  жақсылығын  кҿп  кҿрдім. 
Уҽсила апай екеуінің тҥсініскен жылдары еді. Кҽмилаға байланысты араларына 

51 
 
кірбің  тҥскен  еді.  Содан  1950  жылы  Ленинградтан  қайтып  келген  соң,  сол 
қойманың жайын айтып едім, Мҧхтар аға орнынан ҧшып тҧрды. 
-  Пҽлі,  сенің  мынауың  ҥлкен  жаңалық  ғой.  Қалай  бҽрін  ҧмытпағансың. 
Сервиздерді  мен  Ленинградтан  ҽкелгем.  Кҽмилаға  сыйға  тартқам.  Кимешек 
сенің  шешеңдікі  еді.  Кҽмилаға  жараса  ма  жоқ  па,  деп  сҧратып  алғамын.  Ал 
кітаптардың  барлығын  оқығамын.  Оның  ішінде  Абайдың,  Ақылбайдың, 
Мағауияның,  менің  де  қолжазбаларым  бар.  Суреттер  де  солардікі.  Оны 
бҥлінбей тҧрғанда тез тауып алайық,- деді. 
Іле  мені  ақын  Қасым  Аманжолов  пен  Қайым  Мҧхамедхановқа  қосып 
Семейге  жіберді.  Аралтҿбедегі  тошаланың  орнын  қаздық.  Ештеңе  де 
табылмады» [3].  
Бҧл  естелікте  айтылған  Абай,  Ақылбай,  Мағауия  мен  М.Ҽуезов 
қолжазбаларының  жоғалуы  ҽдебиет  ҥшін  ҿте  ҿкінішті  іс,  ҽрине.  Бірақ,  менің 
ойымша,  бҧлардың  ішіндегі  Абай  қолжазбасы  Мҥрсейіт  кҿшірген  Ғ.Сармузин 
нҧсқасы.  
2011  жылдың  25-қараша  кҥнi  ел  Тҽуелсiздiгiнiң  20  жылдығына  орай  ҚР 
Мемлекеттiк  Орталық  мҧражайында  ҧйымдастырған  «Абайдың  қолжазбасы» 
атты  кҿрмеден  соң  «Абайдың  тҿртінші  қолжазбасы  табылды  деп»  бҧқаралық 
ақпарат қҧралдары жарыса жазғаны баршаға аян [4].  
Бҧл  қолжазба  қазіргі  кҥнге  дейін  ғылыми  айналымға  енбегендіктен, 
М.Бейсенбаев санауындағы «бестің» бірі деп болжам жасау негізсіз. 
Сондықтан, 
қазіргі 
ғылыми 
айналымда 
дҽлелденген 
Мҥрсейіт 
қолжазбаларының саны – ҥшеу. Яғни, 1905, 1907 жҽне 1910 жылғы кҿшірмелер. 
Ал  осы  Мҥрсейіт  қолжазбаларының  нақты  кҿлеміғылыми  қорлардың 
сипаттамасынасҽйкес келмейді. 
1905, 1910 жылғы қолжазбалардың тҥпнҧсқасы ҚР Ғылым Академиясының 
(қазіргі  Ғылым  ордасының  –  автор)  сирек  қолжазбалар  қорында  сақталып, 
кҿшірме  нҧсқасы  Абайдың  мемлекеттік  тарихи-мҽдени  жҽне  ҽдеби-
мемориалдық  қорық-мҧражайында  сирек  қолжазбалар  қорында  сақтаулы.  Бҧл 
екі  мекемедегі  аталған  қолжазбалардың  кҿлеміне  қатысты  дерек  ҽртҥрлі. 
Мысалы, 1905 жылғы қолжазбаға туралы «КП-336/1, №87 бумада 99 бет»,- деп 
кҿрсетілсе, «КП-5022, №99 бумада 200»,- деп берілген. Шынында қолжазбаның 
бҥгінге  сақталып  жеткені  –  183  бет.  112  беті  –  ҿлеңдері,  аудармалары  мен 
поэмалары. 71 беті – қарасҿздері.  
Ортасында ҽр жеріне 16 беті қолдан қолға ҿтіп, сақталу барысында бҥлінген 
немесе жоғалған. 
Дҽл  осындай  1910  жылғы  қолжазба  хақында  «КП-5020,  №88  бумада  112 
бет»,-  деп  берілген.  Дҧрысында  бҧл  қолжазбаның  жалпы  кҿлемі  201  бет.  136 
беті  –  ҿлеңдері,  аудармалары  мен  поэмалары.  65  беті  –  қарасҿздері.  Тек 
ортасында  2  беті  ғана  қолдан  қолға  ҿтіп,  сақталу  барысында  кҿзден  ғайып 
болған. Ҥш қолжазбаның ішіндегі ең толық сақталғаны да осы. 
1907  жылғы  қолжазба  Мҧхтар  Ҽуезовтің  мемориалдық  мҧражай-ҥйі  сирек 
қолжазба  бҿлімінде  «ерекше»  сақтаулы.  Қазір  де  мҧражай-ҥйінің  бҿлімі 

52 
 
меңгерушісінен  басқа  біреу  оны  кҿрген  емес-ті.  Аталған  қолжазбаның 
ерекшілігі де осы.  
Бҧл қолжазбаның 217 беті сақталған. 142 беті – ҿлеңдері, аудармалары, мен 
поэмалары.  72  беті  –  қарасҿздері  мен  «Біраз  сҿз  қазақтың  тҥбі  қайдан 
шыққандығы  туралы»  атты  тарихи  трактат.  Қолжазбалары  арасында  кҿлемі 
жағынан  ең  кҿбі  осы  болғанымен,  бҧның  да  13  беті  уақыттың  шешілмес 
қҧпиясы боп қала берді. 
Ал  1905  жылғы  қолжазбаның  Мекайылға,  1910  жылғы  қолжазбаның  Абай 
аулындағы  медресе  оқытушысы  Дайырбай  Қожанҧлына  арналуы  –  ақын 
шығармаларын  жинаушылар  мен  кҿшірушілерге  қатысты  тың  тҧжырым 
жасауға мҥмкіндік береді. 
1905  жылғы  қолжазбаның  Мекайылға  арналуы  –  1896  жылы  жинала 
бастаған «Абай шығармалары 1905 жылдан бастап баспаға дайындалды» деген 
дҽстҥрлі  пікірді  қуаттай  отырып,  «Ақын  жинағын  баспадан  шығарға  белсенді 
араласқандардың бірі – Мекайыл» деген тҧжырымды тудырады. 
Ҽрине  қҧптамайтындарда,  қарсы  уҽж  айтатындарда  жеткілікті.  Дҽлелдеп 
кҿрейік.  
Алдымен Мекайылдан бастасақ, ол Абайдың Ҽйгерімнен 1884 жылы туған 
екінші  ҧлы.  «Абай  энциклопеясында»  [5,  404  б.]  арабша,  орысша  сауатты 
болған  десе,  М.Ҽуезовтің  ағасы  Ахметтің  «Бала  Мҧхтар»  атты  еңбегінде: 
«Мекайыл Абай ҿлеңдерін тҥгелдей жатқа білген. Домбыра тартып, ҽн салып, 
ҽкесі жайлы білгендерін ел ішінде ҽңгіме етіп, халыққа таратқан. М.Ҽуезов те 
Мекайылдың Абай туралы ҽңгімелерін жас шағында кҿп естіген»,- [6, 11-12 б.] 
деп,ҧлы  жазушының  қалыптасу  жолындағы  Мекайылдың  зор  ҥлесін 
айтады.«Алаш  қозғалысы»  атты  энциклопедиялық  анықтамалықта:  «...1917 
жылы  патша  ҿкіметі  қҧлағаннан  кейін,  Алаш  партиясы  жетекшілерінің 
ықпалымен  жастардың  «Талап»  атты  мҽдени-ағарту  ҧйымын  қҧрып,  тҿрағасы 
болды.  Осы  ҧйым  арқылы  Бҥкілресейлік  Қҧрылтай  жиылысына  сайлау 
науқанында  Алаш  партиясын  қолдау  ҥшін  халық  арасында  ҥгіт-насихат 
жҥргізді. Семейде «Абай» журналын шығаруға қаржылай демеушілік жасады»,- 
[7,  3  б.]  деп  белді  қайраткерлік  қырын  танытса,  «Абай  тірі  кезде,  Мҥрсейіт 
оның  ҿлеңдерін  жинаумен  шҧғылданбаған,  оған  себеп  мынау:  Абай  ҿзінің 
қолжазбаларын  Махмуд  деген  молдаға,  ҿз  баласы  Мекайылға,  ҽйелі 
Еркежанның  інісі  Сҥлейменге  сақтатады  екен.  Абай  ҿлгеннен  кейін  Мҥрсейіт 
жинай  бастаған  жҽне  Абай  ҿлеңдерін  бастыру  мақсатымен  Кҽкітай  Ысқақов 
жинайды»,  -  [8,  174  б.]  деген  С.Мҧқановтың  пікірі  Мекайыл  туралы  тың 
тҧжырымымызды одан ҽрі қуаттай тҥседі. Осыған ҥндес пікірді К.Оразалиннің 
«Абайдан  соң»  атты  романынан  да  таптық.  Алайда  кҿркем  шығарма 
болғандықтан  ешқандай  сілтеме  жасай  алмадық.  Олай  дейтініміз  –  жердің  де, 
елдің  де  жағдайын  жақсы  білетін  Кҽмен  Оразалиннің  Мҧхтар  ҿмірі  туралы 
«Абайдан соң» атты романы жазушының бейнеттеніп жҥріп тапқан зейнеті. Бҧл 
–  бір.  Екінші,  К.Оразалиннің  бірінші  кітабына  қатты  қиянат  жасалып, 
«Алашорданың» мҥшелері, соларды жақтады» деген байбаламның нҽтижесінде 
Турағҧл,  Шҽкҽрім,  Кҿкбай,  Мекайылдың  аттары  ҿзгертілді,  оқиғаны  ҿзгеге 

53 
 
теліп  жазуға  мҽжбҥр  болды.  Кейінгі  ҥшінші,  тҿртінші  кітаптары  егемендікті 
алғаннан  кейін  жарияланғандықтан,  жоғарыда  аталған  тҧлғалар  туралы  кҿсіле 
суреттеді.  Тіпті,  Мекайылды  Абай  ауылының  ғана  емес,  Алаштың  ең  белді, 
белсенді  азаматы  ретінде  суреттейді.  Ол  рас.  Ҽйтпесе  1905  жылғы  қолжазба 
оған арналмас та еді. Осы орайда Бибі Ысқақ елінің естелігіндегі «ҥш туыстың» 
бірі,  белгілі  ғалым  А.Омаров  айтқан  Шҽкҽрім  емес,  Мекайыл  шығар  деген 
ойдамыз. Ойымызды шындай тҥсу ҥшін дҽлелдеп кҿрейік. 
Абай  қазасынан  кейін,  жақын  туыстары  Ҽ.Бҿкейхановтың  кеңесі  бойынша 
ақынның  асыл  мҧрасын  жинастырып,  баспаға  ҽзірлеуге  кіріскені  баршаға 
мҽлім.  Бҧл  туралы  қҧнды  деректі  1915  жылы  «Қазақ»  газетінде  жарияланған 
Кҽкітайдың  қазасына  байланысты  жазылған  қазанамада  айтылады.  Аға  буын 
зерттеушілер  кҿп  зерделеген  бҧрыннан  мҽлім  мағлҧматтарды  қайталап 
жатудың қажеті шамалы. 
Бірақ  А.Омаровша  айтқанда,  «Абайдың  алғашқы  жинағы  баспаға  қалай 
ҽзірленді?»  деген  сҧрақтың,  біздіңше,  бҥгінгі  кҥні  бір  ғана  астары  қалған 
сияқты.  Ол  –  аталмыш  жинақтың  шығуына  Мекайылдың  қатысы  қандай  еді 
деген мҽселе.  
Абай  ҿлеңдері  мен  қарасҿздерін  жинастыру  барысында  Мекайылдың 
мынадай  істерді  атқарды  деп  санамалап  айту  қиынға  соғады.  Бірақ, 
С.Мҧқановтың: «Абай ҿзінің қолжазбаларын Махмуд деген молдаға, ҿз баласы 
Мекайылға,  ҽйелі  Еркежанның  інісі  Сҥлейменге  сақтатады  екен»,-  [8,  174  б.] 
деген  пікірі  мен  қазақтың  белгілі  ағартушысы,  тілші  ғалымы  Т.Шонановтың 
«Ақжолдағы»  мақаласында:  «Абай  енді  басылғанда  бҧрынғы  басқанда  кеткен 
қатесін  тҥзеп,  ҽрине,  толық,  тҥгел  шығару  керек.  ...Абай  сҿзін  жатқа  білетін, 
Абайдың  ҿз  аузынан  жазып  алып  отырған  Абайдың  Мекайыл  деген  баласы. 
Мекайыл  бҧл  кҥнгі  басылған  ҿлеңдерінің  арасында  қалған  жолдарын,  кітапқа 
кірмегендерін  һҽм  қай  ҿлең  қандай  мезгілде  не  себепті  жазылғанын  біледі»,- 
[10] деген пікіріне қарап бірталай мҽн-жайды анықтауға болады. 
Кҽкітай мен Турағҧл Абай мҧрасын тҥгендеу де, негізінен, ҿздеріне қарасты 
ауыл  тҧрғындары  арасында  жҥргізілген  болатын.  Бҧл  жинақты  қҧрастыру 
барысында  Мекайыл  белсенді  араласып,  Шҽкҽрім  бейтарап  қалды  деп  айта 
алмаймыз. Сол кездегі Шҽкҽрімнің жағдайына байланысты А.Омаровтың мына 
пікір  ҿте орынды:  «...(Абай  жинағын  қҧрастыруда  -  автор)  белсенділік  таныта 
алды  ма?  Егер  жоқ  десек,  оның  себебі  неде?  Басы  ашық  нҽрсе,  сол  кездерде 
Шҽкҽрім «қазақтың данасы, жасы ҥлкен ағасы» болған Абайдың орнын басты. 
Яғни,  бҧл  тҧста  іні  ақын  қыр  ҿмірі  ҥшін  тым  сирек  қҧбылыс  –  ҥлкен 
шығармашылық  иесіне  айналды.  Сонымен  бірге,  ҿзіне  қарасты  ҽлденеше 
ауылдың  тҧрмыс-тіршілігін  басқару,  реттеу  ҽкесі  Қҧдайберді  дҥниеден 
ҿткеннен  бері  де  Шҽкҽрімнің  мойнында  еді.  Ақын  ҽрі  би  болған  ағаның  жҥгі 
қандайлығын інілері жақсы білгені сҿзсіз. Тағы бір ҿмір шындығы, Шҽкҽрімнің 
қыстауы  мен  Абай  ауылдары  арасы  кҥнделікті  аралас-қҧраласқа  келмейтіндей 
қашық-тҧғын.  ...Сҿйтіп,  Шҽкҽрімнің  1905  жылдың  қысы  мен  жазында  Абай 
мҧрасын  жинастыруға  белсенді  тҥрде  араласа  қоймағандығы  осы  айтылған 
тҧрмыс-тіршіліктің  қарапайым  тҥйткілдерімен  ҿз  тҥсінігін  табады  деген 

54 
 
ойдамыз.  Бҧл  парыздан  Шҽкҽрімді  екі  іні  ҿздері  босатқан  десек  те  қате  бола 
қоймас» [9]. 
Сонымен  қатар  Ахат  естелігіндегі  мына  жайтқа  назар  аударсақ:  «Бір 
қайғыңды  бір  қайғың  ҧмыттырсын»  деген  оңбаған  қарғыстай,  Мағаштың 
қырқында,  Абай  қайтыс  болып,  біржола  сорым  қайнап  қалды.  Абай  тҥсімнен 
шықпайтын  болды.  Абайдың  қаралы  ҥш  жылын  кҥту  қиын  болды.  Ақыры 
ойланып,  ел  бауырға  тҥскен  соң,  барлық  туғандарды  жинап,  Абайға  еткен 
уағдамды  орындауға  сапар  жҥретінімді  айттым.  Бҧған  наразы  болғандары: 
«Жақсы  кҿретін  ағасының  ҥш  жылын  кҥтпеуі  қалай?»  -  деп  баруыма  ырза 
болмады. Ҧққандары ырзалығын берді. Наразы болғандардың ҿкпелерінен гҿрі 
Абайға  берген  сертімді  орындауды  артық  кҿрдім.  Сҥйтіп,  1905  жылдан  1906 
жылға  қарсы  кҥзде  жҥріп  кеттім»  [11,  470  б.].  Демек,  бҧл  мезгілде  Шҽкҽрім 
қайғыдан баз кешіп, тынымсыз тіршілікті емес, «Абай арманын» іске асырудың 
жолында жҥрген-ді. 
Енді мҽселені жинақталған Абай  мҧрасын кімдер реттеп, бір жҥйеге салды 
деген қырынан сараптайық. Ҿйткені, Мекайылдың осы іске анық қатысқанына 
дҽлел болатын бір қҧнды естелік бҥгінгі кҥнге жетіп отыр. «Жалын мен оттан 
жаралған»  Мекайылдың  абайтану  ғылымына  сіңірген  еңбегін  дҽлелдеу  ҥшін 
мҽнді  деректерді  Ҽрхамқызы  Мінҽштің  «Кҽкітай»  [12]  атты  мақаласынан, 
дҽлірек  айтқанда  осы  мақалада  келтірілген  Кҽкітайдың  ҽйелі  Бибі  ҽжейдің 
естелігінен кездестірдік. Жоғарыда Мҥрсейіт Бікіҧлы Абай ҿлеңдерін бір айдың 
ішінде кҿшіріп жазып, қағаз бетіне тҥсірген дедік. Ал, одан кейінгі бірер айда 
Абай  жинағын  ҽзірлеу  қалай  дамыды?  Міне,  жаңағы  естелік  осыған  сҽуле 
тҥсіреді. 
Бірінші  дерек:  Бибі  ҽжей  тҿрт  кісі  болып  «Ҽкемнің  (Абай  атам)  жылын 
береміз  деп  дайындалып  жҥргенде  керек-жарақ  аламыз  деп  Семейге  барып 
жаттық» дейді. Осы бір ауыз сҿз бҥгінгі зерттеуші ҥшін аса бағалы! Ол Кҽкітай 
бас болып, туыстардың Абайдың жылын ҿткізуге қажетті керек-жарақты алуға 
Семей шаһарына 1905 жылдың маусым айының ортасында келгенін анықтауға 
мҥмкіндік  береді.  Бибі  ҽжейдің  екінші  дерегі:  ҥш  туыс  Абайдың  қолжазба 
жинағын ҿздерімен бірге Семейге ала барды дейді.  
Хош,  олар  қолжазбаны  қалаға  қандай  мақсатпен  апарған?  Гҽп  осы  арада: 
Омбының  тҧрғыны  Ҽ.Бҿкейханов  ҥш  туысты  Семейде  қарсы  алған  (Саяси 
ахуалға  орай,  мамыр  айынан бастап  Ҽлекең  Семейде  ҽліптің  артын  бағып,  ҿзі 
айтқандай «бҧғып» жҥрген болатын – автор). Неге? Абай ҿлеңдерінің алғашқы 
жинағын біріге қарап, бірлесе ойластыру ҥшін. Шыңғыстаудан Семейге жеткен 
топ  Ҽ.Бҿкейхановпен  кездесіп,  келелі  мҽслихат  қҧрады.  Мҧны  да  естелік 
иесінің  ҿз  аузынан  естиміз.  «Бҧл  кісі  кім?»  деп  сҧрағанымда,  оқыған  ақылды 
кісі, Абай ағамның ҿлеңдерін қараттық деген»,- дейді Бибі ҽжей [12]. Жҽне, сол 
кҥні:  «Достар  таң  атқанша  ҽкемнің  (Абай  атам)  ҿлеңдерін  оқып,  ҽн  салып 
отырды.  Таң  қылаң  бергенде  ғана  қонақты  ҥшеуі  шығарып  салды».  Бҧл  –  аса 
қҧнды дерек. 
Семейде  кездесіп,  бірер  кҥн  кҿңіл  кҿтеріп,  шат-шадыман  болған  достар 
бірге  суретке  тҥседі.  Бҧл  суретті  кҿзі  кҿрген  Кҽкітай  немересі  Мінҽш  апай 

55 
 
былай  деп  жазады:  «Сол  суретте  ҽжемнің  бір  жағында  беті  боялған  кісі,  бір 
жағында  Кҽкітай  атам,  сыртында  Тҧраш  ағам,  екінші  жағында  Кҽкітайдың 
иығына  қолын  салып,  Шҽкҽрім  атам  тҧр  еді».  Ҽ.Бҿкейхановқа  «халық  жауы» 
деген  жала  жабылғандықтан  сақтық  жасап,  бетін  бояп  тастаған  сияқты.  Бір 
ҽттегенайы,  бҧл  сурет  сақталмаған,  аласапыран  заманда  жоғалған.  Осы  арада 
ескере кететін бірнеше жайт бар: бірінші, Ахат естелігінде айтқандай, бҧл кезде 
Шҽкҽрім «шат-шадыман» болатын жағдайда емес. Екінші, Шҽкҽрім Кҽкітайдан 
11  жас  ҥлкен.  Ал  сол  замандағы  тектілік  дҽстҥрге  сай  жасы  ҥлкен  адам  жасы 
кішінің  иығына  қолын  салып  тҧрмайды.  Ҥшінші,  1905  жылғы  қолжазба 
Мекайылға  арналуы.  Тҿртінші,  1931  жылы  Шыңғыстау  наразылығына 
қатысқаны  ҥшін  Тобықтының  70  адамымен  бірге  Мекайыл  Семейдегі 
Тҥйемойнақ аралында атылады. Бесінші, «қолжазбаны біріге қарап не істеді?» 
деген  сҧрақтың  тууы  заңды.  Мекайылға  арналған  Мҥрсейіт  қолжазбасындағы 
Ыбырай,  Ақылбай,  Мағауия,  Кҽкітай  мен  Турағҧл  ҿлеңдері  1909  жылғы 
жинақта  жарияланбағанына  назар  салсақ,  бҧл  жолғы  бірігу  Абай 
шығармаларына алғашқы текстологиялық сҧрыптау жҥргізіп, тек ақынның тҿл 
туындылары мен аудармаларын жариялау кҿзделген болуы мҥмкін. Ҽрхамның 
қолжазбаны «бір ай шамасында дайындады» деуінің мҽнісі де осы. Текстология 
сҧрыптау  мҽселесімен  Ҽ.Бҿкейханов  жіті  таныс  еді.  Себебі  1905  жылға  дейін 
орыс ҽдебиетінің классик тҧлғалары Пушкин мен Лермонтовтың шығармалары 
неше  мҽрте  осындай  текстологиялық  сҧрыпталғаны  зиялы  қауымға  мҽлім.  Ал 
бҧл мҽселе Ҽлихандай дегдардың назарынан тыс қалды деу қиын. 1945 жылғы 
мерейтойлық  жинақтағы  тҥсініктемелеріндегі  қолжазбаға  қатысты  деректер 
мен  Мҥрсейіт  қолжазбаларын  салыстыра  зерттегенде  байқағанымыз,  1945 
жылға дейін тек екі қолжазбасы ғана мҽлім болған. Олар Ғылым академиясында 
сақталған 1910 жылғы қолжазба мен М.Ҽуезов кітапханасында сақталған 1907 
жылғы  қолжазба.  Бір  қызығы–оқтын-оқтын  «Соры  қалың  соққы  жеген 
пышанамыз»,  «Кҿңіл  қҧсы  қҧйқылжыр  шар  тарапқа»  сынды  бірнеше  ҿлеңді 
1905  жылғы  қолжазбадан  алады.  Бірақ  бҧл  қолжазба  туралы  ешқандай  дерек 
келтірмейді. Оның себебі–«халық жауына» арналған қолжазба болуында.  
Сондықтан  Бибі  ҽже  айтқан  «ҥш  туыстың»  бірі  –  Мекайыл  деп 
топшылауымыз  ҽбден  заңды.  Ал  қолжазба  ҚР  ҦҒА-ның  қолжазба  қорына 
тапсырылғанға  дейін  М.Ҽуезов  қолында  сақталуы  болған.  Оған  тапсырушы 
туралы қолжазба қорының тҥсім кітабына ешбір мҽлімет келтірілмеуі де дҽлел. 
Ҽйтпесе,  «Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасында»  [13]не  тапсыру, 
не жинаушы туралы бір дерек келтірер еді.  
Ҽрхам  Кҽкітайҧлы  да  Абайдың  жинағын  ҽзірлеуге  Мекайылдың  ат 
қосқанын  білмейді  емес,  ҽрине,  біледі.  Ол  қолжазба  «оқылып  тексерілген  соң 
қайта  кҿшіртіп,  бір  ай  шамасында  дайындатып»  дей  отырып,  кім-кімнің 
«тексергенін» атамай, аттап ҿтеді. Себеп сол тексергендердің ҥшеуіне (Ҽлихан, 
Турағҧл,  Мекайыл)  бірдей  «халық  жауы»  деген  пҽле  жабылған  жағдайда  ҿзге 
амалың қайсы? 
Сондықтан,  абайтану  ғылымындағы  ақын  шығармаларының  жиналуы  мен 
жариялануына ерен еңбек сіңірген тҧлғалардың бірі – Мекайыл. Бҧл– ақиқат. 

56 
 
1907  жылғы  Мҥрсейіт  қолжазбасы  қалай  ғылыми  айналымға  енді?  1909 
жылғы жинақтан кейін неліктен 1910 жылғы қолжазба кҿшірілді?  
Егер  Мҥрсейіт  қолжазбалары  мен  ақын  шығармалар  жинағын  салыстыра 
зерттесеңіз,1907 жылғы  қолжазба  1905 мен 1910  жылғы  қолжазбаға  қарағанда 
анағҧрлым  толыққанды,  текстология  тҧрғыдан  кҿп  зерттелген,  1933,  1939-40, 
1945,  1947,  1954,  1957,  1961,  1977,  1995  жылдардағы  академиялық  толық 
жинақтардағы  ақын  ҿлеңдерінің  «асыл  тҥпнҧсқа  ретінде»  кҿбіне  1907 
қолжазбамен шектеледі. Неліктен? 
Осы  сҧраққа  жауап  іздемес  бҧрын  оның  М.Ҽуезов  қолына  қалай  жеткені 
туралы, яғни ғылыми айналымға қалай енген жолын анықтап кҿрейік. 
1933 жылғы жинақтың қҧрастырылып, жариялануы 1924 жылдың ішінде-ақ 
қолға алынғанын ескерсек, бҧл кезде қолжазба ҽлдеқашан М.Ҽуезовтің қолында 
болған. Оған дҽлел 1933 жылғы жинақтың «Тарихи сҿз» бҿліміндегі «Біраз сҿз 
қазақтың  тҥбі  қайдан  шыққандығы  туралы»  трактаттың  1907  жылғы 
қолжазбадан  ешқандайайырмашылығы  жоқ.  Ҽрі  екі  бағытта  жетуі  мҥмкін. 
Біріншісі,  жары  Кҽмиланың  жасауы  ретінде.  Оған  дҽлел  Валентина 
Николаевнаның  мына  бір  естелігі:  «Мҧхтар  Омарханҧлының  екінші  ҽйелі 
Мағауияның қызы Кҽмила (Уҽсиланың сіңілісі) еді. Олар қай жылы ҥйленгенін 
білмеймін,  тек  білетінім,  Абай  ҥйінен  ҧзатылатын  қыздардың  салты  бойынша 
жасауына Абайдың қолжазбалар жинағын ала келіпті» [11, 388-б.].  
Мҧхтар  Ҽуезовтің:  «Біз  де  қазақ  ортасында  Абай  шығармаларын  сҥйіп, 
сҥйсініп  оқып,  ҧзатылар  кезінде  Мҥрсейіт,  Самарбай,  Дайырбай  сияқты 
кҿшірушілерге  кҿшіртіп  алып,  ҿздерінің  жасау  сандығына  салып  алып  кеткен 
бір  топ  қыздарды  білеміз.  Кейін  Абай  қолжазбаларын  жинаушылардың 
бірталайы  пайдаланған  сондай  кҿшірмелер:  Уҽсила,  Ҽсия,  Рахила,  Ғалия, 
Ғабида,  Қаныш  деген  қыздардың  кҿшіртіп  сақтаған  жазба  жинақтары 
болатын»,-  [14,  19  б.]  деген  пікірінен  де  білуге  болады.  Сонымен  қатар  бҧл 
пікірге  «байыппен»  қараған  жҿн.  Ҽуелі  Самарбай,  Дайырбай  сияқты 
кҿшірушілерге келер болсақ, бірінші олардың қандай кҿшіруші болғаны туралы 
нақты  мҽлімет  жоқ.  Екінші  естеліктер  мен  зерттеулердің  барлығында 
«Мҥрсейіт,  Самарбай,  Дайырбай  сияқты  кҿшірушілер»  деген  мҽлімет  қана 
айтылады,  нақты  дерек  жоқ.  Ҥшінші,  1910  жылғы  қолжазбаның  Дайырбайға 
арналғанына назар салсақ, М.Ҽуезов осы ҥшін кҿшірушілердің қатарына қосты 
ма  деген  ойда  жоқ  емес.  Тҿртінші,  Абай  тапсырмасымен  Еңлік  пен  Кебек 
оқиғасын  поэма  еткен  бірінші  Мағауия  болды.  Мағауияның  ҿз  қолжазбасы 
сақталмаған.  Дайырбай  Қожанҧлы  деген  М.Ҽуезовке  тапсырған  жалғыз 
қолжазба арқылы бізге жетіп отыр. Жҽне Дайырбай Қожанҧлы қолжазбасында 
емес  Мҥрсейіттің  Дайырбай  Қожанҧлына  арналған  қолжазбасында  сақтаулы. 
Ал оның 1940 жылы қайтыс болуы мен  осы қолжазбаның толық сақталуы ойды 
нақтылай  тҥседі.  Зады  солай  болса  керек.  «Абай  жолындағы»  Шҽкірімнің 
прототипіндей  Мҥрсейіт,  Самарбай,  Дайырбайлар  М.Ҽуезов  зерттеуіндегі  бір 
ғана Мҥрсейіттің прототипі деп айтсақ та болар. Қ.Мҧхамедхановтың М.Ҽуезов 
зерттеулеріне  «байыппен  қарау  керек»  деп  М.Мырзаметовке  айтуының  себебі 
содан болар.  

57 
 
Ал  қыздардың  қатарына  Кҽмиланы  қоспауы  тҥсінікті  де.  1907  жылғы 
қолжазбаларға  келер  болсақ,  жасау  ретінде  келді  десек  те,  алғашқы  толық 
жинақты  қҧрастыру  барысында  ақын  тҿңірегіндегі  Кҿкбай,  Турағҧл, 
Мекайылдар жинақты шығару барысында тапсырды десек те болады. 
Абай энциклпедиясында: «Дайырбай Қожанҧлы – 1878-1940 жылдары ҿмір 
сҥрген  молда.  Абай  ҿлеңдерін  кҿшіріп,  халық  арасында  насихаттап,  тарату 
мақсатында  кҿп  жҧмыс  атқарған.  Жуантаяқ руының  Байшора  атасынан»,-  [15, 
197  б.]  деген  дерек  келтірген.  Демек,  1924  жылдың  ішінде-ақ    1933  жылғы 
жинақтың  қҧрастырылып,  жариялану  барысында  1905,  1907,  1910  жылғы 
қолжазбалар  М.Ҽуезов  қолында  болған.  Себебі  сол  жылғы  ақынды  еске  алу 
кешінен  соң  Абай  ҧрпақтары  толық  жинақты  шығаруды  Ҽуезовке  жҥктеген 
болатын.  Сондықтан,  Абайға  қатысты  барлық  қолжазбалар  Ҽуезов  қолына 
жиналған. Ал Ҽ.Медеуханҧлының «Мҥрсейіт жайлы бірер сҿз» [16, 6-7 б.] атты 
мақаласындағы кҿшірілген ҥш қолжазбаны Мҥрсейіт баласы Рахымбай аумалы-
тҿкпелі  заманда  аман  алып  қалып,  Шопандағы  шешесі  Ажардың  қабырының 
бас  жағына  су  ҿтпейтін  затқа  орап  сақтаған  деген  дерегі  шындыққа 
жанасымсыз. 
Мҥрсейіт қолжазбаларының 1905, 1907, 1910 жылғы нҧсқаларында мынадай 
мҽселелер бар: бірінші, Абай шығармалары толық қамтылмаған. Екінші, кейбір 
ҿлеңдер орынсыз біріктірілген, кейбіреулері ретсіз берілген, бҿлек ҿлең ретінде 
берілетін  жерлер  де  ҧшырасады.  Ҥшінші,  колжазбада  ақынның  замандасы, 
ағартушы  Ы.Алтынсарин  мен  ақын  шҽкірттер:  Ақылбай,  Мағауия,  Кҽкітай, 
Турағҧл, Шҽкҽрім шығармалары да кездеседі. 
Ал, Абай қолжазбаларындағы Ы.Алтынсарин мен ақын шҽкірттер: Ақылбай, 
Мағауия,  Кҽкітай,  Турағҧл,  Шҽкҽрім  шығармаларынан  не  тҥйеміз?  Абайды 
тануда қандай тың ҿріс ашады деген мҽселелер тҧрғысынан қарастырмақпыз. 
Абайдың  1905,  1907  жылғы  қолжазбаларында  Ы.Алтынсариннің  «Сҽуірде 
кҿтерілер  рақмет  туы»  мен  «Араз  бол,  кедей  болсаң  ҧрлықпенен»  деген 
ҿлеңдері Абай ҿлеңдерімен бірге жазылған екен. 
Бҧл  мҽселе  турасында  М.Ҽуезов,  З.Серікқалиевтер  шығармашылық  рухани 
байланыс  тҿңірегінде  жан-жақты  бағалайды.  «Ыбырай    Алтынсарии  –  қазақ 
мҽдениетінің зор қайраткері» атты мақаласында: «Ыбырай тарихтық ҧзақ ҿрісі 
бар,  зор  келешегі  бар  істердің  ҥлгісін  ҿз  қолымен  орнатты.  Ҽрі  ол  –  жаңа 
ҥлгідегі ақын, ҽрі ол  - сол кездегі Россияда батыл жаңалық жасап, «бҧратана» 
елдер  ҥшін  тың  ҥлгілі  мектеп  ашушы.  Ол  –  мектептің  ҿзіне  бҿлек  ерекшелігі 
бар  программаларын,  оқу  кҧралдарын  жасаушы.  Қазақтың  ең  алғашқы 
мҽдениетті  мектебін  жасаумен  бірге,  жазушылық  пен  оқытушылықты  ол  аса 
шебер  ҿнерлі  тҥрде  қабыстырушы»,-  дейді  ол  [17,  108  б.].  Ҽуезовтің  осы 
пайымдауы Ыбырай еңбектері Абай еліне, Абай ҧрпақтарына ертеден-ақ таныс, 
етене  болып  кеткенінің  жҽне  екі  ақын  бірін-бірі  білгендігінің  куҽсі  екендігін 
айтады.  Сонымен  шығармаларының  бірге  жазылуы  туралы  М.Мырзахметҧлы 
[17],  Т.Жҧртбай  [18],  А.Еспенбетов  [19]  сынды  абайтанушылар  кҿтергенімен, 
ҽлі  тҥбегейлі  зерттелмей  жатқан,  анығында  зерттеушілердің  тісі  батпай-ақ 
тҧрған  тақырыптың  бірі  –  ақынның  кітапханасы.  Ҿйткені,  Мҧхтар  Абайдың 

58 
 
орыс  ҽдебиетінен,  ҽсіресе,  Пушкин  поэзиясынан  нҽр  алуына  терең  талдау 
жасайды.  Пушкиннің  ақындық  дҽстҥрін  меңгерген  Ыбырай,  одан  ҽрі 
жалғастырып дамытқан – Абай деп ҽділ баға береді. 
Бҧл  тегін  емес.  Бҧқар,  Дулат,  Шортанбай  –  Абайдың  қолжазбаларына 
жалғыз  ауыз  ҿлеңмен  тҧмсық  сҧғып  кірмегенде,  Ыбырайдың  ҽрқашан  Абай 
атымен  бірге  жазылып,  жатталып,  таралып  жҥруі  –  бҧл  екеуінің ҥні  бір,  ҥміті 
бір,  арман  бағыты  жҽне  болашақ  тағдыры  бір  ақын  екендіктерін  танытады. 
Бҧдан Абайдың жеке кітапханасында Торғай облысы мектептерінің инспекторы 
сынды  аса жауапты  қызметте болған Ыбырайдың  «Қазақ  хрестоматиясы»  мен 
«Қазақтарға  орыс  тілін  ҥйретудің  бастапқы  қҧралы»  атты  кітаптары  болды 
деген заңды тҧжырым жасауға болады.  
Ыбырай  шығармалары  1905,  1907  жылғы  қолжазбаларда  ғана  бірге 
кҿшіріліп, 1909 жылғы жинақ пен 1910 жылғы қолжазбаға енбеуі – 1909 жылғы 
жинақты  шығару  барысында  Кҽкітай,  Турағҧл  сынды  қҧрастырушылар  ақын 
шығармаларына  текстологиялық  сҧрыптау  жҥргізгенін  аңғартады.  Ыбырайдан 
кейін,  Абай  қолжазбаларының  ҥш  жылғы  қолжазбасында  Мағауия 
шығармалары  бірге  кҿшірілген.  Олар  1905,  1910  жылғы  қолжазбаларда 
«Жалғыз міне отырмын ҽр нҽрсе ойлап», «Ыңқылдап жатыр екен жаңа барсам», 
«Дейтҧғын  сҿзің  қайда  «Мағатайым»,  «Бірге  туған  бауырлас»  атты  ҿлеңдер 
бірге кҿшірілсе, «Жас шыбық жазғытҧрғы гҥлін шашқан», «Кҽкітай былжырап» 
атты  ҿлеңдерімен  «Медғат-Қасым»  поэмасы  1907,  1910  жылғы  қолжазбада 
кездеседі.  Шығармашылық  ҿмірбаяны  хақында  М.Ҽуезов,  Қ.Мҧхамедхан 
сынды ҽйгілі ғалымдар пікір айтқандықтан қайталап тоқталудың керегі жоқ. 
Зерттеу  барысында  Абайдың  ақын  шҽкірттері  шығармаларының 
қолжазбалары  ҚР  ҦҒА  қолжазба  қоры,  М.О.Ҽуезов  атындағы  Ҽдебиет  жҽне 
ҿнер 
институтының, 
Абай 
Абайдың 
мемлекеттік 
қорық-мҧражайы 
кітапханасының  қолжазбалар  қорларында  сақталған  Самарбай,  Ҽ.Ысқақов, 
Р.Жандыбаев, 
А.Қҧдайбердиев, 
Н.Қҧтжанова 
сынды 
тҧғалардың 
қолжазбаларымен  қатар  кезінде  «Абай»,  «Сана»  сынды  журналдарында 
поэмаларынан  ҥзінділер  жарияланған.  Ал,  1994  жылы  белгілі  ғалым 
Қ.Мҧхамедханов  ақын  шҽкірттер  туралы  зерттеулері  мен  шығармаларын 
«Абайдың  ақын  шҽкірттері»  атты  тҿрт  томдық  зерттеу  еңбегіне  топтастырды. 
Сондықтан,  қолжазбалардағы  ақын  шҽкірттердің  шығармаларына  қатысты 
мҽтіндік  салыстыруды  Қ.Мҧхамедхановтың  текстологиялық  сҥзгісінен  ҿткен 
«Абайдың  ақын  шҽкірттері»  атты  кітаптарда  жарияланған  нҧсқасымен 
салыстыруды жҿн санадық.  
1905 жылғы қолжазбадағы «Бірге туған бауырлас» [20, 82], 1905 жылғы мен 
1907  жылғы  қолжазбаларда  бірдей  кҿшірілген  «Ыңқылдап  жатыр  екен  жаңа 
барсам»  [20,  81-82;  21,  180-181],  1905 жылғы  мен  1910  жылғы  қолжазбаларда 
бірдей кҿшірілген «Жалғыз міне отырмын ҽр нҽрсе ойлап»[20, 80-81; 22, 148], 
1907  жылғы  қолжазбадағы  «Кҽкітай  былжырап»[21,  224],  «Дейтҧғын  сҿзің 
қайда  «Мағатайым»[21,  181]  жҽне  1910  жылғы  қолжазбадағы  «Жас  шыбық 
жазғытҧрғы  гҥлін  шашқан»[22,  116],  «Рахаты  кҿңілімнің  Ҽбіш  ағатай»  [22, 
147], «Бастапқы хатты кҿріп қалдық шошып» [22, 148], 1907 жылғы мен 1910 

59 
 
жылғы  қолжазбаларда  бірдей  кҿшірілген  «Кешегі  жҥрген  ағаекем»[21,  95;  22, 
155-156]  атты  Ақылбай,  Мағауия  мен  Турағҧл  ҿлеңдерін  Қ.Мҧхмедхановтың 
«Абайдың  ақын  шҽкірттері»  [23]  кітабымен  салыстырғанда  ешқандай 
текстологиялық айырмашылық жоқ. 
Ал,  қолжазбалардағы  Ҽбіштің  ҿмірден  қайтуына  байланысты  бҧрыннан 
беймҽлім:  «1895-шы  жылда  1  ғинуарда,  жексенбі  кҥндіз  сағат  жетіде 
Ғабдырахман дҥниеден қайтты»,-[20, 82; 22, 155] деген дерек тарихи дҽлдігімен 
мҽңгі қҧнды.  
Абай  шығармашылығы  екіҧшты  пікірлердің  бірі  «Кҿзімнің  нҧрысыз», 
«Тілім,  саған  айтайын»  деп  басталатын  Абайдың  Ҽбдірахман  деген  баласы 
ауырып  жатқанда  Кҽкітайдың  атынан  жазған  ҿлеңі  тҿңірегінде  айтылып  жҥр. 
Қ.Мҧхамедханҧлы  бҧл  екі  ҿлең  Кҽкітайдікі  дейді  [24,  14].  Бҧл  пікірді  біз 
қостаймыз.Кҽкітайдың  басқа  ақындық  мҧрасы  жетпегендіктен  болар,  бҧл 
ҿлеңдер Абай шығармасы ретінде танылып, 1933 жылғы жинақтан бастап, Абай 
шығармаларының  қатарында  орын  алып  келеді.  Бір  ескеретіні,  Кҽкітай  мен 
Турағҧл  шығарған  1909  жылғы  жинақта  бҧл  ҿлеңдер  жоқ.  1933  жылдан  бері 
қарайғы  енген  Абай  жинақтарында  «Ҽбдірахманға  Кҽкітай  атынан  хат»  деп 
берілген  атына  сай  ҿлең  Кҽкітайға  тиесілі  болып  жазылған.  1907  жылғы 
қолжазбада бҧл екі ҿлең «Кҽкітайдың Ҽбішке жазған хаты» деген тақырыппен 
тҧтас  кҿшіріліп,  ортасы  сызықпен  бҿлінген  [21,  147-148].  Демек 
Қ.Мҧхамедхановтың,  оған  ілесе  біздің  пікіріміз  шындыққа  жанасымды  деп 
есептейміз. 
Абай  мен  Шҽкҽрім  арасындағы  шығармашылықбайланыстар  туралы 
пікірлердің  бірі  –Шҽкҽрімнің  «Кҽрілік  туралы»деп  аталатын  ҿлең  тҿңірегінде 
айтылып  жҥр.  Сондықтан,  деректологиялық  фактілер  негізінде  зерттеуімізді 
1907  жылғы  қолжазбадағы  Шҽкірімнің  «Кҽрілік  туралы»  ҿлеңімен 
жалғастырсақ: 
«Кҽрілікті жамандап, ҿлім тілеп, 
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз» [25, 126],-  
деген шумақтың соңғы тҥйіні: 
«Қызусыз тҽнің, 
Сезімсіз жаның –  
Болады кҽрілік белгісі. 
Оны да сезбей, 
Ҥмітін ҥзбей, 
Келмейді шалдың ҿлгісі. 
Алпыстан ҽрі бармаңдар, 
Байқамай шал боп қалмаңдар» [26, 31],- 
деп аяқталатын Шҽкҽрімнің «Кҽрілік туралы» ҿлеңін нысанаға алған. Ҽріп пен 
Кҿкбай сияқты Шҽкҽрімге де бҧл сын оңай тимеген. Кҿкбай жырын жоғалтып 
тынса,  Ҽріп  «қарсы»  шығарма  жазып  ҧстазынан  «ҿш  алғандай»,  қарымтасы 
қайтқандай  болады.  Ҧстаз  сынының  Шҽкҽрімге  қаншалықты  ҽсері  оның 
«Жастарға» деген ҧзақ ҿлеңінде айқын кҿрінеді. Ел ішіндегі келеңсіздікті айта 
келіп: 

60 
 
«Абай жҥр соны мазақ ҿлең қылып, 
Біреу ҧғар ма деп кҿзі ашылып, 
Бізге де біразырақ айтқаны бар 
Қҧр қылжақтай берме деп босқа кҥліп» [26, 39] ,-  
деген  сҿздер  Абай  ҿлеңін  меңзегені.  Шҽкҽрімнің  ҧстаз  сынынан  қорытынды 
шығарып  ҿз  ойын  ортаға  салған  «Жастарға»  ҿлеңі  ақын  жинақтарында  1879 
жылы жазылған деп келтіріліп жҥр. Бҧған иланайын десең, ҿлең Абай сынына 
дейін  («Мен  жазбаймын...»  ҿлеңі  1889  жылы  жазылған)  он  жыл  бҧрын 
жазылған болып шығады. Шҽкҽрімнің «Жастарға» ҿлеңіндегі ҽлгіндегі сҿздері 
Абай  сынына  қатысты  айтылған  десек,  онда  Шҽкҽрім  шығармасының  1879 
жылы жазылуы логикалық жағынан мҥмкін емес. Екіншіден, ҿлеңнің табиғаты 
21  жастағы  бала  Шҽкҽрімнің  емес,  отыздан  асқан  Шҽкҽрімнің  сҿз  сҧлбасына 
келеді.  Ҽрине,  негізсіз  емес,  шындыққа  жанасымды.  Оны  1907  жылғы 
қолжазбадағы  нҧсқамен  салыстырғанда  анық  байқауға  болады.  Сондағы 
«Кҽрілік туралы» ҿлеңнен Абай сынаған 21 жастағы жас жігіттің сҿз сҧлбасын 
анық байқайсыз. Мысалы, 1907 жылғы қолжазбада кҽрілікті былай тҥйіндейді: 
«Ақылдан танып, 
Ҥйірден қалып, 
Қазым жақбас атанып. 
Ашылып кҿтің, 
Қуарып бетің, 
Сҿйлейін десең жаңылып. 
Қатының кетер ҧрысып, 
Борбайың қалар қҧрысып» [21, 198]. 
«Кҽрілікті жамандап, ҿлім тілеп,Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз» деген 
Абай сыны осы тҥйінге қарата айтылса керек, сірҽ. Ал, жоғарыдағы тҥйін Ахат 
ақсақалдың ҽкесі қайтыс болғаннан отыздан асқан шағындағы есінде жатталып 
қалған ҿлеңдердің қағазға тҥскен нҧсқасы.  
Ҿлеңнің  кҿлеміне  келер  болсақ,  Ахат  нҧсқасында  –  72  жол  болса,  1907 
жылғы  нҧсқада  –  102  жол.  Ҿлеңге  қатысты  мына  бір  текстологиялық 
ерекшілігін  ерекше  атап  айтқан  жҿн:  Ахат  қолжазбасы  бойынша  жарияланған 
жинақта: 
«Бар болса білім, 
Сен сҿйле, тілім, 
Жан менен дене бірінде» [26, 31],- десе, 1907 жылғы қолжазбада: 
«Бар болса білім, 
Шын сҿйле, тілім, 
Жан менен дҥние бар пенде» [21, 198]. 
Логикалық тҧрғыдан ойласақ: Егер Абай осы екі нҧсқаны салыстыра оқыса, 
ҿлең тҥйінін емес, кіріспесінен бастап сынар еді. Себебі, білім, тіл, жан, дҥниені 
тҧтас  бір  қҧбыс  ҥрдісі  деп  қарасақ,  білім  болса  сілтеп  «сен»  деп  сҿйлемейді, 
шын сҿйлейді, жан мен денен бҿлек болмайды, жан дҥниесі бар пенде болады. 
Сондықтан,  жинақтағы  нҧсқадан  гҿрі  қолжазбадағы  Шҽкҽрім  сҿз  қолдану 
стиліне жақын.  
Ҿлеңнің  жазуылу  мерзімі  тҿңірегінде  А.Шҽкҽрімҧлы  [11,  458-459], 
Ш.Сҽтбаева  [27,  Б.  75-76],  М.Жармҧхамедов  пен  С.Дҽуітов  [26,  Б.31-32], 

61 
 
М.Мағауин  [28,  Б.37-40]  пікірлерін  ескере  отырып,  Кҿкбайдың  «Сабалақ» 
поэмасындағы  Ақауыз  аттың  сынына  кҿңілі  толмаған  Абайдың  «Шоқпардай 
кекілі бар қамыс қҧлақ» атты ҿлеңін шығарғанын ескерсек, Шҽкҽрінің «Кҽрілік 
туралы» ҿлеңі 1889 жылы жазылуы да мҥмкін. 
1905  жылғы  Мҥрсейіт  кҿшірген  ақын  шығармаларының  қолжазбасында 
жазу ҥлгісі Мҥрсейіттікінен бҿлек, ой мен ҧйқасы да жоғарыда атап ҿткен ақын 
шҽкірттердікінен оқшау, Абай мен ол тҿңірегіндегі ешбір еңбекте кездеспеген 
мынадай бір ҿлең бар: 
«Жҥремін жҥремін нағып жҥр, 
Деген жан жоқ жҽне бір. 
Жҥрегім соқпа кҿңлім кез, 
Пҽруадегар ҿзің біл. 
 
Қайдасың қату қатты дос, 
Шақырсам ҥн бір дауыс қос. 
Сен ондасың бҽрі бос, 
Сен дыбыс берсең кҿңлім хош. 
 
Ҿмірдің махаббаты болды аман, 
Адамның ҧлы болмаймын. 
Жҧрттың сҿзін тыңдамай, 
Ҿз сҿзімді тыңдаймын. 
 
Қызбалы жҧртпен ҿмірім бір, 
Жақсы жаманды ерімен. 
Сен бе жоқ жҥре бер, 
Менде ҿзімді қайырман  
 
Болмасыңды мен  
Болмайынға мҧнда таң  
Жылаймын да кҥлемін 
Білмексініп жҧмыр тақ» [20, 114]. 
Ақын  шығармаларының  барлық  қолжазбаларын  зерделей  келе,  бҧл  ҿлең  – 
ақынның Ҽйкерімнен туған екінші ҧлы Мекайылдікі деген тҧжырымға келдік. 
Жоғарыда  айтылған  Мекайыл  хақында  барлық  деректерден  Мекайылдың 
ҿлеңнен қҧр алақан деп ешкім айтпаса керек, сірҽ?! 
Қорыта  айтқанда,  Мҥрсейіт  қолжазбаларын  тек  Абай  шығармаларының 
текстологиялық негізі ретінде қарастырмай, оның ҽдеби ортасын зерттеудің бір 
саласы ретінде қарастырған жҿн. 
 
 ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Бейсенбаев  М.  Мҥрсейіт  Бікіҧлының  ҽдебиеттегі  орны  //  Абай.  –  1994. 
№4. 
2.
 
Сармурзин Ғ. Ҿнеге. – Алматы: Жазушы, - 1975. 
3.
 
Жағыпарова И. Санамда жаңғырады бейнелерің // Жҧлдыз. – 1999. -№7 
Б.164-181. 

62 
 
4.
 
Анаш Д. Ҧлылық қолтаңбасы // Алматы ақшамы. – 2011. – 29 қараша.  
5.
 
Мекайыл  Абайҧлы  //  Абай.  Энциклопедия.  –  Алматы:  Атамҧра,  1995.  –
720 б. 
6.
 
Ҽуезов А. Бала Мҧхтар. – Алматы: Жазушы, 1967. 
7.
 
Мекайыл Абайҧлы // Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық. – 
Астана: «Руханият» орталығы, 2011. – 300 б. 
8.
 
Мҧқанов С.Абай Қҧнанбаев. Монография // Таңдамалы шығармалар. Он 
алты томдық. Он алтыншы том. – Алматы: Жазушы, 1980. – 169-391 б. 
9.
 
Омаров А.Асыл мҧраның жҥзжылдық салтанаты // Абай. - 2009. - №3. - Б. 
14-18. 
10.
 
Шонанов Т. Абай кітабын бастыру керек // Ақжол. – 1921. – 19 маусым. 
11.
 
Қҧдайбердіҧлы  Ш.  Шығармалары:  Роман,  қара  сҿздер,  мақалалар, 
аудармалар. ІІ том. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – 624 б. 
12.
 
Ҽрхамқызы М. Кҽкітай // Абай. – 1995. -№1-2. Б.166-170. 
13.
 
Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-9 том. 
14.
 
Ҽуезов М. Абай Қҧнанбаев. –Алматы: Санат, 1995. – 320 б. 
15.
 
Дайырбай Қожанҧлы // Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамҧра, 1995. 
–720 б. 
16.
 
Медеуханҧлы  Ҽ.  «Мҥрсейіт  жайлы  бірер  сҿз»  //  Абайдың  ҽдеби 
хатшысы. – Семей, 2009. – 196 б. 
17.
 
Мырзахметов  М.  Мҧхтар  Ҽуезов  жҽне  абайтану  проблемалары.  – 
Алматы: Ғылым, 1982. – 296 б. 
18.
 
Жҧртбаев Т. Кемеңгердің кітапханасы // Парасат. – 1995. №8. Б.17. 
19.
 
Еспенбетов  А.  Абай  оқығанкітапхана//  Қазақ ҽдебиеті.  - 2014.  - 24  - 30 
қаңтар. - 6 б. 
20.
 
1905  жылғы  Мҥрсейіт  қолжазбасы  /  Абайдың  мемлекеттік  қорық-
мҧражайы кітапханасының қолжазбалар қоры. № 87-бума. 
21.
 
Абай  шығармаларының  Мҥрсейіт  кҿшірген  1907  жылғы  қолжазбасы  // 
ЛММА архиві, 493-п. 
22.
 
Абай  шығармаларының  Мҥрсейіт  кҿшірген  1910  жылғы  қолжазбасы  // 
Абайдың мемлекеттік қорық-мҧражайы кітапханасының қолжазбалар қоры. 88-
бума. 
23.
 
Мҧхамедханов Қ. Абайдың ақын шҽкірттері. Т.1. – Алматы: Дҽуір, 1994. 
– 224 б. 
24.
 
Мҧхамедханов Қ. Абайдың ақын шҽкірттері. Т.2. – Алматы: Дҽуір, 1994. 
– 336 б. 
25.
 
Абай  (Ибраһим)  Қҧнанбаев.  Шығармаларының  екі  томдық  толық 
жинағы. – Алматы: Ғылым, 1977. – Т.1.  – 454 б. 
26.
 
Қҧдайбердиев  Ш.  Шығармалары:  Ҿлеңдер,  дастандар,  қара  сҿздер. 
(Қҧраст. М.Жармҧхамедов, С.Дҽуітов, (А.Қҧдайбердиев)). – Алматы: Жазушы, 
1988. – 560 б. 
27.
 
Сҽтбаева  Ш.  Лирикалық  ҿрнектер  сыры  //  Шҽкҽрімтану  мҽселелері.  –
Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – К.2. – 360 бет. 
28.
 
Қҧдайбердіҧлы  Ш.  Жолсыз  жаза:  Ҿлеңдер  мен  поэмалар.  (Қҧраст. 
М.Мағауин). – Алматы: Жалын, 1988. – 256 бет. 
 

63 
 
ҼОЖ 81.432 
И. ЙЫЛДЫРЫМ  
Астана қаласындағы Юнус Эмре Институты, Астана қ., Қазақстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет