Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Қажыбаева Г. К



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата02.01.2017
өлшемі177,25 Kb.
#994
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2

5-тақырып. Сын есім. Шырай категориясы

Сын   есім   заттың   түрлі   сындық   белгілерін,   салмағын,

сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын басқа да сан

алуан   түрлі   қасиеттерін   білдіретін   сөз   табы   екендігі.   Осы

ерекшелік   оның   зат   есіммен   тіркесте   қолданылуын   керек

ететінні.   Сын   есімнің   өзіндік   мағынасы,   морфологиялық

белгілері, синтаксистік қызметі бары. Сын есімнің мағыналық

жағынан үлкен: екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер,

қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімдер заттың әр алуан

белгілерінің   сапасын,   сипатын,   түрі,   түсін,   аумағы   мен

салмағын   т.б.   да   сындық   белгілерін   білдіретіндігі.   Сапалық

сындардың   басым   көпшілігінің   негізгі   түбір   болғанымен,

тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есім сөздер да

бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып

отыратыны.


Сапалық   сын   есімдердің   мағыналық   жағынан,   түрлену

жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері. 

Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа

заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың

морфемдік   құрамы:   негізгі   морфема,   көмекші   морфемадан

тұратыны, әрқайсысысның атқаратын қызметі. Қатыстық сын

есімдердің   сын   есімнің   категория   көрсеткіштерімен

түрленбейтін   ерекшелігі.   Сын   есімдерді   құрылымына   қарай

ерекшілігі..   жалаң   және   күрделі   түрлері   бары.   Жалаң   сын

есімдердің   негізгі   және   туынды   түбір   сын   есім   болып

бөлінетіні.   Күрделі   сын   есімдердің   ең   кемі   екі   сөзден

құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара

шұбар, қара көк, ал қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты;

3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы, таусыз

т.б.

Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде



болуын білдіретін  сын есімінің шырай категориясы екендігі.

Шырай   категориясының   өзіндік   мағынасы,   ол   мағынаны

білдіретін   көрсеткіштері   бары.   Шырай   категорясының

мағыналық   құрамының   түрлілігі.   Шырай   категориясының

мағына   түрлілігіне   морфемдік   көрсеткіштердің   сәйкестігі.

Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлері

топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі.

Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай,

3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің

әрқайсысының   мағынасы,   жасалу   жолдары.,   әр   шырайдың

өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

6-тақырып.  Сан есім. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан

есімнің мағыналық топтары

Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре

алатынына   қарай,   бірнеше   мағыналық   топқа   жіктелетіні:

есептік   сан,   реттік   сан,   болжалдық   сан,   жинақтық   сан,

топтық   сан,   бөлшектік   сан.   Сан   есімнің   мағыналық

топтарының   әрқайсысының   бір-бірінен   мағыналық

ерекшелігі,   жасалу   жолдары,   зат   есіммен   тіркесте

қолданылуы   мен   зат   есін   тіркесінсіз   қолданылуы,   түрлену

мүмкіндігі.



7-тақырып. Есімдік

Есімдік   саны   жағынан   үлкен   сөз   табына   жатпайтыны,

бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарына кем емес

екені.   Есімдік   есімдер   тобына   жатқанымен,   олардың

ешбірінің   нақтылы   мағынасын   (заттың   атын,   сындық

белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде

білдірмейтіні.   Есімдіктің   бұл   ерекшелігі   сөздің   сөйлемде


қайталу   қажеттілігінің   құтқаратыны.   Есімдіктің   түрленуі,

оның   қай   сөз   табының   орнына   қолданылуына

байланыстылығы,   есімдікке   ғана   тән   сөз   түрлендіруші

қосымша, категория жоқ екендігі. 

Есімдік синтаксистік қызметі де  оның қай сөз табының

орнына қолданылуына байланыстылығы, ссөйлемнің барлық

мүшесінің қызметін атқаратыны. Есімдікке тән ортақ негізгі

мағыналық   ерекшелік   жалпы   мағына   болғанымен,   оыныңі

штей   түрлі   өзіндік   ерекшілігі   бары,   соған   орай   есімдіктің

мағыналық   топтары   бары:   1)   жіктеу   есімдіктер;   2)   сілтеу

есімдіктері;   3)   сұрау   есімдіктер;   4)   өздік   есімдіктер;   5)

белгісіздік   есімдіктер;   6)   болымсыздық   есімдіктер;   7)

жалпылау есімдіктер.

Жіктеу  есімдіктерінің  жақтық  мағынаны  білдіретіні,   үш

жақтың   жекеше-көпше   түрінің   есімдіктері   бары.   Жіктеу

есімдіктері  не бары  8  сөз  (мен,  сен,   сіз,  ол, сендер,   сіздер,

олар)   болғанымен,   сөйлемде   өте   жиі   қолданылады.   Жіктеу

есімдіктерінің жақтық мағынасы сөйлеуші, тыңдаушы, бөгде

адаммен   байланысты   болғандықтан,   сөйлемде     адам

аттарының орынна қолданылып, олардың мағынасы адаммен

байланысты   екені.   Жіктеу   есімдігінің   үш   жағының   сілтеу

есімдігімен   ортақтығы,   бұл   есімдіктің   қолдану   аясының

кеңдігі.   Жіктеу   есімдіктерінің   адам   атауларының   орнына

қолданылу   қабілеті   оның   зат   есімнің   сөз   түрлендіруші

қосымшалармен   түрленуін   қамтамасыз   ететіні.   Жіктеу

есімдіктерінің   септелуі,   жіктелуі   есімдіктердің   септелуінің

өзіндік   ерекшілігі.   Жіктеу   есімдіктерінің   жіктік   жалғауы

боынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу

есімдіктерінің   жіктелуінің   синтаксистік   белгілі   қызметті

атқаруына   қатысы.   Тәуелдік   жалғауымен   түрлену   жіктеу

есімдіктерінің   3-жағына   қатысы.   Жіктеу   есімдіктерінің

синтаксистік   қызметі.   Сілтеу   есімдіктері,   оның   мағынасы,

оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің негізінен заттың

белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылатыны, оларға

сұрақтың   да   соған   лайық   түрлері   қолданылатыны.   Сілтеу

есімдіктерінің   не   кеңістікті,   не   мезгілге   мезгейтіні,

нұсқайтыны. Сілтеу есімдіктерінің кеңістікті нұсқағанда, онда

алыстық,   қашықтық   мағынасы   аңғарылатыны.   Осы

ерекшелігіне қарай сілтеу есімдіктері екі топқа жіктелуі.

Сілтеу   есімдіктері   мезгілге   қатысты   қолданылғанда,

нұсқайтын жақындығын немесе бұрынырақтығын білдіретіні.

Сілтеу   есімдіктерінің   түрленудегі   ерекшелік,   сілтеу

есімдіктерінің   ішкі   топтарының   түрленуі,   оның   айырмасы.

Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі.



Сұрау   есімдіктері,   оның   мағынасы,   сұрау   есімдіктеріне

жататынс   өздер.   Сұрау   есімдіктерінің   морфемдік   құрамы,

олардың   құрамындағы   қосымшалардың   оның   қандай

сөздердің   тобына   қойылатын   сұрақ   екеніне   қатысы.   Сұрау

есімдіктерінің   ішіндегі   кім?   не?   сөздерінің   түрленуі.   Сұрау

есімдіктерінің   қолданылуына   қарай   сұрау   мағынасын

білдірмейтін жағдайлары. 

Өздік   есімдікке   жалғыз   «өз»   сөзі   жатқанымен,   оның

тәуелденген   формаларының   тілде   қолданылу   аясының

молдығы.   Тәуелденген   өз   сөзі   бастауыш   болғанда,   оның

баяндауышпен   жақ   арқылы   қиысуы,   басқа   тәуелденіп

бастауыш болған сөзден айырмасы. 

Тәуелденген   өздік   есімдіктің   зат   есімдерше   түрленуі,

соған лайық барлық сөйлем мүшесі қызметін атқаруы.

Белгісіздік   есімдік,   оның   мағынасы,   құрамындағы

сөздер,   олардың   морфемдік   құрамы.   Белгісіздік   есімдік

жасауға белсенді қатысатын морфемалар.

Болымсыздық   есімдіктер,   олардың   мағынасы.

Болымсыздық   есімдіктердің   жасалуына   белсенді   қатысатын

морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі,

олардың тілде қолданылу аясы. Болымсыздық есімдіктердің

қолданыста   өзінен   кейін,   негізінен   болымсыз   формадағы

мағынаның   экспрессивтік   мәнге   ие   болуына   қатысуы.

Болымсыздық есімдіктердің синатксистік қызметі. 

Жалпылау   есімдіктері,   оның   мағынасы,   құрамындағы

сөздер.   Жалпылау   есімдіктерінің   заттық   ұғымды   білдіретіні

және   кейде   анықтау   ұғымдарын   білдіруге   қатыстылығы.

Жалпылау есімдіктерінің жіктік жалғауды қабылдамайтыны.

Олардың   септелу   ерекшеліктері.   Жалпылау   есімдіктерінің

сөйлемдегі қызметі.



8-тақырып.  Етістік.  Етістіктің  лексика-грамматикалық  және

грамматикалық   категориялар.   Салт   және   сабақты

категориясы.

Етістіктің   сөз   таптары   ішіндегі   ең   күрделі   сөз   табы

екендігі.   Етістік   сөз   табының   қазақ   тіл   білімінде   зерттелу

жайы.   Етістіктің   лексика-семантикалық   жағынан   алуан

түрлігі,   өзі   шінде   қозғалыс,   амалды   білдіретін,   өсіп-өну,

бағыт-бағдар,  көру-сес,  мінез-құлық, бейнелеу мәнді,   көңіл-

күй мәнді, қалып етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір

етістіктер, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер.

Күрделі етістіктер жүйесі ол туралы қазіргі тіл білімнің жаңа

пайымдаулары тең компонет күрделі етістік, құрамды етістік,

аналитикалық   формалы   етістік   т.б.   Негізгі   және   көмекші

етістіктер. Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктерідң түрлері.



Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы,

аналитикалық   форматтардың   етістіктің   гармматикалық

категорияларын   қатыстылығы.   Етістіктің   лексика-

грамматикалық   және   грамматикалық   категориялары.

Салттылық және сабақтылық категориясы. Салт, сабақтылық

мәннің   етістіктің   мағынасына,   объект   мен   субъектіге

қатыстылығы.   Етістік   категориясы   субъекті   мен   объекті

қимылға (және керсінше) түрліге қарым-қатынасын білдіретін

арнайы   грамматикалық   формалар   жүйесі   екендігі.   Етіс

түрлері,   ол   жөніндегі   зерттелу   мен   оқулықтардағы   ой-

пікірлері.   Өздік   етіс,   білдіретін   грамматикалық   қимылға

қатысты   субъект,   оының   граммикалық   тұлғасы,   жасалуы,

жұрнақтары.   Ырықты   етіс,   мағынасы,   жасалуы,   жұранқаты.

Оның   басқа   тұлғалармен   ұқсастығы   және   айырмашылығы.

Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтар. Оны басқа ұқсас

тұлғалардан   ажырату.   Етістік   жұрнақтардың   бір   сөзде

қабаттаса қолданылу ерекшелігі. 

9-тақырып.  Етістіктің   болымды-болымсыздық   категориясы.

Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.

Етістіктің   болымды-болымсыз   категориясы.   Болымды-

болымсыздықтың   бір   грамматикалық   категорияның   қарам-

қарсы   екіжағы   екендігі,   етістіктердің   болымды-

болымсыздығының   берілу   жүйесі,   болымдылық   пен   нолдік

тұлғаның   сәйкестігі,   болымсыздық   мағынаның   етістікке

синтетикалық,   аналитикалық   жолмен   берілетіндігі   туралы.

Болымды-болымсыз мағынаның қазақ тіліндегі бар етістікке

қатыстылығы.

Қимылдың   өту   сипаты   етістіктің   дербес   лексика-

грамматикалық   категориясы   екендігі,   оның   ғылымда

танылуы   мен   зерттелуі,   өздік   семантикалық   және

грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері. 

Есімше,   көсемше,   тұйық   етіс   тұлғаларының   етістіктің

грамматикалық   категориялары   ішіндегі   орны.   Есімше,   оның

түрлері,   мағынасы,   жасалуы.Есімшенің   екі   жақты   қызмет

атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі,

жіктелуі.   Есімшенің   сөйлемде   атқаратын   қызмет.   Көсемше.

Көсемшенің   мағынасы,   жасалуы.   Көсемшенің   әрі   қимылды,

әрі   қимылдың   амалын   білдіретін   қызметі   туралы.   Көсемше

формалрының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік

құрамындағы   қолданысы,   орны.   Көсемшенің   жіктелуі,

сөйлемде атқарытн қызметі. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің іс-

әрекеттің   өту,   істелу   процесін   емес,   атауын   білдіретіндігі,

қимыл атауы, қимыл есім атаулары жайлы. Тұйық етістіктің



көптелуі,   септелуі,т   әуелденуі,   сөйлемдегі   синтаксистік

қызметі.


Модальдық   категория,   модальдылық   жөніндегі

көзқарастар, пікірлер.



10-тақырып. Рай категориясы.

Рай   категориясы.   Рай-мазмұн   жағынан   да,   форма

жағынан   да   бай   грамматикалық   категория.   Етістіктегі

грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса

көрінуі.

Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау

рай.   Ашық   райдағы   іс-әрекеттің   шақтық   ұғыммен

байланыстылығы. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары I,

II және III жақтағы мағналардың бұйыру мәнен қатыстылығы.

Бұйрық   райдың   синтетикалық   және   аналитикалық

формалары.   Бұйрық   арйформаларындағы   етістіктің   жіктелу

ерекшілктері.   Бұйрықрайдың   жақ   тұлғасы,   етістіктің   түбір

тұлғасы,   нольдік   тұлға   ұғымдарының   бір-бірімен

арақатынасы   туралы   қазақ   тіл   білімндегі   зертеушілердіңой-

пікірлері.   Шартты   рай,   білдіретін   мағыналары,   жасалу

(синтетикалық,   аналитикалық)   көрсеткіштері.   Жіктеу

ерекшілігі,   -са,-се   жұрнағының   қосалқы   қызметтері   және

одан   туындайтын   модальдік   мәндер.   Қалау   рай,   білдіретін

мағынасы қалау мағнасының түрлі нүктелері және олардың

берілу   жолдары.   Қалау   райдың   синтетикалық   және

аналитикалық формалары.

11-тақырып. Шақ категориясы.

Шақ   категориясы   етістікті   өзге   сөз   таптарынан

ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі.

Шақ   түрлері:   осы   шақ,   келер   шақ,   өткен   шақ.   Шақ   түрлері

және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар

пікірі.   Осы   шақ,   оның   мағынасы,   сол   мағынаны   білдіретін

амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің

болымды-болымсыз  формада  қолданылуы.   Өткен   шақ,   оның

сөз   ішінде   бөлінуі,   өткен   шақтың   түрлері,   олардың   берілу

жолдары.   Келер   шақ,   оның   түрлері,   жасалуы.   Етістіктің

жіктелуі.   Етістіктің   жақ   категориясы.   Етістіктің   сөйлемдегі

синтаксистік қызметі.



12-тақырып. Үстеу. Еліктеу сөздер.

Үстеу-сөз   табының   бірі,   оның   семантикалық   сипаты.

Үстеудің   қимылдың   алуан   түрлі   күй-жағдайларын,   түрлі

белгілерін  білдіретіндігі,  өз алдына жеке сөз табы   екендігі.

Үстеу   сөз   қатарының   тілдің   түрлі   тәсілдері   арқылы   тарихи

қалыптасқаны.   Сондықтан   басқа   да   сөздер   тобымен

төркіндігі   морфологиялық   құрамы   жағынан   негізгі   түбір,


туынды   түбір   үстеулер   болатындығы.   Дара   және   күрделі

үстеулер   болып   бөлінетіндігі.   Үстеулердің   арнайы

морфологиялық   түрлену   жүйесінің   жоқ   екендігі.   Үстеу

грамматикалық  категориясы   жоқ  сөз  табы.   Үстеу   сөздердің

мағынасына   қарай   мезгіл,   мекен,   мөлшер,   сын-бейне,

күшейту,   мақсат,   себеп-салдар,   топтау   үстеулері   болып

бөлінетіндігі.   Мезгіл   үстеулері   қимылдың   жалпы   я   дәл

мерзімін   білдіріп,   қашан?   қашаннан?   сұрақтарына   жауап

берітіндігі,   мезгіл   үстеулердің   қатары.   Мезгіл   үстеулер,

олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі

болып   келуі,   жасалу  жолдары,   сөйлемдегі  орны,   атқаратын

синтаксистік   қызметі.   Мекен   үстеулері,   олар   қимылдың

орынн, мекенін, бағытын білдіруі, сұрақтары қайда? қайдан?

Мекен   үстеуіне   жататын   сөздер,   олардың   тұлғаларының

бірыңғай   еместігі.   Мақсат,   себеп-салдар,   топтау   үстеулері,

білдіретін   мағыналары,   сұрақтары,   оларға   жататын   үстеу

сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Пысықтауыш болуы,

үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын

тұратындығы,   алайда   мезгіл   үстеулерінің   сөйлемде   орын

талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеулердің бастауыш,

толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.

Еліктеу   сөздердің   лексикалық   жне   тұлғалық   жағнан

өзгеше   сөз   табы   екендігі.   Еліктеу   сөздердің   қатары

айналадағы   түрлі-түрлі   дыбыстарға   еліктеуден   қимыл-

әрекеттерді,   қилы-қилы   көріністерін   бейнелеуден   туатын

сөздер тобы екендігі.

Еліктеу   сөздердің   түрленбейтіндігі.   Еліктеу   сөздердің

іштей   еліктеуіш   және   бейнелеуіш   сөздерге   бөлінетіндігі.

Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің

сөйлемдегі   қызметі.   Олардың   сөздермен   тіркесу   қабілеті

туралы.

Еліктеу   сөздердің   фонетика-морфологиялық   сипаты.



Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының буын жігінің, айтылу

ырғағының   қалыптасқан,   әрі   орнықты,   әрі   жүйелі

заңдылықтарының   бар   екендігі.   Еліктеу   сөздердің

құрылысына   қарай   дара   және   күрделі   болып   келетіндігі.

Дара   еліктеу   сөздердің   негзігі   және   туынды   болып

бөлінетіндігі.   Негізгі   еліктеу   сөздерге   есту,   көру   арқыл

қабылднған   табиғат   құбылыстары,   көрініс   бейнелерінің

атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы

сипаттама.   Күрделі   еліктеу   сөздер.   Негізінен   етістіктермен

тіркесіп   пысықтауыш   мүше   қызметін   атқаратындығы,

құранды   мүшенің   құрамында   келіп   бастауыш   қызметінде


қолданылуы.   Зат   есімдермен   тіркесіп   анықтауыштық

қызметте де келетіндігі.



13-тақырып. Шылау. Одағай

Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі

дербестігінен   айырылған   көмекші   сөздер   ретінде   қызмет   атқаратыны.

Шылаулардың   дәнекерлік   қзметінің   және   атаушы   сөзддермен   тіркесу

қабілетінің   олардың   қалыптасқан   грамматикалық   мағыналарының

сипаттарына   қарай   жалғаулықтар,   септеуліктер,   демеуліктер   болып

бөлінетіндігі.

Жалғаулықтар,   олардың   өздеріне   тән   грамматикалық   қызметі.

Жалғаулықтардың өзар тең дәрежедегі бірыңғай сөөздерді, сөз тіркестерін,

сөйлемдерді   байлнстыратындығы.   Байланыстру   қабілетіне   қарай

салыстырғыш   және   сабақтастырғыш   жалғаулықтар   болып   бөлінетіндігі.

Ыңғайлас,   талғаулықты,   қарсылықты,   себеп-салдар,   шарттық,   ұштастрғыш

жалғаулықтар,   олардың   қатары,   сипаттамалары.   Септеуліктер,   олардың   өзі

қатысты   сөздің   белгілі   тұлғада   тұруын   талап   ететіндігі   және   тіркескен

сөздерге   себептік,   бағыттық,   мезгілдік   грамматикалық   мағыналарды

үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің

ұқсастығы   мен   айырмашылығы.   Демеуліктер,   олардың   өздері   тіркесетін

сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай

сұраулық,   күшейткіш,   болжал,   болымсыздық,   қомсыну   мәнді   демеуліктері

болып бөлінетіндігі.

Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағнан адамның әр түрлі көңіл-

күйіне   байлансты   ишарттар   және   төрт   түлік   малға   арнайы   айтылатын,

сөйлемде   басқа   сөздермен   грамматикалық   байланысқа   түспейтін,   оқшау

қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың

түрлері: негзгі одағайлар, туынды одағайлар. Одағалардың мағынасына қарай

бөлінулері:   көңіл-күй,   ишарат   одағайлары.   Одағайлардың   сөйлемде   лепті,

сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем

мүшесі   бола   алатындығы.:   1)   көмекші   етістіктерімен   тіркесіп,   күрделі

мүшенің   құрамында   келгенде;   2)   түрлі   қосымшаларды   қабылдау   арқылы

заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.



3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып.   Грамматика   жән   оның   салалары.   Тілдің

грамматикалық   құрылысы.   Грамматикалық   мағына   мен

грамматикалық форма. Грамматикалық категория.

Грамматиканың   зерттеу   объектісі,   грамматиканың

салалары,   морфология,   синтаксис,   морфологияның   зерттеу

объектісі. Тілдің грамматикалық құрылысы ұғымы не жайлы,

негізгі грамматикалық ұғымдар.

Грамматикалық

 

және


 

лексикалқ

 

мағына


айырмашылығы,   ара   қатынасы.   Грамматикалық   мағына,

түрлері, тілде олардың берілу тәсілдері. Ол туралы ғалымдар

пікірлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма,


олардың   бір-бірімен   байланыстылығы.   Грамматикалық

форманың   берілу   тәсілдері.   Грамматикалық   мағына   ме

грамматикалық форманың сәйкестігі. Ол туралы ғылымдағы

көзқарастар.   Нөльдік   форманың   қазақ   тіліндегі

парадигмалық   сипаты.   Грамматикалық   категория   ұғымы

грамматикалық   категорияның   сипаты.   Грамматикалық

категория түрлері.

2-тақырып. Сөз таптары. Сөздерді таптастыру принциптері.

Сөздерді   таптастырудың   негізгі   принциптері,   ол

принциптердің мәні мен сипаты. Сөз таптарының шығуы мен

дамуы. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Бейтарап сөздер.



3-тақырып. Зат есім.

Зат   есімнің   семантикалық   сипаты.   Семантикалық

ерекшеліктері бар топтары адмзт, ғалмзат есімдері, жалпы,

жалқы   зат   есісмдер.   Жалқы   есімдердің   ауқымы,   өз   ішінде

бөлінуі, қолдалынуо аясы. Даралау, жинақтау, көптік, эмоция-

экспрессивтік мәнді зат есімдер. Зат есімнің морфологиялық

сипаты. Зат есімнің құрылымы: жалаң, күрделі зат есімдер.

Түбір, туынды зат есімдер. Күрделі зат есімдер.   Зат есімнің

көптік   категориясы.   Зат   есімнің   тәуелдік   категориясы.   Зат

есімнің   септік   категориясы.   Зат   есімнің   жіктелу   ерекшелігі.

Көмекші есімдер, олардың көлемдік, мезгілдік мәнді білдіруі,

көмекші   есімдердің   зат   есім   шеңберінде   қолданылу

ерекшелігі.   Зат   есімнің   сөйлемдегі   қызметі.   Зат   есімнің

сөйлемдегі

 

қызметі


 

оның


 

түрлену


 

жүйесімен

байланыстылығы.

4-тақырып. Сын есім

Сын   есімнің   мағынасы.   Сын   есімге   жататын   сөздер.

Семантикалық   сипаты.   Сапа   және   қатыстық   сын   есімдер,

құрамы.   Сын   есімнің   грамматикалық     ипаты.   Сын   есімнің

шырай   категориясы.   Шырай   түрлері,   жасалуы.   Сын   есімнің

сөйлемдегі қызметі.



5-тақырып. Сан есім.

Сан   есімнің   лексикалық   және   грамматикалық   сипаты.

Сан   есімнің   құрылымына   әсері,   дара   және   күрделі   сан

есімдер.   Сан   есімнің   мағыналық   топтары,   олардың

сұрақтары, қатары, жасалуы, сөйлемдегі қызметі.

6-тақырып.  Есімдік

Есімдіктің   лексика-грамматикалық   сипаты.   Сөз   табы

ретіндегі   ерекшелігі,   мағыналық   түрлері.   Жіктеу,   сілтеу,

сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктері,

ерекшелктері,   олардың   түрленуі,   сөйлемдегі   қызметі,

есімдікке ауысқан сөздер.



7-тақырып. Етістік

Етістіктің   лексика-семантикалық,   грамматикалық

сипаты.   Етістіктің   зерттелуі.   Етістіктің   семантикалық

топтары,   зерттелуі,   туынды   етістіктер.   Етістік   түбірдің

семантикалық   ерекшеліктері,   ғалымдар   көзқарастары.  

Негізгі   және   көмекші   етістіктер.   Көмекші   етістіктердің

түрлері.   Етістіктің   аналитикалық   форманттары,   құрылымы,

мағыналары.  Қалып етістіктері. Қимылдың өту сипаты. Дара

және   күрделі   етістктер.   Күрделі   етістік   мәселесі   туралы.

Қазақ тіл біліміндегі жаңа көзқарастар, зерттеулер.

Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Салт,

сабақты   етістіктер.   Салт,   сабақтылықтың   объект   және

субъектіге қатыстылығы. Салт етістіктің сабақтыға, сабақты

етістіктің   салтқа   айналуы.   Етістер,   етістің   түрлері:   негізгі

етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс. Етістердің білдіретін

мағыналары,   әрқайсысының   жасалу   ерекшелігі.   Етіс

жұрнақтарының қабаттаса қолданылуы.



8-тақырып. Етістік

Болымды,   болымсыз   етістіктер.   Болымды   мағыналық

етістік,   түбірмен   сәйкестігі.   Болымсыз   мағынаның   етістікте

берілу   тәсілдері.   Синтетикалық,   аналитикалық   тәсілдер,

көрсеткіштері.   Болымды,   болымсыз   мағынаның   барлық

етістікке тән екендігі.

Есімше,   оның   жасалуы,   мағыналық   түрлері.   Есімшенің

есіммен   етістікке   қатыстылығы.   Есімшенің   түрленуі,

синтаксистік қызметі, жіктелуі.

Көсемше,   білдіретін   мағынасы,   негізгі   және   жанама

қимылды   білдіруі,   жасалуы.   Көсемшенің   жіктелуі,   сөйлемде

атқаратын қызметі. 

Тұйық  етістік,  білдіретін  мағнасы.  Тұйық етістіктің  шақ

категориясына   қатыстылығы.   Тұйық   етістіктің   қолданылу

ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.

9-тақырып. Етістік

Етістіктің   рай   категориясы.   Модальдік   мағынаның   рай

формалары   көрініес.   Рай   түрлері:   ашық   рай,   бұйрыққ   рай,

қалау   рай,   шартты   рай.   Ашық   рай   оның   басқа   райлардан

ерекшелігі,   білдіретін   мағынасы,   ашық   рай   формасында

қолданылатын   етістіктің   жіктелуі.   Бұйрық   рай,   мағынасы,

семантикалық   мәні.   Бұйрық   рай   формасындағы   етістіктің

жіктелу ерекшелігі. Қалау рай мағынасы, семантикалық мәні,

рай   жасаушы   морфмемалар.   Қалау   райдың   аналитикалық

мәні. Қалау рай формасындағы етістіктің жіктелу ерекшелігі.

Шартты     рай,   мағынасы,   жасалуы,   сөйлем   құрылымдағы

ерекшеліктері. Шартты райдың аналитикалық форманттары.

Шартты рай формасындағы етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ


категориясы,   жіктелуі   (қысқаша,   толық,   көпше,   жекеше

түрлері, етістіктің әр категориясын өткендегі жіктелуі туралы

мәліметтерді жинақтау туралы)

10-тақырып.Үстеу

Үстеу-өз   алдына   жеке   сөз   табы.   Үстеудің   лексика-

грамматикалқ   сипаты.   Үстеудің   мағыналық   топтар:   мезгіл,

мекен,   мақсат,   себеп-салдар,   топтау   үстеулер.   Оларға

жататын   сөздер,   құрамы,   қолданылу  ерекшеліктері.   Оларға

жататын   сөздер,   құрамы,   қолданылу   ерекшеліктері.   Дара,

күрделі үстеулер. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

11-тақырып. Еліктеу сөздер

Еліктеу   сөздерге   жататын   сөздер.   Еліктеу   сөздердің

түрлері. Еліктеуіш сөздер, олардың, дыбыстық құрамы, буын

жігі, қолданылуы. Еліктеу сөздердің құрамы, басқа сөздермен

тіркесуі. Еліктеу сөздердің сөйлемедгі қызметі.

12-тақырып. Шылау

Шылаулардың сөз табы ретіндегі лексика-семантикалқы

сипаты.   Шылаулардың   түрлері:   жалғаулықтар,   олардың

негізі қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері; септеуліктер,

олардың негзгі қызметі мен мағыналық түрлері, жалғаулық

шылаулармен ұқсастығы және айырмашылығы; демеуліктер,

олардың   қызметі,   өз   ішіндегі   мағыналық   түрлері,   кейбір

демеуліктердің емілесі.



13-тақырып. Одағай

Одағайдың   сөз   табы   ретіндегі   ерекшелігі.   Одағайдың

құрылымы.   Одағайдың   мағыналық   түрлері.   Одағайдың

сөйлемдегі қызметі.



3.4 СӨЖ мазмұны

№ СӨЖ мазмұны

Есеп 

беру 


формас

ы

Бақылау түрі



Сағат

көлемі


ҚТмӘ-

301


Сағат

көлемі


СҚТӘ-31

1

Дәріс сабақтарын 



өңдеу

Сабаққа 


қатысу

15(1x15)


15 (1x15)

2

Үй тапсырмасын 



орындау

Жұмыс 


дәптері

Сабаққа 


қатысу

15(1x15)


15 (1x15)

3

Қосымша 



материалдарға 

дайындық


Конспе

кт 


Коллоквиум 

28

28



4

Бақылау шараларына

дайындық

РК 1, РК 2

2

2

5



Бақылау жұмысын 

орындау


Жазба

ша

Бақылау 



жұмысы

18

Барлығы



60

78


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікрлер.

Көмекші   есімдердің   мағынасы   мен   қызметі.   Күрделі   зат

есімдердің түрлері, орфографиясы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-50 беттер, [4], 3-70 беттер, 

[15], 5-20 беттер, [16], 5-23 беттер.

2. Күрделі   сын   есімдердің   ішкі   құрамдарының   түрлері.

Салыстырмалы   шырайдың   жасалу   жолдары.   «Бір»   сан

есімнің   қолданыс   ерекшелігі.   Құрамында   сан   есім   бар

тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданылуы.

Ұсынылатын әдебиет: [15], 5-80 беттер, [21], 5-100 

беттер.


3. Есімдіктің   есімдер   тобына   жататындығы,   мағынасының

жалпылығы,   оның   қандай   мағынада   қолданылуы

контекстен   көрінетіндігі.   Жіктеу,   сілтеу   есімдіктерінің

түрленуі.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 5-50 беттер, [10], 30-70 беттер.

4. Етістік   түбірдің   семантикалық   ерекшеліктері   туралы

ғалымдар көзқарасы. Қимылдың өту сипаты категориясы.

Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылу ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [12],  100-110 беттер, [16], 62-78 

беттер.


5. Шартты   райдың   мағынасы.   Қалау   рай   мен   шартты

райлардың   тұлғасындағы   ұқсастық   пен   айырмашылығы.

Есімше,   көсемшелердің   сөйлемдегі   қызметі.   Етістіктің

шақтары, жасалу жолдары, түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 105-115 беттер, [16], 56-79 

беттер.


6. Үстеудің   тарихи   қалыптасуы,   үстеу   түбірлері.   Еліктеу

сөздердің мағыналық топтары. 

Ұсынылатын әдебиет: [3], 56-98 беттер, [14], 46-

73беттер.

7. Жалғаулықты   шылаулардың   салаластырғыштық   және

сабақтастырғыштық болып екіге бөлінуі. Одағай, тұлғалық

құрылмы.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-69 беттер, [11], 112-

120беттер.

8. Зат   есімнің   мағыналық   топтары.   Көмекші   сөздердің

қолданылу   ерекшеліктері.   Тәуелдік   жалғаудың

грамматикалық қызметі.



Ұсынылатын әдебиет: [1], 52-65беттер, [4], 30-45беттер.

9. Септік жалғауларының қызметі. Көптік мағынаның берілу

жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 16-36 беттер, [7], 15-35 беттер.

10. Сын   есімнің   мағыналық   ерекшеліктері.   Сан   есімнің

мағыналық топтарының қолданыстағы ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [13],5-90 беттер, [18], 5-60беттер.

11. Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [14], 62-79 беттер, [15], 102-

123беттер.

12. Етістіктің   лексика-семантикалық   топтары.   Күрделі

етістіктердің   құрылымдық   ерекшеліктері.   Есімшенің

синтаксистік қызметі.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 5-56 беттер, [16], 3-63 беттер.



Бақылау жұмыстарының тақырыптары

1 Зат   есімінің   жасалу   жолдары   (синтетикалық,

аналитикалық, лексикалық) тәсілдері)

2 Сөздердің бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысу 

жолдары

3 Сан есім мен сын есімнің ұқсастықтары мен өзіндік 



ерекшеліктері.

4 Сандық категориясы

5 Етістіктің лексика-семантикалық түрлері

6 Бұйрық   рай,   семантикалық   мәні,   аналитикалық,

синтетикалық формалары

7 Етістіктің сөйлемдегі қызметі

8 Үстеулердің сөлемдегі синтаксистік қызметі

9 Шылаулардың   емлесі.   Жалғаулықты,   демеулік

шылаулар

10Модаль сөздер

11Көсемшенің синтаксистік қызметі.

          

Выписка из рабочего                                                                                              Форма    

                  учебного плана                                                                                          Ф СО ПГУ 7.18.1/10

                специальности(ей) 

050117   «Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»   мамандығының   оқу

жұмыс жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы


Оқу 

түрі


Бақылау формасы

Студент


жұмысын

ың көлемі

Сағаттың курс және семестр

бойынша бөлінуі

Е

м

т



.

сы

н



а

қ

К



К



ұ

м

.



Е

Г

Ж



б

а

қ



ұ

м Барлығы



Д

ә

р



іс

Т

ә



ж

ір

и



б

е

О



С

Ө

Ж



С

Ө

Ж



Д

ә

р



іс

Т

ә



ж

ір

и



б

е

О



С

¤

Ж



С

Ө

Ж



ж

а

л



п

ы

А



у

д

и



т

о

р



.

С

Ө



Ж

Күндіз


гі 

ЖОБ 


негізін

де

5



90

3

0



6

0

5-семестр



6- семестр

15 15


15

4

5



Сыртт

ай

ЖОБ 



негізін

де

6



6

90

1



2

7

8



5-семестр

6-семестр

6

6

8



70

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 

Мектеп, 1997

2 Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-

болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. А., 1996

3 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., Ана тілі, 1992

4 Балақаев М. Қазіргі қазақ тіл. А., 1992

5 Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А., 1999

6 Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А., 1983

7 Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 

сипаты. А., 1998

8 Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық 

ұғымдар. А., 1992

9 Қайдаров А. Структура односложных корней и основ в 

казахском языке. А., 1986

10Қазақ грамматикасы. Астана, 2002

11Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 

А., 2004


12Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А.,

1996


13Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 

1961


14Төлеуов Ә. Сөз таптары. А., 1982

15Ысқақов А. Қазіргі қазқ тілі. А., 1991



Қосымша:

16Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 

А.,1971

17Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың функционалды 



сипаты. Павлодар, 2002

18Шаһарман   Г.   Қазақ   тіліндегі   сан   есім   сөздерден

жасалған   туындылардың   мағыналық   ерекшеліктері.

Алматы, 1998



 

Методические указания                                                                                                        Форма

                                                                                                                                       Ф СО ПГУ 7.18.2/05

                               

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


«Қазіргі   қазақ   тілінің   морфологиясы»   пәні   бойынша

050117-«Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»   мамандығына

тәжірибешілік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар 2008

         Лист утверждения к                                                                                                     Форма

       методическим указаниям                                                                                     Ф СО ПГУ 7.18.1/05

                        

БЕКІТЕМІН

ФЖиӨ факультетінің 

деканы                           

_____________ 



Ж.Т.Сарбалаев

                                                                                  «___»_________

____2008ж


     

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева

Қазақ филологиясы кафедрасы

Әдістемелік нұсқау

Тәжірибешілік сабақтарға арналған

«

Қазіргі   қазақ   тілінің   морфологиясы»   пәні   бойынша



050117-«Қазақ   тілі   мен   әдебиеті»   мамандығының  студенттері

үшін


  Қазақ   филологиясы   кафедрасының       «___»___2008ж.

мәжілісінде ұсынылды.  

Хаттама №__ 

Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

          

                                   

Филология,   журналистика   және   өнер   факультетінің

«_____»_____2008   ж.     әдістемелік   кеңесінде  мақұлданды.

Хаттама №___

ӘК төрайымы____________________М.В.Семенова 



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Бағдарлама қазақ тіліндегі сөздердің  тұлғалыұ өзгеруі,

сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен

тәсілдері,  амалдары  туралы және сөз атаулының әлденеше

рет   өзгеріске   ұшыраған   түрлері   мен   олардың   топтарға

бөлінуі,   әр  топқа  енген   сөздердің   өзіне  тән   грамматикалық

сыр-сипаты   жөнінде   студенттерге   терең   теориялық   білім

беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық



тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми

түсіну міндетін қояды.



Пәнді оқыту мақсаты

Студенттерге   теориялық   білім   беріп,   сол   теориялық

түсінікті   пайдаланыпа   тілдік   элементтердің   құрылымдық

ерекшеліктерін   талдаулар   жасау   арқылы   ерікін   пайымдай

алатындай дәрежеде білім беру.

Пәннің міндеттері:

- Болашақ   мұғалімдерді   қазіргі   қазақ   тілінің

морфологиялық   құрылысының   теориялық   негіздерімен

таныстыру;

- Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ, СӨЖ

арқылы   студенттердің   морфолгиядан   бағдарламалық

материалдарды

 

меңгертіндей



 

шеберліктерін

қалыптастыру;

- Студенттердің   морфологияға   қатысты  

  ғылыми

еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін

дамыту.

Студенттер білуі тиіс:

- сөздердің

 

морфологиялық  



құрылымы,

 

негізгі



грамматикалық   ұғымдар   (грамматикалық   мағына,

граммтикалық форма, грамматикалық категория); сөздің

құрамы   және   морфемалардың   түрлері;   сөз   формалары

және оалрдың жасалу тәсілдері, түрлері;

- сөз таптары, олардың жіктелуі;

- зат есім,  оның лексика-грамматикалық сипаты,  түрлену

жүйес, синтаксистік сипаты;

- сын   есім,   оның   семантикалық   топтары,   шырай

категориясы, синтаксистік қызметі;

- сан   есім,   оның   лексика-семантикалық,   морфологиялық,

семантикалық   өзгешелігі,   семантика-морфологиялық

топтары;


- есімдіктер және олардың мағыналық топтары;

- етістіктің   лексика-семантикалық,   морфологиялық

сипаты, етістік формаларының жүйесі;

- үстеудің   морфологиялық   белгілері,   түрлері,   мағыналық

түрлері, сөйлемдегі қызметі;

- еліктеу

 

сөздердің



 

семантикалық,

 

фонетика-



морфолгиялық, синтаксистік сипаты;

- одағайлардың түрлері, қызметі;

- модаль сөздер, олардың ерекшеліктері.

Студенттер істей білуі тиіс:

- Сөз таптарын ажырата білуі тиіс;

-   Әр  сөз   табының   ерекшеліктеріне   қарай   талдау  жасай

білуі тиіс;

- Морфологиялық талдау жасай білуі тиіс.

 2 Пререквезиттер:

Нормативті қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы


Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып.   Грамматика   жән   оның   салалары.   Тілдің

грамматикалық   құрылысы.   Грамматикалық   мағына   мен

грамматикалық форма. Грамматикалық категория.

Грамматиканың   зерттеу   объектісі,   грамматиканың

салалары,   морфология,   синтаксис,   морфологияның   зерттеу

объектісі. Тілдің грамматикалық құрылысы ұғымы не жайлы,

негізгі грамматикалық ұғымдар.

Грамматикалық

 

және


 

лексикалқ

 

мағына


айырмашылығы,   ара   қатынасы.   Грамматикалық   мағына,

түрлері, тілде олардың берілу тәсілдері. Ол туралы ғалымдар

пікірлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма,

олардың   бір-бірімен   байланыстылығы.   Грамматикалық

форманың   берілу   тәсілдері.   Грамматикалық   мағына   ме

грамматикалық форманың сәйкестігі. Ол туралы ғылымдағы

көзқарастар.   Нөльдік   форманың   қазақ   тіліндегі

парадигмалық   сипаты.   Грамматикалық   категория   ұғымы

грамматикалық   категорияның   сипаты.   Грамматикалық

категория түрлері.



Тапсырма-1.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.  (Алматы,

2005) 213-б.



2-тақырып. Сөз таптары. Сөздерді таптастыру 

принциптері.

Сөздерді   таптастырудың   негізгі   принциптері,   ол

принциптердің мәні мен сипаты. Сөз таптарының шығуы мен

дамуы. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Бейтарап сөздер.

Тапсырма   -2.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.  (Алматы,

2005) 213-б.



3-тақырып. Зат есім.

Зат   есімнің   семантикалық   сипаты.   Семантикалық

ерекшеліктері бар топтары адмзт, ғалмзат есімдері, жалпы,

жалқы   зат   есісмдер.   Жалқы   есімдердің   ауқымы,   өз   ішінде

бөлінуі, қолдалынуо аясы. Даралау, жинақтау, көптік, эмоция-

экспрессивтік мәнді зат есімдер. Зат есімнің морфологиялық

сипаты. Зат есімнің құрылымы: жалаң, күрделі зат есімдер.

Түбір, туынды зат есімдер. Күрделі зат есімдер.   Зат есімнің

көптік   категориясы.   Зат   есімнің   тәуелдік   категориясы.   Зат

есімнің   септік   категориясы.   Зат   есімнің   жіктелу   ерекшелігі.

Көмекші есімдер, олардың көлемдік, мезгілдік мәнді білдіруі,

көмекші   есімдердің   зат   есім   шеңберінде   қолданылу

ерекшелігі.   Зат   есімнің   сөйлемдегі   қызметі.   Зат   есімнің

сөйлемдегі

 

қызметі


 

оның


 

түрлену


 

жүйесімен

байланыстылығы.


Тапсырма-1.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.  (Алматы,

2005) 254-б.



4-тақырып. Сын есім

Сын   есімнің   мағынасы.   Сын   есімге   жататын   сөздер.

Семантикалық   сипаты.   Сапа   және   қатыстық   сын   есімдер,

құрамы.   Сын   есімнің   грамматикалық     ипаты.   Сын   есімнің

шырай   категориясы.   Шырай   түрлері,   жасалуы.   Сын   есімнің

сөйлемдегі қызметі.



Тапсырма-1.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.  (Алматы,

2005) Б-269-270.



5-тақырып. Сан есім.

Сан есімнің лексикалық және грамматикалық сипты. Сан

есімнің   құрылымына   әсері,   дара   және   күрделі   сан   есімдер.

Сан есімнің мағыналық топтары, олардың сұрақтары, қатары,

жасалуы, сөйлемдегі қызметі.

Жаттығу   жұмысы   -1.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.

(Алматы, 2005) 285-б.

6-тақырып.  Есімдік

Есімдіктің   лексика-грамматикалық   сипаты.   Сөз   табы

ретіндегі   ерекшелігі,   мағыналық   түрлері.   Жіктеу,   сілтеу,

сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктері,

ерекшелктері,   олардың   түрленуі,   сөйлемдегі   қызметі,

есімдікке ауысқан сөздер.

Тапсырма-1,2,3.  Жаттығу   жұмысы   -1,2,3.   Қазіргі   қазақ

тілі. Оқу құралы. (Алматы, 2005) 213-б.



7-тақырып. Етістік

Етістіктің   лексика-семантикалық,   грамматикалық

сипаты.   Етістіктің   зерттелуі.   Етістіктің   семантикалық

топтары,   зерттелуі,   туынды   етістіктер.   Етістік   түбірдің

семантикалық   ерекшеліктері,   ғалымдар   көзқарастары.  

Негізгі   және   көмекші   етістіктер.   Көмекші   етістіктердің

түрлері.   Етістіктің   аналитикалық   форманттары,   құрылымы,

мағыналары.  Қалып етістіктері. Қимылдың өту сипаты. Дара

және   күрделі   етістктер.   Күрделі   етістік   мәселесі   туралы.

Қазақ тіл біліміндегі жаңа көзқарастар, зерттеулер.

Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Салт,

сабақты   етістіктер.   Салт,   сабақтылықтың   объект   және

субъектіге қатыстылығы. Салт етістіктің сабақтыға, сабақты

етістіктің   салтқа   айналуы.   Етістер,   етістің   түрлері:   негізгі

етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс. Етістердің білдіретін

мағыналары,   әрқайсысының   жасалу   ерекшелігі.   Етіс

жұрнақтарының қабаттаса қолданылуы.

Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы,

2005) 357-б.



8-тақырып. Етістік

Болымды,   болымсыз   етістіктер.   Болымды   мағыналық

етістік,   түбірмен   сәйкестігі.   Болымсыз   мағынаның   етістікте

берілу   тәсілдері.   Синтетикалық,   аналитикалық   тәсілдер,

көрсеткіштері.   Болымды,   болымсыз   мағынаның   барлық

етістікке тән екендігі.

Есімше,   оның   жасалуы,   мағыналық   түрлері.   Есімшенің

есіммен   етістікке   қатыстылығы.   Есімшенің   түрленуі,

синтаксистік қызметі, жіктелуі.

Көсемше,   білдіретін   мағынасы,   негізгі   және   жанама

қимылды   білдіруі,   жасалуы.   Көсемшенің   жіктелуі,   сөйлемде

атқаратын қызметі. 

Тұйық  етістік,  білдіретін  мағнасы.  Тұйық етістіктің  шақ

категориясына   қатыстылығы.   Тұйық   етістіктің   қолданылу

ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.

Тапсырма-3,4,5,6.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.

(Алматы, 2005) 358-359-б.



9-тақырып. Етістік

Етістіктің   рай   категориясы.   Модальдік   мағынаның   рай

формалары   көрініес.   Рай   түрлері:   ашық   рай,   бұйрыққ   рай,

қалау   рай,   шартты   рай.   Ашық   рай   оның   басқа   райлардан

ерекшелігі,   білдіретін   мағынасы,   ашық   рай   формасында

қолданылатын   етістіктің   жіктелуі.   Бұйрық   рай,   мағынасы,

семантикалық   мәні.   Бұйрық   рай   формасындағы   етістіктің

жіктелу ерекшелігі. Қалау рай мағынасы, семантикалық мәні,

рай   жасаушы   морфмемалар.   Қалау   райдың   аналитикалық

мәні. Қалау рай формасындағы етістіктің жіктелу ерекшелігі.

Шартты     рай,   мағынасы,   жасалуы,   сөйлем   құрылымдағы

ерекшеліктері. Шартты райдың аналитикалық форманттары.

Шартты рай формасындағы етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ

категориясы,   жіктелуі   (қысқаша,   толық,   көпше,   жекеше

түрлері, етістіктің әр категориясын өткендегі жіктелуі туралы

мәліметтерді жинақтау туралы).



Тапсырма-7.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.  (Алматы,

2005) 360-б.



10-тақырып.Үстеу

Үстеу-өз   алдына   жеке   сөз   табы.   Үстеудің   лексика-

грамматикалқ   сипаты.   Үстеудің   мағыналық   топтар:   мезгіл,

мекен,   мақсат,   себеп-салдар,   топтау   үстеулер.   Оларға

жататын   сөздер,   құрамы,   қолданылу  ерекшеліктері.   Оларға

жататын   сөздер,   құрамы,   қолданылу   ерекшеліктері.   Дара,

күрделі үстеулер. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

Тапсырма-1,2,3,4.   Қазіргі   қазақ   тілі.   Оқу   құралы.

(Алматы, 2005) 369-б.



11-тақырып. Еліктеу сөздер

Еліктеу   сөздерге   жататын   сөздер.   Еліктеу   сөздердің

түрлері. Еліктеуіш сөздер, олардың, дыбыстық құрамы, буын

жігі, қолданылуы. Еліктеу сөздердің құрамы, басқа сөздермен

тіркесуі. Еліктеу сөздердің сөйлемедгі қызметі.

Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы,

2005), 381-382-б.



12-тақырып. Шылау

Шылаулардың сөз табы ретіндегі лексика-семантикалқы

сипаты.   Шылаулардың   түрлері:   жалғаулықтар,   олардың

негізі қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері; септеуліктер,

олардың негзгі қызметі мен мағыналық түрлері, жалғаулық

шылаулармен ұқсастығы және айырмашылығы; демеуліктер,

олардың   қызметі,   өз   ішіндегі   мағыналық   түрлері,   кейбір

демеуліктердің емілесі.



Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы,

2005) 395-б.



13-тақырып. Одағай

Одағайдың   сөз   табы   ретіндегі   ерекшелігі.   Одағайдың

құрылымы.   Одағайдың   мағыналық   түрлері.   Одағайдың

сөйлемдегі қызметі.



Тапсырма-1,2,3. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. (Алматы,

2005), 406-407 -б.



Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 

Мектеп, 1997

2 Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-

болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. А., 1996

3 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., Ана тілі, 1992

4 Балақаев М. Қазіргі қазақ тіл. А., 1992

5 Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А., 1999

6 Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А., 1983

7 Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық 

сипаты. А., 1998

8 Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық 

ұғымдар. А., 1992

9 Қайдаров А. Структура односложных корней и основ в 

казахском языке. А., 1986

10Қазақ грамматикасы. Астана, 2002

11Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 

А., 2004


12Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А.,

1996


13Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 

1961


14Төлеуов Ә. Сөз таптары. А., 1982

15Ысқақов А. Қазіргі қазқ тілі. А., 1991



Қосымша:

16Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 

А.,1971

17Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың функционалды 



сипаты. Павлодар, 2002

18Шаһарман   Г.   Қазақ   тіліндегі   сан   есім   сөздерден

жасалған   туындылардың   мағыналық   ерекшеліктері.

Алматы, 1998



Document Outline

  • Ф СО ПГУ 7.18.2/06
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
  • Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
  • ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Семенова
    • КЕЛІСІЛДІ
    • Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2008 ж.
    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
      • Павлодар 2008
        • БЕКІТЕМІН
      • Қазақ филологиясы кафедрасы
  • Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
  • ӘК төрайымы____________________М.В.Семенова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет