Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет6/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Қолданылған әдебиеттер
1.
 «Әдіскер мұғалім» № 4 2006ж
2.
Бастауыш мектепте оқыту  № 6 2010ж
3.
Бастауыш журналы № 42008ж
4.
 Введение в информационные и образовательные технологии ХХІ века
5.
Авторы адаптации: А.М. Баннов, Т.М. Гусакова, Н.М. Кузнецова,
6.
 Мұғалім. КZ оқу – әдістемелік журналы
7.
Мектеп ғылыми – әдістемелік, педагогикалық  журналы № 10  2005ж
27

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МЕН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ақтөбе қаласы, Сазды орта мектебі 
                                                         бастауыш класс мұғалімі Байрамова Света Джиенгалиевна 
     Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын 
орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен 
қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас 
ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.
Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі 
тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі 
бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру 
мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың 
физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне 
қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты. 
Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық 
құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп 
алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына 
бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде 
де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза 
біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-
бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта 
қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, 
дұрыс айтылуы қадағаланады. Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай 
терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар 
сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын 
ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір 
бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, 
оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. 
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына 
жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының 
барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру,бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз 
сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны 
қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын 
байқадым. Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және 
оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші",  ойындары тез санауға үйретеді. 
"Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым 
жетістіктерімен. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар 
айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны 
шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.
Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете 
меңгеру. ана тілі , дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды 
қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде 
қолданамын. 
      Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай 
жұмыстар оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып,білімдегі 
кемшіліктерді жоюға;  Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.
       Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары
Өз ойын-пікірін жеткізе білуге; Ізденгіштікке ұмтылуға; Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
Толық фантазиялық еркіндікке; Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді
деп есптеймін.
28

12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  ҰЙЫМДЫ БІТІРУШІНІҢ МОДЕЛІ
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің  мектеп алды 
даярлық тобының мұғалімі  Мамбетова Нұрсилаш 
Халқымыздың ежелден – ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл  
болып   өсуіне   бағыт-бағдар   беріп   отырған.   «Бала   балқыған   қорғасындай,   қандай   да   қалыпқа   құйюға   болады»  делінген  
халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың  
тәрбиесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселерінің біріне айналып отыр.
Заман ілгері жылжыған, ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқанынан басталатындығы анықталып отыр. 
Ендеше үзіліссіз тәлім-тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы  
жоқ. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің 
тығырыққа тірелері анық» дей келе кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің 
мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта  білімге көшудің керектігін айқын  
көрсетті. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі  
жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үлесімді 
дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына басталғаннан жаңа үлгіден мектеп құру болып отыр.
Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен ұштасып отыр. Қазіргі заманғы он екі жылдыққа өтудегі  
тәрбие жұмысының мәні-жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта  
білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген,  
отанджық және әлемдік мәдениетті меңгерген, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.  
Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
- тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту;
- құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;
- оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
- мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл мақсат ,міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың  
жаңа әдістерін (технологиясын), жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін, денсаулық 
сақтаушы әдісін қолдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектепке дейінгі ұйым қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. 
Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мемлекеттік жалпыға міндетті білім  
беру   стандартына   сәйкес   жүзеге   асады.   (2012   жылдың   23   тамызынан   бастап   №1080   Үкімет   қаулысы).   Педагогтердің 
жұмысының жаңа мазмұнының негізі мен сапасын анықтау үшін осы стандарт заттық-дамытушы ортаның талаптарымен, 
мектепке дейінгі ұйым бітірушісі мен педагогтің моделін көрсететін ережелерімен толықтырылған. Мектеп жасына дейінгі 
балаларды  оқыту,  тәрбиелеу және   дамыту  үдерісінің  әрбір қатысушысының  қызметін  анықтайды,  іс-әрекетінің  кешенді 
ұстанымын қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі білім берудің нәтижесі: дене бітімі дамыған, білімқұмар, белсенді, эмоционалды елгезек, отбасы, қоғам, 
мемлекет, бейбітшілік және табиғат туралы алғашқы түсініктері бар, мектепте оқуға қажетті іскерліктері мен дағдыларын  
меңгерген мектепке дейінгі ұйым бітірушісінің моделі болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйым бітірушісінің моделі жөніндегі мәселенің өзектілігі 

Қоғамның бәсекеге қабілетті тұлғаға қажеттілігі; 

Елдің 12 жылдық білім беруге көшуге дайындығы;

Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйым бітірушісінің басты құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды күшейту; 

Мектепке дейінгі білім беру формаларының вариативтілігінің арасынан тәрбие мен оқыту мазмұнын таңдап алу 
негізінде үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш буыны бағдарламаларының 
мазмұнын жаңарту.
Мектепке дейінгі ұйым бітірушісінің моделіне анықтама. Бітірушінің моделі – балабақша мен отбасының бірлесіп атқарған 
шығармашылық ұжымдық нәтижесі, ол бала 1-ші сыныпқа барар кезде меңгеруі тиіс басты құзыреттіліктер жүйесімен 
сипатталады.
    Мақсаты: балалардың денсаулығының психикалық және физикалық жай-күйіне қарай әр баланың кешенді дамуының 
жеке бағытын қамтамасыз ету, мектепке психологиялық дайындығын қалыптастыру; түйсінуді, елестетуді, көркемдік-
шығармашылық іс-әрекетті дамыту, яғни басты құзыреттіліктерді қалыптастыру. 
Құзыреттілік — бала меңгерген білімін, білігін және дағдысын, өзінің өмірлік тәжірибесін, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік  
беретін интегралды жаңа қасиет. Бала атқаратын іс-әрекетті өзі  жоспарлауды, мақсат қоюды, мақсатқа жету жолдарын таба 
білуді үйренуі қажет. 
Басты   құзыреттіліктер    мектепке   дейінгі   ұйым   бітірушісінің   моделінде   суреттелген   әр   білім   беру   саласы   бойынша  
күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қызмет етеді.
Стандарттың   негізгі   ережелері   Денсаулық,   Қатынас,   Таным,   Әлеуметтік   орта,   Шығармашылық   жетекші   білім   беру 
салаларының   негізінде   барлық   балалардың   тең   құқылы,   жеке   және   баланың   дағдыларын   дамыту   ұстанымы   есебімен 
құрылған   және   мектеп   жасына   дейінгі   баланың   толықтай   тұлғалық   дамуын   базалық   біліктілікке   және   стандартпен  
қарастырылған білім беру салаларына сәйкес бастауыш мектепте білім беру және мектеп дейінгі білім беру арасындағы  
сабақтастық мәселесін нәтижелі шешуге ықпал етеді.
1.
Денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру. 

Аптасына 2 реттен кем емес балалардың топтық физикалық іс-әрекетін, іс-әрекет түрлерінің кезектесуін, 
ықпалдың жанама әдістерін, салауатты даму ортасын және ұйымдастырылған жұмыс түрлерін қолдануды қарастырады.

Әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстау ережелерін меңгеруге,өз денсаулығын сақтау дағдыларын қалыптастыруға 
29

мүмкіндік туғызады.

Дербес қозғалыс,  спорттық ойындарды және жаттығуларды қарастырады 

Белсенділік   қозғалыстың дамуы үшін режимдік процесс мүмкіндіктерін қолдануын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік-тілдік құзыреттілікті қалыптастыру 

Сауат ашу  негізін меңгеруді  қамтамасыз етеді; 

Суреттер, көрнекіліктер бойынша әңгімелеу, әңгімелер мен ертегілерді мазмұндауды ұйымдастыруды  қамтамасыз 
етеді.

Мемлекеттік тілді меңгеру  , шет тілдеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу үшін жағдай 

жасайды.

шығармашылық сөйлеу әрекетіне  көмектеседі (ертегі шығару, сөздік ойындар,өлең шығару) 
Жұмыс түрлері:   жаппай, жеке, жұптық;   тыныс алу жаттығуларының көрнекі жаттығулары: артикуляциялық қимылдарды, 
ойыншықтарды, суреттерді көрсету. Тілдің дамуы үшін суреттерді қарау және олар бойынша әңгіме құрастыру; мәнерлеп 
оқу, кейіпкерді суреттеу және т.б. 
Таным құзыреттілігін қалыптастыру 
 танымдық-зерттеушілік іс-әрекеті негізінде балалардың интеллектуалдық дамуын  қамтамасыз етеді;
-  танымдық, тілдік, шығармашылық іс-әрекеттің ықпалдастығын қарастырады; 
-  табиғатты қорғау әрекетінің қарапайым тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; 
әр түрлі модельдердің педагог пен баланың танымдық бірлескен іс-әрекетінде қолданылуын қарастырады;
-  математикалық түсініктер мен ұғымдарды игеруге және құрастырушылық қабілеттердің жүзеге асуына көмектеседі.
-  баланың ақпараттық өрісінің кеңеюіне көмектеседі. 
Шығармашылық құзыреттіліктің қалыптасуы.
- Балалардың өнімді, шығармашылық іс-әрекетін қарастырады: сурет салу, жапсыру, құрастыру аптасына кемінде 2 реттен 
кем емес.
- Аптасына 2 реттен кем емес ән-күй жетекшісімен бірлесе ән-күй әрекетін ұйымдастыруды қарастырады
 Балалардың шығармашылық көрмесін, концерттерді және т.б. ұйымдастыруды қарастырады 
-   қызығушылық   бойынша   және   жаңа   шығармашылық   шешімдерді   іздеу   бойынша   ұжымдық   шығармашылық   әрекетті 
ұйымдастыруға бағытталған. 
Әлеуметтік құзыреттіліктің қалыптасуы 
Мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік дамуының қозғаушы күші іскерлік болып табылады, бұл үрдіс негізінде бала  
үлкендермен бірлеседі, үйрену, еліктеу, ұқсастыру дағдыларын игереді, бала әлеуметтік тәжірибе жинақтайды 
 қарапайым еңбек дағдыларын игеруге  көмектеседі. Балаларды қамқорлық жасауға, назар салып көмек етуге итермелеуші  
гуманистік бағыттағы жағдайды жасауды қарастырады. 
Мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік дамуының қозғаушы күші іскерлік болып табылады, бұл үрдіс негізінде бала  
үлкендермен бірлеседі, үйрену, еліктеу, ұқсастыру дағдыларын игереді, бала әлеуметтік тәжірибе жинақтайды 
   Мектепте   білім   алу  үшін   қажет  баланың   құзыреттіліктері   мен   нақты   қасиеттер   жиынтығы   -  мектепке   даярлығы.   Ол 
қасиеттер: 
Баланың мектепке даярлығы бойынша  негізгі міндеттері:
Бейнелі ойлауды  дамыту.  Оқуға және жаңаны тану үрдісіне жағымды ынта қою. Зейіннің және естің көлемінің ұлғаюы. 
Ақыл-ой әрекетін  қабылдауды  қалыптастыру. Тіл дамыту, ойын айта білуді және өз пікірін дәлелдеуді дамыту 
Қиял, елес шығармашылық қабілетті дамыту 
    Қазақстандағы білім берудің құнды бағдарларының дамуы (денсаулық, мәдениет, тұлғаның өзіндік жетілуі, отбасы, Отан,  
қоршаған әлем, өзі үшін және елі үшін жауаптылық, әділеттілік, толеранттылық, үйлесімділік пен сүйіспеншілік) бір-бірімен 
бірлесе отырып, негізгі тамыры мектеп жасына дейінгі кезеңде орнайтын жаңа заманға сай білім берудің негізі ретінде  
гуманистік бағыттың дамуын санамалаудан басталатын құнды базаны тудырады. Жоспарланып отырған 12-жылдық білім  
беру мектеп жасына дейінгі балалардың басты құзыреттіліктері мен білім берудің құнды бағдарларының қалыптасуынан 
басталатын, әрбір оқушының тұлғасын дамытуға бағытталатын болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
ҚР Білім туралы Заңы;
2.
Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, бұйрық №1, 01.01.2006 жыл;
3.
Г.Ж.Наменова «12 жылдық білім журналы», №12, 2008 жыл;
4.
Интернет материалдары;
* * * * *
САПАЛЫ БІЛІМ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ  НЕГІЗІ
Ақтөбе облысы Сазды орта мектебінің физика пәні мұғалімі 
Утегулова Гульжанат Амангельдиевна
ҚР Президентінің 2008 жылғы №626 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік 
білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» туындайтын  бәсекеге қабілетті маман 
даярлаудың кепілі болып отырған сапалы кәсіптік білім беру әр оқытушының инновациялық-педагогикалық технологияны 
тиімді де ұтымды қолдануымен жүзеге асырылатындығы дәлелденіп отыр. Техникалық білім беру саласында қызмет жасап  
жүрген   менің   алдыма   қойған   мақсатым,   сапалы   кәсіптік   білім   беру   арқылы   бәсекеге   қабілетті   мамандар   даярлау.  
Мақсатымды жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалуы керек деп білемін: 
-дүниежүзілік білім кеңістігімен байланыста болу, он-лайн жүйесінде жұмыс жасай алу машағын қалыптастыру;
-арнайы тарауларлар бойынша математика пәнінен электронды оқулықтарды қажеттіліктерге байланысты қолданып отыру,  
интерактивті   кабинеттерде   мүмкіндігінше   көбірек   дәстүрлі   сабақ   өткізуді   дағдыға   айналдыру,   интерактивті   тақтадағы  
математикалық мүмкіндіктерді аша білу, оқушыларды интернет кабинетінде жұмыс жасауға дағдыландыру үшін арнайы 
тапсырмалар беру, пән саласындағы жаңалықтар өзім де үзбей танысып отыру;
30

-техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары мен бағдарламалары талаптарын 
жүзеге асыру;
- мемлекеттік білім беру стандартындағы типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған күнтізбелік тақырыптық жоспарға  
үйлесімді таңдалған оқу-әдістемелік  кешен әзірлеу;
-оқу-тәрбие   үрдісінде   жаңа   педогогикалық-инновациялық   технологияларды   қолдану,   оқу-әдістемелік,   ғылыми 
жаңалықтарды ұтымды пайдалану;
-Болашақ   маманның білімі мен білігі, дағдысы мен ғылымилығы оның шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік 
туғызатын деңгейде болу шарт.
Жаратылыстану пәндерінде сыни тұрғыдан әр-түрлі стратегияларды, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, 
өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтарының бірі, бәсекеге маман даярлаудың кепілі. 
Оқу-тәрбие   үрдісіндегі   инновациялық-педогогикалық   технология-білім   берудің   мақсаттары   мен   міндеттерін   анықтауға 
бағдар береді және күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылады,  пәндік, инновациялық, педагогикалық құзіреттердің дамуы 
арқылы бәсекеге қабілетті  болашақ мамандардың танымдық, тәжірибелік қабілеттерінің дамуын, алған білімін кез-келген  
оқу және өмір, еңбек жағдайларында шығармашылықпен пайдалануын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға мүмкіндік 
беруді   қамтамасыз   етеді.   Компьютерлік   ұйымдастырылған   сабақтар   үрдісі   арқылы   логикалық   ойлауға   қозғау       салып  
шәкірттің де оқытушының да құзіреттілігін арттыруға әсер етеді. Түйінді құзіреттер бәсекеге қабілетті маман даярлаудың 
алғы шарты іспеттес, білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға негіз болады. Түйіді құзіреттерге жататын  
ақпаратық   құзірет   оқу-тәрбие   үрдісіндегі   инновациялық-педогогикалық   технология-түрінде   көрініс   табады   және   сәйкес 
жетілген түрде қолдану күткен нәтижені беретіні айқын. Жаңа инновациялық-педогогикалық технологияны қолдану мәселе 
ретінде қарастырылатын болса, оны шешімін төмендегідей іздеуге де болатыны айқын:
Проблемаларды шешу құзыреттілігі
Аспект
Проблеманы сәйкестендіру (анықтау)
ол мұғалімнің қалыптастырған проблеманы шешуге қай тұрғыдан келетінін 
түсіндіреді; шынайы және ойлаған жағдаяттардың бір-бірінен айырмашылығын 
көрсете отырып, сипаттайды.
Әрекетті жоспарлау және мақсат қою
міндеттерді шешу бойынша қадамдардың логикалық және уақытша бірізділігін 
анықтайды және құрайды.
Технологияларды қолдану
технологияны нұсқаулықпен қатаң жүргізеді.
Ресурстарды жоспарлау
белгілі әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды.
Қызметті бағалау
ағымдағы бақылауды өз бетінше берілген тапсырмалар бойынша орындайды.
Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау
жоспарланған және алынған өнімнің сипаттамаларын салыстырады және өнім 
сапасына сәйкес қорытынды жасайды;
өз әрекетінің өнімін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды.
Өзіндік қозғалысын бағалау
өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсетеді; 
өз қызметіндегі қызығушылығын атайды.
Жаратылыстану   пәндері   бойынша   жан-жақты   жүйелі   терең   білім   берілсе   технология   арқылы   оқушылардың 
шығармашылығы қалыптасса онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу сол білімді нәтижелі түрде пайдалану 
т.рлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті құзіретті тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз. 
 
Методология  дегеніміз  –  бұл  іс-әрекетті  ұйымдастыру  туралы ілім» деп,  - А.М.Новиков  айтқандай  оқу-тәрбие  үрдісі  –  
методологияны қажет   ететін динамикалық күрделі жүйе. Бұл жүйеде жаңа инновациялық-педогогикалық технологиямен 
қаруланған оқытушыға жеке тұлға ретінде төмендегідей талаптар қойылады:
-дүнижүзілік   білім   кеңістігіндегі   жаңа   ақпарттарды   ұтымды   пайдалану,   ғылымның   өзіне   қатысты   және   сыбайлас 
салаларында   үнемі   өз   білімдерін   жетілдіру-болашақ   мамандардың   өзіндік   сенімін   қалыптастыру   мақсатында   рухани  
жағымды көңіл күй орнату үшін оқу процесінің барлық мүмкіндіктерін қолдануғ арнайы роликтер, слайд шоу т.б
-оқушыларды ғылыми зерттеу жаңалықтарына тарту үшін соңғы білім саласындағы жаңалықтарды назарда ұстау;
ХХІ-ғасыр-жаратылыстану   ғылымының     жан-жақты   тараған   кезеңі.   Жаратылыстану   ғылымын   оқу   тәрбие   үрдісінде  
мазмұнды жүзеге асыру үшін инновациялық-педогогикалық  технологиялар ауадай қажет. Алған білімдерін интерактивті 
оқыту әдісі арқылы түрлендіріп бекіту кеңінен ұсынылады.
 
  Оқытылатын   пән   төңірегінде,   болашақ   маманның   жұмыс   сипаты   мен   ерекшелігіне   сай   мәліметтерді,   ғылымиғ 
инновациялық жаңалықтар мен ақпараттарды таңдай білу.
Жоғарыдағыдай   білім   беру   оқу-тәрбие   үрдісін   ұлттық   жүйеде   дамытуға   негіз   бола   отырып,   жеке   шығармашыл   дара 
тұлға,салауатты да кемелденуші, бәсекеге қабілетті маман даярлаудың кепіліне айналмақ.
  Күнделікті   әр   топтың   әр   сабағына   білім   деңгейлеріне   байланысты   авторлық   деңгейлік,   топтық,   жұптық,   жеке,  
шығармашылық тапсырмалар дайындау, арнайы он-лайн жүйесіндегі кейбір материалдарды беру, сабақтарымды мейлінше  
қызықты өткізу, жаңа инновациялық педогогикалық технологияларды оқу процесінде тәжірибелеу, жаңашылдыққа ұмтылу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші оның білімділік деңгейімен айқындалады»,-
деп атап көрсетті. Ал, индустрияльды инновациялық -педогогикалық технологияның құрлымында бәсекеге қабілетті маман 
даярлау негізгі кілттік тапсырма. Инновациялық-педогогикалық технологияны қолдану  арқылы кілттік тапсырманы шешуде 
өз үлесімді қоса жүріп, жоғарыдағы мақсаттарым мен міндеттеріме талапқа сай жаңа міндеткерліктерді жүктей отырып,  
күтетін нәтижелерім:

өзінің және қоғамның мүддесінде өзін- өзі белсенді етуге дайын, жаратылыстану ғылымдарымен қаруланған;

өзгермелі  даму үстіндегі ортада өмір  сүруге бейім;

бәсекеге қабілетті, әлемдік білім кеңістігінде жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтарымен еркін сусындаған;

құзыретті, шығармашыл, білімді  тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
31


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет