БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫН ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Ақтөбе қаласы, Сазды ортта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Кунусова Бахыт Ахылтаевна
Халқымыздың тәуелсіздік алуы өмірімізге үлкен өзгерістер енгізуде. Ұмытылып бара жатқан тіліміз, дініміз, салт –
дәстүріміз қайта оралуда. Тәуелсіздік еліміздің халық ағарту жүйесіне де үлкен өзгерістер әкелді. Соның жарқын мысалы –
мектептегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарының, әдістемелік құралдарының қайта жасалуы. Осыған орай «Ана тілі»
бағдарламасы мен оқулықтарын жақсарту, өңдеу барысында төмендегі мәселелер ескерілді. Оқулықтағы тарау
тақырыптары, жаңаша топтастырылып өңделді. Қазақ халқының ұлттық дәстүрін, тұрмысын, мәдениетін және кешегі мен
бүгінгісін салыстыра жырлайтын көркем шығармалар, ғылыми мақалалар, ауыз әдебиеті үлгілері арнайы тарау ретінде
берілген. Мақал – мәтелдер, жұмбақтар да беріліп отырады.
Әрбір тараудан кейін сұрақ -тапсырмалар оқушылардың дара ерекшеліктерін танытуға, даму дәрежесін бақылауға
арналған. Оқулыққа берілген тарау материалдардың мазмұнын ашу, таныту барысында шығарманың көркемдік жағына
көңіл бөлу, табиғаттағы әдемілік – әсемдік көріністерді салыстыра талдауға үйрету, табиғатты қорғауға оны сүю сезімін
тәрбиелеу оқушыларды байқағыштыққа, сезімталдыққа, ізгілікке, эстетикалық талғамын оятуға бағыттау мақсаттары
көзделеді.
Оқушылармен жұмыс жүргізгенде оқулықтардың, әдістемелік құралдардың, т.б. қосымша материалдардың көмегіне
сүйене отырып, оқу еңбегін ұтымды ұйымдастырудың жолдарын ойластырамын. Оқу кезінде балалардың тілін ұстарту,
қимыл – қозғалысын жетілдіру, кейіпкерлердің мінез- құлқын рөлмен оқуға үйрету мақсатын ойластырамын.
Оқу – жазуға үйретудің алғашқы кездерінен бастап балаларды түсініп оқуға үйрету керек. Түсініп оқу кезінде баланың
оқыған әрбір сөзді нақты затпен байланыстыра алуы, оқығанына мән бере білуі, оқыған сөздерінің бір бірімен байланысын,
түсіне білуін ескеруіміз қажет. Оқушыны шығарманы түсініп оқуға төселдірудің бір жолы – әңгімелесу арқылы өткізу.
Алдын – ала әңгімелесу балалардың бұрын көрген-білгендерін еске түсіру мақсатымен жүргізіледі. Балалардың оқығанын
көз алдына елестетіп, қатесіз түсініп оқу. Мұндай әңгімелер табиғат, адамдардың еңбегі, балалардың ойындары туралы
айтылатын өлеңдер, әңгімелер арқылы жүзеге асады.
Мысалы, Абайдың «Күз» деген өлеңін оқудан бұрын күз мезгілімен байланысты қысқаша әңгіме өкіземін. Оқушылар күз
мезгілінің суретін (жапырақтары сарғайған ағаштар, аспанды торлаған бұлт, дамылсыз жаңбыр, қайтып бара жатқан құстар
тб.) естеріне түсіреді. Сөйтіп оқушылар өлеңді саналы түрде сауатты оқуға үйренеді. Оқу процесі арқылы оқушылар жалпы
өтетін тақырыпты түсініп, біліп отырады.
Түсініп оқуды жүзеге асыру үшін шығарманы оқып шыққанннан кеін бірсыпыра жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс
қорытындысы әңгіме деп аталады. Ондағы көзделетін мақсат түрліше. Оқылған шығарманы қазіргі шындық өмірмен
байланыстыра отырып шығарманың мазмұнын ашу. Оқу шапшаңдығы мен түсіну шапшаңдығы қатар дамуы тиіс. Балалар
оңай түсінетін тым жеңіл әңгімелерді, ертегілерді ешбір дайындықсыз оқуға болады. Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп
оқумен тікелей байланысты. Тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи алмайды. Оған үйретудің ең тиімді жолы
– қайыра оқыту. Бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қызығып оқитын болуы керек.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән – қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық
ережелерді дұрыс түсініп, өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы
жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп,
олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі
пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі. Сауатты әрі әдемі
жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады. Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуды үйрету
қажет. Буынды дұрыс меңгерген бала сауатты жаза да біледі. Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты
айырып, әр сөзде неше буын, неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы, «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі
дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап -ақ ажырата білуі, сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір
әріп, әрбір сөз, сөйлемді дауыстап оқытып, оны іштей қайталатып, естеріне сақтап жазуға үйрету керек. Бұл, біріншіден
баланың есту қабілетін жетілдіругк пайдалы болса, екіншіден, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден
текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі. Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның
аттарын өздеріне жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы балаға тексертемін. Қате
жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып, сауатты жазуға талаптанады. Бұл әдістің тиімділігі олар бір –
бірінен көшірмейтін болады. Әріп, буын, сөздік диктантты орынды жүргізіп, онда жіберген қателерін қайталап жаздырып,
сол сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құратып, астын сыздырамын. Қатесіз жазуға картатекаларды кеңінен пайдалан
отырамын. Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі – сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану. Ойын
оқушыларды сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап, есінде ұзақ сақтауға көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп,
солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше. Мысалы «Есіме жаттап сақтайын» ойыны.
Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер -сый мен -тый – бұлар түбірлестер. Оған мысал: Сыйға -сый.
«Көзің ауырса – қолыңды тый», қалған сөздерде жалаң -и жазылады. Егін, шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи –
деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін жалаң «и» жазылуына ерекше
тоқталған дұрыс.
Я әрпіне жүргізілген ойында, и+а= я; қоян, аяқ, таяқ, аяз, т.с.с. Құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне
тексерту, осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды, екі буынды, үш
буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді. Жазған сөздерінің
сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.
Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздыртамын. Сонымен бірге
туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып, талдау жасатамын. Буынға бөліп,
дыбыстық талдау жасаймыз,. Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен
шектелмей, сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттағана мақал -мәтелдерді, тақпақтарды жатқа жаздыртып,
сауаттылығын тексертіп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет ғұрыпқа байланысты алынады.
32
Мысалы, Аттан биік, қойдан аласа. (ертоқым).
Жұмбақтарды қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа
үйренеді, әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады. Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға
қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін түзеткен түзетпегенін байқап, ретіне қарай
жаңа тапсырмалар беріп отыру керек. Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне
беру, көрсету, салыстыра отырып, көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді.
Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған дұрыс.
a.
Әріптерді жұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
b.
Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
c.
Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият қарауға жаттықтыру.
Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады.
Қате жіберген сөздің астын сыздырып, талдау жүргіземін.
Күнделікті сабақта оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен
белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың
тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидактикалық материалдарды
пайдалануға көңіл бөлемін.
Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып, есте сақтауын қадағалаймын. Оқушылардың көбі
текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді. Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен тұлғаларын, әріптің
баспа түрі мен жазба түрін білмеуінен болады. Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді. Мысалы, кейде ұ
әрпін ү, ы немесе і, о әрпін ө, д әрпін т, с-ны ш, ң-ды н деп айтады. Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай
және оларды бір – біріне өте жақын немесе өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқталғанда тыныс белгілерін
қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріптермен жазып қояды. Қатенің бір түрі сөз
мағынасын дұрыс түсінбей жазудан болады. Мысалы, «тастама» сөзін «тыстама», «кішкентай» сөзін «киттей», «ештеңе»
сөзін «іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кету жиі
кездеседі. Диктанттың түрлері көп. Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді
қайтадан жазғызып, астын сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшін оларға кітапты көп
оқу, қалай оқу, қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын. Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан
түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне қарай қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.
Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс бір – бірінен
ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем, қатесіз, сауатты жазу – өнер. Қатесіз жазуға,
мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімнің
шығармашылық ізденісіне байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Бастауыш» журнал 2011ж
2. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» 2012 ж
3. Диктанттар жинағы 1-2 сынып
4.Қазақ тілі оқыту әдістемесі
* * * * *
БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ
Ақтөбе қаласы. Сазды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Смагулова Акжүнис Абдирахмановна
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгеруге кепілдік бермейтіндігін
көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру
қажеттігі туады. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан – жақты дамуының бірден – бір жолы
білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген
көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық
жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен
ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті
ұйымдастырудағы басты мақсат, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім
беру. Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр
ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту
мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті
мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды
дамуы жан – жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңның 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының
қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қасиеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту,
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада
қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық
33
білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының өз бетімен жұмысы;
Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;
Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
Шығармашылық есептер шығару және түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде
көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір
оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық
оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді.
Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы
өмір қажетіне айналып отыр.
Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы- оқушылардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере
отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты
интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.
Демек, қазіргі оқулықтарымыздың бағдарламалары, оқулық мазмұны, әдістемелік жүйе қайта қарастыруды, жетілдіруді
қажет етеді. Мектеп қабырғасынан ел болашағы- жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Оқушылардың ойлауы
мен тілінің дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, оқыту
әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ.
Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы
тиіс. Осыған орай оқыту технологиялары жаңартылып, педагогика мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау
жасалуда. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін
білімдерімен анықталады.. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Оқыту технологиясы оқу үдерісіне педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.
Ендеше, біз педагогикалық технологияны оқушыны дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының бір-бірімен тығыз
байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол білім мазмұнын жетілдіру ісіндегі
басты бағыт – оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас үдеріс болып табылады.
Сондықтан да педагогикалық технологияға бет бұрыс әлемдік білім кеңістігіне енген қазақстандық әдіснамалық жүйені
мазмұны жағынан байытып, бағыты жағынан жетілдіре түседі.
Мұғалім қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері, оның кәсіби жетілуінің басты
тетігі болып табылады.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары мынадай: - оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады; -танымдық
қабілетін арттырады; - оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; - оқытушының уақытын үнемдейді;- қосымша
мәліметтер береді. Жаңашыл педагогтар оқушылардың көкірек көзін ашатын зердесіне, біліміне біліктілік қосатын оқу –
әдістемелік технологиялар ұсынуда. Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан
– жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Барлық инновациялық технологияларды
меңгеріп, оны сабаққа бірдей қолдану мүмкін емес, сондықтан оқытушы өзіне ұнаған, дұрыс нәтиже беретін технологияны
білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, сабақтың нәтижелігі тиімді болмақ.
Дегенмен, әр педагогтың өзіндік технологиясын құруға жағдай жасай отырып, олардың өзіндік бағыт-бағдарын
айқындаудың нақты жолдарын көрсетіп отыруымыз тиіс.
Орта білім берудің негізгі мақсат- міндеттерінің бірі-білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани
әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың артықшылықтары өте көп. Оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейте түседі.
Білімді есте сақтауға жақсы әсер етеді. Оқыту үрдісінде оқушының өзіндік қатысуы, оның ойлау қабілетімен оқуға деген
ынтасын арттырады. Оқушы өзіне туындаған кейбір мәселелерді компьютер арқылы өзі іздеп, өзге сайттар арқылы ой –
өрісін, білімін әрқашан жетілдіріп отырады.
Сөзімді қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: -кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға
сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және
арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; - кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық
технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.
«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер
1.
«Әдіскер мұғалім» № 4 2006ж
2.
Бастауыш мектепте оқыту № 6 2010ж
3.
Бастауыш журналы № 42008ж
4.
Введение в информационные и образовательные технологии ХХІ века
5.
Авторы адаптации: А.М. Баннов, Т.М. Гусакова, Н.М. Кузнецова,
6.
Мұғалім. КZ оқу – әдістемелік журналы
7.
Мектеп ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журналы № 10 2005ж
34
Теректі ауданы Подстепный № 1 ЖОББМ
Бегалиева Лунара Аслановна Бастауыш сынып мұғалімі
Сынып: 4 «ә» Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Шыбын мен Көбелек. Сейітқұл Оспанов.
Мақсаты: Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен көбелек» мысалын оқыту, ондағы негізгі ойды ашу түсіндіру.
Оқушылардың сыни ойлату, өз бетінше жұмыс жасауға, ойын толық жеткізу тұжырым жасай білу қабілетін арттыру.
Еңбекқор, әдепті болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен көбелек» мысалын оқиды ондағы негізгі ойды ашады түсінеді.
Сыни ойлау, өз бетінше жұмыс жасау, ойын толық, жеткізу тұжырым жасай білу қабілетін артады. Еңбекқор, әдепті болуға
бейімделеді.
Сабақтың әдісі: кубизм әдісі, сұрақ жауап, ой қозғау, әңгімелеу кестесі, бес жолды өлең, топтық жұмыс
Көрнекілігі: сладтар, кестелер, ватман, маркер, стикер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу І топ Шыбындар ІІ топ К белектер
ө
ІІІ топ Г лдер
ү
Психологиялық даярлық. (2 минут)
М алім:
ұғ
О ушылар:
қ
Әрбір адам- Туысым,досым,жұрағат,
Әрбір сабақ- Үйрену,ұғу,ұлағат.
Әрбір ісің- Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің- Шындық,бірлік,адамдық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе
жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Түсіндірмелер
Мұғалімнің іс
әрекеті
Оқушының іс әрекеті
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Кубизм әдісі
1.-«Сапар мен парта» ай та ырып а жатады?
қ
қ
қ
- Мысал деген не?
2.-Парта неге ренжіді?
-Парта з ойын алай білдірді?
ө
қ
3.- Монолог деген не?
4.-Сапар з к н сін мойындады деп ойлайсы ба?
ө ү ә
ң
- Мысалда ы негізгі ой нені білдіреді?
ғ
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: (2минут)
Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Мақсатын түсіндіру.
Жұмбақтар шешу:
1.Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)
2. Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)
Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты
шығармасымен танысамыз.
III.Топтық жұмыс (3минут)
І топ «Шыбын» деген кезде ойға түсетін (келетін) алғашқы
сөздерді жазып шығу.
ІІ топ «Көбелек» деген кезде ойға түсетін (келетін) алғашқы
сөздерді жазып шығу.
ІІІ топ Шыбын мен көбелекті салыстыру венн диаграммасы
ІҮ. Жаңа сабақ. (1 минут)
Автор туралы ыс аша м лімет беру
қ қ
ә
Сейітқұл Оспанов 1955 жылы Қызылода обл, Арал ауданында
туған жазушы. «Ағаш ат», «Құлдар көтерілісі» кітабы, «Әдемі ару
» повесі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |