3-тарау. Карта бойынша Кредит лимитін беру
1. Рұқсат етілген овердрафт беру тәртібі
93.
Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айға тең.
94.
Төлем кезеңі бір күнтізбелік айға тең.
95.
Карта беру туралы өтінішті қарастырғанда, Банк Кредит беру туралы шешім қабылдайды.
Кредит Картаның әрекет ету мерзіміне немесе Клиент жазбаша қайтарып алғанға және берешекті
толық көлемде өтегенге дейін беріледі. Кредит Өтініште және Банк Тарифтерінде белгіленген
талаптармен беріледі.
96.
Төлем кезеңі ішінде Клиент жалпы берешектің барлық сомасын өтеуге тиіс.
97.
Банк Есеп айырысу күніндегі Кредит үшін Сыйақыны Шот бойынша Операция өңделген күннен
бастап Есеп айырысу күніне дейін және/немесе Кредиттің толық сомасын және онымен байланысты
басқа төлемдерді қоса алғанда, өтегенге дейін есептейді.
98.
Клиент өтеу сомасын Шотына енгізгенде Банк автоматты түрде соңғы Есеп айырысу күнінен
кейінгі келесі күннен бастап соманы енгізген күнді қоса алғанға дейін Негізгі борыш және Мерзімі
кешіктірілген Негізгі борыш сомасына осы күнге Кредит үшін Сыйақы есептейді.
99.
Банк Картаны Қамтамасыз етудің түрін және мөлшерін және Кредит лимитінің мөлшерін өз
қарастыруы бойынша анықтайды.
100.
Банктің акцептісіз тәртіпте Кредит лимиті сомасын жоюға құқығы бар.
101.
Банк акцептісіз соттан тыс тәртіпте Карта мен Кредит қамтамасыз етуді Шот бойынша
дебиторлық берешекті өтеуге, сондай-ақ Кредит сомасын, Сыйақыны комиссиялық және айыппұл
пайыздарын, егер берешекті өтеу мерзімі 1(бір) күннен аса кешіктірілген болса, соттан тыс тәртіпте
пайдалануға құқығы бар.
102.
Клиенттің Банкке Кредит лимитінің мөлшерін өзгерту туралы жазбаша өтініш беруге құқығы
бар.
103.
Банктің Клиентке Кредит лимитін беруден немесе оның мөлшерін өзгертуден бас тартуға
құқығы бар.
104.
Рұқсат етілмеген овердрафтты Банк Клиентке мыналарды іске асыру үшін Қолжетімді лимит
жеткіліксіз болған жағдайда беруі мүмкін:
Тауар ақысын, Қызмет көрсету орындарының қызмет ақысын төлеу шығыс Операцияларын, оның
ішінде сақтандырушының, Картаны (оның деректемелерін) пайдаланып қолма-қол ақша, банктік
аударым және осы Операциялармен байланысты комиссияларды алу үшін;
Клиенттің Банкке есептелген төлем, комиссиялар және Кредитті пайдаланғаны үшін Сыйақылар
және Өтінішке, осы Стандартты Талаптарға және Тарифтерге сәйкес өзге төлемдерді төлеу үшін;
105.
Кредит лимиті шеңберіндегі Кредитті Банк Шотта кредит есебінен іске асырылатын (толық
немесе ішінара) Операциялар сомасы көрсетілген күннен бастап берілген деп есептеледі.
106.
Клиент міндеттемелерін мерзімінде орындамаған жағдайда Банк Тарифтерге сәйкес Мерзімі
кешіктірілген Негізгі борышқа тұрақсыздық айыбын есептейді. Борышты өтеу осы Стандартты
талаптарда белгіленген тәртіппен іске асырылады.
107.
Берешектің жалпы сомасы ай сайын Есеп айырысу күніне есептелген және ай сайынғы Үзінді-
көшірмеде көрсетілетін толық мөлшерде өтеледі.
108.
Клиенттің Банк алдындағы берешегі мыналардың нәтижесінде туындайды:
Банктің Клиентке Кредит беруі;
Банктің Клиенттің Кредитті пайдаланғаны үшін төлеуі тиіс Сыйақы есептеуі;
Банктің Клиент төлеуі тиіс ақылар мен комиссиялар есептеуі;
Шартты орындаумен байланысты Берешектің туындауына алып келетін басқа жағдайлардың
туындауы.
109.
Әрбір есеп айырысу аяқталғанда Банк Клиент Өтінішінде анықталған тәсілмен Үзінді-көшірме
құрастырады және береді. Үзінді-көшірме мыналардан тұрады:
Әрбір есеп айырысу кезеңі ішінде Шотта көрсетілген барлық Операциялар;
Есеп айырысу кезеңі басындағы (Кіріс баланс) және Есеп айырысу кезеңі аяғындағы баланс
(Шығыс баланс);
Есептелген сыйақы, өсімпұл, айыппұлдар ескерілген Берешек сомасы;
Банк Клиент назарына жеткізу қажет деп санайтын басқа ақпарат.
110.
Үзінді-көшірмеде көрсетілген Есеп айырысу кезеңі аяғындағы шығыс баланс Негізгі борыш,
мерзімі кешіктірілген негізгі борыш және Рұқсат етілмеген Овердрафт (бар болса) сомасынан
тұрады.
111.
Тарифтерде қарастырылған комиссия және Сыйақы, басқа төлемдер Негізгі борыш сомасына
капиталдандырылмайды, олар берешектің Жалпы сомасына жеке қосылады.
112.
Қарыз алушы осы Шарт бойынша жасаған төлем Қарыз алушының осы Шарт бойынша
міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қарыз алушының берешегі мынадай
кезектілікпен өтеледі:
1) Негізгі борыш бойынша берешек (оның ішінде рұқсат етілмеген овердрафт);
2) Сыйақы бойынша берешек;
3) ҚР заңнамасына сәйкес анықталған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін Негізгі борыш сомасы;
5) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген Сыйақы;
6) орындауды алу бойынша Банктің шығасылары.
Қарыз алушы осы Шарт бойынша жасаған төлем сомасы мерзімін кешіктіру бойынша
жүйелі 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн аяқталғанда Қарыз алушының осы Шарт бойынша
міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қарыз алушының берешегі мынадай
кезектілікпен өтеледі:
1) Негізгі борыш бойынша берешек (оның ішінде рұқсат етілмеген овердрафт);
2) Сыйақы бойынша берешек;
3) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін Негізгі борыш сомасы;
4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген Сыйақы;
5) ҚР заңнамасына сәйкес анықталған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
6) орындауды алу бойынша Банктің шығасылары.
113.
Шотқа енгізілген ақшаны Банк Берешекті толық көлемде өтеу үшін (Шотта берешекті өтеуге
жеткілікті ақша сомасы бар болғанда) немесе Шотта бар ақша көлемінде (Берешекті толық өтеуге
ақша сомасы жеткіліксіз болғанда) ҚР заңнамасына сәйкес есептен шығарады;
114.
Кредит лимитінің қолжетімді қалдығы Кредит лимитін толық көлемде қалпына келтіргенге
дейінгі Негізгі борыштың өтелген бөлігінің сомасына ұлғаяды;
115.
Клиенттің Шоттағы ақшасы және Берешектен асатын ақша Шотта қалады және Қолжетімді
лимитті ұлғайтады.
116.
Клиент Шотта берешекті өтеуге қажетті мөлшердегі ақша салмаған жағдайда Стандартты
Талаптарға сәйкес мұндай міндеттеме Клиенттің міндеттемені орындамауы деп қарастырылады,
бұл ретте:
117.
Өтеуге қойылған, бірақ уақытында төленбеген Негізгі борыш сомасы Мерзімі кешіктірілген
негізгі борыш деп есептеледі.
118.
Берешекті төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін Банк Тарифтерге сәйкес ақы
(өсімпұл) төлеуді талап етуге құқылы.
119.
Міндеттемелер мерзімінде орындалмаған жағдайда Банк Картаны (барлық Қосымша
Карталарды қоса) Оқшаулауға құқылы. Бұл ретте Картаның оқшаулауын алуды Банк төленбеген
борышты толық көлемде өтеуге жеткілікті ақша Шотқа түскеннен кейін жүргізеді.
120.
Клиент (Қарыз алушы) міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісті түрде орындамағанда
заңда белгіленген шектеулер ескерілген әрбір мерзімі кешіктірілген күн үшін мерзімі кешіктірілген
негізгі борыш сомасына есептелетін Банк Тарифтерінде анықталған мөлшерде тұрақсыздық айыбын
(өсімпұл/айыппұл) төлейді.
121.
Берешекті өтеу мерзімі Клиенттің Банкке Кредитті қайтаруын қоса, Банк Берешекті талап еткен
сәтте және осы Талаптарға сәйкес Банктің қарастыруымен анықталады.
122.
Клиент берешегінің жалпы сомасы мыналардан тұрады:
Қорытынды Шот-үзінді берілген күндегі жағдайға сәйкес Негізгі борыш сомасы және Рұқсат
етілмеген овердрафт сомасы;
Кредит лимиті шеңберінде берілген Кредит және Рұқсат етілмеген овердрафт (бар болса)
бойынша Кредит және Рұқсат етілмеген овердрафт берілген күннен кейінгі келесі күннен бастап
есептелген Сыйақы;
Шот есебінен шығарылмаған (бар болса) Клиент төлеуі тиіс ақылар, комиссиялар және басқа
төлемдер сомасы;
Мерзімі кешіктірілген негізгі борыш сомасы және мерзімі кешіктірілген Сыйақы сомасы.
123.
Кредитке қызмет көрсетумен байланысты Тарифтер Тараптардың келісім бойынша өзгертілуі
тиіс.
124.
Клиенттің ҚР аумағындағы және одан тыс жерлердегі басқа банктердегі (банктік
операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдардағы) шоттарынан ақша есептен
шығарылған жағдайда Клиент Банктің шоттарды тікелей дебеттеу арқылы есептен шығаруымен
байланысты барлық шығынын өтейді.
2. Жаңартпалы (Револьверлік) Кредитті беру тәртібі
125. Банк Клиенттің Кредит лимитін беру туралы офертасын Клиент Өтініште берген ақпарат,
сондай-ақ бар мәліметтер негізінде акцептілеген жағдайда Клиентке Тарифтерде қарастырылған,
Клиент Өтініште көрсеткен мөлшерде Шотта тұтынушылық мақсатқа жиырма жылдық мерзімге,
Кредит мерзімімен екі жылға Кредит лимитін ашады. Бұл ретте картаны активтендіру және
Клиенттің Кредит лимитін беру туралы офертасын акцептілеу сәтіне дейін Кредит лимиті нөлге тең;
126. Банк Клиентті Клиенттің Кредит лимитін беру туралы офертасын акцептілеу және белгіленген
Кредит лимитінің мөлшері туралы Картаны активтендіру сәтінде немесе Клиентке Өтініште
көрсетілген мекенжай бойынша бұл туралы хабарлама беру арқылы немесе Клиентке хабарламаны
жеке қол қойдырып беру арқылы хабардар етеді. Бұл ретте Кредит лимиті Клиентке Активтендіру
күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей қолжетімді болады.
127. Карта беру туралы өтінішті қарастырғанда Банк Кредит беру туралы шешім қабылдайды.
Кредит Картаның әрекет ету мерзіміне немесе Клиент жазбаша қайтарып алғанға дейін немесе
берешек толық өтелгенге дейін беріледі. Кредит Өтініште және Банк Тарифтерінде белгіленген
талаптармен беріледі. Төлем кезеңі ішінде Клиент Банк Тарифтерімен белгіленген мөлшерде
Кредиттің пайдаланылған сомасын төлеуге, сондай-ақ Кредиттің пайдаланылған сомасы үшін
Сыйақыны және Банк Тарифтеріне сәйкес басқа төлемдерді төлеуге тиіс. Банк Операциялар туралы
ақпарат алынған күннен бастап Кредиттің толық сомасын өтеген күнге дейін Сыйақыны және
онымен байланысты басқа төлемдерді есептейді.
128. Банктің акцептсіз тәртіппен Кредит лимитінің сомасын жоюға құқығы бар. Банк акцептісіз
соттан тыс тәртіпте Карта мен Кредит қамтамасыз етуді Шот бойынша дебиторлық берешекті
өтеуге, сондай-ақ Кредит сомасын, Сыйақыны және Банк Тарифтеріне сәйкес басқа да төлемдерді
егер берешекті өтеу мерзімі 1(бір) күннен аса кешіктірілген болса, соттан тыс тәртіппен пайдалануға
құқығы бар, бұнымен Клиент сөзсіз келіседі.
129. Клиенттің Банкке Кредит лимитін өзгертуге жазбаша өтініш беруге құқығы бар.
130.
Алынып тасталды.
131. Рұқсат етілмеген овердрафтты Банк Клиентке Шотта Қолжетімді лимит жеткіліксіз болғанда
мынадай әрекеттерді іске асыру үшін берілуі мүмкін:
Тауар ақысын, Қызмет көрсету орындарының, оның ішінде сақтандырушының қызмет ақысын
төлеу бойынша шығыс Операцияларын, Картаны (оның деректемелерін) пайдаланып қолма-қол
ақша, банктік аударым және осы Операциялармен байланысты комиссиялар алу үшін;
Клиенттің Банкке есептелген төлемді, комиссияларды және Кредитті пайдаланғаны үшін
Сыйақыларды және Өтінішке, осы Стандартты Талаптарға және Тарифтерге сәйкес өзге төлемдерді
төлеу үшін;
132. Кредит лимиті шеңберіндегі Кредитті Банк Шотта кредит есебінен іске асырылатын (толық
немесе ішінара) Операциялар сомасы көрсетілген күннен бастап берген деп есептеледі.
133. Клиент міндеттемелерін мерзімінде орындамаған жағдайда Банк Тарифтерге сәйкес Мерзімі
кешіктірілген Негізгі борышқа тұрақсыздық айыбын есептейді. Борышты өтеу осы Стандартты
талаптарда белгіленген тәртіппен іске асырылады.
134. Банк Клиент Өтінішінде (офертада) қарастырылған Кредит лимитінің басқа мөлшерін
акцептілеген жағдайда бастапқы берілген Кредит өтелгеннен кейін ұлғайтылуы немесе азайтылуы
мүмкін, осы Стандартты талаптарда өзгеше қарастырылмаса.
135. Клиенттің Банк алдындағы берешегі мыналардың нәтижесінде туындайды:
Банктің Клиентке Кредит беруі;
Банктің Клиенттің Кредитті пайдаланғаны үшін төлеуі тиіс Сыйақы есептеуі;
Банктің Клиент төлеуі тиіс ақылар мен комиссиялар есептеуі;
Берешектің туындауына алып келетін басқа жағдайлардың туындауы.
136. Әрбір есеп айырысу аяқталғанда Банк Клиент Өтінішінде анықталған тәсілмен Үзінді-көшірме
құрастырады және береді. Үзінді-көшірме мыналардан тұрады:
Әрбір есеп айырысу кезеңі ішінде Шотта көрсетілген барлық Операциялар;
Есеп айырысу кезеңі басындағы (Кіріс баланс) және Есеп айырысу кезеңі аяғындағы баланс
(Шығыс баланс);
Есептелген сыйақы, өсімпұл, айыппұлдар ескерілген Берешек сомасы;
Ең аз төлем сомасы және төленетін күні;
Ең көп төлем сомасы;
Банк Клиент назарына жеткізу қажет деп санайтын басқа ақпарат.
137. Үзінді-көшірмеде көрсетілген Есеп айырысу кезеңі аяғындағы шығыс баланс Негізгі борыш,
мерзімі кешіктірілген негізгі борыш және Рұқсат етілмеген Овердрафт (бар болса) сомасынан, оның
ішінде Шот есебінен шығарылған ақы, комиссия және Сыйақы сомасынан тұрады.
138. Есеп айырысу кезеңіндегі Ең аз төлем Банк Тарифтерімен мөлшерлемесі анықталатын Негізгі
Борыштың бір бөлігіне және есептелген Сыйақыға пайыздық қатынасы ретінде есептелетін Негізгі
борыштың бір бөлігінің сомасы ретінде есептелінеді.
139. Шарт бойынша Тарифтерде қарастырылған жағдайларда Жеңілдік кезеңі белгіленуі мүмкін.
140. Клиент Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кешірек мерзімге Шотқа Берешек сомасын толық
көлемде өтеуге жеткілікті мөлшерде ақша орналастырған жағдайда Жеңілдік кезеңі Есеп айырысу
кезеңі ішінде Шотта көрсетілген Тарифтерде көрсетілген Операцияларға қолданылады.
141. Клиент Талаптарға сәйкес міндеттемелерін орындамаған және/немесе уақытында орындамаған
жағдайда Жеңілдік кезеңі қолданылмайды және Жеңілдік кезеңін қолдану мүмкін болатын
операциялар сомасына Кредит бойынша Сыйақы келесі Есептік кезеңге есептеледі.
142. Қарыз алушы осы Шарт бойынша жасаған төлем Қарыз алушының осы Шарт бойынша
міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қарыз алушының берешегі мынадай
кезектілікпен өтеледі:
1) Негізгі борыш бойынша берешек (оның ішінде рұқсат етілмеген овердрафт);
2) Сыйақы бойынша берешек;
3) ҚР заңнамасына сәйкес анықталған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін Негізгі борыш сомасы;
5) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген Сыйақы;
6) орындау бойынша Банктің шығасылары.
Қарыз алушы осы Шарт бойынша жасаған төлем сомасы мерзімін кешіктіру бойынша
жүйелі 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн аяқталғанда Қарыз алушының осы Шарт бойынша
міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қарыз алушының берешегі мынадай
кезектілікпен өтеледі:
1) Негізгі борыш бойынша берешек (оның ішінде рұқсат етілмеген овердрафт);
2) Сыйақы бойынша берешек;
3) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін Негізгі борыш сомасы;
4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген Сыйақы;
5) ҚР заңнамасына сәйкес анықталған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
6) орындау бойынша Банктің шығасылары
143. Берешек сомасын есептен шығару олардың Шотта көрсетілген күні ескеріліп, күнтізбелік
кезектілікпен, яғни уақыты бойынша ең бұрын туындаған берешек өтеледі.
144. Кредит лимитінің қолжетімді қалдығы Кредит лимитін толық көлемде қалпына келтіргенге
дейінгі Негізгі борыштың өтелген бөлігінің сомасына ұлғаяды;
145. Клиенттің Шоттағы ақшасы және Берешектен асатын ақша Шотта қалады және Қолжетімді
лимитті ұлғайтады.
Үзінді-көшірмеде ең аз төлемді төлеу кезеңі ретінде көрсетілген мерзімде Клиент Шотта осындай
Ең аз төлем мөлшерінде ақша салмаған жағдайда Стандартты Талаптарға сәйкес мұндай міндеттеме
Клиенттің Ең аз төлемді төлеу (өткізу) міндеттемесі орындалмаған деп қарастырылады, бұл ретте:
146. Ең аз төлем құрамындағы негізгі борыш мөлшері мен нәтижесінде Үзінді-көшірме жасалған
Есеп айырысу кезеңі ішінде Клиент Шотқа орналастырған ақша есебінен нақты төленген негізгі
борыш сомасы арасындағы айырмашылық негізгі борыштың төленбеген бөлігі ретінде
қарастырылады. Клиент нақты орналастырған ақша сомасы деп Шотқа нәтижесінде Үзінді-көшірме
жасалған Есеп айырысу кезеңінен кейінгі келесі Төлем кезеңі ішінде түскен ақша, сондай-ақ
жоғарыда көрсетілген Төлем кезеңінің (мұндай бар болса) басындағы Шоттағы ақша қалдығы деп
түсініледі;
147. Ең аз төлем төленбегені немесе уақытында төленбегені үшін Банк Тарифтерге сәйкес ақы
(өсімпұл) төлеуді талап етуге құқылы.
148. Рұқсат етілмеген овердрафт және/немесе Клиенттің мерзімі кешіктірілген Ең аз төлемі бар
болғанда кезекті Ең аз төлем Рұқсат етілмеген овердрафт және/немесе Клиенттің мерзімі
кешіктірілген Ең аз төлем (мерзімі кешіктірілген негізгі борыш және Банктің мерзімі кешіктірілген
сыйақысы) және есептелген өсімпұл сомасына ұлғаяды.
149. Міндеттемелер мерзімінде орындалмаған жағдайда Банк Картаны (барлық Қосымша
Карталарды қоса) Оқшаулауға құқылы. Бұл ретте Картаның оқшаулауын алуды Банк төленбеген
борышты толық көлемде өтеуге жеткілікті ақша Шотқа түскеннен кейін жүргізеді.
150. Клиент (Қарыз алушы) міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісті түрде орындамағанда
заңда белгіленген шектеулер ескерілген әрбір мерзімі кешіктірілген күн үшін мерзімі кешіктірілген
негізгі борыш пен мерзімі кешіктірілген сыйақы сомасына есептелетін Банк Тарифтерінде
анықталған мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді.
151. Банк бұрын оқшаулаған Картаның оқшаулауын алуды Банк Шотқа төленбеген Ең аз төлемді
(барлық бұрын төленбеген ең аз төлемдер) толық көлемде өтеуге жеткілікті ақша түскеннен кейін
жүзеге асырады.
152. Берешекті өтеу мерзімі Клиенттің Банкке Кредитті қайтаруын қоса, Банк Берешекті талап еткен
сәтте және осы Талаптарға сәйкес Банктің қарастыруымен анықталады.
153. Клиент берешегінің жалпы сомасы мыналардан тұрады:
Қорытынды Шот-үзінді берілген күндегі жағдайға сәйкес Негізгі борыш сомасы және Рұқсат
етілмеген овердрафт сомасы;
Кредит лимиті шеңберінде берілген Кредит және Рұқсат етілмеген овердрафт (бар болса)
бойынша Кредит және Рұқсат етілмеген овердрафт берілген күннен кейінгі келесі күннен бастап
есептелген Сыйақы сомасы;
Шот есебінен шығарылмаған (мұндай бар болса) Клиент төлеуі тиіс ақылар, комиссиялар және
басқа төлемдер сомасы;
Мерзімі кешіктірілген негізгі борыш сомасы және мерзімі кешіктірілген Сыйақы сомасы.
154. Кредитке қызмет көрсетумен байланысты Тарифтер Тараптардың келісім бойынша өзгертілуі
тиіс.
3. Үзінді-көшірмелер
155. Банк Клиентке әрбір күнтізбелік ай үшін үзінді-көшірмені алдыңғы айдан кейінгі ағымдағы
айдың 10-шы күніне дейін дайындайды. Үзінді-көшірмеде Картамен жүргізілген барлық
Операциялар, Банк ұстаған комиссиялық, пайыздық және басқа төлемдер, сондай-ақ шот бойынша
төлемдер көрсетіледі. Клиент Үзінді-көшірмені Банкте немесе Шартта немесе Өтініште көрсетілген
мекенжай бойынша пошта (оның ішінде электронды пошта) арқылы алады. Банк әрбір жіберілген
үзінді-көшірме үшін Клиенттен Банк Тарифтеріне сәйкес Операция жүргізілген күндегі
қолданыстағы комиссияны алады. Үзінді-көшірмені алмау Клиентті/Картаны/Қосымша картаны
ұстаушыны Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды, Ағымдағы айдың
операциялары келесі айлардың Үзінді көшірмесінде көрсетілуі мүмкін.
156. Банк Үзінді-көшірме жіберілгеннен кейін туындаған және Клиенттің Үзінді-көшірмені
уақытында алмауына немесе алмауына алып келетін почта немесе электронды пошта жұмысында
туындаған жаңылыстар немесе басқа форс-мажорлық жағдайлар үшін жауапкершілікте болмайды.
4. Даулы операциялар
157. Егер Клиент (Карта/Қосымша Карта ұстаушы) Үзінді-көшірмеде және іс жүзінде жүргізілген
Операциялар (немесе сомалар–валюталарды айырбастау нәтижесінде Операциялар сомасында
туындаған айырмашылықты қоспағанда), комиссиядан немесе басқа төлемдерден дәл еместік
анықтаған жағдайда, онда ол бұл туралы Банкке Үзінді–көшірме дайындалған күннен бастап 30 күн
ішінде, бірақ Операциядағы даулы сома бойынша Авторландыруды растаған күннен бастап 45
күннен кешіктірмей, Банктің стандартты нысандағы жазбаша өтінішін ресімдеп, хабарлауы тиіс.
Жоғарыда аталған мерзім өтіп кеткен соң Банк Клиенттің наразылығын қабылдамауы да және
қарастырмауы да мүмкін. Егер Клиент Ережелерде белгіленген мерзімде Банкке Үзінді-көшірмеде
көрсетілген және іс жүзінде жүргізілген Операциялар арасында анықтаған айырмашылықтар
туралы жазбаша өтініш білдірмесе, онда Клиент Үзінді-көшірмені растады деп есептелінеді.
158. Банк даулы Операция бойынша Клиенттің мүддесі үшін Банк Картасын санкцияланбаған
пайдалану тәуекелін азайту мақсатында қызметтік тексеріс жүргізу кезінде, өзінің таңдауымен
Клиенттің шығыстары мен шығындарын болдырмау үшін, Картаны Оқшаулауды немесе оны алып
алуды қоса, шаралар қабылдауы мүмкін.
159. Егер даулы Операция бойынша Клиенттің наразылығын Банк негізді деп мойындаса, Банк
осындай Операция сомасына қайтару төлемін жүргізеді. Бұл ретте төлем, комиссия сомасы, сондай-
ақ даулы Операция сомасына бұрынғы есептелген Сыйақы және Клиенттің төлеген сомалары
қайтарылмайды.
160. Клиенттің өтінішімен Даулы Операция бойынша қызметтік тексеріс жүргізу нәтижесінде
Клиенттің наразылығы негізсіз деп танылған жағдайда, Банк Клиенттен Банктің Даулы Операция
бойынша қызметтік тексеріс жүргізуімен байланысты Банктің барлық шығыстарының нақты құнын
төлеуін талап етуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |