Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

2.Когнитивтік (танымдық) толықтауыш мынадай сипатта болады:
- жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы. Өз бетімен жұмыс 
істей алушылық, ойлау мен кез- келген мәселені шешудегі қайталанбастық; 
- жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы, жетілуге қарсы кедергілерді жеңе білу, алынатын нәтижеге 
көрегендік жасай алу, жеке мүдделердің ауқымдылығы, өз қызығушылық аясын құрайтын қызметтерге ынтызарлық 
көзқарас, олардың әлеуметтік маңызын түсіне білу, әсершілдік, сезімталдық, тынышсыздық. 
3.Субъектінің іс жүргізушілік толықтауышының сипаттары: 
-білімпаздық, жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерінің жоғары деңгейлілігі, танымдық қажеттілігі мақсатты және саналы 
сипатқа ие, зерттеліп жатқан мәселенің маңыздылығын зерделей алушылық; 
- жаңалық ашуға деген мақсаттылық, иілгіш, жылдам, шығармашылық ой-өріс, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте 
жүру;
 - жеке ойлау, зерделеу, саралау стилі және жоғары жұмыс істеу қабілеттілігі, тындырымдылық, өзін-өзі шыңдау мен 
дәлелдеуге деген ұмтылыс, өзінің дарындылығы аясындағы қызметке толығымен берілу;
 - өз жұмысының нәтижесіне көрегендік пен болжам жасай отырып, өз ойларынан түпкі өнім жасай алушылық; 
- жоғары белсенділік, танымдық қуаныш, кенеттен келген ойға, сапалы орындалған жұмысқа қанағаттану сезімі, байқампаз, 
жадыдан алынған ақпаратты оңай үйлестіруі, ойлаудағы еркіндік, өз-өзіне деген сенім, ынтасы күшті, есте сақтау қабілеті 
жоғары, қуатты, шешім қабылдауға бейім. 
Қорытынды :Жаңа талаптарға сәйкес оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету кезеңіндегі 
ең басты міндеттердің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау болып табылады. Бұл тұрғыда ҚР-ның 
әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал 
етуші күш – мұғалім. Сондықтан кәсіби еңбекте әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, қажырлылық танытуымыз қажет. Дегім 
келеді 
Қолданылған әдебиет:  Ү. Б. Жексенбаева. “Балалардың дарындылығын диагностикалау”әдістемелік құрал 
Жалпы педагогика.
* * * * *
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ж.Жүсібалиев  атындағы қазақ  орта  
мектебінің  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сағынғалиев Рүстем Темірұлы
Тақырыбы :
Волейбол ойыны, допты жоғарыдан және төменнен беру тәсілдері
 
Мақсаты : волейбол ойынын  жетік  білу.
                           
Міндеттері :
1.Оқушылардың  жылдамдығын күшейту. 
2. Оқушылардың  денсаулығын  нығайту.
Керек  құралдар: ысқырғыш, сетка, волейбол добы , интерактивті тақта.
Өтетін  жері :
спорт залы.
Бөлімі
Д
ай
ы
н
ды
қ
 б
өл
ім
і
  1

 м
и
н
ут
Сабақтың мазмұны
 1.  Оқушыларды сапқа тұрғызу, 
сәлемдесу, рапорт,жаңа  сабақпен  таныстыру. 
2. Саптағы  жаттығулар : -оңға, -солға, -кері айналу. 
3. Жүру  түрлері :  бағыттаушының  соңынан  оң иық,алдыға 
адымдап  бас,
қол желкеде өкшемен  бас, қол  белде аяқ  ұшымен және  сыртымен 
бас. 
Спорттық  жүріспен, жүгіріспен  бас.
Оң  жақ  қапталмен  қолды  айналдырып бас
Сол  жақ қапталмен  қолды  артқа  айналдырып  бас.
Сол  жақ  қапталмен  аяқты  қайшылап  бас. 
Қол  белде  аяқты  алға  қайшылап  бас. 
Сол  аяқпен  секіріп  бас, оң  аяқпен  секіріп  бас, қос  аяқпен  секіріп 
бас.
Тез  жүгіріп  бас.
Біртіндеп  жүріске  көш.
Терең  демалып  дем  шығару. Залдың  ортасына  төрт  қатар  сап 
түзеп  бас. 
4. Жалпы  дамыту  жаттығулары :
1.Бастапқы  қалыпта  аяқ  иық  деңгейінде қол  белде  1-4 басты  оңға 
айналдыру,1-4 басты  солға  айналдыру. 
2. Бастапқы  қалыпта  аяқ  иық  деңгейінде, оң  қол жоғары  сол  қол 
төмен. 1-2 артқа  серпу, 3-4  қолды  ауыстыру. 
3. Бастапқы  қалып, иық   деңгейінде қол шынтақ  бүгулі  кеуде 
алдында 1-2 қолды  жазбай  серпу, 3-4 қолды  жазып  серпу. 
4. Бастапқы  қалып аяқ,  иық деңгейінде, қол белде, 1-4 белді  оңға 
айналдыру, 1-4  солға  айналдыру. 
5 мин
1м – 30сек
1 мин 
20 сек
20 сек
20 сек 
20 сек
20 сек
20 сек
30 сек
10 мин
4-6 рет
4-6 рет
4-6 рет
Спорттық киімдеріне 
назар  аудару.
 Бір  мезгілде 
бұрылуына назар 
аудару.
 Сапты  бұзбай жүгіру. 
Демалуға  назар 
аудару.
Бір-біріне  қарап, 
шынтақты  ашып 
ұстау, денені  тік 
ұстау
Жаттығудың дүрыс 
орындалуын 
қадағалау.
Денені тік ұстау.
Шынтақты бүкпеу
дұрыс орындау.
Қолдың көмегімен
орындау.
105

5. Бастапқы қалып аяқ иық  деңгейінде, 
қол белде, 1-сол аяққа  иілу, 2- ортаға  иілу, 3-оң  аяққа  иілу, 4- 
бастапқы  қалып. 
6. Бастапқы қалып, аяқ-иық деңгейінде, 1- сол  аяққа  отыру, 2- 
ортаға, 3- оң аяққа  отыру, 4-бастапқы  қалып.
7. 1-4  оң  аяққа  секіру, 1-4 сол  аяққа  секіру, 1-4  қос  аяққа  секіру. 
360 градусқа айналу. 
.  Сұрақ-жауап
4-6 рет
4-6 рет
4-6 рет
Тізені бүкпеу.
Жаттығуды сан-сайын
жасау.
жаттығу кезінде 
қолдың
басын қыздырып
тұру.
   
   
   
   
   
   
   
   
   
Н
ег
із
гі
  б
өл
ім
   
   
25
  м
и
н
ут
 
Ол үшін волейболшының  тұрысынан  ойыншы  бір  аяғын 
екіншісінің  жанына  әкеліп,  доп  бағытына  сәйкес  қозғалыс 
жасап,  ілгері  қарай  бүгілінкіреген  күйде  допты  қолдарын  жоғары 
көтеріп, қарсы  алады.  Доп  қолына  тиісімен  жазылып,  серпіле 
бере оны  тиісті  жаққа  бағыттап  жібереді. Төмен  беру.
Допты  дәл беру  үшін  қолдың   тұрақты, бірыңғай жағдайда  болуы 
бірінші  дәрежеге  ие  болады. Білектерінің  бірдей ұсталуы – доптың 
ауытқып,  бағытын  өзгертуіне  негізгі  себеп, допты  беру  үшін 
бастап қалып  негізгі  тұрыс  болады. Алақандар  біріктіріліп, 
жоғары  қаратылып   ұсталады. Бұл  қолдардың  қозғалысын 
қиындатпау  үшін керек. Ұшып келе  жатқан  допты  шапшаңдығына 
сәйкес қолын  жай ғана  тосады  немесе  білегін  артқа, төмен  қарай 
тартып, соққыны  азайтуы  мүмкін. 
Бекіту сұрақтары
 Сандар сөйлейді   
25 минут
Шабуыл әдісін дұрыс 
жасау.
Қ
ор
ы
ты
н
ды
  б
өл
ім
 
 5
 м
и
н
ут
Сергіту  жаттығулары,
 оқушыларды  сапқа тұрғызу.
Сабақты қорытындылау.
 Оқушыларды бағалау
Жақсы жасаған оқушыларды атап өту.
 Үйге тапсырма беру. Қоштасу. 
5 минут
30сек
1мин 
1мин 30сек
30сек
1мин 30сек
Оқушылардың 
кемшілігін  айту.
 Оны  түзеуге 
көмектесу. 
Сабақ  барысын 
талқылау.
ТАРИХ   САБАҒЫНДА  СЫН ТҰРҒЫСЫНАН  ОЙЛАУ МЕН ТҮРЛІ 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
                                     Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы,Ақсүмбе ауылы
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің тарих  пәнінің мұғалімі
Рысдәулетова Нағима Нурполатқызы
Кіріспе 
Қазіргі  таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік  ұлттық үлгісі қалыптаса бастады. Заман талабына сай  
оқыту үшін инновациялық технологиялардың рөлі өте зор. Сабақ түрлері жаңа  заман талаптарына сай 
өзгеріп, жаңарып отырса ,болашақ   ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше     болады. Мұғалімнің мақсаты-  
білім   алушылардың     пәнге   деген     қызығушылығын   арттыра   отырып     сапалы   білім   беру.   Ал   заман 
талабына сай  білім берудің  жолы  тиімді  педагогикалық  технологияны  басшылыққа алу. Сондықтан 
менің  ұсынатын тақырыбым- « Тарих  сабағында сын тұрғысынан  ойлау  мен түрлі  әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» 
- деп  аталады. 
Мақсатым:  технологияның   әдіс-тәсілдерін   меңгерте   отырып,   оқушылардың   өз   бетімен     ақпараттар   іздеуін     дамыту.  
Оқушыларды   сабақ   барысында   қазіргі     заманғы   жаңа   технологияның   элементтерін   қолдану   арқылы,   пәнге   деген 
қызығушылығын  арттыру.  Мен қолданып жүрген жаңа  әдіс-тәсілдердің  бірі-сын тұрғысынан ойлау  технологиясы.
Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге қарай»- деп аталады. Сабақ барысында  тиімді әдіс-тәсілдерді қолданғанда, оқушылар  
толық   белсенді   қатысады, мәтінге   анализ, синтез жасауға көмектеседі. «Баланың   ынтасын арттыру   үшін оқылатын 
нәрседе бір  жаңалық болу  керек»- деп  Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай, сапалы білім алу  үшін  оқушылардың білуге, 
үйренуге  деген құштарлығын арттыру  қажеттілігі айтылады.
Бүгінгі     жастарды   ой-өрістеріне,қоғамның   өзгеруіне,   ғылыми-техникалық   прогрестің   дамуына   орай   кешегі   ұрпақпен 
салыстыруға болмайды. Сондықтан оларды оқытуда бұрынғы   ұстанымдар   деңгейінде қалып қоймай, жаңа әдістер мен 
тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа технология «өзгеру», «өңдеу»-деген мағына береді. Яғни қазіргі кездегі жаңалықтар жүйесі- 
ескінің айналып келуінен немесе өзгеріске түсіп, қайталануынан туған  болмыстың сипаты.
«Тарих   сабағында   сын   тұрғысынан   ойлау   мен   түрлі   әдіс-тәсілдерді   қолданудың   тиімділігі»-тақырыбындағы   мақсатым-
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын , оқуға деген ұмтылыстарын қалыптастыра  отырып, іскерлігін дамыту.
Тарих   сабағын   оқыта   отырып,   сын   тұрғысынан   ойлау,   ұжымдық   оқыту,   сынақ,   өзіндік   жұмыс   және   тарихи   диктант 
тәсілдерін қолданамын.Тарих сабағында әсіресе тарихи оқиғаларға байланысты, еліміздің тарихында ерекше орын алатын 
мемлекет   қайраткерлеріне,   хандар,   сұлтандар,батырлар,   билер,   ұлттық   зиялы     қауым   өкілдеріне     байланысты   сергіту 
106

сәттерін жасау арқылы  оқушылардың  көңілін       сабаққа аудара  алсақ, әрі өткен материалдарға шолу  жасап алуға да  жол  
ашылады.
«Сыни   тұрғыдан   ойлау»   жобасының   стратегияларын   пайдалану   жаңа   оқу   материалындағы   оқиға   мен   құбылыстарды 
оқушылардың   өздерінің   байқап,   талдауларына   жағдай   жасайды.   Мен   сабақтарымда     СТО   технологияларын     тиімді  
пайдаланамын. Тиімділігі сонда- оқушы   өз бетімен, дербес ізденуге, белсенді іс-әрекеттенуге ұмтылады.Өз ойын ашық  
айтуға, пікір алмасуға үйренеді.Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мынадай  шараларды  қолданамын.
1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2.Оқушылардың  ойын ашық  айтуына мүмкіндік беремін
3.Сабақ үстінде оқушылардың белсенді  іс-әрекетін  қолдаймын.
4. Оқушылардың бір-бірінің  жауабына жасаған сынының дәлелді болуын талап етемін.
5.Сыни тұрғысынан  ойлауды бағалаймын.
Негізгі бөлім
Бұл әдісте  топпен жұмыс  істеу, оқушылардың ойын,еркін  сөйлеуін,   тілін дамытып, бір-бірін  тыңдай білуге, басқаның 
жауабына   сын  тұрғысынан   баға   беріп,   құрмет  көрсетуге   бағыт  беремін.   Тарих  сабағында   сыни  тұрғысынан   ойлау  мен 
әртүрлі   әдіс-тәсілдерді   қолданғанда   жас   балалардың   ойы   шыңдалып   белгілі   бір     жетістіктерге   жетеді.   Осы   модулді  
қолданғандағы  жетістігім:
1.Оқушылардың  сыни  тұрғыдан ойлануы.
2.Оқушылардың топқа бөлінуі.
3.Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
4.Сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы.
5. Оқушылардың  пікірін ашық айтуы.
«Оқытудың қазіргі  технологияларының  әдістерін пайдалана  отырып оқу үрдісін ізгілендіру»- тақырыбындағы  аудандық  
тәжірибе   алмасу   мақсатында   2015 жылы 15 ақпанда семинар   өтті. Мен сол   семинарда 5-сыныпқа «Ы. Алтынсарин –  
ағартушы,педагог»-тақырыбында     сабақ   өттім.     Сыни   тұрғысынан     ойлау   –шыңдалған   ойлау.   Оның   бағдарламасы   үш 
деңгейден   тұратын оқыту мен үйрену моделі.
Олар:1. Қызығушылығын ояту кезеңі.
2.Мағынаны  тану кезеңі.
3. Ой –толғаныс  кезеңі.
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін бұрынғы  білімін еске түсіріп, жаңа  тақырып  туралы  болжам  жасатып  және 
сауал  қоюға үйрету  қажет. 
Мағынаны тану  кезеңінде оқушылар  жаңа тақырыпты  өздігімен  қабылдайды. Оқушылар бір-біріне  сұрақ қояды, жаңа  
білімді  ой  елегінен  өткізеді.
Ой-толғаныс  кезеңінде өзінің  не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс –тәсілдер арқылы  білімдерін  дамытады.
Сабақтың тақырыбы:Ы.Алтынсарин  - ағартушы, педагог.
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай  Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек 
ұрпақтың қамы үшін жүргізген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. 
Білімділік:  Оқушылардың, ой тұжырымдарын, тарихи байлықтарын, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту
Дамытушылығы:Ыбырайдың тұңғыш ағартушы,  ғалым,  жазушы,   балалар  әдебиетінің  атасы «Қазақ  мектебінің негізін 
салушы» екенін айту.
Тәрбиелік:  Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге  
тәрбиелеу.
Көрнекілік:Ыбырай   Алтынсариннің,   Абай   Құнанбаевтың   портреті,   шығармаларының   топтамасы,   иллюстрациялық 
суреттер, слайд.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: топпен жұмыс, баяндау, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы. 
Сабақтың барысы: 
 1) Ұйымдастыру кезеңі
 2) Үй тапсырмасын тексеру
 3) Жаңа саба
 4) Бағалау
 5) Үйге тапсырма
Қызығушылығын ояту
Ой шақыру стратегиясы
Сіздер халқымыздың қандай ұлы ойшылдарын, біртуар дарын иелерін білесіздер, атаңдар!
Ой қорғау, қызығушылығын ояту
Сыныпты екі топқа бөлу
1.Зертте ушілер тобы                
 Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң , арқалан 
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта, бар қалан
Бұл өлеңнің авторы кім (А.Құнанбаев)
Абай сазгер. Абайдың бір өлеңін айтып беріңдер?
Абайдың қандай өлеңдері бар?
(Желсіз түнде жарық ай)
2.Баяндаушылар тобы. (Абайдың  суреті  жасырылған, үй 
тапсырмасының сұрақтарына жауап беру арқылы порттретті 
ашу керек)
1)Абай қай жылдары өмір сүрген?
2)Абай кім?
3)Абайдың қай өлеңін жатқа білесіңдер?
4)Абайдың қанша қара сөздері бар?
5)Абайдың балалық шағы туралы әңгімелеп бер?
6)Абай аудармашы, кімнің шығармаларын аударды?
(Крылов, Пушкин .б.)
107

(Мұғалім, слайдтан Абайдың өмірі мен шығармашылығын 
таныстырады)
Үй тапсырмасын бекіту: Біз не білдік?
 Асыл сөзді іздесең , 
Абайды оқы ерінбе, 
Адамдықты көздесең, 
Жаттап тоқы көңілге, -деген С.Торайғыровтың өлең жолдары мен үй тапсырмасын қорытындылаймын.
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
Балалар мына сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?
Ы.Алтынсарин
Ы.Алтынсарин ол кім? Ы.Алтынсарин – қазақтың алғашқы ағартушысы, педагог, ғалым, балалар әдебиетінің атасы.
1.Зерттеушілер тобы: Ағартушының өмір жолына зер ттеу жасайды.
2.Зерттеушілер тобы:Ы.Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі 
Алтынсары 4 жасында қайтыс болады да, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі. 1844 жылы Орынборда қазақ балаларына 
арналған 7 жылдық мектеп ашу туралы ережесі бекітіледі. Атасы Балқожа би осы ашылған мектепке 1846 жылы 5 жасар 
немересі Ыбырайды жазғызып қояды. Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша 
шенеуниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатында ашылған мектепке Балқожа би немересін осы үмітпен берген. 
Мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Сергіту сәті.
Балқожа бидің Ыбырайға арналған өлеңін айтады.
Үміт еткен көзімнің нұры балам
(Мұғалім: Білімге бастап ел жұртын. Слайд)
Баяндаушылар тобы:Педагогикалық қызметін бағалайды.  Ыбырай Алтынсариннің халықтың санасын оятып, көкірегін 
ашу мақсатында балаларды оқуға шақырып, жазған туындыларының бірі: «Кел, балалар, оқылық» өлеңі еді.
Бір Аллаға сиынып, Кел, балар, оқылық!
Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық
Абай мен Ыбырайды салыстыра отырып Венн диаграммасын толтыру.
Венн диаграммасы. Абай айырмашылықтары. Ұқсастықтары. Ыбырай айырмашылықтары
Ыбырай 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепке ұстаздық етеді. Ол ауыл –ауылды аралап 
халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын түсіндірді. Петербург, Қазанға барып, орыс ағартушыларының 
еңбектерімен танысты. Ыбырай қазақ балаларына арналған оқулықтар жазды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы 
мектептердің инспекторлығына тағайындалды. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестоматиясы» 
шықты. Қазақ қыздарына арнап мектеп ашқан.
Зертеушілер тобы:Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәнін айтыңдар? (білімділікке, еңбек сүйгіштікке, 
ұқыптылыққа тәрбиелейді)
Баяндаушылар тобы: Ыбырай шығармаларын атаңдар?
Ыбырай – ағартушы, педагог ақын. Оның көптеген өлеңдері мен әңгімелері бар. 
Өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өзен», «Өнер  білім бар жұрттар», «Надандық» .
Әңгімелері: «Ата мен бала», «Таза бұлақ», «Асан мен Үсен», «Жаман жолдас», «Әке мен бала» т.б.
ББҮ кестесі 
Білемін
(Сабаққа дейін)
Білгім келеді
(Болашақта)
Үйрендім
(Сабақта)
Бағалау.  Қорытындылау.
Үйге тапсырма.  Ы.Алтынсарин – ағартушы, педагог. «Даланың дара ұстазы » - атты тақырыпта эссе, ойларын жазып келу.
Қорытынды. Бүгінгі  күннің талабы- әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру  және олардың  жан-
жақты   дамуына  қолайлы  жағдай  жасау. Сондықтан білім  беру  жүйесінде жеке  тұлғаны  дамытып, білімді азамат ретінде 
қалыптастыру үщін  озық педагогикалардың  рөлі ерекше.
Ы. Алтынсарин-ағартушы,педагог- тақырыбындағы сабағында топпен жұмыс жүзеге асырылды. Сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту технологиясын  қолдану кезінде   сабақта , оқушылар арасында  мына жағдайлар қалыптасты.
-Оқушылар  арасында ынтымақты  қарым-қатынас қалыптасты.
-Өзін жеке дара –тұлға ретінде тануға жол ашылды.
-Өз ойын ашық, еркін айтуға тырысты.
-Бірін-бірі бағалады.
-Белсенді шығармашылықты  ойлауға  негіз қаланды.
Оқытудың жаңа  технологияларын  қолдану  арқылы оқушыларды ғылыми  жұмыстарға  баулуды, өз ойын еркін  жеткізе 
білетін  салауатты  тұлғаны  қалыптастыру жолындағы  шығармашылықтың  мәні зор.
Қорыта айтқанда  СТО бағдарламасының  әдістері арқылы  оқушылардың    ой-пікірі, көзқарасы, дүниетанымы 
қалыптасты.Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын  қалыптастыра алатын, ұлтын  сүйетін оқушы ертеңгі  өмірдің  ағымына 
да төтеп  бере алатын  азамат  болатынына  мен сенемін.Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа саяси  бағыты» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында «біздің жастарымыз оқуға , жаңа  ғылым-білімді игеруге,жаңа  машықтар  алуға,білім мен технологияны 
күнделікті өмірде шебер  де тиімді пайдалануға тиіс.Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен 
қамтамасыз етуіміз керек,-деп білім сапасына да көп көңіл бөлген.
Сабақты  технологиялық   тұрғыда  жоспарлаудың ерекшеліктері:  Мұғалім мен  оқушы бірлесіп  шығармашылық әрекет 
етеді, ортақ  нәтиже жаңа іс-әрекеттер мен ізденістерге  себеп болады. Қорытындыласақ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 
айтқандай «Келешек- жастардың  қолында,  жастардың  тағдыры-ұстаздардың  қолында !»-демекпін. 
Пайдаланылған  әдебиеттер
1.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012ж 15.12.
108

2.А. Ш. Журасова Тарихты оқыту  әдістемесі. Орал. 2012ж.
3.М.Валиева «Білім берудің технологиялары  және оларды оқу-тәрбие үрдісіне  енгізу жолдары» . Әдістемелік нұсқау.
4.Б. Әбдіғұлова «Білім берудегі жаңа үрдістер». «Қазақ тарихы» журналы, №5. 2015ж
5.Г. Төлеубаева. Тарихты оқытудағы әдістемелік  технологиялар. Қазақ тарихы №2, 2009ж
6. А. Тілеуғожина «Ынталандыру кілті-жаңа  технология» «Қазақ тарихы» журналы №8, 2014ж
* * * * *
Карагандинская  область  Жанааркинский  район общеобразовательная школа №132
учитель русского языка и литературы Саденова  Акбота  Байсеитовна
Руский  язык       6 класс      Тема: Обстоятельство
Цели урока: Совершенствовать знание учащихся об обстоятельстве как  второстепенном  члене  предложения. Развивать 
умение находить обстоятельство в устной и письменной речи, обозначать  их графически, и употреблять их в речи. 
Воспитывать ответственное отношение к выполнению заданий; прививать  любовь  к весеннему времени года.
Тип урока:  изучение нового  материала
Наглядность:  интерактивная доска, слайды,  электронный учебник, учебное пособие.
                                 Ход урока. І.  Организационный  момент   ІІ. Психологический настрой
- Я рада видеть  всех вас и думаю, что сегодняшний день принесет нам всем радость общения друг
 с другом.
Эпиграф к уроку: 
- Начать урок мне бы хотелось с поэтических строк:
Пройдет зима холодная,
Настанут дни весенние,
Теплом растопит солнышко,
Как воск, снега пушистые.
Листами изумрудными
Леса зазеленеются,
И вместе с травкой бархатной
Взойдут цветы душистые.
(С. Дрожжин)
Стихотворение С.Дрожжина послужит нам  эпиграфом к уроку, так как лексическая тема будет посвящена весне. 
Долгожданная теплая  весна, которая скоро наступит , способна открыть нам невидимую красоту.  Пусть это маленькое 
весеннее солнышко светит вам, дарит  мир и покой. Желаю всем вам  и нашим гостям  доброго дня.
ІІІ. Проверка домашнего задания  Упр. 4 стр.151
IV. Обобщение изученного материала
- Какие бывают члены предложения?
- Что составляют главные члены предложения?
- Какие второстепенные члены предложения вы знаете?
- Что называется дополнением?
- Чем могут быть выражены дополнения?
- От какого члена предложения чаще всего зависит дополнение?
V. Объяснение нового материала. 1. Сообщение темы, цели урока:
   - Сегодняшний урок мы посвятим еще одному второстепенному члену предложения - обстоятельству.
    Сегодня на уроке мы выясним, на какие вопросы может отвечать обстоятельство, чем может быть выражено, что оно 
поясняет. А также мы научимся находить обстоятельства в предложениях, подчеркивать  их  и употреблять  в речи.
2.  Прослушивание темы по электронному  учебнику.
 - Давайте-ка  послушаем    по  электронному учебнику, что такое обстоятельство.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет